Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңы


НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:

- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;

- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;

Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз.

Эстетикалық тәрбие - барлық оқу-тәрбие үдерісінің құрамдас негізігі бөлігі.

Студенттерге эстетикалық тәрбие берудің жүйесі дегеніміз - ғылыми негізделген, өзара табиғи тығыз байланыстағы нысаналы педагогикалық ықпалдың, объективті жағдайлардың тұтастығы.

Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Әңгіме дегеніміз - бұл оқытудың сұрақ-жауап әдісі.

Демонстрация әдісі әсіресе еңбекке және кәсіпке баулу сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектілерді демонстрациялау үшін қолданылады.

Түсіндірме - иллюстративті әдіс информациялық - рецептипті әдіс деп те атайды.

Репродуктивті әдіс - бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру және мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттерінің тәсілін қайталау болады.

Әрлеу дегеніміз - бұл бұйым бетіне берік, сәндік қорғағыш қабатпен қаптау.

Текстураны қаптау арқылы әрлеу дегеніміз - бұл бұйымның бетін көрінбейтін берік, сәндік қабатпен, табиғи текстураны немесе ағаштың породасын жабуды айтады.

Металдау деп - ағашты жұқа металл немесе қорытпаларымен (алтын, күміс, қола) әртүрлі тәсілмен қаптауды айтады.

Кесу (ою) - ағаш бұйымдарын (әшекейлеудің) әдемілеудің көне тәсілдердің бірі.

Оюлап кесу (өрнектеп ою) - бұл ағаштың бетіндегі суреттің негізгі сызықтарын жұқа тереңдікте сызық түрінде кесу.

Жазық ою - бірнеше миллеметр фоннан (негізгі түстен) төмен орындалады.

Рельефті ою - фоннан едәуір төмен тереңдікте орындалады.

Егерде кесілген сурет беткі қабаттан айтарлықтай шығыңқы болса, онда оны горельеф дейді, одан төмен дөңестіктегісі - барельеф деп аталады.

Ағаштан мозайка (құрақ) - бұйымды әйнекпен, сүйекпен, мрамормен, ағаштың қымбат породасымен әшекейлеу.

Инкрустация - ағаштың бетін сүйек, металл және т. б. материалдардың жұқа қабатымен (пластинкасымен) әшекейлеу.

Интарсия - ағаштың жұқа пластина қабатын басқа ағаштың басқа породасынан жасалған бұйымның кесіліп алынған орнына желімдеу.

Маркетри - бұйымның бетіне шпоннан алынған суреттерді желімдеу.

Ағашты күйдіріп өрнектеу - ағаштың бетіне ыстық штамптың, қызған электр біздің, қыздырылған металл вальци арасымен прокаттау арқылы сурет түсіру.

Суретті қыздырылған вальци арасында прокаттау арқылы күйдіріп өрнектеу - пиротипия деп аталып, жазық беттерді әшекейлеу (өңдеу) үшін қолданылады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;

Университет - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;

Технология мұғалімі - мектеп технология пәнін оқытатын мұғалім;

ТО - теориялық оқыту/оқу;

ПО - практикалық оқыту;

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы;

ЛЖ - лабораториялық жұмыс;

ТС - топсеруен (экскурсияны) ;

БЖ - бақылау жұмысы;

Кіріспе

Ғылыми - техникалық прогресс өндіргіш күштерді дамытудың заңды басқышы - қазіргі кездің материалдық-техникалық базасын жасаудың, жаңа қоғамдық қатынастарды дамытудың, жеке адамды жан-жақты дамыта қалыптастырудың қуатты факторына және қозғаушы күшіне айналды. Ол өздерінің материалдық-заттық негізіне сапалы өзгерістер енгізіп, кадрлар даярлауға жоғары талап қойып, адамның өз басына, оның білімділігін, мәдениетін, техникалық ой-өрісін көтеруге ықпал жасауда. Ғылым мен білімнің өте тез дамуы, ғылыми-техникалық идеялар нәтижелерінің өндіріске кеңінен ендірілуі, күрделі хабарламалар тасқынын электрондық-есептеу техникасы мен математикалық әдістерді жаппай қолдану - осының бәрі де адамның жеке басының өсу үдерісіне ерекше мүмкіншіліктер туғызып отыр. Бұл мүмкіншіліктерді жүзеге асыру осы қоғамда өктем болып отырған әлеуметтік-экономикалық құрылысқа, меншік түріне және саяси өкімет сипатына байланысты.

Ғылым мен техника халық мүддесіне қызмет етіп, экономика мен мәдениетті өркендетуде шешуші роль атқаратын қазіргі кездің тұсында жағдай басқаша. Қоғамымызда бұқараның рухани мәдениет табыстарынан қанғанынша сусындауына кең жол ашылып қана қойған жоқ, осы үдерісті тікелей жасаушы және қатысушы етті.

Ғылыми-техникалық революция ой еңбегі мен дене еңбегін жақындастырудың, адамның шығармашылық қабілеттері мен рухани мүм-кіншіліктерін ашудың, осының негізінде адамның жеке басының жан-жақты дамуын қалыптастырудың материалдық негізі болып табылады.

Халқымыздың материалдық-техникалық базасын жасау сияқты ұлы іс адамның өз басының жарасымды дамуын, оның интеллектуальдық қабілеттерін және қоғамдық санасын қалыптастыруды көздейді. Жан-жақты дамыған, жоғары білімді, рухани мәдениеттің барлық көздерінен қаныға алатын қоғамның әлеуметтік белсенді құрылысшыларын әзірлеу- қазіргі дәуірдегі басты міндеттерінің бірі ретінде қойылып отыр.

Адамның жеке басының проблемасы қазір философиялық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің басты тарауы болып отыр. Адам бойындағы интеллектуальдық және рухани-адамгершілік мол сапаларды дамыту және пайдалану өндірісті тиімді өркендету, барлық әлеуметтік-экономикалық прогрестерді онан әрі сенімді түрде жеделдетудің практикалық міндетін қойып отырған қазіргі жағдайда өте маңызды.

Қай кезеңде болмасын адам баласы өзінің жасаған материалдық игілік-терінен қанағат сезім алумен қатар, сол объектінің өзімен дами түскен. Қашанда жақсы өмір сүруге, әсемдікке ұмтылған. Өздерінің тұратын тұрақтарын әдемілеуге ұмтылған. Бұдан адамның әр кез істеген ісінің бәрін саналылықпен, ойланып-толғанып байыппен істегенін және мақсатты түрде өзінің материалдық, рухани қажеттерін өтеу үшін жасағанын көруге болады. Еңбектену мен іздену арқылы адам өнерді тудырса, өнер адамды жан-жақтылыққа, әсемдік әлемін танып білуге тәрбиелеген.

Ертеректе адамдар өздерімен күнделікті кездесіп, аралас-құралас жүрген жабайы аңдарды жете зерттеп, олардың ерекше қасиеттерін, жүріс-тұрыстарын, өзгеріс үстіндегі қас-қағым сәттік кейпін дөп басып, айнытпай бейнелей білген. Бертін келе адамдар бедерлеу өнерін игеріп, олар бейнелеулерін ағашта, таста бедерлеу, мүсіндеу арқыл берген. Бұлар материалдарды көркем өңдеудің негіздері болып табылатын. Ғылым мен техниканың даму материалдарды көркем өңдеудің технологиясын жетілдірді, материалдардан дайындалған бұйымдарды арнайы әрлеу материалдарын ойлап тапты.

Қазіргі уақытта өнер туындыларын сақтау, қорғау және оларды дамыту мақсаты білім беру қызметкерлерінің назарына ілікті. Осы негізде мектеп қабырғасында оқушыларды қолөнерге баулу, материалдарды көркем өңдеуді игерту мектеп алдына қойылуда.

Мектеп қабырғасында қазіргі уақытқа дейін материалдарды көркем өңдеу еңбекке және кәсіпке баулу сабақтарында қолға алынбаған болатын. Қолөнерге баулу, материалдарды көркем өңдеуге үйрету тек үйірме, факультатив курстарында қарастырылатын болған. Олар жүйелі және еңбекке және кәсіпке баулу сабақтарымен сабақтастықта бола бермейтін.

Орта буын оқушылары негізінен ағашты көркем күйдіру, сәндік-көркем өңдеудің кейбір түрін ғана оқу-тәрбие үдерісінде қарастыратын. Ал, ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы өңдеуде тек фанералауды ғана оқулық бойынша қарастыру көрсетілген. Қазіргі уақытты арнайы әрлеу материалдарының түрі көп соларды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу бағдарла-мада көрсетілмеген. Біздер осыған байланысты ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы әрлеуді оқытудың қажеттілігін ескере отырып, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын: “Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі” деп алуды жөн көрдік.

Зерттеу жұмысы барысында біздер оқушыларды оқыту мен тәбиелеу мәселелеріне жазылған қазақ тіліндегі А. Н. Ильинаның, М. Жұмабаевтың т. б. “Педагогика” (Пидагогика) оқу құралына шолу жасадық [1; 2] .

Жалпы білім беретін мектептерде еңбекке және кәсіпке баулудың формалары мен әдістеріне, мазмұнына, принциптеріне, оқушыларды еңбекке дайындау үдерісіндегі оларды дамыту, тәрбиелеу мен оқытудың бірлігіне жету құралдары мен жолдарына қалам тартқан педагогтардың (П. Р. Атутовтың, В. А. Поляковтың, Д. А. Тхоржевскийдің, С. А. Батышевтың т. б. ) еңбектері студенттер мен (еңбекке баулу пәні) оқытушыларына арналған оқылықтар [3; 4; 5; 6; 7] .

Соңғы уақыттарда халық педагогикасын мектеп өміріне негіз ету көп сөз болып барады. Халықтың педагогикалық тәрбие мәселелері туралы қарастырған студенттерге оқу құралы ретінде ұсынылған кітаптың бірі- Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың (“Қазақ тәлім-тәрбиесі”. -Алматы, “Санат”, 1995 ж. ), С. Ұзақбаеваның (“Тамыры терең тәрбие”. -Алматы: “Білім”, 1995 ж. ) атты кітабы. Авторлар мұнда қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесі туралы ой қозғайды [8; 9] .

Материалдарды көркем өңдеу бойынша жазылған Ә. Оспановтың, Г. Я. Федотовтың, А. С. Хворостовтың т. б. еңбектеріне шолу жасадық. Бұл еңбектерде негізінен материалдарды көркем өңеудің түрлері: ағашты күйдіру, бедерлеу, шекімелеу, металдау, көзешілік іс, т. б. қарастырылған [10; 11; 12] .

Зерттеудің мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйретуді теориялық тұрғыдан анықтау және оның мазмұнын, тиімді әдістері мен формаларын сипаттау.

Зерттеу нысаны - жоғары сынып оқушыларын ағаш өңдеу бойынша кәсіптік бағытта оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні - ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен оқушыларға өңдеуге үйрету барысы.

Зерттеу міндеттері:

- жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуді оқытудың теориялық негіздерін айқындау;

- жоғары сынып оқушыларына ағаштан бұйым дайындауды оқыту мазмұнын, әдістері мен формаларын анықтау;

- ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуді жоғары сынып оқушыларына үйретудің тақырыптық жоспары әзірлеу;

- ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеу түрлерін сипаттау.

Зерттеу әдістері : педагогикалық тұрғыдан ғылыми-теориялық талдау әдісі, озық тәжірибелерді жинақтау және жалпылау әдістері, оқу материалдарын талдау және жалпылау әдістері, педагогикалық бақылау әдісі, сұрақ-жауап әдістері, әңгімелесу әдісі.

1 Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуді оқытудың теориялық негіздері

1. 1 Материалдарды арнайы өңдеу - технология және эргономика ғылымдарының нәтижесі білім беру бағдары ретінде

Соңғы жылдар эргономика ғылымы жылдам даму үстінде. Эргономика (гр. ergon - жұмыс + nomos - заң) - еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам - машина (техника‚ бұйым) ”‚ “адам - орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды [12] . Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам - машина - орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономикалық талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік - машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік - адамның антропологиялық (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т. б. ) және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік - машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету [12] .

Еліміздің халық шаруашылығының негізгі саласы - өндіріс құралдарына қоғамдық меншік негізінде жұмыс істейтін мемлекеттік өндірістік кәсіпорындар (завод, фабрика, электр станциясы т. с. с. ) . Кәсіпорынның міндеті - мемлекеттік халық шаруашылық жоспарына сай, еңбек пен қаржыны барынша аз жұмсай отырып, қоғамға қажетті жоғары сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ету. Өндірісті интенсивтендіру жағдайында бұл мәселе жұмысты бір-бірімен тығыз байланыста, үйлесімді атқаратын кәсіпорындар мен ұйымдардың бірлестіктерінде барынша табысты орындалады.

Халық шаруашылығы салаларының ішінен білім беру жүйесінде барлығының түрі бойынша оқу материалдарды беріледі. Атап айтқанда:

- география;

- физика;

- математика;

- химия;

- технология, т. б. оқу пәндерінде ауыл шараушылығының салалары оқытылады. Оның ішінде технология пәні бойынша оқытылатын заманауи өндірістік технологияларды қамтитын бөлімдер:

- ағаш өңдеу технологиясы;

- металл өңдеу технологиясы;

- электротехникалық жұмыстар технологиясы;

- ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясы;

- тұрмыста қызмет көрсету, т. б.

Мектеп оқу пәндерінде заманауи өндірістік технологияларды педагогикалық үдерісте оқыту барысын төмендегіше айтуға болады:

- тақырыпқа байланысты сабақта;

- сабақтан және мектептен тыс оқу жұмыстарында.

Оқыту барысындағы сипатына байланысты:

- теориялық тұрғыдан сипаттау;

- көрнекілікті пайдалану;

- оқытудың техникалық құралдарымен демонстрациялау, т. б.

Әлеуметтік-философиялық әдебиеттерде «технология» ұғымына жалпы философиялық мағына беру арқылы оның нақты технологиялық үдеріске дейінгі түсіндірмелері айқындалған. Атап айтқанда:

- «өндірістік өнім үдерісінде жүзеге асырылатын, шикізаттың, материалдық немесе жартылай фабрикаттың жағдайын, қасиетін, формасын өзгерту, дайындау, өңдеу әдістерінің жиынтығы» [13] ;

- «Бұл өндірістік іс-әрекет саласында қандай да бір өнім түрін дайындау барысында қолданылатын үдерістердің, ережелердің, дағдылардың жиынтығы» [14] ;

- «Технология» (гректің techne - өнер, шеберлік және logos - іскерлік, ептілік) - адамдардың күрделі үдерістерінің салыстырмалы бірдей орындалатын ретті, өзара байланысты процедурасы, әрекет және операция жүйесіне бөлу жолымен жоспарланған нәтижелерге жетуді жүзеге асыру тәсілдері. Кез келген технология болжанады, жобаланады әрі жалпы және арнайы ғылыми принциптер негізінде жүзеге асырылады [15] ;

- «Технология (технологиялық үдеріс) - өндірістің негізгі бөлігі. “Технология” мағынасында өндіру, өңдеу, тасымалдау және т. т., өндірісті техникалық бақылау, кейде өндірістік үдерістердің сипатталуы мен оларды орындау жөніндегі нұсқаулар түсініледі. Технологиялық үдерістер ұқсастықтарына байланысты бірқатар тәсілдерге бөлінеді. Ондай жалпы тәсілдерге механикалық, химиялық, биологиялық және энергетикалық тәсілдер жатады (кейде осы тәсілдерді базалық тәсілдер деп атайды) » [16] ;

- «адамның түрлендіруші іс-әрекетінің құралы ретінде ғылыми білімдерді қолдану тәсілі» [17] ;

- «дайын өнімді алу үшін өндірістік үдерісте қолданылатын материалдың немесе жартылай фабрикаттың, шикізаттың түрінің, қасиетінің, қалпын өзгертудің, дайындаудың, өңдеудің әдістерінің жиынтығы» [18] ;

Бірқатар ғалымдардың (В. И. Скурихин, В. Г. Квачев, Ю. Р. Валькман, Л. Г. Яковенко және т. б. ) пікірі бойынша кез-келген технологияны анықтауда төмендегідей негізгі құраушыларды бөлуге болады [19] :

1. Үдерісті жүзеге асыру мақсаты.

2. Технологиялық өзгерістерге ұшырайтын зат.

3. Затқа әсер етудің тәсілдері мен әдістері.

4. Технологиялық ықпал етудің құралы.

«Технология» ұғымының түсінігі оны таза өндірістік саладан алып шығып, технологияны материалдық және рухани әлемге және оның түрленуіне әрекет ететін әдістер мен құралдардың барлық жиынтығын қарастыруға мүмкіндік береді. Осылай технологияның кеңейтілген түсінігі қазіргі уақытта кең тараған болып табылады («сайлау технологиясы», «білімдік технологиясы» және т. б. ) . «Технология» «алгоритм», «тәсіл», «әдіс» сөздерінің синонимі.

В. Е. Давидович пен Ю. А. Жданов бір пікірде - технологияны «амалдардың тәсілі», «іс-әрекет тәсілі» ретінде қарастырады [20] .

Технология қазіргі уақытта осы іс-әрекетпен сәйкес техникалық қызмет көрсетуші, білімдер жиынтығы, адамның барлық іс-әрекеті саласын білдіретін жеткілікті әмбебап ұғым болып қалыптасуда. Оны теориялық білім жүйесін қолдану негізінде жүзеге асырылатын адам іс-әрекетінің тиімді тәсілі ретінде сипаттауға болады.

Сонымен, барлық технология бірқатар жалпы белгілермен сипатталады:

  • адамдардың кез келген іс-әрекет тәсілдері болып табылады;
  • өзімен түрлендіруді тасымалдайтынын көрсетеді;
  • практикалық іс-әрекетте ғылыми білімдерді қолдану нәтижесі болып табылады.

Технология ұғымына қолданылған тәсілдерді пайдаланумен жүргізілген талдауларды саралай келе, технологияны анықтаудағы тәсілдердің кең спектрі өмір сүреді деп қорытынды жасауға болады: ол техникалық жүйенің жұмыс жасау мағлұматынан адамзаттың кез келген мақсатты, ұйымдасқан және тәртіпке келтірілгенге дейінгі барлық іс-әрекетті қамтушы ұғым.

Технологиялық операция - жеке тетікті өңдеу кезіндегі үзіліссіз орындалатын технологиялық үдерістің бөлігі. Технологиялық операция қажетті бір немесе бірнеше тәсілдерді орындаудан тұрады.

Еңбек операциясы - нақты мақсатқа жетуге бағытталған еңбек үдерісінің элементі. Еңбек операциясы - бұл бір типті құралдарды, бейімдеу құралдарын, еңбек әдістерін қолданумен сипатталатын еңбек үдерісінің бөлігі.

Еңбек үдерісі - берілген кәсіп үшін типтік белгілі аяқталған жұмыс түрінің орындалуымен байланысты жүйелі жұмысшы әрекетінің жиынтығы. Еңбек үдерісі - өндірістік үдерістің басты бөлігі. Ол операцияларға, тәсілдерге және жұмысшы қозғалыс түрлеріне бөлінеді.

Технологиялық ауысу - операцияның құрал-сайман ауыстырмай орындауға болмайтын, ары қарай бөлінбейтін аяқталған бөлігі.

Еңбек тәсілі - операцияның жүзеге асуы үшін жеке арнаулы мақсаты бар, аяқталған еңбек әрекетінің жиынтығы. Еңбек тәсілі белгілі технологиялық мақсаты бар жұмысшының ақталған еңбек әрекетін сипаттайды.

Еңбек әрекеті - адамның бір немесе бірнеше дене мүшелерімен үзіліссіз орындалатын еңбек қозғалыстарының кешені.

Еңбек қозғалысы еңбек үдерісіндегі жұмысшының қолын, денесін немесе аяқтарын іске қосу қажеттілігін анықтайды.

Технология дегенде өнім өндіру үдерісінде шикізаттың, материалдың не жартылай фабрикаттың күйін, қасиетін, формасын өзгерту, өңдеу, дайындау тәсілдерінің жиынтығын түсінеміз. Әдетте технологияны нақтылы өндіріспен байланыстырады. Мысалы, күкірт қышқылын алу, болат балқыту, т. с. с бұлардың әрқайсысының өз технологиясы болады. Толып жатқан әр түрлі технологиялар үдерістер бар және олардың әрқайсысының өз құрылымы өз ерекшеліктері болады.

Алайда көптеген түрлі технологиялық үдерістер үшін ортақ бірнеше әдісті атауға болады. Ондай ортақ әдіске механикалық, химиялық, биологиялық және энергетикалық тәсілдер жатады [21] .

1. Механикалық тәсіл еңбек затына механикалық жолмен әрекет ету нәтижесінде болатын технологиялық үдерістерді қамтиды. Мысалы: материалды кесу, шабу, детальды бинтпен бұрап тойтару т. с. с.

2. Химиялық тәсіл еңбек заттарын химиялық реакция жасап өзгертетін технологиялық үдерістерді жүзеге асырады. Бұл әдіс тек тікелей химия өнеркәсібінде ғана емес халық шаруашылығының басқа да салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, кейбір электротехникалық өнеркәсіпте электролизациялық және өткізгіш материалдар жасаған кезде, ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресте, машина жасау өнеркәсібінде металды тоттан қорғау үшін қолданылады.

3. Биологиялық тәсіл еңбек заттарын тірі организмде болатын биологиялық тәсілдер өнеркәсіптің кейбір салаларында мысалы, тамақ химия жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданады және де металлургия саласында кейбір металдарды бактериялар арқылы ажыратып алу тәсілдері жасалады.

4. Энергетикалық тәсіл энергияның электрлік ядролық және басқа да түрлерін тікелей пайдалану нәтижесіндегі жүзеге асыралатын технологиялық үдерістерді қамтиды. Мысалы, мыс және аллюминий электролиз арқылы алынады, көптеген детальдар жоғарғы жиілікті токпен шынықтырылады. Жоғарыда келтірілген технологиялық үдерістер туралы білімдер жалпы білім беретін пәндердің ішінде математика, физика, химия, биология сияқты пәндер мазмұнында қарастырылады. Еліміздің нарықты экономикаға көшуіне байланысты балалар мен жасөспірімдерді еңбекке дайындау ісі жаңа экономикалық білім беру мен жаңа экономикалық ой қалыптастыру талаптарына жауап беру қажет. Сондықтан да полетехникалық негізде оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерінде, мазмұнында табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие мәселелері көрсетілу қажет.

Мәселен, ағашты өңдеуге байланысты жұмыстарды негізгі үш топқа біріктіруге болады:

1. Негізгі операциялар: белгі түсіру, кесу, тесу, ұнғу, жону, тазалау т. б.

2. Біріктіру жұмыстары: жіптің, сымның, терінің, желімнің, шегенің т. б. көмегімен біріктірулер.

3. Әрлеу жұмыстары: бояу, ою түсіру т. б.

Материалдық өндірістік сала материалдық игіліктерді өндіруші немесе оларды тұтынушыларға жеткізуші барлық сала жатады. Өнеркәсіпте ауыл шаруашылығында, құрылыста қоғамға қажетті құрал жабдықтары және тұтыну заттары жасалады.

Өндіріс негіздерін, түрлерін география пәнінде де қарастырады [22] .

Мәселен, жергілікті кәсіпорынға топсеруенге шығуда өндірістің заманауи технологиясын зерделеуге мүмкіндік алады. 8-сыныпта «Машина жасау» тақырыбын өтпес бұрын кәсіп орынға топсеруенге барады. Топсеруеннің оқу үдерісі үшін маңызы жоғары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Министрлік зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жұмыс жүргізуде
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Мүгедектік жеке мәселе ретінде
Нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережелері
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
Еңбек шартының ұғымы және ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz