Жұмбақ сөзді санамақтар
Жұмбақ сөзді санамақтар. Жоғарыда айтқанымыздай санамақтар құрамындағы
жұмбақ сөздің шығу тегі көне рулық қоғамдағы түсінікте жатқанымен де,
балалар репертуарындағы бұл санамақтар негізінен дыбыстың үйлесім
принципіне негізделген. Яғни дыбыс ұйқасымын қуалаған балалар дәстүрлі
жұмбақ санамақтардағы жұмбақ сөздерді өңдеп, түрлендіріп әкеткен және оның
сан алуан жаңа нұсқаларын туғызған. Мәселен, қазақ саусақ санау ойынында
кезігетін бірлач, чірлан, отыс,. қатыс, отыс, деп келетін саусақ
аттарының жұмбақ баламасы сынамақта былай болып түрленеді:
Бірлан, сірлан,
Қабылан, қатыс,
Мірлан отыз
Сен тұр, сен шық.
Біздіңше, мұндағы аздаған дыбыстық өзгерістердің өзін айтпағанда
Қабылан, мірлан сөздері дыбыс қуалаушылықтан туған. Мұндай дыбыс
қуалаушылыққа назар аударсақ, жұмбақ санамақтарда аттым, баттым, они-
вани; әлдір-бәлдір, алдай-балдай; екі-бекі т, б. сияқты бір дыбысы ғана
өзгеріп, қайталанып келіп отыратын сөздерді жиі кезіктіреміз. Мұның өзі
жұмбақ сөздердің балалар репертуарында ұзақ сақталуының басты себебі —
олардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты екендігін көрсетеді.
Жұмбақ сөзді санамақтар, әрине, кілең мағынасыз сөздерден құралмайды,
олардың ішінде реттік сан есімдермен, немесе ұйқас үшін алынған мағынасы
айқын сөздермен араласып келетіндері де мол. Жалпы алғанда, қазақ
санамақтарының бұл түрінің көп үлгілері әлі жете жиналмаған. Оларды
іждаһаттап жинап, әлі де саралай түсу — келешектің ісі.
Сюжетті санамақтар. Санамақтардың бұл түрінің өзегі сан араласып келетін
шағын сюжетке құрылады. Композициялық құрылысы жағынан келгенде бұл
санамақтар көбінесе реттік сан есімдермен басталып одан әрі драмалық шағын
сюжет немесе баяндау (повествование) жалғасады.
Бірім,
Екім,
ТығылІ
Бекін!
Мен санайын,
Сен бол дайын.
Сары шымшық,
Тез ұшып шық!
түрінде болып келеді. Сюжеттік санамақтардың ішінде:
— Қоян қашқын,
Қайда қаштың?
—- Тоғайға қаштым,
— Неге қаштың?
— Сенен састым.
— Неге састың?
— Ізімді бастың.
—- Ендеше қашпа,
— Мылтығыңды таста!
— Аузыңды жап та,
Тез зыт!
деген сияқты сан есімсіз диалогқа құрылған түрлері де, немесе:
Қағаз, қалам
Қолға алам.
Елге барам
Малшы болам.
Сиыр бағам,
Ешкі сауам,
Отын шабам,
Оны жарам,
Отын жағам,
Он атта
Оң жаққа,—
деген тәрізді кейінірек пайда болған тәрбиелік мәні басым оқиғалы түрлері
де бар.
Тізбекті санамақ (Кумулятивные). Тізбекті санамақтарда логикалық жағынан
үйлесе бермейтін сөздер тасқыны ұйқасқа бағынп тізбектеле айтылады.
Сөздерді жеке алғанда мағыналары белгілі болғанмен контексте баяндаушылық
мәнге ие болмайды. Ондай тіркестер:
Жылқы-жылқы,
Ойын-
күлкі,
Сиыр-миыр,
Ешкі-мешкі,
Түйе-мүйе,
Қой-мой,
Торгай-морғай,
Қос сөздер осылай,
Он атта оң жаққа,—
деген тәрізді қос сөздерден немесе:
Бір
Екі,
Үш,
Төрт.
Бес,
Алты,
Жеті,
Шығып кетті,—
деген сияқты сан есім тіркестерінен де құралуы мүмкін. Санамақтың бұл
түріндө жұмбақ тіркестер де, сюжеттік баяндаулар да жоқ. Сөздер тек ұйқас
үшін ғана іріктелініп алынады. Мысалы:
Бірім, екім,
Алма текім,
Сары шымшық,
Сартылдауық,
Сен тұр
Сен шык,—
дегенде ешқандай логикалық үйлесім жоқ, жеке-жеке тіркестерді тек ұйқастық
үйлесім ғана ұстап тұр.
Демек, санамақ балалардың ойынға байланысты өлең-жырларының ішіндегі
ең кең таралған ішкі қүрылымы - да әр алуан жанрлық түрдің бірі. Балалар
репертуарында ғасырлар бойы жасап келе жатқан қааақ балалар санамақтары
өзінің бай мазмұнымен, формалық әралуандығымен көңіл аударады. Сондықтан да
оны молынан жинап, тереңдей зерттеу қажет, Ол балаларға танымдық мағлұмат,
тәлімдік ғибрат, эстетикалық лэззат сыйлауымен ғана құнды емес, халық
тарихының, тұрмыс-тіршілігінің, дүниетанымының кезеңдік ерекшеліктерінің
бедерін танытуымен де бағалы.
Драмалық (рольді) ойындар (Драматические игры). Қай халықтың болмасын
балалар ойындарының композициялық қүрылысына назар аударсақ, олардың басым
көпшілігінің өлеңмен өрнектеліп келетінін байқау қиын емес. Халық
ойындарының алғашқы және соңғы академиялық жинағында В. Всеволодский-
Гернгросс мұндай ойындарды өрнекті ойындар (орнаментальные игры) деп
топтастырады.
Бұл еңбекті зерттеуші негізінен ойындарды жүйелеуде фольклорлық принципті
емес, этнографиялық принципті басшылыққа алған. Сондықтан да кітапта
поэтикалық ерекшеліктері ұқсас ойындар түрлі тарауларға шашырап, әрқилы
типодогиялық топтардан орын алған. Мәселен, ойындық қайырмалары бар ойындар
аңшылық, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, жер өңдеу кәсібіне қатысты
тарауларға жіктелген. Балалар ойындарын бұлайша жіктеу оның поэтикалық
мәнін назардан тыс қалдырады. Әрине, олардың ішінде көркемдік мәнінен гөрі
практикалық маңызы жоғарылары да бар. Біз бұл тұста фольклорлық принципті
ұстанып негізінен поэтикалық жүгі басым ойындарды қамтуға тырыстық. Мұндай
ойындарды ғылымда балалардың рольді ойындары (детскне ролевые игры) деп
атау қалыптасқан. Яғни біздің де міндетіміз балалар ойын фольклорын
тұтастай қарастыру емес, оның тек поэзиялық текстермен көмкеріліп келетін
түрлерін ғана қамтып, ондағы өлеңнің міндетін анықтау, өзіндік
ерекшеліктерін саралау болып табылады, сондықтан да өз зерттеуімізді ойын
ішінде келетін өлеңдердің поэтикалық сипаттарына негіздеп, ол өлеңдерді
ойын өлеңдер (игровые песни) деп атадық.
Ойын өлеңдер терминінің орыс фольклортану ғылымындағы қолданысы
жөнінде Ю. Г. Круглов: Ойын өлеңдері термині фольклортану ғылымы үшін
жаңалық емес, ертеректегі жинаушылар мен зерттеушілер де оны белсенді
қолданған,—деп жазады. Қазақ фольклортану ғылымында бұл термин бұрын-соңды
қолданылмағанмен де, ойынмен аралас келіп отыратын жырлар жазбасын
революцияға дейінгі жинаушылар еңбектерінен жиі кезіктіреміз.
Ғұрып (обрядовая) жырларындағы ойын өлеңдер табғатын тереңірек
қарастырған Г. Круглов оның өзіндік белгілерін ойын өлеңдердің негізгі
белгісі олардың орындалуының ойындық шартты әрекеттерімен міндетті түрде
қабысып келуінде. Өлеңдер ойыннан тыс өмір сүре алмайды, текстер ойыннан
ажыраса мәнін жоғалтады.
Ойын өлеңдердің басқа шығармалардан басты айырмашылығы осында.
Біз бұл сипатты балалар ойындарымен аралас келетін өлеңдерден де
танимыз. Олардың, кемнілігінің халықтық әдет-ғұрпымен тамырласа байланысып
жататыны белгілі, ал кейбіреулер балалар арасына үлкендер ортасынап кеткен,
ал енді бір ойындар үлкендер мен балаларға ортақ болып келеді. Мұнда
өлеңдер бірде ойындағы әрекеттің басталуының алғышарты болып келіп, қайырма
ретінде қайталанып келсе, енді бірде ойынның басынан аяғына дейін қозғаушы
күш ретінде әрекет етеді, ойыннан тыс өмір сүрмейді. Ойын арасында келетін
өлеңдер көбінесе диалог түрінде келіп, хормен айтылады. Оның айқын үлгісі
қазақ балалары арасында ең көп тараған Айгөлек ойынынан көрінеді.
Ойыншылар екі топқа бөлініп, әрбір топ аралары 20— 30 қадамдай
аралыкта бір-бірлеріне қарама-қарсы қарап, қол ұстасып тұрады. Ойынды
бастайтын топ хормен:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ак терек пен көк терек,
Шауып алдым бәйтерек,
Бізден сізге не керек?—
деп әндетеді.
Екінші топтың ойыншылары да хормен:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдын жузі дөңгелек.
Қанжығадан кан керек,
Тебінгіден тер керек.
Ақ терек пен көк терек,
Шауып алдым бәйтерек,
Анау тұрған пғленнің
Қақ басы керек,—
деп өздері таңдаған баланың атын өлеңге қосып айтады. Аты аталған бала
жүгіргеп күйі барып, қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек.
Егер үзіп өтсе сол балалардың бірін өзімен бірге алып кетеді, үзе алмаса,
өзі сол топта қалады.
Балалар ойындарына тән көп нұсқалылық бұл ойынға да ортақ. Сондықтан
өлең жолдары да өзгеріп отырады. Тек Ақ терек пен көк терек, шауып алдым
бәйтерек деп келетін екі жол ғана тұрақты кейде терек сөзінің серек
сөзімен ауысып келетін кездері болады. Ақ терек пен көк терек тіркесі
өзбек, татар балалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz