Қазақ қолөнері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I Қазақ қолөнері

1.1. Жүннен жасалатын бұйымдар
1.2. Киіз басу
1.3.Сырмаққа қолданатын ою-өрнектер
1.4.Ою-өрнектердің қолданылуы

II. Кілем

2.1. Кілем тоқу.
2.2. Ши өнері.

III Ұлттық қолданбалы қол өнердің еңбек сабағында үйретілуінің
негізгі міндеттері

3.1. 9-сыныпқа арнлған қолданбалы қолөнер сабақтарының бағдарламасы

Қорытынды

Түсіндірме сөздік

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қолөнер бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Соған орай халықтың
тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігімен эстетикалық толғанысына
байланысты қолөнер өзіндік ерекшелігімен ғасырдан ғасырға сақталып, дамып,
келер жас ұрпақтарға беріліп отырған.
Көкейкестілігі: Халық өнерін игеру – оқушыны еңбек сүйгіштікке,
әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, ұлтымыздың көнеден келе
жатқан қолөнерін, салт-дәстүрін, халық мәдениетін терең жан-жақты үйренуге,
мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулу.
Оқушыларды оқуға саналы қарауға тәрбилеу, танымдылық, белсенділік пен
ой-еңбегі және эстетикалық мәдениетін дамытудағы міндеттері негізінен
бұйымдар жасау барысында, яғни қолөнер түрлерін меңгеру кезінде, өнер
тарихын меңгеру кезеңдерінде жүзеге асырылады.
Халықымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық қолөнерінің
тегін тектеу, болмасын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне
ілестіру, кейінгі ұрпақты салт-дәстүріміздің мәңгілік жалғастығының алтын
қазығын үйретуге бағыттау бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі болып отыр.
Мақсаты: Халықтың рухани мұрасының көне нұқсасын, яғни олардың
жасалу әдіс – тәсілдерін педагогикалық тәжірибеге қолдана отырып оқушыларды
өнерге баулу, меңгерту. Ұлттық педагогиканың негізінде жас ұрпаққа білі мен
өнеге берудің тиімділігін көрсету.
Міндеті: Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын
орнын айқындау, мағыналық, тақырыптық топтарын жүйелеу.
Қолданбалы қолөнердің материалдық мазмұны мен эстетикалық табиғаты
мен халықтың танымын, оның рухани өмірін салт-дәстүрін ситпаттау.
Жаңалығы: Жаңаша үлгі заман талабына сай қолөнердің әсем туындылары
рухани азық болатын эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да әдемі,
тиімді де ұнамды бұйымдарының маңыздылығы, ою-өрнек ырғағының халық
арасынан шыққан шеберлердің шығармашылық ізденістері нәтижесінде жаңа түр,
жаңа мазмұнға ие болуда.
Іс- тәжірибелік тиімділігі:
– теориялық негізге сүйене отырып, кілем тоқудың тарихи кезеңдердегі ою –
өрнек әуендерінің түрлері, ерекшеліктері қарастырылады. Тәжірибелік
жұмыста кілем тоқудың жобалық нобайы, тоқудың әдіс-тәсілдерін жаңа
технологияда дамыту, табиғи жүн түрлері мен орындау ерекшеліктері
қамтылады.

I Қазақ қолөнері

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер
жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқының күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-
кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, олрады
күнбе-күнге тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап,
өмірде сән-салтанатта құра білді.
Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық
өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз
байланыста екнін көреміз.
“Халықтың қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтармен қатар, аң аулауға, мал
өсіруге және егіншілікке қажетті жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі,
ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ алаша, ши, түрлі бау-
басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көнен және илеулі теріден қайыс, таспа
тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыды-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және
т.б. Көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап,
түрлі нақыштармен әшекелейтін болды.Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер
мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
“Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі,
діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-
өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер – халық –
қолөнерінің тамаша туындылары.
Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап, кептіру, шақпаққа қу жасап,
оны тұтанғыш ету, бейбіт, қорған, мешіт және т.с.с. Салуда қолданылған
балшықты қыл, жүн, шөп – шалам алаластырып илеу тәсілдері де өте ертеден,
халықтың іздену талабынан, қоғам даму процесінен туған айла-тәсілдер.
Батырлық пен саятшылыдыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар,
сойыл мен бас мойын, аңшыларға қажетті құстың тұғыры мен томағасы,
балдағы, ми- аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс
салтына, кәсібіне байланысты туындығы сөзсіз.
Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта бұршақ, жүген, құрық,
бұғалық, тұсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер – тұрмандарды да халық
даналығы ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік және оюшылық өнерді дамытты.
Халықтың өнерпаздары құмнан, тастан, саздан құмыра, ыдыс-аяқтар; мүйізден,
сүйектен мал мен аң терлілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра,
қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.
Халық тұрмыс мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші
тобы – қайыс құру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту сияқты ауыр кәсіппен
де шұғылданады. Сондықтан қолөнер “еркектерге тән іс, әйелдерден тән іс”
деп екіге бөлініп келеді.
Мысалы, тастан, балшықтан, сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан
бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады. Кесте
тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау. Сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу,
тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарады. Тері илеу, киіз басу,
ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерекеттер мен әйелдер бірлесіп
істейді. Бірақ еркектер киім пішу, үлгі жасау, киім тігу, жүн сабау, арқан
тарту, тері ұстау жұмыстарынан да шет қалған емес.
19 ғасырда және 20 ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері
ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу кесте тігу,
өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алады. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман
мен белдік, қыз- келіншектерге аранап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап
оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Қазақ
халқының “Қарыс-қазы балықта, қалың қазына -халықта” деген мақалды да осы
өнер молшылығынан туған еді.
Әрине жоағрғыда аталған қолөнердің бірқатары өте көп еңбек етуді
керек етті. Бертін келе адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа
әдіс тауып, жаңа түрге ие болды, кейбіреулері тұрмыс қажетіне жарамсыз
болғандықтан тіпті қолданылмады. Күйген кірпіш пен темір бетон, цемент пен
шлак сияқты және басқа да сапалы материалдар бұрынғы материалдарды ығыстыра
берді. Енді иленген балшыққа май салу, жылқы қылын, түйенің жабағысын
қосу керексіз болып қалды. Аяқ киім молшылығы жасалғанна кейін қолдан тері
илеу, қайыстан, көннен, етік тігу, шәрке байлап, шабата қию мүлдем жойылды.
Ел салтанат құрды, ерлер даңққа бөлінді, азаматтар сән түзеді.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен
жабдықтардың саласына талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын
қалады. Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа
керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар
жиһаздардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы
әшекейлермен безендірілу және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару
талабы да арта түсті. Форфордан, тоттанбайтын металдан,эмаль жалатқан
темірден, пластмассадан, жасанды талшықтардан жасалған жарасымды жаңа
жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса, тұтынып келе жатқан ұлттық
мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды. Техника мен жақсы
жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем тоқылып,
шифоньер, кітап сөрелері жасалды, тігу ісімен кестелеу өнері де
машинамен орындалды. Тастан қашап,сүйектен оюлап,құмнан құйып жасалатын
бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылды.
Қол өнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде
онымен шұғылданудың керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық
қол өнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға
лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек.
Мысалы, жеңіл күпі, қаптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ, жүн
қолғап, бөкебай, шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін
қазір де қажет. Киіз үйдің сүйегі, үзік-туырлық, қымыз саба, тері
қауға мен ер-тоқым тұрмандары керексіз деп ешкім де айта қоймайды.
Осыған байланысты осы еңбекте қазақтың халықтық қол өнері саласының
біраз түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік. Олар: ою-өрнектердің
түрлері, олардың атаулары мен қолданылатын орындары. Өрнектердің
түрленіп даму тарихы мен кейбір өрнек элементтерінің үлгісі; жүн және
одан ұқсатылатын заттар. Қой , түйе жүндері, ешкінің түбіті мен
қылы, олардың түрлері мен атаулары; жылқы қылы мен қоянның , құстың
жүндері, олардан жасалатын заттар.
Жүндерді іске әзірлеу; жуу, қайнату, сабау, түту, шүйкелеу, иіру,
басу, бояу және т.б. Бұл тарауда түрлі жіптер, жиектер , өрмектер,
бау-шулар, басқұрлар, арқандар туралы айтылып келіп, өрмек өнері
туралы(кілем, алаша, шекпен, қоржын т.б.) егжей-тегжейлі мағлұмат
беріледі. Бізбен , сыммен шұлық, қолғап, шәлі тоқу жолдары;
Киіз басу. Мұнда жүн сабау, киіз басу, текемет, сырмақ сияқты
заттарды өрнектеу әдістері мен жұмыс процесі айтылады, кейбір істердің
үлгі-суреттері келтіріледі; кестешілік пен көркем тігіс өнері,
олардың түрлері, атаулары, кестелеу әдістері, керекті құрал-жабдықтары,
өрнек түрлері мен қазақ қол тігісі.
Зергерлік өнері, зергерлер жасайтын сәнді бұйымдардың түрлері
мен атаулары, зергерлік ісінің өзгешелігі, оған керек жабдықтар мен
істеу әдістері. Ат-тұрманы, теңге , моншақ, білезік, сақина,сырға,
алқа, шолпы жасаудағы зергерлер ісінің мәнерлері және т.б. Жайлардан
деректер келтіріледі;
Сүйек пен мүйізден істелінген әдемі заттар жүкаяқ, асадал,
кебеже, ожау, шолпы, піспек, адалбақан т.б. Олардың түрлері, әшекей
жасау әдістері;
Ағаш шеберлігінің жасаған әдемі заттары, оларды жасау, өрнектеу
әдістері, киіз үйдің сүйегін басу, олардың түрлері мен атаулары
ағаштарды құрастыру, бояу, сүйектеу, күмістеу және т.б.
Мал мен аң терілерін ұқсату, олардың түрлері мен атаулары,
ұқсату әдістері, иге салу, қайыс илеу, көң қатыру, тері ыстау, көң
тілу, өрімшілік, ат-тұрман жасау өнері.

1. Жүннен жасалатын бұйымдар

Қырқылған қойдың күзем жүні бірнеше рет тоғытылып, кірінен,
шайырынан тазартып, киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаң
тозаңнан, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, құйысқанын жазу
үшін сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдер мен бірге еркектер
де қатысады. Жүн сабау маусымды және көпке ортақ жұмыс болып
саналады. Жүн сабалап болған соң, “тулақ” шашу деген ырым бойынша
жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.
Жүн сабау жұмысына керекті заттар – сабау мен тулақ. Сабауды
бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқсқ теректен, жыңғылдан
маусым – шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығы 1
метр 20 сантиметрдей етіп, екі ұшын тегістеп, тұжырады. Сабау жүн
сабаушылардың санына қарай әр кісіде екі-екіден болады. Жүнді екі
сабаумен қос қолдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ төселеді.
Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірілген шикі
терісін айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап, сүт бүркіп,
шөптесінге төсеп жібітеді. Олай істемесе кеуіп тұрған тулақ сабауға
шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен
басады. Оған оралмаған ақ ши, ыстық су, шелек, шөміш қажет. 4 қанат
шиді екі қатар жарыстыра көктейді немесе шидің шет бауларын
байластырып қояды да үстіне екі қабат жүннен беттестіріле киіз
төселеді. Киіздің екі бетін асты мен үсті немесе киіздің өңі мен
теріскейі дейді.
Шидің үстіне яғни киіздің ішкі бетіне арналған жүн шабақталады,
яғни бұрын шабақталған үлпілдек жүнді шиге салып, екі адам
шыбықпен көпсіте шабақтайды. Шабақтау деп – шабақтап жаймалауды
айтады. Осыдан кейін киіздің оң жағына арналған таза, әдемі жүнді
сол қолымен уыстап алып, шабақталған жүннің үстіне салып отырып,
оң қолын қырымен басып қалып үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-
бірі жалғаса, бір тегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан
бет тартып машықталған, жүн тартудың шебері деп аталған бір адам
ғана орындайды. Себебі екі-үш адам болса, жүн ала-құла тартылады да
біркелкі шықпайды.
Егер басқалы отырған киіз сырмаққа арналса, онда оның астыңғы
бетіне бозғылт қызыл түсті жүндер шабақталады. Бетіне ең әдемі жүн
тартылады. Сырмаққа арналған киіз жұқа басылады. Егер қалың болса,
сырмақ астарланып сырыла келе өте ауырлап, ыңғайсызданып кетуі
мүмкін. Сөйтіп киіздің үстіңгі беті тартылған соң, жүннің
біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет жүріп өтіп, киізді
алақанмен басып көреді. Жұқа жеріне жүн қосады, қалың жерін
жаймалап жұқартады. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелектеп
әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір
жақ шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз
салмағымен жүнді басып, шабақталған жүнмен тартылған жүнді біріне-
бірін қосып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып
жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды.
Су себіле бастасымен қатар отырған 3-4 адам басылып жатқан
жүнді қабаттай шиыршықтап ескен тәріздендіріп, жинап отырады. Шиді
ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Осы
тәртіппен жүн тартылған ши түгел жиналған соң оны сыртынан жіппен
шандып,жұмырлап байлайды да ортан белінен, бір жерінен немесе екі
жерінен арқанды өткізіп алып, екі басын тұйықтап бос салып қояды.
Бұл шиыршықталып жатқан шиді домалатып сүйрету үшін қажет.
Осыдан соң бүктеліп жатқан шидің бойын бойлай 10-12 адам
қатар адам жүріп келе жатып шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп
отырады. Бұларға қарама-қарсы бір адам тұрады, оны қой бастар дейді.
Ол бүктеліп әзір жатқан киізді өзіне қарай домалата сүйрейді. Үнемі
домалап жылжып бара жатқан киіз тепкіленіп әбден төселеді.
Мұндағы бір шартты нәрсе – киіз бойында тепкі тимеген жер қалмауы
тиіс. Әйтпесе киіздің бір жері кірігіп, бір жері кірікпей босап, жүн
қалпында қалып қоюы мүмкін. Ондай жер кейін тесік болып шығады.
Киізге ою салынған болса, яғни текемет болса 1 сағат
тепкеннен кейін шиді тарқатып, киіз бетіндегі өрнекті түзетіп алып,
оны қайта орап, тағы да тебеді. Жалпы киізді тебу уақыты 2 сағаттан
3 сағатқа дейін созылады. Киіз неғұрлым көп тебілсе, соғұрлым
шымыр, тегіс, әдемі шығады да, ондай киіз көп уақытқа дейін қопсып,
түтеленбейді.
Киіздің тебуі жетті- ау деген кезде, шидің шандуларын шешіп
шиыршықталған киізді шешіп босатады. Содан кейін киіздің асты-үстін
ауыстырып отырып 3-4 рет шиыршақтап, бүктейді де екі басын
түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып
сығымдап, үстін күпімен, тонмен жылылап жауып тастап булайды. Мұны
булау немесе кірлеу дейді. Бұл әдіс арқылы кіріккен киіз буланып,
бөрттірген дән сияқты біраз ісінеді. Солай жабулы бетінде бір бір
жарым сағат жатады.
Ыстық бумен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң
шешіп алып, қайыра ширатып тағы да жіппен шандып байлайды.
Қатарласа отырған киізшілер шидің үстінде көлденең жатқан киізді
өздеріне қарай жұла тартып алып, тізесіне соғып, білегімен ұрып
басады. Мұны білектеу немесе киіз басу дейді. Киізді әрлі-берлі
домалатып білектегенде үнемі бір жердегі жіптен ұстай бермей,
ауыстырып отырып білектейді. Осы тәртіппен 3-4 рет ауыстырып
білектеген соң, оны шандуынан жазып алып, әрі-бері созғылайды да ,
қарпуға кіріседі .
Білектеліп болған киізді ұзынынан екі қабаттап бүктеп, оның екі
басын бір-біріне түйістіре шуда жіппен көктейді. Сонда киіз шұжық
сияқты қалыпқа түседі, киіз басушылар осы дөңгелек киізді ақ шидің
үстіне салып, айнала отырады. Киізді алдымен бірыңғай оңға қарай
жұла серпіп екінші кезекте солға қарай серпиді. Қарпу үстінде
киіздің шетін қымтап ұстап отырғандардың қолдары оңнан-солға қарай
жылжи береді. Қарпылған киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де , екі
жақ бетіндегі кірікпей қалған бос қылшықтары түседі.
Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп ширай түскен киіз біраз
қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Енді оны жіппен шандымайды, тек
ұзынынан шығара созғылай есіп шиыршақтайды да әуелі бір жақ шетін
білектеп есе отырып екінші басына жеткізеді. Одан кейін екінші
басын тағы да соза білектей отырып екінші басына апарады. Сонда
киіз молығып, созыла түседі. Бұл жұмыс барлығы 10-20 минутқа
созылады. Киізді білектегенде және ұзындағанда оның екі жақ басында
жуан ағаш,жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып отырады. Сонда
киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай, тегістеліп
шығады. Ұзындаудан кейін киізді желге қойып кептіреді. Кепкен киізді
тобылғы, қараған сияқты бұталардан буылған сыпыртқымен соғып, сыпырып,
бос жүрген қыл-қылбырынан арылтады. Осыдан кейін киізді тұрмыс
қажетіне тұтына береді.
Киізді кейде пісіреді, яғни пысықтайды. Бос басылған немесе
бірсыпыра уақыт кесек киіз күйінде пайдалануда болып созылған киізді
үйге жабарда, одан аяққап, киіз есік, сырмақ жасарда шидің үстіне
салады да, ыстық су құйып білектейді. Бұл уақытта киіз кірігіп,
шымырлана түседі. Киіз басудағы жұмыстың бұл жүйесін киіз пісіру деп
атайды.
Аттың кежіміндегі, сондай-ақ қалпақ, кебенек, жайнамаз сияқты
жұқалаң келетін киіздерді әр түрлі өрнек жасау үшін кейін қамшымен
оюлап киілетіндей етіп жасайды, мұны талдырма дейді. Ондай арнаулы
киіздерді бір бет етіп жұқалап басады, яғни тек ши бетіне
шыбықпен шабақтап алады да, ыстық су құйып басады. Киіздің ақ, қара
, бозғылт, кейде қызғылт түсті болып шығуы әдейі таңдап алып, бөлек
сабалған қой жүндерінің түсіне байланысты. Дайын болған киізді
өзінің арналып басылуына қарай өре киіз , кесек киіз, текемет киіз,
сырмақ киіз, талдырма, сатылмақ киіз, қозы жүнді киіз деп түрге бөліп
атайды.
Қой қырқу, жүн сабау, киіз басу сияқты жұмыстар жайнамаз бір-
ақ рет келетін науқанды жұмыс саналған. Сондықтан ауыл жастары
мұндай жұмыстарға ерікті түрде араласуды, көмектесуді өздерінің
міндеті деп біліп, оған бар ынтасымен қатысады. Жүн сабау, киіз
басу жұмыстары жастардың бас қосып, әзіл-оспақ айтысатын өте көңілді
сауық-сайран орны болған . Қазақтың “киіз басу” биі, “қой басты”
ойыны, жас балаға бір шүйке жүн беріп жіберіп, құрт-май және басқа
да дәмді ас алдырып жеу дағдысы да, еңбектің өзіне тән ерекшелігіне
байланысты өз кезінде туған салт-дәстүрлер еді.
Халық арасында киізді қалыпқа салып басып шығару әдісі де
ерте заманнан бар. Бұл әдіспен көбінесе киіз етік, ұйық (пима),
қалпақ, байпақ сияқты заттар жасалған. Олар әрі жылы, әрі жеңіл, әрі
әдемі келеді.
Енді киізді қалыпқа салып, басып шығарудың кейбір үлгілеріне
де тоқталып өтейік.
Киіз етік. Киіз етіктің басы мен қонышын бөлек, екі бет етіп
пішіп алып, тігістіктеріне былғарыдан немесе жақсы иленген сыздық
салып отырып қусырып тігеді. Қонышты жұқа былғарымен оюлап
көмкереді. Өкшелігіне сірі салып, әдемі былғарымен қаптап, оның сыртын
өрнектеп қояды. Киіз етіктің де басын былғарымен жұлықтайды. Басына
қалып салып отырып, табандығын бүрмелеп, былғары ұлтарақша салып, ұлтан
, өкше қағады. Киіз етік аяз тартпайды, өзі әрі жұмсақ, әрі жеңіл,
әрі сәнді. Оны ауылдық жерлерде қазір “боти” деп атап жүр.
Пима басу. Пима қойдың күзем жүнінен , қозы жүнінен басылады.
Онда да басылу процесі киіз басу сияқты. Әуелде шабақтап алып,
бетінен қолмен тарту арқылы орындалады. Бірақ мұның астына ши
орнына кенеп төселеді. Ұйықтық киізді кенептің үстіне шабақтап
басуға әзірлегенде оны аяқтың үлкен-кішілігіне қарай бейімдеп екі
бет етіп нобайлап төсейді. Осындай етік басының нобайы екі бөлек
жасалып алынған соң, оның шет-шетін қаусырмалап, қайырып(ішіне кенеп
салып отырып) бірін-біріне беттестіреді де, сонан соң су себелеп,
қолмен қусырып талдырма етік бейнесіне келтіре бастайды. Содан кейін
оның басын желкелігінен асыра тағы да қабаттап, әдемі жүнмен
орайды. Осындай орау өкшелікке де бастырылады. Пиманың табанын
қалыңдату үшін жұлықтан асыра үшіші рет жүн басылады.
Осылай әзірленіп алынған талдырманың арасына кенеп салып, сыртын
кенеппен орап ыстық су құйып отырып білектейді. Талдырма киізденіп,
рабайсыз үлкен жұқа байпақ тәрізденіп шығады. Содан кейін соны
қайнап жатқан суға салып, 30-40 минут қайнатады да, дөңгелекке немесе
қалың тақтайға салып (бұл кезде пиманың іші – сыртындағы кенеп
алынып, оған бас қалып салынады),қашан киіз кірігіп, қалыңдап,
кішірейіп қалыпқа түскенше (2 сағат, кейде одан да көп уақыт)
тоқпақталады. Тоқпақтау үстінде оны біресе ұзынынан, біресе
көлденеңінен, біресе қонышымен басын қоса жымырып отырып ұрғылайды.
Қайнап тұрған суға салып ұрғылаған сайын киіз қалыңдай түсіп
кірігеді, шымырланады, көлемі кішірейіп, бұралған жеңдей құрысып
қалады. Содан кейін оны тағы да бірер сағат қайнатып алады да,
ыстық күйінде қалып соғады. Ең алдымен бас қалыппен өкшелік
салынып, біраз соғылады. Одан кейін желкелік салынып тағы да
соғылады. Бас пен өкше бейнеленіп шыққан соң, оны дөңбекке салынып
отырып, алқымынан, желкесінен тағы тоқпақтайды. Бір жағынан пиманың
басын, алқымын, желкесін арнаулы жарыққа, бұжыр темірге , кедір-бұдыр
ағашқа үйкелеп, сүргілеп отырады. Сонда пима сыптығырланып әдемілене
түседі.
Пима әбден шымырланып жетті-ау дегенде, оның үлкен-кішілігіне
қарай, желкелік пен өкшеліктің арасына сына қағылады. Ол кезде
пиманы оқтын-оқтын ыстық суға салып отырады. Сондай-ақ қоныштың
кеңдігіне қарай кіші сыналар қағылады. Содан кейін біраз
тоқпақталған соң қалыпты суырып, пиманың іші-тысын қарап көреді де,
қайтадан қалыпқа салып, пиманы ыстық пештің үстіне кептіруге
тастайды.
Кепкен пиманы түрпімен егеп, кейде сырт қылшықтарын жалынға
үйітіп әдемілейді. Егер ақ жүннен басылған пиманы қарайту қажет
болса, оны қара бояуға салып қайнатып бояйды. Пиманы өте қатты
шымыр етіп басу үшін оны қайнатқанда белгілі мөлшерде түрлі
қышқылдар қосып отырады.

1.2 Киіз басу

Киіз төсеніштер қойдың таза жүнінен басылып, пісіріліп, қарпылып,
бір түсті кесек киіз түрінде бетіне ою-өрнектер салынған гүлді
текемет түрінде , киіздерді біріне-бірін ойыстырып жасаған сырмақ
түрінде кезігеді.
Киіз төсеніштер ішінде сырмақ түрлері: асты-үсті не үсті
шымқай ақ киізбен жабдықталған, бетіне ақ шуда жіппен ғана ою-өрнек
түсіріле сырылған ақ сырмақ. Шымқай ақ киізбен жабдықталған бетіне ақ
, қара, қызыл,сары, көк , жасыл т.б. түсті жіптердің бірінен сыңар
жиек арқылы ою-өрнек түсіріле сырылған ақ сырмақтар. Асты-үстіне,
үсті шымқай қара киізбен көмкерілген , бетіне тек қара шуда жіппен
ғана ою-өрнек түсіріле сырылған қара сырмақ.
Шымқай қара киізбен қапсырылған, бетіне ақ, қара, сары, қызыл,
жасыл, көк түсті жіптердің бір түсінен сыңар жиек арқылы ою-өрнек
түсіріліп сырылған қара сырмақ.
Беті шымқай бір түсті киіз болса да, ортасына бір түсті
жиекпен ою-өрнек түсіріліп сырылған, жақтауы басқа түсті жиекпен, әр
түрлі ою-өрнекпен көмкерілген сырмақтар киіз өңіне қарай ақ немесе
қара сырмақ деп аталады. Бұлай аталу сырмақтың негізгі төсегіне
байланысты. Яғни беті шымқай ақ киіз, бетіне бір түсті матадан
ою-өрнек жапсырылған , ою шеттері бір түсті сыңар жиек жіппен
жиектеліп сырылған ақ сырмақ болса, керісінше беті шымқай қара
киіз болып, оған бір түсті матадан ою-өрнек жапсырылған, ою
шеттері бір түсті жиек жіппен жиектеліп, сырылған қара сырмақ. Кейде
сырмақтың ортасына бір түсті, жақтауына басқа бір түсті матадан
ойылған оюлар жапсырылады да ою шеттері жиектеледі. Киіз сырылады.
Мұндай сырмақтардың үстіне матадан ою жапсырылғанымен киіз өңіне
қарай ақ сырмақ, қара сырмақ деп аталады. Сырмақ киіз өлшемі
пішіліп алынған соң, сол киіз үстіне шақталған бір түсті матаға
басқа түсті матадан ою-өрнек ойылып жапсырылады да, осы матамен
киіз бетін тұтас қаптайды.Сонан соң ою шеттерін қуалай сыңар жиек
жіппен әрі жиектеліп, әрі сырылып шығарылады. Мұндай сырмақ үстіне
тұтас қапталған мата өңіне сәйкес түстеліп аталады.
Кейде мұндай сырмақтардың ортасындағы ою-өрнек бір түсті
матадан, жақтауларының ою-өрнегі басқа бір мәнерде ойылады. Орта мен
жақтауға ойылған оюлардың мән-мазмұны, мәнері бірін -бірі
қайталамайды. Сырмақ сырылады, жиектеледі, астарланады. Сырмақтың осы
түрі жеңіл және әдемі болады. Көшпелі тұрмыста іргеден өтетін
ызғардан сақтану үшін қолданылатын түскиіз де кәделі бұйымның бірі.
Оның қарапайым киізден басталып, неше түрлі сәнді әдемілері де көп-
ақ. Алуан түрлі ою-өрнек түсірілген, оқаланған, төңірегіне құндыз
ұсталған, кей жеріне алтын, күміс теңгелер мен меруерт, маржан
қадалған аса қымбат түскиіздердің ортасына жолбарыс , ібіліс, қабылан,
сілеусін т.б. аң терілерін тұтастай жапсырылған түрлері де кезігеді.
Кейде сән үшін аң мен мал терілерін сырмақ ортасына тұтастай
жапсырған немесе тері мен киізді біріне-бірін ойыстырған сырмақтар
да болады. Мұндай төсеніштерге жүні мықты, тез қырқыла қоймайтын аң
мен мал терілері пайдаланылып, сырмақ асты жеңіл матамен
астарланады.
Көшпелі,жорықты өмір талабына сай жабдықталатын осы сырмақ
атты төсеніштер көбінесе бірыңғай таза киізден жасалады. Осыған орай
олардың үлгісі, көлемі, түр-түсі, тіпті қай еденге , оның қай
жеріне салынатын , тасталатын, жататын орнына дейін нақтап, ат қойып
айдар тағылатын. Мәселен, үлкен сырмақ, от киіз, от сырмақ, тері
сырмақ, тері бөстек. Ал түр-түсіне қарай-ақ сырмақ, қара сырмақ, қара-
ала сырмақ, қызыл ала , сары ала, көк ала, тағы-тағылар болып атала
береді.
Қара ала сырмақ. Шымқай ақ, шымқай қара екі түсті киізді
біріне-бірін ойыстыру арқылы шығарылған, түсіне қарай қара-ала сырмақ
аталады. Осы қара ала сырмаққа қазақы қойдың күзем жүні мен қозы
жүнінің шымқай ақ , шымқай қарасы іріктеліп алынады. Сырмақ үшін
арналған жүн тоғытылған қойдан қырқылып, үлпілдете сабалады да, ши
бетіне шабақталады. Осылайша дайындалған жүн басылып шыққаннан кейін
пісірілгенде қалыңдығы шынтақ елі мөлшерінде болады. Сырмақ киізі
қарпылмайды. Ақ, қара екі түсті киізбен жабдықталмаған қара ала
сырмақ ойыстырылуы жағынан бірнеше түрге жіктеледі.
Тұтас ою – сырмақ өлшеміне пішілген ақ, қара киіз оң- теріс (ақ
киіз өңін ішіне, қара киіз өңін сыртына) беттестіріліп, көктеледі.
Осының ақ бетіне бір ұғымды толық беретін ою-өрнек тұтас
түсіріледі де өрнек мәнері үзілместен ойылып шығарылады.
Шеттеп ою – сырмақ өлшеніп пішілген ақ, қара киіз оң-теріс
беттестіріліп көктелген соң бетіне бір ұғымдағы ою-өрнек сызылып ,
ойылады. Ойылған бөлшек сырмақтың ортасына салынады. Ал сырмақтың төрт
жақтауына өлшеніп пішілген ақ және қара киіз оң-теріс
беттестіріліп көктелген соң, жақтаудың ақ бетіне соған лайық бір
ұғымды білдіретін қалаған ою-өрнектің түрі сызылып түсіріледі де
ойылады. Сонда төрт жақтаудағы өрнек мәндері толық бір ұғымды беруі
тиіс.
Кейде екі ұзын жақтауы бір ұғым, ал екі қысқа жақтауы басқа
бір ұғымды білдіретін өрнекте түсіріледі. Ол да жоғарыда
айтылғандай, ортасы бір бөлек, жақтаулары бір бөлек айтылады. Соған
орай шеттеп ою деп аталған. Бұл тұтас оюдан жеңілдеу түседі.
Ортасы қара ала сырмақ. Ортасына ақ және қара киіз ойыстырған
сырмақтың ортасы қара ала болып шығады. Ал төрт жақтауына шымқай
ақ не шымқай қара киіз оймастан тұтас ендіріледі. Бұл жағдайда
жақтау бетіне қалаған бір ұғымдағы ою-өрнекті сыру немесе жиек жіп
бастыру жолымен түсіреді.
Төңірегі қара ала сырмақ. Төрт жақтауына ақ және қара киіз
ойыстырған сырмақтың төңірегі қара ала болып шығады. Ал сырмақ
ортасына шымқай ақ не шымқай қара киіз оюсыз орналастырылып, киізге
сырмақ иесінің талғамына қарай бір ою-өрнек сыру немесе жиек жіп
бастыру жолымен түсіріледі.
Таза жүн, таза киіз, әрі қалың, әрі мықты сапсымен , ыстық пен
суықтан қорғайтын табиғи қасиеті мен көшпелі, жорықты тұрмысқа
төзімділігімен етене болған төсеніштің мақтаулысы қара ала сырмақ
болған. Сондай ақ зерделі ою-өрнегінің ұғымы, мазмұнымен, ою-өрнектің
алуан түрлі мәдениетімен, өрнек мәнерінің айшықтары ұнамды, әдемілігімен,
мән-мағынасы жағынан өз алдына ұлттық – этнографиялық бедері бар өнер
туындысынан шыққан мүліктің бірі де тағы қара ала сырмақ.
Оюға әзірлеу. Ол үшін қара ала сырмақтың тұтас ойылатын ақ
киізінің бетін ішіне (арасына), қара киіздің бетін сыртына келтіріп (оң-
теріс беттестіріп) қабаттау керек. Сонан соң ойғанда киіз де ою да
сырғып кетпейтіндей етіп жиі көктелуі қажет. Көктегеннен кейін ақ
киіздің бетіне қалаған бір оюдың толық ұғымын беретін тұтас өрнегі
сызып түсіріледі. Тұтас ойылатын қара ала сырмақ киізін осылай
дайындау ойыстыру деп аталады.
Киіз ою. Оюға пышақ қажет болады.Ол пышақ әрі өткір әрі епті
болуы шарт. Пышақ сызыққа тік (900) шаншылады. Оны екі жақтың біріне
жантайтуға, толқытуға мүлде болмайды. Егер осы шарттар титтей бұзылып
ағат кетсе, өрнектің мәнері, тіпті ұғым зердесі бұзылады. Сондықтан
пышақ ұстау шарттары есте болғаны жөн. Пышақ сол ұсталған бойы
қашанда ішке қарай тартылады. Кейде оюлардың әлжуаз, нәзік
мүйістерін шығару қиындаса, пышақты суырып алып, қарсы жақ сызыққа тік
шаншу арқылы мүйісті дұрыстап, бұзбай шығаруға болады.
Үйлестіру. Салғастыру жұмысы қара ала сырмақ бейнесін
келтіріп шығарғанда сол тұрған жерінен қозғалтпай тұрып, оюлардың
әрбір мүйіз, мүйіс, сағақтары мұқият үйлестіріле отырып, жер-жерден
жіпен іліп қосақталады. Осы жұмысты шеберлер үйлестіру деп атайды.
Біріктіру. Үйлестіру дұрыс шығарылғаннан кейін, киіздің оң
бетіне ақ , қара оюлар бірін - біріне қолмен түйістіре
жөрмеледі..Жөрмеген кезде тебен екі киіздің түйіскен қырын жара,
қарбыта шаншылады. Жөрмеу жібі жиілеу түсіп, киізге сіңіріле
тартылғаны жөн. Бірақ ою-өрнектердің бырысып , тырысып, өз
қабілетімен сиқын бұзбауы шарт.
Қос жиек. Бірі оң, бірі теріс иірілген екі жіпті осылай
атайды. Оның әрбір сыңары иірілген екі тал жіптен қабатталған.
Мөлшері жуандау ши мөлшерінде.
Қос жиек бастыру. Қос жиек оюлардың түйіскен сызығы үстін
бастыра қолмен ұсталады. Сабақты тебен ине бір жиекті жара шаншылып,
киіздің астына тік өтеді. Астынан үстіне қарай тік шаншылғанда ,
тебен екінші бір жиекті жарып үстіне шығады. Осы әдіспен жиек
жіптің бірін жарып астына, бірін жарып үстіне шығып, баппен алма
кезекпен тартылған шуда жіп жиекке көрінбейтіндей дәрежеде
сіңіріледі.
Сыңар жиек. Оң мен теріс ширатыла иірілген жалң жіп екі
қабатталғанда – сыңар жиек аталады. Қос жиеке қарағанда сыңар жиек
жуандықтау иіріледі.
Астарлау. Сырмақ беті ақ. Қара киіз оюлардың ойыстыруымен
бірттұтас қара ала киіз болып шығады. Бірақ бұл жалаң қабат және
жұқалтаң келеді. Сондықтан қара ала сырмақ көбінше пісірілген бірақ
қарпылмаған жұқалтаң талма киізбен асиарланады. Кейде қой жүнінен
арнайы иіріп, өрмектеп тоқылған астарммен жұқалтаң алаша
төсеніштерімен, кенеп қап сияқты астарланатвындары да болады.
Сызу- тігіс аты, яғни сырмақ беті мен астарды қосып біріктіру.
Жақсы сырылған сырмақ әсем де берік болады. Сырылғанда оюлар сиқы
бұзылмай, бырысып, тырысып, селкеу, көз ірку қалмай шығуы шарт. Әдетте
ақ және қара оюлардың іші түгел сырылады. Сыру тігісі ою жиегіне
жарым елі , шынтақ елі жерден оларды түкпірлеп жүргізеді. Әрбір
шаншуда тебен киізден тік өтіп, астынан үстіне тік шығып отырады.
Сондай-ақ әрбір шаншу аралығы және сырудың оң мен сол аралығы
біркелкі шығарылғаны дұрыс.
Жөрмеу - тігіс аты. Тілімізде тігіс атының 30-40 түрі бар..
Соның бірі жөрмеу. Шеберлер тілінде киізбен сырмақ шетін жөрмеудің
бірнеше түрі айтылады. Мәселен, шырыштап жөрмеу, сіргеше жөрмеу,
асықша жөрмеу, тарақша жөрмеу.
Алақұрттау – жиектеудің бір түрі. Тұтас ойылған немесе ортасы
бөлек, жақтауы бөлек ойылған қара ала сырмақтың ортасындағы оюының
айнала шеті мен сырмақтың жалпы төңірегі түгел жиектеледі. Кейде
осы жиек орнына арнайы шалынған таңдайша баулар, алақұрттар
бастырылады.
Мәселен, үшсаусақты ( 6 қол деп те айтылады) шалу, төрт саусақты
(8 қол деп те айтылады) шалу арқылы жіпті 6 қатар, 8 қатар түсіріп
таңдайлайды. Таңдайшаның ені бармақ елі, елі мөлшері. Егер ақ, қара екі
түсті жіп жалынған болса, баудағы таңдай көлденеңі бірі қара, бірі ақ
болып шығады. Мұны шеберлер тілінде алақұрт деп атайды.
Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан бері
белгілі. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жеріндегі
Пазырық қорығынан табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын
дәлелі.
Тарихи деректерге қарағанда, адамдар қола дәуірінде тас үйлерін
тастап, жаңадан қоныс теуіп, көшпелі өмір жағдайына көшкен тұста
киіздің алғашқы нұсқалары дүниеге келді десек болады.
Киіз үйдің сыртқы формасы сол қала дәуіріндегі тас үйлерден
алынып, жылдан-жылға практикалық жағынан күрделеніп байытыла келе
біздің уақытқа дейін жеткен.
Халық өмірімен бірге жасасып, біте қайнаған қазақтың киіз басу
өнері әлі өз маңызын жойған жоқ. Әдемі ойылған өрнекті текемет
пен сырмақтар ауыл және қала үйлерінің интерьеріне ерекше сән
беріп, үй тұрмысында төзімділігімен және көркемділігімен жоғары
бағалануда.
Киіз пайдалану мақсатына байланысты қалың және жұқа, тығыз да
мықты немесе босаң етіп басылады. Сонымен қатар киізден тұрмысқа
қажетті текемет басып, сырмақ ойыстырып, түскиіз тігіп, әртүрлі
аяққаптар, теңдер, дорбалар, шайкиіздер жасалынған. Жұқа басылған
ақкиізден әр түрлі бас киімдер мен сырт киімдер тігілген.
Киіз басу өнерінде халық арасында кең тарағаны – текемет басу,
сырмақ ою түрлері.Текемет – тұрмыста жылу ұстағыш, екінші жағынан киіз
үйдің ішкі интерьеріне сән беріп, керегеге ілінген әсем кілем,
тұскиіз, бау-басқұрлармен үндесіп, толықтырып тұрған.
Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан
басталады. Негізінен киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы
жүні қолданылады.
Жабағы жүн қойдан күн жылып, мамыражай болғанда, яғни
жазғытұрым қырқылады.
Күзем жүн қойдан күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да
жергілікті жердің ауа-райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай,
қойды бірнеше рет тоғытып жүні кепкеннен кейін қырқады. Қозы жүні –
қозы туған жылы бірінші қырқылған жүн. Сапасы жағынан талшықтары
нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді. Текмет, киіз басу жұмысына
осы жүндерден араластырып пайдалануға немесе бір маусымдық жүнді
пайдалануға болады.
Осы сұрыпталған жүндерді одан әрі өндіруге кірісу қажет.
Алдымен жүн сабалады. Оған ең алдымен ұзындығы метрден артығырақ
сабау таяқ керек. Жүн сабайтын жері тегіс әрі кең болуы керек.
Жүнді тулақ үстінде аула ішінде сабайды. Тулақ – жүн сабауға
арналып, ірі малдың терісінен шикілей керіп, кептіріп жасалады.
Текемет немесе киізге жабағы, күзем, қозы жүндерінен араластырып
пайдаланған кезде , бір тулақ жүн, яғни бір сабауға орта есеппен
бір қойдың күзем жүні, бір қойдың жабағы жүнінің төрттен бір
бөлігі, бір қозы жүнінің жартысы алынады, тулақты айнала отырып төрт
адам сабайды. Негізінен киіздің бетіне , текемет басу үшін күзем
жүн пайдаланған дұрыс. Текеметті түр ойыстырып басу немесе шүйкелеп
салу деп екі түрлі әдіспен басады.
Текемет бетіне өрнек орналастырудың бірнеше түрі бар: Ортаңғы
бөлікті айқындап, жиек оюларын түсіру; жиек оюын түсірмей, текемет
бетіне тұтастай бір ғана өте ірі ою тармағын түсіру өрнектері
салынады.
Киізден жасалған бұйымдарға салынатын ою-өрнектердің мән-мазмұны
, түп-тамыры сонау ерте дүние тарихында жатыр. Қазіргі кезде текемет
оюларында (кезінде) кездесетін өрнектерді біздің дәуірімізге дейінгі
Y-ғасырда жасалынған (Пазырық қорғанынан табылған) текеметтерден
кездестіруге болады.

1.3 Сырмаққа қолданатын ою-өрнектер

Сырмақтар бауларының бір—бірімен үйлесімді, олардың
жатықтығымен ерекше көз тартады. Ақ пен қара оюдың қосылар тұсында
қызыл жиек жүргізу нәзіктендіре түседі.
Сырмаққа салынар ою қошқар мүйіз тектес өрнек . Ол өте
дәлдікпен(симметриялықпен) орналасып, бір-біріне жалғасып, сырмақтың
шетіне бір бөлек, орта тұсына бір бөлек салынады. Бір ғажабы
өрнектің аяқталар (тұйықталар) жерінде ою кез-келген жерінен бөлінбей,
бір қошқар мүйіз тұтастай салынып, барып аяқталады. Ал осының өзінен
жоғарыда айтылғандай оюды тұтас түсіру үшін, оюды ояр алдында нақты
есеп болуын қажет етпей ме? Қайсыбір жерлерде оюды өсімдік тектес
етіп, әр түрлі гүл бүрлеріндей сәндеп беру кездеседі. Өрнекпен гүл
бейнелеу әсіресе Павлодар облысы тұрғындарының бұйымдарында көп
қолданған. Әрине, сырмақтың басы мен аяғына дейін бір-ақ өсімдік
бейнеленбейді, бір топ қызғалдақ қауашағына ұқсаса, енді бір тұста
дала гүлдерінің жапырағын , шырмауық сабағын көруге болеады. Осындай
бола келе сырмақ оюларының жалпы структуралық құрылысы Орталық
Қазақстан сырмақтарына тән тұйық, әр өрнектің жеке дара тұратын
сипатынан шығып кетпейді.
Ал Шығыс Қазақстанда кездесетін сырмақ оюларында өсімдік
элементтері кеңінен қолданылып, тіпті басқаша сипат алады.Олардың
орналасуы да басқаша- сырмақтың ортаңғы бөлігіне тұтастай түседі.
Сырмақтың орта тұсынан ұзынынан-ұзақ гүл сабағы іспетті түзу
тартылады да, осы негізгі сабақтан өзінше жекелей бірнеше сабақ
басталып, олар тағы ұсақ гүл жапырақтарына ұқсас бірнеше өрнектерге
жіктеледі.Ал осындай гүл іспетті гүлденген сырмақ оюларында да
өрнектің екі жағының өлшемдестігі қатаң сақталған. Оны сырмақтың
ортасына тағылған негізгі гүл сабағына тарамдалған бүрлерден анық
байқауға болады. Бүрлер сабақтың екі жағына бірдей тарамдалып
отырады.Сырмақтың шетін өрнектеген ою түстес жиекпен ортаңғы күрделі
өрнекті қоршап қояды Ол сырмақтың өңін ашу үшін емес, негізгі
оюын айқындап тұру үшін қолданылса керек.
Енді жоғарыда аталған сырмақ оюлары туралы айтатын болсақ ,
сырмақтың ортаңғы бөлігі жиек баумен бірдей ұзыннан үш бөлікке
бөлінеді.Ортаңғы бөлігінің екі шетінен де төрт жапырақты гүл
қауашағы тігілген жұқа киіз басылады. Сырмақ оюы өте күрделі, оны
құрастырушы адамның талғамы мен ой өрісінің биік, ою өнерінің
жетік маманы екенін ұқтырады.
Жоғарыда жазылғандай түрлі түске боялған киізден сырмақ сыру
дәстүрі мен оюлар ұқсастығы қырғыз халқында бар. Ол қырғыз бен
қыпшақтың аралас қонып отыруынан болар.
Сырмақ тігуде аңтабы ою-өрнектері: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, қос
мүйіз, құс тұмсық, бота мойын, тышқан ізі т.б. қолданылады.
Сырмақта аңтабы ою-өрнек әуендері мен қатар нәубет атты тік
сызықты ою-өрнек әуендері де жиі қолданылады.
Сырмақтың шетіне түсетін ою-өрнек әуендерін шет ою деп атайды.
Сырмақтың шет өрнегі көбінесе біркелкі жолдардан, бұрыш осьтері тік
орналасқан төртбұрыш, шырша, құс қанат, бүркіт, тырна және бірнеше
қатар иректелген жолдан тұрады Сонымен қатар сырмақтың шет оюы, ені
әр түрлі бірнеше жолдардан тұрады. Олардың әрқайсысында
өзіндік суреті тән. Мұндай шет оюы өзіндік, ою-өрнек әуені әр түрлі
түсте қайталанып отырады немесе ою-өрнек әуені бір қатарда бір
түсте үздіксіз қайталанып тұрады.

4. Ою-өрнектердің қолданылуы

Ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, халық шеберлерінің
көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түріне тоқталайық.
Қазақтың ұлттық дәстүрлі бұйым, дүние-мүліктерінің ішінде ою-
өрнектің негізі болған “мүйіз” оюымен әшекейленіп безендірілмеген
заттар жоқ десек қателеспейміз.Бұл өрнек қол өнер түрінің барлық
салаларында кездеседі және кеңінен қолданылады. Қошқар мүйіз ою-
өрнегімен зергерлер, шеберлер алқа, сырға, білезікті, сырмақ текеметті ,
кілем түскиізді, сандық-кебежені , киім-кешектерді өз ырғақ мәнерімен
безендірді. Оған оюдың құрамы, сырт пішіні, ырғақты толқынын,
сызықтары матаға , қағазға , теріге, киізге, ағашқа т.б. түсіруге не
соларға арналған үлгілерді ойып алуға ыңғайлы болды. Бұдан басқа
хайуанаттар әлемін білдіретін ою-өрнектің түрлері өте көп, бірақ
формаларының көпшілігі геометриялық денелерден тұрады. Мысалы, бота
көз,итқұйрық, құс қанат, құс тұмсық, тышқан із, түйе табан, омыртқа
т.б.
Өсімдік тектес оюлар мен шымылдық, перде, түскиіз, көйлек,
камзол, бешпент, аяққап, текемет шопы, сырға, қыш құмыралар және т.б.
заттар ойылып , кестеленіп, боялып, бедерленіп, әшекейлеуге қолданылады.
Өсімдік тектес оюлардың композициялық құрылымы да жан-жануарлар
оюындағыдай симметрияға , ырғаққа , тепе-теңдікке пропорцияға бағынады.
Текемет,сырмақ,түскиіз, кілемдерге қарасақ, аралық бөлік, жиек, сыңар
жиек секілді композициялық тепе-теңдікпен бірге симметриялық
үйлестіруді кездестіреміз. Бұлар ұлттық қазақ өнерінде ғана кездесетін
үйлесімдер . Ою-өрнектің гүл, жапырақ түрлерінен басқа да сырмақ ,
текеметке көп қолданылатын су өрнектерінде жиі кездеседі. “Су” өрнегі
мазмұны мен орындау пішіні жағынан өсімдік тектес оюлардың қатарына
жатпайды. Жалпы ою-өрнектердің кейбір ұлттық заттарға қолданған кезінде
мән-мағынасын , түрлерін шешуге көп пайдаланылады.
Геометриялық ою-өрнектің түрлері мен барлық ою-өрнек
байланысты, солардың мазмұнды сырын шешуде өзекті орын алған өрнек.
Оның қолданбайтын жері аз. Геометриялық оюдың негізі геометриялық
денелерден тұрады, атаулары да денелердің пішініне сәйкес.
Геометриялық ою-өрнектер әрбір шикізат түрлеріне жеңіл қолданылып, үй
жиһаздары ,сәулет ғимараттарында кең өріс алып тұрады. Оюлардың
осылай кең жайылып оюшы, шебер, ұста, зергер, суретшілердің
ойлау,талғампаздық , ізденіс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОЛӨНЕРДІ ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақтың қолданбалы өнері
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Қазақ халқының қолөнерінің даму жолы
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
ҚАЗАҚ - МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫҢДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
СӘНДІК ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ
Қазақ халқының қолөнері
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері
Пәндер