Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37.017. 924 (092) Қолжазба құқығында

МОЛДАСАН ҚУАНЫШ ШОРМАНҚЫЗЫ

Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың
негіздері

13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде
педагогика кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы
Ә.Н. Көшербаева

Ресми оппоненттері: ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика
ғылымдарының докторы
К.Қ.Қунантаева

педагогика ғылымдарының кандидаты
Т.Ә. Ахметов

Жетекші ұйым: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Қорғау 2009 ж. 6 шілде күні сағат 14-00 Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-
жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 2- қабат, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек
би,30, 3-қабат.

Автореферат 2009 жылы 6маусым таратылды

Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы: Ә.Ә. Саипов

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Мемлекетіміз бүгінгі таңда әлемдік кеңістікте
өзінің лайықты орын алуын мақсат етіп отыр. Осы биік мақсатқа жету жолында,
егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы экономикалық
өзгерістер барысында қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты
басқарудың тиімділігін арттыру, өзге дамушы елдерге үлгі боларлықтай
дәрежедегі еліміз үшін тарихымыздың пайдалы дүниелерін жаңғырту қажеттігі
туып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: Ұлттық
идеяларды іздестіру барған сайын көкейкесті сипатқа ие болып отыр,− деген
сөзі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасын, тарихи
тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың қайталанбас мұраларын қайта жаңғырту мен
жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге бағыттайды. Сондықтан, құнды еңбектерді
зерттеп, жастарға жеткізу, олардың бойына ата-бабамыздың өсиет етіп
қалдырған асыл мұраларын сіңіру, жалпыадамзаттық құндылыққа, әсіресе,
ғылыми дүниетанымға жаңаша көзқараспен қарау қазіргі педагогика ғылымының
назар аударып отырған мәселелерінің бірі болып отыр. Мұның тиімді шешімі
мемлекеттік деңгейдегі ресми құжаттарында қарастырылады: Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы (2007 ж.), Қазақстан Республикасы білім
беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы,
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы, т.б.
Қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгерту Білім
туралы Заңының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Сол сияқты
жастарға рухани тәрбие беру туралы Қазақстан – 2030 тұжырымдамасында:
...біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабалардың игі дәстүрін сақтай
отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр
болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі
әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады,– деп көрсетілген. Бұл ойға
ұласатын Мәдени мұра бағдарламасында ұлттық тәлім-тәрбиелік ұғым-
түсініктерінің бүгінгі ұрпаққа берері мол сан ғасырлық рухани қазынасы
туралы айтылады және бағдарлама арқылы халқымыздың бай тарихын, оның
ерекшеліктерін әлемдік деңгейге көрсету көзделген.
Сонымен, Орталық Азия барысына айналуды мақсат еткен Қазақстан үшін
мемлекеттің іргесін бекітетін, жастарға нағыз ұлттық тәрбие беретін құнды
дүниелерді жаңғырту – бүгінгі таңда басты мақсат-мүдде.
Тарихи деректерге, атақты ойшылдардың еңбектеріне сүйенсек, ерте заманда
қалыптасқан құндылықтардың бірі - тәлім-тәрбие үрдісінің ізгілікті
басқаруға негізделгені. Кез келген іс-әрекеттің нәтижесі басқаруға
байланысты болып келеді. Ал мұнда ізгіліктің мәні зор. Сондықтан, заманынан
озып туған кемеңгер ғұламалардың ұлағатты сөздерiнде, басқа ұғымдардан
айрықша, iзгiлiк идеясы әрдайым көрінiс тауып отырған. Бұдан мемлекеттен
саясат алыстай алмайтыны сияқты, iзгiлiк идеясы мемлекетің дамымайтынын
басқарудың дамуы негізінде жатқанын байқауға болады. Тіпті осы бағытта
жүргізілген зерттеу көрсеткендей, қоғамды ізгілікті басқару идеясы
ойшылдардың еңбектерінде арнайы ілім ретінде зерделеніп, осы арқылы ежелгі
кезеңнің өзінде-ақ тәрбие мәселелері шешімін тауып отырған. Бұған дәлел
болатын қазақ тарихының топырағы бір бастау арнасы – ежелгі түрік
дәуіріндегі өркениет мұралары. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген,
табиғат, қоғам, адам дамуының заңдылығын өздерінің дүниетанымына арқау
еткен Күлтегін мен Білге-Қаған, Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд
Кашгари ізгілік адамның жүрегінде орнығатын қасиет - деген тұжырымдамалы
ойды басшылыққа алса, Абай ізгілікті адам тағдырымен бірге жаралған, оны
адам ойлап тапқан емес –деп жалғастырады. Түркі ғұламаларының көзқарасында:
мемлекет – адамға қамқоршы, ол адамды панасына алып отыр, өмір сүруiне
мүмкiндiгiнше жағдай жасайды. Әрбiр мемлекет, өзінің дамуына сай,
экономикалық әлеуетiне сай, өз азаматтарын қамқорлығына алады. Мiне,
iзгiлiктi басқару идеясы осындай құнды көзқарастармен негізделеді.
Ізгiлiк ұғымының тамыры тереңде жатыр. Ол өркениеттік құбылыстардың
барлық кезеңдерiнде орын алған. Ізгiлiк - ғайыптан келетiн, бiз бiлмейтiн
жерден келетiн ұғым емес, ол әрбiреуiмiздiң жүрегiмiзде, жан-дүниемiзде ту
тiккен қасиет. Ендi, мемлекет басқару жолындағы адамның осы тұлғалық
ерекшелігінің аса қажеттілігі түркі әлемінің ұлы ғұлама-ойшылы Жүсiп
Баласағұн бабамыздың еңбегінде толық ашылған. Түркі тілінде ел басқару
мәселесі туралы жазылған тұңғыш кітап та Жүсіп Баласағұнның Құтты білік
дастаны болды. Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік саяси жағдайларына байланысты
қоғамымыздағы әртүрлі өзгерістерді шешу, ұлттық санамыздың өсуі кезеңінде
ғұламаның энциклопедиялық мұрасында ізгілікті басқару туралы озық
педагогикалық ойларының құндылығы арта түседі. Ұлтымыздың қоғамдық-
философиялық ойының даму тарихына ерекше ықпал еткен қазақ даласынан шыққан
ойшылдардың көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасы қазақтың
тарихымен, мәдениетімен сабақтастығымен, өмір шындығын баяндауымен
дараланады.
Әрбір адам өз ұлтының мөлдір бұлағынан сусындамай тұрып, өзін толыққанды
ұлт ретінде сезіне алмайды. Нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-
техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан бүгінгі қоғам алдында тұрған
өзекті мәселе – білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру, жан-жақты дамыған,
шығармашыл тұлға қалыптастыру. Осы орайда, Жүсіп Баласағұнның педагогикалық
мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздеріне қайырымды басшы басқарған,
дамыған қоғамның негізін әділ заң, әділ елбасы, әділетті өмір қағидасы
қамтиды. Дастанның негізгі идеясы – ел басқару ісінің қыр-сырын білу, ел
басқарудағы әділеттіліктің болуы және ел мүддесін ойлайтын адал басшының
бейнесін көрсету арқылы құт дарыған, ізгілікті қоғам орнату. Жүсіп
Баласағұн пікірінше, мемлекеттің дамуы жеке тұлғадан бастап, ел басшысына
дейін олардың ақыл-парасаты мен біліміне, мінез-құлқына тікелей байланысты.
Сондықтан, бүгінгі таңдағы басқару тиімділігін арттыру мәселесінде басқару
мәдениетінің рөлі зор екендігін айта кеткеніміз жөн. Басқару мәдениеті
басқару процесінде кез келген құрылым мен ұйымның еңбекті ұтымды
ұйымдастыруының нәтижесі болып табылады. Дана ойшылдың: Жақсы мінез-құлық
пен ізгілік, адамға құрметпен қарау, басқарушының халқымен жақсы қарым-
қатынасы қоғамды тек ізгілікке, жақсылыққа бастайды. Мұндай ізгі бекті елі
еш уақытта ұмытпайды,−деуі, Құтты біліктегі мінсіз қоғам идеясы, қоғамды
ізгі басқару мәселесінде адам мінезін, болмысын терең сезіне толғануы Жүсіп
Баласағұн мұрасының қазіргі таңдағы ізгілікті басқарудағы ғылыми
танымымызды кеңейтіп, рухани бастау болмақ. Мемлекетті, халықтың тұрмысын
жақсартудағы әлеуметтік-эстетикалық көзқарасының бүгінгі өркениетті
қоғаммен үндестігі − Құтты білік дастанының халықтық тәлім- тәрбиедегі
тағлымды шығарма екендігіне дәлел. Қандай басшы болса да басқару ісінде
ақылмен іс қылуды, ең алдымен, адамдық ізгі қасиетті ұстануы керек. Ғұлама:
Өз мүддесінен қара халықтың мұң-мұқтажын жоғары қойып, халқына ізгі іс
жасаған басшының ғана халқына беделі арта түседі,− дейді. Басқару
мәселесінде ғұлама ұстанған рухани құндылықтар: қайырымдылық, парасаттылық,
ізгілік, тәрбиелі адамға тән іс-әрекет. Қайшылықты өмірде кездесетін
әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешу мен жүзеге асыруда жаны таза басқарушы
ғана кез келген мәселені әділеттілікпен шешеді, яғни Құтты білік
дастанының әр шумағы − басшысының бойындағы ел басқаруға лайық мінез-
құлықтың қоғамда алатын орны туралы ой-толғамдарға толы дидактикалық
шығарма. Сондықтан ғұламаның ұлы мұрасы ертеден-ақ көптеген ақындардың,
ғалымдардың, зерттеушілердің назарын аударды. Ең алдымен Қазыбек би
Тауасарұлы мен Абай Құнанбаевті атаған жөн. Ғылыми тұрғыда зерттегендер:
В.В. Бартольд, С.Е. Малов, В.В. Радлов, А.Н. Кононов, А.А. Валитова, М.С.
Фомкин, В.И. Асланов, А. Бомбачи, Х. Көроглы т.б.
Түркі дүниесінің мақтанышы Құтты білік атты ұлы жазбаның толық мәтінін
1986 жылы зерттеуші ғалым Асқар Құрмашұлы Егеубай көне түркі тілінен
қазіргі қазақ тіліне тұңғыш рет аударып, зерделеп, ғылыми айналымға
енгізді. Сонымен қатар, 2004 жылы белгілі ғалым Әбжан Құрышжанұлы
дайындаған Құтты біліктің ғылыми-поэтикалық аудармасы жарық көрді.
Түркі халықтарына ортақ Жүсіп Баласағұнның мұрасы ежелгі әдебиетіміздегі
көркем шығарма ретінде біршама зерттелді. Әдебиет тұрғысынан: Н.
Келімбетовтың, М. Мырзахметовтың, Ә. Қоңыратбаевтың, Р. Бердібаевтың,
Х.Ж.Сүйіншәлиевтің, Қ.Ө.Өмірәлиевтің, Ә.Б.Дербісалиевтың, М. Әліпханның
т.б. еңбектері белгілі.
Бүгінгі күні түркі-ғұлама ой-пікірлерінің ғылыми құндылығын кеңінен
ашатын көптеген философиялық, мәдениеттану, әлеуметтік-этикалық зерттеулер
де назар аударады: А.Қасымжанов, М.С.Орынбековтың, М. Хайруллаев, Ж.
Алтаев, Ғ. Есім, М. Масон, А. Қодаров, Д.М. Мәжиденова, С. Мукасов, Ж.Т.
Әміребаева, В. Горячева, Л. Витченко т.б.
Жүсіп Баласағұн шығармашылығының тәлім-тәрбиелік мәні Ә.Табылдиев, Қ.
Жарықбаев, С. Қалиев, Т. Әлсатов, Қ. Бөлеевтердің еңбектерінде
қарастырылған, ал педагогика тарихынан бірінші докторлық диссертацияны Ә.Н.
Көшербаева, кандидаттық диссертацияны Т.Ахметов жазғанын ерекше атап айтуға
болады. Ғұламаның педагогикалық мұрасындағы халықтық педагогика негіздері
Ұ. Жамированың жұмысында зерттелді.
Ғылыми жұмыстың негізгі мәселесін шешуде педагогика тарихының дамуында,
жеке тұлға туралы ой-пікірлерін зерттеген ғалымдардың еңбектері де аса
маңызды болып келеді: Т.Т. Тәжібаев, А.И. Cембаев, Г.М. Храпченков, А.К.
Көбесов, Ж. Әбиев, Қ.Б. Сейталиев, К.К. Құнантаева, А.Н. Ильясова, Б. Ы.
Мұқанова, И.Р. Халитова, К.М. Қалиева, Э.А. Урунбасарова, Ғ.Ұ. Қабикенов,
Э.Т. Құрманалиева, А.М. Құдиярова, Е.С. Аяған, А.К. Иманов т.б.
Зерттеу барысында тәрбиенің әртүрлі бағыттарын, солардың қатарында
ізгілік мәселесін қарастырған ғалымдардың да зерттеулері қызығушылық
тудырды: А.П. Сейтешев, Г.Т. Хайруллин, А.А. Бейсенбаева, К.К. Шалғымбаева,
Б.К. Абдугулова, Р.К. Төлеубекова, Г.Ж. Меңлібекова, Р.А. Джанабаева,
Н.Әлқожаева, К.Ә. Әбдреймова т.б.
Ғылыми ізденіс нәтижесінде жоғарыда аталған еңбектерді ескере отырып,
Жүсіп Баласағұнның мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері арнайы
тақырып ретінде зерттелмегенін айтуымыз қажет. Тарихи деректерге сүйенсек,
орта ғасырдың іргелі еңбегі Құтты білік жарыққа шыққан кезінен бастап-ақ,
өз заманында ізгілікті басқаруға үйрететін кітап болып бағаланды. Дастанның
сол кезде күллі елге мәлім болғанын кітаптың кіріспесін-ақ білуге болады.
Машын, Шын, Шығыс елдерінде Шахтардың әдеп-қағидалары, Мемлекеттің
дәстүрі, Өмір зейнеті десе, ирандықтар Шахнама түркі, енді біреулері
Падишаларға насихат, тұрандықтар Құтадғу білік деп атаған. Осыдан
Құтты білікті жазылған күннен бастап халықтың ақиқаттық-этикалық
жаратылысын, салт-дәстүрі мен жан-дүние құнарын айқындаған, тәлімдік
қасиеті аса жоғары тиімді басқару арқылы ізгілікті қоғам орнатуды мақсат
тұтқан туынды деп бағалауға болады. Ғалым-педагог Ж.Әбиев: Түрік және
парсы мәдениетінің нәрлі ұйтқысында туындап, араб дүниетанымының қуатты
ықпалымен толысқан ойшыл өз шығармашылығында адамның қоғамдағы орны мен
қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік тарихи,
ағартушылық-педагогикалық, философиялық мұраттарын дүниеге келтірді,–деп,
Құтты біліктің қоғамдағы ізгілікті басқаруды жырлаған ескерткіш
екендігін айтып кетеді. Қанша уақыт өтсе де дастан өзінің осы құндылығын
жоймаған, ұлттық тәрбиеге берері мол мәңгілік мұра. Дегенмен, түркі
халықтарының рухани асыл қазынасы болып отырған Құтты біліктің осы жағы
педагогика тұрғысынан зерттеу айналымында арнайы болған емес. Сондықтан,
дастандағы ізгілікті басқару мәселесіне ерекше назар аудару қажеттілігі
туындап отыр. Демек, бүгінгі ұлттық идеология іздестіру, жас ұрпақты ұлттық
құндылықтар негізінде тәрбие беру кезеңінде Жүсіп Баласағұнның ізгілікті
басқару туралы идеяларының қажеттілігімен олардың жүйелі бағытта
зерттелмегендігі арасында қарама-қайшылық бар екендігі анық байқалады.
Осындай қарама-қайшылықтың шешімін ғылыми тұрғыда іздестіру бізге зерттеу
проблемасын анықтауға және жұмысымыздың тақырыбын: Жүсіп Баласағұнның
педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері деп таңдауымызға
негіз болды.
Зерттеудің нысаны: Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасы.
Зерттеудің пәні: Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті
басқару идеяларының негіздері.
Зерттеудің мақсаты: Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы
ізгілікті басқару идеяларын ғылыми тұрғыда негіздеу, жүйелеу, тарихи және
аксиологиялық ұстанымдар арқылы олардың негізін ашып, жеке тұлға
тәрбиелеудегі мәнін айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ретроспективті және тарихи-генетикалық талдау негізінде ежелгі әлем
өркениеттеріндегі ізгілікті басқару идеяларының даму генезисі.
2. Орта Азиялық Ренессанс дәүрінің тарихи мәнін ашып, негізгі
ұстанымдарын айқындап және бұл мәдени құбылыстың ізгілікті басқарудағы
түркі ғұламалары ой-пікірлерінің дамуына ықпалын көрсету.
3. Түркі ғұламасы Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті
басқару идеяларын сипаттау, ойшылдың көздеген өркениетті қоғам орнату
мақсатына жетудегі басқарудың ұстанымдарын, бағыттарын, қызметі мен әдіс-
тәсілдерін жүйелеп, ғылыми тұрғыда негіздеу.
4. Тарихи-салыстырмалы талдау негізінде Жүсіп Баласағұнның
тұжырымдамасындағы ізгілікті басқару негіздері мен қазақ халқының тарихында
орныққан Билер институтының байланысын ашып, ғұлама идеяларының бүгінгі
таңдағы өміршеңдігі мен ұлттық тәрбиедегі құндылығын айқындау.
Жетекші идея: Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті
басқарудың негіздерін айқындау – жас ұрпаққа ұлттық тәрбие мен білім
беруде, Қазақстан халқының бүгінгі таңдағы дамушы елдердің қатарынан
көрінуінің және құқықтық мемлекет қалыптастырудың басты шарты болып
табылады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін тарихи-қоғамдық
заңдылықтар дамуын ашатын философиялық қағидалар, материалистік философия
құбылыстарының жалпы және өзара байланысы, тарихилық, шынайылық, тұтастық,
аксиологиялық ұстанымдар, тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас,
қоғамдағы жеке тұлға іс-әрекеті, қабілеті, жеке тұлғаның қалыптасуы туралы
қағидалар, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара бірлігі туралы
тұжырымдамалар, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көзқарас
тұрғысында ізгілікті басқару идеясының негіздері, мәдени мұраларды
зерттеудегі жүйелілік құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы, Мәдени
мұра бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының білімді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасында қабылданған ресми құжаттар, зерттеу мәселесі бойынша
отандық және шетел ғалымдарының зерттеу еңбектері, Жүсіп Баласағұнның
Құтты білік дастан қолжазбаларының факсимилесі, дастанның көне түркі
тілінен ғалымдар А. Егеубаев, Ә. Құрысжановтың қазақ тіліне аудармалары,
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан кітапханаларының сирек қорындағы тарихи
мұралар мен мұрағат материалдары.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, тарихи-
педагогикалық, тарихи-салыстырмалы, ретроспективтік, этнопсихологиялық,
жүйелі-құрылымдық, логикалық талдау, зерттеу мәселесіне байланысты қолжазба
қорларымен жұмыс, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу, жүйелеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу жұмысы (2003-2009ж.ж.) аумағында
жүргізіліп, үш кезеңді қамтыды.
Бірінші кезеңде (2003-2004ж.ж.) белгіленген тақырып аясында ғылыми-
педагогикалық әдебиеттермен танысып, жүйелеп, зерттеудің әдіснамалық
негіздері анықталды, философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық және
арнаулы тарихи әдебиеттерге талдау жасалды, қарастырылып отырған мәселеле
бойынша зерттеуші ғалымдардың еңбектеріндегі көзқарастары айқындалды.
Мұрағат материалдары жинақталды. Зерттеу жұмысының нысаны, пәні, мақсаты
мен міндеттері, әдіснамалық негіздері және әдістері нақтыланды.
Екінші кезеңде (2005-2006 жж.) философиялық, тарихи, филологиялық,
педагогикалық әдебиеттерге жүйелі талдауды жалғастырып, жинақталған мұрағат
материалдары сұрыпталды. Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанындағы
ізгілікті басқарудың негіздерін айқындауда тәлім-тәрбиелік идеялары мен
қағидаларының мәні мен мазмұны ашылып, логикалық-құрылымдық жүйесі жасалды,
ғылыми тұрғыда негізделді.
Үшінші кезеңде (2007-2008 жж.) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері
жүйеленіп, ұсыныстар, тұжырымдар әзірленді, қорытындыланды. Зерттеу
барысында пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талап
бойынша рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Ретроспективті және тарихи-генетикалық талдау негізінде ежелгі әлем
өркениеттеріндегі ізгілікті басқару идеяларының даму генезисі айқындалды.
2. Орта Азиялық Ренессанс дәүрінің тарихи мәні ашылып, негізгі
ұстанымдары айқындалып және бұл мәдени құбылыстың ізгілікті басқарудағы
түркі ғұламалары ой-пікірлерінің дамуына ықпалы көрсетілді.
3. Түркі ғұламасы Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті
басқару идеялары сипатталып, ойшыл көздеген өркениетті қоғам орнату
мақсатына жетудегі басқарудың ұстанымдары, бағыттары, қызметі мен әдіс-
тәсілдері жүйеленді, ғылыми тұрғыда негізделді.
4. Тарихи-салыстырмалы талдау негізінде Жүсіп Баласағұнның тұжырымдамалы
көзқкарасындағы ізгілікті басқару негіздері мен қазақ халқының тарихында
орныққан Билер институтының байланысы ашылды, ғұлама идеяларының бүгінгі
таңдағы өміршеңдігі мен ұлттық тәрбиедегі құндылығы айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу материалдары арнайы жалпы білім
беретін мектептерге және жоғары оқу орындарына автор құрастырған:
- Жүсіп Баласағұнның мұрасындағы ізгілікті басқару негіздері атты
арнайы курс;
- Мен − елімнің ертеңімін атты жалпы білім беретін шығармашылық клуб
бағдарламаларының негізін құрады.
Зерттеу нәтижелерін педагогикалық білім беру мамандықтары бойынша Әлем
халықтарының салыстырмалы педагогика, Педагогика тарихы,
Этнопедагогика және Этнопсихология, Педагогикалық менеджмент
курстарын жүргізу барысында және басқару мәселесін тереңдетіп оқыту
барысында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- ежелгі Шығыс мемлекеттері − ізгілікті басқару идеясының негіздерін
салған әлем өркениеттері;
- Орта Азиядағы Қайта өрлеу дәуірі − ізгілікті басқару идеясын қарқынды
дамытған тарихи құбылыс және тәлім-тәрбиенің жаңа сапада дамыған кезеңі;
- түркі ғұламасы Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастаны – ізгілікті
басқару идеясының негіздерін түркі тілінде алғаш баяндаған тәлім-тәрбиелік
еңбек; дастандағы ізгілікті басқарудың жүйесі.
- Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы басқарудың мақсаты-
ізгілікті қоғам орнату. Ғұлама мұрасының қазіргі заманға байланысты
өміршеңдігі және ұлттық тәрбиедегі құндылығы.
Зерттеудің ғылыми нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі ізденушінің
кең көлемде жасалған тарихи-педагогикалық, салыстырмалы-тарихи
зерттеулерімен, әдіснамалық ұстанымдармен, зерттеу мазмұнының ғылыми
аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдалануымен, мұрағат
материалдарын зерделеуімен, зерттеу нәтижелері мен тұжырымдардың оқу-тәрбие
үрдісінде қолданылуымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру.
Зерттеу жұмысының нәтижелері: Халел Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университетінің жаңа ақпараттық технологиялар орталығы
Қазақстанда жоғарғы педагогикалық білім беруді реформалау: тарихы,
тәжірибесі және болашағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда
(Атырау, 2007ж.); Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, академик
Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы Жаңа
Қазақстандағы этнопсихология мен этнопедагогиканың өзекті мәселелері ХІІІ
Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2008ж.); Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті Профессор Н.Оралбай және тіл білімі мен
әдістеме ілімі атты Халықаралық конференцияда (Алматы, 2008ж.) ,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы Мәдениет пен өнер
дәстүрінің әлем кеңістігіндегі сабақтастығы Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Алматы, 2008ж.); Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Білім беруді реформалау: ұлттық басымдылықтар және олардың шешімін табу
жолдары. Баласағұн оқулары атты II Республикалық ғылыми-практикалық
конференцида(Тараз, 2008); Рухани-ғылыми мұра тақырыбындағы
республикалық ғылыми- теориялық конференцияда (Алматы, 2008ж.); Қазақ
ұлттық педагогикалық университеті Білім беру жүйесін модернизациялаудың
қазіргі әдістері атты Ш.Ш.Шаяхметовтің 70 жылдығына арналған республикалық
ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2008ж.); Антверпен университеті
Европа түрік конгресінде (Бельгия, 2009 ж.) баяндалды. ҚР Білім және
ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті ұсынған:
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы (Алматы,2007ж.); Қазақ тілі мен әдебиеті
(Алматы, 2008 ж.); Білім-Образование (Алматы, 2008ж.); Ізденіс (Алматы,
2009ж.); Ұлт тағлымы (Алматы, 2009ж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы
(Алматы, 2009ж.) журналдарда жарияланды.
Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми аппараты:
нысаны мен пәні анықталады, зерттеудің мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы,
әдіснамалық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері, ғылыми
жаңалығы ашылып, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары көрсетіледі.
Адамзат дамуындағы ізгілікті басқару идеясының тарихи- философиялық,
әлеуметтік алғышарттары атты бірінші тарауда ізгілікті басқару идеясының
пайда болуының тарихи-философиялық, әлеуметтік, мәдени алғышарттары
қарастырылады. Ерте кезеңде қарқынды дамыған Шығыс өркениеттеріндегі
ізгілікті басқару мәселелері сиппаталып, Дала ойшылдарының ой-пікірлері
талданып, әлемдік педагогика тарихындағы бұл идеялардың генезисі
зерделенеді. Орта Азиялық Ренессансы дәүірінің ерекшеліктері мен олардың
түркі ғұламаларының басқарудағы ой-тұжырымдары мазмұндалады. Түркі ғұламасы
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастаны ізгілікті басқару мәселесін
баяндаған тұнғыш шығарма ретінде көрсетіледі.
Ғұлама -ойшыл Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ел басқару
идеясының негізі - ізгілікті қоғам орнату атты екінші тарауда ізгілікті
басқарудың негіздері ашылып, логикалық-құрылымдық жүйесін құрайтын
бағыттары, ұстанымдары, қызметтері, әдіс-тәсілдері көрсетіліп, олардың
тәрбиелік мәні анықталады. Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы
ізгілікті басқарудың негіздері мен қазақ тарихындағы Билер институтының
байланысы көрсетіліп, ғұлама идеяларының бүгінгі таңдағы өміршеңдігі мен
ұлттық тәрбиедегі құндылығы айқындалады.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне негізделген тұжырымдар мен
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқару идеяларын
пайдалануға байланысты ұсыныстар беріледі.
Қосымшаларда зерттеу жұмысы бойынша ізгілікті басқару туралы арнайы
курстың бағдарламасы мен мектеп оқушыларына арналған шығармашылық клубының
күнтізбелік-тақырыптық жоспары берілді.
Негізгі бөлім
Адамзат қоғамы үнемі адамдардың бірге тіршілік етуімен, өзара қарым-
қатынас әрекетімен, бір-біріне ықпал етуімен, пікір-таласымен өсіп,
өркендеп келеді. Мұндай аса қажетті және заңды үрдісте басқарудың рөлі зор
болмақ. Ғылыми тұрғыда: Басқару - әр алуан ортаның (әлеуметтік,
биологиялық, техникалық) белгілі бір құрылымын сақтап, әрекет ету режимін
қолдау, олардың мақсат-мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін
ұйымдастырылған жүйенің қызметі. Дегенмен, басқару – сан алуан ғасырларды
басынан өткізген күрделі үрдіс. Сондықтан тарихқа бет бұрғанымыз жөн.
Ғасырлар бойы қоғамның даму барысында адамзат бірнеше тарихи-әлеуметтік
кезеңді өткізді. Сол сияқты басқару үрдісі эволюциясының да тамыры тереңде
жатыр. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңінде әлемді түсінудің тәсілі аңыз
түрінде пайда болды. Аңыздың көмегімен қоғамның өткені, болашағы туралы
адамдардың ой-қиялы және олардың рухани өзара байланысы көрініс береді.
Рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Сол сияқты ізгілік
ілімінің бастамасы да, діни сенім, саяси көзқарас, қоғамды басқару,
т.б.туралы ой негізінде қалыптасты. Сол сияқты, ізгілікті басқару идеясы да
қазақ елінің ерте замандағы ой-пікірлерінде, мифтік аңыз, қиял-ғажайып
ертегілерінде көрініс тапқан. Бұлардан халқымыздың даму тарихында жазу-
сызудың жаңадан дамыған кезінде ру көсемдерінің ізгілікті басқару туралы
атадан балаға ұласқан тәлімінің мәні зор екендігін көреміз. Өмірден
көргендерін көкейлеріне түйген әрі жеке адамның мінез-құлқының қалыптасуына
және қауым мүшелерінің дамуына ықпал еткен, олардың іс- әрекетіне жол
көрсетіп басқару ақсақалдарының құзырында болды. Олардың шешімінің
орындалуы барлық қауымдастық үшін заңдылық еді. Бұл қоғамдағы ізгілікті
басқарудың алғышарттарының бірі десек болады. Ендеше, адамзат үшін ең басты
құндылық – ізгілікті қоғамда өмір сүру екендігі айқындала түскендей.
Басқару идеясының генезисін зерделеуде адамзат тарихында қайталанбас
ізін қалдырған, қоғамның қарқынды дамуына зор үлесін қосқан ертеде пайда
болған әлем өркениеттерін ескерген жөн. Олар былайша топтасады:
1. Ежелгі Таяу Шығыс
2. Ежелгі Қиыр Шығыс
3. Ежелгі Азия
4. Батыс өркениеті
Бұл өркениеттер өзіндік ерекшелігімен сипатталады, әрқайсысы ізгілікті
басқару идеясының дамуына өз ықпалын тигізді. Осы тақырыптағы мәліметтерді
ежелгі әдеби шығармалардан кеңінен табуға болады. Солардың ішінде назар
аударатынымыз − ежелгі Таяу Шығыстағы басқаруға байланысты философиялық
ойлардың озық үлгілерін баяндайтын, ежелгі Шығыс әдебиетінің ғажайып
туындысы Гильгамеш туралы дастаны. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың басында
Шумерде оңтүстікте − Урук және солтүтістікте Киш қала мемлекеттерінің
маңызы үлкен еді. Екеуі де әскери одақтардың орталықтарына айналып, Уруктың
патша көсемі Гильгамеш болады (б.з.д.2800-2700 жж. өмір сүрген).
Әлемдік педагогикада Хаммурапи заңы туралы көптеген мәліметтер
кездеседі. Хаммурапи жыл санауға дейiнгi 1792 жылы Бабыл мемлекетiне басшы
болады. Заңның беташарында Хаммурапидың Күн құдайы Шамаштың алдына тiзе
бүгiп, оның қолынан заң орамасын алып тұрған сәтi бейнеленген. Бұл көрiнiс
заңның құдай тарапынан ұсынылғандығын бiлдiрiп, оның қасиеттi
саналатындығын айғақтайды. Хаммурапи Бабыл халқы алдында ақылды да
парасатты, қасиеттi де қайырымды және ықпалды басқарушы болуды көздейді.
Хаммурапи заңының ел басқарудағы құндылығы- қоғамда құқықтық әділеттілікті
орнату.
Ізгілікті басқару идеясының өзегі байырғы өркениеттің, философия мен
мәдениеттің қарқанды дамыған жері Ежелгі Қиыр Шығыс, әрі Қытай елінде
жатыр. Гуманистік ойдың дамуында да Лао-Цзы (б.з.дVІ-Vғғ.) мен Конфуций
(б.з.д 551- 479 жж.) және оның ізбасарларының құнды ойларының орны зор.
Еуропалықтар Конфуций деп атап кеткен ұлы Кун-фу-цзи бүгінгі күні
ержүректігімен, адалдығымен, мемлекет ісіне берілгендігімен ерекшеленеді.
Ізгілікті басқарудағы Кун-фу-цзи тұжырымының негізі: адамшылық, гумандық,
сүйіспеншілік болып табылады. Ұлы көсем қоғамдық өмір және ізгілікті
басқару жайында былайша ой толғайды: Кісілікті тұтқан әмірші Темірқазық
жұлдыз сияқты - табаны таймайды, ал қалған жұлдыздар байланады да ,
айналады да жүреді немесе: Кісілік жөнімен басқарсаң, Рәсім орайымен
жасқасаң, халық елбіреп тұрады, һәм арын сақтайды, құлдық ұрады. Ұлы ұстаз
өсиеттерінің негізгі ұстанымдары мынадай: мейірімділік, жомарттық,
сабырлық, кісілік, заңмен басқару, әділ болу
Ізгілікті басқару туралы бұл ойлардың жалғасын көне Үнді халқы
мұраларының бірі, буддизм философиясының негізгі каноны болып саналатын
Дхамападада, дүние жүзіндегі ең көлемді дастанның бірі болып саналатын
Махабхаратада көрініс табады (б.з.д.VІ –ІІ ғ.б.з.). Дастанда патшалардың
ізгі іс-әрекеттері әділ, жомарттық, шындық, жақсылық ұғымдар арқылы
сүреттеледі. Басқарады әділ халықты, болды елдің қорған. Адамдардың
арманын, тілектерін қолдады. Жомарттықты өмірдің шын негізі деп ұқты.
Әділдікті ту етіп, жақсылыққа молықты-деп, ежелгі адамзат басшы туралы
ойын түйіндейді.
Жоғарыда қарастырған әлем өркениеттері ізгілікті басқару идеясының
тереңде жатқанын айқындайды. Әрине, сол кезде өмір сүрген басшылардың,
тарихи тұлғалардың ой-пікірлері кейінгі ұрпаққа арқа сүйеу болғаны мәлім.
Сондықтан, арнайы ғылыми айналымға еңгізілген түркі ғұламасы Жүсіп
Баласағұнның ізгілікті басқарудағы ой-пікірлерін зерттеуді көне заманда
дамыған өркениеттерден бастауымыздың да себебі осында. Тәлім-тәрбиелік
сипатымен, терең мағынасымен бағаланатын бұл тарихи деректерді ойшылдың
педагогикалық көзқарасының алғышарттары ретінде қарастыруымыз зерттеу
аясының кең көлемін, оның әдіснамалық құндылығын көрсетеді. Өйткені
ізгілікті басқару идеялар жалпыадамзаттық құндылық болып, жер бетіндегі
тіршілік жанның жақсылыққа деген талпынысын көздейді.
Зерттеу барысында жасаған тарихи-салыстырмалы, тарихи-педагогикалық
талдау Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізігілкті басқару
идеясының танымдық көздерін анықтауға мүмкіндік берді. Осы тұрғыдағы
тұжырымдамалы көзқарасымыз сүретте көрсетілген(1-сүрет).

1-сүрет –Жүсіп Баласағұнның ізігілкті басқару идеясының
көздері
Сүретте аталған компоненттер көздер ғұлама-ойшылдың философиялық және
педагогикалық шығармашылығын жан-жақты зерттеу арқылы сараланды. Біздің
ойымызша, ғұлама идеялары ең алдымен көне дәуірде пайда болған миф және
аңыз-әңгімелерде көрініс табатын халықтың наным-сенімдеріне негізделеді.
Бұған дәлел түркі тілінде ең алғаш жарық көрген Құтты білік дастанының
ерекше құрылымы. Дастанында төрт кейіпкер төрт қасиетті ұғымның - Әділет,
Дәулет, Ақыл, Қанағат - иесі болып табылады. Идеяның авторы Әділді –Кунтуды
Елік деп, оны хан сыйлайды. Дәулетті – Айтолды деп, оны уәзір етеді. Ақылға
-Өгдүлміш атын беріп, уәзірдің баласы болса, Қанағатқа –Одғұрмыш деп ат
қойып, оны уәзірдің ағасы санайды. Дастандағы атау ретіндегі балама
бейнелердің өзіндік мәні бар. Бұл төртеуі – құттың төрт діңгегі. Төртеуі
бірлікте болған кезде ғана ел бақытқа кенеледі. Тұлға бойына осы асыл
қасиеттер дарыса, ел бақытты өмір сүретіндігі дастанда ерекше көрініс
тапқан.
Баласағұнның көздеген мақсаты – ізгілікті басқару идеясын негізге ала
отырып, ізгілікті қоғам орнату. Құтты білік дастанында халық қамын ойлау,
халыққа қамқорлық жасау билік иелерінің басты міндеті болып келеді.
Ізгілікті басқару идеясы әлем кеңістігінің заңдылығы тәріздес. Жер
бетіндегі тіршілік аспандағы күннен басталады: Дүниенің нұрлы жомарт алыбы.
Күнді қара, сөнбейтұғын жарығы. Жарқыраған күнді көр де, көр мені, -деп
Елік өзін сипаттайды. Бұл космостық құбылыс жер әлеміндегі барлық тірі
жанға бірдей болып, өзінің сәулесін бәріне бірдей шашады. Күн нұрына бүкіл
адамзаттың бірдей тамсануға мүмкідіктері бар: нұрын шашып елге тең, күн
туады жарқыратып жер бетін- деген бәйітпен Баласғұн аспандағы күнді
адамның бойындағы ізгі қасиетпен байланыстыра білген. Табиғаттың ізгі
заңдылығын басшылыққа алған ғұлама дастандағы бас кейіпкер Елікті Күнтуды,
адамға тән дәулетті сипаттайтын оның уәзірін, аспандағы ай сияқты Айтолды-
деп ат қояды. Осыдан Баласағұнның терең философиялық ой-өрісін байқауға
болады.
Жүсіп Баласағұнның ежелгі танымдық көзқарасы тәңірлік дінінің негізін
салған данышпан Заратуштрамен ұштасып тұр. Ертедегі Шығыс поэзиясы мен
прозасының асыл мұрасы, сақтар мен ғұн, парсыларға ортақ Авеста кітабын
дарытқан Заратуштра Күнді әлемнің тірегі, барлық тіршіліктің жаны – деп,
адам болмысындағы рухани күштің ізгі табиғатын ерекше бағалайды. Заратуштра
іліміндегі өзекті идея: ізгі сөз, ізгі ой, ізгі іс - әрекет бірлігі
идеяларын кездестіреміз. Заратуштра сол кездің өзінде рухани-танымдық,
тәрбиелік ойларымен қатар басқару туралы да тәлім-тәрбиелік мәнді ойлар
айтқан.
Жүсіп Баласағұнның ізгілікті басқару идеясының екінші негізі –халық
тәлімі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі. Ата-бабадан келе жатқан дәстүрлері -
үлкенді сыйлау, тілді құрмет тұту, адамгершілікті болу - Құтты біліктің
әр бәйітінде орын алған. 6500–ден астам бәйіттен тұратын дастанның мазмұны
осы төрт кейіпкердің сұхбатынан құрылады. Яғни, дастандағы ізгілікті
басқарудың негізіне: төрт асыл қасиет әділет, бақыт, ақыл, қанағат арқау
болады. Дана халқымызда құт-береке, дәулет, ынсап деген қасиетті ұғымдар
бар. Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн халық тәлімінен шығатын Әділет, Дәулет,
Ақыл, Қанағатты басты тұлға ретінде алу арқылы құтты ел құруды, әділетті
қоғам орнатуды басты мақсат етеді. Қорыта айтқанда:ізгілік туралы тәлім-
тәрбиелік көзқарастың қайнар көзі – халықтық педагогика.
.Құтты білік дастанының үшінші негізі – әлемге танымал классикалық
шығармалар, тарихи ғұламалардың ғылыми тұжырымдары, ел басқарған
тұлғалардың өсиеті мен ізгі іс-әрекеті. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу Ұлы
Жібек Жолының бойында орналасқан, байырғы өркениеттің ошығы болған Орталық
Азия континентіне тоқталғанды қажет етті. Әлем тарихында бұл аймақтың сом
тұлғалары Дала ойшылдары деген атпен белгілі. Бақыт пен ізгілік туралы
айтылған құнды ой-пікірлер Анахарсис, Афрасиаб, қолбасшы Аттила т.б тарихи
тұлғалардың көзқарастарында айқын көрінеді.
Жүргізілген тарихнамалық зерттеу, әлемге аты танымал скиф
пәлсапашыларының бірі Анахарсистің (б.з.д. VIғ.) ой-пікірлерін кеңінен
қарастыруға мүмкіндік берді. Атақты философтар – Аристотель, Лукиан
Самосатский, Солон, Диодор Силилийский, т.б. - құрмет тұтқан ғұлама
ізгілікті басқаруға кедергі болатын адам бойындағы көре алмаушылық,
қызғаншақтықтың арсыз, жаны таза еместерге тән қылық екенін айтқан. Оның
басты ұстанымдары мен адам бойындағы жақсы, жаман қылық туралы пәсапалық
ойларының түйіні ізгілікті басқаруға негізделгені айқын көрінеді.
Анахарсистің эллиндер еліндегі мемлекеттік құрылымы мен сол елдің
заңнамаларымен танысқаны жайлы Солон мен кездесу әңгімесінде байқалады. Бұл
тарихи сәтте ғұламаның әр сөзі скиф елін көркейтуге бағытталған.
Ізгілікті басқару идеясының генезисін айқындауда, көшпенді өркениетінің
сом тұлғаларының бірі – Афрасиабтың өмірлік жолы ерекше назар аударды. Ол
Сасанидтерге дейінгі Тұранды басқарған айтулы елбасы. Осы тұрғыда ғылыми
қызығұшылық тұдыратын жағдай – Жүсіп Баласағұнның Құтты білік еңбегінде
Афрасиябты дара тұлға ретінде көрсетуі. Яғни бұл дерек ғұламаның ізгілікті
басқару идеяларының негізінде тарихи басшы тұлғалардың ұлы істерінің
жатқанын дәлелдейді. Афрасиябтың басшы ретіндегі бейнесі былай сүреттеледі:
Түрік бектері ішінде атын асырған. Алып Тоңға Ер еді, құты тасыған. Білімі-
даңқы-ұлы, көптің сарасы. Білімді, ойлы әрі халық ағасы. Тәжіктер оны
Афрасиаб атаған. Елдерге ол көп ізгілік жасаған.
Баласағұнның өлең жолдары Ер Тоңғаның аса білімді, халқына сыйлы,
парасатты басшы болғанын көрсетеді. Алып Ер Тоңғаның ерлік мектебінен
шыңдалып, жақсы тәрбие алғандығын байқауға болады.
Қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын ғұндардың басшысы Мөде,
Афрасиабтың оныншы ұрпағы болып табылады. Сонымен қатар, ғұн патшасы
Аттиланың бейнесі тарихта ерекше орынға ие болып отыр. Басқаруда ол ар
намыс, сөзді сыйлау, үлкенді сыйлау сияқты дәстүрлерді негізгі қағидаға
айналдырды. Аттила: біз ғұндық дәстүрлерді негіздегенде, оларды жас
ұрпақтар өздерінен кез келген сәтте соны күтетінін біліп үйренуге тиіс
дейді. Аттиланың ізгілікті басқарудағы ой-пікірі тәлімдік идеялармен
ұласып, тәбие жағынан да мәнді болып келеді. Мұны мынадай өсиеттерден
көруге болады: ақылды көсем сол, жас көсем өз халқына қамқорлық жасауға
дайын сәтке және өзінің соңғы сәтіне даярланған көсем. Мұндай дайындықты
үзбей жасап отыру қажет, себебі өзіне сенім көрсетпеуден, тақтан тайдырудан
және өз міндетін атқару қабілетін жоғалтудан сақтану үшін де солай ету
керек.
Сонымен, Дала демократиясына тән ел басқару жүйесіндегі тұлғалардың
даналық қасиеттері ұрпақ алдындағы жауапкершілікті жан- тәнімізбен
сезінуімізге тірек болады. Яғни, ұлттық болмысымызды қалыптастыратын дала
өркениетінің бүгінгі ұрпаққа үлгі болар ұстанымдары өмірдің мәнін түсінуге,
адамгершілікке жетелейді.
Ретроспективті талдау көрсеткендей, көшпенді өркениетінде ерекше орын
алған тек ер азамат тұлғалары ғана емес. Сонымен бірге көшпенді өмірдің бар
ауыртпалығын көтеріп, халқының мәдениетін ұрпағына сіңіре білген әйел-ана
тұлғалары да тарихта белгілі. Халық арасында сақ патшайымы Томиристің ерлік
істері туралы көптеген аңыз-әңгімелер кездеседі. Томиристің басқарудағы
негізгі ұстанымдары – ізгілік, адамгершілік, жас ұрпақтың бойында
отансүйгіштік қасиетті, елін, жерін құрметтеу сезімдеріне тәрбиелеу.
Жүргізген зерттеу барысында, Батыстық өркениеттегі басқару мәселесінде
ізгіліктің құнды қағида екеніне көз жеткіземіз. Мұнда ізгілікті басқару
тәрбиесіне ерекше мән берді. Ежелгі грек философы Сократ (б.з.д.469-399ж.ж)
рахымшылдық, мейірімділік, білімділік, даналықты, жақсылықты терең
түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат – шындық, таза болмыс адам
ақылының алғы шарты десе, Платон мен Аристотель қоғамды тәрбиелеуде
ізгілікті басқару идеясын басшылыққа алады. Платон (б.з.д.427-347жж)
адамдар теңсіздігінің, әділетсіздіктің себебін қоғамдық өмірді
ұйымдастырудан іздеген. Адамзат дамуындағы ізгілікті басқаруды көздейтін
негізгі идеяларды жүйелесе болады (2-сүрет).

2-сүрет- Көне өркениеттеріндегі ізгілікті басқару ұстанымдары

Басқару – үздіксіз үрдіс. Ол адамзат дамуының әр кезеңінде жаңа
идеяларға, жаңа бағыттарға талаптанып отырады. Бұл идеялар, біздің
пікірімізше, ауыз әдебиетінен көрінетін рухани мұралардан басталып, жазба
мәдениетіміздің, тіліміздің ең көнесі болып саналатын тарихи мұрамыз −
Орхон-Енисей және Талас жазуларында (V-VI ғғ.) ірге тасын қалаған. Мұнда
туған жерді қорғау, халықтың намысын қорғау, ізгілікті басқару туралы құнды
ойлар айтылады. Елдің бірлігі, ел басқарған көсемдердің ерлігі, еліне деген
адалдығы ердік пен ездік сезімге толы толғаныспен баяндалады. Орхон
жырларындағы Білге қаған, Күлтегін сияқты халқына адал бек тағайындауы
елдің жағдайын ойлайтын бек болуын қалаған ойынан туындап отыр емес пе?!
Басқару туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениаралық сұхбат мәдениет динамикасының алғышарты ретінде
ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАР
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәлім-тәрбие
МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия туралы
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Пәндер