Жол картасы бойынша әлеуметтік нысандардың дамуы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жол картасы бойынша әлеуметтік нысандардың дамуы.

Қазіргі уақытта Орталық пен өңірлер деңгейіндегі барлық дайындық жұмыстары
аяқталды. Қысқа мерзімде қажетті нормативтік құқықтық база құрылды. Бұған
қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Жол картасын іске асыруға ағымдағы жылы 191 млрд. теңгеден астам, оның
ішінде республикалық бюджеттен 140 млрд. теңге және жергілікті бюджеттерден
51 млрд. теңге қаражат бөлу қарастырылған. Бұл ретте жастар саясаты
бағдарламасын және халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс
орындарын кеңейту есебінен жөндеу жұмыстарында 254 мың жұмыс орнын және 96
мыңға жуық уақытша жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Іске асырылатын
жобалардың жалпы саны шамамен 4800 бірлікті құрайды.
Ағымдағы жылдың бес айында жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген 164
мың адамнан 81 мың Адам тұрақты және маусымдық жұмыстарға, 58 мың адам
қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жөндеуге, реконструкциялауға және
дамытуға 60 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 14 млрд.
теңге игерілді, 770 жобаны жүзеге асыру басталып, іс жүзінде 40 мың жұмыс
орны құрылды.
Жол-жөндеу жұмыстарына 50 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның 11 млрд.
теңгесі игерілді, 662 жобаны іске асыру басталып, іс жүзінде 21 мың жұмыс
орны құрылды.
Мектептерді, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеуге және
жылылауға жоспарланған 49 млрд. теңгеден 12 млрд. теңге игерілді.
Қаланың, ауылдың әлеуметтік-мәдени объектілерін жөндеу жұмыстарына 6 млрд.
теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның 1,5 млрд. теңгесі игерілді, 788 жобаны
іске асыру басталып, іс жүзінде 13 мың жұмыс орны құрылды.
Мен бұл сандардың күн сайын өзгеріп отыратынын атап өткім келеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Қазақстан Республикасын
дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеп жатыр.
5 жылдық мерзімге арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасы осы Стратегияның бірінші кезеңі болып табылады, бағдарламаны
іске асыру 2010 жылғы 1 қаңтарда басталмақ.
Қазір біз Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2020 жылдар кезеңіне
арналған картасымен және Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасымен
жұмыс істеп жатырмыз.
Баяндаманы аяқтай келе, Үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламалық құжаттарды
әзірлеп және іске асыра отырып, оларды ел экономикасын дамытудағы өтпелі
кезең деп санайтынын айтқым келеді.
Үкімет жұмысының ең басты міндеті - бәсекеге қабілеттілікті арттыруға
бағытталған ел экономикасының құрылымын өзгертуді жүзеге асыру.
Бұл жұмыста да біз сіздерден қолдау мен түсіністік күтеміз.

Үкіметтің селекторлық кеңесінде Премьер-Министр әкімдерге Жол картасы
бойынша жұмыстарды жылдамдатуды тапсырды
Маусымның 20-сында  Үкіметтің селекторлық кеңесінде Премьер-Министр Кәрім
Мәсімов облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне Жол
картасы бойынша жұмыстарды жылдамдатуды тапсырды. Барлығыңыз да Жол
картасы бойынша жұмысты жылдамдатыңыздар. Бұл қолма-қол ақша бөлінген
нақты жұмыс. Әркім өзінің учаскесіндегі жұмысты істесін. Әрқайсыңыз бұл
жұмыстың қалай жүзеге асырылып жатқанына жауап беретін боласыздар, - деді
Үкімет басшысы әкімдерге арнап айтқан сөзінде.
Премьер-Министр биылғы бірінші жартыжылдықтың аяқталуына 10 күн қалғанын
еске сала келе: Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша шілде айының басында
селекторлық кеңес өтетін болады. Онда белгілі бір қорытындылар шағарылып,
тұжырымдар жасалады, деді.
Айта кетейік, селекторлық кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова Жол картасы бойынша
еліміздің бірқатар өңірлерінде, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан, Қостанай,
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда
облыстарында және Алматы қаласында жол жөндеу нысандары бойынша құрылған
жаңа жұмыс орындарының саны 30 пайызға да жетпегенін атап өтті. Ал,
әлеуметтік инфрақұрылымдар бойынша құрылған жұмыс орындарының көрсеткіші
Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау
облыстарында және Алматы қаласында өте төмен күйінде қалып отыр. Ауыл
нысандары бойынша Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында
құрылған жұмыс орындары ширек көрсеткішті де құрамаған.
Жол картасын жүзеге асыру аясында елімізде 137 мыңнан астам адам жұмысқа
орналастырылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова
мәлім етті.
Біз жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, 254 мың 232 жаңа
жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде Жол картасы аясында жүзеге
асырылып жатқан 4 мың 436 жобаға 137 мың 210 адам тартылды. Бұл біз
қарастырып жоспарланған болжамның 54 пайызын құрайды. Тұтастай алғанда,
мұндай оң қарқын Жол картасының барлық бағыттары бойынша жүруде, - деді
Т. Дүйсенова.
Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша жаңадан
құрылған жұмыс орындарының саны жоспарланған көлемнің 46,9 пайызын, жол
жөндеу жұмыстары бойынша - 37,8 пайызды, әлеуметтік инфрақұрылым бойынша -
64,2 пайызды, ауыл нысандары бойынша - 65,1 пайызды құрайды.
Оның айтуынша, Жол картасының 4 инвестициялық жобасына 163 млрд. теңге
қарастырылған. Маусымның 17-сіндегі жағдайға сәйкес, жергілікті атқарушы
органдардың деректері бойынша 38 млрд. теңге игерілген. Оның ішінде 24
млрд. теңге – республикалық бюджеттің, 14 млрд. теңге – жергілікті
бюджеттің қаржысы.
Жол картасы аясында нақты нысандарға қомақты қаржының бағытталуы
еліміздегі цемент бағасының қымбаттауына ықпал етіп отыр.
Жол картасы аясында өңірлерге қомақты қаржы келіп жатыр. Алайда, елімізде
цемент бағасы өсіп барады. Бір тонна цементтің бағасы 8 мың теңге болған,
енді ол 12 мың теңге тұрады. Бір сөзбен айтқанда, нақты нысандарды жөндеуге
ақша салына бастап еді, құрылыс материалдары қымбаттай бастады, деді бүгін
Үкіметтің селекторлық кеңесінде Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.
Осыған байланысты В. Божко Бәсекелестікті қорғау агенттігінен осы мәселенің
байыбына баруды өтінді. Цементшілер тағы да ескі әдеттеріне баса бастады,
бұл алаңдатады, деді министр.
Өз кезегінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бір ай
бұрын Үкіметте цемент мәселесіне қатысты кеңес болғанын атап көрсетті.
Бәсекелестікті қорғау агенттігіне тапсырма берілді. Дағдарысқа қарсы
бағдарлама аясында жұмыс жасап жатқан цемент зауыттары мен құрылыс
компаниялары арасында меморандумға қол қойылды. Олардағы баға бұрынғы
қалпында қалып отыр. Ал, еркін нарықта шын мәнінде цементің бағасы
қымбаттап барады. Қазір 12-13 мың теңге тұрады, деді Ө. Шөкеев. Бірінші
Вице-премьер алдағы дүйсенбіде осы мәселеге қатысты жұмыс тобының отырысы
өтетінін айтты. Мүмкін жоғарыдағы меморандумға қатысушылардың құрамын
кеңейтіп, оған Жол картасы аясындағы нысандарда жұмыс істеп жатқан
ұйымдарды да қосу қажет шығар, деді ол.
Осы орайда Ө. Шөкеев егер біз түбегейлі шешім қабылдайтын болсақ, онда
құрылыс материалдарын өндірушілерді монополистер тізіліміне енгізу қажет,
деген пікір айтты.
Президенттің биылғы Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, Үкімет
Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасын әзірлеуде
Ел экономикасын қарқынды дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсу үшін
дәл қазіргі кезеңде шағын және орта бизнестің бабын келтіріп, бағын ашу аса
өзекті болып тұр. Мұнсыз мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкін
еместігін нарық талабы көрсетіп берді. Сондықтан да өңірлердегі
кәсіпкерлікті, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту Үкіметтің 2010
жылғы қызметіндегі басымды бағыттардың біріне айналып отыр.
Президенттің биылғы Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, қазіргі
уақытта Үкімет Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасын әзірлеуге кірісіп
кетті. Бұл бағдарлама осы аптада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың
төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егжей-тегжейлі талқыланды.
Бағдарламаның басымдықтарын қарай отырып, ағымдағы жылды кәсіпкерлікті, ең
алдымен шағын және орта бизнесті дамыту үшін бетбұрысты жыл болғалы тұр деп
бағалауға болатындай. Қазіргі уақытта Үкімет Бизнестің жол картасы-2020
бағдарламасының концептуалды қырларын әзірлеп қойды. Ол мәселелер
жергілікті атқарушы органдармен, бизнес қоғамдастықтардың және банк
секторының өкілдерімен егжей-тегжейлі талқыланып, келісілді. Бизнестің жол
картасы-2020 - бұл дағдарыстан кейінгі кезеңде кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі жаңа бағдарлама. Ол экспортқа бағдарланған экономиканы кезең-
кезеңімен құруға, бәсекеге қабілетті, өнімділігі жоғары кәсіпорындарды
құруға мақсатталған. Бағдарлама кәсіпкерлікті қарқынды дамытуды көздейді,
жаңа технологияларды, жаңа нарықтарды игеруге, инновациялармен шұғылдануға
және жаңа өнімдер мен жаңа нарықтарды игеру бойынша тәуекелдерді мойнына
алуға дайын, дейді Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев.
Оның сөзіне қарағанда, дағдарыстан кейін экономиканың қалпына келуін ескере
отырып, дайындық кезеңінде аталмыш бағдарлама тек қана экспортқа
бағдарланған кәсіпорындарды ғана емес, сонымен қатар қазақстандық қамтудың
үлесін ұлғайтуға бағдарланған кәсіпор
ындарды да қолдау шараларын қарастырады. Ал бағдарламаны жүзеге асыруда
жергілікті атқарушы органдар төтенше маңызды рөл атқармақ. Олар
республикалық бюджеттен трансферттер алып, Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігімен келісе отырып қаржыны бағдарламаның бес бағыты
бойынша бөлетін болады. Жалпы трасферт облыстардың, Астана мен Алматы
қалаларының әкімдеріне жеткізіледі. Министрлік, сондай-ақ бағдарламаны
тұтастай үйлестіріп отыратын болады.
Айта кетерлігі, Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы бес бағыт бойынша
жүзеге асырылады. Біріншісі - жаңа жобаларды жүзеге асыруға арналған
несиелер бойынша сыйақының ставкасын субсидиялау; екіншісі - несиелерге
ішінара кепілдік беру; үшіншісі - өндірістің инфрақұрылымын дамыту;
төртіншісі - бизнеске сервистік қолдау көрсету; бесіншісі - кадрларды
дайындау, жастар практикасын ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын
құру.
Бағдарламаны жүзеге асыруда оған қатысушылардың рөлдері де нақты
айқындалған. Қаржылық ұйымдар, яғни банктер жобаларды қаржыландыру
жөніндегі шешімді қабылдайды. Ал жергілікті жерлерде құрылған үйлестіруші
кеңестер несиенің ставкаларын субсидиялау және несиелерге кепілдік беру
жөніндегі шешімдерді қабылдайды. Тұтастай алғанда бағдарламаның бүкіл
компоненттері аясында кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетіледі.
Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде несиелер бойынша сыйақының ставкасын
субсидиялаудың жалпы схемасы мынадай: банктер жобаларға экономикалық
сараптама жүргізіп, субсидиялау жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды
жергілікті атқарушы органдарға береді. Өңірлік үйлестіруші кеңестер
жобалардың бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін қарастырып, субсидиялау
жөнінде шешім қабылдайды. Банктерден сараптамадан өткен және өңірлік
үйлестіруші кеңестердің оң шешімін алған жобаларды банктер несиелейтін
болады. Ал мемлекет болса, қаржылық агент арқылы сыйақы ставкасының
шығындарын өтейді.
Субсидиялау механизміне металлургия, металдарды өңдеу және машина жасау,
химиялық және мұнай-химия өнеркәсібі, фармацевтика, құрылыс материалдарын
өндіру, агроөнеркәсіптік кешен (астық өндіруді қоспағанда), туризм, жеңіл
өнеркәсіп, қызметтер көрсету (сауда-саттық пен жылжымайтын мүлік
операцияларын, тұрмыстық қызмет көрсетулерді қоспағанда) қызметін жүзеге
асыратын кәсіпкерлер, соның ішінде шағын және орта бизнес қатыса алады.
Жергілікті атқарушы органдар осы басым салаларды әрі өңірлердің
ерекшеліктерін ескере отырып, өздерінің өңірлік басымдықтарын бекітеді және
оны Экономика министрлігімен келіседі. Сонымен қатар, бағдарламаның
әлеуетті қатысушылары, яғни кәсіпорындар өндіретін өнімдерінің кем дегенде
10 пайызын сыртқа шығарулары немесе ішкі нарыққа бағдарланулары тиіс. Бұлар
ең алдымен бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға, өңірлердегі жүйе құрушы
өндірістерге және қызметі қазақстандық қамтуды ұлғайтуға бағытталған
кәсіпорындарға қатысты. Жаңа өндірістерді ұйымдастыруға, модернизациялауға
және кеңейтуге бағытталған жаңа жобаларды субсидиялау мөлшері экспорттың
үлесіне қарай ұлғайтылатын болады. Мәселен, қандай да бір кәсіпорыннның
өндіретін өнімдерінің 50 пайыздан астамы экспортталатын болса, онда
субсидиялаудың ең жоғары мөлшері 90 пайызға дейін жететін болады.
Субсидиялауды алу кезінде берілетін несиенің жоғары сомасы - 3 млрд.
теңгені құрайды. Өтініш беруші 15 пайыздан кем емес жеке қаржысымен
қамтамасыз ете алған жағдайда жобаны жүзеге асыруға қатыса алады. Негізгі
қарыз бен пайыздарды өтеу жөніндегі жеңілдетілген кезең - 1 жыл.
Субсидиялаудың ең жоғарғы мерзімі - 10 жылды құрайды.
Е. Орынбаевтың айтуынша, несиелерге кепілдік беру бойынша кәсіпорындарды
іріктеуде субсидиялағандай сияқты критерийлер қолданылады. Айырмашылығы -
кепілдік берудің ең жоғарғы мөлшері несиенің 50 пайызын құрайды.
Кепілдіктің құнын бөлінген қаржының шегінде жергілікті атқарушы органдар
төлейді. Кәсіпкерлер үшін бұл тегін болады. Даму қоры кәсіпкерлердің
несиелеріне ішінара кепілдік беретін оператор болады.
Ал енді индустриялық инфрақұрылымды дамыту жөнінде айтатын болсақ, бұл
компоненттің негізгі міндеті - инфрақұрылымы жүргізілген өңірлік өндіріс
алаңдарын дамыту. Бұл ең алдымен индустриалды аймақтарға қатысты.
Жергілікті атқарушы органдар өндірістік инфрақұрылымдарды дамытатын
нысандарды анықтайды, өңірлік өнеркәсіптік алаңдарды дамыту үшін жерлерді
бөледі, қажетті коммуникацияларды жүргізеді. Өңірлік үйлестіру кеңесінің
шешімі бойынша, нақты жүйе құрушы немесе ірі кәсіпорын үшін де инфрақұрылым
жүргізілуі мүмкін. Бизнеске сервистік көмек көрсету жайына тоқталатын
болсақ, бұл компонент бизнесті жүргізу бойынша қызметтерді ұсынуды
қарастырады.
Атап өтерлігі, бағдарлама қабылданғаннан кейін кәсіпорындардың бәсекеге
қабілеттілігін бағалайтын ереже, экспорттық операцияларды бекіту ережесі,
өңірлік жүйе құрушы кәсіпорындарды анықтау үшін критерийлер, бағдарламаны
жекелеген бағыттар бойынша жүзеге асырудың егжей-тегжейлі регламенті
әзірленетін болады. Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының қазіргі
кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі қосымша компоненті әлі де талқыланып,
пысықталып жатыр. Келесі аптада бұл бағыт бойынша қосымша баяндалатын
болады, дейді Вице-Премьер.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы
қанатқақты режімде жүзеге асырылатын болады. Жинақталған тәжірибені ескере
отырып, бүкіл ұйымдастырушылық, қаржылық және техникалық мәселелер
сарапталғаннан кейін бағдарлама пысықталатын болады. Келесі жылдан бастап
оны толыққанды жүзеге асыру басталады.
Өз кезгінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов келесі сейсенбіге дейін
бағдарламаны тағы бір мәрте егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Келесі
аптада біз 2010 жылға арналған бюджетті нақтылайтын боламыз. Бюджетте бұл
бағдарлама тиісті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс. Алдымен бұл
мәселені Нұр-Отан партиясымен пысықтап, сындарлы ескертпелерді тыңдап,
Парламентке содан кейін бару қажет, деді ол.
Премьер-Министр таяу уақытта кәсіпкерлік сектор нақты қолдауды алуы үшін
осы айдың соңына дейін бағдарлама нақты механизмдермен және нақты
қаржылармен жұмыс істей бастауы тиістігін атап көрсетті.
Мемлекет тарапынан биыл бизнеске көрсетілетін көмек бір бұл ғана емес.
Мәселен, қазір Үкімет Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін
жетілдіру мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Ол қабылданған жағдайда
бизнесті жүргізуге рұқсат беретін құжаттардың қысқаруының есебінен
қазақстандық кәсіпкерлер жылына 27 млрд. теңге үнемдейтін болады. Үкімет
аталмыш заң жобасын Парламентке наурыз айының соңына дейін енгізуді
жоспарлап отыр.
2010 жылы Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық және
жергілікті бюджеттерден 143 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. 2010 жылы
Жол картасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд. теңге
бөлінеді. Бағдарламаны теңдей қаржыландыру қазір анықталды. Жергілікті
бюджеттерден 43,1 млрд. теңге бөлінеді. Жөндеу жұмыстарына барлығы 3 мың
жоба тартылатын болады. Тең инвестициялық жобалар бойынша 133 мың жұмыс
орны құрылады, деді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара
Әбдіхалықова Үкіметтің қаңтардың 25-і күнігі селекторлық кеңесінде.
Оның айтуынша, теңдей қаржыландыруды ескере отырып, бюджет қаржысы мына
бағыттар бойынша бөлінеді: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жөндеуге және
дамытуға - 47,9 млрд. теңге; жол жөндеу жұмыстарына - 29,1 млрд. теңге;
мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеуге -
40 млрд. теңге; кенттердің, ауылдардың әлеуметтік-мәдени нысандарын
жөндеуге 5,8 млрд. теңге бөлінеді. Ал республикалық маңыздағы, атап
айтқанда денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын жөндеу жұмыстарына 2
млрд. теңге бөлінетін болады. Жастар тәжірибесі бойынша және әлеуметтік
жұмыс орындарында 53 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа
6,3 млрд. теңге бағытталады. Кадрларды даярлауды және қайта даярлауды
ұйымдастыруға 8 млрд. теңге бөлінеді, деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикалық бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері мен облыс әкімдері арасында келісімдерге қол қою амалдары
аяқталып келеді. Қаңтардың 23-індегі жағдай бойынша, тиісті 111 келісімнің
78-іне қол қойылған. Бұл ретте Атырау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және
Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері барлық әкімшілермен келісімдерге
қол қойған. Қалған келісімдер пысықталған, олар қол қою және келісу
сатысында тұр. Бұл жұмыстарды ақпанның 1-іне дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Г. Әбідіхалықованың айтуынша, осы жылы Жол картасы аясында жүзеге
асырылатын шаралардың мақсаттарының бірі - халықты жұмыспен қамтудың қол
жеткізілген деңгейін ұстап тұру.
Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау агенттігіне
Шығысэнерготрейд тарифтерінің өсуіне байланысты жағдайды реттеуді
тапсырды.
Суық күндерге байланысты, яғни бұл жағдайды пайдалана отырып
Шығысэнерготрейд 2010 жылғы ақпанның 1-інен бастап энергиямен қамтамасыз
етуді тоқтату туралы мәселені көлденеңінен тартып отыр, деді Шығыс
Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Әбденов.
Облыс әкімі орынбасарының сөзіне қарағанда, аталған энергиямен қамтамасыз
ету мекемесі өздерінің тарифтерін өсіруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Бұл
мәселенің мән-жайынан хабардар болғаннан кейін Үкімет басшысы Табиғи
монополияларды реттеу және Бәсекелестікті қорғау агенттіктеріне
Шығысэнерготрейд тарифтерінің өсуіне қатысты ахуалды реттеп, атқарылған
шараларды жеке өзіне баяндауды тапсырды.
Еліміз аумағында мал сою алаңдарымен қамтамасыз ету тұрғысындағы жұмыстар
тиісті деңгейде атқарылмай жатыр.
Бұл туралы Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі
Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.
Ветеринарлық туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін еске
салып өткен министр осыған байланысты ел аумағында сатуға арналған мал
өнімдері мамандандырылған арнайы орындарда сойылуы тиіс екенін, яғни
ветеринарлық-санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылуы керектігін атап
өтті. Оның айтуынша, бұл ет өнімінің қауіпсіздігіне негізделген және мал
шаруашылығы өнімін саудалау үшін қойылып отырған халықаралық талаптар
екенін жеткізді. Жаңа заң жобасы бойынша өңірлерде мал союға арналған
алаңдар құрылысының мүмкіндіктері қарастырылғанына тоқталған ол, бұл
нысандардың құрылысы бойынша ұсыныстар аймақтарға жіберілгенін айтты. Заң
қабылданғаннан бері 5 ай уақыт өтті. Ал проблемалар шешілмеген күйде
қалуда, деді А. Күрішбаев.
Оның сөзіне қарағанда, мал сою алаңдарымен қамтамасыз ету шаралары Шығыс
Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында ғана жүзеге асырылған. Ал қалған
облыстарда жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр, деді А. Күрішбаев.
Осыған байланысты ол жергілікті атқарушы органдарға биылғы жылдың мамыр
айына дейін бұл жұмыстарды атқару міндеті тапсырылғанын айтты. Өз кезегінде
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ө. Шөкеев бұл мәселе бүгінде маңызды
екенін айтып өтті. Мал шаруашылығын дамыту үшін экспорттық нарықты кеңейту
керектігін жеткізген ол, бұл үшін мал мамандандырылған пункттерде сою
керек. Алайда заң қабылданғаннан бері 5 ай уақыт өтті. Сонымен қатар біз
әкімдіктерге тағы 5 ай уақыт береміз. Себебі, Кеден одағы жұмыс істеуде.
Бұл талап орындалмаса, Ресейге етті экспорттау жүзеге асырылмайды, деді.
Ө. Шөкеев мал сою алаңдарын қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдарының
міндеті екенін айтты.

- Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында еңбек нарығын
тұрақтандыру, өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлауды
қамтамасыз ету үшін Үкімет Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау
мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрған болатын. Ал ҚР Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз кезегінде жергілікті атқарушы
органдардың дағдарысқа қарсы бағдарламалары негізінде жұмыспен қамту және
қызметкерлердің босауының ықтималдық картасын әзірлеген еді. Аталған карта
Жол картасын іске асыру және оны қаржыландырудың ұтымды да тиімді
жолдарын таңдауға негіз болды.

Жол картасын қаржыландырудың жалпы лимиті жұмысынан айрылу қаупі туған және
жұмысқа орналасуда жәрдемге мұқтаж адамдардың болжамды қосымша санына қарай
айқындалып отыр. Соның нәтижесінде, Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-
шараларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140,0 млрд. теңге, ал
жергілікті бюджет қаржысынан қоса қаржыландыруды ескергенде, барлығы 191,3
млрд. теңге бөлінді. Ал әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және жастар
тәжірибесін ұлғайтуға республикалық бюджеттен 8,6 млрд. теңге
қарастырылған, бұл шамамен 96 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге, оның
ішінде 34 мың жас түлекті жастар тәжірибесіне тартуға мүмкіндік береді.
Аталған бағдарлама шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлауды
ұйымдастыруға 14,4 млрд. теңге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
Физикалық географиялық карталар
Әлеуметтік – экономикалық карталар
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
География
Ұсақ масштабты карталардың математикалық негізі
Географиялық карта
Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
Карта - географиялық заңдылықтарды анықтау құралы
Географиялық карталарды топтастыру
Пәндер