Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ақын, прозаик, драматург, әнші, журналист-публицист, сазгер, ғалым, психолог ретінде танылады
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ (1889-1931)
Артымда қыруар елім бар,
Өлсе де денем, мен өлмен.
(Ж. Аймауытов.)
Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ақын, прозаик,
драматург, әнші, журналист-публицист, сазгер, ғалым, психолог ретінде
танылады.
Жүсіпбек Аймауытов қазақтың біртуар перзенттері Ахмет Байтұрсынов,
Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов секілді саңлақтармен бірқатар әлеуметтік
өмірге де, әдебиет әлеміне де ерте араласқан.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл
ауданында туған. Әкесі Аймауыт өзіндік шағын күн көрісі бар момын шаруа
адамы болған.
Жүсіпбек алғашкы білімді ауыл молдаларынан алған. Сонан кейін
Баянауылда, Павлодарда орыс-қазақ мектептерінде оқиды. Семейдің мұғалімдер
семинариясын бітіреді. Алашордашылармен тығыз қарым-қатынаста болады. Біраз
жылдар халық ағарту саласында қызмет істейді, кейін бүтіндей баспа, әдебиет
әлеміне ауысады. Қазақ тілі газетінің редакторы болып, Ақжол
газетінің редакциясында қызмет атқарады.
Сол кезде қазақ прозасын, романын кәсіпкерлік деңгейге көтерген бірден-
бір жазушы - Жүсіпбек Аймауытов. Жүсіпбек қаламынан Қартқожа, Ақбілек
сияқты роман, Күшкейдің жазығы секілді повесть туған. Олар - қазақ
әдебиетінің проза жанрындағы айтулы туындылары. Бұл шығармалар өздерінің
идеялык нысанасы, көркемдік ажарымен оқушысын сүйсіндіреді.
Ақбілек. Жазушының шоқтығы биік шығармасы – Ақбілек романы. Ол сол
кездегі қазақ прозасының - романының аскан биігі іспеттес. Бұл роман -
өзінің сюжеттік-композициялык құрылымымен де, бейнелі, кестелі сөз
өрнегімен де қазақ әдебиетінің асыл мұраларының бірі.
Ақбілек романы - қайғы мен мұңды, қуаныш пен шаттықты алма-кезек
суреттеген шығарма. Адам тағдыры, қиын-қыстау сәттері, шуақты күндері
психологиялық терең сезіммен бейнеленген.
Жазушы басты кейіпкері Ақбілек тағдыры арқылы қазақ аулының шынайы
бейнесін, аласапыран замандағы адамдар арасындағы тартыс-арпалысты, ақ
патша жендеттерінің елді, халықты ойран-топыр еткен жауыздық әрекеттерін,
Кеңес өкіметінің қазақ аулына әкелген алғашқы өзгерістері мен жаңалықтарын
реалистікпен суреттеген.
Ақбілек өмірдің талай тауқыметін тартып, ақыры жаңа заман лебімен жарық
дүниеге шығады. Оқу оқып, білім алып, асыл жар тауып, бақытты өмір
кешеді. Ақбілек еліне, туған жеріне, Алтайына келіп, тау шыңдарына шығып,
өзінің өткен өміріне көз жібереді.
Ақбілек бейнеттен, қорлықтан... күрескерлігімен арылып, анадан жаңа
туғандай тазарады.
Романда жазушы талай адамдарды сахнаға шығарған. Олардың әрқайсысы өз
мінез-құлығымен, даралық пішінімен көрінген. Жүсіпбек мұнда да өзінің шебер
суреткерлігін танытқан.
Халқына осындай кесек те шынайы көркем туындылар қалдырған саңлақ
жазушы тоталитарлық заманның құрбаны болып, дүниеден өтті.
Ақын өзінің өлімі алдында түрмеден жазған бір өлеңінде:
Шықпаса жаным денемнен,
Не салса тағдыр көрсм мен,
Бір өзім үшін өлмеймін
Бір ғана соған көнем мен.
Кеудеде әзір жүрек бар,
Тілек бар! Соған сенем мен,
Артымда қыруар елім бар
Өлсе де денем, мен өлмен, -
деп өзі айтқандай, қыруар елі тұрғанда, бар саналы ғұмырын бағыштаған халқы
тұрғанда, денесі өлсе де, артына қалдырған бай мұрасы, оның асыл есімі
мәңгілік ұмытылмақ емес.
Жүсіпбек өнерінің көп қырының бірі - әншілік, сахнагерлік. Оның осы
таланты жайлы Міржакып Дулатов Семейдегі бір әдеби кеш туралы арнайы
мақаласында: Біржан болған - семинарияда оқитын шәкірт Жүсіпбек мырза
Аймауытов. Біржанның өзіндей болып-ақ айтты. Бұлардың шыққан түрі, отырып
өлең айтқаны жиылған жұртқа да Біржан сал мен Сараның өздері айтысқандай-
ақ, көрінді деп айтыстың қойылымына көпшілік ризалығын, қошеметін
білдірген. Сол мақаласында қаламгер: Жүсіпбектің Ғалия деген әнге
салғанына жұрт сүйсінді деп, оның әншілік өнерін тағы да бір танытып
кетеді. Демек, Жүсіпбек халқының әншілік өнерін аса қадірлеп, өзі де ән
салған, жақсы әнші болған, ән де шығарған. Оны қазақтың ұлы әншісі жайлы
Әнші деген классикалық әңгімесінен барынша аңғарамыз. Бұл шығармасында да
жазушы суреткерлік, мүсіншілік тұрғысында жаңа бір соңы қырынан көрінген.
Сыңқылдаған көмейі сыбызғының үніндей. Әңгіме Семей қаласын суреттеуден
басталады. Семей о кезде Қазақстанның ең ірі мәдени-рухани орталығы еді.
Қазақтың оқыған зиялылары да осында. Білім, өнер қуған жастар да, ершік
арқасына батқан қазақтың еңбек адамдары да осында. Семей - көңілді қала.
Ойын-сауық, думансыз бірде-бір кеш өтпейтінді. Жазушы Семейдің сол кездегі
тіршілік-қарекетін былайша суреттейді: Жеті Шатыр (Семипалатинск) - жақсы
қала... жазы-қысы қымыз, ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес...
үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық. Жаз шықса пароход, паром, желқайық,
жасыл арал, қалың орман... көкке шыққан, масайраған шат көңіл, сырнай-
керней, қызық думан... қайткенде де сергек қала.
Сол ойын-тойларда қазақ, орыс, татар халықтарының ән-билері жарыса
жүреді.
Әнші әңгімесінің негізгі кейіпкерінің прототипі - қазақтың біртуар,
арқалы әншісі, Парижде өткен бүкіл әлемдік этнографиялық концертте дүйім
жұртты таңдай қақтырып, тамсандырған ұлы әншіміз - Әміре. Ол - Арқаның өнер
тарландары Біржан, Ақан, Жарылғапберді сияқты дарабоз әншілерінің үздік
дәстүрлерін жалғастырушы шәкірті, ән дүлдүлі.
Жазушы аруақты әншінің шабыттана, асқақтата, шырқай ән салғанын, ән
құдіретін былайша өрнектейді; Мидай жазық, құла түзде ішің пысып келе
жатқанда, көзіне сұлу орман, сәулетті тау көрінсе, оттан айырылган,
қабағынан қар жауған қариялардың ортасында, кенеттен атқан таңдай сұлу
сәулем қыз көрінсе, қараңғы түнде ел таба алмай сандалып келе жатқанда,
аяғыңның астынан қиқудан от жылт етіп көрінсе, қандай қуаныш, кенеліп
қаласың, жапа-тармағай жым болып отырғандарға әншінің әні де сондай әсер
берді, көңіл бір жадырап шайдай ашылды.
Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқан - аруақты да иықты әнші. Ол дүбір
естілгенде ойнақшып тұра алмайтын шынайы жүйріктей. Топ көргенде...
аруақтанып көтеріліп кетеді екен. Ойын-тойда да, сахнада да ол өзін еркін
ұстайды.
Әмірқан дүйім жұрт алдына Наурыз мерекесі күні тұңғыш рет сахнаға
шығады. Көрермендер әншіні қол шапалақтап, асқан құрметпен, жылы қарсы
алады. Жұрт кошемет, ықыласына бөленген әнші көсіле, асқақтата, әуелете,
толқындата, сорғалата ән шырқайды. Жазушы Әмірқанның сондағы әншілік өнерін
былайша суреттейді:
Сыңқылдаған көмейі,
Сыбызғының үніндей;
Ескектеген толқыны,
Бозайғырдың күйіндей;
Аспандап соққан айғайы,
Алтайдың асқар тауындай,
Желпілдетіп түндікті,
Күзді күнгі дауылдай;
Төмендете сорғалап,
Тас бұлақтың суындай,
Әсем, әсем нақышы,
Айдынның сұлу суындай;
Қалықтатып созғаны,
Сарыарқаның беліндей,
Жаяулатып, баяулап,
Арқаның қоңыр желіндей...
Әмірқан әнді бар жанымен салады, ол ән ырғағымен тербеледі, бүкіл
денесі ән сазымен құйқылжиды. Оның даусы Көмейінен шықпайды, жүрегінен
шығады. Ол ән болып жаралғандай. Әнсіз тіршілік жоқ оған. Бар байлығы -
әні.
Әмірқан - көпшіл әнші. Әмірқан қымызы, тойы, ойын-сауығы бар жерде
өзін ұмытып кетеді, ол бүтіндей әнге айналады.
Ол - кісіге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz