Мазутты жағуға дайындау технологиялық схемасы


Жылу электр станцияларда қолданылатын негізгі сұйық отын түрі мұнай мазуты. Бу генераторларда жағылатын мұнай мазуттарын ошақтық мазуты деп аталады. Ошақтық мазуттарының екі маркасы болады М40 және М100. Мазуттарды жағуға дайындап және жағуын ұйымдастыруына олардың сапасы және техникалық сипаттамалары әсер етеді.
Мазуттың сапасын көрсететін ең бір негізгі сипаттамасы болып саналатын -мазут тұтқырлығы (вязкость) . Мазут тұтқырлығының өлшеу бірлігі шартты тұтқырлығының градусы (ºВУ) немесе сантистокс (сСт) .
Мазутты дұрыс құюға және құбырлармен ағызып оттықтарға жеткізуге оның тұтқырлығы шамамен 2 ч 3. 5 ВУ болуы керек. Бұл үшін (3. 6 -сурет) мазуттың температурасы 60-70º С араларында сақталуы керек.
Ошақ мазутының күлділігі өте аз, құрғақ массасына 1%-тен аспайды. Мазут күлінің ерекшесі -оның құрамында 50% -ке дейін ванадий болады.
Мазуттағы су мөлшері ( мазут ылғалдығы) негізінде 1-3% араларында болады, суланған мазут болса 10-15% - ке дейін жетеді. Ал мазут бумен қыздырылып цистерналардан ағызылғанда суланады.
Мазуттың тығыздығын температурасы 20ºС су тығыздығымен салыстырып көрсетеді. Мазуттың бұл салыстырма тығыздығы температурамен байланысты, сондықтан келесі формуламен табылады:
p t =p 20 /[1+β(t-20) ]
Мұндағы p t p 20 - температурасы t, ºC және 20ºCкезіндегі мазуттың салыстырма тығыздығы; β- мазуттың температурасы 1ºС өзгергендегі көлемі ұлғаю коэффициенті β=(5ч5. 3) *10 -4
Мазут құрамындағы күкірт мөлшеріне байланысты, үш түрге бөлінеді: аз күкіртті (S p <0. 5%) ; күкіртті (S p =0. 5-2%) ; көп күкіртті (S p >2. 0%)
Мазут ақпай қалатын температурасын қату температурасы деп атайды. Бұл температура пробиркадағы мазут деңгейі оны 45 -қа көлбеу ұстағанда бір минут арасында қозғалмайды. Көп парафинді мазуттардың (М100) қату температурасы жоғары болады. (25-35º С)
Жылу электр станциялардағы ошақтық мазуттарының от алу температурасы 90 -140 ºС араларында болады, ал жоғары парафинді мазуттарының от алу температурасы 60 ºС -ға дейін жетеді. Өрт қауіпсіздік тіртібі бойынша қыздырылған мазут температурасы оның от алу температурасынан төмен болуы керек.
Мазутты жағуға дайындау технологиялық схемасы .
Тұрған жеріне қарай, мазут жылу электр станцияға темір жолменен, су көлігімен, авто көлігімен немесе құбырлармен жеткізіледі. Қазіргі кезде жылу электр станцияларға мазут темір жолмен жеткізіледі.
ЖЭС -ның мазут шаруашылығына келесі жабдықтар кіреді:
- Қабылдап түсіру қондырғысы
- Мазут қоймасы
- Мазуттық насостары
- Бу генераторлар бөлімімен байланысқан бу мен мазут құбырлары 3. 7 -сурет-сурет. Мазут шаруашылығының технологиялық схемасы.
- -каналдар
- -тазалағыш сүзгі
- - қабылдау резервуары
- -мазут насостары
- -мазут қыздырғыштары
- -дренаж судың насостары
- -дренаж суының ойығы
- -қойма резервуарлары
- -бірінші мазут насостары
- -негізгі мазут қыздырғыштары
- -мазут тазалағыш фильтрлері
- -екінші мазут насостары
- -рециркуляция насостары
- -рецеркуляциялық мазут қыздырғыштары
- -мазут резервуарларды тазалау арналған фильтрлер.
Мазутты темір жол цистерналардан құйып алу және құбырлармен ағызып бу генераторлардың оттықтарына жеткізу үшін мазутты 60-90 ºС температурасына дейін қыздыру керек. Мазут бу мен қыздырылады да, 3. 7 -сурет каналдарға (1) жібереді.
Каналдармен мазут бірінші тазалағыш сүзгіден (2) өтіп қабылдау резервуарына (3) жетеді. Қабылдау реервуарынан мазут насостармен (4) қойманың резервуарларына (8) құюлады.
Мазут қоймасының резервуарларының сыйымдылығы тасмалдау көлігімен байланысты. Егер ЖЭС -ға мазут темір жол менен жеткізілетін болса -қойманың сыйымдылығы 15 тәулікке жағуға жететін мазут қорын сыйғызу керек, ал құбырменен жеткізілетін болса -3 тәулікке жететін мазут қорын сыйғызу керек.
Егер мазут тек бу генератордың ошағын қыздырып от алдыру үшін қажет болса, мазут қоймаларында сыйымдылығы 1000-3000 м 3 үш резервуар орнатылады.
Мазут қоймасындағы резервуарларының ішіне қыздырғыштар орнатылады. Қыздырғыштар бу қызуы мен мазутты қыздырады.
Мазут құбырларының ішіндегі мазуттың қысымы 0. 2-4. 5 МПа араларында, жылдамдығы 1. 5-2. 0 м/с
ЖЭС-ны газ бен қамтамасыздандыру схемасы
3. 8-сурет ЖЭС-ны газ бен қамтамасыздандыру схемасы
- -газ жапқыш кран
- -электрленген газ жапқыш кран
- -газ қысымын реттегіш
- -сақтандырғыш клапан
- -газ шығынын реттегіш
- -тез жапқыш клапан
- -манометр
- -шығын өлшегіш
- -қысым мөлшерінің тапсырма бергіші
- -фильтр
- -ауаға жібергіш
- -от алдырушы оттыққа жіберілген газ
- -дренаж
- -анализге алынған газ
Газ жылу электр станциядағы газ реттеу пунктіне магистральды газ құбырымен немесе газды тарату станция арқылы келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz