Жүйке жасушаларының жіктелуі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жүйке тіні. Нейронның құрылымдық-қызметтік сипаттамасы.

Жоспары

1. Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы
2. Жүйке тінінің гистогенезі, даму көздері
3. Жүйке жасушаларының жіктелуі
4. Нейроциттердің құрылысы
5. Нейроглия
Пайдаланылған әдебиеттер

Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы
Жүйке тіні арнайы қызметтерді атқаратын: тітіркендіргіштікті
қабылдап, қозады да, жүйке импульсін туғызып, оны өткізуді қамтамасыз
ететін, бір-бірімен байланысты жүйке жасушалары немесе нейрондары мен
нейроглияның жиынтығы. Нейроглия жүйке тінінің қосымша аппараты болып
саналады да маңызды қызмет атқарады. Бұл тін барлық тіндер мен мүшелердің
реттелуін, олардың ағзадағы және қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз
ететін жүйке жүйесінің мүшелерінің құрылысының негізі болып саналады.
Жүйке тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма
алғашқыда қалыңдап – жүйке пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті
көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең соңында бұл шеттері дорсальді
эктодермадан үзіліп, ұштары бір-бірімен жалғасып, тері эктодермасынан
бөлінеді. Осыдан жүйке түтігі пайда болады. Жүйке түтігі эмбриогенездің
алғашқы сатысында көп қатарлы нейроэпителий жасушаларынан тұрады. Бұларды
вентрикулярлы жасушалар деп атайды. Пішіндері цилиндр тәрізді болып келеді.
Бұл жасушалардың біразы дифференцияланып нейроциттерге, ал біразы глияльді
жасушаларға айналады. Глияльді жасушаларға жататындар: эпендимиоциттер,
астроциттер мен олигодендрациттер болып табылады. Сонымен жүйке тінінің
құрамында екі компоненті болады. Олар жүйке жасушалары мен нейроглия. Жүйке
жасушаларының немесе нейрондардың ерекшеліктері – тітіркендіргіштікті
қабылдап, қозады да, тітіркену энергиясын жүйке импульсына айналдырып, оны
әрі қарай орталыққа өткізу процесін қамтамасыз етеді. Ал, нейроглия болса,
жүйке тінінің қосымша аппараты болып саналады. Тіректік, трофикалық,
секторлы және қорғаныс қызметтерін атқарады. Жүйке тінінің ең негізгі
қызметі – ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі информацияларды қабылдап, оны
сақтау, өңдеу. Сонымен қатар организмнің тіндері мен мүшелерін бір-бірімен
байланыстырып, олардың қызметін реттеу болып табылады.
Жүйке жасушалары. Жүйке жасушалары немесе нейроциттер (нейрондар)
өсінділі тармақталған, мөлшері 4-130 мкм-дей. Жүйке жасушалары нейрондардың
денесі одан тараған өсінділері біреу немесе бірнеше болулары мүмкін.
Өсінділерінің санына байланысты, нейрондардың бірнеше түрлерін ажыратады.
Егер нейрондардың денесінен көптеген өсінділер шықса, онда мұндай нейронды
– мультиполярлы деп атайды. Бұл өсінділердің біреуі міндетті түрде аксон,
ал қалғандары дендриттер болып келеді. Аксон ұзын, ал дендриттер
тармақталған қысқа өсінділері. Бұлардан басқа псевдоуниполярлы (жалған бір
өсінділі) деген нейрондар да кездеседі. Мұндай нейронның денесінен бір
өсінді шығып, кейін екіге бөлінеді, оның бірі – аксон, ал екіншісі –
дендрит (мысалы, жұлын түйінінде) пішіні Т - тәрізді болып келген.
Нейрондардың тағы бір түрі униполярлы немесе бір өсінділі – бұл
нейробласттар эмбриогенездік даму кезеңінде болады. Нейрондардың денесінде
екі өсінділері – бірі аксон, екіншісі дендрит – бұл биополярлы нейрондар,
біріншілік сезі мүшелерінің құрамында болады. Адам ағзасындағы (жүйке
жүйесінде) нейрондардан шығатын өсінділердің ұзындығы әртүрлі, бірнеше
микроннан (мкм-ден) –1-1,5 метрге дейін жетеді. Нейрондардың мөлшері мен
пішіні де сан-алуан. Нейрондардың ең ұсақ, майдасының d=4-6 мкм, ал
ірісінің d=120-140 мкм-дей болады. Ең ірі нейрондар ми қыртысының сұр
затындағы Бэц жасушалары. Нейрондардың пішіндері: себет, жұлдыз тәріздес,
алмұрт пішіндес, пирамидальді және дән тәріздес болып келеді. Адам
организмінде нейрон өсінділерінің ұзындығы әртүрлі, ең майдасы 4-6 мкм, ал
ең ірісі 120-130 мкм-дей Бец жасушалары ми қыртысының сұр затында
кездеседі. Нейрондардың пішіні де сан-алуан болып келеді: корзина тәрізді,
пирамидальді, алмұрт пішінді, жұлдыз тәрізді т.б.
Нейрондардың жіктелуі. Нейрондар атқаратын қызметіне қарай рецепторлы
немесе сезімтал (афферентті), ассоциативті және қозғалтқыш (эфферентті)
болып бөлінеді. Бірінші нейрондар ішкі және сыртқы орталық әсерін
қабылдайды. Ал, ассоциативті немесе қыстырма нейрондар жүйке жасушаларын
бір-бірімен байланыстырады. Эффекторлы нейрондар – жұмысшы мүшелерге,
олардың тіндеріне тітіркендіргіш реакциясын жүйке импульсіне айналдырып
жіберіп отырады.
Нейрондардың ядросы. Адамда нейрондар көбінесе бір ядролы болып
келеді. Көп ядролы нейрондар болмайды, болса өте аз кездеседі. Мұндай
нейрондар вегетативті жүйке жүйесін түйіндерінде және қуық асты безінде,
жатырдың мойын бөлігінде көп ядролы нейрондар кездеседі (ядролар 10-15-
тен). Ядролардың пішіні дөңгелек құрамында, 1-2 ядрошығы болады. Егер
нейрондардың қызметі жоғары деңгейде болса, ядродағы ядрошығының саны
көбеееді
Нейрондардың цитоплазмасы. Нейрондардың цитоплазмасында көптеген
органеллалар бар. Оларға: эндоплазмалық тор, рибосомалар, нейротубулалар,
Гольджи комплексі, жасуша орталығы лизосомалар, нейротубулалар мен
нейрофиломенттер өте көп. Ал, нейрондардың плазмолеммасының ерекшелігі –
қозу процесін өткізуі болып саналады (тітіркенеді). Плазмолеммасының
деполяризациялық қасиеті –Nа+ (натрийдің ионын) өткізуі. Бұл процесс
мембрананың ішкі бетінің оңға (+) зарядталуын қамтамасыз етеді. Ал бұл
болса К+ (калийдің ионының) сыртқа шығаруға әсерін тигізіп, жүйке импульсін
тез өткізуді қамтамасыз етеді. Нейрондарды арнайы бояулармен бояғанда
цитоплазмасында базофильді боялған түйіршіктер көрінеді. Бұларды
хроматофильді субстанция дейді. Мұндай түйіршіктер нейрондар денесі мен
дендриттерінде болады, ал аксондарында болмайды. Хроматофильді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патофизиология курсынан дәрістер жинағы
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Жүйке жүйесі туралы түсінік
Гормондар мен гормоналды препараттар
Жүйке жүйесінің гистологиясы - оқу құралы
Цитология және гистология пәні бойынша құрылған электронды оқулық
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Гистология-2
Тіндердің жіктелуі
Цереброзидтер және аурулар
Пәндер