Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология арқылы оқыту
Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология
арқылы оқыту
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар
тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-
экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде
дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму
үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында
тұрған халықтардың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы
және салт-дәстүрімен айқындалады. Сондай-ақ оның өткен өмірі із-түзсіз
жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және
құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады. Міне, сол ғасырлар
қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық
білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқыту бүгінгі білім жүйесіне қажет те
пайдалы мәселе. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуы
халықаралық талаптарға сай жоғары білім алудың құрылысына өзгерістер,
жаңалықтар енгізуге, оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген мамандарды
дайындауға қажеттілікті туғызды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиялық Жолдауында
[1], 2007 жылдың 15 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы Білім
туралы Заңында [2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3] көрсетілгендей,
қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы
ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту шығармашыл тұлға
қалыптастыруға дағдыландыру, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды
көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына,
жалпы білім беру моделінен әр адамға таңдау бойынша білім беру
моделіне көшуге негізделген.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
ХХІ ғасыр ұжымдық жобаларды жүзеге асыру ауқымында жеке
жауапкершілікті күшейтумен үндесетін өзіндік қабілеттерді дамытуды талап
етеді. Оқыту үрдісінде алынатын білімді терең меңгеруге, оны белсенді
қолдануға айрықша назар аударылуы тиіс. ХХІ ғасыр білім беру және оның ең
маңызды құндылықтары мен бағыттарын айқындайтын ғасыр болып отырған кезде,
кез келген басқармашылық шешім ғылыми зерттеулер негізінде қабылдануы
қажет. Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының
мақсаты – қазіргі ғаламдану үрдісіндегі өзінің ұлттық мектебін халық
педагогикасы, ана тілі, ділі арқылы қалыптастыру. Ғылым мен білімді бүкіл
әлемдік стандартқа сәйкестендіру тек қазақ тілі құнарында өркендету, білім
технологияларының ұлттық дербестігіне кепілдік берумен шешіледі.
Еліміздің білім беру жүйесінде оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді дамытуына
көмектеседі. Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – студенттің оқу-танымдық
іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Сондықтан жоғары оқу орындарында
кез келген пәнді оқыту технологиялары мен кредиттік оқыту жүйесін
ұштастыра жүзеге асыру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Соған орай жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін
модульдік технология арқылы оқытудың қажеттілігі туындауда. Модульдік оқыту
технологиясы – даралап оқыту ұстанымдарына негізделгендіктен жоғары оқу
орнындағы кредиттік жүйемен оқитын студент жеке бағдарлама бойынша өз
бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
ХХ ғасырдың орта тұсында АҚШ-тың білім жүйесіне енген кредиттік
технология, қазіргі кезеңде біздің білім жүйемізге де еніп отыр. Кредиттік
технологиямен оқытуға көшудегі басты мақсат – білім жүйесін әлемдік білім
деңгейіне теңестіру және өндіріс пен нарықтық жағдайдың өзгеріп тұратын
заманында кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті маман
болуына мүмкіндік жасау. Кредит – студенттің оқу мазмұнын өздігінен
меңгеруі. Яғни, кредиттік жүйемен оқыту – жоғары оқу орнында студенттердің
жеке жоспармен білім алуына мүмкіндік береді. Ол білім берудің
демократиялығын көрсетіп, әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен
қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі –
студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, жалпыға міндетті
мемлекеттік білім беру стандарты мамандар дайындаудың сапасына қоятын
талаптарына сәйкес, білім алуды өзінің ерекшелігі мен қалауына орай
жоспарлап, қалыптастыра алатындығында.
Кредиттік жүйемен оқыту – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа
ізденістерге мүмкіндік ашып, жалпыға ортақ білім парадигмасынан әркімге
арналған білім парадигмасына қадам жасатады.
Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнінің ғылыми
негізі қалыптасып, теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, практикалық
жағынан қолданылу аясы бір ізге түскенімен оның әдістемелік тұрғыдан
зерделенуі кенже қалып келе жатқаны бәрімізге аян. Жоғары оқу
орындарында филолог мамандар дайындауда Қазақ диалектологиясы пәнін оқыту
барысында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырумен қатар
сөздік қорын байытып, дүниетанымын кеңейтуде модульдік технологиямен
оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерделеп, білім беру жүйесіне
енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Осы айтылған мәселелер зерттеу
жұмысымыздың өзектілігін айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орнының филология факультетінде Қазақ
диалектологиясы пәнін модуль арқылы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні. Жоғары оқу орнында филолог мамандарды
дайындау
барысында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология арқылы оқыту
әдістемесі.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер Қазақ диалектологиясы
пәнін
жоғары оқу орнында модульдік технологиямен оқыту ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан негізделсе; оған тіл салаларының модульдік технология арқылы
оқытуға негізделген қағидалары пайдаланылса; диалект сөздерді талдау
технологиясының заңдылықтары белгіленіп, негізгі ұстанымдары анықталады.
Олардың жалпы дидактикалық ұстанымдармен байланысы көрсетілсе; модуль
арқылы оқыту технологиясын тілдік қатынастың оқылым, тыңдалым, айтылым,
жазылым, тілдесім әрекеттері арқылы жүзеге асады. Модуль арқылы оқыту
технологиясына сипаттама беріліп, оның негізгі белгілері, талдау деңгейлері
анықталса, онда қазақ диалектологиясы пәні жоғары оқу орындарында
модульдік технологиямен оқыту ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз
етіледі және студенттерге жаңа білім моделі мен парадигмаларына сәйкес
сапалы білім беріледі. Студенттердің ұлттық дүниетанымы кеңейеді, сөздік
қоры молаяды, өйткені модульдік технология – студенттердің білімді,
білікті, құзыретті, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал
ететін технология болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Кредиттік жүйемен оқитын жоғары оқу
орнында қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытудың
тиімділігін, басты қағидаларын, ерекшеліктерін айқындау, ұтымды әдістемесін
жасау.
Аталған мақсатқа және ғылыми болжамға сәйкес зерттеу міндеттері:
- жаңа технологиялардың белгілерін, мақсатын, міндетін,
ерекшеліктерін талдай келіп, модульдік технология арқылы оқытуға анықтама
беру;
- модульдік технология арқылы оқытуды оқу-әдістемелік кешендермен
қамтамасыз ету;
- модульдік технологиямен оқытуда басшылыққа алатын дидактикалық
ұстанымдарды анықтау;
- модульдік технологиямен оқытудың әдістерін саралау және жүйелеу;
- білім беру үрдісінде модульдік технологиямен оқытудың тиімді
жолдарын көрсету;
- кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттердің шығармашылық
қабілеттерін арттыруға, жаңа қоғамға бейімделген дағдыларын
жетілдіруге қажетті әдістемелік жұмыс түрлерін ұсынып, оны тәжірибе
жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орнының филология
факультетінде Қазақ диалектологиясын модульдік технологиямен оқыту
тіл білімі салаларын ғылыми негізде терең меңгеруге, тілді қатысымдық
тұрғыдан әдеби нормалармен игеруге, диалект сөздердің көркем әдебиетте
қолданудың тиімділігі мен ерекшелігін игеруге ықпал етеді. Студент пен
оқытушының өздік жұмысында (СОӨЖ) алынған тапсырмалар студенттің
дүниетанымын кеңейтіп, ғылымға, тіл тарихына деген қызығушылығын арттырады,
логикалық ойлау жүйесін дамытады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Зерттеуде оқытудың жаңа
технологиялары
туралы ой-пікірлер, жинақталған тәжірибелер, лингвистика, педагогика,
психология ғылымдарының білім берудегі соңғы жетістіктері және
ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектер мен оқулықтар, оқу
құралдарындағы
білім беру технологияларының теориялық-практикалық қағидалары
басшылыққа алынды.
Зерттеуде қолданылған әдістер. Баяндау, сипаттау, салыстыру,
жүйелеу, талдау, техникалық құралдармен жұмыс істеу, бақылау, қорыту,
сауалнамалық әдіс-тәсілдер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Диалектология пәнін модульдік технология арқылы оқытуға
қойылатын талаптар анықталды.
2. Кредиттік жүйемен оқитын жоғары оқу орындарының филология
бөлімі студенттеріне Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология
арқылы оқытудың әдіснамалық негізі айқындалды.
3. Қазақ диалектологиясын оқытудың ұстанымдары айқындалып,
кредиттік жүйенің талаптарына сәйкес материалдар блоктық жүйеге
түсіріліп, оны жүргізудің әдістері көрсетілді.
4. Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытудың
әдістемелік жүйесі ұсынылды:
а) Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқыту
бойынша оқу кешендері (модуль бағдарламасы, силлабус, жұмыс бағдарламасы,
оқу-әдістемелік құралдар, оқу құралы, көрнекіліктер) жасалып,
тәжірибеге енгізілді.
ә) Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытуда
қолданылатын шығармашылық тапсырмалар жүйеленді.
5. Қазақ диалектологиясын модульдік технологиямен оқытуда өздік
жұмыстарды орындаудың тиімді тәсілі анықталып, студенттердің білімін
бақылау мен бағалаудың ұтымды жолы көрсетілді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Қазақ диалектологиясын модульдік
технологиямен оқытуда алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар осы пәннің
оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады. Қазақ диалектологиясын
модульдік технологиямен оқыта отырып, бүгінгі заман талаптары мен
дүниежүзілік деңгейге теңестіруді көздеп отырған білім берудің жаңа
стандартына сәйкестендіру мақсатында студенттерге білім негіздерін ғылыми-
теориялық тұрғыдан меңгертеді, олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға
ықпал етеді. Кредиттік оқу жүйесінде білім алушы студенттің жеке тұлға
ретінде өзін-өзі дамытуға мүдделі субъект ретіндегі болмысы ғылыми негізде
теориялық тұрғыдан дәлелденеді.
Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы: Зерттеу жұмысының нәтижелері
колледждерде, жоғары оқу орындарында қазақ диалектологиясын оқытудың
сапасын арттыруға, дамытуға көмегін тигізеді. Еңбек білім беру
тұжырымдамасының кредиттік жүйе талаптарына сәйкес орындалғандықтан,
студенттердің танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған
әдістемелік жүйені (белсенді әдістер, жаттығу-тапсырмалар, сабақ үлгілері,
тест, бағалау жүйесі, электронды оқу құралы т.б.) арнайы орта мектеп пен
жоғары оқу орындарының оқытушыларына өз тәжірибесінде қолдануға негіз
болады. Бақылау мен бағалаудың үлгілері
студент білімін жан-жақты сараптауға мүмкіндік береді.
Жұмыста ұсынылған әдіс-тәсілдерді, әдістемені колледжде,
жоғары оқу
орындарында, мұғалімдер мен оқытушылардың білімін жетілдіру
институттарында, әдістемелік, дидактикалық пәндерді жүргізуде, арнайы
курстар мен семинарлар өткізуде пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Алынған ғылыми
нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы негізге алынған теориялық
қағидалардың әдіснамалық тұрғыдан сараланып талдануы арқылы танылады.
Зерттеудің мақсат-міндеттері мен оған сәйкес алынған зерттеу әдістері
көрсетілген нәтижелердің ұтымдылығымен дәйектеледі.
Зерттеуге ұсынылған теориялық қағидалар әдістемелік тұрғыдан
сараланып, оқыту жүйесінде нақты қолданысқа енгізіліп, білім беру сапасын
арттыруға негіз бола алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
● Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технологиямен оқыту
студенттердің диалектология ілімін ғылыми негізде терең меңгеруіне,
танымдық көзқарасының қалыптасуына, сөздіктермен жұмыс жасау дағдысын
игеруіне, олардың әдеби тілдегі баламасын дұрыс ажырата білуге
машықтандырады;

студенттің ізденімдік-зерттеу, өз бетімен білім алу қабілетін жетілдіріп,
дағдыларын игереді;
● Студенттің жеке тұлға ретінде дамуына өзі белсенді субъект ретінде
қатыса отырып, диалект сөздердің әдеби тілдік қорымызды байытуға ықпал
ететін мүмкіндіктерін бағамдай алатындай дәрежеге жеткізеді;
● Модульдік технология арқылы Қазақ диалектологиясы пәнінің ғылыми
негіздерін меңгерумен қатар кәсіби-қатысымдық құзыреттіліктерін
қалыптастырып, қоғамымыздың белсенді, білікті, кез келген ұжымда өзіндік
ұстанымы бар тұлға қалыптасады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру педагогикалық
тәжірибеге тірек ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті, филология факультеті, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент
гуманитарлық-техникалық педагогикалық колледжі алынды.
Зерттеудің кезеңдері. Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы
пәнін модульдік технологиямен оқытуға арналған зерттеу жұмысы үш кезең
арқылы жүзеге асырылды.
Бірінші кезең (2006-2007). Білім беру технологияларының
педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, әдістемелік мәселелері,
ғылыми зерттеу негіздері талданды. Жоғары оқу орны оқытушыларының
тәжірибесіндегі жаңа технологиялардың қолданылу аясына бақылау
жүргізілді.
Алғашқы кезеңнің ең басты міндеті – қазақ диалектологиясын
модульдік технологиямен оқыту арқылы ізденімдік-зерттеу, шығармашылыққа
баулу және біртіндеп дайын білімді игеруші объектілерден өздері танып-білу
дағдылары қалыптасқан ізденімпаз субъектілерге айналдыру. Бұл мақсатқа жету
жолында студенттерден анкеталық сұрақтар алынып, бақылау жұмыстары
өткізілді.
Екінші кезең (2007-2008). Бірінші кезеңдегі жұмыстар негізге
алынып, оқытудың жаңа технологияларына арналған педагогикалық, әдістемелік
еңбектер мен зерттеулер қарастырылып, қазақ диалектологиясын модуль арқылы
оқыту технологиясымен меңгертудің амал-тәсілдері, жолдары анықталды. Қазақ
диалектологиясын модуль арқылы оқытуды жүзеге асыру үшін сауалнамалық
бақылау, салыстыру, көрнекілік, ғылыми ұғымдардың мән-мағынасын талдау
әдістері іске асырылды. Қазақ диалектологиясын модуль арқылы меңгертуге
қажетті жаттығулар, тапсырмалар жүйесі топтастырылды. Модуль арқылы оқыту
технологиясын жоғары оқу орындарында мақсатты түрде енгізуге байланысты
филология факультеті, колледж студенттері арасында студент пен оқытушының
өздік жұмысы (СОӨЖ), студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) өткізілді.
Үшінші кезең (2009-2010). Модуль арқылы оқыту технологиясы
бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындыланып, бір жүйеге
келтірілді. Модуль арқылы оқыту технологиясымен жүргізілген эксперимент
нәтижелері тұжырымдалды. Сабақ үрдісінде (СОӨЖ), сабақтан тыс кезеңдерде
(СӨЖ) жүргізілетін жұмыстардың кешендері жазылып, жүйеленіп, ұсынылды.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.
Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны, тұжырымдары, нәтижелері
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті, 2003, 2008, 2009; әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті, 2009), республикалық ғылыми конференцияларда (Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 1999, 2004), ғылыми
әдістемелік семинарда (Астана қаласындағы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігі Тілдерді дамыту департаменті, 2004) баяндалып, талқыланды.
Зерттеу жұмысының мазмұны мынадай республикалық ғылыми-педагогикалық,
әдістемелік басылымдарда: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Хабаршысы, Филология сериясы, 2002, Педагогика сериясы, 2010; Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы, Филология ғылымдары
сериясы, 2008; Қазақ тілі мен әдебиеті, Ұлағат басылымдарында
жарияланды. Диссертация бойынша 1 оқу-әдістемелік кешен, 14 мақала
жарық көрген.
Диссертацияның қолжазбасы Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі
кафедрасының мәжілісінде, әдістемелік семинарда талқыланған.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден,
екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,
қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі Қазақ диалектологиясын модульдік
технология арқылы оқытудың әдіснамалық негіздері деп аталып 4 тармаққа
жіктеледі.
Жоғары оқу орнында модульдік технологиямен оқыту мәселелеріне шолу
атты бірінші тармақшада қазіргі қоғамның жағдайында заман талабына сай
мәдениетті, білімді, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу мәселелері
төңірегінде ой қозғалады. Оқытудың жаңа технологиясы жөніндегі
анықтамаларға сараптама жасалып, мәні мен маңызы айқындалады.
В.П.Беспалько, Қ.Қабдықайырұлы, Қ.Қадашева, Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова,
Н.А.Оразахынова, М.М.Жанпейісова, т.б. ғалымдардың еңбектеріне шолу
жасалады.
Оқыту жүйесіндегі модульдік оқыту технологиясының басты
ерекшеліктері сарапталады.
К.Б.Жақсылықова: Модуль – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы
белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген
білім, білік, дағдылы мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы мен
оқытудың негізгі құралы екенін, модульге ену және одан шығу
дегеніміз – студенттердің модуль материалын игермей тұрғандағы олардың
бастапқы білім деңгейін тексеру жұмысын қамтитынын сөз етеді [4,
69].
З.Бейсенбаева модульдік оқыту технологиясы жайлы былайша тұжырым
жасайды: Жоғары мектептегі оқу материалын модульге құру білім беруді
жекелеу, саралау ғана емес, студенттердің келешек мамандығына кәсіби
қызығушылығын арттыру, әдістемелік пәндерді тереңдетіп оқыту
қажеттілігін туғызу [5, 125 б].
М.М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясының білімді меңгеруге
емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процесстерді: яғни
жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны,
қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар
арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектендіру,
өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және
жазбаша) дамытуға бағытталатынын айтады [6, 6 б].
Ғалымдар И.Б.Марцинковский, Дж.Д.Рассель, Б.Гольдшмидт,
М.Л.Гольдшмидт модульдік оқытудың студент үшін қолайлы екенін, материалды
өз бетімен оқуға мүмкіндік туғызатынын, оқу белсенділігін қалыптастыруға
көмектесетіндігін дәлелдеп көрсетеді.
Модульдік оқытуда оқытушы жеке тұлғаның қызметін емес, тек жол
сілтеуші, бағыт беруші тұлғаның қызметін атқарады.
Модульдік оқыту студентке өзіне ыңғайлы модульді таңдап алуына және
өзіне қолайлы уақытта оқуына мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орнында Қазақ диалектологиясын модульдік технология
арқылы оқытудың лингвистикалық негіздері тармақшасы модульдік технология
арқылы қамтылатын тіл білімінің диалектология
саласына арналған.
Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, Н.Ф.Катанов, П.М.Мелиоранский,
Д.Позднеев, М.Терентьев т.б ғалымдардың еңбектерінде қазақ тіліндегі
диалектілерге арнайы тоқталмағанымен, қазақ тілінің диалектілерге бөліну-
бөлінбеуі жайында аздаған пікірлер айтылады.
Ж.Аймауытовтың Тіл туралы атты мақаласы қазақ диалектологиясы
жайындағы тұңғыш еңбек екендігі белгілі. Ғалым мақаласында қазақ елінде
қолданылып жүрген сөздер туралы сараптама жасап, бұл сөздерге жергілікті
тіл (провинциализм) деген анықтама береді. Кейбір сөздердің басқа
тілдерден енгенін айқындап оны қолданудың жолдарын дәйектеп көрсетеді.
Сонымен қатар жергілікті тіл ерекшеліктерін сұрыптап қолдануды
бірлесіп отырып шешу қажеттігін айтады [7].
С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Ж.Досқараев, Ғ.Мұсабаев т.б. қазақ
зерттеушілері жергілікті тіл ерекшеліктерін топтастыру мәселесі төңірегінде
ой қозғап, оны диалект не сөйленістік көлемде жіктеу мәселесін
қарастырған.
Осы зерттеулердің нәтижесінде диалектілердің дыбыстық, грамматикалық,
лексикалық ерекшеліктері әдеби тілмен салыстыра қаралып, ғылыми тұрғыдан
дәйектелді.
Диалектілерді тілдің дербес шағын жүйесі ретінде қарастыру орын
алды. Диалектілерді зерттеу экспедиция материалдары көлемінен шығып, әлде
қайда кең аспектіде қарастырыла бастады.
Диалектілердің шығу тарихы мен қолданылу өрісі, таралу жолдары жан-
жақты зерттеліп, жаңа мәліметтермен толықты.
Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаевтың Қазақ диалектологиясы атты еңбегі қазақ
тіліндегі жоғарғы оқу орындарына арналған бірден-бір алғашқы оқулық болып
табылады. Оқулықта диалектілердің зерттелуі, дыбыстық, лексикалық,
грамматикалық ерекшеліктері, сөйленістік топтары, әдеби тілге қатысы т.б.
мәселелер ғылыми деңгейде айқындалған.
Диалектолог ғалымдар О.Нақысбеков, Т.Айдаров, Ә.Нұрмағамбетов,
Б.Бафин, С.Омарбеков, Ж.Болатов,т.б. зерттеулерінде Қазақстанның әр
өңіріндегі жергілікті тілдік ерекшеліктерді жан-жақты қарастырды.
М.Атабаеваның зерттеуінде диалектілер этнолингвистикалық тұрғыдан
сарапталады. Олардың этимологиясы айқындалады.
Соңғы зерттеулерде диалектілерді сөйленістік топтарға бөлу басым.
Диалектілерді зерттеу этнолингвистикалық сипат алуда.
Диалектілерді модульдік технология арқылы меңгертудегі тұлғаның
танымдық қабілеттері, ойлау, қызығушылық, психологиялық даму, мінез-құлық,
т.б. мәселелер Жоғары оқу орнында қазақ диалектологиясын модульдік
технология арқылы оқытудың психологиялық негіздері атты тармақшада сөз
болады.
Білім алушының ой-өрісін дамыту оқу әрекетімен тығыз байланысты. Оқу
әрекеті – білім алушының өзін-өзі тану, өзгертуі. Студент жеке тұлға болып
қалыптасу үшін өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктерін тани білуі
қажет. Күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді өздігінен шешіп, талдай
білумен қатар өзіндік пікір білдіре алуы шарт.
Ғалымдар оқу әрекеті барысында студенттің пәнге деген қызығушылығы,
нәтижені бағалай білуі және қорытынды жасай алуы, т.б. психологиялық
сипаттардың қалыптасатынын айтады.
Кредиттік оқыту жүйесінде диалектілерді модульдік оқыту
технологиясын пайдалана отырып меңгерту студенттің білім сапасын арттырумен
бірге өзіне деген талапты да күшейтеді. Себебі кредиттік оқу жүйесі талап
ететін 100 пайыздық көрсеткішке жету үшін студент талпынады. Тұлғаның
зейін, ес, ойлау сияқты психикалық қасиеттері оқыту үрдісінде маңызды рөл
атқарады.
Танымдық әрекетте студенттің зейіні маңызды фактор болып саналады.
Студент зейін қоймаса нәтижеге жету қиын. Ал модульдік технология білімді
белгілі бір көлемде ғана беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны
қалыптастырумен ғана шектелмейді. Ол студенттің жалпы тұлғалық дамуын,
ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуды да көздейді.
Модульдік оқыту оқу танымдық қызметі субъект-субъектілік қарым-
қатынаста ұйымдастыруды талап етеді. Студенттің психологиялық бейнесі оның
қоғамның толыққанды мүшесі бола алу қабілетін танытады. Әлеуметтік орта
білім алушының білік, дағдысына, қабілетіне, білімді терең игеруіне де әсер
етеді.
Оқу әрекеті білім алушының жоғары психологиялық үдерістерінің дұрыс
қалыптасуына және дамуына арналады. Қазақ диалектологиясы пәнін меңгерту
арқылы студентке өмір заңдылықтарын үйрету, дүниетанымдық қабілеттерін
дамыту басты назарда болады.
Педагогика ғылымында тұлғаны дамыту деп жан-жақты дамыған, белгілі
бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал етуді айтса,
тұлғалық субъектілік ұғымда адамның өз бойындағы ішкі мүмкіндіктері арқылы
өзіндік дамытуға бағыттау, танымын кеңейту, шешім қабылдау, нәтижесін өзі
бағалау, т.б. қасиеттері түсіндіріледі.
Модульдік оқыту технологиясында басшылыққа алынатын ұстанымдар
бірінші тараудың төртінші тармақшасында айтылады.
Қазіргі әдістеме ілімі педагогтардың алдына жауапкершілігі зор
мәселелерді жүктеп отыр. Жалаң білім беруден гөрі, нақты нәтижеге жету
талап етілуде.
Дидактиканың жалпы заңдылықтарын, ережелері мен ұстанымдарын
басшылыққа алып, ұлттық құндылықтарымыз бен озық тәжірибелерге сүйене
отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізу – бүгінгі күннің басты талабы.
Зерттеу жұмысында модульділік, оқыту мазмұнының жекелеген
бөліктерден құрылуы, қатысымдық бағыттылығы, белсенді екі жақты біртұтас
әрекет, мақсаттың нақтылығы, әдістемелік кеңестің кешенділігі, әр модуль
бойынша аяқталған жұмыс әрекеті нәтижесін түйіндеп отыру, тепе-теңдік,
оқытушы мен студент әрекетінің кері байланыс ұстанымдары басшылыққа алынды.
Модульділік ұстанымы бойынша тақырыпқа сай ғылыми әдебиеттерді
сұрыптап алу, ғылыми анықтама, ұғым, терминдерге талдау жасау және
студенттің өзіндік көзқарасын қалыптастыру көзделді.
Оқыту мазмұнының жекелеген бөліктерден құрылуы ұстанымы
пән
мазмұнын модульдерге бөлу арқылы білім беруге бағытталған. Нақты нәтижеге
жету үшін студенттің жас ерекшелігін ескеру арқылы әр кезең тапсырмаларын
түсінікті және қабылдауға лайық деңгейде ұсыну көзделеді.
Сөйлесім әрекеттерін негізге ала отырып тілді меңгерту қатысымдық
бағыттылығы ұстанымы бойынша жүзеге асырылады. Студенттер модульдің сөйлесу
бөлімі кезеңіндегі тапсырмаларды сөйлесу әрекетінің түрлерін пайдалану
арқылы талдайды.
Белсенді екі жақты біртұтас әрекет ұстанымы бойынша студент сабақ
үрдісінде алған білімін өмірде пайдалана алатындай болуы қажет. Теориялық
білімді практикамен ұштастыру арқылы тілді терең меңгертуге бағытталады.
Студенттің білімін нақты мақсатқа бағыттау арқылы қызығушылығын
тудыру, белсенділігін арттыру, жеке тұлғаның қажеттіліктерін
қанағаттандыруға мақсаттың нақтылығы ұстанымы негізделеді.
Әдістемелік кеңестің кешенділігі ұстанымы бойынша оқытушы оқыту
барысында әдістерді бір-бірімен үйлестіре қолдана алуы қажет. Білім беру
үдерісінде қолданылып жүрген озық тәжірибелерді пайдалану нақты нәтижеге
жетуге көмектеседі.
Қорытынды бөлімде жұмыс нәтижесін сараптамадан өткізу, тұжырымдар
мен өзіндік пікір айту әр модуль бойынша аяқталған жұмыс әрекеті нәтижесін
түйіндеп отыру ұстанымы бойынша жүзеге асырылады. Студент келесі модульге
алдыңғы модульдің тақырыбын жан-жақты меңгерген жағдайда ғана өте алады.
Тепе-теңдік ұстанымы бойынша сабақ процесінде субъект-субъектілік
қарым-қатынас қалыптасады. Пән пакетін пайдалана отырып, студент оқытушының
қатысуынсыз жаңа материалды өздігінен игере алады.
Студенттің өзін-өзі бағалауы игерген білім-білік дағдысын
сараптамадан өткізе алуы оқытушы мен студент әрекетінің кері байланыс
ұстанымы негізінде жүзеге асады. Оқытушы мен студент арасындағы кері
байланыс студенттің алған білімін ой елегінен өткізіп, кемшіліктерді
болдырмауға жетелейді.
Қазақ тілінің диалектологиясын меңгерту студентті өз халқының ұлттық
салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын тани және бағалай білуге үйретеді.
Диалектологиялық практика кезінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу
қабілетін қалыптастырып, рухани дүниесін кеңейтуге септігін тигізеді.
Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технологиямен оқытудың
әдістемелік жүйесі атты екінші тарау төрт тармақшадан тұрады.
Бірінші тармақшада модульдік технология арқылы оқытуға бағытталған
ғалымдардың бағдарламаларына шолу жасалды және Қазақ диалектологиясы
пәніне арналған оқу бағдарламасы ұсынылып, оның негізгі критерийлері
анықталды.
З.Бейсенбаева модуль құрудың бағдарламасы туралы жан-жақты талдау
жасап, модульдік оқытудың жеке модульдерден тұратын оқу бағдарламасы
екенін дұрыс құрылған бағдарлама модульді оқытудың басты шарты болып
табылатынын, сондықтан модульді оқыту бағдарлама құрудан басталатынын
айтып, бағдарлама жасауда басшылыққа алынатын критерийлерді айқындайды. Пән
мазмұнын модульге бөлуде басты критерий оқу материалдарын модульге бөлу
болып есептеледі. Модульдің саны, көлемі пәннің мазмұнына байланысты
болады. Пән мазмұнын модульге бөлуде оны бөліктерге бөлу, мақсатын
айқындау, қол жететін нәтижені анықтау және қажетті құрал-жабдықтар мен
ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдау да негізгі критерий болып саналады. Модульдік
оқытуда оны бақылаудың түрлерін алдын-ала анықтап алу да – басты шарттардың
бірі.
Оқу материалын жоспарлау мен оқу модуліне бөлуде әлемдік тәжірибеге
сүйене отырып, ұлттық менталитетімізді ескеріп әрекет ету тиімді нәтиже
береді. Модуль мазмұнын құруда модуль мақсатын айқындау, модульдің мазмұнын
құрастыру, оқу әрекетін басқару және оны әдістемелік жағынан қамтамасыз
ету, кері байланыс тәрізді аспектілер негізге алынады. Модуль
бағдарламаларын жасауда басты ұстанымдарды айқындап алудың мәні зор.
Сонымен бірге пәннің теориялық негізін игерту соның негізінде студенттің
дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Басты
мақсаттан әр модульдің жеке мақсаттары келіп шығады. Жеке мақсатқа жету
үшін бағдарлама блоктарды негізге ала отырып, жоспарланады. Модульдік оқыту
технологиясын қарастырған ғалымдар блоктарды қайталау блогы, танымдық-
әрекет блогы (теориялық кәсіби-іскерлік блогы), тереңдету блогы,
проблемалық блок, мектеп оқулығымен байланыс блогы, қорыту блогы деп бөлу
кездеседі.
Қазақ диалектологиясы пәні бойынша білім мазмұны 5 модульге
жіктелді. Кредиттік оқу жүйесі бойынша барлығы 90 сағатқа негізделген, оның
30-дәріс, студент пен оқытушының өздік жұмысы үшін 30 сағат және
студенттің өздік жұмысы үшін 30 сағат берілген.
Қайталау блогында студенттің Тіл біліміне кіріспе, Нормативті
қазақ тілі пәндерінде мектеп бағдарламасынан таныс жергілікті ерекшеліктер
туралы білімдерін қайта жаңғыртып, еске түсіріледі. Аталған пәндер бірінші
семестрде оқылып, ал Қазақ диалектологиясы пәні екінші семестрде
оқылатындықтан, өткен бағдарламаны қайталап еске түсіру жаңа білімді
меңгеруге көп септігін тигізеді.
Танымдық әрекет блогы теориялық және кәсіби іскерлік компоненттерін
қамтиды. Теориялық блокта ірі материалдар студенттің жас ерекшелігін ескере
отырып, кіші блоктарға бөлінеді. Осының негізінде бағдарлама жасалады.
Мысалы ақпарат блогында диалектология ғылымы, диалект термині, оның
ерекшеліктері мен әдеби тілге қатысы, тіл білімінде алатын орны туралы
мәселелер қамтылады. Кәсіби-іскерлік компоненті бойынша студент пен
оқытушының өздік жұмысы (СОӨЖ) және студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) жұмыстары
жоспарланады. Практикалық сабақтар қамтылады.
Проблемалық блокқа диалектілердің варианттары әдеби тіл формасы
екендігін айыруда туатын қиындықтар, әдеби тілде баламасы жоқ зат
атауларына диалект сөзден балама іздеу, тума диалектілер мен кірме
диалектілердің тарихына талдау жасау, аражігін ажырата білу т.б. мәселелер
кіреді.
Мектеп оқулығымен байланысы блогында студенттің мектеп грамматикасы
бойынша алған білік, дағдылары еске түсіріледі. Студенттің осы кезге дейін
игерген білімі анықталып, оны ары қарай тереңдету көзделеді.
Қорыту блогында студенттің диалектология бойынша алған теориялық
білімі мен практикалық дағдысы сарапқа салынады. Бағалау саясаты
бойынша білімі айқындалады. Жеткен нәтиже талданады.
Қазақ диалектологиясы пәні бойынша білім мазмұнын игертуде ақпарат,
визуальды, проблемалы, лекция-екеу, лекция конференция, лекция диалог,
қатеге құрылған лекция, лекция консультация, т.б. тәрізді дәрістің түрлері
қолданылды.
Ақпарат лекциясында материал үлестірмелі иллюстративті әдіспен
баяндалады.
Визуальды лекция материалды техникалық құралдардың көмегімен
жеткізуді көздейді.
Проблемалы лекция материалды проблемалы сұрақтар мен жағдаяттарға
құруға негізделеді.
Лекция-екеу материалды екі маманның талдауы бойынша жүзеге асады.
Лекция конференция алдын-ала дайындалған мәселелер бойынша ғылыми
баяндамаларды тыңдап, талдауға көмектеседі.
Лекция диалог студент пен оқытушының арасындағы байланысты қамтиды да
өзара сұхбат түрінде жүргізіледі.
Қатеге құрылған лекция көркем мәтіннен әдеби тіл нормасынан жөнсіз
ауытқыған сөздерді және диалектілердегі қателерді т.б. таба білуге
үйретеді.
Лекция консультация білім мазмұны бойынша қамтылған материалды
берік есте сақтау мақсатын көздейді. Қиын мәселелерді қайта талқылаудан
өткізу арқылы білімді терең игертуге мүмкіндік тудырады.
Дәріс сабағын түрлендіріп өткізу берілген материалды
қызығушылықпен қабылдауға жетелейді. Алған білімдерін берік есте
сақтауға көмектеседі.
Ғылыми негізде құрылған бағдарлама білім мазмұнын толықтай
қамтуға мүмкіндік береді. Оқытушы мен студенттің әрекетін жүйелі
ұйымдастыруға негіз болады.
Қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытуда
қолданылатын әдістер атты тармақша іштей екіге жіктеледі: Қазақ
диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытуда студенттің оқытушымен
өздік жұмысын (СОӨЖ) ұйымдастырудың амал-тәсілдері, Қазақ
диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытуда студенттің өздік
жұмысын (СӨЖ) ұйымдастырудың жолдары.
Бакалавриат бағдарламасы бойынша студенттің орындайтын өздік
жұмыстарының көлемі көбейді. Өздік жұмыс екі түрге бөлінеді –
студенттердің оқытушының қатысуымен жүргізілетін өздік жұмысы (СОӨЖ) және
студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ).
Біріншісінде студент пен оқытушының өздік жұмысын (СОӨЖ)
ұйымдастырудың амал-тәсілдері көрсетіледі. Өздік жұмыс арқылы студент өзіне
қажетті білімді игереді. Білім, білік, дағдыларын жетілдіреді. Өздік жұмыс
студентті жүйелі түрде жұмыс істеуге, дербес ойлауға, өзіндік ақыл-
ой стилін қалыптастыруға көмектесетін оқытудың формасы болып табылады. Оның
басқа оқу формасынан ерекшелігі студент өз әрекетін алдына қойған мақсат-
міндеттеріне байланысты өзі ұйымдастыра алады. Жоғары оқу орнында өздік
жұмыс – студенттің өз белсенділігін көрсете алатын іс-әрекет болып
саналады. Оның ұйымдастырылуына қарай студенттің кәсіби дайындығының
нәтижесі көрінеді. Студентке берілген СӨЖ тапсырмасы оқытушының тікелей
және белсенді қатысуымен өткізілетін СОӨЖ сабақтарында тексеріледі. СОӨЖ-
дің екінші мақсаты материалды игеру барысында қиындық сезінетін
студенттерге кеңес беруді көздейді. СОӨЖ аудиториялық сабақ түріне жатады,
ол лекциялардың СОӨЖ-і мен практикалық сабақтардың СОӨЖ-і болып
бөлінеді.
Силлабус бағдарламасында әр аптада жүргізілетін СОӨЖ, СӨЖ түрлері
сағат санына қарай нақты бөлінеді. Мәселен Жергілікті диалектілер мен
говорлар. Тайпалық диалектілер. Әлеуметтік диалектілер атты
тақырыптарды қамтитын бірінші модульдің бірінші сабағы үш кезеңді қамтиды.
Бірінші кезең кіріспе бөлімінде дәріс жоспары ұсынылады. Екінші кезең
пікір алысу бөлімі үш деңгейден тұрады. Бірінші деңгейде сұрақтар мен
тапсырмалар беріледі, екінші деңгейде жаттығу жұмыстары қамтылады:
1-жаттығу бойынша Ж.Аймауытовтың Тіл туралы атты мақаласын
конспектілеу және мақала туралы пікір білдіру тапсырылған.
Жаттығудың мақсаты – мақаламен танысу, диалект сөздерді анықтау.
Жаттығудың міндеті – мақаланы оқып, түсінгенін конспектілеу;
керекті мәліметтерді сұрыптау; негізгі ойды анықтау.
Жаттығудың тиімділігі – студент мақаламен таныса отырып, өзіне
қажетті мәліметтерді сұрыптап алады.
Жаттығудың нәтижесі – білімін толықтыратын материалдарды екшелеп
ала білуге үйренеді. Қажетті ақпараттарды сұрыптап ала білу ақпараттық
құзыреттілігін қалыптастыруға көмектеседі.
Үшінші деңгейде шығармашылық жұмыс түрлері ұсынылады:
1-жаттығу. Туған жерлерінде қолданылатын жергілікті ерекшеліктерді,
диалект сөздерді қатыстырып, туған ауылыңыздың тарихы туралы әңгіме
жазыңыз.
Жаттығудың мақсаты – студенттің зерттеушілік қабілетін қалыптастыру,
дүниетанымын кеңейту.
Жаттығудың міндеті – жергілікті ерекшеліктерді зерттеу; оның мәнін
айқындау; туған жердің тарихын зерттеу арқылы диалектілердің
этимологиясымен танысу.
Жаттығудың тиімділігі – күнделікті өмірде өзі қолданып жүрген
диалектілердің мәні мен маңызын айқындап, оның қолданысын әдеби
тілмен салыстыра қарастыруға мүмкіндік береді.
Жаттығудың нәтижесі – студент аталған тапсырманы орындау арқылы
ізденушілік, зерттеушілік қабілетін нығайтады. Сөйлеу жағдаяттарында
қолданып жүрген диалектілердің ерекшеліктерін меңгереді. Өзіндік пікір
білдіру дағдысы қалыптасады. Коммуникативтілік және танымдық
құзыреттіліктері қалыптасады.
Үшінші кезең қорытынды бөлімде студенттердің білімі сарапқа салынады.
Бақылау жұмысы және өзін-өзі тексеру тапсырмалары арқылы білім
нәтижесі анықталады.
СОӨЖ-де оқытушының басшылығымен орындалатын жұмыстарды студенттің
ұтымды игеруіне мүмкіндік тудыра отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге
мүмкіндік туады. СОӨЖ жұмыстарын ұйымдастыруда әдістерді сұрыптап
алудың мәні зор.
Зерттеу жұмысында салыстыру, қатысымдық, бақылау және эксперименттік,
практикалық, түсіндірмелі-көрнекілік, кітаппен жұмыс істеу, интерактивтік
т.б. әдістер қолданылды. Бұл әдістердің барлығы да сабақ үрдісінде
қатысым әрекеті арқылы жүзеге асырылды.
Екіншісінде студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) туралы мәселе қозғалады.
Студенттің өздік жұмысы жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру
стандарты бойынша оқытылатын оқу пәндерінен білімдерін кеңейту, толықтыру,
тереңдету мақсатында жүргізілетін оқудың түрі. Өздік жұмыс оқытушы мен
студенттің қалауы бойынша аудиторияда да аудиториядан тыс жерлерде де
орындалады. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудағы мақсат студенттің
ғылымның белгілі саласы бойынша материалды терең меңгеріп, дүниетанымын
кеңейтіп, танымдық қабілетін дамытатын дағды мен бейімділікті
қалыптастыру; логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалын
талдауды ғылыми тұрғыдан тұжырымдауды қамтамасыз ететін оқудың түрі.
Студенттің өздік жұмысының нәтижесі реферат, баяндама, конспект,
сөздіктермен жұмыс, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, курстық жұмыс,
диплом жұмысы, ғылыми мақала, бейнетүсірілім, коллоквиум, конференция,
іскерлік ойын, мәлімдеме, жеке сұхбаттасу т.б. түрлерінде іске асырылады.
Студенттің өздік жұмысының өз бетінше білімін толықтырудағы
маңызына мән беріп, зерттеген ғалымдар С.И.Архангельский, С.И.Зиновьев,
Р.А.Низамов, В.А.Сластенин, Ж.Е.Сәрсекеева, С.Г.Тәжібаева, Р.Шаханова,
Н.Шадиева т.б. өздік жұмыстың көп аспектілі құбылыс екендігін
айтады.
Ғалым Е.Я.Галант студенттің өздік жұмысы ұйымдастырушылық
қабілеті (жұмысты жоспарлай білу, уақытты бөлу, жоспар жасау,
конспектілеу), ой дербестігі (материалды таңдау, жүйелеу, салыстыру, өз
бетінше қорытындылау), әрекет дербестігі арқылы іске асатынын атап
көрсетеді.
Қазақ диалектологиясын меңгертуде студенттерге ғылыми
әдебиеттерді талдау, пікір білдіру, түйінді тұжырымдарды жинақтап конспект
жасау, диалектологияға қатысты мәселелерді қысқаша түрде сараптап тезис
құрастыру, баяндама жасау, реферат дайындау, т.б. жұмыс түрлері
ұсынылды.
1-тапсырма (2 модуль 3 сабақ) Говорлардағы синтетикалық тәсіл
арқылы сөз тудыруды анықтап, ғылыми әдебиеттерден күрделі конспект жасау.
Жаттығудың мақсаты – диалект тудыратын тәсілдерді бекіту,
олардың сөзжасамдық қасиетімен танысу, ғылыми әдебиетпен жұмыс
істеу.
Жаттығудың міндеті – синтетикалық тәсілдің сөзжасамдық қасиетін
айқындау; говорлардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
ғылыми
әдебиеттермен танысу; ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz