Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени жағдайы
Жоспар
Кіріспе
Ж. Баласағұнның дүниетанымының идеялық негіздері
1 Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени жағдайы
2 Ж. Баласағұнның ілімі және оның көзқарасындағы болмыс мәселесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Соңғы жылдары өріс алған ұлттық мәдениетке жету қолға алынуда.
Философия саласында, оның өркениеттік көріністеріне терең бойлауға
бағытталған зерттеулер тек ата-бабалар парызын өтеу емес, сонымен бірге
заман талаптарынан туатын өзекті мәселе.
Кеңес өкіметінің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық
өзгерістерге сүйену жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да өзгерту керек.
Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген мемлекеттерде таңдау да, шешім
де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Авторитарлық әкімшіл қоғам
тұлғасыз қалады, руханилықты шайтан өрнек идеология ауыстырады. Осыдан
әлеуметтік өмірдің түрлі қырлары тұманданып, өктемдік саясат, бюрократтық
жүйе, таптық принцип өз үстемдігін жүргізеді. Өркениеттіліктің әлемдік және
дәстүрлік үлгілерінен аласталған қоғам өзінің адамсыздандырылған ішкі
табиғатында мәңгүрттенген тетік адамдарды ғана қалдырады.
Міне осы мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт
менталитетіне тікелей қатысы бар дүниелер тез қарастырылып, жеткілікті
дәрежеде назар аударылмай келді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол
үзуге, ой-санамыздың өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық
тәрбиенің өзіндік нәрін жоғалтуға алып келді. Ал, қазір егемендік алып,
өткеніне оралып, жоғалтқанын қайта тауып, көнергенін жаңғыртып, ХХІ-ғасырда
өзге дамушы елдер үшін үлгі боларлықтай дәрежедегі Орталық Азия Барысына
айналғалы отырған Қазақстан үшін өткен тарихын ой көзімен бір шолып қарап,
өз тарихындағы пайдалы дүниелерді қажетіне жарату, жаңғырту қажеттігі туып
отыр. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды
тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық
ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге
асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені
елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы
мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде
өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі
мәдениетің. Бірақ осы уақытқа дейін тарихымыз бен мәдениетіміз "олардың
болашақ қазақ ұлтымен сабақтастығы деген мәселелер әлі терең зерттелмей
келеді
Ал Жүсіп Баласағұн философиясының қазақтың тарихы мен мәдениетімен
тамырластығы, сабақтастығы дау тудырмайтын ақиқат. Бұған Ж. Баласағұн
дастанында келтірілген әдет-ғұрып, салт-дәстүр, шешендік сөздер, қанатты
ойлар, адамгершілік, ізгілік, имандылық идеяларының үндестігі дәлел.
Азаттық алған қазақ елі үшін қазіргі жағдайда рухани жаңғыру, төл
мәдениетін қалпына келтіру жолында Жүсіп Баласағұн сияқты ойшылдың айтқан
ойлары мен идеяларының маңызы зор.
1 Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени жағдайы.
ХІ-ХІІ ғасырларда Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу
өнірінде, Мауреннаһрда (Әмудария мен Сырдария аралығы) Қарахан қағанаты
құрылды. Қағанаттың екі орталығы: Баласағұн мен Қашқар. Қарахан
мемлекетінің құрылуы жөнінде әр түрлі болжамдар бар. Соның ішінде ол VIII-
IX ғасырда тарих сахнасына шыққан Қарлұқ мемлекетінің заңды жалғасы деп
қаралады. Қарахан әулетінің мегізін салушы Сатұқ Боғра хан (915-955) деп
есептелінеді. Ол Тараз бен Баласағұнды, Қашқарды 942 жылы өзіне қаратқан.
Қарахан мемлекетінің тарихы осы кезден басталады [9, 105 б.].
Қарахандар әулетінің, алғашқы мезгілінен бастап мемлекеттік жоғарғы
билеушісінің құрметыті атағы Арслан (арыстан) және Боғра (Бура) деп екіге
айрылды. Зерттеушілердің айтуынша, Арслан хан атағын шығылдардың билеушісі,
ат Боғра хан атағын яғма көсемі алды. Тегінде Арслан шығылдардың, ал Боғра
яғмалардың көсемі болса керек. Әйгілі ғалым Притсактың айтуынша, Арслан
Қарахан ең жоғарғы басты билеуші есептелген. Оның астанасы Баласағұнда
болған, ал Боғра Қарахан қосшы билеуші есептелген, оның астанасы алғашында
Таразда, одан сон. Қашқар қаласында болған [10, 67 б.]. X ғасырдың ақырында
Қарахан мемлекеті шығыс және батыс хандарына бөлініп кетті. Шығыс қарахан
мемлекетінің астанасы - Шу өзені бойындағы Баласағұнның қасындағы Құзордада
болды. Қарахан мемлекеті Ислам мәдениетін жасаушы мейлінше гүлденген
елдердің бірі саналады. Ғылым, әдебиеті жоғары деңгейде дамыған. Сонымен
қатар бұл мемлекет бір орталыққа бағынбайтын, қоғамдық саяси жағынан да
халқының этностық құрамы тұрғысынан да, өндіргіш күштер мен мәдениетінің
даму дәрежесі бойынша да әркелкі сатыдағы тайпалардан құралған сан қилы
уәлаяттар мен өлкелердің федерациясы еді
Қарахан мемлекстінің алып тұлғалары Баласағұн қаласында туып-өскен
әйгілі ақын Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашқари еңбектері. Бұлар түркілік
қана емес, дүниежүзілік мәдениетке айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар
Ұлы түркі ғұламасы мен Ренессанс идеясынын арасында қандай байланыс
бар екендігін айта кетсек.
Батыстық философия мен мәдениеттануда Ренессанс идеясы Италия жерінде
өріс алған антикалық мұраны қайта жаңғырту талпыныстарымен байланыстырады
және бұл тұрғыдан Шығыста Қайта Өркендеу мәдениеті болмады делінеді. Бұл
жерде Батыс өркениеті озық үлгі ретінде қабылданып, Шығыстан да батыстық
белгілер ізделінеді. Мысалы, еуропалық Ренессанстың алдында ұзақ ғасырларға
созылған батырлық барбарлық дәуір болған және Қайта Өрлеу заманы
капитализмге бет бұрады. Ал бұл белгілердің Шығыста болмауын батыстық
мәдениеттанушылар Шығыс Ренессансын жоққа шығаратын дәлел ретінде
келтіреді.
Көп жағдайда пікірталас терминді әр түрлі мағынада қолданудан туады.
А.Х. Қасымжановтың пікірі бойынша: Ренессанс. Сөзбе-сөз бұл-қайта туу,
қалпына келтіру, мәдениеттің қайсібір классикалық жағдайына қайта оралу
деген сөз [12, 58 б.]. Алайда Ренессанс ұғымын басқа мағынада да
қолдануға болады. Таяу және Орта Шығыста мұсылмандық Ренессанс
прогрессивті бағытта және философиялық ойды дамытқан аль-Кинди, алъ-Фараби,
Ибн-Сина, Бируни, Хорезми, Туси, Омар Хайам, Хафиз секілді т.б. көрнекті
ойшылардын еңбектері әлемдік философия тарихының маңызды және елеулі
бөлшегі болып табылады [13, 82 б.]. Яғни бұл ұғымды рухтың ерекше бір
жоғарылауы, өркениеттік гүлдену, гуманизмнің күшейуі мағнасында қолдануға
болады. Гегелъ Ренессанс идеясын бүкіл адамзаттың алтын таңы, жер жүзі
мәдениетінің жаңа дәуірі деп атаған. Ренессансты барлық өркениетті халықтар
өз басынан өткізген. Ол тек Батыс Еуропада болды деген еуроорталықтық
көзқарасты тарихи деректер бекерге шығарады. Ренессанс ұғымын айқыңцау үшін
онын әмбебапты белгілерін атап өткен жөн: гуманизм идеясы, қалалық
мәдениеттің дамуы, адамды ең жоғары тұлға деп қарастыру, өнер мен
философиянын өркендеуі, мәдениеттер сұхбаты. Бұл белгілер Жүсіп Баласағұн
әрекет еткен мәдени ортаға тән екендігіне кейінірек тоқталармыз. Әдетте,
мұсылмандық, үнді-буддалық, конфуцилік және синтоистік Шығысты бөліктейді.
Зерттеліп отырған Ж.Баласағұн шығармашылығы мұсылмандық сұхбат аймағына
жатады.

Жүсіп Баласағұнның іліміндегі болмыс мәселесінің зерделенуі туралы
айтпас бұрын, философиядағы болмыс ұғымы қандай мағына беретіндігін айта
кетсек.
Дүниедегі құбылыстар мен заттардың, процестердің өзара байланысы,
өзгеруі, дамуы, оны танып білуге ұмтылу – болмыс ұғымын тудырады. Табиғат,
қоғам, адамдарға тән нәрсе олардың бар екендігі және олардың өзара
байланыста болуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz