Жүсіпбек Аймауытовтың психология ғылымына қосқан үлесі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жүсіпбек Аймауытовтың психология ғылымына қосқан үлесі.
2. Психология ғылым ұғымдарының мәнін ашты
3. Жан жүйесі мен өнер таңдау ғылыми еңбек
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Жүсіпбек Аймауытовтың психология
ғылымына қосқан үлесі.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы, ақын,
аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек аймауытұлы 1889 жылы қазіргі Повладар облысы,
Баянауыл ауданы, Қызылту атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен,
арғы аталары Дәндебай, Қуандар – текті, дәулет, абырой біткен, ел
арасындағы білікті кісілер болған.Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған
бауырлары Ахмет, Жақыпбектер сияқты арабша хат тану, оқу үстіне , ағаш
шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренді. Он бес-он алты жасында
өзі ұмтылып , үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша
екі класты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп,
оқуын 1918 жылы аяқтаған.
Халық ағарту комиссириатының коллегия мүшесі болу, Қазақ тілі
газетіне редакциялау, Ақ жол газетінде істеу, Шымкенттегі педагогика
техникумының директорлығы мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа өмірді
орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді.1929
жылыбасталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытұлы 1931
жылы атылады.
ХХ ғасырдың басында әдебиет майданына келген қазақ жазушыларының
үлкен шоғыры ел мақсаты, халық қамы үшшін жастарға арнап, әсіресе
ағартушылық – педагогтық салада ерекше жұмыла еңбек етіп, түрлі ғылым
салаларына арналған мектеп оқулықтарын, нұсқалықтар алғашқы зерттеулерде
жазды. Тумысынан поэзия үшін жаратылған Мағжан Жұмабаев Пидогигока
кітабын шығарса, сан қырлы талант Жүсіпбек Аймауытұлы психология, әдістеме,
эстетика саласында үш еңбек берді. Ахмет Байтұрсынов мектеп оқушыларына
арнап тұтас кітапхана тудырды.
Әдеби сын мақалалар, публицистикалық еңбектер, аудармаларын былай
қойғанда, Жүсіпбек таза ғылым саласында, оның ішінде педагогика, психология
арналған күрделі маңызды , терең еңбектер берген көшелі ғалым, білікті
зерттеуші. Бұл ретте әсіресе Псиқалогия кітабын ерекше бөліп айту керек.
Он екі бөлімнен тұратын, оқу құралы үлгісінде жазылған бұл зерттеу – қазақ
тіліндегі осы бағыттағы алғашқы жемісті ізденістердің олжалы табыстардың
қатарына жатпақ.

Психология ғылым ұғымдарының мәнін ашды
Ғалым дін тарихына , пәлсапа тарихына терең бойлай отырып, көптеген
мысалдар, деректер келтіріп сан алуан оқымыстылар туындыларына сүйеніп,
кейде келісіп, кейде келіспей, психология ғылымының пәнін, зерттеу
объектісін анықтайды, жан, дене, сана, ой, ақыл,сезім, қиял, түйсік,
қайрат, серпіліс, ынта, қабілет, т.б. ұғымдарының мәнін ашады. Адамның
дене мүшелері, олардың физиологиялық қызметтері, жүйке жүйесі, ми-жұлын
әрекеті жан-жақты, нақты тәжірибеден алынған мысалдар арқылы көрсетіледі.
Психологияның сан алуан түрлерін айта келіп, дәлді зерттеу үшін
бақылаудың, анкетаның, сұраудың, математикалық тәсілдердің атқаратын
қызметі ашылады. Шіміркеніс , серпіліс, рефлекция ұғымдары академик
И.П.Павлов іліміне орайлас талданады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Психология тарихы
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
Ж.Аймауытов еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясының дамуына қосқан үлесі
VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары
Пәндер