Жаңа педагогикалық технологияларды дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
- ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне кредиттік технологияны түбегейлі енгізудің
ғылыми – теориялық негіздері;
- ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне кредиттік технологияны түбегейлі енгізудің
моделі;
- ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне кредиттік технологияны түбегейлі енгізудің
педагогикалық негіздері мен әдістемесі.
Зерттеудің нәтижелерін дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу
объектісіндегі негізгі бағыттардың әдіснамалық тұрғыда дәйекті
дәлелденуімен, теориялық және тәжірибелік материалдардың талдануымен,
эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен,
бастапқы және соңғы нәтижелердің дәлелді қорытындылануымен олардың
тиімділігін жоғары білім берудің теориясы мен әдістемесі бөлімінде
тексерілуі мен қамтамасыз етілген.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу:
Жаңа педагогикалық технологияларды дамыту Облыстық семинар ТарМПИ,
2005 ж.
ХҚТУ Тараз институты ғылыми-әдістемелік семинар, мәжілістері.
Зерттеу базасы: А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты, ТарМПИ,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ.
Зерттеудің кезендері: бірінші кезеңде (2004-2005 ж) зерттеу тақырыбы
анықталып, оның мақсаты, міндеттері, әдістері айқындалды. Зерттеу мәселесі
бойынша философиялық, педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге талдау
жасалынды, ғылыми аппарат айқындалды. Зерттеу мәселесі бойынша материалдар
жинастырылды.
Екінші кезеңде (2005-2006) деректі материалдар жинау жалғастырыды оқу-
тәрбие үрдісіне кередиттік технологияны енгізудің теориялық негіздерін
байланысты жинақталған тәжірибелер зерттелді.
Зерттеу мәселесінің бүгінгі жай – күйін болжап біліп арнайы курс
бағдарламасы әзірленіп, жарық көрді, тәжірибелік эксперимент жұмысы
жүргізілді.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан
пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты,
объектісі пәні, міндеті, зерттеу әдістері, болжамы мен негізгі кезеңдері
көрсетіліп, жұмыстың теориялық және практикалық мәні, ғылыми жаңалығы және
қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалды.
ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне кредиттік технологияны енгізудің теориялық
негіздері атты бірінші бөлімді зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми
әдебиеттерге, кредиттік технологияны даму тарихына және жинақталған
материалдарға теориялық талдау жасалынып, ЖОО оқу-тәрбиелік үрдісіне
кредиттік технологияны енгізудің теориялық негіздері сипаталады.
ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне кредиттік технологияны енгізудің жолдары
атты екінші бөлімде ЖОО оқу-тәрбиелік үрдісіне кредиттік технологияны
енгізудің педагогикалық негіздері экспериментальдық-тәжірибелік жұмыс
арқылы тексеріліп кредиттік технологияны енгізудің мазмұны мен тиімділігі
дәлелденді.
І. ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне кредиттік технологияны енгізудің теориялық
негіздері.
1.1. ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне бірыңғай кредиттік технологияны ендірудің
мәні, мақсаты, мазмұны.
Оқудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру – білім беру саласы қызметкерлерінің
алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі.
Инновация (латын сөзі in-в, navies-жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту
дегенді білдіреді.
Ал ең алғаш инновация ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор
Немеребай Нұрахметов. Ол: Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз
білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға
байланысты бір бөлек қызметі деген анықтаманы ұсынды (3).
Соынмен, инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелік жұмысына жаңалықты
енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа
концепцияларды жасап, оларды қолдану болып табылады.
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш
түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен
айналысы. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған трек конспектісі және
оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал болады.
Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі
әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандартты енгізу жатады.
Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, парамертлерді
деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану,
жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруі
мұғалімнің интеллектуалдық, кісптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді және
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Ұлттық білім беру бағдарламасын халықаралық аренада тану студенттер
мен оқытушы – профессорлар құрамының жағдайға бейімделуін қамтамасыз ету
мақсатында ҚР-ның білім жүйесінде оқуға кредиттік технологияның ендіріліп
жатқаны белгілі.
Жалпы, кредит ұғымы студенттің оқу жұмысының көлемін анықтайтын өлшем
бірлігі. Алғаш рет білім беру саласында кредиттік оқу жүйесін 1869 жылы
Гарвард университетінің ректоры Чарльз Элиот ендірген болатын. Бұл жүйе
Америкада білім саласын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғарғы оқу
орындарына дейін қолданылуда. 1988 ж. Бастап Еуропа елдері де кредиттік
жүйені қолдана бастады.
Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім саласында кредиттік
оқытудың төрт түрлі моделі қолдануда. Олар: Еуропалық жүйе – ESTS,
Американдық жүйе – USCS, Британдық жүйе – CATS, Азия мемлекеттерінде және
Тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – UCTS. Қазақстанның қазіргі білім
саласындағы қолданыла бастаған кредиттік жүйе Еуропалық ESTS жүйесі. Бұл
жүйе Еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия т.б. іргелі
мемлекеттерде білім берілуде (4).
Оқытудың кредиттік жүйесі – білім берудің №№№№ бейсызықтық жаңа
технологиясы. Ол студенттің өз бетінше, шығармашылық негізінде, білім алуды
өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология.
Сонымен қатар, бұл жүйенің бұрынғы классикалық жүйеден негізгі
айырмашылығы – студент болашақ мамандығына қажетті білімнің негізгісін өз
бетінше өзі ізденіп табады, өзі меңгереді.
Кредит сағат деп бүкіл оқу процесі кезінде аудиторияда өтетін сабақпен
сонымен қатар жүретін студенттің орындайтын өзіндік жұмыстарына кететін
уақыттардың қосындысына тең шаманы айтады. Егер оқу процесі 15 апта болса
және әр аптада 1 какдемиялық сағатқа тең аудиториялық сабақ және 2 сағаттық
аудиториядан тыс студенттің өздік жұмысы өтілетін болса, онда 1 кредит
сағат = 1 аудиториялық сағат + 2 сағат студенттің өздік жұмыс = 3 сағат х
15 апта = 45 сағат болады.
1.2. ЖОО оқу-тәрбие үрдісіндегі кредиттік технологияның жалпы
ерекшеліктері.
Оқу процесін кредиттік технология жүйесі бойынша ұйымдастыру жаңа
түсініктер мен терминдерге негізделген. Оларды түсінуде бір ізділік болу
үшін бұл терминдерге қысқаша түсініктер қолданылады.
Академиялық сағат – 1 контактілі сағатқа (50 минут) лекциялық,
практикалық сабақтарға немесе 1,5 контактілі сағат (75 минут) студиялық
сабаққа немесе 2 контактілі сабаққа (100 минутқа) тең.
Академиялық календарь – оқу жылы ішінде оқу үрдісінің жүру уақытын,
оны бақылаудың мерзімдерін, каникулдар мен демалыс күндері көрсетілген
күнтізбегі (оқу графигі);
Бакалавриат – 4 жылдық жоғары базалық білім беру деңгейі;
Бакалавр – жоғары базалық білім беру силлавусының міндетті және ЖОО
компонентін меңгерген ЖОО түлегіне берілетін академиялық дәреже мен
біліктілік;
Кредит – оқушының оқу жұмысы көлемінің өлшем бірлігі. Бір кредит
міндетті түрде өздік жұмыстың 2 академиялық сағатымен жалғастырылатын,
академиялық ағымдағы аптадағы аудиториялық жұмыстың 1 академиялық сағатына
тең шама;
Кредиттік оқу жүйесі – кредит түрде білім көлемін есепке алу және оқу
процесін регламентациялау (шектеу) ауқымында білім беру аумағын таңдау;
Пререквизиттер – студенттің алдын ала меңгерген пәндері;
Постреквизиттер – студенттің меңгеруге тиісті пәндері;
Таңдамалы компонент – ЖОО ұсынған және өзі таңдаған пәндердің тізімі
мен төменгі кредит мөлшері;
Силлабус – оқылатын пәннің сипаттамасы, мақсат – міндеттері, қысқаша
мазмұны, тақырыбы және әр бір сабақтың көлемі, өздік жұмыс тапсырмалары,
консултация өткізу уақыты, оқытушының талабы, бағалау өлшемдері, аралық
бақылау кестесі, әдебиеттер тізімі көрсетілген пәннің оқу жоспары;
Тьютор – оқу сабақтарын жүргізетін және студенттің нақты пәнді
игеруінде академиялық консултант ролін атқаратын оқытушы;
Эдвайзер – студенттің білім беру троекторясын таңдау мен түзетуде,
олардың жеке оқу жоспарын құрастыруда ықпалын тигізетін академиялық
тәлімгер қызметін атқаратын жетекші кафедраның оқытушысы;
Транскрипт – студенттің бүкіл оқу мерзімі ішінде оқыған пәндері мен
олардан алған кредиті және бағалары көрсетілген құжат (6).
Оқу процесін ұйымдастыру.
Оқу процесі әр мамандықтардың бекітілген жұмыстық оқу жоспарлары
академиялық календарь, сабақ кестесі және студенттерге арналған
консультация графигі арқасында іске асырылады.
Университеттегі әр мамандық үшін оқу процесін ұйымдастыру туралы
хабарлар факультет хабарлама тақтасында, университет web – сайтында
жарияланады.
Университет оқу процесін әдістемелік құралдар мен қамтамасыз етуге
міндетті. Осы мақсатта төмендегідей оқу құралдары дайындалуы керек:
а) студентке жол көрсеткіш онымен әр студент, қамтамасыз етіледі;
ә) әр пән бойынша студентке арналған бағдарлама – силлабус.
Студенттің жеке оқу жоспары мамандықтың жұмыстық жоспары және
эликтивті пәндер негізінде университетте қабылданған формаға сәйкес
қабылданады.
Университеттегі дәрістер бекітілген сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.
Сабақ кестесі бір семестрге арналып жасалынып, сабақтың басталуынан 10 күн
бұрын ілінеді.
Кредиттік технология жүйесіне сәйкес әр 1 сағаттық аудиториялық
сабаққа 2 сағаттық аудиториядан тыс сабақ сәйкес келуі тиіс. Оқу процесін
жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастырғанда осы мәселеге баса назар аудару
қажет, яғни студенттің өздік жұмысының маңызын және оның әсерін күшейтуге
аса назар аудару қажет (5).
Сонымен, кредиттік жүйеде оқу процесі екі бөліктен: аудиториялық (33%)
+ аудиториядан тыс (67%) сабақтан тұрады, ал аудиториядан тыс сабақтың өзі
екіге бөлінген: 33,5 % оқытушы басшылығымен студенттің өздік жұмысы.
Сабақтың бұл бөлігі оқытушы жүктемесіне кіреді және оқу кестесінде
көрсетіледі, ал қалған 33,5 % студенттің өздік жұмысын құрайды, ол оқытушы
жүктемесіне енбейді.
Кредиттік технология жүйесіне өткен ЖОО – ның тәжірибелеріне және
Білім және Ғылым Министрлігінің кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту
ережелеріне сәйкес студент оқытудың кредиттік технология жүйесі бойынша
қажетті кредиттік балды жинақтау арқылы қол жеткізеді. Ол үшін ол оқу
процесі құрамына кіретін, әр түрлі іс-әрекеттер үшін берілетін балдарды
жинақтау керек. Осы мақсатта біз студенттің білім мен біліктілігін көрсете
алатын және оқу процесінің ең маңызды мынандай элементтер алуды жөн деп
санаймыз:
- студенттің күндлікті аудиториялық сабаққа қатысу белсенділігі;
- рубеждік бақылау (семестрде екі рет);
- студенттің оқытушы басшылығымен орындайтын өздік жұмысы;
- студенттің өздік жұмысы;
- қорытынды бақылау – емтихан.
Кредиттік жүйеде студент білімі мен біліктілігін бағалау басқа түрде,
яғни әріптік, балдық немесе пайыздық жүйеде есептелінеді және жүргізіледі.
Мәтіндік кездесетін терминдерге түсініктемелер (глоссарий).
Қазақстан Республикасының білімді дамыту концепциясының проектісін
өңдеу және кредиттік технологияны жоғары оқу орындарында іске асыру, сапалы
білім беру жүйесін ұйымдастыру.
Осындай аталған жолдамалармен, сонымен бірге топтастырылған кадрлық
құрамы, оқу үрдісінің инфрақұрлымына сәйкес оқу-әдістемелік базарлар, 2003
жылдың 1-ші қыркүйегінде экономика және бизнес мамандары кредиттік – сағат
жүйесімен оқыту дайындықтарын бастауға мүмкіндік алады.
Кредиттік – сағат арқылы білім беру жүйесі мынадай ұйымдастыру-
әдістемелік және нормативтік құжаттарды жүзеге асыру жолымен айқындалады:
• Кредитті қолдануға білім үрдісінің шарттарын құру;
• Аттестацияда уақыт тәртібі әдісін білімгерлердің бал рейтингтік
жүйеде қолдануы;
• Оқытудағы сағат санының бөлінуі;
• Білімгерлердің пәнге жазылу реті;
• Академиялық топтың құрылуы;
• Академиялық консултаттардың қызметке енгізу.
Қазіргі кезде басқа Қазақстандағы оқу орындарындай ТарМУ-де де
кредиттік жүйе жобасы жасалды деуге болады, олардың негізгісі төмендегідей:
• Нормативтік заңды база;
• Ұйымдастырушылық;
• Оқу әдістемелік;
• Психо – педагогикалық.
Енді осыларға толығымен тоқталып өтелік.
Нормативтік заңды база.
Кредиттік – сағат жүйесін іске асыру үшін университетте талапқа сәйкес
нормативтік – заңды база қажет. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
министрлігі арқылы мынадай құжаттар өңделіп бекітілді:
• Кредиттік оқу жүйесін оқу үрдісіне ұйымдастыру ережесі;
• Жоғары білім мамандарын жаңаша топтастыру;
• Жоғары топтастырылған кадрлар және жоғары кәсіби білімді
мамандарды дайындауда, Қазақстан оқу орындарындағы рейтинг;
• Жоғары оқу орындарында бірыңғай тестік жүйе арқылы қабылдау;
• Білім беру жүйесін бакалавриат және кредиттік технология
негізінде ұйымдастыру;
• Білімді ұлттық жүйеде сапалы бағалау – бұл жоғары оқу орнындағы
білімгерлердің білім алудың әр екінші жылында мемлекетаралық
тексерулерді іске асырып отыру;
• Сонымен қатар осы берілген тапсырмаларды орындау, жоғарғы оқу
орындарында білім қызметін көрсету маңызды іс болып табылады.
ТарМУ М.Х.Дулати атындағы университет Қазақстандағы басқа жоғары оқу
орындарындай жоғарыда айтылған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындау
бағытында жұмыс істеуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының бақылау
жүргізетін кредиттік – сағат жүйесі арқылы білім беру университеті (6).
Бірақ, айтылған жұмысты дұрыс орындау үшін алдын – ала мынадай жолдама
болуы тиіс:
• Индиана штат (США). Университетіндегі халықаралық жоба, біздегі
мынадай тапсырмаларды шешуге бағытталады.
• Білім беру жүйесінің дамуы және олардың халықаралық стандартқа
бейімделуі.
• Білімгерлердің білімін бағалауда өзгермелі модель мен
халықаралық бағалауды қалыптастыру;
• Оқу-әдістемелік орталықты қалыптастыру үшін дистанциялық жүйені
кіргізу;
• Жұмыс программасында комитет құру, оқу жоспары бойынша
академиялық пән бойынша, сапалық тексеру бойынша;
• Курсқа және басқа да нормативтік құжаттарға тіркелу жолы.
Мұның жоғары оқу орнындағы негізгі қиыншылығы, нормативтік құжаттың
болмауы рамалық параметрден басқа кредиттік жүйесінің білім беру мерзімінің
қолайлысы. Мысалы: Егер білімгер үш мәрте сынақтан өте алмаса, ол оқу
орнынан шығарылатын, бірақ кредиттік жүйе бойынша ол пәнді білімгер
қайтадан өз балына сәйкес тапсыруына болады (7).
Ұйымдастырушылық жол.
ТарМУ-гі кредиттік – сағатты іске асырылуы, факультеттердегі
ұйымдастыру құрылысында мынадай өзгерістер тудырады.
• Тіркелу офистері
• Эдвайзерлер.
• Тьюторлар
Сонымен қатар кредиттік жүйе университеттерде демократиялық
принциптерді негіздей отырып жүзеге асырылуы тиіс.
• Курстағы бірлестікті кеңінен сайлау.
• Білімгердің жекелік білім траекториясының қалыптасуы.
• Білімгердің ойын құрметтеу.
• Білімгерлердің сындық ойлау қабілетінің дамуы.
• Интерактивті әдісті оқыту үрдісінде кеңінен пайдалану.
Жоғары оқу орындарында білім беру мақсатын іске асыру және талапқа сай
түлектерді дайындау, мемлекеттік білім стандартына бағыттай отырып білімнің
шектелуі еркіндігіне әр түрлі ұйымдастыру түрлері қарастырылған:
• Кредиттің сандық көрсеткіштері;
• Білімнің талаптық көрсеткіштері;
• Семинарлар мен лекциялардың базалық бағдарламасы;
• Мамандықты талап ету бағдарламасы.
іске асады. Білімгерлер келесі семестрде өткізілетін курстың мәліметін
алдын – ала біледі және де олардың аннотациялары мен жұмыс программасымен
танысуға мүмкіндігі болады, сонымен қатар өзінің эдвайзерларымен жеке жұмыс
жасай алады (8).
Эдвайзер әрбір білімгерге бекітілген өзіндік қызметін, оның білім алу
бағытын таңдауына көмек беру. Әрбір топ орны шектеулі ереже бойынша әр
топта 30-40 білімгерден артық болмайды. ТарМУ-гі оқудың мынадай түрлері
бекітілген: лекциялар, семинарлар, семинар – лекция аралас сабақтар,
практикалық сабақтар, жеке пәндер, оқытушының және білімгердің өзіндік
жұмысы (ОБӨЖ).
Мұнда негізгісі лекция – семинар сабақтары болып табылады. Бұл кезде
жаңа материалдар оқытушының қысқаша не білімгерлердің баяндама, сонымен
бірге оларға берілген әдебиеттер бойынша өз бетінше ізденуі. Негізгі
уақыттың көбісі оқытылған, айтылған дискуссия ережесі арқылы болуы мүмкін.
Әрбір семестр сайын міндетті түрде белгілі бір уақыт өткеннен кейін
аттестация жүргізіледі, бұл білімгерлердің үлгерімін қадағалап отыруға
мүмкіндік береді. Мысалы: олар мынадай құрылыммен өтуі мүмкін: Эссе,
колликвиум, доклад, тест, контрльдық жұмыс. Аттестация қорытындысының
құрылымы оқытушының жоспар жасау негізінде болады және ол кафедра
программасы мен әдістемелік комиссия арқылы бекітіледі. Ереже бойынша осы
критерииге олардың дискуссиялық, жазбаша баяндамаларды коллеквиум және
емтихан негізінде өткізіледі. Аттестация қорытындысы білімгерлерге жазбаша
және ауызша түрде оқытушының айтуымен жарияланады (9).
Әдістемелік жұмыс.
Жоғары оқу орнының жаңаруы, ондағы әдістемелік талаптар мен оқу
үрдісін ұйымдастыру сапасымен айқындалады. Алдымен, әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру жолында өзгерістер болуы тиіс. ТарМУ-гі көрсетілген контекске
сәйкестелген:
• Университеттегі кеңес беру құрылымына қызмет көрсету;
• Оқу үрдісінде семинар мен тренингтік сабақтарды жүргізу және
ондағы көкейкесті мәселеге байланысты іс – шараларды
ұйымдастыру;
• Факультеттің ғылыми-әдістемелік жағына көп көңіл бөлу.
Мұнда оқытушының әдістемелік атқару маңызы зор. Осыдан мынадай мақсат
туындалады - әдістемелік құжаттардың үнемі жасалып, олардың пайда болуына
жағдай жасау, пәндер бойынша талапқа сай әдістемелік жұмысты жүргізілуі
тиіс.
Оқу әдістемесінің мақсаты - өтіліп жатқан пәндердің моделін мынадай
негізде жасау:
• Оқу әдістемелік құжаттың жиынтығы және болашаққа өтілетін оқу
үрдісінің жүйесі көрсетілуі тиіс;
• Оқу-тәрбие ісінің жобасы.
Мамандықтарды дайындау негізінде дидактикалық тәсілдерді қолдану.
Қазіргі кезде білімгерлердің өз бетінше іс-әрекет жасау деңгейінің
көтерілуі, жоғары оқу орнындағы оқу сабақтарының құрылымын өзгертуге тура
келеді. Мұнда ең керекті фактор - әдістемелік және оқу технологиясының
өткізу жолының өзгеруі болып табылады. Әдістемелік курс бойынша өзгеру,
жаңа нұсқада мынадай бөлімдермен көрсетілген:
• Кіріспе;
• Оқытушының жұмысты жоспарлау бағдарламасы;
• Лекция қысқаша көшірмесі;
• Аудиториялық сабақтардың жоспары және олардың өтілу әдісі;
• Білімгер тапсырмасының тізімі;
• Тест жинақтары;
• Өзіндік жұмыстардың мазмұны мен құрамы.
Білімгерлердің бақылау рейтингінің ұсынысы - әр курс қорытындысын
бағалау. Университетте өтілетін пәндерді бағдарлау курстық жұмыс
программасының негізгі құжаты болып табылады. Оқытушылардың жасаған
программалары және курс каталогы мемлекеттің білім беру стандартына сәйкес
жасалынады (10).
Психо – педагогикалық бақылаудан кейін оқу үрдісінің сапалық нәтижесін
алу мақсатында білімгерлерге сауалнама жүргізіледі. Барлық білімгерлер 24
сұраққа жауап берді. Оларды 9 топқа толық бөліп, оқытушылардың жеке және
кәсіби ерекшеліктерін бағалап, білімгер қаншалықты деңгейде білім алуын
қарастырдық. Қазіргі барқалыпты оқу үрдісінің жүйесіне байланысты оқу
графиктерінің жаңа түрін және үйге берілген тапсырмаларды, олардың көлемін
қиынсынуда. Мұндағы негізгі проблема материалдық, техникалық база. Бірақ
қазіргі жаңа жүйе білімгерлерге ұнайды. Олар бұдан алға талпынысты көріп
отыр. Сабақ басында білімгерлер кредиттік технологиялары жоқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Сатылай оқыту технологиясы
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану ерекшелігі»
Педагогикалық қызметтің визуалдық бағыттылығы
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі
Педагогикалық технологияның құрылымы
Пәндер