ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
5 ДӘРІС.  ЖҰМЫСШЫ КҮШІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  МИГРАЦИЯСЫ
        Халықаралық миграциясы: табиғаты және негізгі бағыттары
5.2. Жұмысшы күші тартылуының негізгі орталықтары
5.3. Еңбектің әлемдік нарығы және халықаралық миграциясының тиімділігі
мәселелері
5.1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯ: ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернациолизациясы
жұмысшы күшінің интерноционализациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы
халықаралық экономикалық қатнастардың бір бөлігіне айналды. Миграциялық
ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдер мен аймақтарға бет алуда.
Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін
қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артылықшыларды
қамтамасыз етеді.
Халықаралық жаппай миграциясы ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік
қоғамдастықтың өміріндегі ерекше құбылыстардың біріне айналды.
Халық миграциясы дегеніміз- тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған қайта
оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы
қозғалуы, ауысуы.
Халықаралық миграция әр түрлі формаларда болады: еңбектік, отбастылық,
рекреациялық, туристік және т.б
Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы ұлттық шекараларды кесіп өтетін еңбек
ресурстарының әр түрлі бағыттарын қамтиды. Жұмысшы күщінің халықаралық
нарығы- жұмысшы күшінің ұлттық және аймақтық нарықтарының жиынтығы.
Еңбектің халықаралық нарығы еңбек миграциясы формасында болады.
Жұмысшы күші миграциясының екі түрлі себебі бар:
• экономикалық сипаттағы;
• экономикалық сипаттағы емес;
  Экономикалық емес сипаттағы себептерге мыналар жатады: саяси, ұлттық,
діндік, нәсілдік, отбасылық және тағы басқа.
Экономикалық сипаттағы себептерге жекелеген елдердің дамуының әр түрлі
экономикалық деңгейіне сәйкес туындайды.
Жұмысшы күші өмір деңгейі төмен елдерден өмір деңгеиі жоғары елдерге
ауысады. Объективті түрде миграция еңбек ақы шартындағы ұлттық
ерекшеліктерге байланысты туындайды.
Жұмысшы күшінің миграциясын анықтайтын маңызды экономикалық факторлардың
бірі- кейбір елдерде, ең алдымен әлсіз дамыған елдерде жұмыссыздықтың орын
алуы. Халықаралық еңбек миграциясының маңызды факторының бірі- капиталдың
шетке шығарылуы және халықаралық корпорациялардың қызмет етуі.
Транұлттық корпорациялар жұмысшы күші мен капиталдың бірігуіне ықпал етеді,
олар бұл жағдайда жұмысшы күшін капиталға қарай жылжытады немесе еңбек күші
артық аймақтарға ауыстырады.
Танспорттық байланыс құралдарының дамуы өз ретіндле халықаралық еңбек
миграциясының елеулі түрде дамуына ықпал етеді.
Енді жұмысшы күші миграциясының 5 бағытын атап көрсетейік:
• жұмысшы күшінің дамушы елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге
миграциялануы;
• өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі миграция;
• дамушы елдер арасындағы жұмысшы күшінің миграциясы;
• жұмысшы күшінің бұрынға социалистік елдерден дамыған елдерге
миграциялануы;
• ғылыми қызметкерлердің, білікті мамандардың өнеркәсібі дамыған
елдерден дамушы елдерге миграциялануы.
  Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшелікртері:
• Еңбек нарығында қатаң шектеулердің күшейе түсуі. Мексика- АҚШ-қа қоныс
аударушы мигранттардың ең негізгі қайнар көзі. 1995 жылы бұл елден 90
мың тұрақты қоныс аударушы АҚШ-қа келеді.
  Бірақ та бұрынғы Кеңес Одағы мен Филиппин елдерін қоса алғанда, осы
жылдағы мигранттар саны Мекситкадан асып түсті, яғни Кеңес Одағының
мигранттар саны- 55 мыңға, ал Филиппин мигранттарының саны- 51 мыңға тең
болды.
Еуропалық одақ азаматтары осы Одаққа кіретін кез келген елде жұмыс істей
алды. Ол Еуропалық Одақ шеңберінде экономикалық мигранттардың қозғалуына
ықпал етеді.
Еуропалық Одаққа мүше елдердің әр қайсысындағы шетелдік азаматтардың
арақатнасы кең шеңберде болады: Нидерландыда-25%, Люксембургте- 89%-ке,
дейін. Жақында бұл көрсеткіштер Орталық және шығыс Еуропадан келген жаңа
мигранттардың ағылуы нәтижесінде көтерілді.
  2. Мигранттар арасында жоғары квалификациялы мамандар санының ұлғаюы. Бұл
құбылыс бүкіл дүние жүзіне тән. Ол экономиканы реттеудің ерекшеліктерін
айқындайды.Өйткені көп ұлттық компаниялар кеңейді, олар өздерінің білікті
жұмысшыларының ішкі нарықтарын дамытады.
  3. Сауданың кеңейтілуі. Ол білікті мамандар үшін тікелей (саудаға қатысы
бар еңбек түрлерін ұсыну) және жанама ( шетлге деген қатынасты өзгерту)
мүмкіндіктерді жасайды. Үкіметтер жоғары табыс табатын иммигранттарды
қабылдайды, сондықтан иммиграциялық ережелер осындай мамандардың ағылып
келуіне жағдай жасайды.
  4.Көп ұлттық кәсіпорындардың өсуі. Ірі компаниялар еркіндіктер қажет
етеді, ол мамандардың бір елден екінші елге еркін ауысуына ықпал етеді. Бір
елдің азаматтары басқа бір елде мамндардың жетіспеушілігі жағдайларын
жеңілдетеді.
  5.Соңғы жылдары миграция мәселесі проблемалық сипатқа      ие болуда.
Қабылдаушы ел үшін иммиграция көп пайда келтіреді. Бай елдер үшін
демографиялық өзгерістер өте маңызды рөл атқарады. Халықтың орташа саны
сарапшылардың олжамдары бойынша өседі.
Иммиграция оның төмендеуіне ықпал етеді, өйткені мигранттардың көбі – жас
адамдар.
Ол белсенді жұмыскерлер мен зейнеткерлер арасындағы арақатынасты және
салықтарды төмендетуі мүмкін.
Біз жоғарыда жұмысшы күшінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктеріне
тоқталдық. Енді жұмысшы күші тартылуының негізгі орталықтарын қарстырайық.
o ЖҰМЫСШЫ КҮШІ ТАРТЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТАЛЫҚТАРЫ.
Тауарлар мен капиталдардың халықаралық ағымымен салыстырғанда, жұмысшы
күшінің халықаралық ағымының масштабы салыстырмалы түрде алғанда онша үлкен
емес.
Оның себептері айтпаса да түсінікті: яғни адамның өзінің отбасына, туған-
туыстарына, ана тіліне, үйреншікті өмір жағдайына, жинаған мүлкіне үйреніп
кетуі өте күшті болады, мұндай бейімделулерді тек қана кездейсоқ жғдайлар
әсерінен ғана жеңуге болады.
Миграциялық ағымдардың негізгін жұмысшылар, аз мөлшерде қызметкерлер
құрайды. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы алғашында стихиялы құбылыс
ретінде қалыптасты, кейіннен ол мемлекет тарапынан реттелетін болды.
Енді жұмысшы күші миграциясының негізгі тенденцияларына тоқталып өтейік.
ХІХ ғасырдың 40-жылдарында көптеген эмигранттар Ирландиядан АҚШ-қа қоныс
аударды.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарының басында Италия және Шығыс Еуропа елдерінен АҚШ-
қа қарай жұмысшы күшінің кең масштабы миграциялануы еуропалық бидай
бағасының төмендеуі салдарынан болды.
Бірақ АҚШ-тағы экономикалық контюктураның нашарлауы салдарынан бұл миграция
ағымы күрт баяулады.
Жұмысшы күшінің кең масштабы миграциясы себептеріне мыналар жатады:
• Кейбір еуропалық елдердегі қоныс аудару;
• Жұмыссыздық;
• АҚШ-тағы жұмыстың ыңғайлы жағдайлары;
• Жекменшік жұмысты кең түрде дамытуға және өмір деңгейін көтеруге
арналған қолайлы жағдайлардың болуы.
  Жұмысшы күшінің Еуропадан АҚШ-қа қоныс аударуының жаңа толқыны 20-жылдары
болып өтті. Осы 20-30 жылдары ондаған миллион адам Еуропадан, әсіресе,
Шығыс Еуропадан Солтүстік Америкаға, Австралияға және Оңтүстік Америкаға
қоныс аударды. Бұл миграцияның туындауына жоғарыда аталған себептермен
бірге Еуропадағы соғыстан кейінгі қиындықтар да өз әсерін тигізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тағы миграцияның үш жаңа ағымын атап
өтуге болады:
• Біріншіден, ақыл-ойдың ағымы, жоғары квалификациялы мамандар мен
олардың отбасы мүшелерінің Солтүстік Америкаға тұрақты түрде кетуі;
• Екіншіден, коммунизмге қарсы көтерілісті басқаннан кейін Венгриядан
(1956ж), Вьетнамнан (1974-1975ж) және Кубадан (1980ж) босқындар
ағымының келуі;
• Үшіншіден, Мексика мен Кариб теңізі бассейні елдерінен келген жұмысшы
күшінің ағымы.
  Егер алғашқы екі жағдайда миграция себебі- саяси, қоныс аудару сипатында
болса, ал соңғы жағдайда-ол экономикалық сипатта болды.
60-жылдардағы иммиграциялық ағымдарға Азияның, ең алдымен Оңтүстік
Корея,Филиппины, Үндістан, Қытай сияқты елдердің жұмысшы күші кері бастады.
60-жылдарда АҚШ-тағы иммигранттардың жалпы санында жоғарыда айтылған
азиялық иммигранттар- 35%-тік үлесті, ал 80-жылдары-37%-тік үлесті алып
отырды.
Соңғы жылдары тағы бір миграциялық ағым, яғни африкалық жұмысшы күшінің
ағымы қалыптаса бастады. Еуропалықтар мен Канадылықтардың ағымы үлестік
салмақта да, абсолюттік шамада да кетті.
Біз жоғарыда жұмысшы күшінің осы уақытқа дейінгі тартылу орталықтарын атап
өттік. Енді қазіргі таңдағы орталықтарға да қысқаша тоқталып өтейік.
Жұмысшы күшінің тартылуының екі дәстүрлі орталығы бар: олар АҚШ және Батыс
Еуропа. Осы екі орталықтың ерекшеліктерін атап өтейік.
АҚШ жөнінде айтар болсақ, бұл елдің еңбек ресурстары иммигранттар есебінен
қалыптасқан. 50-жылдары АҚШ жоғары квалификациялы мамндарды тарту саясатын
жүргізе бастады.
Қазіріг таңда АҚШ бұрынғыдай жұмысшы күшін тартудың үлкен орталығы болып
отыр.Төмен және жартылай квалификациялы мамандар (әсіресе, Мексикадан)
белсенді түрде тартылуды, олар АҚШ-тағы иммигранттардың басым бөлігі болып
табылады.
Жұмыс күшін тартудың дәстүрлі екінші орталығы- Батыс Еуропа болып табылады.
Еуропалық Одақта 13млн. мигранттар мен олардың отбасы мүшелері бар.
80-жылдары шетел жұмыскерлерін жұмыспен қамту құрылымында белгілі бір қайта
құрулар жүргізіле бастады. Бірақ Еуропалық Одақ елдеріне жұмысшы күшінің
ғылып келуі бәсендеген жоқ.
60-70 жылдары капитализімнің өркендеуінің, яғни перифериялық
капитализімнің дамуы жұмысшы күшінің тартылуының жаңа орталықтарының пайда
болуына әкеліп соқты.
Бұл орталықтарға мына елдер жатады:
• Таяу Шығыстың мұнай шығарушы елдері, атап айтқанда, Біріккен Араб
Эмираттары, Катар, Кувейтжәне т.б.;
• Австралия;
• Оңтүстік Африка;
• Азия-Тыңық мұхиты аймағы елдері;
• Латын Америкасы:     
  Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.
Таяу Шығыстың  мұнай шығарушы елдері жөнінде айтар болсақ, 90-жылдардың
ортасында тек қана Сауд Арабиясының өзінде жер шарынан келген жұмысшы-
мигранттар саны 4 млн.-ға жетті.
Бұл аймаққа Оңтүстік және Оңтүстіу Шығыс Азия, соңымен бірге, кейбір араб
елдерінің мигранттары қоныс аударуда.
Осы аймақтағы жұмысшы күшінің басты экспортері- Египет. Бірқатар Араб
елдері жұмысшы күшінің бір мезетте әрі экспортеры, әрі импортері болып
табылады.оларға жататындар: Йемен, Ирак, және Ливия.
Австралияда шетелдік жұмыскерлердің 200 мыңға жуығы пайдаланды.
Оңтүстік Африка Республикасы 50-жылдардың екінші жартысына дейін-ақ басқа
Африка елдерінен келген артық жұмысшы күшін пайдалану жолына түсті.
Халықаралық корпорациялардың 70-жылдары Оңтүстік Африка және Намидияға
африкалық жұмысшылардың миграциясын тұрақты етті. Африка соңғы жыдары
әлемнің басқа бөліктерінен жұмыскерлерді тартуда.
Азия-Тыңық мұхиты аймағындағы елдер жұмысшы күшін тартудың ірі
орталықтарының бірі. Бұл аймақты азиялық жаңа инструкциялық елдердін
ішіндегі Тайван елінің баспасөз мәліметі бойынша, бұл аралдық мемлекетке 90-
жылдары- 100мың жұмысшы және 20мың инженер-техникалық жұмыскер қажет
болған.
60-жылдары Латын Америкасында жұмысшы тартудың халықаралық орталығы
қалыптаса бастады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
Миграциялық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері
Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы мәлімет
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Халықаралық миграция
Халықаралық Еңбектiк миграцияның мәнi
Жұмысшы күшінің миграциясы
Пәндер