Адамның психофизикалық сипаттамасы мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері


Жұмыс қабілеті. Адамның психофизикалық сипаттамасы мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері.
Денсаулық - физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
"Салауатты өмір сүру салты" деген түсінік тек үстіртін көзқарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз.
Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандай да болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-теңдігі бұзылғаны дей бер. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат) деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан өткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың керек екенін аңғартады.
Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дәрмектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни, ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күйзелістің тетік-тегершігін анықтау, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек. Күйзеліс ағзаның қорғаныс функциясында атқарған Г. Сельменің айтуына қарағанда "күйзеліс өмір өлі" . Ол эксперимент жүргізу үшін егеуқұйрықтарды алып, оларды үш топқа бөлген. 1-топтағы егеуқұйрықтарды үнемі күйзеліссіз жерде, тыныштықта ұстаған, ал екінші топтағы егеуқұйрықтарға қысқа мерзімді күйзеліс тудырып отырған.
Үшінші топтағы егеуқұйрықтарға үздіксіз күйзеліс тудырған. Осының нәтижесінде: екінші топтағы жануарлар ұзақ жылдар бойы өлместен тіршілік ете берген. Осыдан келіп үлкен қорытынды жасаған. Қандай да болмасын күйзеліс қажет екендігін дәлелдеген. Күйзеліс кезінде ағза көптеген гормондарды адреналин мен норадреналинды бөліп шығарады екен. Адамның қобалжуы денедегі адреналиннің көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты.
Г. Селье күйзелісті үш кезеңге бөледі:
1) абыржу кезеңі;
2) төзімділік (резистенттік) ;
3) әлсіету кезеңі.
Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын жеңу үшін айналаны қоршаған ортаның жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін жоғарғы деңгейге жеткізу. Күзелістік әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың неше түрлі үрдістерін туғызатын гармондар бар. Олар адреналин мен норадреналин . Бұған ағзадағы гипофиз қосылады да өте үлкен физиологиялық - биохимиялық үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек бездерінің глюкокортикоидты гармондарының бөлінуін арттырып ағзаға күйзеліс тудырады. Жанды әсер созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұған аззаны әбден әлсіретеді. Ұзақ уақыт стресс созылса ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі. Адамның көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық көрсеткіш емес. Еге күйзеліс жиі-жиі болып тұрса онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық- биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.
1950-1970 жылдары өсімдіктер физиологиясын да стресс жануарлар физиологиясында психологиялық стресс деген биологиялық терминдер пайда бола бастайды. Өмірге, тұрмыс игілігіне, стресс әлеуметтік қоғамдағы орнына, адамгершілігіне, өзіне деген биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім тудыратын оқиғалар психологиялық стрестің себепкері болып саналады. Адамзат баласы өзіне өзі тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің нәтижесінде танымдық қызығушылығы артып, ауыр стресс тудыратын факторларды болдырмай, ал ол бола қалған жағдайларды олардан тез арада шығып кетіп отырады.
Психосоциалды күйзеліс және цевилизация аурулары
Эмоция- латын сөзі-emovera қозу, толқу- деген мағына береді. Қуаныш сезімі. И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш- қуаты. Сондықтан да эмоцияның белілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Эмоция ағзаның ішкі эндокринді бездеріне байланысты болады. Адреналин эмоцияны реттеуші фактордың бірі болып есептеледі. Ол бауырдағы гликогеннің ыдырауына әсерін тигізеді. Адам эмоциялық жағдайда болған да, қандағы қанттардың мөлшері азайып кететінін медиктер анықтаған болатын.
Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды.
- Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қаталдылығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны адамның өз әліне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында. Бағасына қарай ағзада физиологиялық- биохимиялық үрдістер өтіп, бірнеше пайдалы және пайдасыз өзгерістер туады.
- Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физиологиялық- биохимиялық, биологиялық жауабы.
- Алдағы уақыттарда күйзелісті болдырмайтын, оның неще түрлі себептерін жоюға арналған іс- әрекет (мінез-құлық) . Жұмсалатын биологиялық күш өлшемі оқиғаның салдары әрқашанда есепке алынуы тиіс. Осының нәтижесіне ағзада тізбекті күйзеліс пайда болады.
Адамның басына түскен қиындықтарды жеңу үшін оның еркі болуы керек. Еркі күшті адам өзінше тіршілік етеді, ешкімнің кеңесін қажет етпейді. Әрқашанда өзінің алдына қойған мақсаттарына жетіп отырады.
Адамдардың алға қойған мақсаттары ішкі және сыртқы қиындықтарға байланысты біркелкі орындалмай қалады. Еркі күшті адам мұның бәріне төтеп беріп, өзінің мақсаттарын түгелдей орындап отырады. Ерік адамдардың нерв жүйелерін де қарқында дамиды. "Үлкен ерік деп жазды ұлы педагог А. С. Макаренко- тек өзінің алдына қойған мақсаттарын ғана орындап шығу емес, сонымен бірге өзіне жағымсыз, залалды заттардан бірден тастап кетуі (темекі шегу, алкогольмен әурелену, есірткі заттармен айланысу, улармен әуестенуі) ". Ерік өзінен-өзі туындайды. Еріктің физиологиялық механизмін ұлы физиолог И. Т. Павлов толығымен анықтап шыққан. Еріктің дамуы екінші сигналды жүйеге байланысты деп И. Т. Павлов қорытындыны бірден жасаған.
Қиын жағдайлрда адамдардың қиындықты жеңуге деген өзіне тілек және мүмкіндігі (дайындығы) болуы керек. Қандай жағдайлар болмасын адамда қажірлі үміт және үлкен тіршілік сезімі болуы керек. Егер жас балаларды "Сен түк білмейсің" - желкелей берсең, онда белгілі бір теріс сезім пайда болады да, ол дами түседі. Ондай тәрбиеден аулақ болуымыз керек. Біздер еврейлердің жас балаларын қалай тәрбиелейтініне үлкен көңіл аударуымыз керек. Олар өз балаларын сен көп білесің, сен батырсың деп сезім бостандығын күшейтеді. Біреу үйіне қонаққа келсе, балаларын үстелдің үстінде отырғызып, ол кісі не айтады екен деп, одан ол тәрбие және білім алсын, деген ниетпен балаларын жақындатады. Ал біздің қазақтарда, жасыратыны жоқ, ондай тәрбие болмаған. Қазіргі кезде қалай екнін мен білмеймін жас өспірімдерде күйзеліс әрекетіне деген психологиялық дайындық - күйзеліске төтеп берер дайындық ерік болуы қажет, яғни күйзеліске төтеп беретін еріктің болатынына сенім тудырудың аутогендік жаттығулардың қажеттігіне сендірудің маңызы орасан зор. Сондай-ақ қимыл белсенділігінің психикалық-физикалық жаттығудың, "Шипагер" емі терапиясының "Цигун емінің" белсенді нүктелерді бармақпен басудың, тыныс алу гимнастикасының маңызы орасан зор.
Адам өміріне қауіп - қатер төнген шақта адам қайратты болуы және қалай болғанда да өзін еркін ұстап, жақсылыққа бағыттауы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz