ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
УДК 811.511.122

А.А.Серікпаева (ШҚМТУ)

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Жоғары оқу орындарының техникалық бөлімдерінде қазақ тілін оқыту
әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Осыған
орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық
білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент
ертеңгі маман. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір
– бірімен байланыстыру мақсаты басым болып тұр. Бүгінгі күн талабы –
маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру.
Университеттерде білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Сондықтан
кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде жоспарлау мәселесі,
ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс. Білім беруде жаңа
технологиялардың пайда болуы оқытушыдан әдістемелік – технологиялық
біліктілікті талап етеді. Себебі мұғалім өз қызметінің негізгі субъектісі
студенттің жеке басымен жұмыс істейді. Студенттердің мүмкіншілігіне,
қажеттілігіне, білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделмеген оқыту
нәтиже бермейді. Дүние жүзі педагог – ғалымдарының пікірінше, нәтижені
оқытудың педагогикалық технологиясы береді. Қазіргі кезде білім жүйелерін
технологиялық негізде құру – педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа
болашағы мол бағыты болып отыр, - дейді педагогика ғылымдарының докторы Ж.
Қараев [1].
Бүгінгі күні жаңа технология бойынша оқытудың келесі түрлері
белгілі: проблемалап оқыту (М.И. Махмутов т.б.), бағдарламаланған оқыту
Ю.А.Самарин, В.П.Беспалько, Т.А.Ильина т.б.), саралап, жекелеп оқыту
(Кобдикова т.б.), дамыта оқыту (Ю. Б.Эльконин, Н.Д.Хмель, Т.С.Cабиров,
А.А. Бейсембаева, Р.М. Қоянбаев), ұжымдық оқыту( В.К: Дьяченко т.б.),
деңгейлеп оқыту (Караев Ж.), дистанциялық оқыту(Г.К.Нұрғалиева,
Д.М.Жүсібалиева), модульдік оқыту( К. Жақсылықова). Қандай технология
болмасын, оны оқытушы сабақтың жоспары арқылы іске асырады. Ал бүгінгі күні
жоспарлау мәселесі әлі шешімін таппай отыр. Сондықтан технологиялық карта
әмбебап жоспар, оны барлық пәндерге бейімдеп қолдануға болады.
Технологиялық карта арқылы оқытуды келесі үш бағытта жүргізген өте тиімді:
білім мазмұны, құрылымы, қандай әдіс – тәсіл арқылы (технология). Нені және
қандай бірлікте оқыту мәселелерінің мазмұны пән бағдарламасында,
мемлекеттік стандартта көрсетіледі.
Технология ұғымы педагогикаға өндіріс аясынан енді. В. Даль
Технология – наука техники. Техника искусство, знание, умения приема
работы иприложение их к делу, - деп түсіндіреді[2 ]. Технология сөзінің
алғашқы мағынасы өнімді өндіру барысында шикізаттың қалпын, күйін өзгерту,
жаңарту әдістерінің жиынтығы деген мағынаны білдірген. Егер осы мағынадағы
ұғымды педагогикалық колледжге аударсақ, технология ұғымы (гректің techne –
өнер, шеберлік, білііктілік, logos - оқу) сөздерінен шығып, маманның білім,
біліктілігін айқындайтын, сабақ жүргізу барысында іскерлігін көрсететін
кәсіптік шеберлігі деген мағынада қолданылып жүр. Педагогика ілімінде
технологиялық карта деген ұғым білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп
жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады.
В.П.Беспалько, М.В.Кларкин, Б.С. Блум т.б. ғалымдар технология
ұғымына мынандай анықтама береді: оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен
тәсілдерін айқындайтын педагогика – психологиялық нұсқаулардың жиынтығы,
педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы, оқуды іске
асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір
педагогикалық жүйенің жобасы[3]. Оқыту процесінде жоcпарлы нәтижеге
жетудің сипаттамасы[4], белгілі бір қалыпты өзгертудің, өңдеудің
әдістерінің жиынтығы, өнер, шеберлік, іскерлік [5], студент пен оқытушыға
қолайлы жағдай жасау мақсатында оқу процесін жоспарлаудың, ұйымдастырудың,
өткізудің ойластырылған моделі, үлгісі [6], педагогикалық жүйе[7]т.б.
Осы уақытқа дейін оқытушы қалыптасқан бірыңғай жоспарлауды қолданып
келді. Ал жаңа технологиялар қазіргі заман талабына сай жүйелі тұрғыдан
оқытуда мұғалімнің рөлін өзгертті. Оқытушы дайын білімді жоспарлап,
жеткізуші рөлінен студенттерді білім алуға ұйымдастырушы, кеңесші қызметіне
ауысты. Қалыптасқан жоспарлау аясында тақырыпты меңгерту нақты үлгерім
деңгейіне (жақсы оқитындар, орташалар, нашарлар) негізделді.Ал
технологиялық карта тақырыпты әрбір студенттің игеруіне (үлгеріміне
байланысты емес) тиімді жағдай жасайды. Ондай жағдайлар: студенттің тақырып
бойынша өз бетімен жұмысы, білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату.
Бұлардың бәрі технологиялық картадағы мақсат пен міндеттерге байланысты
жүргізіліп отырады. Технологиялық картамен оқытудың барлық кезеңін қамти
отырып, мұғалімнің әрекетіне логикалық бірізділік, қисындылық, саналалық,
болжалдық, мақсаттылық сипаттар береді. Демек, қалыптасқан әдістеме бойынша
жазылатын жоспар мен технологиялық карта бір – бірінен оқытуды ұйымдастыру,
тақырыпты беру, оқушылардың білімін анықтау, білім деңгейін көтеру жағынан
ерекшеленеді. Екі жоспардың ең негізгі айырмашылығы: оқытудың нәтижесі.
Технологиялық картаның басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы
да – нәтижелі кәсіптік мамандар даярлауда болып отыр. Осыған орай жоспар
терминін технологиялық карта ұғымы ығыстырды. Технологиялық карта
университетте білім алатын маманға: білім беру және оқу әрекетін жүйелі
ұйымдастыру тұрғысынан қаралады. Технологиялық карта арқылы оқыту
мемлекеттік стандарт талабына сай пәннен жан – жақты білім беру, екіншісі –
тақырыптың мазмұнын құрылымдық бөлімдерге негіздеп құра білу.
Технологиялық карта арқылы оқыту даралап, саралап оқыту
технологиясына негізделеді. Өйткені технологиялық карта арқылы оқыту
студенттің жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны
жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін - өзі бақылау, өзін - өзі бағалауға
үйретеді. Бұл жағдай университет студенттінің оқу әрекетінде өзін - өзі
жете түсінуіне, өз бетімен жұмысын дұрыс ұйымдастыруына, білім деңгейін
анықтауына, білім деңгейін стандарт деңгейіне жоғарылатуына мүмкіндік
береді.
Жаңаша қазақ тілін оқыту – қазақ тілінің әр тақырыптарына жазылған
сабақтар. Яғни қазақ тілін оқытудың негізгі құралы – технологиялық
карталар. Дұрыс құрылған технологиялық карта оқытудың басты шарты болып
табылады. Технологиялық карта құрылымы мынадай мәселелерді қамтиды:
1. Тақырыптың жалпы мақсатын нақтылау.
2. Міндеттерді жүйелеу.
3. Студенттің тақырыпты меңгеру барысындағы өз бетімен жұмысын мөлшерлеу.
4. Тақырып бойынша білім деңгейін анықтау.
5. Тақырып бойынша білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату.
Тақырыптың жалпы мақсаты, міндеттер жүйесі – технологиялық картаның
ең негізгі бөлімдері. Тақырыптың жалпы мақсаты, міндеттері әр деңгейдің
ерекшелігін ескере отырып, пән бағдарламасы мен стандарт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның қолданылуы
Компьтерлік окыту технологиясы
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Шет тілін оқыту әдісінің жоғарғы оқу орнындағы рөлі мен маңызы
Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Пәндер