Эстетикалық сезім


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Жалпы сезім туралы түсінік.

2. Жоғары сезімдер туралы түсінік

3. Жоғары сезімдер туралы түсінік.

Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.

Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.

Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да, құрылымы да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл кұйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, дүниетанымы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т. б. жатады. Ар-намысты қорғау адамға асажарасымды сипат. Сезімнің осы түрі, көбінесе, қайсар, әжет, табанды әрі кездеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау - адамның тек өз басын қадір тұтқаннан туындамайды. Ар-намысты қорғау дегеніміз, сонымен бірге, айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық - екінің бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша - кісі кейде "кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай . . . ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады"". К. Маркс ұятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы деген екен. Ал Абай ұяттың екі түрі бар дейді: оның бірі - надандықтан туатын, екіншісі - жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын ұят ақыл-парасаттың ісі. "Өлімнен ұят күшті" деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның ұялу дәрежесі түрліше болады. Мәселен. надан адам әдепсіз қылығына айылын жимаса, мәдениетті, ақылды кісі мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп кете жаздайды. Адамның ары мен ұяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса, мұндай адам ұятты болады дейді Абай. Ұялу сезімі мектепке дейінгі сәбилік, бөбектік шақта, ылғи да үлкендердің, ата-ананың жақсы сөзі мен іс-әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту арқылы біртіндеп қалыптасып отырады. Адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс-әрекеті бұл секілді сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен ар-намысты қорғау адамның тұрақты сезімдеріне айналады. егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, оны ожданы көтермей, қатты қиналады да, бұларды орындай алса, оған жақсы рақаттанып, масат танатын болады. Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес келеді.

Жоғары сезімдердің екінші бір түрі -- эстетикалық сезімдер.

Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріпістерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркем-өнердегі, әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. "Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, керексіз нәрседен жиренуіне . . . жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді" (М. Жұмабаев) . Эстетикалық сезімдер, сондай-ақ, сурет полотноларынан, скульптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алұға байланысты да туып отырады. "Адамзатқа тән ерекше бір қасиет, - дейді Әл-Фараби, өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету". Мәселен, "жақсы ән мен тәтті күй", яғни жақсы музыкалы әуеннің адамның эстетикалық сезімдерінің қалынтасуында ерекше маңыз алатындығыи С. Торайғыров былайша сипаттайды: "Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсірін, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен құйқылжытып тұрғанда. қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары балқығандай, шартта-шұрт қол шапалақтасып . . . тарқайды"

Осы үзіндіде ақын жақсы он мен тәтті күйдің қандай тас көңілді болсада жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны, көздеп жас ағызатыны, бойды балқытатыны т. б. адам психологиясын нұрландырып, байытатындығын, адамды ләззатқа бөленетінін айтып отыр.

Эстетикалық сезімдердің мазмұнын да қоғамдық әлеуметтік жағдайлар билейді. Н. Г. Чернышевский мұны төмендегідей әсерлі сөздермен жақсы түсіндірген: орыс шаруасы өзінің жұмыстан пайда болған күсті қолын, жуан білегін, мығым денесін, кең жауырынын мақтан өтсе, дворян бикештері өздерінің сыңқылдап наздануын, ақ саусағы мен бұраң белін, қиылған қасы мен оймақтай аузын, ерекше нәзіктігін, еңбекті сүймейтіндігін мақтан етеді. Н. Г. Чернышевскийдің айтып отырған сұлулық жөніндегі пікірлері қарама-қарсы екі таптың өмірге көзқарасы. Сөйтіп, әмірдегі сұлулықты, көркемдікті барлық адам бірқалыпты сезінбей, әркім өзінің таптық тегіне, тарихи дәуірге, нақтылы тарихи жағдайға сәйкес сезінеді.

Жоғары ссзімдердің бұдан басқа бір түрі - интеллектік сезімдер, интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне таңсықтау, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция ықтималдық, жаңашылдық, болжау т. б. сезімдер жатады.

Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады.

Мұғалімнің басты міндетінің бірі - оқушылар санасында интеллектік сезімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынымызды оқушыларға түсіндіру керек. "Оқу инемен құдық қазғандай", ол оңайлықпен қолға түспейді. Оған жан-тәніңмен берілмесең, тиянақты еңбек етіп, қапы зейін қоймасаң болмайды. Оны үнемі толықтырып отыру да қажет. "Адамның көңілі шын мейірлесе- дейді Абай, - білім-ғылымның өзіде адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі". Жүрдім-бардым үйренетін адамдарға ғылым тұрақтамайды. Өйткені ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет егеді. Интеллектік сезімдер адамның сана-сезімінен орын алса, кісінің шындықты аша түсуге құмары арта түседі, мұндайда ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды.

Адамдардың сезім саласындағы айырмашылықтары түрліше болып келеді. Семья тәрбиесіне, тұрмыс жағдайына, денсаулығына, жүйке жүйесінің типті ерекшелігіне, білім қорына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас өзгешелігіне т. б. қарай адамдарда эмоциялар мен сезімдердің сан алуан түрлерін кездестіруге болады. Өмірде көңілі көтеріңкі, жайдары, шат адамдармен қатар нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, немесе өзін ұстай алмайтын, тиянақсыз, болар-болмас бірдеңеден асып-сасып, жұрттың үрейін алатын адамдар да кездеседі.

Психология сезім саласындағы мұндай шексіз жеке ерекшеліктерді тере бермей, адамдарда типтік ерекшелік ретінде қалыптаса бастаған сезім түрлерін зерттеуді қарастырады. Адамдардың сезімдері, өзінің бағыты, тереңділігі, тұрақтылығы, әсерлілігі тәрізді жағымды сапаларымен құнды болмақ.

Жалпы сезім туралы түсінік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері
Көркемдік қажеттілік
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері
ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz