ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістер адам өмірінің барлық саласына, оның
ішінде жоғары кәсіптік білім беруге айтарлықтай ықпалын тигізді. Дәстүрлі
білім беру парадигмасының ізгілікті, тұлғалық-бағдарланған білім беруге
көшуі, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі
білім беру мақсаты мен оның тиімділігінің қалыптасқан критерийлерін қайта
қарауды талап етіп отыр. Жоғары білім берудің мақсаты білім мен біліктерді
меңгеру көлемі емес, өз бетінше жұмыс жасай алатын, бастамашыл, бәсекеге
қабілетті, нарықтық ортада тиімді іс-әрекет жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу
мен дамыту болып табылады.
Бұл дегеніміз, қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім беру өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік тұрақты және сонымен
бірге ұтқыр, кәсіби салада болып жақтан өзгерістерге жылдам бейімделе
алатын тұлғаның дамуына ықпалын тигізетін психологиялық-педагогикалық
жағдайларды қамтамасыз етуге бағыттылған деген сөз. Осы жағдайда жоғары оқу
орнындағы білім беру үдерісін психологиялық сүйемелдеудің рөлі айтарлықтай
артып отыр. Жоғары оқу орнында психологиялық қызметтің қажеттілігі жайлы әр
түрлі деңгейдегі басылымдарда және конференцияларда ғалымдар, практиктер
белсенді талқылауда. Олардың барлығы жоғары кәсіптік білім беру алдындағы
міндеттерді білікті психологиялық қамтамасыз етусіз мүмкін еместігін
мойындап отыр.
Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі көпдеңгейлі, бірнеше жүйені
біріктіретін динамикалық жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйенің түпкі
мақсаты - мамандарды жалпы және кәсіби тұрғыдан даярлаудың жоғары сапасына
қол жеткізу. Мамандарды даярлауда психологиялық сүйемелдеудің өзектілігін
тәжірибе көрсетіп отыр. Психологиялық сүйемелдеуді оқыту және тәрбиемен
қатар білім берудің үшінші жағы ретінде қарастыруға болады.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, жоғары оқу орындарында психологиялық
қызметтің болуы елдегі жоғары білім берудің дамуының жоғары көрсеткіші
екендігін куәсі болып табылады. К.А.Абульханова-Славская психологиялық
қызметтің ұйымдастырылуы мамандарды даярлау сапасын арттыру міндеттерімен
ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнында тұлғаның дамуына, өзін-өзі
дамытуына, өз әлеуетін жүзеге асыруға толық жағдай жасау міндеттерімен де
байланысты екендігін атап өтті.
Кәсіптік білім беруді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу
орындарына психологиялық қызметтің қажеттілігі туралы кеңес психологтары
бірнеше көп жыл бұрын айтып өткен болатын. Аталған мәселенің теориялық
негіздерін жасау мен тәжірибеде жүзеге асыруға талпыныс өткен ғасырдың 70-
ші-80-ші жылдары байқалады (Б.Г.Ананьев, Н.М.Пейсахов және т.б.). Осы
жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы
психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бірақ білім беру
психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің
жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың
қызмет жасауы мен дамуын тежеді.
Айта кету керек, соңғы жылдары посткеңестік мемлекеттерде, сонымен
қатар біздің елімізде психологиялық қызметті ұйымдастыру мен дамыту
мәселесін зерттеуге көп назар аударылуда. Жоғары оқу орны психологиялық
қызметінің түрлі аспектілерін зерттеуге, оны ұйымдастыру мен дамыту
мәселелеріне, жекелеген жоғары оқу орындарының тәжірибесін талдауға
А.А.Бодалевтің, Ю.М.Забродин, А.А.Захаров (1979), Н.М.Пейсахов (1981),
С.М.Глушакова (1986), П.Н.Ермаков, В.А.Лабунская, В.А.Терехин (1987),
Л.В.Меньшикова, Г.Б.Скок (1990), К.А.Абульханова (1993), Б.Б.Коссов
(1993,1995), С.А.Недбаева (2003), В.В.Жидкова (2006), қазақстандық ғалымдар
Ж.И.Намазбаева, И.А.Әбеуова (2004) және т.б. ғалымдардың еңбектері
арналған.
Соңғы жылдары психологиялық қызмет бірқатар ресейлік жоғары оқу
орындарында құрылды. Дегенмен, қазіргі кезде психологиялық қызмет жоғары
оқу орнының міндетті құрылымдық бөлімшесі болып табылмайды. Психологиялық
қызмет жоғары оқу орнында қызмет атқаратын оқытушы-психологтардың
бастамасымен ұйымдастырылуда. Сондықтан да әр жоғары оқу орны оның
құрылымын, жоғары оқу орнының білім беру үдерісіндегі орны мен рөлін, іс-
әрекет мазмұнын өз бетінше анықтайды.
Соңғы жылдардағы басылымдарда жоғары оқу орнының психологиялық қызметі
жайлы жиі жазылады. Бірақ бұл жұмыстарда нақты бір жоғары оқу орнының
психологиялық қызметі сипатталады немесе психологиялық қызметтің жеке
практикалық аспектілері жайлы сөз болады. Ал жоғары оқу орнының
психологиялық қызметінің теориялық аспектілеріне қатысты еңбектер көп емес.
Оның ішінде ресей ғалымдары С.В.Недбаеваның, В.А.Кручинин, Т.Н.Арсеньева,
Е.И.Метелькова, Т.И.Чиркова, В.В.Рубцовтың еңбектерін атап өтуге болады.
Дегенмен, жоғары оқу орнының психологиялық қызметінің теориялық және
ұйымдастырушылық негіздеріне жүйелі зерттеулер бүгінге дейін жүргізілген
жоқ.
Ғылыми әдебиеттерде ресей ғалымдары С.М.Глушакованың, В.А.Терехин,
В.В.Жидкова, қазақстандық ғалым Ж.И.Намазбаева және т.б. ғалымдардың жоғары
оқу орны психологиялық қызметінің ұсынған модельдері көрсетілген. Бұл
модельдер психологиялық қызметтің теориялық-әдіснамалық, ұйымдастырушылық,
мазмұндық, құралдық және бағалаушылық, нәтижелік аспектілерін қамтығанымен,
дегенмен осы аспектілерді кірістіретін тұтас жүйелі тәсіл ұсынылған жоқ.
Осылайша, жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орны
психологиялық қызметке қатысты теориялық және эмпирикалық мәліметтер қосыша
зерттеуді, жалпылауды және теориялық тұрғыдан қайта қарастыруды қажет
етеді. Диссертациялық жұмыстың көкейкестілігі жоғары кәсіптік білім берудің
көпдеңгейлі жүйесіне көшуімен арта түседі. Сондықтан да жоғары оқу орны
психологиялық қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық және
ұйымдастырушылық негіздерін, теориялық ережелерді негіздеу қажет. Басты
теориялық ережелерді (мақсат, міндеттер, принциптер, шарттар, критерийлер,
әдістер, құралдар) әзірлеу, сонымен қатар жоғары оқу орны психологиялық
қызметінің ұйымдастырушылық аспектілерін (құрылымы, білім беру үдерісінің
өзге де субъектілерімен өзара әрекеттесу жүйесі) анықтау ғылыми-зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын анықтады.
Зерттеу мақсаты жоғары оқу орнының психологиялық қызметінің теориялық
ұйымдастырушылық негіздерін жүйелеу.
Зерттеу нысаны - жоғары оқу орнының студенттері.
Зерттеу пәні - жоғары оқу орнының психологиялық қызметі.
Зерттеу болжамы – егер, жоғары оқу орнында психологиялық қызмет
жүйнелі түрде ұйымдастырылатын болса, онда студенттік кезеңде болатын
дағдарыстың алдын алып, кәсіби-тұлғалық қалыпатасуын табысты жүзеге асыруға
болады.
Зерттеу міндеттері:
- Қазақстан, алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарында психологиялық
қызметті ұйымдастыруға арналған ғылыми,
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау.
- Жоғары оқу орнының білім беру үдерісіндегі психологиялық қызметтің
орны мен рөлін анықтау;
- Жоғары оқу орнының білім беру жағдайына байланысты психологиялық
қызмет моделінің принциптерін, құралдары мен формаларын, сонымен қатар
тиімділігінің критерийлерін жасау және негіздеу.
- Психологиялық қызметтің құрылымдық-функциялық моделі аясында жүзеге
асырылатын студенттердің тұлғалық-кәсіби дамуын психологиялық
сүйемелдеу, оның тиімділігін көрсету.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: психологияның базалық
әдіснамалық принциптері – жүйелілік, сана мен іс-әрекет, детерминизм,
дамудың бірлігі (К.А. Абульханова-Славская, Б.Г. Ананьев, Л.И. Анциферова,
А.Н. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, А.В. Петровский, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
білім беруді ізгілендіру және тұлғалық-бағдарланған тәсіл идеялары (А.Г.
Асмолов, Е.В. Бондаревская, Б.Б. Коссов, В.В. Сериков, В.А. Петровский,
Е.Н. Шиянов, И.С. Якиманская және т.б.); тұлға дамуының психологиялық
негіздері, оның ішінде студенттерге кәсіби білім беру үдерісі (К.А.
Абульханова-Славская, Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, А.А. Деркач, И.А. Зимняя,
И.С. Кон, Н.В. Кузьмина, В.Т. Лисовский, А.В. Петровский, А.А. Реан, В.А.
Сластенин, В.И. Слободчиков, Д.И. Фельдштейн, В.А. Якунин және т.б.);
тұлғаның кәсіби қалыптасу теориялары (Э.Ф. Зеер, Е.А. Климов, А.К. Маркова,
Д. Сьюпер, Ю.П. Поваренков, Н.С. Пряжников және т.б.); психологиялық
сүйемелдеу тұжырымдамасы (М.Р. Битянова, Ю.М. Забродин, Э.Ф. Зеер, Е.И.
Казакова және т.б.). Сонымен қатар білім берудегі, оның ішінде жоғары білім
берудегі психологиялық қызмет мәселелеріне арналған зерттеулер
(Н.М.Пейсахов, Ж.И.Намазбаева, А.А. Бодалев, И.В. Дубровина, Ю.М. Забродин,
Б.Ф. Ломов, Р.В. Овчарова, Н.М. Пейсахов және т.б.), кәсіпке бейімделу
мәселесі (С.М.Жақыпов, Ж.Түрікпенұлы, Г.М.Кәрібаева, Ж.Ж.Бейсенова,
Ж.Р.Тойшыбаев және т.б. отандық ғалымдар.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында теориялық әдістер (зерттеу
мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау және
жалпылау, зерттеу мәселесінің аспектісінде озық тәжірибелерді зерттеу,
білім берудегі практикалық психолог қызметінің тәртібін анықтайтын
нормативтік құжаттарды зерттеу); эмпирикалық әдістер (сауалнама, контент-
анализ әдісі, диагностикалық тестілеу); сонымен қатар зерттеу нәтижелерін
математикалық-статистикалық талдау әдістері қолданылды.
М.Рокичтің "Құндылық бағдарлар" сауалнамасы қолданылды
Зерттеу базасы: Эксперимент университетіміздің "Гуманитарлық-
педагогикалық" және "Жаратылыстану және агралық-техникалық" институттарының
студенттері мен оқытушылары қатысты.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (2011-2012 жж.) – психологиялық-педагогикалық әдебиеттер
және озық тәжірибені талдау негізінде мәселені әдіснамалық және теориялық
зерттеу, зерттеу жоспарын құру, материал жинақтау.
Екінші кезең (2012-2013 жж.) – эксперимент жұмыстарын жүргізу; жоғары
оқу орны психологиялық қызметінің моделін жасау.
Үшінші кезең (2013 ж.) – зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындылар мен
ұсыныстар жасау, диссертациялық жұмысты рәсімдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Жоғары оқу орны психологиялық қызметті ұйымдастыру теориялық тұрғыдан
негізделді.
2. Жоғары оқу орнында психологиялық қызметті ұйымдастырудың моделі
құрылды.
3. ЖОО-да кәсіби дамуда кездесетін психологиялық мәселелер анықталды.
4. ЖОО-да психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында сутдерттердің
психологиялық мәселелері анықталды.
5. Психологиялық кеңес беру бойынша студенттермен жұмыстар жүргізілді.
Зерттеудің теориялық мәнділігі жоғары оқу орнының психологиялық
қызметімен байланысты ұғымдық аппараттың нақтылануымен анықталады; оның
қызметінің отандық және шетелдік тәжірибелеріне теориялық талдау жасалынды;
қазақстандық жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің
ұйымдастырылуының проблемалық аспектілері анықталды. Сонымен қатар
негізінде жоғары білім берудің барлық кезеңінде студенттердің тұлғалық-
кәсіби дамуын психологиялық сүйемелдеу идеясы жатқан жоғары оқу орны
психологиялық қызметінің құрылымдық-функциялық моделі жасалынды
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен
ұсыныстар жоғары кәсіптік білім беру мекемесінде психологиялық қызметті
құруға және оның тиімділігін айтарлықтай көтеруге қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар зерттеу нәтижелері жоғары оқу орнындағы психологиялық
қызметті жетілдірудің негізі болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі зерттеу жұмысының
ұғымдық аппараты нақтыланып, теориялық негіздеумен, эксперименттік
зерттеулерде көптеген сенімді және апробациядан өткен психодиагностикалық
әдістемелерді қолданумен қамтамасыз етілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Жоғары оқу орнының психологиялық қызметі қазіргі заманғы жоғары
кәсіптік білім берудің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады және
өзінің қызметінде ең алдымен нарықтық жағдайда тиімді қызмет етуге
дайын болашақ кәсіби мамандар - студенттердің тұлғалық-кәсіби дамуына
бағытталуы тиіс.
2. Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің аясында жүзеге асырылатын
психологиялық сүйемелдеу психологиялық қызметтің ғылыми негізделген
моделіне, сонымен қатар сүйемелдеу бағдарламасына сүйену керек.
3. Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің моделі бірқатар
компоненттерден (мақсаттық, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, мазмұндық,
нәтижелік) тұратын, жоғары оқу орны психологиялық қызметінің мақсатын,
әдіснамалық аспектілерін, ұйымдастырушылық құрылымын, қызметінің
мазмұндық аспектілерін және жоспарланған нәтижелерін көрсететін жүйе
ретінде қарастырылады.
4. Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің мазмұны жоғары білім берудің
барлық кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін және оның әр кезеңіне
сай психологиялық мәселелерді (қиындықтарды) ескеру керек. Біз
психологиялық сүйемелдеудің 4 кезеңін ерекшелеп көрсетеміз: кәсіби
бағдар беру, адаптация, мамандандыру және кәсіптендіру.
5. Жоғары оқу орнында психологиялық қызметтің болуы және оның қызметінің
ғылыми негізделген психологиялық сүйемелдеу бағдарламасы негізінде
жүзеге асырылуы студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетіне
психологиялық дайындығын айтарлықтай жоғарылатады.
Зерттеудің сыннан өтуі: Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен
нәтижелері республикалық, халықаралық конференцияларда ғылыми мақалаларында
көрсетілді:
1. Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің кәсіби мамандарды даярлаудағы
рөлі. "Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі,
мәселелері және келешегі" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
(Қызылорда, 2012).
2. Студенттердің жоғары оқу орнына бейімделуінде психологиялық қолдаудың
маңызы. "Ақмешіт" гуманитарлы-техникалық институтының Хабаршысы
(Қызылорда, 2013).
Диссертацияның құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделді, ғылыми аппаратқа
(зерттеудің нысаны, пәні, ғылыми болжамы, мақсаты, міндеттері, жетекші
идеясы, әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық
мәнділігі, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары,
зерттеудің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу
және практикаға енгізу) сипаттама берілді.

Негізгі бөлім

Қазіргі кездегі қарқынды жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Сондықтан жастарды оқытуға, оларға кәсіби
білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі
таңда барынша назар аударып отыр.
Жоғары оқу орны психологиялық қызметі – бұл салыстырмалы түрде жаңа
құбылыс болып табылады. Мектептің психологиялық қызметі сияқты үйреншікті
құбылысқа айналмағанымен, жоғары кәсіби білім беруде оның рөлі артып отыр.
Жоғары кәсіби білімді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу орны
психологиялық қызметіне деген қажеттілікті ғалымдар, практиктер, басқару
аппаратының өкілдері де мойындап отыр. Дегенмен бүгінде жоғары оқу орны
психологиялық қызметінің ұйымдастырылмауы көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің қалыптасу тарихы кеңестік
уақытта басталды. Осындай қызмет алғаш рет 1977 жылы Қазан мемлекеттік
университетінде (ҚМУ) Н.М.Пейсаховтың жетекшілігімен педагогика және
психология кафедрасының базасында ұйымдастырылған болатын. Оның мақсаты мен
міндеттері оқу іс-әрекетінің барлық психологиялық деңгейлеріндегі өзін-өзі
басқару мен өзін-өзі бақылауға қажеттілік пен дағдыларды қалыптастыру мен
дамытуға бағытталды. Атап айтқанда, 1) оқытушы мен студенттер және
студенттердің тұлғааралық өзара қарым-қатынасы; 2) мінез-құлық (оқу
үдерісінің барлық қатысушыларының дербес және ұжымдық мінез-құлқы); іс-
әрекет (оқу іс-әрекеті және оның психологиялық мәселелері; 4) психикалық
қалыптар (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының әрбірінің). Осы деңгейлер
Қазан мемлекеттік университетіндегі психологиялық қызметтің нақты мазмұны
мен формаларын анықтайды[3]. Бұл Кеңес Одағында психологиялық қызметтердің
қалыптасуының ұзақ үрдісінің алғашқы қадамы болатын. Өткен ғасырдың 70-ші-
80-ші жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы
психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бірақ білім берудегі
практикалық психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық
аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз
жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.
Жоғары оқу орындарының психологиялық қызметін ұйымдастыру мен дамытуға
ықпал жасаған факторларға білім берудегі психологиялық қызметті
ұйымдастырудың тәжірибесін жинақтау, оның практикалық ұйымдастырылуын
ғылыми негіздеу (К.А.Абульханова-Славская, М.Р.Битянова, Л.Ф.Бурлачук,
Ю.З.Гильбух, К.М.Гуревич, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, Е.А.Климова,
К.К.Обозов, Р.В.Овчарова, В.Г.Панок, А.М.Прихожан Н.И.Рейнвальд және т.б.)
жатады.
Біртіндеп білім беру қызметінің мазмұнында жаңа компоненттер пайда бола
бастады: Атап айтқанда, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
(М.Р.Битянова, Н.Г.Обухова, Ю.В.Слюсарев және т.б.), психологиялық қолдау
(А.Г.Асмолов, Е.В.Бондаревская, И.А.Волошина, Л.Я.Газман, И.В.Дубровина,
А.Г.Лидерс, А.С.Ткаченко және т.б.), К.А.Абульханова-Славская,
Д.Б.Богоявленская, М.Д.Дворяшин, Б.Б.Коссовтың, А.И.Крупновтың тұлғаға
көмек, қорғау, тұлғалық дамуына, өз әлеуметін жүзеге асыруға ықпал жасау
мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар болды.
Кәсіби білім беруді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу
орындарына психологиялық қызметтің қажеттілігі туралы кеңес психологтары
бірнеше көп жыл бұрын айтып өткен болатын. Аталған мәселенің теориялық
негіздерін жасау мен тәжірибеде жүзеге асыруға талпыныс өткен ғасырдың 70-
ші-80-ші жылдары байқалады (Б.Г.Ананьев, Н.М.Пейсахов және т.б.). Осы
жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы
психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бұл кезеңде психологиялық
қызметтің пайда болуы қоғамдық тәжірибенің қажеттілігімен қатар әлеуметтік,
медициналық, педагогикалық психологияның, еңбек психологиясы салаларында
фундаментальды және қолданбалы зерттеулердің дамуымен шартталды. Осылайша,
психологиялық қызмет теория мен практиканы біріктірудің, фундаментальды
білімдерді адам тағдырының практикалық мәселелеріне пайдаланудың тиімді
құралы болып табылады. Бірақ білім берудегі практикалық психологиясының
теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі
және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен
дамуын тежеді.
Мысалы, кеңес ғалымы Н.М.Пейсаховтың еңбектерінде жоғары оқу орнындағы
психологиялық қызметті жүзеге асырудың психологиялық зерттеулер, қолданбалы
функциясы және психологиялық білімдерді насихаттау сияқты үш аспектісі
қарастырылады. Психологиялық қызмет зерттеулерінде жоғары білікті мамандар
даярлауда қоғамның жаңа талаптары мен оқу-тәрбие процесін басқарудың
қажеттілігін ескеру қажет. Мұнда студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті,
студентердың кәсіби ынтасы мен қызығушылығын туғызу, білім беру процесінің
субъектілері арасындағы қарым-қатынас және оқу-тәрбие процесіне байланысты
басқа да зерттеулер жүргізіледі. Ал психологиялық қызметтің қолданбалы
функциясы психологиялық зерттеулермен тығыз байланысты. Аталған
бөлімде шетел жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы
және дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады. Әдебиеттер және өзге де
дереккөздер (интернет ресурстар) негізінде Ұлыбритания, Канада, Ресей және
т.б. елдердің жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерінің мақсаты,
құрылымы, мазмұнына талдау жүргізіледі. Көптеген елдерде психологиялық
қолдау қызметінің болуы жоғары оқу орнының құрылымы болып табылады. Кейбір
елдерде (Ұлыбритания, Канада) мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіліп,
кәсіби және материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген.
Шетелдегі және Ресейдегі психологиялық қызметтердің түрлі нұсқалары бар.
Психологиялық қызметтің құрылымы мен штаттық бірлігі де алуан түрлі және
көптеген факторларға байланысты болады. Бірақ шетел және Ресей
психологиялық қызметінің негізгі бағыттары, формалары мен әдістері ұқсас
болып келеді. Психологиялық қызметтер негізгі бағыт ретінде психологиялық
ағарту, психологиялық сауықтыру, психологиялық түзету, психологиялық кеңес
беру сияқты дәстүрлі бағыттарды қолданады.
Ресейде жоғары кәсіптік білім беруді психологиялық қамтамасыз етудің
мойындалғаны мен ғалымдар, практиктер, мемлекеттік шенеуіктер арасында
өзара келісімге қол жеткізілгеніне қарамастан жоғары оқу орындарында
психологиялық қызмет баяу құрылуда. Жоғары орнының ресми статусының болмауы
оның әр түрлі атауларының болуына әкелді. Мысалы, Психологиялық көмек
орталығы, Практикалық психология орталығы, Әлеуметтік-психологиялық
қызмет, Практикалық психология қызметі және т.с.с. Психологиялық
қызметтің ұйымдастырылу формалары да әр түрлі болып отыр.
Ресейде жоғары оқу орны психологиялық қызметінің дамуын тежеп отырған
факторлардың ішінде концептуалды (жоғары оқу орнында психологиялық
қызметттің принциптері, мазмұны және әдістері жайлы теориялық түсініктердің
болмвуы); құқықтық (жоғары оқу орны психологиялық қызметін реттейтін
нормативтік-құқықтық базаның болмауы); экономикалық (қаржы көздерінің
жеткіліксіздігі, қаржыландырылмауы, материалдық-техникалық базаның
әлсіздігі); психологиялық (қазіргі жоғары білім беру міндеттерін шешуде
психологиялық қызмет рөлінің дұрыс бағаланбауы).
Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі бір
мезетте, кездейсоқ туындаған жоқ. Жоғары оқу орнының басқару жүйесін
жетілдіруге психологтарды жұмылдырудың аса қажеттілігін анықтаған
объективтң шарттар болды. Олардың негізгілерін қарастырып өтейік.
1. Жоғары білікті мамандарды даярлау сапасына қоятын қоғам талаптарының
өзгеруі. Қоғам, оның өндірісі, мәдениеті мен ғылымының және жоғары
мектептің дамуы арасында белгілі бір сәйкестік бар. Қоғамның дамуы
жоғары мектептің алдына шешуі тиіс жаңа міндеттерді қоюда, ал жоғары
мектеп қоғамның одан әрі дамуына қажетті мамандарды даярлайды. Осы
қатынастарда шешущі фактор қоғамның, бір бөлігі жоғары білікті
мамандарды даярлауды басқару үрдісі болып табылатын әлеуметтік
басқару жүйесінің дамуы болып табылады. Адамзат қоғамының жоғары
мектеп жіктеуге болатын жеткілікті білімнің жинақталған уақытында
пайда болды. Бұл кезеңде ғылым мен жоғары мектептің дамуы бірдей
жүргенімен, жоғары мектептің біршама кідіруі қоғамда аса маңызды рөл
ойнамады. Ал ғылыми-техникалық революция кезеңінде басқаша жағдай
қалыптасты. Өндіріс, ғылым мен мәдениет дамуының қарқындылығы жоғары
білім беру жүйесін өзгерту мүмкіндіктерін айтарлықтай басып озып
отырды. Жоғары мектеп қоғам мен оның жүйелерінің дамуының екпініне
ілесе алмады. Нәтижесінде қоғам, ғылым, техника, өндіріс, мәдениеттің
және жоғары мектептің даму қарқыны арасында қарама-қайшылық пайда
болды. Қазіргі кезеңде жоғары мектеп түлектері бүгінгі күнгі
міндеттерді ғана шешіп қоймай болашаққа бағдалануы тиіс. Ғылым мен
техниканың қазіргі даму жағдайында мамандар даярлаудың сапасына
ерекше назар аударылуда. Жоғары оқу орнының түлектеріне қойылатын
талаптың күшеюуі ең алдымен олардың тез өзгермелі жағдайда жұмыс
жасауымен түсіндіріледі. Сондықтан да жоғары мектептің негізгі
міндеттерінің бірі — өзгермелі жағдайға тез бейімделе алатын,
бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған,
шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңа типті мамандарды қалыптастыру
болып табылады. Сонымен жоғары білім беру жүйесі қоғамның жаңа
әлеуметтік тапсырыс алып отыр. Ол жәй ойлау емес, шығармашылық ойлау
мектебі болуы тиіс. Ол шығармашылық ойлау үнемі болашаққа
бағдарланған болады. Осы позициядан жоғары оқу орны оқытушыларының
өте маңызды міндеттері шығармашыл ұжым мен тұлғаны тәрбиелеу,
ғылымның қазіргі кезеңдегі жағдайын көрсететін білім негіздерін беру;
ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қабылдап, пайда болған болған
жаңа мәселелер мен тенденцияларды байқай алатын ойлау стилін
қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыдан оқу үдерісі мен
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестірудің, шығармашыл, ғылым
мен техниканың дамуының алдын алатын ойлайтын, өзгермелі жағдайға
жеңіл бейімделе алатын мамандарды даярлаудың рөлі арта түседі.
Осы міндеттерді шешуге "оқыту мен тәрбиелеу технологияларын" жетілдіру
арқылы қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, студенттердің танымдық іс-
әрекетін дұрыс ұйымдастыру, студенттердің оқу іс-әрекетін белсендіруге
бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалану,
олардың шығармашылық ойлауын дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу және өз іс-әрекетін
өз бетінше басқара білу қабілеттерін тәрбиелеу; оқу топтарының шығармашылық
ұжымдарын тәрбиелеу және олардың өзін-өзі басқару
ұйымдарында рөлін көтеру болып табылады.
Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын жасау мен тәрбиелеуде
психологиялық қызмет маңызды рөл ойнайды. Себебі оқу іс-әрекетінің
субъектісі мен орталық фигурасы студент, ал оқыту үдерісінің өзі – қарым-
қатынас, тұлғаны, ақыл-ой әрекеттерін және операцияларын қалыптастыру болып
табылады.
2. Жоғары білікті мамандарды даярлау үдерісін басқаруға қойылатын
талаптардың өзгеруі. Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерсін басқару ол
"Бір оқытушы – бір студент" принципі бойынша құрылған кезде қолайлы
болды. Қазіргі кезеңде жоғары оқу орны бірнеше ғылыми-зерттеу
институттары, факультеттері, институттары, ондаған кафедра, жүздеген
оқытушы, мыңдаған білім алушылар бар өте күрделі жүе болып табылады.
"Бірде бір" принципі бойынша басқару мүмкін болмай қалды: басқару
құралының өзгермегеніне қарамастан әрбір оқытушы ондаған, жүздеген
студенттермен жұмыс істейді.
Қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орнының құрамы мен құрылымының күрделі
екендігі сонша кез-келген уақытта басқару қиындықтарына кездесуі
мүмкіндігінің туындауы болып табылады. Сондықтан да басқарудың тиімділігін
көтеру жоғары мектептің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Әрине бұл
мәселелерді үлкен жүйелерге тән заңдылықтар мен "адам факторының" рөлін
ескере отырып шешу қажет. Аталған заңдылықтарды және оларды оқу-тәрбие
үдерісін жетілдіру мақсатында пайдалану мүмкіндіктері кең. Егер қазіргі
кезеңдегі жоғары оқу орындарын басқару жүйесі ретінде қарастырсақ, онда үш
өзара бағынышты блокты ерекшелер көрсетуге болады: әкімшілік,
ұйымдастырушылық және оқу. Бұл блоктардың әрқайсысы басқарудың көпдеңгейлі
жүйесі болып табылады. Әкімшілік қызметтерді ректор, проректорлар, оларға
бағынышты бөлімдер – оқу, ғылыми, шаруашылық, кадр және т.с.с. атқарады. Ал
ұйымдастырушылық блоктың элементтері – институт директораттары, факультет
деканаттары, кафедралар, оқытушылар болып табылады.
Енді "психологиялық қызмет" ұғымына сипаттама беріп өтсек.
Психологиялық қызметтің бір мағыналы түсінігі жоқ. Жантану атауларының
түсіндірме сөздігінде "Психологиялық қызмет - адамдарға мамандандырылған
деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған
арнайы қызмет жүйесі" делінген. Дегенмен, психологиялық қызметтің алдына
қойған міндеттері мен оларды шешу жолдарын көрсететін екі неғұрлым ортақ
анықтамаларды ерекшелеп көрсетуге болады.
Біріншіден, психологиялық қызмет білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс
және т.с.с. психологиялық қамтамасыз ете отырып психологиялық қызмет
көрсетудің ерекше аясын жасайды. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс,
құқық қорғау, көлік және т.б. салалардағы психологиялық сараптама,
диагностика, кеңес берудің кешенді міндеттерін шешу үшін психологиялық
білімдерді практикалық қолдану болып табылады. Басқаша айтқанда,
"психологиялық қызмет" деп бүкіл практикалық психологияның саласын
көрсетеді.
Екіншіден, психологиялық қызмет деп түрлі әлеуметтік институттар мен
ұйымдарда білікті психологиялық көмек қажет ететін адамдарға арналған
арнайы мекемелер жүйесін де атайды.
Жоғары оқу орнының психологиялық қызметі психологиялық диагностика (жеке
және топтық), кеңес беру, психологиялық сауықтыру, психологиялық білімдерді
насихаттау, студенттерді әлеуметтік-психологиялық бейімдеу, психологиялық
мәдениет деңгейін көтеру, тренингтік сабақтар сияқты негізгі құрылымдық
бірліктерді біріктіретін қызмет болып табылады. Егер онда "дөңгелек"
үстелдерді ұйымдастыру, өзге жоғары оқу орындарының психологиялық
қызметтерімен тәжірибе алмасу, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру,
оқытушыларға қатысты студенттермен, өзара тиімді қарым-қатынас жасауды
машықтандыруға бағытталған коммуникативті тренингтер ұйымдастырылса,
тақырыптық сұхбаттар жүргізілсе, ата-аналармен де тиісті жұмыстар
ұйымдастырылса қызметтің тиімділігі арта түскен болар еді.
Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің негізгі міндеттері студенттердің
кәсіби дамуы мен қалыптасуын психологиялық қолдау мен сүйемелдеу болып
табылады. ЖОО-ның психологиялық қызметі білім беру жүйесінің дербес
элементтеріне қызмет етуге емес, басты жағдайда аталған жүйе мен оның
барлық субъектілерін тұтас психологиялық қамтамасыз етуге бағдарлануы тиіс.
Білім беру практикалық психологиясында психологиялық сүйемелдеу идеологиясы
кеңінен таралып, нақты бекітілді. Психологиялық сүйемелдеуді оқыту және
тәрбиемен қатар білім берудің үшінші жағы ретінде қарастыруға болады.
Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін психологиялық сүйемелдеу білім алушыға
оқу жылының түрлі кезеңдерінде білікті көмек беру мен қолдаудың жүйелі
технологиясы болып табылады. "Психологиялық сүйемелдеу" ұғымы ресей
ғалымдары Ю.В.Слюсарев, Ю.М.Забродин, Э.Ф.Зеер, М.Р.Битянова және т.б.,
қазақстандық ғалымдар И.А.Абеуова, Ж.И.Намазбаева, Г.А.Дусманбетов,
М.Н.Махаманова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Көптеген зерттеушілер психологиялық сүйемелдеу деп нәтижесі өз бетінше
таңдау мен шешім қабылдау арқылы тұлғалық және кәсіби дамуы болып табылатын
білім алушылардың өзекті қажеттіліктерін (білім беру, жас ерекшелік, дербес-
тұлғалық) шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған психологтың
ұйымдастырылған іс-әрекеті болып табылады. Бұл жағдайда білім алушы ықпал
етудің объектісі емес, субъектісі ретінде болады. Жоғары оқу орнының білім
алу үдерісінде студенттің тұлғалық-кәсіби дамуын психологиялық сүймелдеудің
мәнін анықтағанда бізге ресейлік ғалым Э.Ф.Зеердің тәсілі неғұрлым жақын.
Ғалым психологиялық сүйемелдеу деп тұлғаның кәсіби қаслыптасуын зерттеудің,
қалыптастырудың, дамыту мен түзетудің тұтас үрдісі деп түсінеді [Зеер
екінші әдебиеті]
Практикалық психологияның мақсаты – ғылыми зерттеулер емес, тікелей
психологиялық көмек.
Бұл жерде ғылыми және практикалық психологияны қарама – қарсы қоюға да
болмайды. Бұлар психологиялық жұмыстың тығыс байланысты салалары. Және
маманның кәсіби дайындығына деген әр түрлі талаптар қойылатын психолог іс-
әрекетінің екі түрлі типі.
Психологтың кәсіби іс-әрекетінің үш түрін ерекше көрсетуге болады:
1) Жаңа психологиялық білімдерді (түсіндірмелер, психологиялық
құбылыстардың дәлелі мен болжамдар, психологиялық заңдылықтарды оқыту)
ашу жолына бағытталған ғылыми зерттеулер;
2) Практикалық мәселелерді шешуге керекті психологиялық білімдерді
қолданумен байланысты психологиялық жұмыс (психологиялық диагностика
және кеңес беру, коррекционды және дамушы жұмыс, психологиялық
профилактика);
Кейбір мағынада ғылыми және практикалық психологияның ара қатынасы
адам физиологясы мен медицина арасындағы қарым-қатынасқа ұқсас болып
келеді. Физиологияның негізгі мақсаты – адам ағзасын зерттеу. Медицинаның
басты мақсаты – адамға көмек жасау. Бірақ бұл ерекшеліктер қатынасты. Адам
физиологиясындағы білімдер қолданбалы мағынаға ие бола алады. Сонымен бірге
өзінің білімдерін біріктіре келе медицина медициналық ғылымды жетілдіре
түспек. Олардың өзара қарым – қатынасы: физиологияда медицина материалдары
оқытылады, медицинада – физиологиялық зерттеу нәтижелері қолданылады.
Психологтардың практикалық іс-әрекеті жиырмасыншы жүзжылдық бойы
адамдардың әртүрлі өмір сфераларына көп әсер ете бастады. Бірақ бұл процесс
әртүрлі елдерде бірдей жүрген жоқ. АҚШ-та пратикалық психологияның тарауына
Америка Психологилық Ассоциациясының белсенділігі маңызды дәрежеде болды
және де жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында Англия, Франция, Швейцария
және т.б. Европалық елдерде психолог практиктердің саны көбейді.
Медициналық психологиялық, мектептік психолгия және ұйымдық психология
практикалық психология жұмысын қолдануда негізгі сфералар болып табылады.
Осы уықытта біздің елде біршама практикалық психологиялық тәжірибе
жиналған, және адамдардың, және адамдардың кәсіби іс, өмір іс-әрекет
сфераларында үлкен табыс әкелді. Бірақ психолгия ғылымның және практиканың
мүмкіндіктері туралы көріністер кейде нақтылы емес және шындыққа сәйкес
келмейді. Шын мәнінде ол соны бере алмаса да психодогиядан көпті күтеді,
көптеген психологиялық білімдер тікелей практикалық қолданудан алыс, олар
көп интеллектуалды жұмыстарды және шығармашылық қадамдарды қажет етеді.
Кейде психологтан бір мәселені шеше алатын тетікті іздейді немесе табуға
көмектеседі деген үмітте болады.
Ата-аналардың, мұғалімдердің, кәсіпкерлерді, мемлекеттік қызметкерлердің
санасында психология деген магиялық сөз ретінде қалыптасты. Мұғалімдер,
ата-аналар немесе басқарушылар өздері шеше алмайтын мәселелерді психологтың
компетенциясына жібере бастаған. Бала оқығысы келмейді, бағдарламаны түсіне
алмайды ма? Оны психологқа! Түсіне және оқығысы келетіндей ғып істесін.
Өнеркәсіптен табыс жоқ? Психологқа ұйымның дамуын жоспарлауға, жаранамалық
компанияны жоспарлауға және жаңа жұмыскерлерді жинауға тапсырма беру керек.
Немесе кейде, нақтылы мәселелерді түсінбей және белгілі бір міндеттерді
қоймай психологты штаттық жұмысқа алады, одан тек бәріне жақсы болатындай
ғып бірдеме істеуін сұрайды.
Егер де психологиядан және психологтардан күткен үміттері ақталмай,
талаптар орындалмаса, онда олардың көңілдері қалып қояды. Психологпен
істелген жұмыс процесіне және нәтижесіне жоғары сыни қатынас пайда болады.
Бірақ, шын мәнінде психолог сиқыршы емес, ол түгел мәселелерді жалғыз шеше
алмайды.
Психолог тәжірибешілер қалай жұмыс істейді?
Практикалық психология жұмысының негізгі кейіпкерлері болып тапсырушы,
клиент және психолог табылады.
Психологиялық жұмысының тапсырушысы болып мемлекет табылады. Мемлекеттің
тапсырушысы ретінде министрлік немесе депертамент, аймақтық әкімшілік,
өнеркәсіп, жанұя, нақтылы адам болады. Тапсырушы психологқа өзінің жұмысқа
деген тапсырысымен келеді. Жұмыстың негізгі мәні клиенттің психологиялық
проблемаларын шешу, оған психологиялық көмек көрсету, жене де ол осы
жұмыстың ақысын төлейді. Клиент дегеніміз өзінің мәселелерің шешудегі
психологиялық көмек алушы адам немесе адамдар тобы. Психологиялық мәселе
адамға негізінен қиындық ретінде келеді. Ол осы қиындықтан психолог
көмегімен өткісі келеді.
Психолог пен клиент арасындағы қарым-қатынас үш жақтан қаралады:
психолог практик, эксперт, мұғалім немесе консультант.
Адамдар арасындағы өзара көмектің дәстүрлі тамыры тереңнен басталады.
Психологиялық көмекке тікелей қатысы бар мамандықтың дүниеге келуін,
қазіргі әдебиеттерде бар мәліметтерге сүйене отырып зерттеп, оның негізгі 6
алғышарттары мен қайнар көздерін атауға болды:
1) Эксперименталды психологияның дамуы. 1879 жылы В. Вундт Лейпцигте
бірінші психологиялық лаборатория ашады.
2) Психикалық аурулардан зардап шегуші адамдарға жаңа, гумандық және
ғылыми тұрғыдан келудің қалыптасуы.
3) Психолгиялық тестің дамуы және ақыл-ой тазалығы қозғалысының дамуы.
Бұл интелектуалды коэффиценттің бірінші тестерін жасаушы Ф. Гальтон
мен Ф. Бине іс-әрекетімен байланысты. Л. Термен, Э. Торндайк, Кл. Бирс
алғашқы рет АҚШ-да ақыл-ой тазалығын ұйымдастырды.
4) 20-шы ғ. 1-ші жартысында Фр. Парсонның еңбегі мен мамандықты таңдау
және адамға өзіне сай жұмысты таңдауда көмек көрсетуге арналған
кеңестің берілуінің дүниеге келуі.
5) 40-шы жалдарда АҚШ-да дүниеге келген және бекітілген К.
Роджерстіңдирективті емес психотерапиясы, қоғамдық санада
психологиялық көмек туралы көріністерді бекітті, пациент термині
клиент деп аталынды. Бұл қазіргі уақытта дербес кеңес беруді,
психотерапияны біріктірді.
6) Соңында, американдық дәстурге тән, 2-ші діниежүзілік соғыс қарсаныңда
діни қамқорлық және әлеуметтік қызметкерлер институты пайда болды.
Аралас философия, социология факультеттерінің түлектері, яғни бұл
мамандар қиын эмоционалды немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психолог тәжірибешілер жұмыс істеу процесі
ЖОО білім беру сапасын басқаруда психологиялық аспектілер
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Қарулы Күштердің ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен әскери басқару органдарының жұмысын үйлестіру
Педагогикалық практиканың міндеттері
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен теориялық негіздері
Әлеуметтік жұмыс технологиясының түсінігі
Пәндер