Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы процесіне мектеп психологының әсері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ СТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы процесіне мектеп
психологының әсері

Орындаған:
Педагогика және психология
бөлімінің 4 курс студентті

Ғылыми жетекшілері: Р.Б. Каримова
аға оқытушы, Ә.М.
Кисыкова

Кафедра меңгерушісі,
Психология ғылымдарының
докторы, профессор Р.Б.
Каримова

Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-7
І ТАРАУ. Психологиядағы кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау мотивациясының
өзекті міселелері.
1. Психологиядағы кәсіптік бағдар, мамандық таңдау мотивациясы және
кәсіби мамандықтың рөлі туралы шет ел ғалымдарының көз-
қарастары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-29
2. Оқушылардың мамандық тағдаудағы қабілеттілік ерекшеліктерін зерттеу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 30-39
3. Оқушыларға мамандық таңдауға байланысты кәсіби бағдар берудегі
психологтың жұмысының әсері ... ... ... ... ... ... ... .. .
39-43

ІІ ТАРАУ. Оқушылардың мамандық таңдау ерекшеліктерінің эксперименттік
зерттеу.
1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері,
болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44-45
2. Зерттеу барысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .46-59
3. Зерттеу жұмысының нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..57-76
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7 7-78
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .79-82
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..83-91

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар
жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам
талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне
байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты
қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді
сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты
іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және
диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық
кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа
бағыт бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді.
Қазіргі қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби іс-әрекет пен
мамандық таңдауға саналы дайындығының ішкі субьективті факторын зерттеу
қажеттілігі психология ғылымы үшін әрқашан маңызды болып табылады.
Алайда, кәсіби бағдарлану жүйесінің білімдер сферасында жетіспей
жатқан жастарының бірі оқушылардың ішкі әлемін, олардың қызығуын,
білімділігін, қабілеттерін зерттеу және өзіндік бағалауларын, мамандық
таңдауға байланысты зерттеу мәселелері әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да
біздің зерттеудің негізгі мәселесі, кәсіби өзіндік анықталу процесіндегі
тұлғаның іс-әрекетті психикалық өзіндік реттеу жүйелерінің қалыптасу
ерекшеліктері, тұлғаның кәсіби өзіндік анықталуының позитивті жақтарын
дұрыс ашып көрсете алады.
Алғашқылардың бірі ретінде оқушылардың мамандық таңдау себептерін
арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры Н.И.Кареев болды.
Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және
олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп
көрсетілген. Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген Н.А.Рыбников
болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына,
тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т.б. байланысты.
И.В.Дубровина болса жасөспірім кезеңдегі негізгі психологиялық өзгеріс өзін-
өзі анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық деп
есептейді. Мұндағы өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық дегеніміз:
• Сана сезімінің жоғарғы дәрежеде қалыптасуы;
• Тұлғалық қажеттіліктің дамуы;
• Жоғарғы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен қол
жетерлік табыстары.
Қазіргі жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесін мамандықталған өзін-өзі
анықтаусыз толық деп айту қиын. Өзін-өзі анықтау мәселесіндегі барлық
сұрақтарішінде психологияда мамандықталған өзін-өзі анқтауда толық жауаптар
берілген С.П.Крягже алғашқы этапта мамандықталған өзін-өзі анықтау екі
түрге бөлінеді деп көрсетеді, яғни белгілі мамандық таңдау немесе
мамандырылған мектеп таңдау.
С.Л.Рубинштейн бойынша өзіндік анықталу сыртқы себептің ішкі әсерге
байланысты болып табылады. Сыртқы себептелу “сыртқы детерминация”
әлеуметтік шарт, жеке тұлғаның әлеуметтік детерминациясын анықтайды. Бұл
жағдайда жеке анықтама жеке детерминация болып табылады.
Сондай-ақ, Л.И.Божович жұмыстары да өзін-өзі анықтауға
психологиялық анықтама береді. Біріншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі
онтогенез өзегінде яғни жасөспірім кезеңі мен жастық шақ кезеңінде пайда
болады. Екіншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі тұлғаның өзі және айналасы
туралы түсінігін жүйелеу ретінде қарастырылады. Үшіншіден, өзін-өзі анықтау
болашақта мамандық таңдауға байланысты. Осылайша, Л.И.Божович өзін-өзі
анықтауда екі жақтылықты көрсетеді, бір жағынан ол мамандық таңдауда,
болашағын жоспарлауда қажет болса, екінші жағынан өзінің өмір сүру
мағынасын іздеу болып табылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай және олардың кәсіби
қызығушылығының қалыптасу дәрежесіне қарай, өмірлік жоспары мен үлгерім
дәрежесіне қарай дифференциалды және жеке қатынас болып табылады.
Оқушыларды топқа дифференциалды түрде бөлу әр топтың мамандық таңдаудағы
әсер ету жағдайларын толық әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді, яғни бір
топқа әсер ету жағдайлары нәтижелі болса, келесі бір топқа нәтижесіз болуы
мүмкін. Сондай-ақ дифференциация жеке қатынастың іске асуына жағдай
туғызады.
Кәсіби бағдардың әдістеме түсінігі ретінде кәсіби өзін-өзі анықтауды
ғылыми зерттеу мәселесінің әдісі, құрылымы және негізгі жағдайы туралы
сондай-ақ жастарға болашақ мамандығын таңдауға тұлғалық және қоғам
көзқарастарының практикалық әдісі деп қарастыруға болады.
Кәсіби бағдар жұмысының құрылымының негізіне концептуалды идеялар
сипаты жатады. Соның бірі-мамандықты дұрыс таңдау үшін тұлғаны
диагностикалық зерттеу, қызығушылығы мен қабілетінің ескеру идеясы. Бұл
идея 30-шы жылдардың ортасына дейін таралып, “диагностикалық концепсия” деп
аталды. Мұнда тест кеңіннен қолданылды. Осы тесттердің дұрыс қолданылмауы,
дұрыс құрылмауы тағы да басқа себептер диагностикалық зерттеу идеясының
“тәрбиелік концепсиясы” болып өзгеруіне әкелді. Алайда сол кездің өзінде-ақ
диагностикада, тәрбиеде оқушыларды кәсіби бағдарлауда өзара байланысты және
негізгі бағыттар екендігі түсінікті болды. Қазіргі кезде диагностиканың
маңызы мектеп реформасының қабылдауынан кейін өсе түсті, онда кәсіби бағдар
орталықтарының ашылуы қарастырылған еді. Бұл орталықтардың негізгі
функцияларының бірі-оқушылардың қабілеттілігі мен қызығушылығы
диагностикасын ұйымдастыру жұмысы.
Әдістемелік сипат идеясына оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысына
дифференциалды қатынас жатады. Мұнда оқушыларды өмірлік және кәсіби
жоспарларына орай алдын-ала топтарға классификациялау және осы топтардағы
сәйкес тәрбие жұмыстары қарастырылады. Дифференциялды қатынас кәсіби бағдар
жұмысын дұрыс әрі жемісті болуына септігін тигізеді.
Сондай-ақ кәсіби бағдардың әдістемелік сұрақтарына кәсіби бағдар жүйесін
дамыту мен анықтау сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және кәсіби
мектептердің реформасының негізгі бағытының көптеген мақсаттарының ішінде
оқушылардың кәсіби бағдарын жақсарту мақсаты да көзделген.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жоғарғы сынып оқушыларының болашақтағы
кәсіби мамандық таңдауындағы қабілеттілігін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Алдын-ала тұлғаның белгілі бір мамандыққа деген қызығушылығы мен
қабілеттілігінің кәсіби диагностикасын анықтау.
2. Оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті
реттейтін қызмет түрлеріне түсінік беру.
3. Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып
таңдау бағытын жетілдіріп, тірбиелеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Жоғарғы сынып оқушыларының
мамандық таңдау қабілеттілігін зерттеп, оларға нақты оқу орнының
жағдайында, сол маман бойынша кәсіптік-техникалық білім беру мен кәсіби
бағдар беруге арналған кеңестер арқылы олардың мамандыққа деген жағымды көз-
қарастары қалыптасады.
Зерттеу жұмысының пәні: Тұлғалық және кәсіптік өзін-өзі анықтауы,
мамандық таңдау себептерінің актуалды мәселелері.
Зерттеу жұмысының объектісі: Жоғарғы сынып оқушылары мен кәсіби
колледждің студенттері.
Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық маңызы:
Диплом жұмысының теориялық маңыздылығы жоғарғы сынып оқушыларының
мамандық таңдауындағы қызығушылығы мен қабілеттілік ерекшелігін анықтауға
мүмкіндік береді. Кәсіби бағдардың әдістемесі түсінігі ретінде кәсіби өзін-
өзі анықтауды ғылыми зерттеу мәселесінің әдісі, құрылымы және негізгі
жағдайы туралы сондай-ақ жастарға болашақ мамандығын таңдауға тұлғалық және
қоғам көз-қарастарынның практикалық әдісі деп қарастыруға болады.
Зерттеу жұмысының практиклық маңызы:
Жоғарғы сынып оқушылары мен коледждің студенттеріне жүргізілген әдістер
нәтижелерінде мамандық таңдауындағы қызығушылығы мен өзін-өзі кәсіби
тұрғыда анықтаудың актуалді мәселелерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Жүргізілген тәжірибелік әдістер бойынша алынған қорытындысына байланысты
нәтижелік сапасы.
Зерттеу жұмысының негізгі әдістері:
1. Е.А. Климовтың “Мамандыққа қатысты өзін бағалау қабілеттілігі”
сұрақнамасы (1-2 нұсқалары);
2. Е.А. Климовтың “ Мамандықтарды топтастыру ” әдістемесі.
3. Е.А.Климовтың ДДС(дифференциональды –диогностикалық сауалнама).
Зерттеу жұмысының күтілетін нәтижесі:
Психологиялық практика сферасында тұлғаның мамандық таңдауы мен кәсіби
қызығушылықтарын бекіту, мамандыққа байланысты ақпараттандыру барысында іс-
әрекетті өзіндік саналы реттеу жүйелерінің (жеке бастық сапалар-саналы
белсенділік, мақсатқа ұмтылу, өз әрекетін қадағалау, жинақылық, ойдың
икемділігі және т.б. сапалар) маңыздылығы.

І ТАРАУ. Психологиядағы кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау мотивациясының
өзекті міселелері
1. Психологиядағы кәсіптік бағдар, мамандық таңдау мотивациясы және
кәсіби мамандықтың рөлі туралы шетел ғалымдарының көзқарастары.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға кәсіптік бағдар беру,
олардың экономикалық ой-өрісінің қалыптасуына, еңбектің жетілдірген жаңа
тәжірибелерін игеруге ықпал етеді.Мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беруде
әрбір оқушының психофизиологиялық, жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы
басты себептері назардан тыс, қалмауы керек. Кәсіптік білім беру жүйесінде
жоспарлы кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастырғанда ғана инженер педагог-
психолог жұмысын жеңілдетіп, көптеген тәрбие мәселелерін ұтымды шеше алады.
К.Өстеміровтің кәсіптік бағдар берудегі айтқан пікірі бойынша [2] кәсіби
бағдар беру-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға
дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың,
дәрігерлердің, педагог-психологтардың, отбасының, еңбек ұжымдарының
бірлескен іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде,
олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз
бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму
міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы
таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби
бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-
теориялық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен
ұштастыру болып табылады.
Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға
дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мынадай нәрселер қажет:
• Оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік
мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу.
• Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын
тәрбиелеу.
• Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке
ала отырып орындау бағытын жеңілдетіп, тәрбиелеу.
Кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттері:
• Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру.
• Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету;
• Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру.
• Кәсіптік бейімделу.
Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру - оқушыларға түрлі еңбек
қызметтері мен кәсіп ерекшеліктері олардың нарық жағдайы мен әлемдік
өркениеттегі даму бағыттарымен, ел, аймақ экономикасына тигізетін әсері,
рөлі туралы мәліметтер беру.
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер-мұндағы басты нәрсе-кәсіп
таңдауда негізгі қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың
жеке қасиеттері кәсіп талаптарына сай келуі қажет. Мұндай кеңестерге
қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру
• Өз бетінше мамандық таңдай алмаған оқушылар.
• Мамандық таңдауда ата-аналарымен келісе алмаған жастар.
• Өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі
• келген жасөспірімдер.
• Тәртібі нашар,толқу үстінде жүрген жеткіншектер.
• Кәсіби бағдарға ұсыныс беру түрі:
• Ақпаратты-анықтамалық.
• Психологиялық-педагогикалық.
• Медициналық тұрғыдан.
Кәсіби бейімделу-өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оқу кезінде
сақтап, дамытып өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеру,
шеберлігін арттыру. Бұл қасиеттер:
• Кәсіпке қызығушылығына;
• Еңбек мазмұнына;
• Отбасы әсеріне;
• Қызмет ортасына байланысты болады.
Кәсіби бағдар берудің мақсат мүддесі тек кәсіби бағдар дамыған теориямен
әдісіне сүйенгенде ғана толық қанды іске асады. Бұл әрине кездейсоқ емес
себебі теория мен әдістеме түсініктер, идеялар, көзқарастар, әдіс және
принциптер тексеріледі, ал бұлар практикалық жұмыстың алға басуына
көмектеседі.
“Кәсіби бағдар” түсінігі барлығына түсінікті сияқты, яғни ол-
оқушылардың мамандық таңдау бағдары. Дәл осы сияқты анықтамаларды,
әдістемелерді құралдарда да береді, мұнда кәсіби бағдарды жастарға мамандық
таңдауда берілетен көмек ретінде қарастырыды. Сондай-ақ кәсіби бағдар
ретінде адамның үлкен өмірге қадам басып мамандық таңдауын немесе кәсіби
бағдарды дамыту мақсатындағы тәрбие жұмысының жүйесін түсінеді.
Осылайша бұл түсініктің анықтамалары өте көп және олар кәсіби
бағдардың дамуының жолында пайда болған. Себебі уақыт ағымында қажеттілік
өзгеріп отырды, сонымен қатар мазмұнымен түсінікте өзгерді. Бұл әрине заңды
құбылыс.
Көптеген ғылыми түсініктер сияқты “кәсіби бағдар” түсінігі деп
тұрақты, өзгеріссіз болып қала алмайды. Ол қоғамның кәсіби бағдар туралы
түсінігіне, мақсатына, әдісіне қарай өзгеріп отырады. Бұл түсініктің
өзгеріске ұшырап отыруындағы берілген анықтамалардан көрінеді. Әр анықтама
кәсіби бағдардың әртүрлі аспектісін қамтиды, яғни теориялық немесе
практикалық даму дәрежесін көрсетеді, педагогика позициясынан қарастырады,
басқару теориясы т.б.
Сондықтан кәсіби бағдарға бір жалпы анықтама беру үшін алдымен
негізгі үш қараушысын анықтайық, яғни: “іс-әрекет”, “мамандық”, “бағыт”.
Іс-әрекетті философиялық энциклопедиялық сөздікте адамның қоршаған
әлемге қатынасы, деп қарастырады. “Кәсіби бағдар” түсінігіне “іс-әрекет”
категориясының енгізілуі кәсіби бағдарды тек практика жүзінде ғана емес,
сондай-ақ теория жүзінде қарастыруға мүмкіндік береді, яғни пәнаралық
ғылыми бағдар ретінде.
Практикалық іс-әрекет ретінде пайда бола отырып кәсіби бағдар
теориялық толығады, бұл дегеніміз кәсіби бағдарды теориялық және
практикалық іс-әрекет бірлігі ретінде қарастыруға әкеледі.
Атақты ғалым, академик С.Г.Струмилиннің көз-қарасында туыстас
мамандықтар ортақ топқа бірігуіне болады, мысалы металистер, ағаш
өңдеушілер, музыканттар. Оның ойынша кейбір мамандықтар мамандандыруға
бөлінеді. Мамандандыру мамандыққа қарағанда нақты түсінік, ол дгеніміз
белгілі бір адамның еңбек іс-әрекетін анықтайды.
“Бағыт” түсінігі бір қатар ғылымда қолданылады. Мысалы геометрияда-
түзудің, қисықтың, кеңістіктің бағыты, химияда-молеккула бағыты. Сондай-ақ
бұл ұғым астрономия, география, типографияда да қолданылады. Осылайша бұл
ғылымдардың барлығында да “бағыт” түсінігін белгілі бір бағытты, мекен-
жайды анықтаумен байланысты. Энциклопедияда бағдарды тура және тура
мағынасында анықталады. Тура мағынасы-қоршаған ортада шешімін табу, жалпы-
ғылыми қоғамдық және басқа да бір іс-әрекеттің белгілі бір жаққа бағыттау.
“Бағыт” түсінігіне қандай анықтама берілседе оның барлығы да негізгі
бағдарды таңдау іс-әрекетімен байланысты, қарастырылып отырған жағдайда
мамандық таңдау бойынша.
Егер жасөспірім мамандық әлемінде бағдар іздеуге әрекеттенсе және
белгілі бір мамандық оның өмірлік ұмтылыстарына сәйкестігін анықтауға
тырысса онда бұл жағдайда оның мамандыққа бағдары туралы айтқанымыз жөн
болады. Ал егер оған және қоғамға сәйкес мамандық таңдау мақсатында ол
педагогикалық немесе басқа да бір әсер обьектісі болса, онда оны мамандыққа
бағыттау деп қарастыруға болады.
Кәсіби бағдар туралы жалпы түсініктің жоқтығының басқа да
себептерін көрсетуге болады. Мысалы, оны комплексті мәселе десек, оның
анықтамалары әртүрлі болуы әбден мүмкін. Егер кәсіби бағдарды
педагогикалық практика тұрғысында қарастырсақ, онда бұл көз-қарас бірдей
және негізгі кәсіби бағдар берудегі педагогикалық образ болып қалыптасады.
Ал егер бұл процессті психология ғылымы тұрғысында қарастырсақ, онда
бірінші орынға психологиялық түсініктер мен концепсиялар шығады, олар
таңдаудың ерекшеліктеріне түсінік береді.
Осы тұрғыда кәсіби бағдар психологиялық процессті қалыптастырады,
және ол екі жақты өзара байланыстан тұрады:
а) Оқушының өзіндік кәсіби таңдауы туралы шешімін қабылдауы;
б) Оқушының психикасына кәсіби таңдауды қалыптастыру мақсатында
әсер ету, яғни тұлғаның қызығушылығына, икемділігіне, сәйкес сондай-
ақ қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға
итермелеу.
Сондай-ақ кәсіби бағдарды әлеуметтік тұрғыда қарастырсақ, бұл
жағдайда жастардың әлеуметтік бағытының бір бөлігі болып табылады.
Сәйкесінше мамандық таңдауда, жалпы өмірлік бағдарының, қоғамының
әлеуметтік құрылымынан орын алуының бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Осыдан барып пәнаралық байланыс қажеттілігі туындайды, яғни кәсіби бағдар
түсінігі турасында да сондай-ақ жастарға мамандық таңдау бағдарының
практикалық жұмысында да. Кәсіби бағдар турасында жоғарыда берілген
түсініктер келесі анықтамаға тіреледі.
Кәсіби бағдар дегеніміз-жастарды жеке қызығушылығы мен икемділігін,
сондай-ақ қоғамның әртүрлі мамандықтарға деген сұраныстарын, әртүрлі
квалификациялық дәрежесін ескере отырып мамандық таңдауға дайындау. Ол
практикалық іс-әрекетпен дамушы пәнаралық байланыс бірлігі ретінде
қарастырылады және тек оқушылардың оқу-тәрбие процессінде ғана іске
аспайды. Мұнда теория негізгі мәнге ие, себебі мұнда туындайтын идеялар
кейіннен практикалық жұмысты ғылыми-практикалыққа әкеледі. Теорияның
қалыптасуына көптеген жылдар жүргізілген зерттеулер, бақылаулар қажет
болады, бұлар кәсіби бағдардың практикалық дамуына себепкер болады.
Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық ұжымдардың, өндірістің,
мектептің және жанұяның тұлғаның қызығушылығын ескеріп кәсіби және
әлеуметтік дамуындағы іс-әрекеті деп қарастырамыз.
Кәсіби бағдар теориясын келесі анықтама беруге болады: кәсіби бағдардың
эффективті пайда болуындағы көз-қарастар комплексі, идеялар мен түсініктер
жиынтығы. Бұл қарапайым және жалпы анықтама теория әлемі туралы түсінік
бергенімен ғылыми тұрғыда жеткіліксіз. Келесі анықтаманы нақтырақ деп
көрсетсек болады: кәсіби бағдар теориясы-бұл ғылыми білімді ұйымдастыру
формасы, ол екі процесс-жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауымен және жастарды
кадр жеткіліксіздігі бойынша мамандықтарға бағыттаудан тұрады.
Оқушылардың кәсіби бағдар теориясының негізгі компоненттерін
қарастырайық: принцип заңдылығы, факты. Кәсіби бағдарда ғылыми әдіс
көмегімен алынған нақты фактілер өте аз. Сондықтан негізгі мақсаттардың
бірі-жаңа фактілер жинау және оларға дұрыс интерпретация беру. Бұл тек жаңа
фактілерді іздеу де бір немесе бірнеше гипотезаға жүгінгенде мүмкін болады.
Соңғылары сондай-ақ теорияның бөлігін құрайды. Мысалы, барлық аймақтарда
белгілі бір мамандық таңдауға өзіндік факторлары туралы гипотеза зерттеу
әдістерінің пайда болуына көмектеседі.
Кәсіби бағдар психологиясының негізгі компоненті-белгілі бір
заңдылықтар. Оларды іздеу ғылыми іс-әрекетінің жалпы мақсаты. Заңдылықтарды
тану-ғылыми зерттеулер негізі болып табылады. Әр теорияның даму дәрежесі
оның құрылымы мен принципінің сапасымен анықталады. Кәсіби бағдар
принціпінің қалыптасуына аз көңіл бөлінбейді. Бірақ кәсіби бағдар
прициптерінің жүйесін жасау аяқталды деп айта алмаймыз барлық сұраныстарды
қанағаттандыратын, қарама-қайшылықсыз жүйені құру үшін әлі көп жұмыс жасау
керек.
Кәсіби бағдар іс-әректінің обьектісі адамның өзін-өзі анықтауының кәсіби-
әлеуметтік процессі болғандықтан, ең бірінші жастар мамандық таңдауда және
қоғамда өзінің орнын табуда сүйенетін принциптер тобын құру қажет.
Мамандық таңдаудағы ақыл-ой принципі өзінің таңдауымен еңбек етудегі
жеке басының қажеттілігін ғана қанағаттандыру емес, сонымен қатар қоғамға
неғұрлым көбірек пайда әкелу. Бірінші орында халық шаруашылығында қажетті
мамандықтарды таңдау, қазіргі таңды тұлғаның ақыл-ойының дамығандығының бір
көрсеткіші болып табылады.
Таңдалған мамандықтың қызығушылығына, икемділігіне, тұлғаның
қабілеттілігіне, сонымен қатар қоғамдағы кадр қажеттілігіне сәйкестік
принципі мамандық таңдаудағы өзіндік және қоғамдық аспектілер арасындағы
байланысты көрсетеді. Қоғаммен санаспай тек өзіндік қызығушылығымен
мамандық таңдауға болмайды. Тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерінің
сәйкестік принциптерінің бұзылуы кәсіби кадр структурасында тепе-
теңсіздікке әкеледі.
Мамандық таңдаудағы белсенділік принципі тұлғаның кәсіби өзін-өзі
анықтау процессіндегі іс-әрекетін сипаттайды. Мамандықты тұлғаның өзі
белсенді түрде іздеуі қажет. Мұнда шешуші рөлді оқушылардың еңбек және
кәсіби дайындығының дәрежесімен ата-аналарының кеңесі, олардың тәжірибесі
т.с.с. алады.
Осы топтағы соңғы принцип даму принципі болып табылады. Бұл принциптің
мамандық таңдау идеясына ол болашақта квалификациясын көтеретін, тәжірибесі
мен кәсіби шыңдалысына сәйкес жоғарылайық, қоғамдық жұмыстарға белсенді
араласу, баспана, демалыс т.б. мәдени шараларды қанғаттандыруға тіреледі.
Кәсіби бағдарға сондай-ақ жаппы педагогикалық прициптермен тығыз
байланысты принциптер тобы бар. Олар келесі принциптер:
Кәсіби бағдардың өмірмен, еңбекпен, қоғаммен байланысты принципі. Мұнда
жастарға болашақ мамандық таңдауға халық шаруашылығына қажетті білімді
мамандар кадрін дайындауға көмектесу көзделеді.
Кәсіби бағдар оқушылардың еңбекке дайындығына байланысты принципі. Мұнда
еңбекке баулу, білім алу, политехникалық білім алу көзделеді, яғни қоғамдық
жұмыс, өндірістік жұмысқа баулу.
Кәсіби бағдардың жүйелілігі мен жалғасы принципі. Мұнда кәсіби бағдардың
І-сыныптан XI-сыныпқа дейін жалғасын табуды көздейді;
Оқушыларға кәсіби бағдар берудегі мектеп, жанұя, басқарушы өндіріс, орта
кәсіби оқу орындарының өзара байланысы. Мұнда жастарға мамандық таңдауға
көмек берудегі тығыз байланыс көзделеді;
Кәіби бағдардың тәрбиелік сипаты. Мұнда кәсіби бағдар жұмысы жан-жақты
тұлғаны қалыптастыруды көздейді, яғни еңбекке тәрбиелеу экономикалық,
эстетикалық, құқықтық және дене тәрбиесінің жиынтығы.
Диагностикалық және тәрбиелік қатынастардың өзара байланыс принципі.
Кәсіби бағдар жұмысында осы екі қатынастың бір-біріне қарсы болмау
принципі. Олардың әрқайсысының өзіндік мақсаттары бар:
Дифференциалды және жеке қатынас принципі. Бұл оқушыларға жас
ерекшелігіне қарай және олардың кәсіби қызығушылығының қалыптасу дәрежесіне
қарай, өмірлік жоспары мен үлгерім дәрежесіне қарай қатынас болып табылады.
Оқушыларды топқа дифференциалды түрде бөлу әр топқа мамандық таңдаудағы
әсер ету жағдайын толық әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді, яғни бір
топқа әсер ету жағдайлары нәтижелі болса, келесі бір топқа нәтижесіз болуы
мүмкін. Сондай-ақ дифференция жеке қатынастың іске асуына жағдай туғызады;
Кәсіби бағдар жұмысының оқушылармен және ата-аналармен топтық, жеке,
жалпылама түрде жүргізілу принципі.
Кәсіби бағдардың әдістемелік сұрақтары. Кәсіби бағдардың
әдістеме түсінігі ретінде кәсіби өзін-өзі анықтауды ғылыми зерттеу
мәселесінің әдісі, құрылымы және негізгі жағдайы туралы сондай-ақ жастарға
болашақ мамандығын таңдауға тұлғалық және қоғам көзқарастарының практикалық
әдісі деп қарастыруға болады.
Кәсіби бағдар жұмысының құрылымының негізіне концептуалды идеялар
сипаты жатады. Соның бірі-мамандықты дұрыс таңдау үшін тұлғаны
диагностикалық зерттеу, қызығушылығы мен қабілетінің ескеру идеясы. Бұл
идея 30-шы жылдардың ортасына дейін таралып, “диагностикалық концепсия” деп
аталды. Мұнда тест кеңіннен қолданылды. Осы тесттердің дұрыс қолданылмауы,
дұрыс құрылмауы тағы да басқа себептер диагностикалық зерттеу идеясының
“тәрбиелік концепсиясы” болып өзгеруіне әкелді. Алайда сол кездің өзінде-ақ
диагностикада, тәрбиеде оқушыларды кәсіби бағдарлауда өзара байланысты және
негізгі бағыттар екендігі түсінікті болды. Қазіргі кезде диагностиканың
маңызы мектеп реформасының қабылдауынан кейін өсе түсті, онда кәсіби бағдар
орталықтарының ашылуы қарастырылған еді. Бұл орталықтардың негізгі
функцияларының бірі-оқушылардың қабілеттілігі мен қызығушылығы
диагностикасын ұйымдастыру жұмысы.
Әдістемелік сипат идеясына оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысына
дифференциалды қатынас жатады. Мұнда оқушыларды өмірлік және кәсіби
жоспарларына орай алдын-ала топтарға классификациялау және осы топтардағы
сәйкес тәрбие жұмыстары қарастырылады. Дифференциялды қатынас кәсіби бағдар
жұмысын дұрыс әрі жемісті болуына септігін тигізеді.
Сондай-ақ кәсіби бағдардың әдістемелік сұрақтарына кәсіби бағдар жүйесін
дамыту мен анықтау сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және кәсіби
мектептердің реформасының негізгі бағытының көртеген мақсаттарының ішінде
оқушылардың кәсіби бағдарын жақсарту мақсаты да көзделген.
Реформа жалпы білім бегетін мектептердегі экономикалық және әлеуметтік
қызметтің толықтыруына арналған курс кәсіби бағдар жұмысының жүйелі түрде
ұйымдастыру қажеттілігіне әкеледі қысқа уақыттың ішінде кәсіби бағдардың
қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын жүйесін құру керек.
Кәсіби бағдар жүйесінің жалпы анықтамасын бермес бұрын,одан шығатын бір
қатар жағдайларды қарастырайық:
1. Кәіби бағдар өзінің құрамында принцип формасы, әдісі, критерииі,
дәрежесі, бағыты, аспекті тағыда басқалай. Жүйе элементтерінің жүйелі
іс-әрекетін қамтиды.
2. Оқушылардың кәсіби бағдар жүйесі жалпы еңбек және кәсіби дайындығы
жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
3. Кәсіби бағдар жүйесі-жалпы тұлғаның әлеуметтік бағдары жүйесінің бір
бөлігі.
4. Кәсіби бағдар қоғамда қолданыста, ол әртүрлі мәселелерді қамтиды,
соның ішінде адами факторлар дамуында сондықтан ол әлеуметтік жүйеге
жатады. Осы себептен де кәсіби бағдарды қоғамдық мәселе деп есептеуге
болады. Кәсіби бағдар мәселесін шешуде жалғыз ағарту Министрлігі
немесе жалғыз ғылымның (мысалы, педагогика) іс-әрекеті жеткіліксіз.
Кәсіби бағдар жүйесі нәтижелі болуы үшін бір қат ар Министрліктер мен
әрүрлі мамандық бойынша ғалымдардың іс-әрекеті біріктірілуі кажет.
5. Кәсіби бағдар жүйелігіне көптеген қбьективті және субьективті
факторлар әсер етеді. Бұл жүйе ұйымдастыру мен басқаруға бағынбайды.
Осы және басқа да себептер кәсіби бағдар жүйесін қиын деп атауға
итермелейді. Жоғарыда аталған бес жағдайдан оқушылардың кәсіби бағдар
жүйесінің анықтамасы құралады.
Оқушылардың кәсіби бағдар жүйесі-ол тұлға және қоғам қажеттілігіне орай
оқушыларының өзін-өзі анықтаудағы кәсіби және әлеуметтік дамуына
бағытталған әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, ұжымдардың ,
мектептің, жанұяның ұйымдасқан және басқарылатын іс-әрекеті.
Қоғамдық дамудың әр кезеңінде кәсіби бағдар жүйесі белгілі бір
мәселелердің шешімін табады. Мысалы, 30-шы жылдары жастарды инженерлік және
әскери мамандыққа бағыттау мәселесі қойылды; 50-шы жылдардың арасында
жұмысшы мамандықтарына; 80-ші жылдары халық шаруашылық, педагогикалық,
әскери, инженерлік, жұмысшы мамандықтарына сұраныс болады.
Кәсіби бағдар жұмысы жүйесінің жалпы мақсаты-оқушыларды жеке басы мен
қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын мамандық таңдауға дайындау. Бұл мақсат
оқушыларға еңбекке дайындау мақсатымен толық сәйкес келеді және осы
дайындық процессінде іске асады.
Мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттағы кәсіби бағдар жүесінің жұмысына
келесі негізгі компоненттер кіреді: мақсаты мен мүддесі, негізгі бағыты,
сондай-ақ оқушылармен кәсіби бағдар жұмысының формасы мен әдісі.
Өзгеріссіз жалпы мақсат болғанда әрбір мектеп, УПК-ның мақсаты мен
мүддесі осы қалада немесе аймақта шарттары мен мүмкіндіктеріне қарай кейбір
мамандықтар бойынша кадр жеткіліксіздігіне байланысты. Қойылған мақсаттар
мен мүдделердің жетістікке жетуі әр бағыт бойыынша сапалы жұмыстың
жүргізілуіне байланысты.
Қазіргі кезде мектептер мен УПК-ның кәсіби бағдар жұмысының жүйесі
келесі бағыттар бойынша іске асады:
1. Кәсіби ағарту, кәсіби ақпараттау, кәсіби насхаттау, кәсіби үгіттеуден
тұрады. Мамандықтар туралы ақпарат берудің мақсаты, оқушыларға қоғамға
осы мезетте және алдағы 20-30 жыл аралығында актуалды мамандықтар
туралы және практикалық мүмкіндіктері мен осы мамандықты игерудегі
жақсы жақтары туралы ақпарат беру. Кәсіби насихаттың сипаты-
дифференциалдылық, жоспарлық, формасы мен әдістерінің әртүрлілігі.
Кәсіби зерттеу мақсаты оқушыларға қалаға, аймаққа, т.с.с. қажетті
мамандықтарды таңдауға белсенді әсер ету.
2. Алдын-ала кәсіби диагностика тұлғаның белгілі бір мамандыққа деген
қызығушылығы мен қабілеттілігін анықтауға бағытталған. Ол үшін бір
қатар ғылымның сауалнамалық, тесттік және аппаратуралық әдістері
қолданылады.
3. Кәсіби консультация мақсаты негізінен мамандық таңдауда мамандар
көмегіне сүйенуге бағытталған. Кәсіби консультация оқушылармен қатар
олардың ата-аналарында қамтуы керек.
4. Кәсіби таңдау мектептерде, УПК-да т.б. іске асады. Мұндағы мақсат осы
мамандықты жақсы меңгеріп, игере алатынына адамды таңдау.
5. Кәсіби-әлеуметтік қалыптасу оқу шеберханаларында, оқушылардың еңбек
бірлестіктерінде т.с.с. өтеді.
6. Кәсіби тәрбиенің мақсаты оқушылар бойында мамандықты игерту қажет
жауапкершілікті, кәсіби ар-намысты қалыптастыру.
Жоғарыда аталған жұмыс бағыттары бір-біріне байланысты болғанымен, әр
қайсысы кәсіби іс-әрекеттің дербес аумағы болып табылады.
Әртүрлі бағыттарда жүргізілген жұмыстар бойынша кәсіби бағдар жұмысының
бірқатар әдістерімен формалары анықталды-олар мамандықтар туралы әңгімелер.
Өндірістерге экскурсиялар,ортақ қызығушылықтары бойынша ұйымдасқан клубтар,
сауалнама, тесттерді қолдану, оқушылардың рефераттары, олармен әртүрлі
ойындар ұйымдастыру т.б.
Кәсіби бағдардың ғылыми зерттеу әдістерімен байланысты сұрақтар біраз
қиындықтар туғызады. Кәсіби бағдардың өзіндік әдістері оны дербес ғылым
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда кәсіби бағдар мәселелері
бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулерде педагогика, психология, эканомика,
социология, медицина әдістері қолданылады. Сондықтан да кәсіби бағдарды
толық дербес ғылым деп алмайлық. Әртүрлі ғылымның білім жүйесі, түсінік
ақпараты және әдістерінің айырмашылығы болғандықтан, жүйелілік прнципіне
негізделген кәсіби бағдарға қажетті білімнің интеграциялық міселесі
туындайды.
Әдістемелік сұрақтардың ішінде негізгі сұрақтың бірі ретінде кәсіби
бағдардың нәтижелілік критерииінің анықтамасы табылады. Қазіргі кезде көп
жағдайда мектептер мен УПК-ның кәсіби бағдар бойынша жұмыстарының
нәтижелігін қанша оқушы (пайыздық сан бойынша) жұмысшы мамандығын
таңдағандығы және жұмыс істеуі бойынша анықтайды. Бұл критерии негізгі,
бірақ жеткіліксіз. Басқада көрсеткіштерді есепке алу керек. Мысалы, СПТУ-ға
оқуға түскен және өндірісте жұмыс істейтін оқушылардың жоспарланған
пайыздық санын әртүрлі жолдармен беруге болады, бірақ педагогикалық
әлеуметтік, психологиялық және экономикалық көз-қарас жағынан ақталмауы
мүмкін. Егер кәсіби бағдар осы пайыздық көрсеткішті негізгі мақсат етіп
алса, онда бірінші орында бұл жұмыс кәсіби бағдардың өзіне кедергі
келтіреді және де оқушылар мен ата-аналар алдында сенімсіз болып қалады.
Қойылған мақсатқа жеру мүмкіндігі жастармен белсенді жұмыс жүргізгенде,
олардың нақты қызығушылығы мен қабілетілігін анықтағанда, таңдалған
мамандықтың дұрыстығын, олардың өздерінің және жалпы қоғам қажеттілігіне
сәйкес қалыптастырғанда ақталуы мүмкін.
Міне осыдан барып, педагогиклық тұрғыдан қарағанда мамандық таңдау
нәтижелігі дегеніміз мамандықты жеке таңдаумен педагогтың бағытының
сәйкестігі болып табылады. Педагогтардың сілтеген бағыты бойынша мамандықты
неғұрлым көп оқушы таңдаса, соғұрлым мектепте кәсіби бағдар жұмысы жоғары
бағаланады.
Егер оқушы алдын-ала өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтауды жоспарлап
қойса, онда осы мақсатына жеткен оқушылардың пайыздық саны, кәсіби
бағдардың, олардың жоспарлаған мамандықтары осы аймақ қажеттілігін өтеген
жағдайда нәтижелілігін көрсетеді.
Дұрыс таңдалған мамандық еңбек сапасына да өндіріске де оң нәтиже
береді. Осыдан барып мектеп түлектері мен СПТУ түлектерінің өндірістегі
еңбек нәтижелері мамандық таңдау критерииінің жетістігі болып табылады.
Дұрыс таңдалған мамандықтың аса маңызды психологиялық критерииін адамның
өзінің мамандығына, жұмыс орнына қанағаттануынан көруге болады. Қанағаттану
дәрежесін бағалау үшін (айлығы, атқаратын жұмыс сипаты) тесттер мен
сауалнамалар қолданылады.
Қорытындылай келе, кәсіби бағдар нәтижелігінің негізгі критерииі қоғам
қажеттілігіне жауап беретін мамандықтар бойынша СПТУ, ЖОО, жұмысқа түсетін
оқушылар санының тепе-теңдікте болуы.
Оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауының мотивациясының психологиялық
аспектісін толық ұғыну үшін алдымен мамандық таңдаудағы тұлғаның психикалық
жағдайының себептерін қарастырайық. Бұл сұрақтардың әдістемелік негізін
маркстік-лелиндік теория мен КПСС-тің бағдарламаларынан табуға болады,
теориялық анализ негізін-ғалымдардың жастардың кәсіби өзін-өзі анықтау
мәселесі туралы еңбектерінен көруге болады. “Тұлғалық өзін-өзі анықтауы”
түсінігі бүгінде психологияда кең таралған болып есептеледі. Өзіндік
методологияға негіз салған С.Л.Рубинштейн.
С.Л.Рубинштейн бойынша [7] өзіндік анықтауы сыртқы себептің ішкі әсерге
байланысты болып табылады. Сыртқы себептелуі “сыртқы детерминация”
әлеуметтік шарт, жеке тұлғаның әлемметтік датерминациясын анықтайды. Бұл
жағдағда жеке анықтама жеке детерминация болып табылады. Сондықтан жеке
анықтама мәселесінің анализінде үш аспект қажет:
1) Жеке тұлға мен қоғам арақатынасының мәселесі;
2) Әлеуметтік детерминация шартындағы субьект активтілігі мәселесі;
3) Жеке тұлға сана-сезімі детерминациясының әлеуметтік мәселесі;
С.Л.Рубинштейн еңбегі К.А.Абылханова-Славская жұмыстарында жалғасын
тапты. Жеке анықтама ретінде ол тұлғаның арақатынас жүйесіндегі өзіндік
позициясын түсінген. Жеке анықтама жеке тұлғаның қоғамменен арақатынасына
байланысты деп көрсетілген. В.Ф.Сафин, Г.П.Ников жұмыстарында жеке
анықтамаға қоғамда жалпы көзқарасты көрсетуге бағытталған. Авторлардың
көзқарасы бойынша тұлғаның жеке анықтамасы өзіндік “мен”
субьективтілігінсіз орын алмайды. Олар “өзіндік анықталған тұлға”
мінездемесімен бастау алады, яғни “не қалайтынын анық білетін субьект”
(идеал, өмірлік жоспар, мақсат), не істей алатынын білетін (қабілеті,
жағдайы), өзінің орнын білетін (физикалық және тұлғалық жетістіктері), одан
қоғамның, ортаның не күтетінін білетін тұлға. Сонымен өзін-өзі анықтауы
дегеніміз-қоғам мен ортаның бойында өмір мағынасын, өзінің қалауын, өмір
сүру қабілеттілігін қалыптастыратын өзіндік өзегі болып табылады.
Авторлар өзін-өзі анықтауы –өзегін анықтап көрсетеді. Өзін-өзі анықтауы
өзегінің шекарасының негізгі критеиялары жеке тұлғаның “істеймін”-“істей
аламын”-“бар”-“қалайды” түсініктеріне байланысты. Сондықтан тұлғаның өзін-
өзіанықтауының қозғалыс күші болып “істеймін”- “істей аламын”-“бар”-
“міндеттісің” түсініктерімен “мен міндеттімін, өзгеше істей аламын”
түсініктер арасындағы қарама-қайшылық болады. Осыдан барып авторлар
қайталау мен өзін бағалауды тұлғаның өзін-өзі анықтауының негізгі механизмі
деп көрсетеді.
Қайталауды өзін-өзі анықтаудың механизмі ретінде В.Мудрик айтып өтті
[8]. Тұлғаның өзін-өзі анықтауы адамзаттың тәжірибесін ұғыну ретінде
қарастырылады, ол ұқсастық және қайталау жүзінде іске асады, сондай-ақ
тұлғаның өзіне ғана тән ерекшеліктерінің қалыптасуы болып табылады.
Өзін-өзі анықтау мәселесін М.Р.Гинзбург қарастырған. Оның ойынша
тұлғалық өзін-өзі анықтаудың психологиялық көрініс ретінде жасөспірім
кезеңі мен жастық кезеңі шекарасында пайда болады. Тұлғалық өзін-өзі
анықтаудың негізі болып, өзі туралы, айнала туралы түсініктің ортақ жүйесі
табылады.
Сондай-ақ, Л.И.Божович [9] жұмыстары да өзін-өзі анықтауға
психологиялық анықтама берді. Біріншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі
онтогенез этапын да, яғни жасөспірім кезеңі мен жастық шақ кезеңінде пайда
болады. Екіншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі тұлғаның өзі және айналасы
туралы түсінігін жүйелеу ретінде қарастырылады. Үшіншіден, өзін-өзі анықтау
болашақта мамандық таңдауға байланысты. Осылайша, Л.И.Божович өзін-өзі
анықтауда екі жақтылықты көрсетеді, бір жағынан ол мамандық таңдауда,
болашағын жоспарлағанда қажет болса, екінші жағынан өзінің өмір сүру
мағынасын іздеу болып табылады.
Өзін-өзі анықтау жасөспірім кезеңінде негізгі қажеттілік десек те, бұл
жаста миға көптеген салмақ салынса психикалық өзгерістерде болуы мүмкін
екендігі белгілі. Сондықтан, Н.Р.Хакимова жалпы білім беретін мектепте
бағдарлы оқытуды зерттейді. Мұндағы мақсат оқушылардың бағдарлы оқытуға
қалыптасуын тексеру болды. Зерттеу кезінде оқушы бағдарлы дұрыс таңдаған
жағдайда қалыптасу кезеңі жақсы деңгейде болатындығынакөз жеткізілді,
себебі болашағын жоспарлауда тұлғалық өзін-өзі анықтау үлкен орын
алатындығы дәлелденді. Өз кезегінде айта кететіні,бағытты өзіндік даму
болашақта мәнді мағыналы адамның адам болып қалыптасуын көрсетеді, ал
өзіндік даму болмаған жағдайда немесе дұрыс қалыптаспаса, онда жасөспірім
болашағын мағыналы жасай алмайды да өзіндік бағдарсыз өмір ағымына ере
береді.
И.В.Дубровина болса жасөспірім кезеңдегі негізгі психологиялық өзгеріс
өзін-өзі анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық деп
есептейді. Мұндағы өзін-өзі анықтауға психологиялвқ дайындық дегеніміз:
1) Сана сезімінің жоғарғы дәрежеде қалыптасуы;
2) Тұлғалық қажеттіліктің дамуы;
3) Жоғағы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен қол
жетерлік табыстары.
Қазіргі жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесін мамандықталған өзін-өзі
анықтаусыз толық деп айту қиын. Өзін-өзі анықтау мәселесіндегі барлық
сұрақтарішінде психологияда мамандықталған өзін-өзі анқтауда толық жауаптар
берілген С.П.Крягже алғашқы этапта мамандықталған өзін-өзі анықтау екі
түрге бөлінеді деп көрсетеді, яғни белгілі мамандық таңдау немесе
мамандырылған мектеп таңдау.
Психологияда мотивацияны адамның іс-әрекетін қозғаушысы ретінде
қарастыруға болады. Мұндай қозғаушы күш көп болғандықтан “мотив”- мағынасы
түсінігі мол, сондықтанда осы кезге дейін ортақ анықтамасы жоқ. Көптеген
авторлар мотивацияның қозғаушы жағын көрсетеді, яғни адамның іс-әрекеті
мен тәртібіне мотивация әсерінің “механизмі”.Мотивация тұлғаның бағдарының
негізгі элементі деп анықтайды. Мотив мәселесінің зерттеушісі кеңес ғалымы
С.Л.Рубенштейн, мотив “белгілі бір әрекетке ойланып бару”-деп көрсетеді,
мұнда ол адамның өз алдындағы мақсатын түсініп, өлшеп-ұғына біледі дейді.
А.Н.Леонтьев, кеңес психологиясында мотивацияның теориялық концепциясын
нақты қарастырған авторлардың бірі, мотивацияны белгілі бір қажеттілікке
жауап беретін және қозғаушы күш, бағыт-бағдар деп есептейді. Мотивация
зерттеудің ортақ принципке және адамның ішкі, сыртқы іс-әрекетіне
негізделуі керек.
Бұл анықтамалар мотивацияның болмысын толық әрі нақты ашады және екі
негізгі моментті көрсетеді:
1) Мотивтілік пен мақсаттық бірлігі және олардың арасындағы байланыс;
2) Мотивтілік пен қажеттілік бірлігі.
Қажеттілік-мотивацияның алғашқы негізі. Бір нәрсеге деген қажеттілікпен
мотивация туындайды, соның көмегі арқылы қажеттілік орындалады. Адамзаттың
іс-әрекетінің мотивациясы әртүрлі, себебі олардың негізінде әртүрлі
қажеттілік жатыр. Адамға мотивация дайын түрде берілмеген. Олар оның
дамуының, білім алуының, тәрбиесінің жемісі. Сондықтан мотивацияның
мазмұны, тұрақтылығы мен тереңділігі әртүрлі болуы мүмкін. Мотивацияның
пайда болуы көптеген әсерге байланысты, оның түп негізі айнала мен тәрбие
әдісінде, сондай-ақ тұлғаның бойындағы ерекшеліктерінде. Кейбір қозғаушы
әсерлер нақты әрі түсінікті болады, ал кейбірі арнайы тәрбиелік жұмыстар
арқылы ғана түсінікті болады.
Адамға тек актуалды қозғаушы күш қана маңызды емес, соныменен қатар
орындалуы қиын алыс арман, мақсат мүдде де маңызды. Бұл адамның өмірінің
белгілі бір кезеңіне сәйкес келеді, яғни тек алдына мақсат қою, өзінің
өмірін жоспарлау кезінде.
Тұлғаның іс-әрекетін, әсіресе таңдау жағдайында, тек бір мотивпен
түсіндіруге болмайды. Оның қиын жүйесінің қорытындысы-мотивация деп
аталады. Мотивация жүйелілігі оның құрамының әртүрлілігіне байланысты.
Сонымен кез-келген қажеттілік әртүрлі себептер арқылы іске асады.
Керісінше, бір себеп, көптеген қажеттілік сұранысына сәйкес болады.
Саналы түрде мамандық таңдау мотивациясы-бұл қозғалыс жүйесі, белгілі
бір еңбек түріне бағытталған қажеттілік. Ол адамның өзінің қабілеттілігін
және қоғам маңызын ұсынғанда қалыптасады.
Мотивация сұрақтарына көптеген кеңес ғалымдары мен шетелдік ғалымдардың
жұмыстары арналды. Бұл сұрақтардың шешуін кеңес психологиясында белгілі
психолог, педагогтардың тұлғаны теориялық және эксперименталды зерттеулері
көрсетті. Олар: Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,
В.А.Сухомлинский, т.б. А.Н.Леонтьев зерттеулері тұлғаның қалыптасуының
теориялық сұрақтары бойынша мотивация анықтамасының қажетті негізін іс-
әрекеттің қозғаушы күші ретінде түсіндірді.
Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович т.б. зерттеулері, өзіндік ақыл-ойға арналған,
олар себептің дамуын әртүрлі жастық мерзімде зерттеу процессінде,
балалардың өзіндік ақыл-ойы, даму дәрежесі іс-әрекеттің қалыптасуының
негізгі бағдары деп көрсетті. Жоғарғы сынып оқушылары өздерінің іс-әрекетін
(сабаққа байланысты, еңбекке байланысты, спортқа байланысты) болашақпен
байланыстырады. Мотивті тұлғаның бағыттың факторы ретінде қарастыруға
болады.
• Бағыттық дегеніміз тұлғаның жалпылама сапасы, ол адамның әртүрлі
деңгейде қатынасын көрсетеді. Тұлғаның бағытының түрлері, мысалы
спорттық, білімдік, кәсіби т.б. болады. Қазіргі кезде ғалымдардың
назарын тұлғаның эмоционалды бағыты концепциясы аударуда. Бұл
концепция Селиванов және оның лабараториясының жұмысшыларының
жұмыстары, сондай-ақ психологтар А.В.Веденов, В.Н.Колбановский
еңбектері қызуғышылық тудыруда, мұнда себеп тұлғаның қалауымен
байланыстырып қарастырылған. Себепті зерттеудің мұндай қарастыру
негізі мыналардан тұрады:
• а) Қалау адамның іс-әрекетін қадағалайды және саналы түрде қажетті
себепті дамытып, қажетсізді тоқтатады.
• б) Себептер арасындағы кекілжіңде шешім таңдау тек қана себеп күшіне
байланысты емес, сондай-ақ адамның қалауымен байланысты.
• в) Тәрбие тек қана қажет себептерді қалыптастыруға терілмейді, сондай-
ақ қиындықты жеңуді қалыптастырады. Мамандық таңдау мотивациясының
психологиясын ашатын кейбір жұмыстарды қарастырайық.
Алғашқылардың бірі ретінде оқушылардың мамандық таңдау себептерін
арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры Н.И.Кареев болды.
Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және
олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп
көрсетілген. Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген Н.А.Рыбников
болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына,
тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т.б. байланысты.
Қазіргі кезде мамандық таңдау себептерінің мәселесі психология және
социология ғылымында негізгі орын алады. Өзін-өзі анықтау себептерінің
көптеген саны оларды реттеуге, жеке топтарға біріктіруге қажеттілігін
көрсетеді. Жалпы мотивация мен мамандық таңдау себептерінің классификациясы-
психологияның негізгі сұрақтарының бірі.
Әдебиеттерде мамандық таңдау мотивациясы әртүрлі топтарға бөлінеді.
Мысалы, Ф.А.Темуров жұмысында:
• Жалпы мотивация.
• Мамандық рамантикасы.
• Ғылыми танымдық себеп.
• Мамандық қоғамдық мәнінің себебі.
• Мысалға жүгіну.
Т.В.Фомичев жұмысында:
• Таңдалған мамандықтың болашағын ұғыну.
• Оқулық және сыныптан тыс қызығушылық.
• Таңдалған мамандыққа практикалық икемділікпен білімділік.
• Отанға пайда әкелу, мамандық рамантикасы.
• Туыстар мен таныстар ықпалы.
Л.В.Калашникова жұмысында:
• Мамандықтың қоғамға қажеттілік себебі.
• Психологиялық себептер.
• Ұқсастық себептері.
• Мамандықтың сыртқы белгілері.
• Мамандыққа қызығушылық.
Мұндай классификациялар көптеген зерттеулерге қатысты. Мотивация
классификациясының мақсаты-оларды реттеу, белгілі бір жүйеге келтіру. Ол
үшін:
• Мотивация түсінігінің айқындығы;
• Дифференциалды критеридің біртектілігі мен анықтамалары қажет.
Егер келтірілген классификацияларды осы тұрғыдан қарастырсақ, онда олардың
кемшіліктері анықталады. Жоғарыда аталған екі шартта орындалмаған.
Біріншіден, көрсетілген классификацияларда ортақ критерий ұсталмаған.
Мысалы “Отанға пайда әкелу” мен “Мамандық романтикасы” бір топқа енуі
түсініксіз.
Кейбір зерттеулерде әртүрлі жастағы оқушылар топтарының себептерінің
тұрақсыздығы олардың бағыты дұрыс ұғынбағандықтан делінген. Мұндай себеп
қатарына Н.Д.Левитов-жеңіл жұмысқа ұмтылуды; мамндықтың сыртқы атағына
қызығуды, мамандықты ойланбай таңдауды, атағын шығаруды, биік мансапқа
ұмтылуды т.б. атайды.
Тұрақсыздық себептерінің орын алуын кейбір авторлар мамандық таңдауда
оқушылардың білімінің төмендігін есептейді. Мамандық таңдау мотивациясын,
басқада психологиялық көріністер сияқты жас ерекшеліктеріне қарай қарастыру
қажет. Мектепте оқу кезеңі-әр адам үшін оның өмірінің терең өзгерістер
кезеңі болып есептеледі. Өсіп келе жатқан адамда мінезінің өзгеруі,
айналамен тіл табысу қалыптасады. Ол өзін танып, болашаққа мақсат құра
бастайды. Ерте жасөспірім кезеңде тұлғаның еңбекке, адамдарға, өзіне,
т.с.с. қарым-қатынастар қалыптаса бастайды. Осының барлығы да себеп-
салдарының дамуына алып кледі.
Себептің жастық аспектіге зерттеу ішкі психологиялық қарама-қайшылықты
түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жағынан қарастырғанда мамандық таңдау
себебінің салдарын ерте кезеңнен зерттеуге болады. Сондықтан осы себептер
арнайы қарастыруды талап етеді. Оқушылар тек қана он бірінші сыныптан соң
да өмірлік таңдауға ие болады, егер олар соған дайын болса. Ғылыми-
техникалық прогресс оқушылардың бойында творчестволық икемділік пен олардың
қызығушылығын қоғамдық пайдалы жұмыстар арқылы дамуына мүмкіндік береді.
Олардың политехникалық білім әртүрлі кәсіби мамандықтар туралы түсінік
береді, бұл әрине болашақта өздерінің икемділігін, жағдайын, талабын баға
беруіне үйретеді. Сондықтан мамандық таңдау себебтерін оқушылардың
тәрбиелік ресурстарынан, қоғамдық ортадан, мектеп және жанұядан бастау
дегеніміз-ол ең алдымен оқушыларды еңбекке моралды психологиялық тұрғыда
дайындау, өзінің қабілітіне қарай болашақ мамандық таңдауға бағыттау.
Кәсіби өзін-өзі анықтау мотивациясы-адамның қабілеттілігін дамыту болып
табылады.
Кез-келген мамандық таңдау объектісі ретінде шарттар комплекстерінен
тұрады, олар оқушы қажеттілігіне толық жауап бере алмауы мүмкін. Осы
шарттардың белгілі бір бөлігін оқушы “жан-тәнімен” қабылдайды. Себебі олар
оның мақсатына сәйкес келеді, кейбірін амалсыз қабылдауға тура келеді, ал
енді бір бөлігін қалаулы, бірақ қолжетпестей қабылдайды, немесе өз
қалауынан төмен дәрежеде қабылдайды.
Ата-ананың, үлкендердің, тәжірибелі адамдардың кеңестерін ескере отырып
мамандық таңдауда шешімді әрине оқушы өзі таңдайды,өзі іске асырады.
Сондықтан шешуші факторды оқушының позициясы алады. Мұнда оқушы өз күшіне,
қабілетіне дұрыс баға бергені дұрыс болады. Бұл дегеніміз-өзін-өзі бағалау
қозғаушы функция екендігі, яғни таңдау мәселесін шешуші. Осыдан барып
мамандық таңдау мотивациясының негізі-оқушының өз күшіне сенуі,
қабілеттілігін өзінің кәсіби қажеттілігін анықтауы болып табылады.
Сондықтан мамандық таңдау мотивациясының қалыптасуын үш негізгі комплекстен
тұрады десек те болады. Олар: қызығушылық, парыз және өзін-өзі бағалаудағы
кәсіби қажеттілік.

1.2.Оқушылардың мамандық таңдауындағы ерекшеліктерін зерттеу мәселелері.
Мамандық таңдауда Ж.Аймауытовтың жастарға айтқан ақылы “Мамандықтың
жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет.Бұл жай кенелту тамақ
асыраудың жолы емес, үлкен өнерді зор шеберлікті қажет ететін нәрсе,-дейді.
Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Педагогикалық практиканың жетекшілерінің міндеттері
Психологтың құқықтары
Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың әдіснамалық-әдістемелік мәселелері
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі
Мектеп психологынын іс-кагаздары. Психодиагностикалық жұмыстар
Пәндер