ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3 - 9
I. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯТИКАЛЫҚ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
- Жұмыссыздықтың түсінігі мен мәні6
- Жұмыссыздық әлеуметтік құқбылыс ретінде . . . 16-27
2. НАРЫҚҚА КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1. Ауыл мен қала арасындағы жұмыссыздық мәселелері . . . 28-41
2. 2. Қазақстандағы жұмыспен қамтуға бағытталған әлеуметтік саясаттың мәні . . . 42-47
ҚОРЫТЫНДЫ. . 48-52
ҚОСЫМШАЛАР. . 53-55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 58-59
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамдағы ең дамытушы, ең түрлендіруші рольді иеленуші фактор -жұмыссыздық тақырыбы болып саналады. Біздің диплом жұмысымыздың тақырыбындағы өзекті мәселе жастар. Жұмыссыздар тақырыбының методологиялық-теориялық негіздерінен бастамаға ала отырып, мақсаттар мен міндеттерді жүйелі түрде тақырыптың негізі ретінде көтердік. Өз жұмысымыздың барысында тақырыптың негізгі өзектілігі ретінде - қоғамымыздың нарыққа көшу кезеңіндегі жұмыссыздық жағдайындағы: жастардың әлеуметтік-саяси, рухани тұрғысынан зерттеудің негізгі тұжырымдамасы ете отырып, социологиялық анкеталар қатынасуымен жастар проблемасын жұмыстың структурасы етіп алдық.
Қай қоғамда да қоғамның жұмыссыздық мәселесі өзекті жағдай. Бүгінгі таңда біздің қоғамымызда осы мәселе елеулі орын алып отыр. Елбасымыздың үстіміздегі жылдың 18 ақпанында Қазақстан халқына жасаған жолдауында жастар мәселесіне көп көңіл бөлуі де сондықтан/1/. Республика халқының 25, 7 ‰ жастар құрайды. Яғни 15-29 жас аралығындағы жастарымыздың саны 3787700 адамды құрайды. Ал сол жастарымыз туралы, олардың күнделікті көңілін алаңдатар мәселелер туралы не ата аламыз. Еліміздегі нарықтық кезең тұсындағы жастар проблемасын өз зерттеуіміздің негізгі тұжырымдамасы етіп алумыз да осы еді. Жастар қай дәуірде де бағалы және әлеуметтік тұрғыдан төмен тұрып жатады.
“Жастық шақта қадірлемеген нәрсеміздің сазайын қартайғанда тартуға тура келер”, - дейді Эразм Роттердамский /2/. Егемен еліміздің қоғамында жастар жүйелі түрде іске асып жатыр ма? - делінген сұрақтар бойынша тақырыпта зерттемелер жүргіздік.
Өтпелі кезең тұсындағы жастардың қоғамдық әлеуметтік жағдайын, қоғамдық қатысуын қамтамасыз етіп, қандай бағыттарда орнағанын, әлеуметтік негізін көрсету - зерттеуіміздің методологиялық мәні.
Қоғамның нарық жағдайына ауысу тұсындағы жастар проблемасы, бірінші орынды әлеуметтік, материалдық қамтылудың жоғары - төменділігіне байланысты бағасын алуда. Қоғамда жастардың жетістігі де, жетіспеушілігі де мол. Бұл ретте зерттеудің теориялық негізі арқылы әлеуметтік мұқтаждықтарға, материалдық жетімсіздікке байлданысты екендігіне дәлелдер келтірдік.
Зерттеудің негізгі обьектісі - тоталитарлық жүйе ыдырап, белгілі бағыт орнап уақытта нарық кезеңімен бірге дамыған республикамыздың бюджетінің тапшылығы, экономикалық өсу денгейі төмендегі кезеңдегі жастар тақырыбы өз зерттеуіміздің обьектісі болып отыр. Жастар тақырыбы ең елеулі, шешімдерін табуы қажетті фактор. Себебі - жастар мемлекеттің саяси, әлеуметтік тұрғыдағы дамытушы ең үлкен - күші. "Сен маған жастарыңды көрсет, мен еліңнің ертеңін болжап беремін", - депті философ Солон/3/.
Жастар мемлекетті, қандай бір құрылымды өркендетуші, дамытушы үлкен күш. Осы себептен де өзге мемлекет саясатында жастар ісіне ерекше назар аударылып, жастар саясаты мен стратегиясына жол берілген. Мемлекеттік саясаттың айрықша басым бөлігі ретінде қаралады. Белгілі ғалым Ғарифолла Есім “Мемлекет тағдыры - келешек ұрпақ” атты ой-тоғамында “Жастар санасында әлеуметтік эксперимент жүріп жатыр. Олар өсе келе ел үмітін ақтайтынына сенім мол. Ал енді 13 пен 25 жас аралығындағы жастарға тоқталатын болсақ, бұларда бұрқыраған қуат бар. Бірақ сол қуат қайда кетіп барады, біздегі үрей мен үміт осы жағында болып отыр” /4/ дей келе, жастардың бойында сапа да, білім де, сонымен қатар жаман қылық та болады, соның қайсысы шешуші көшке айналып кететіндігіне алаңдаушылық танытады. Ғалымды осы мәселе толғандырады. Өйткені, бұл толқын ертеңгі күні Қазақстанның көп жағдайын шешіп, келер буынға үлгі болмақ.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде дағдарысты қоғамнан шығу саясатында Жапония қайта құру структурасын жасап, мемлекеттегі реформаны жастар ісінен бастағыны жөн деген қарар қабылдады. Он бес - жиырма жылдан соң бұл структураның дұры екені дәлелденеді. Себебі - білімді мамандармен Жапонияның экономикасы күрт дами бастады/5/.
Жалпы тарихта тек Жапония ғана емес өркениетті мемлекет мүшелерінің қолданған саясатында осындай тактиканы қолдану нәтижесінде бағыттын іске асырған.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстандағы кітапханалардың жартысынан астамы жабылып, қысқартуға ұшырады. АҚШ-тың бұрынғы президенті Биль Клинтон конгресмендерге кітапханаларда қайта жарақтандыру ісіне қаржы бөлуге шақырып, өтініш білдірді. Американ халқына арнап сөйлеген сөзінде Құрама Штаттардың болашағына ең бірінші бағытта екі нәрсе:
- Білім көтеретін кітапханалар.
- Жастардың тәрбиесі мен әлеуметтік ортаға бейімділігі, - деп айтқан /6/.
Қай қоғамда да құрылымның дамуы мен қалыптасу бағытына,
өркендеудің дұрыстығына, бұрыстығына жастар саясатының белгілі дәрежеде ықпалы болып келген. Әлем тарихындағы үлкен өзгерістер, революциялар жастардың араласу нәтижесінде болған. Демек, дұрыс пайдаға асыра білсе жастар қоғамда қоғамды реттеуші үлкен күш. Жастар ықпалы аз болған жағдайда кері процестер жүреді. Жастар тарапынан қолдау таппаған жаңғыртулар мен идеялардың көбі сәтсіз нәтижелерге ұшыратйтыны дәлелденген.
Жастар мемлекет алдындағы өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңа сапалық деңгейге көтерілуі қажетті ұстанымды нарықтық кезеңінен кейінгі тұста ғана ұстанатына бастады. Жастар бағытының өздерін рухани, интеллектуалды күш ретінде танытуы да осы кезеңнен басталады. Себебі нарықтық-экономиканың қоғамдық өмірге орнауы барысында жастар да адасу процестері жүріп, әлеуметтік мұқтаждықтың интеллектуалдық ақыл-ойын жеңіске жеткізді.
Нарықтық кезеңдегі жастар танымындағы дағдарыстың мол себептері болды. Мәдени, рухани, экономикалық мол ақпарат кеңістігіндегі қоғамда өмір кешу керегін тауып алуға, мүдделерге бара алуға кері ықпалын тигізеді. Жастардың танымдық деңгейінде де оның қажеттілігінен кері әсері бар. Осы ақпараттар да түрлі дүниелер де өзінің теріс салдарын туындатып отырады. Интернет жүйесі - ақыл-ойға, ойлануға құрылғаннан гөрі цифраға, компьютердің тетігінде қағаздағы тиісті жазбаларға ғана негізделген. Кез-келген кезде белгілі сайттар арқылы қажет мәліметтерді ала алғанымен санада ойлау, жұмыс жасау қабілетінен айырып қалушылық факторы орын алған. Ізденіс пен талап структурасы төмендейді. Жастық шақ "нағыз ерлік жасайтын шақ", дейді Стендаль /7/. Жастардың қоғамдық өмірге қатынасуы аз. Жастар мәселесіне салғырт көңіл бөлініп, бүгінге дейін тәуелсіз Қазақстанда 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы "Жастар саясатының тұжырымдамасы аясында ғана қарастырылып келген". 1990 жылы шілдеде "Балалар және жастар туралы" заң жобасы дайындалып, парламент қарауына жіберілгенімен ол қабылданбай қалды. Он жылда белгілі бір ұрпақ қалыптасып үлгеруі, жас Қазақстан мемлекеті өзінің жас азаматтарымен қоса дамуға мәжбүр социалистік дәуірде де жастар туралы заң қабылданбаған. Белоруссияда "Болгария жастары", атты 1997-2000 жылдардағы арналған саяси бағдарлама, Ресейде 1998-2000 жылдардағы арналған "Ресей жастары бағдарламасы аясында жастар мәселесі шешіліп келеді. 2001 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы парламентінде мемлекеттік жастар саясатына байланысты талдаулар өткізілгені белгілі. Парламенттік талқылау өткізу баяндамасында келтірген мысал жастар саясатын жүзеге асыру үшін 48 млн. теңге бөлінген. Республика жастарының саны 3, 7 млн. екенін ескерсек, әрбір жасқа шаққанда 15 теңгеден ғана үлес тиеді екен. 2002 жылы заң жобасы парламентке қайта енгізілді. Осы кезең жөнінде Отан партиясы төрағасының орынбасары, Жас Отан жастар қанаты республикалық кеңесінің төрайымы Л. Карамзина берген сұхбатында былай дейді: осы орайда айта кететін нәрсе, Үкімет заң жобасын мемлекет қызметінің басым бағытын, оның жас азаматтардың өмірлік әрекеттерінің негізгі салаларына қатысты кепілдігін анықтайтын сұлбалы құжат ретінде қарастырды. Бұл, әрине, оның атына деген сын мен оны нақытылауға байланысты ұсыныстар болғанын туғызбай қоймайды. Бірақ, түзетулердің басым бөлігі қосымша қаржыландыруды талап етеді. Бұған Үкімет мемлекеттің қажетті қаржысының жоқтығын сөздеріне желеу етіп, бас тартумен болды. Соның салдарынан заң жобасы бірнеше кері қайтарылып, жастар, әдемілеп айтқанда, құқықсыз қалып отырды. /8/
Нарықтың кезеңінде өзгерген сана мен жастарды бағалауда "постмодернизм" деген пайда болған. Себебі бүгінгі мәдениет табиғи болмысынан айырылып, технологилық өлімге айналды. Кононтекстің бәрі өзгерген. Сондықтан да нарық кезеңіндегі жастардың ең алдында тұрған қол үзіп қалмай, ортақ мүдде үшін қызмет ету тетіктерін орнықтыру болып табылады /9/. Бүгінде жастардың әлеуметтік мәселесі өте көмекті талап ететін фактор. Әлеуметтік жағдайы өте төменгі дәрежеде қалыптасқан "Жастар біздің болашағымыз", - дегенмен жезөкшелікпен айналысу, ұрлық жасау қалған бөлігі күнкөріс үшін түрлі тіршілікке барған.
Көптеген салалардағы техникалық жаңалықтардың авторы болып табылады. Баспанасы жоқ,, материалдық мұқтаждығы көп ғылымнан ғөрі пайдасы мол нарық жағдайымен санаса отырып өзге іспен шұғылданады. "Сананы қай кезде де тұрмыс билейді"/10/. Материалдық жетіспеушілік салдарынан қоғамда көптеген қолымен жасалған теріс істер орын алуда. Мұндай экспанцияға гуманитарлық білім алған жастар ғана қарсы тұра алады. Адам өмірінің қалыптасуына жас кезіндегі уақыттың ықпалы 43 пайыз әсерін тигізеді. Жас уақытында көрген тәрбие негізінде өрбиді. Қай саладағы жетімсіздік салдарынан уақыт қоғамда керітартпа бағыттағы етіп жасап шығарып отырады. Қазақстан тұрғындарының 26 пайызын (16-29) жас аралығындағы жас азаматтар саны төрт миллионға жастар құрайды. Елімізде еңбекке қабілетті тұрғындардың 40 пайызы жастар үлесіне.
Демек, елде туындап отырған жастар пробемасы -ең өзекті мәселе.
Қазақстандағы1, 5 миллион жұмыссыздың 46 пайызы(26-27) жас аралығындағы жастар екендігін сараптама орталықтары дәлелдейді.
Медициналық тексеруден өткен миллион жастың 46 пайызы ауру екені анықталған. Бұл жалпылама көрсеткішпен есептегенде он жастың біреуі аурулы деген көрсеткіш/11/. Республика бойынша медициналық Алматы сараптама орталығының мәліметінде ер адамдардың 12 пайызы әскерге баруға мүлдем жарамсыз деп танылған. Жалпы білім беретін мектепті бітірген жастардың 70-90 пайызы кәсіби білім алуға мүмкіндігі жоқ. Жастар көбею орнына 2000, 1999, 1998 жылғы санақтарда көрсеткіш жыл сайын 20-21-22 мың адамға азайғанын көрсетеді. Қоғамда жастар мәселесі деген атау көп аталса да жоғарыдағы жастардың картинасы, жоғарыдағы цифр ешбір өзгеріс болмағанын айқындайды. Ғалымдардың есептеуінше азербайжан тұрғындарының орта жасы 25 жас деп көрсетіледі. Бұл осы халықтың болашағын айқындайтын фактор.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында Қазақстандықтардың 2007-жылғы санақ бойынша бұл цифр 19-ға өзгерген.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бері іске асып жатқан заң тармақтарындағы жастарға нақтылы қатысы бар тарауларын шолып өттік. Тәуелсіздік алған он жыл көлемінде жастар мәселесін жандандыруға байланысты заңдар қабылданған. Қазақстандағы жастар мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік саясаттың мәні мен ролі аз дәрежеде. Және қабылданған заң жобасы да жастардың қоғамдық саяси өмірінде іске асырылған. Оны келесі тарауларда көрсетуге тырыстық.
*Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі тұжырымдамасы - 1999 жылдан іске аса бастаған. Қабылданғанымен мұндағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік *жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі 2000 жылға арналған іс-шаралар жоспарлары* - атты үкімет қаулысы жобасы және *Қазақстан жастары* респуликалық бағдарламасы үлкен мәселе көтерген құжаттар. Бірақ бүгінгі жастар талабына, жұмыссыздықтың түсінігі мен себептеріне жауап бере алмады. Аталған құжаттарды атап, анық көрсетілген баптардың жүзеге асуы қажет деген бағыттар бойынша қоғамдық ұйымдармен бірлестіктерден ұсыныс жоба, өтініш, талаптар түсіп жатса, тиісті мекемелерден нақтылы жауаптар алынып, жүзеге асырылмаған.
2000 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы үкіметінің жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі кеңес күрделі істерге бастама бола алмаған. Қоғамның жастарға қарауы қатқыл, күрделі. Әлемдік, қоғамдық саяси үрдістер мен елімізде жүріп жатқан экономикалық реформаларға жастар буының кірігуі қиын. Жастар жағдайына қарап жоғарғы дәрежедегі тұрғыда диалог құрмай жүргенін аңғаруға болады. Жастар өз бағасын білу жағынан жаңылысып, саясатты кері түсінуде. Қоғамның жай- күйіне жете көз жіберіп, жастарға кінә жағуға да болмас. Әлеуметтік көзқараспен, әлеуметтанушылық пікірмен қоғам мен жастар арасындағы айырма-жастарда. Әсерленуші фактор жоққа тән. Жанды стандарттап, іс-әрекетті автоматтандыруға бағытталған кезеңде анағы революция жасау оңай емес.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенеті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңға қол қойды. Бұл Заң жастардың саяси-әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ еңбек және жұмыспен қамту саласында кепілдіктер беріп, тұрғын үй мәселесін шешуге жәрдемдеседі, мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін, принциптері мен негізгі бағыттарын белгілейді.
Тамыздың 12-сі күні аталып өтетін Халықаралық жастар күні қарсаңында Халықаралық еңбек ұйымы “Жастардың арасында еңбекпен қамтудың 2004 жылғы әлемдік үрдістері” баяндамасын жасады. Халықаралық еңбек бюросының жаңа зерттеулері бойынша, соңғы он жылдықта жастардың арасындағы жұмыссыздық күрт өсіп, рекордтық деңгейге - 88 миллион адамға жетіп отыр. Тағы бір айтатын жайт, әлемдегі жұмыссыздардың жартысын 15 пен 24 жастың арасындағы адамдар құрайды екен. Жастардың арасындағы жұмыссыздықпен күресу - әлемдік экономиканы дамытуға маңызды үлес қосар еді. Баяндама авторларының есептеуі бойынша, егер жастардың арасында жұмыссыздық екі есеге қысқартылса, нәтижесінде әлемдік ішкі өнімнің өсімі кем дегенде, 2, 1 триллион АҚШ долларына өседі. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі - 25, 6 пайыздық көрсеткіш - Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде тіркелсе, олардан кейінгі орында - 21 пайыздық көрсеткішпен - Сахараның оңтүстігіндегі Африка мемлекеттері тұр /12/.
Жұмысымыздың негізгі өзектілігі-жастар өз бетінше шешім шығарып, іс-әрекет жасап, шешім шығару психологиясында ата-анасына сенім артушылық мол. Ғылым мен техника қарықмтаған қоғамда әлеуметтік мәртебе бірінші орынға шығады.
Нарықтық экономикаға бағыт алған жастарда кез-келген факторды салыстыра білу қабілеті пайда болған. Мұнымен қоса қоғамның бір деңгейде еместігін, заман талаптары мәнін ұғынған. Өткен құндылықтардың маңызы кеміп, нарық қатынасының үстем болуы жастар бағытын басқа жолға бұрып жіберген.
Нысана табатын кеңістіктің өзгеруі де саналарға әсер етеді. Адам баласы ғылымды дамытқанда оның технологиясы тірізді ононимдік қозғаушы күшті тудырып, кері әсер береді. Бүгінгі технология қоғаммен, ғылыммен емес, тек тетіктермен қаруланған. Осы ретте жастар алдында ғылым мен техниканы ажырата білу қажеттілігі туындайды. Технологиялық қоғамның демократиялық жолмен дами алмай отырғанына, керісінше, тоталитаризмге қайтып бұруына, авторитаризмнің өз үстемдігін жасауына жастар кінәлі емес, аға буынның ықпалы зор.
Себебі олар қоғамның түбегейлі өзгрістерді қажет ететін демократияның талаптарына дайын болмаған. Бұл жастарда азаматтық позиция емес, демократиялық бағыттарына кертартпа көзқарас аз. Көп жастар қоғамға кіргенімен, бейімделуге жақын тұрмауы бұған кері әсер береді. Осы мәселелер тақырып өзектілігін айқындай түседі. Аталған тақырып бойынша шағын мақалалар ғана жарық көріп, әлі күнге дейін арнайы ғылыми тұжымдамасы жасалмай кешенді зерттеу обьектісі ретінде қаралмауы зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін арттыра түседі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының тақырып негізі етіп, нарық талаптарына сай жастар тұрмыс деңгейінде құбылыстар фактор ретінде алынғандықтан жастардың еліміздегі тәуелсіздік алып, нарықтық кезең тұсынан бастап, бүгінге дейінгі уақыт аралығындағы уақытты жан-жақты саралап, обьективті талдауын жасау шағын зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады. Аталған нақты мақсат жұмысымыздың төмендегідей міндеттерін белгілеп береді.
- жұмыссыздық түсінігіне анықтама беру,
- жұмыссыздық пайда болуының себептерін айқындау,
- жастардың мінез-құлқына жұмыссыздықтың тигізер әсерін атап нақтылау,
- жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу жолдарын қарастыру, тұжырым жасау,
- Республикамызда жастар мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік саясат мәнін ашу,
- жастар мәселесін шешуге қатысты қорытынды тұжырымдар ұсыну, т. б.
Кіріспе барысында зерттеудің мақсаты мен міндетін жете таныстырдық деп ойлаймыз. Зерттеудің жалпы методологиялық, теориялық негіздері туралы жұмыстың келесі тармақтарында айтылады.
Жалпы, зерттеудің негізгі тұжырымдамасы-ретінде төмендегідей жұмыстар жүргіздік:
- Еліміздегі жастар саясатын, жастар мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік саясаттың мәніне жете назар аудара отырып, болуы қажеттілігі;
- Жастар халықтың әлеуметтік-демографиялық категориясы ретінде көңіл бөлініп, жұмыссыздық түсінігі мен себептеріне жете мән беріп, жас отбасыларға көңіл бөлу.
Қоғамның өмір сүруі мен дамуының негізгі факторы ретінде, мемлекетке қажет адам және еңбек ресурстарын өндіруді, жастардың әлеуметтік қатарын толықтыруды инерцияның есебінде жалғастыру;
- Нарыққа көшу кезеңіндегі Қазақстан жастарының әлеуметтік жағдайы, мемлекет тарапынан бөлінген тиісті қаржылар, және жұмыссыздық туындайтын фактрлардың әсері, жұмыссыздықтың теоретикалық әдістемелік негіздері.
- Жастар арасында жұмыссыздықтың өсуі, Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат азаматтарға экономикалық, құқықтық талабына сай сапалы білім алуы; жастардың рухани мәселесін жоғарылату үшін, әлеуметтік мұқтаждықты болдырмау шаралары.
І. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИТИКАЛЫҚ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН СЕБЕПТЕРІ
Жұмыссыздық әр қоғамда кездесетін құбылыс және тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер ететін болғандықтан нақты талдауды қажет етеді. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі көптеген мәселерді тудырады: теңсіздіктің өсуі және адамдардың әлеуметтік жатсынуы, еңбек өнмділігінің төмендеуі және экономикалық тұрақсыздықты өсуі, қолданылмайтын адамдық ресурстар, жұмыссыздықтан туындайтын адамдық ауыртпашылықтар.
Дүние жүзілік көлемде жұмыссыздықтың өсуіне қатысты үш түрлі қатынас бар:
- американдық модель: едәуір жұмыс күшіне жұмыс орындарын беру арқылы төмен деңгейдегі табысты бөлу арқылы кедей жұмысшылар тобын құруға тәуекел ету.
- скандинавиялық модель: барлығына бірдей қанағаттандыратын деңгейде жұмысбастылықты мемлекеттік секторда жұмыс орындарын ашу арқылы кепілдеме беру инфляциялық қысым көрсету мен мемлекеттік қаржылық құралдардың азаюына тәуекел ету арқылы жұзеге асады.
- европалық модель: экономикалық өсімнің қорын сақтау және қымбат жүйе арқылы жұмыссыздарға жәрдем ақы, жоғары жалақы беру арқылы жұмысы бар адамдардың табысы мен еңбек жағдайын қолдау. [19]
Нарықтық қайта құрулар қазақстандық қоғамның көптеген салаларына түбірлі әсерін тигізді. Қазақстандағы экономикалық, саяси, әлеуметтік саладағы өзгерістер жұмысбастылық саласына да әсер етті. Қазіргі кездегі тұрғындардың жұмысбастылығы жұмысбастылық деңгейінің жедел төмендеуімен, жұмыссыздықтың өсуімен, еңбекке деген төмен сұраныстағы еңбек нарығының қалыптасуымен сипатталады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Қазақстанда жұмыссыздық еңбек нарығындағы және жұмыс орындағы бәсекенің өсуінің әрекет етуші тұрақты факторына айналды. Қазақстандағы экономикалық белсенді тұрғындардың саны 7, 8 миллионын құрайды. 4 миллион адам жалдамалы жұмыс атқарады. Қалған 0, 8 миллион адам - жұмыссыздар. Олар экономикалық белсенді тұрғындардың 10, 8 пайызын құрайды. Ресми жұмыссыздардың деңгейі - 216, 1 мың адам. Экономикалық белсенді емес тұрғындар 24, 8 пайызды құрайды. [20] Бұл деректер Қазақстандағы жұмыссыздардың көбінің тіркелмейтінін, сондықтан жасырын жұмыссыздықтың санының артатынын көрсетеді. Қазақстандағы кедейлердің жинақталған әлеуметтік портреті: жасы 45-те, жынысы негізінен - әйел, қала тұрғыны, орта не арнайы орта білімі бар, қаржы, несие беру саласындағы білімі жоқ, бұрын мемлекеттік салада жұмыс істеген және штаттың қысқаруына не жұмыс орнынның жабылуына байланысты байланысты жұмыстан айрылған. Жұмыссызық адамның жасымен, білім деңгейімен және елді мекеннің түрімен тығыз өзара байланысты. Мысалы, социологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей жастардың жұмыссыз қалу мүмкіндігі 14 пайыз болса, орта жастағылардың жұмыссыз қалу мүмкіндігі - 8, 7 пайыз. Білім деңгейі жоғары топтағы адамдарда жұмыссыздық деңгейі төменірек. [21]
Л. Айтымбет жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жұмыссыздардың мына топтарын бөліп көрсетеді:
- енжар-күтушілер;
- жағдайға қарай енжарлар;
- енжар-қызығушылар;
- белсенділер;
- өзін-өзі ұйымдастырушылар;
6. түңілушілер. [22]
Қазіргі кезде социологтар жұмыссыздықтың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz