Жүз жылдық соғыс
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 тарау. Жүз жылдық соғыс
1.1. Жүз жылдық соғыстың басталуы және оның
себептері ... ... ... ... ... .5
1.2. 1356 – 1358 ж. Париж
көтерілісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3.
Жакерия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 10
2 тарау. Париждегі көтеріліс.
2.1. Париждегі көтерілісті басу және жүз жылдық соғыстың
жалғасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...15
2.2. Жанна д. Арк және халық
көтерілісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: XIV ғасырдың 30-жылдарында Францияның кәдімгі
бір қалыпты табиғи түрде жүріп келе жатқан дамушылығын, бір ғасырдан
артығырақ уақыт Англиямен жүргізілген (1337—1453) Жүз жылдық соғыс бөліп
жіберді. Бұл соғыстың тигізген ақырғы зардабы өндіргіш күштерін жаппай
жойып, халықтың санын азайтып, өндіріс пен сауда-саттықтың көлемін мейлінше
қысқартуға әкеліп соқтырды. Француз халқы өте-мөте ауыр бақытсыздық
жағдайларға душар болды. Ағылшындар Франция территориясының денін ұзақ
уақыт оккупациялап алып, жазықсыз халықты мейрімсіз қырып-жойып, тонап
күйзелтті, түрлі-түрлі алым-салықтың езгісі мен талан-тараж бұқара жұрттың
көзін ашырмады. Оның үстіне француз феодалдарының өз ара қырқысушылықтары
да елдің жағдайына тым жайсыз болып тиді.
Франция мен Англияның арасында бұрын XII—XIII ғасырларда болғаң
соғыстар сияқты (Капетингтер мен Плантагенеттердің күресі) Жүз жылдық соғыс
та негізінен Францияның ағылшын корольдерінің қол астындағы оңтүстік-
батыстық жерлері үшін жүргізілген күрес болды. Соғыстың бастапқы жылдарында
екі елдің Фландрия жөнінде мүдделері қарама-қарсы келіп, бақталастық
жасауларының да маңызы аз болмады. Француз корольдері Фландрияның дәулеті
мол бай қалаларын өздеріне бағындыру жөніндегі ниеттерінен қайтқылары
келмеді, ал Фландрияның қалалары Англияның көмегіне сүйене отырып,
өздерінің тәуелсіздіктерін сақтап қалуға тырысты. Бұлар Англиямен
экономикалық жағынан тым тығыз қарым-қатынастар жасап, онан шұға тоқуға
қажет шикізат алып отырды.
Келешектегі, 50-жылдардағы, соғыс әрекеттерінің негізгі майданы
(Нормандиямен қатар) Оңтүстік-Батыс, яғни бұрынғы Аквитанияның территориясы
болды. Бұл территорияны қайтарып алуға тырысқан Англия өзіне сондағы әлі
тәуелсіздік жағдайда отырған феодалдар мен қалалардан одақтастар тауып
тартты.
Экономикалық жағынан Гиэнь (бұрынғы Аквитанияның батыс жақ бөлігі)
өзінің шарабы мен болатын, тұзы мен жемістерін, жаңғағы мен бояғыш заттарын
апарып өткізетін Англиямен тығыз қарым-қатынаста болды. Үлкен ірі
қалалардың (Бордо мен Ла-Рошелидің және басқаларының) байлықтары, олар үшін
едәуір дәрежеде осы тиімді сауда-саттықпен байланысты болған еді. Гиэннің
ақсүйектері мен рыцарьлары, француз королінің қол астында ауыр азап
шеккеннен гөрі ағылшындардың номиналды билігінде анағұрлым емін-еркіндеу
тұрғандарын артығырақ көрді. Өздерінің біршама тәуелсіздігін сақтау
мақсатымен олар сол кездегі француз халқының қас дұшпандары ағылшындармен
одақтасуға шын ынтасымен барды. Француз корольдерінің әлденіп нығая беруіне
қарсы әрекет жасаушы Оңтүстіктің феодалдары, оңтүстіктегі қалалардың
бөлшектенушілік мақсаттарын да қолдап, пайдаланып отырды.
Курстық жұмыстың тарихнамасы:
Орта ғасырлар тарихын соның ішінде Батыс Европа мемлекеттерінің
қалыптасуы, ондағы 100 жылдық соғыс тарихы тақырыбын зерттеген бірнеше
авторлар бар. Олар: Сказкиннің редакциясы бойынша шыққан Ортағасырлар
тарихы оқулығында бірнеше ғалымдардың атап айтқанда Н.П.Градционский,
И.В.Егоров, Н.А.Сидорова, О.В.Трахтенбергтердің зерттеулері жинақталған.
Батыс Европаның ІХ – ХІІІ ғасырлардағы тарихын зерттеуде әсіресе
Н.П.Градционский жақсы қарастырған.
Ортағасырлық Батыс және Солтүстік Европада қоғамдық идеялардың дамуы
мен әлеуметтік ереуілдер туралы, Жанна д, Арк ерліктері туралы
О.В.Трахтенбергтің Очерки по истории западноевропейской средновековый
философии атты еңбегінде жан – жақты қамтылған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ортағасырдағы Францияның саяси-экономикалық
жағдайына сараптама жасау арқылы 100 жылдық соғысы мен халық
көтерілістерінің себебін айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. Жүз жылдық соғыс.
1.1 Жүз жылдық соғысының басталуы және оның себептері.
Жүз жылдық соғыстың "басталып кетуіне шешесі жағынан IV Филипптің
немересі, ағылшын корөлі III Эдуардтың династиялық талаптары тікелей сылтау
болып табылды. IV Филипптің ең кенже баласы 1328 жылы дүние салды; осыған
байланысты III Эдуард француз тағына отыруға өзіңің правосы бар екендігін
мәлімдеді[1]. Бірақ та Францияның королі болып Капетингтердің жақын
тармағының аға өкілі VI Филипп Валуа (1328—1350), сайланып қойды. III
Эдуард өзінің құқұғын қару-жарақтың күшімен шешуге бел байлады. Соғыс 1337
жылы ағылшындар үшін ойдағыдай басталды. Англияның басып кіруге арналған
армиясының, француздардікіне қарағанда, бірқатар артықшылықтары болды. Ол
сан жағынан онша үлкен армия емес еді, бірақ ете-мөте жақсы ұйымдастырылған
болып шықты. Жалдамалы рыцарьлардың отрядтарын бас қолбасшы ретінде
корольдің өзіне тікелей бағынған капитандар басқарды[2]. Көбінесе Англияның
сансыз көп ерікті шаруаларынан құрастырып алынған садақтан ататын атқыштары
(лучниктер), өз істерінің керемет шеберлері болды және рыцарьлық атты
әскердің қимылдарын колдай отырып, ірі-ірі шайқастарда тамаша маңызды роль
атқарды. Ал енді көбінесе феодалдық рыцарьлардың жасақшы-ларынан құралған
француз армиясында атқыштар тым аз болды және рыцарьлар олармен санасып, өз
қимылдарын келісіп жасағылары келмеді Армия жеке-жеке отрядтарға ыдырап
бөлініп, тек тікелей әскер бастықтарына — ірі феодалдарға ғана бағынды.
Бұлар өздерінің білгендерінше ұрысқа кіріп, өз беттерінше қан майданды
тастап кете берді немесе құр сырттан бақылаушы болып қала берді. Король
негізінен тек өзінің жеке отрядын ғана басқарды. Бұл ең ірі отряд бола
тұрғанымен де, әскердің тек бір бөлігі ғана болды. Француздық рыцарьлар
ескі тактиканы қолданып, әдетте жауға қарсы шайқасты жаппай қаптаған
шабуылмен бастады. Ал егерде жау бұл шабуылға шыдап, атқыштары әскердің
аттарын құлатып жыға берсе, онда әлгі шабуыл ешбір нәтижесіз құр босқа
кететін еді. Ағылшындар француздардың атты әскерлерін жеке-жеке топтарға
ыдыратып бөліп тастап, рыцарьларды аттарынан аударып тастаті, тұтқынға ала
берді. Тұтқындарды төлем алып босатып, халыкты мейірімсіз тонаушылық, көп
ұзамай-ақ ағылшын рыцарьлары мен атқыштарының ең басты мақсатына айнала
бастады.
Ағылшындар теңізде (1340 жылы Фландриядағы Слейса түбінде) және
құрылықта (1346 жылы Пикардияның солтүстігінде, Калеге жақын, Кресидің
тубінде) жеңіп шықты. Бұл оларға 1347 жылы аса маңызды тіректі пункт және
Англиядан әкелінетін жүнді қоятын склад орны Калені алуға мүмкіндік берді.
Сонымен, олар өздерінің Фландриядағы позицияларын тек сақтап қана қоймай,
қайта нығайтып алды[3]. Басқа жақтарынан ағылшындардың солтүстіктегі соғыс
қимылдары сәтсіз болып шықты. Содан соң олар соғысты оңтүстік-батысқа қарай
ауыстырып, теңіз жағынан Гиэнь мен Гасконь аймақтарын қайтадан басып алды,
ағылшын королінің Бордодағы наместнигі III Эдуардтың ұлы, Эдуард Черный
Принц (оны түсіне қарай солай ата-
ды) болды. Оның отрядтары гасконьдік рыцарьлармен бірге орталық француз
аймақтарына тонаушылық шапқыншылықтар жасады, қалалар мен селоларды өртеп,
бай олжаларға ие болды. Осындай шапқыншылықтардың бірінде 1356 жылы
қыркүйекте оларды француз армиясы Пуатьенің маңында қуып жетті.
Сан жағынан француз армиясы ағылшындардан әлдеқайда артып түсті, бірақ оның
бірыңғай команда беретін басшысы болмады. Ағылшындар рыцарьларының
қолдауымен, өздерінің керемет атқыштарының шебер әдістерінің арқасында
жеңіп шықты. Франңуздар ауыр жеңіліске ұшырады. Рыцарьлардың ең іске
татырлары қырылды, тұтқынға түсті, король Иоанн Добрыйдың (1350—1364) өзі
де тұтқындалды. Францияның басына тым ауыр
күн туды: қазынасы мүлдем қаңырап қалды; армия шын мәнісін-
де жойылды. Соғысты бұдан былай созып, тұтқындарды, соның ішінде корольдің
өзін ақша төлеп босатып алуға орасан зор қаражат керек болды.
1.2 1356 – 1358 жж. Париж көтерілісі
Пуатьенің түбіндегі масқара жеңіліс, елді жаудан қорғауды дұрыс
ұйымдастыра алмаған дворяндар мен корольге қарсы қатты ызаланушылықты
туғызды. Сондықтан тұтқындағы корольдің баласы дофин (Францияда тақтың
мирасқоры осылай аталынды) Карл, 1356 жылы қазанда қаржы іздеп табу үшін
Бас штаттарды шақырғанда, Пуатьенің түбіндегі жеңілістен кейін дворяндардың
әлсіреп қалғандығынан, штаттарда едәуір ықпалға ие болған қалалардың
өкілдері маңызды реформалар жүргізуді: Корольдік советтің мүшелері мен
басқа да маңызды қызмет адамдарының отставкаға шығуларын, барлық істі
жүргізудің жауапкершілігін штаттардың 28 депутатынан құрылған ерекше
комиссияға жүктеуді және оның келісімінсіз дофинге армия бойынша бұйрықтар
беріп, чиновниктерді орындарынан алып және тағайындау құқығын бермеуді
талап етті[4]. Сондай-ақ штаттар қала халықтарынан гөрі дворяндардан да
үлкен мөлшерде алынатын жаңа алым-салық енгізуді де талап етті. Дофин бұл
талаптарды орындаудан бас тартты. Осыдан соң Парижде наразылық қозғалыстар
басталды. Париждықтарды көпестердің үлкені (париждік муниципалитетінің
бастығы) Этьен Марсель басқарды. Дофин тағы да штаттардың көмегін сұрауға
мәжбүр болды; олар 1357 жылы мартта жиналып, мемлекеттік басқару жұмысының
барлық жағына да қатысы бар реформалардың кең жоспарын жасады. Бұл жоспар
жұртқа жарияланып, Ұлы март ордонансы деп аталынды. Осы ордонанс бойынша
үкімет органдарының құрылымына түбегейлі өзгеріс енгізілді. Дофиннің
қолында тек шектеулі ғана атқарушы өкімет билігі қалды. Дофиннің
рұқсатынсыз-ақ штаттар жылына екі рет жиналып, маңызды істердің бәрін де,
бітім және уақытша бітім жасауға шейін қарап шешіп отыруға тиісті болды.
Олар корольдің советниктерін тағайындады, алым-салықтарды дауысқа салып
шешті және оларды өздері жинады. Корольдік аппараттың саны мейлінше
азайтылды. Дофин әрекеттерінің бәрін де штаттар тағайындаған комиссия
бақылап отырды, Комиссияның құрамына Этьен Марсельді жақтаушылар да кірді.
Алайда бұл тәртіп ұзақ өмір сүре алмады. Этьен Марсель және оның
серіктестері ең бай көпестердің қатарына жатып, сол кез бойынша ірі
байлыққа ие болған адамдар еді. Олар дворяндар мен үкіметке қарсы бүкіл
елді қамтыған ашу-ыза мен наразылықтарға қосылды, бірақ қала халықтары мен
шаруалардың бастарына түскен алым-салықтың ауыртпалығын жеңілдету үшін
өздерінің табыстарынан құрбан еткілері келмеді және сон-дықтан да олардың
Париж халқының бұқарасында шын сүйенерлік тіректері болмады. Оның үстіне
штаттардың дауысқа салып бекіткен ақша жәрдемінің көп проценті ірі
табыстарға емес, аз табыстарға басымырақ түсті. Рас, ол дворяндарға да
салынды, бірақ дворяндар оны төлеуден бас тартты және іс жүзінде штаттардың
жұмысына қатысуларын тоқтатты[5].
Этьен Марсель және штаттар мен Дофиннің жанындағы комиссияға қатысушы
париждік жоғарғы топ басқа калалар тарапынан да қолдаушылық ала алмады.
Үлкен ірі көпестер барлық жерде де нағыз ықпалды күш болып алды. Қалалардың
өздері әлі бір-бірімен жеткілікті түрде байланысты бола алмауы былай
тұрсын, тіпті кейбір уакыттарда өз ара бақталастыққа да беріліп кете берді.
Астананың бұкіл жұртшылық болып таныған басшылық роліне қарамастан, өкімет
билігінің тек жалғыз париждықтардың қолдарында болғандығына басқа қалалар
наразы болды.
Бұл жағдайды Дофин пайдалана қойды. Ол қалаларды аралап, өз жағына
рыцарьларды жинап тарта бастады; Парижден тысқары жерде штаттарды шақырып,
олардан жәрдем ақша алуға үміттенді.
1358 жылдың ақпан айында Бас штаттар Парижде қайтадан жиналды, бірақ
бұған негізінде тек Париждік билеуші таптын өкілдері ғана келіп қатысты.
Демек, бұл топ елдің басқа қалаларында өзінің беделін жоғалтқан топ болып
шықты. Сол кезде Этьен Марсель Дофинді өзіне күшпен бағындыруды шешті. 1358
жылы 22 февральда ол қаруланған қолөнершілерді алаңға жинап шығарып, өзі
бірнеше жақтастарын ертіп сарайға келді де Дофиннің көзінше оның нақ жақын
советник маршалдары — Шампанский мен Нормандскийді өлтірді. Өлердей
зәресі ұшып кеткен Дофиннің басына Этьен Марсель өзінің қызыл-көк бөркін
(Париж қаласының түсі) кигізіп, өзінің қамқоршылығына алды және оның
қауіпсіздігіне уәдесін берді. Келесі күні Дофин Париждік жоғарғы топтың
уәкілдерін өзінің Советіне енгізіп, штаттардың инициативасьгмен
қабылданған ордонанстарды қолдап және тағы оларды бұлжытпай орындауға
келісімін берді[6]. Бірақ бір айдан соң Дофин астанадан қашып кетіп,
Парижді қоршап қамауды даярлай бастады.
1.3 Жакерия
1358 жылы майдың аяғында Францияның және тіпті бүкіл Европаның
тарихында болған қозғалыстардың ішінен ең бір ірі шаруалар
қозғалысы—Жакерия басталды. Жакерия Солтүстік Францияның бүкіл әлеуметтік
экономикалық дамуының барысында әзірленіп жетілген еді. Қалалардың өсулері
мен ақшалы рентаның үстемдігі феодалдардың тарапынан феодалдық ақшалай
төлемдерді үнемі арттыра беруге тырысуды туғызды. Ал бұл жағдай
шаруаларды қанауды күшейте түсуге әкеліп жеткізді. Мемлекеттіқ алым-
салықтар да үнемі өсе берді. 1348 жылы Францияға обаның эпидемиясы келіп
жабысты. Обаның жұртты топалаң тигендей ғып қыруынан кейін халықтың саны
тым азайды және бұл жағдай жалақының артуына әкеліп соқтырды. Бірақ та енді
осы жалақының артуына қарсы бағытталған заңдар да пайда болды.
Бұл заңдар, әсіресе, село мен қала халқының ең кедей топтарына жаман
ауыр тиді. Осы жағдайлардың бәрі де өздерінен өзі-ақ бұқара халықтың
еңсесін көтертпей, оларды езген үстіне езіп, діңкесін құрта берді. Ал соғыс
оларды тіпті онан сайын тереңдете түсті.
Шаруалар іс жүзінде құр тағдырдың талқысына тасталып, панасыз калған
болып шықты. Оларды тек ағылшындар ғана емес, сонымен қатар жалдамалы
отрядтар мен бандылардың бәрі де (сол кезде олар осылайша атанды), солардың
ішінде, ел ішін кезіп олжа іздеген француздардың өздері де қалай болса
солай тонап, қан қақсатты. Шаруалар өздерінің шамалары кел-ген әлі-
қадырынша жаудан қорғану шараларын істеді. Деревнялардағы шіркеулерді
бекініс баспаналарыңа айналдырды, қолдарына түскен қару-жарақпен
тонаушыларға қарсы қажырлы күрес жүргізді және олары кейде ойдағыдай болып
шығып та жүрді. Ал кейбір жерлерде бұл қарсылық әрекеттері партизан
соғысының түріне көшіп те жүрді[7].
Астананы қоршап қамауға алуға даярлана отырып, дофин төңіректегі
шаруаларға замоктарды бекініске айналдырып, оларды азық-түлікпен қамтамасыз
етіп отыруды жүктеді. Бұл жағдай халықтың сабыр-төзімін тауысып, зығырданын
қайнатты. 28 майда Бовези аймағында (Париждің солтүстік жағына қарай)
көршілес отырған деревнялардың шаруалары дворяндар-мен болған қақтығыста
бірнеше рыцарьды өлтірді[8]. Бұл оқиға көтеріліске шақырған дабыл болып,
маздаған от тәрізді лезде Сблтустік Францияның көптеген аймақтарын:
Бовезиді, Пикардияны, Иль-де-Франсты, Шампаньды да шарпыды.
Көтерілісшілердің дені шаруалар болды; оларға деревнялардың қолөнершілері
мен ұсақ саудагерлері және селолық священниктер де қосылды.
Көтерілісшілерді жактар деп атады (сол кездегі шаруаларға берілген
дағдылы —Жак-простак дегеннен алынған). Міне кейініректе осыдан Жакерия
деген ат пайда болды. Сол замандағылар бұл көтерілісті дворян еместердің
дворяндарға қарсы соғысы деп те атады және бұл ат қозғалыстың мәнін де
жақсы ашып берді.
Ең әуелі бастанақ көтеріліс тым батыл сипатта болды: Жактар бүкіл
дүние жүзіндегі дворяндарды жер бетінен құртып, өздері қожа болуға
тырысты, сөйтіп дворяндардың замоктары мен үйлерін және қора-жайларын
өртеп, тасталқанын шығарды. Олар замоктардағы соғыс қару-жарақтарын басып
алып, феодалдық міндеткерліктердің тізімдерін жойды. Сол замандағылардың
мәліметтері бойынша барлық аймақтардағы көтеріліс-шілердің жалпы саны
шамасы 100 мыңға жеткен болса керек.
Кейбір қалалар, тіпті, ашықтан-ашық шаруалар жағына шықты, басқа
қалалардағы қаналушы таптар көтерілісшілерге деген тілектестіктерін
білдірді. Париждықтар бірнеше отряд жіберіп, жактарға Париж төңірегіндегі
көптеген замоктарды бұзып талқандауға көмектесті. Бірақ та бұл көмек шамалы
болды және қала халықтары мен шаруалардың арасындағы нағыз берік одақ
құрылмай-ақ қойды[9].
Көтеріліс, әсіресе, Бовезиде кең ерістеді. Шаруалардың біріктірілген
отрядтарын Гильом Каль басқарды. Бұл көпті керіп ысылған және соғыс ісімен
жақсы таныс адам еді. Ол жеке отрядтардың басшылығына капитандар тағайындап
қойып, басқа аймақтарға корольдік гербі бар Мөр басылып жапсырылған
бұйрықтар жіберді. Кетерілісшілердің корольдік гербі бар тулары да болды.
Шаруалар феодалдарға қарсы аттанды, бірақ қайырымды корольді қолдады. 8
июньде Мелло селосының маңында шаруалар, француздық тақты басып алу
үмітімен өзінің наварралық және ағылшындық рыцарьларымен Парижге қарай
асығыс келе жатқан Наварра королінің және Карл Злойдың әскерлерімен
кездесті. Француз дворяндарының өтініші бойынша ол әуелі көтерілісшілерге
қарсы бет алды. Алайда сан жағынан жактар едәуір басым болғандықтан және
шаруалар мен рыцарьлардың отрядтары екі күн бойы бір-біріне қарама-қарсы
толық жауынгерлік әзірлікпен қасқиып түрысқаннан соң Карл Злой уакытша
бітім ұсынды және жактармен ынтымақтасуға әзір екендігін білдірді[10].
Бұрын шаруаларға көмектескен Этьен Марсельмен, Карлдың одақтас болғандығын
ескере отырып және берген рыцарьлық сертіне сеніп, Каль кепілділікті талап
етпестен келіссөз жүргізу үшін Карлға келді. Бірақ опасыз Карл өзінің
рыцарьлық сертін бұзып оны табан астында үстаттырды және тек сол сәтте
рыцарьлар, қолбасшысынан айрылған шаруаларға лап қойып, оларды
рақымсыздықпен талқандады. Гильом Кальді және оған еріп келген жолдастарын
адам төзгісіз азапқа салып өлтірді. Осыменен Бовезидегі көтерілістің
шаруасы бітті. Шаруалардың көбінесе жеке-жеке бытыранды отрядтары әрекет
жасаған басқа аймақтарда, наразылық қозғалыстар 1358 жылдың авгусына шейін,
яғни оларда да шаруалар жеңілгенге шейін созылып келді. Бұл арада айта
кететін бір ерекшелік жергілікті дворяндардың өз күш-қуаттары жетіспей
көтеріліс жасаған шаруаларды жеңу үшін барлық жерде де король отрядтарын
керек етуде болды. Көтерілісті басқаннан соң дворяндар шаруаларды мейлінше
аяусыз жазалады: атып-асушылықтар мен штрафтар және контрибуциялар
деревнялар мен селоларды бастырмалап, еңселерін көтертпеді. Алайда
өздерінің жеңгендеріне қарамастан, феодалдар көтеріліс кезінде зәрелері
ұшып, жаман қорыққандарын көпке шейін ұмыта қоймады, сондықтан да феодалдык
төлемдерді арттырудан енді жүрексінді.
Феодализм дәуіріндегі шаруалар көтерілістерінің ақыры даусыз
жеңілістермен аяқталатын дағдылы тағдырын Жакерия да басынан кешірді.
Жакерияның өзі шаруалар соғысы болып табылды, яғни біраз көлемді
территорияда бір мезгілде бұрқ ете түскен бірнеше көтеріліс, соған дейін
болып көрмеген қиян-кескі сипатқа айналып, үстем тапты мүлдем құртуды
мақсат етіп қойды. XIV ғасырдың өзінде-ақ кейбір провинциялардың шеңберінде
шаруалардың бас қосып бірігіп әрекет жасауға шамалары келді; қатарын
нығайта отырып, қолдарына қару алып өздерінің жергілікті феодалдарына қарсы
шыққан шаруалардың уақытша табыстарға өтуге де шамалары келді. Ал бірақ та
көтерілістер қамтыған бұкіл территорияда бәрі бірдей ұйымдасып әрекет
жасауға, шаруалардың таптық ерекшеліктерінің салдарынан олардың шамалары
келмеді: өзінің жеке шаруашылығына, алақандай жеріне байланған ұсақ дербес
өндірушілер — шаруалар, орта ғасырлар түгіл тіпті жаңа заманның өзінде де,
көтерілістің ойдағыдай жеңіп шығуы үшін ұзақ уақыт бойы бас қосып бірігіп,
топтасу мен барынша зор ұйымшылдыққа өз беттерінше қабілетті бола алмады.
Сондықтан да олардың наразылық қозғалыстары, соның ішінде Жакериянікі де,
стихиялық сипатта болды[11]. Оның бер жағында жактарға, жеке
провинциялардың ғана дворяндары емес, феодалдық мемлекеттің кәдімгі
маманданған түрақты жауынгерлерінен — рыңарьлардан құрылған ірі әскерлері
қарама-қарсы тұрды.
Феодалды құрту туралы өздерінің мақсаттарын жактар айқын ұғынды және
оны бар ынталарын сала жүзеге асырды. Бірақ та олардың мырзаларсыз,
қайырымды корольдің басшылығымен еркін өмір сүруді көздеген күңгірт
әлеуметтік-саяси мүдделері тек бір іске аспайтұғын қиял ғана болып шықты.
Бұдан орта ғасырлардағы шаруалардың көтерілістеріне тән жөне олардың үнемі
сәтсіздікке ұшырай берулеріне талай рет себепкер болған монархиялық
иллюзиялар мейлінше анық көрінді.
Шындығында Жактар өздерінің жағдайларын тек аздап қана жақсарта алды.
Ал бірақ та өзінің жеңіліске ұшырағанына қарамастан, Жакерия феодалдық
қатынастардың ыдырауға бет алған процесін одан әрі жеделдетуге үлкен
себепкер болды. Товар өндірісінің өсушілігі, шаруалар шаруашылығының
дербестілігі мен оның рынокпен байланыстарының нығаюы, ақшалы рен-таның
дамушылығы — міне француз деревнясындағы осы жаңа процестер Жекериядан
кейін бұрынғыдан да бетер жедел қабыл-данып, тереңдей түсті. Шаруалар
мүлдем әлсіреп, феодалдық құрылысты біржола талқандауға шамалары келмеді,
бірақ олардың жакериялық күресі белгілі бір дәрежеде сеньорлардың феодалдық
қанаушылықты ұлғайта беру әрекеттерінің жолын кесіп, шаруалардың және ұсақ
шаруа шаруашылығының жеке бостандықтарының одан әрі дами беру мүмкіншілігін
қорғап қалды.
2 тарау. Париждегі көтеріліс.
2.1 Париждегі көтерілісті басу және жүз жылдық соғыстың
жалғасуы.
Шаруалардың көтерілісін талқандаушылық, сонымен қатар Париждегі
кетерілістің де ақыры болып шықты. Июньнің аяғында дофин үлкен армияны
бастап Париждің дуалдарына жақындап келді. Басқа қалалардан көмек алудан
үміт үзген Этьен Марсель, Карл Злойдың ертіп әкелген ағылшын отрядын
астанаға кіргізуге келісімін берді. Бұл париждықтарды қатты ызаландырды.
Этьен Марсельден тілектес серіктерінің кепшілігі безе бастады және ақырында
оны дофинді жақтаушылар өлтірді. Дофин Парижге келіп кірді және көтеріліске
қатысушылардың ең бастыларының жазасын тарттырды. Штаттардың жүргізген
шаралары түгел жойылды және алдағы уақыттйрда олар тағы да тек корольдің өз
еркімен-соғысқа жәрдем ақша жинауына дауыс беру үшін ғана жиналып тұратын
бол-ды.
1356—1358 жылдардың қызулы оқиғаларынан король екіметі бірсыпыра сабақ
алды. V Карлдың тұсында (1364—1380) алым-салық реформасы жүргізілді, жәрдем
ақша жинау жұмысы тәртіптелінді және оны жинаушыларға бақылау қойылды[12].
Бұдан да гөрі үлкенірек сабақты өздері үшін қаланың билеуші жгііғарғы тобы
да жасады. Бұқара халықтың жасайтүғын қозғалыстарында өздері үшін қандай
қауіптің жатқандығына олардың көздері енді әбден жетті және бұдан былайғы
жерде король өкіметіне қарсы күрес жүргізу үшін әрекет жасауды тоқтатты.
1360 жылы Бретиньеде (Шартрдан шығысқа қарай) Англиямен жасалған
бітім Франция үшін өте ауыр болды. Ағылшындық иеліктер енді Луарадан
оңтүстікке қарай (орталық массивтің тауларын батыс жақтан айналып
өтіп) Пиренейге дейін созылып жатты. Бұл бұкіл елдің территориясының ең кем
дегенде үштен бірі еді. Өз жерлерін қайтарып алу үшін Франция жаңа қырғын
соғыстарға әзірленуге тиіс болды. V Карлдың түсында армияда реформа
жүргізілді: осы кезде пайда болған артиллерия барынша кушейтіліп,
жалдамалы отрядтар көбейтілді, король армиясының қолбасшысына үлкен құқық
беріліп, оның беделі мен билігі жоғары сатыға көтерілді. Бұл
орынға феодалдық жерлестіктің дәстүріне қарамастан, ұсақ бретондық рыцарь
Дюгеклен тағайындалды — ол тым сақ және айлакер шебер қолбасшы болған
еді. Үлкен ірі қанмайдан шайқастарға жолаңқырамай және ағылтнындық
иеліктердің бұкіл байтақ шекараларында дерлік бір мезгілде қимылдар
жасаумен, француз армиясы ағылшындарды бірте-бірте теңізге қарай ығыстыра
берді. Сейтіп XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде ағылшындардың
қарауында тек Бордо мен Байонна және солардың аралығындағы жағалау ғана
қалды. Бірақ та бұл үлкен ірі табыстарға елдің барлық күш-қуатын мейлінше
сарып етудің нәтижесінде ғана қол жетті. Соғысқа қажет орасан зор шығындар
халықтың шаруалар мен қала халқының негізгі бұқарасына ауыртпалық
болып түсті, өйткені ерекше жеңілдіктермен пайдаланған сословиелер мен
қалалық дәулетті жоғарғы топтар бұрынғысынша төлемдердің ең көп үлестерін
оларға аударып тастай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz