ҚР Ұлттық банкінің дебиторлық борыштар есебінің ақпараттық жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Дебиторлық борыштар есебінің сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы ... ... ...24
2.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.1 “Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
3.2 Ақпараттық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
3.3 Тапсырманың математикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
3.4 Программалық жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
3.5 Ақпараттық өнімнің анализі және оны пайдалану кеңестері ... ... ... ..59
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.
Көптеген кәсіпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлік секілді сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететін бағалы ресурс ретінде қарастырады. Өндірістік және шаруашылық қызметті басқаруға қажетті ақпарат алу мақсатында кәсіпорын бухгалтерлік ақпараттық жүйесін құрады.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектті басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және оны сыртқа шығару жүйесі.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйесінің қазіргі нарығы өте үлкен қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесідей факторлар арқылы айқындауға болады.
Біріншісі Қазақстан Республикасының экономикалық басқару құрылымдарын қайта құрумен және қайта ұйымдастырумен, яғни көптеген шағын кәсіпорындардың, фирмалардың және әр түрлі мүлік нысанындағы банктердің пайда болуымен байланысты.
Екіншісі барлық есеп саясатының, есеп әдістемелері мен әдістерінің өзгеруіне алып келген халықаралық есеп талаптарына сай, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп стандарттарының жасалуы мен енгізілуіне байланысты.
Үшіншісі – бұл қарқынды түрде дербес компьютерлер мен программалық өнімдердің сырттан әкелінуі.
Төртіншісі – бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгізілуіне негізделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.
Бұл бітіру жұмысы іс-сапарлар шығыстары есебінің ақпараттық жүйесіне негізделген.
Бітіру жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып беруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, бухгалтерияда ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға арналған іссапарлар шығыстары есебінің ақпараттық жүйесін құру.
Бітіру жұмысы кіріспеден, банктегі дебиторлық борыштар есебі, экономикадағы ақпараттық жүйе және дебиторлық борыштар есебінің “іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесін жобалау бөлімдерінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Банктегі дебиторлық борыштар есебі бөлімінде пәндік облыс, ҚР Ұлттық банкі мен оның атқаратын функцияларына сипаттама, ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі келтірілген.
Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлімінде ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы, ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы, оның ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен дебиторлық борыштар есебінің“Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы берілген.
Дебиторлық борыштар есебінің ақпаратық жүйесі бөлімінде “Іссапарлар шығыстарының есебі” есептер кешенінің орны анықталып, ақпараттық базаға, математикалық жабдықтау, программалық жабдықтау және пайдаланушы нұсқаулары жазылған.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бабичева Ю.А. Банковское дело: Учебное пособие. – Москва: Экономика, 1996.
2. Бралиева Н.Б. Информатизация общества как особенность современного этапа: Сборник “Мировой опыт рынка и становление рыночной системы хозяйствования в РК”. - Алматы, 1994.
3. Бралиева Н.Б., Тимошенко В.Ф., Гагарина Н.Л. Информационные системы бизнеса: Учебное пособие для студентов экономических специальностей. - Алматы: РИК, 1994.
4. Бралиева Н.Б., Байбулекова Л.А., Тилегенов А.И. Основы информационного менеджмента: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 1998.
5. 5.Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э.Т., Бралиева Н.Б., Л.А. Стороженко, И.А. Матвеева. – Алматы: Экономика,1999. – 120 с.
6. Диго С.М. Проектирование баз данных: Учебник. – М.:Финансы и статистика, 1998. – 216 с.
7. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции. – Москва: Банки и биржи, 1997.
8. Жуков Е.Ф. Деньги. Кредит. Банки. - Москва: Банки и биржи, 1999.
9. Инструкция о служебных командировках работников государственных объединений, предприятий и организаций РК на основе кабинета Министров РК от 24 августа 1993, № 20.
10. Камаев В.Д. Учебник по основам экономической теории. – Москва: Владос, 1995.
11. Лаврушин О.И. Банковское дело. – Москва: Финансы и статистика, 1996.
12. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. - Газета “Казахстанская правда”, 11 октября, 1997.
13. Неверова Е.Г. Технология проектирования баз данных и знаний. - Алматы: Экономика, 2000.
14. Ремеев В.П. FOX PRO 2,5 для MS DOS. Описание команд и функций. М.: Фирма “Мистраль”, 1994.
15. Родостовец В.К. Совершенствование бухгалтерского учета в РК. 1994.
16. Родостовец В.К, Надеева Н.В. Учет расчетов по командировкам. //Бюллетень бухгалтера, 1996, июль (№ 26), с. 4-14.
17. Сван Т. Delphi 3.0. – Киев: Диалектика, 1997.
18. Сейткасимов Г.С. Деньги. Кредит. Банки. – Алматы: Экономика, 1996.
19. Уткин Э.А. База данных банкира.– Москва: ЭКМОС, 1998.
20. Фаронов В.В. Delphi 7. Учебный курс. - Москва: Нолидж, 2003.
21. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi 4. Руководство разработчика баз данных. - Москва: Нолидж, 1999.
22. Шафрин Ю. Основы компьютерной технологии. – Москва: ABF, 1996.
23. Настольная книга валютного дилера. – Москва: Верба, 1992.
24. Положение о Национальном банке РК.
25. Положения о структурных подразделениях НБРК.
26. Проблемы правового обеспечения репо в Казахстане. - Журнал “Экономическое обозрение”, октябрь, 1998.
27. Сайт “О Национальном банке Республики Казахстан” в Internet, адрес: www.nationalbank.kz.
28. Учет и анализ дебиторской задолженности: анализ счетов. Примеры проводок. Зарубежный опыт. Алматы: БИКО. Библиотечка бухгалтера.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Макро-микроэкономика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Орындаушы:
(Қолы, күні)
Ғылыми жетекші:
(Қолы, күні)

Норма бақылаушы:
(Қолы, күні)
Кафедра жетекшісімен
қорғауға жіберілді:

(Қолы, күні)

Алматы 2005

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Дебиторлық борыштар есебінің
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5

1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

1.3 ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы ... ... ...24

2.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН
ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

3.1 “Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың
қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .40

3.2 Ақпараттық
база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...45

3.3 Тапсырманың математикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

3.4 Программалық
жабдықтау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..52

3.5 Ақпараттық өнімнің анализі және оны пайдалану кеңестері ... ... ... ..59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .62

ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...65

КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде
ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде
ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі
түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық
ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық
өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер
нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет
етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан
экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау
арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді
әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық
технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.
Көптеген кәсіпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлік
секілді сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететін бағалы ресурс
ретінде қарастырады. Өндірістік және шаруашылық қызметті басқаруға қажетті
ақпарат алу мақсатында кәсіпорын бухгалтерлік ақпараттық жүйесін құрады.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектті
басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және
оны сыртқа шығару жүйесі.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйесінің қазіргі нарығы өте үлкен
қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесідей факторлар арқылы
айқындауға болады.
Біріншісі Қазақстан Республикасының экономикалық басқару құрылымдарын
қайта құрумен және қайта ұйымдастырумен, яғни көптеген шағын
кәсіпорындардың, фирмалардың және әр түрлі мүлік нысанындағы банктердің
пайда болуымен байланысты.
Екіншісі барлық есеп саясатының, есеп әдістемелері мен әдістерінің
өзгеруіне алып келген халықаралық есеп талаптарына сай, Қазақстан
Республикасының Бухгалтерлік есеп стандарттарының жасалуы мен енгізілуіне
байланысты.
Үшіншісі – бұл қарқынды түрде дербес компьютерлер мен программалық
өнімдердің сырттан әкелінуі.
Төртіншісі – бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы
техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгізілуіне
негізделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.
Бұл бітіру жұмысы іс-сапарлар шығыстары есебінің ақпараттық жүйесіне
негізделген.
Бітіру жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына
байланысты ақпаратты алып беруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін,
бухгалтерияда ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға арналған іссапарлар
шығыстары есебінің ақпараттық жүйесін құру.
Бітіру жұмысы кіріспеден, банктегі дебиторлық борыштар есебі,
экономикадағы ақпараттық жүйе және дебиторлық борыштар есебінің “іссапарлар
шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесін жобалау бөлімдерінен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Банктегі дебиторлық борыштар есебі бөлімінде пәндік облыс, ҚР Ұлттық
банкі мен оның атқаратын функцияларына сипаттама, ҚР Ұлттық банкінің
дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі келтірілген.
Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлімінде ақпараттық жүйені құрудың
маңыздылығы, ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы, оның
ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және
ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен
дебиторлық борыштар есебінің“Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық
жүйесінің концептуалды схемасы берілген.
Дебиторлық борыштар есебінің ақпаратық жүйесі бөлімінде “Іссапарлар
шығыстарының есебі” есептер кешенінің орны анықталып, ақпараттық базаға,
математикалық жабдықтау, программалық жабдықтау және пайдаланушы нұсқаулары
жазылған.

1. БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ

1.1 Дебиторлық борыштар есебінің сипаты

Дебиторлық борыш – заңды немесе жеке тұлғамен өзара шаруашылық
қатынастың қорытындысында олардан кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген
төленбеген борыштың сомасы. Кәсіпорынның дебиторлық борышының болуы
кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мақсатқа
жұмсалғандығы ретінде, демек, кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде
қаралады.
Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның 13.11.96 ж. № 2
“Концептуалды негізде қаржылық есептерді дайындау және тапсыру туралы”
Жарғысында “дебиторлық борыш заңдық құқықтарымен қоса, иелік ету құқығымен
байланысты актив болып табылады” делінген.
Жалпы актив ұғымымен мүлік, мүліктік немесе мүліктік емес игліктер
және құндық бағаға ие тұлғаның құқықтары түсінділеріледі. Актив түріндегі
болашақ экономикалық пайда – бұл тұлғаның ақшалай құрал-жабдықтарының
айналымына салынған потенциалды тікелей немесе жанама салым.
Осыдан шығатыны, дебиторлық борыш – бұл заңдық құқықтарымен қоса,
иелік ету құқығымен байланысты актив түріндегі болашақ экономикалық пайда.
15.78б
1997 ж. қабылданған Бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарының 3-
бөлімі қаржылық-шаруашылық жүргізуші субъектілердің дебиторлық борыштарына
арналған. Ол келесідей бөлімшелерден тұрады:
▪ 30 “Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары ”;
▪ 31 “Күмәнді борыштар резервтері”;
▪ 32 “Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борыштары”;
▪ 33 “Басқа да дебиторлық борыштар ”;
▪ 34 “Болашақ кезеңдердің шығыстары”;
▪ 35 “Берілген аванстар”.
33 “Басқа да дебиторлық борыштар” бөлімшесіне келесідей шоттар кіреді:
▪ Өтеуге қосылған құн салығы (331);
▪ Есептелген пайыздар (332);
▪ Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары (333);
▪ Басқа да дебиторлық борыштар (334).
Нақты 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотына
тоқталайық. Бұл шотта келесідей дебиторлық борыштар есепке алынады:
▪ есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу;
▪ қарыздар беру;
▪ материалдық залалдардарды өтеу.

Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар есебі

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі аясында жұмысшыларын
қызметтік іссапарларға жіберіп отырады, дүкеннен кеңсе бұйымдарын сатып
алады, пошталық аударымдарды төлейді және т.с.с. басқа да шығыстары болады.
Осындай шығыстарды ылғи да банк мекемелерімен қолма-қолсыз есеп айырысу
арқылы төлеу мүмкін емес. Сондықтан жоғарыда көрсетілген және т.б.
шығыстарды төлеу үшін жұмысшыларға олардың есеп берулері арқылы қолма-қол
ақша беріледі. Ақша кәсіпорын жетекшісімен бекітілген есеп айырысуға сәйкес
беріледі. Аванстар нақты шығыстарды өтеуге қажетті кезде ғана жетекшінің
тапсыруымен есеп беру арқылы алынған сомманы жұмсауға рұқсат етілген
қызметкерлерге, сонымен қатар, қызметтік іссапарға жіберілген тұлғаларға
беріледі. Қызметтік іссапарға ақша іссапарға жіберілген тұлғаларға екі
жақты жол ақысын төлеуге, тәуліктік шығындарды және іссапар мерзімі бойы
пәтер жалдауға кеткен шығындарды өтеу үшін беріледі. Есеп беру арқылы
алынған сомманы жұмсау бухгалтерияға белгіленген мерзімінде тапсырылатын
сәйкес құжаттар бойынша, жалпылама түрде аванстық есеп беру арқылы жүзеге
асырылады.
Аванстарды кассадан беру тек алдыңғы берілген аванстармен толық есеп
айырылысқаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Есеп айырыспаған немесе
белгіленген мерзімде алдыңғы есеп беру арқылы алынған сомманың жұмсалмаған
бөлігін қайтармаған тұлғалар дисциплинарлық жауапкершілікке, қажет болған
жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тұлға аванстың уақытында
қайтарылмаған бөлігін жұмысшының жалақысынан ұстап қалуға хұқылы, егер де
жұмысшы ұсталымның негізі мен көлеміне қарсы болмаса. Ұсталымдар дәл сол
уақытта немесе кейінірек жұмысшы жалақысының қай бөлігінің басқа да төлем
шараларынан бос болуына қарамастан жүргізілуі мүмкін. Ұсталымдарды
жүргізуге бұйрық авансты қайтаруға бекітілген уақыттан кейін бір ай ішінде
берілуі қажет. Бұл мерзімді өткізіп алған жағдайда әкімшілік сәйкес
соммаларды ұстап қалу құқығынан айырылады. Осындай жағдайда немесе жұмысшы
ұсталымның негізі мен көлеміне қарсы болған жағдайда, төлем шаралары сот
шешімімен жүзеге асырылады. Аванстық есеп берумен жұмсалған соммалар
жұмысшыға кассадан беріледі. Аванстық есеп берулер бухгалтериямен
тексеріледі және содан кейін кәсіпорын жетекшісімен бекітіледі. Дұрыс
жасалмаған аванстық есеп берулер мен оған қосымша құжаттар есеп беруші
тұлғаларға қайта дайындауы үшін қайтарылады. Аванстық есеп беруге қосымша
құжаттар мөрмен немесе қолмен жазылған “Төленді” немесе “Өтелді” деген
жазулар мен датаның (жылдың, күннің және айдың) көрсетілуімен бекітіледі.
Іссапарда жүрген уақытта іссапрадың әр күніне бекітілген көлемде
(заңмен бекітілген 50%-дық минималды есептік көрсеткіш бойынша) тәулікақы
төленіп тұрады. Демалыс күндері, мереке күндері, сонымен қатар, жолда
өткізген күндер де, соның ішінде жолда тоқтауға мәжбүр болған уақыт та
ескерілуі тиіс.
Пәтер жалдау бойынша шығыстарды өтеу бекітілген мөлшерден аспайтын
көрсетілген шоттар негізінде жүзеге асырылады. Іссапар орнында болуды
Іссапарда болған орындарды айқындау мақсатында іссапар куәлігі толтырылып
отырады. Іссапар уақыты жол жүруге кеткен уақытты есептемегендегі берілген
мерзімнен аспауы тиіс. Пәтер жалдау бойынша шығыстары өтеу құжаттары
көрсетілген жағдайда қызметтік іссапарлар тәулікақысының 50%-дық нормасы
көлемінде өтеледі. Ал егер іссапар орнына бару мен қайтудың жол жүру
құжаттары болмаса, онда шығыстарды өтеу мәселесі жетекшімен бекітілген
тәртіп бойынша шешіледі.
Егер де жұмысшы іссапарға шетелге жіберілетін болса, онда іссапарға
кету күні мен қайтып оралу күні бір күнге есептеледі. 333 “Жұмысшылар мен
басқа да тұлғалардың борыштары” шот дебеті бойынша жазбалар келесі
шоттардың кредиттерінен алынады: 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-
қол ақша” – кассадан есеп беру арқылы аванстық есеп беруді төлеген кезде;
441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотынан – аванстарды есеп беру
арқылы поштадан аударғанда; 334 “ Басқа да дебиторлық борыштар” шотынан –
есеп беру арқылы аванстық чек кітапшаларын беру кезінде; 451 Кассадағы
шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан – мемлекеттік баж салығының
маркаларын, пошталық маркаларды және т.б. есеп беру арқылы беру кезінде.
333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотының кредиті бойынша
жазбалар келесі шоттардың дебетерінен алынады: “Материалдар” бөлімшесінің
шоттары (201 – 206, 208) бойынша 222 “Сатып алынған тауарлар”, 223 “Басқа
да тауарлар” шоттардан – тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алу мен
транспорттық даярлауды жіргүзуге кеткен шығыстар соммасы; 821 “Жалпы және
әкімшілік шығыстар” шоттан – іссапарлық, пошталық, телеграфтық және т.б.
шығыстар үшін; 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан –
авансты кассаға қайтарған кездегі; 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп
айырысулар” шотынан – авансты жалақыдан ұстап қалу кезінде; 333 “Жұмысшылар
мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотынан – есеп беруші тұлғаны жауапқа
тарту кезінде, егер де жұмсалған ақшаны оның жалақысынан ұстап қалу мүмкін
болмаған жағдайда.
Есеп беруші тұлғалармен (шетелдегі қызметтік іссапарлар, өкілеттік
және т.б. шығыстар бойынша) есеп айырысулар шетел валютасымен жүзеге
асырылады. Есеп беру арқылы валюта беру бойынша 333 шот пен “Есеп беретін
тұлғалармен шетел валютасымен есеп айырысу” қосалқы шоты арқылы дебеттелсе,
451 “ Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шоты бойынша
кредиттеледі. Шығыстарды шығарып тастау 821 “Жалпы және әкімшілік
шығыстар”, 935 “Басқа да шығыстар” шоттарының және т.б. дебеттері бойынша
және 333 шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
333 және 452 шоттар бойынша валюталық операциялар теңгелік
эквивалентте көрсетіледі.28.81б

Кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмысшылармен есеп
айырысулар

Бірінші нұсқа. Кәсіпорын өз жұмысшыларымен міндеттеме тапсырмасы
негізінде олардың жалақыларынан кезекті төлемдерді ұстап қалып, оларды
сауда ұйымдарына аударады. Бұл операциялар сәйкесінше, 681 “Персоналмен
жалақы бойынша есеп айырысулар” шоты мен 333 шот дебеттерінде және 333 шот
пен 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотының кредиттерінде
көрсетіледі.
Екінші нұсқа. Кәсіпорын сауда ұйымдарына кредитке сатылған тауарлар
бойынша жұмыс істейтін жұмысшыларынан тиісті соммаларды толығымен өтейді.
Мұндай төлемдер үшін кәсіпорын банктен жұмысшылардың жалақыларынан кезекті
ұсталымдар мөлшерінде төленіп тұратын несие алуы мүмкін. Әдетте, банкпен
берген кредитіне байланысты жүргізілетін сауда ұйымдарының кредитке
сатылған тауарлар бойынша есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде 333 шот
дебеттеледі де, 603 “Басқа да кредиттер” шоты кредиттеледі. Ал жұмысшылар
жалақысынан кезекті төлемдерді ұстап қалу кезінде 681 “Персоналмен жалақы
бойынша есеп айырысулар” шоты дебеттеледі де, 333 шот кредиттеледі. Банкке
борыштарды өтеу төлемдерін аудару 603 “Басқа да кредиттер” шоты дебетінде
және 451 шоттың немесе 441 шоттың кредитінде көрсетіледі.
Тауарларды кредитке сатып алған тұлғалар басқа кәсіпорынға ауысқан
кезде немесе жұмыстан кеткен жағдайда кәсіпорын олардан заңмен бекітілген
мөлшерден аспайтын көлемде борыштарының қалған бөлігін ұстап қалуы тиіс.
Егер де борыш толығымен қайтарылмаған болса, онда кәсіпорын бұл хабарды бес
күн ішінде сауда ұйымына жеткізуге міндетті. Қажет болған жағдайда
соңғысының міндеттемелік тапсырманы азаматтардың жаңа жұмыс орнына
аударуына өтініш беруіне болады. Мұндай аударым хабарды алғаннан кейін бес
күн ішінде жүргізілуі тиіс. Сауда ұйымы тиісті сомманы жұмысшы алдында
жұмыс істеген кәсіпорынға қайтаруға міндетті. Ал кәсіпорын өз кезегінде бұл
сомманы банкке аударуы қажет.

Берілген қарыздар бойынша есеп айырысулар

Бұл есеп айырысулар жеке үй құрылысына, бақша үйлерін салуға және т.б.
жеке қажеттіліктерге берілген қарыздар бойынша жүргізіледі. Қарыздар
бекітілген пайыздық қойылыммен беріледі.
Егер де құрылыс салушы қарызды басқа мақсатта пайдаланатын болса, онда
кәсіпорын жедел түрде берілген қарыздың толығымен қайтарылуын талап етуге
хұқылы. Қарыз беру үшін банктен ақша алу кезінде 451 “Ұлттық валютадағы
кассадағы қолма-қол ақша” шоты дебеттеледі де, 603 “Басқа да кредиттер”
шоты және “Жеке үй құрылысы” аналитикалық шоты кредиттеледі; ақша берілуі
кезінде 333 шот дебеттеледі де, 451 шот кредиттеледі. Қарызды уақыты келген
кезінде қайтаруы 451 шоттың дебетінде және 333 шоттың кредитінде
көрсетіледі. Кәсіпорынның қарызды банкке қайтаруы 603 шоттың дебетінде
көрсетілсе, ал кредиті 451 шотта – егер де ақшанхабар жіберу арқылы
кассадан төленсе, немесе 441 шотта – егер де ақша есеп айырысу шоты бойынша
аударылатын болса. Қарызды пайдалануда пайыздық қойылымның болуы 333 шоттың
дебеті мен 603 шоттың кредитінде көрсетіледі.

Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысулар

Бухгалтерия ақша құралдарын, тауарлы-материалдық және т.б. құндылықтар
түрлерін қатаң бақылауға және сақтауды қамтамасыз етуге, жетіспеушіліктер
мен жоғалымдарға кінәлі тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тартуға
міндетті. 333 шотта және “Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысу”
қосалқы шотында ақша құралдары мен тауарлы-материалды құндылықтардың
жетіспеушіліктері мен жоғалымдарының өтеу бойынша есеп айырысу ескеріледі.
Кәсіпорынға жетіспеушіліктері мен жоғалымдар бойынша тигізілген залалдар
соммасы бөлшек сауда бағасымен есептеледі, егер заңмен тигізілген залалды
анықтаудың басқа да реттері қарастырылмаса.
Кінәлі тұлғалардан ұстап қалынатын төлем шаралары 333 шоттың дебетінде
және мынадай бөлімшелердің кредиттерінде көрсетіледі: 20 “Материалдар” (201
– 206, 208) шоттарында – жетіспейтін құндылықтарының нақты құны соммасында,
611 “Болашақ кезеңдер табыстары” шотында, “арасындағы айырмашылық кінәлі
тұлғалардан айып төленетін сомма мен жетіспейтін құндылықтардың баланстық
құны арасындағы айырмашылық” қосалқы шоты – көрсетілген айырмашылық
соммасында. Борыштарды жабу кезінде 451, 441, 681 шоттар дебеттеледі де,
333 шот кредиттеледі. біруақытта өтелген жетіспейтін, жұмсалған және
жоғалған құндылықтардың нақты құны мен айып төленетін құн арасындағы
өтелген айырмашылыққа 611 “Болашақ кезеңдер табыстары” шоты дебеттеледі,
және 727 “Қосымша іс-қимылдардан түскен басқа да табыстар” шоты
кредиттеледі.7.85б
Жетіспейтін, жұмсалған және жоғалған соммалар кінәлі тұлғалардан
олардың төлем қабітеттілігінің жоқтығынан немесе т.б. себептерге байланысты
айып төлеу шараларын жүргізу мүмкіндіктері болмаған жағдайда, 333 шот
дебетінен 311 “Күмәнді қарыздар бойынша резервтер” шотында – жетіспейтін
тауарлы-материалдық құндылықтардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің
нақты құны соммасында; 611 “Болашақ кезеңдер табыстары” шотының дебетінде,
333 шоттың кредитінде – жетіспейтін тауарлы-материалдық құндылықтардың
баланстық құны мен төленетін айыптар арасындағы соммасында.
Борышкерлердің төлем қабітеттілігінің болмауынан борыштардың сызылып
тасталуы оның толық жойылуы деп саналмайды. Сонымен қатар, соммалар 007
“Төлем қабілеттілігі жоқ борышкерлердің залалдарға сызылып тасталған
борышы” баланстық шотында сызылғаннан кейінгі бес жыл ішінде көрсетілуі
тиіс. Бухгалтерия борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда, айып
төлеу шараларын жүргізу мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.

1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі
екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді
білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) – екінші
деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он
үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының
нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету
керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы
мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу
болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге
басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
Орталық банк экономикамызда басты орын алады.10.48б
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие
ала алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.11.64б
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі
мынадай құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей,
Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің
қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгияда);
- орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер
жүйесі (АҚШ-та);
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық
банктердің қосқан жарнасынан тұрады.25.77б
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып
табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық
қордың мөлшері – 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан,
құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік-құралдар мен басқа
бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті
ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор
жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырылады және
жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға
арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға
қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған
қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнот пен монеталарды қоса
алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды
абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі
қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның
мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық
валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық
қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына
жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай
жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;
- ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан
қаражаттары есебінен.24.53б

Ұлттық банктің басқару құрылымы

Қазақстанның Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына:
Басқарма және Директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға
мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін
бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы
шешім қабылдау;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің
бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау
және бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді
пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті,
департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және
ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық
актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциалдық нормативтер ме басқа да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім
қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не
арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау.
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының құрамына:
- ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалар;
- ҚР Президентінен бір өкіл;
- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы Директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға
сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР
Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
- Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті
бекітеді;
- ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты
ақпараттарды беріп отырады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк
атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіктері өз қызметтерін ҚҰБ
бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функционалдық құрылымына департаменттер мен басқа да
бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен
ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мыгадай департаменттер мен дербес
басқармалары бар:
▪ зерттеу және статистика жүргізу департаменті;
▪ төлем балансы және валюталық реттеу департаменті;
▪ заң қызметі департаменті;
▪ монетарлық операциялар департаменті;
▪ бухгалтерлік есеп департаменті;
▪ ақпараттық технологиялар департаменті;
▪ ішкі аудит департаменті;
▪ персоналдармен жұмыс жасау департаменті;
▪ қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
▪ халықаралық қатынастар басқармасы;
▪ төлем жүйесі басқармасы;
▪ Ұлттық банк жетекшілігін қамтамасыз ету басқармасы;
▪ операциондық басқарма;
▪ бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы;
▪ автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйелерді енгізу
басқармасы;
▪ қауіпсіздік басқармасы;
▪ құжаттық қамтамасыз ету мен бақылау басқармасы;
▪ шаруашылық жүргізу басқармасы;
▪ координация басқармасы (Астана қаласында)
▪ бірінші бөлімше.
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадайдербес бөлімшелер де кіреді:
▪ Мемлекеттік сақтау қоймасы;
▪ Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттілігі;
▪ Банкноттық фабрика;
▪ Қазақстан банкаралық есеп-айырысу орталығы (ҚБЕО);
▪ Қазақстан ипотекалық компаниясы;
▪ Процессингтік орталық;
▪ Актуарлық орталық;
▪ Банктік сервистік бюро;
▪ Ұлттық ақпараттар технологиясы;
▪ Автобаза.27

Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары

Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада
мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монеталардың
монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды
эмиссиялайды;
- ҚР Үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;
- Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және
филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат береді;
- белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау
проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиялау
проспектісіне тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;
- банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру) пайыз мөлшерлемесін
реттеуді жүзеге асырады.
Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:
- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару
мерзіміндегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын
борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік және есеп-айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы
қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға
қабылдайды;
- қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
- қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чектерді жазып, вексельдерді береді;
- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да
банктік операцияларды жүзеге асырады.18.105б

1.3 ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі

Дебиторлармен жүргізілетін операциялардың жалпы сипаттамасы

Шаруашылық операциялар мен жалақы төлеу бойынша дебиторлармен
жүргізілетін операциялар есебі келесідей қызметтермен жүзеге асырылады:
1) франт-офисімен;
2) бэк-офисімен;
3) Ұлттық банктің бухгалтерлік есеп департаментінің бас
бухгалтериясымен.
Франт-офис – әкімшілік-шаруашылық операциясын жүргізетін Ұлттық
банктің орталық аппаратының немесе филиалының бөлімшесі, және Ұлттық банк
жұмысшыларымен жалақы бойынша қаржылық есеп айырысуды жүргізетін Ұлттық
банктің орталық аппаратының бөлімшесі.
Ұлттық банктің бэк-офисі – көмекші бухгалтерлік есеп жүргізетін
операциялық басқармасы.
Бас бухгалтерия – Ұлттық банктің Бас бухгалтерлік кітабы деңгейінде
дебиторлармен және кредиторлармен жүргізілген операциялардың дұрыс
көрсетілуін бақылайтын Ұлттық банктің бухгалтерлік есеп департаментінің
бөлімшесі.
Франт-офис қамтамасыз етеді:
1) бөлімше қызметкерлерінің тізімдік құрамын есепке алу, франт-офис
арнайы бөлімшелерінің назарына Ұлттық банк жұмысшыларымен жалақы
бойынша есеп айырысуға қатысты бұйрықтар мен басқа да құжаттарды
жеткізу;
2) алғашқы құжаттарды дайындау;
3) жалақы мен одан ұсталатын ұсталымдар бойынша барлық есеп
айырысуларды орындау;
4) міндетті аударымдар бойынша есеп айырысуларды орындау;
5) көрсетілетін және қабылданатын қызмет көрсетулер бойынша шарттардың
дайындалуы және жасалуы.
Франт-офиспен дайындалған алғашқы құжаттарда құжаттың аталуы, оның
нөмірі, датасы, Ұлттық банктің дебиторының аты, шаруашылық операцияның
қысқаша мазмұны, оның натуралды және ақшалай көрінісі, өкілетті тұлғаларды
қолдары болуы тиіс.1.233б
Алғашқы құжаттардың тексті мен сандық деректерін өшіру мен оларға
өзгертулер енгізуге тиым салынған.
Бэк-офис көмекші есеп жүргізеді және құжаттардың қайтадан
қайтарылуымен франт-офистен алынған бас бухгалтерияға көмекші бухгалтерия
есептері бойынша операциялар көрсетілген алғашқы құжаттар негізінде
дебиторлармен шаруашылық, әкімшілік-басқару қызметтері бойынша және Ұлттық
банктің жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысу операцияларының
жүргізілуіне бақылау жасайды.
Бэк-офис бюджет жіктемесінің кодтары мен Ұлттық банктің бухгалтерлік
есебінің шоттарының жоспары бойынша тиісті операциялардың уақытында
көрсетілуіне жауап береді.
Ұлттық банктің кірістері мен шығыстарын орталықтандыру кезеңінен бері
барлық кірістер, шығыстар және тұрақсыздық айыппұлдар Ұлттық банктің
бухгалтерлік есеп департаментінің Әкімшілік шығыстар басқармасына
аударылады.
Франт-офис пен бэк-офис жетекшілері көмекші есепті жүргізу кезінде
шаруашылық жүргізу мен Ұлттық банк қызметкелеріне жалақы төлеу бойынша
дебиторлармен және кредиторлармен операциялардың орындалуына
жауапкершілікті жұмысшылар арасында дәл тура бөліп беруге қажет, сонымен
қатар, құжаттарды бекітетін және визалайтын тұлғалар құрамын анықтауы
тиіс.8.114б
Франт-офис пен бэк-офис жетекшілері операциялардың орындалуына,
есептік құжаттардағы деректердің толықтылығына және туралылығына,
құжаттардың дайындалуына, тексерілуіне және уақытында бас бухгалтерияға
тапсырылуына ішкі бақылау жүргізеді.
Бас бухгалтерия шаруашылық жүргізу мен Ұлттық банк қызметкелеріне
жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен орындалған
операциялардың жалпы есебін жасайды және көмекші бухгалтерияда дұрыс
көрсетілуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, табылған қателерді түзету
шараларын іске асырады.
Бас бухгалтерия бэк-офистен алынған өтінімдер негізінде шаруашылық
жүргізу мен Ұлттық банк қызметкелеріне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен
және кредиторлармен орындалған операциялар есептеу мен көрсету үшін көмекші
бухгалтерияда жеке шоттар ашады.

Дебиторлармен және кредиторлармен көмекші есеп операцияларын
жүргізудегі франт-офистің функциялары

Дебиторлармен және кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк
бөлімшесінің франт-офисі Ұлттық банктің бюджетін жоспарлауға қатысады.
Дебиторлармен және кредиторлармен орындалатын операциялар бекітілген бюджет
көлемінде жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен
операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлімшесінің франт-офисінің негізгі
функциясы әртүрлі қызметтерді көрсету мен пайдалану туралы шарт жасасу және
олардың орындалуын бақылау болып табылады.
Ұлттық банк жұмысшыларына тиісті еңбек жағдайларын жасау мақсатында
әртүрлі қызметтерді пайдалану үшін қызметтерді көрсететін ұйымдармен Ұлттық
банк арасында шарттар жасалады. Шарт екі данада дайындалып, франт-офис
жетекшісімен және заң қызметі жетекшісімен визаланады, Ұлттық банк
төрағасының жетекшілік жасайтын орынбасарының (немесе Ұлттық банк бөлімшесі
жетекшісінің) және қызмет көрсетумен жабдықтаушы ұйымның өкілетті
тұлғасының қолдары қойылып, екі жақтың мөрлерімен бекітіледі.
Бір данасы қызмет көрсетумен жабдықтаушы ұйымға беріледі, ал екіншісі
Ұлттық банктің заң қызметіне тіркеу мен сақтауға тапсырылады. Шарттан үш
көшірме алынады: бірінші көшірме бас бухгалтерияға берілсе, екінші көшірме
франт-офис үшін құжаттарда қалады, ал үшіншісі бэк-офиске тапсырылады.
Ұлттық банк қызметкелеріне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және
кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлімшесінің франт-
офисінің негізгі функциясы алғашқы құжаттар (жұмыс уақытын есептеу
табельдері, бұйрықтар, ауру қағаздары және басқа да құжаттар) негізінде
жалақыны уақытында және дұрыс есептеу, әр жұмысшы бойынша аяқталған айға
деректерді журналды көрсету және есеп айырысу-төлем ведомостін жасау.
Ведомосте франт-офис жетекшісінің және төрағаның жетекшілік ететін
орынбасарының қолдары қойылады, ал Ұлттық банктің бөлімшелерінде – оның
жетекшісінің және бас бухгалтердің қолдары қойылады. Ведомость бэк-офиске
беріледі, ал көшірмесі франт-офисте қалады.
Ұлттық банктің қызметкерлерінің қарыздық борыштары болған жағдайда
франт-офис борыштарды жабу, осы борыштар бойынша есептелген пайыздарды
төлеу және қарыз бойынша басқа да төлемдер мақсатында жалақыдан ұсталатын
ұсталымдар бойынша есеп айырысуларды жүргізеді.
Қызмет етуші заңнамаға сәйкес Ұлттық банк жалақы қорымен есеп айырысу
бойынша, абсолютті соммада, міндетті сақтандыру төлемдерін келесідей
мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға аударып отырады:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметінің қол астындағы міндетті
медициналық сақтандыру қоры;
4) мемлекеттік жұмыспен қамтылуға әрекет ету қоры.
Ұлттық банк қызметкелеріне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және
кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлімшесінің франт-
офисі міндетті төлемдерді есептеп, олардың шығыстар шоттарында көрсетілуі
мен сақтандыру төлемдерін аудару операцияларын жүргізу үшін құжаттар бэк-
офиске тапсырылады.
Егер де қайта есеп айырысу нәтижесінде сақтандыру төлемдерінде
жетіспеушілік бекітілсе, онда жетіспейтін төлемдер қайта есеп айырысылатын
күні мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға аударылады. Егер де қайта есеп
айырысуда артық төлемдер бекітілсе, келесі сақтандыру төлемі артық төленген
соммаға азайтылады.
Алғашқы құжаттарды жасау міндеттемелері жүктелген франт-офис
жұмысшылары олардың дайындалуына, уақытында бэк-офиске тапсырылуына және
ондағы деректердің дұрыстығына жауап береді.
Екінші денгейдегі банктерде дебиторлар мен кредиторлармен жүргізетің
операцияларды, есеп берудің барлық түрі, банктің өзінің бухгалтерлік
деректер базасында, ақпаратты сақтайтын программаларда, көруге болады,
олардын мынадай түрлері бар: Paradox, Access, Oracle және тағы сол
сияқтылары. Мысалы БанкЦентрКредиттің Internet Explorer арқылы банк ішінде
МодульДебиторы Кредиторы сияқты программасы банктің есеп берудің барлық
түрін XLS(EXCEL) және HTM форматтарында бере алады.

Ақшалық аванстар бойынша операциялар есебі
Ұлттық банк бөлімшелері қызметкерлерінің іссапар шығыстарына аванстар
беру тікелей бөлімшелердің өздерімен жүзеге асырылады.
Іссапар туралы бұйрық пен Ұлттық банк бөлімшесі жұмысшысының ақшалық
аванс беру өтінішімен Қазақстан Республикасының іссапар шығыстары туралы
бекітілген нормаларына сәйкес, іссапарға жіберілетін жұмысшыға оның есеп
беруі арқылы қолма-қол ақша беріледі. Іссапар шығыстарына аванс беру
өтінішіне Ұлттық банктің бэк-офисі бөлімшесінің өкілетті қызметтегі
тұлғасының қолы қойылады.
Осындай жағдайда іссапар шығыстарына аванс беру соммасына келесідей
проводка орындалады:
Дт – 273 11
Кт – 101 00.
Ерекше жағдайда Ұлттық банк басшылығының хаттық рұқсаты мен қайтару
датасы көрсетіле отырып, берілген уақыттан кейін бір айдан көп
кешіктірілмей ақшаны қайтару туралы хаттық міндеттеме бойынша берілуі
мүмкін.
Ұлтық банк бөлімшесінің жұмысшысы іссапардан қайтып келгеннен кейінгі
үш жұмыс күнінен кешіктірмей аванстық есеп беруді және оған қосымша мынадай
құжаттарды қоса тапсыруы қажет: іссапарға бару мен одан қайту жазбалары
көрсетілген іссапар куәлігі және құралдарды жұмсауды дәлелдейтін
құжаттардың оригиналдары.
Тапсырылған құжаттар негізінде шығыстардың келесідей түрлері бойынша
проводкалар орындалады:
а) жолақы бойынша шығыстар:
Дт – 969 12
Кт – 273 11;
ә) тәуліқақы бойынша шығыстар:
Дт – 969 11
Кт – 273 11;
б) пәтерақы бойынша шығыстар:
Дт – 969 13
Кт – 273 11;
в) басқа да шығыстар бойынша есеп айырысулар:
Дт – 979 00
Кт – 273 11.
Іссапар шығыстарына берілген аванстан асыра жұмсауды дәлелдейтін
құжаттар болса, іссапарға жіберілген тұлғаға аванстан асыра жұмсаған
соммасы төленеді. Мұндай жағдайда келесідей проводкалар орындалады:
а) жолақы бойынша іссапарлық шығыстар:
Дт – 969 12
Кт – 101 00;
ә) тәуліқақы бойынша іссапарлық шығыстар:
Дт – 969 11
Кт – 101 00;
б) пәтерақы бойынша іссапарлық шығыстар:
Дт – 969 13
Кт – 101 00;
в) басқа да іссапарлық шығыстар бойынша есеп айырысулар:
Дт – 979 00
Кт – 101 00.
Есеп беру арқылы алынған сомманың жұмсалмаған бөлігі іссапардан қайтып
келгеннен кейін көп кешіктірілмей, кассаға қайтарылуы тиіс. Жұмсалмаған
аванс бөлігіне келесідей проводка орындалады:
Дт – 101 00
Кт – 273 11.
Іссапарға бару тапсырысы алынып тасталған жағдайда, есеп беру арқыл
алынған сомма жедел кассаға қайтарылуы тиіс. Жаңа аванс алдында берілген
аванс бойынша толық есеп айырысылғаннан кейін ғана беріледі. Тек есеп
беретін тұлғаға оның орындайтын тапсырмасы бойнша қолма-қол ақша қажет
болған болған жағдайда ғана Ұлттық банк бөлімшесінің бастығымен бекітіліп,
қолма-қол ақша беріледі.
Іссапар мерзімін есепке алу арқылы шетел іссапарының шығыстарына
аванстар Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бекіткен нормаларына
сәйкес, аванс беруге өтініш толтырылған датадағы шетел валютасының теңгеге
шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген бағамы бойынша шетелдік валютаға
эквивалент соммада теңгемен беріледі.
Шетелге іссапар шығыстарына аванс алу үшін Ұлттық банктің жұмысшысы
бэк-офиске келесідей құжаттарды тапсырады:
1) Ұлттық банк төрағасының немесе оның қызметін атқарушысының қолы
қойылған іссапар туралы бұйрық;
2) шетелдік ұйымдардан шақыру;
3) төмендегілердің көрсетілуімен аванс беру өтініші:
- жұмысшының тегі (фамилиясы);
- жіберілетін орын;
- іссапар мерзімі;
- іссапарға жіберілетін тұлғаның қолы.
Алынған құжаттарға, шетел ваюталары бағамының бюлетеніне және
бекітілген нормаларға сәйкес, бэк-офис аванс беру өтініші толтырылған
датасындағы шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген
бағамы бойынша шетелмен валютасымен аванстық есеп айырысуды жүргізеді.
Шетел валютасымен аванс беруге қажетті құжаттарға жауапты атқарушының,
бэк-офис жетекшілерінің қолдары қойылады және шетел валютасын беру үшін
Ұлттық банктің арнайы өкілетті бөлімшесіне тапсырылады. Сол кезде мынадай
проводка орындалады:
Дт – 273 12
Кт – 466 10.
Шетел іссапарлары бойынша аванстық есеп берулер Ұлттық банк
төрағасының бюджеттік жоспарлауға (сметаға) жетекшілік ететін орынбасарымен
бекітіледі.
Шетелдік қызметтік іссапардан қайтып келген тұлғалар бес күн ішінде
бэк-офиске жұмсалған соммалар жөнінде аванстық есеп беруді тапсыруы қажет.
Аванстық есеп беру іссапарлық куәлік және оған қосымша құжаттар
негізінде жасалады және бэк-офиске тапсырылады. Аванстық есеп беруге
қосымшаға мынадай құжаттар кіреді:
- пәтер жалдау бойынша;
- жол жүру бойынша (таксиді қоса алғанда);
- өкілдік шығыстары бойынша.
Аванстық есеп беру соммасын есептеу дәлелдейтін құжаттар негізінде
аванс беру өтініші толтырылған датададағы шетел валютасының теңгеге
шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер де дәлелдейтін құжаттарға сәйкес асыра жұмсау немесе жұмсалмаған
қалдық болмаса, онда аванстық есеп беруге бэк-офис жетекшісінің және
бюджеттік жоспарға жетекшілік ететін төраға орынбаасрының қолдары қойылады.
Бұл бюджеттік жоспар негізінде бэк-офиспен іссапарлық шығыстар бойынша
дебиторлық борыштарды алып тастау орындалады:
Дт – 969 20, 969 30
Кт – 273 12, 273 13.
Егер де дәлелдейтін құжаттарда көрсетілген жұмсалған құралдар соммасы
іссапарға берілген аванс соммасынан аз болатын болса, онда іссапарға
жіберілген тұлға артылған құралдарды іссапар аяқталғаннан кейінгі бес күн
ішінде іссапардың аяқталу датасындағы шетел валютасының теңгеге шаққандағы
Ұлттық банкпен бекітілген бағамы бойынша шетел валютасында немесе
қазақстандық теңгеде қайтарылады.Бес күн ішінде қайтарылмаған іссапарлық
шығыстарға аванс беру бойынша валюта құралдарының артықшылығын құраған
шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген бағамы
бойынша қазақстандық теңгеге енгізіледі. Сол кезде мынадай проводка
орындалады:
Дт – 101 00
Кт – 273 12, 273 13
Кт – 779 90.
Егер де Ұлттық банктің іссапарға жіберілген тұлғасымен аванс бойынша
құралдарды берілген соммадан дәлелдейтін құжаттармен расталатын асыра
жұмсау орын алатын болса, онда іссапарға жіберілген тұлғаға берілуі тиіс
сомма іссапардың аяқталу мерзіміне бекітілген шетел валютасының теңгеге
шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген бағамы бойынша қазақстандық теңгеде
төленеді.
Бұл кезде келесідей проводкалар орын алады:
а) артық жұмсалған шығыстар соммасына:
Дт – 969 30, 969 20
Кт – 101 00;
ә) аванстық есеп беру соммасына:
Дт – 969 30, 969 20
Кт – 273 12, 273 13.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жұмысшыларымен жалақы
бойынша есеп айырысу

Ұлттық банк бойынша бұйрықтарға сәйкес Ұлттық банктің жұмысшыларына
аванс Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған көлемде төленеді.
Сонымен қатар, бэк-офистің жауапты атқарушысы франт-офистен алынған
есеп айырысу-төлемдерінің ведомостері негізінде келесідей проводканы
орындайды:
Дт – 273 30
Кт – 101 00 немесе Кт – 466 10 жинақтауға аударған жағдайда.
Ұлттық банк жұмысшыларымен жалақы бойынша толық есеп айырысу әр айдың
аяғында жұмыс істелген уақыт пен алдында берілген авансты есепке алу арқылы
жүзеге асырылады. Франт-офиспен дайындалған есеп айырысу-төлемі ведомості
негізінде бэк-офистің жауапты атқарушысы келесідей проводкаларды орындайды:
а) бір ай бойынша есептелген жалақы соммасына:
Дт – 961 00, 962 00, 963 00, 964 00
Кт – 473 30;
ә) алдында берілген аванс соммасына:
Дт – 473 30
Кт – 273 30;
б) табыс салығы соммасына:
Дт – 473 30
Кт – 473 40;
в) үшінші тұлғалар пайдасына төлемдер соммасына:
Дт – 473 30
Кт – 473 20;
г) төленген жалақы соммасына:
Дт – 473 30
Кт – 101 00 немесе Кт – 466 10 жинақтауға аударған жағдайда.
Жұмысшы жалақысын беру күнінен кейшнгі үш кннде алынбаған жалақы
соммасы депондауға жатады. Осындай жағдайда бэк-офистің жауапты атқарушысы
кассирдің берген есебі негізінде келесідей байланысты орындайды:
Дт – 473 30
Кт – 473 10.

2. ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы

Жобаланып жатқан программалық жабдықтар кешені дебиторлық борыштар
есебін автоматтандыруға арналған. Программаның пайдаланылуы арқылы
бухгалтердің жұмысы іссапарлар шығыстары есебінің автоматтандырылуы
есебінен кәдімгідей жеңілдетіліп, жеделдетілуі тиіс.
“Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттары
мыналар:
▪ іссапарлар шығыстары есебінің операцияларын жоғары тиімділікпен
қамтамасыз ететін бухгалтерлік ақпараттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесi
Бухгалтерлік есептің Қазақстандық және халықаралық стандарттары
Кәсіпорындағы қысқа мерзімді активтердің аудиті
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі
Банк операциялары бойынша шот корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Есептілік кезең қағидасы
Дебиторлық борыш– ағымдағы активтердің элементі ретінде
Айналым қаражат көзі
Пәндер