Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1 Форма, Оқыту формасы, Әдіс, Оқыту әдісі, Тәсіл ұғымы.
2 Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары
3 Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық
оқыту формалары.
4. Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары.
4.1 Студенттердің аудиториялық сабақтары.
4.2 Студенттердің өзбетінше орындайтын жұмыстары.
4.3 Студенттердің қоғамдық, еңбек іс-әрекеттері.
4.4 Студенттердің білімін бақылау формалары.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап
Білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысыңда
оқушының жеке тұлғасын жан - жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін
дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның
дәлелі республикамыздағы Білім туралы заңының қабылдануы.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің міндеті - өзінің
талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру
болып табылады. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың іс-әрекетінің маңызы
жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын, белсенділігін
арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу - ол мектептегі
оқытудың негізгі мәселелері [1].
Білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін
жүзеге асыруда әр пәнді оқудың өз орны мен ролі бар. Оқытуда оқу үрдісін
сапалы үйымдастыра отырып оқушы белсенділігін арттыру мұғалімнің
әдістемелік шеберлігінде екендігі сөзсіз. К.Д. Ушинский "... өз сабағында
барлық оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі мұғалімнің
көрсеткіші", - деді [2].
Оқытудың формалары туралы айтқанда, оқушылардың белгілі бір оқу
әрекетін ұйымдастыру еске алынады. Ол үшін оқыту дегеніміздің өзі не
екендігін біліп алуымыз қажет.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың
біріккен іс-әрекеті, сондықтан да ол екі жақты, біртекті процесс:
біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді,
екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және
оларды өмірде қолданады. Ал енді бұл жерде "білім беру" дегеніміз не?-
деген сұрақ туындайды [3].
Оқыту формалары өзгермейтін дүние емес. Мектептердің даму тарихында
оқытудьщ міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытуды ұйымдастырудың
формасы да өзгереді; ескілер өледі, жаңалар туады. Олардың өзгеруі мұғалім
мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және
үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады [5].
Оқытудың кейбір формалары, мәселен, сабақ сияқтысы адамзатқа ұзақ та
сенімді қызмет етіп келеді. Мұның өзі оқытудың формасы ретінде сабақ
ғасырлар бойында өзгермеді деген сөз емес. Алғашқыда балаларды оқыту,
негізінен алғанда, жеке-дара жолмен жүзеге асырылды. Бірақ мұндай жолмен
оқушылардың шағын ғана мөлшерін оқытуға болатын еді. Қоғамның дамуы барған
сайын сауатты адамдарды көп мөлшерде керек етті, осы қажеттіктің көрінісі
ретінде оқытудың басқа да формалары туа бастады. Жас ұрпақты оқытудың
ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады Тіпті қазіргі кезде Қазақстанда
бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында білімнің жаңа жүйесі
құрылуда. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды
енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен
оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде
болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша
қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,
жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі
формасы қалыптасты: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе [6].
Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда, оқытудың
жеке-топтық формалары шығып дамыды.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде
сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар
мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық
оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп
отырып, әр кітаптан оқыған.
Қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Сондықтан
оқыту жұмысын ұйымдатырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туа бастады.
Оқытудың мұндайформасы ХҮІ ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы
мектептердің тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі
жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша
өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды [7].
Н.В.Савин "Педагогика" атты оқулығында: "оқыту формасын ұйымдастырудың
негізгі формасы сабақ деп есептеледі, өйткені ол ең алдымен мұғалімге
оқытылып отырған пәнді жүйелі де дәйекті түрде баяндап беруге, балалардъщ
ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, олардың дүниеге коммунистік көзқарасын
қалыптастыруға мүмкіндік береді"- деп атап көрсетеді [8].
ХҮII ғ. аяғында XIX ғ. басында Англияда оқытудың "белль-ланкастер"
жүйесі тарады. Бұл жүйені жасаған дін қызметкері А.Белль және мұғалім
Д.Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен
залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы
оқушылармен оқуды мониторлар - топ басшылары жүргізеді. "Сатылы" немесе
"өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім
дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде
болмасын оқуға қабылдап отырған.
Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдың үдемелі педагогтары
А.Дистервектің, К.Д.Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар сабақта
ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді. Демек,
оқытудың дамыту тәсілдерін қорғайды [9].
Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос
Коменский болды. Ол ХҮІІ ғасырда Ресейдің Львов, Луцкая және басқа да
облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің "Ұлы дидактика"
кітабында атап көрсеткен. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық
тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша
топтастыру.
2. Сыныптағы оқушылар құрамын әркезде тұрақты ету.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек оқыту.
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға
негіздеу.
5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
6. Оқытуды ұйымдатыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқыту барысында оқытуды ұйымдастырудың жаңа
формаларын қолдану
Зерттеу міндеттері:
1 Оқыту кезінде жалпы білім алушылардың білім деңгейін көтеріп сабаққа
деген қызығушылығын ояту
2 Оқытуды ұйымдастыруда білім алушылардың қызығушылыын арттырудағы
педагогикалық-психологиялық мәселерін қалыптастыру
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу әдістері: Педагогикалық құбылыстарды бақылау әдебиеттерді
зерттеу, анкета жүргізу, педагогикалық тәжірибе салыстыру, саралау мен
қорытындылау.
Қурыстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ Негізгі бөлім
1. Форма, Оқыту формасы, Әдіс, Оқыту әдісі, Тәсіл ұғымы.
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-әрекеттері әрқилы формада жүзеге
асып барады.Латын сөзі Форма нәрсенің құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға
байланысты форма екі мағынада қолданылады.
1) Оқу формасы.
2) Оқуды ұйымдастыру формасы.
Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі
ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің
мақсаттары, мазмұны әдістері мен құрал жабдықтарына материалдық
жағдайларына қатысушылар құралы және тағы басқа элементтеріне тәуелді.
Оқушылар санына оқу уақыты мен орнына іске асыру тәртібіне орай оқу
формасы әрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тәжірибесінде келесідей оқу
формалары қалыптасқан жеке-дара топтық , толық сыныптық, ұжымдық,
жұптастық, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сыныптық және сыныптан тыс,
мектептік және мектептен тыс, әдебиетте мұндай тапсырулардың жетілген
ғылыми негіздемесі әзірге болма тұр.деенмен осы тұрғыдан оқыту формаларының
әртүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.
Оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: лекция, семинар,
практикумдар, факультативтік, консультатциялар, үй оқу жұмысы саяхат т.б.
Лекция оқу материалдарын жүйелі бірізді айтып беру, оқыту барысының
құрамды бөлігі. Оқыту әдісінің бірі. Лекциялар бағытты сілтемейтін шолуды
жасайтын жиынтық және тағы басқа түбінде болып табылады. Лекцияға қойылатын
талаптар. Жоғары теориялық деңгей тақырыптың біртұтас ашылуы. Нақты
деректермен құбылыстың бір тұтастық тұрғысында қолдануы оның жинақталуы
қорытындалары. Сондықтан лекцияның сабақтар лектор тарапынан болсын,
студент тарапынан болып белгілі бағыттылықты қажет етеді. Лекция оқу
процесінің өзіндік арнайы құрылымымен танылған тәлім- тәрбие формасы .
Дәрістің басынан соңына дейін оқытушы жаңа материалын баяндап ұсынады. Ал
білім алушылар материалды белсенділікпен қабылдайды.
Саяхат пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы жоспарларына
кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Оларға
музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады.
Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық прнициптерін
іске асырады, оқушылардың техникалык, ой-өрісін кеңейтеді, оөсімдіктер
дуниесін, тірі организмдерді зерттеу мүмкіндік туғызады, танымдық, ынтасын
дамытады. Оқу саяхатының түрлері:
а) кіріспс саяхат - жаңа тақырыпты оқу материалдарын түсіндіру
алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы;
ә) кезектегі саяхат - ұзақ мерзімде оқушылардың үлкен тақырыппен
жұмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау;
б) қортынды саяхат курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін
өткізіледі. Мақсаты:сыныпта өтілген оқу материалдарын тереңдету және
бекіту.
Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер
бейнеленеді:
1. Саяхаттың міқсаты мен обьектісі.
2. Оқушылармен алдын ала объектіге байланысты түрлі жұмыстар
жүргізіледі: әңгіме, бақылау, тәжірибе т.б.
3. Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшееу, сурет салу,
есептеу, жазып алу, обьектіні толық қарау.
4. Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты талсырмалаp беру.
Мысалы, бірінші топ — бақылау, өлшеу, екінші топ – сурет салу, сызу, үшінші
топ- есептеу, жазып алу жұмыстарын орындайды.
5 Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларды саяхат жоспарымен орналастырады,
олармен ұйымдастыру мәселслерін талқылайды.
Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференцясы өткізіледі. Онда
оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сойлейді.
Койферецияны бірнеше қатар сынып оқушыларымен ткізу өтe тиімді болады. Ең
соңғы конференция жұмысын жетекші мұғалім қортындылайды.
Семинар сабағы -бұл жоғары сыныптарда тарих, әдебиет, жалпы биология
т.б. пәндер бойынша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі,
онда 2-3 мәселелер қарастырылады. Оқушылар-сабаққа дайындалу үшін әрбір
мәселе бойынша материалдар жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, музейге,
көрмеге барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді өрбітеді.
Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімеи жұмыс істеуге
үйретеді:зерттелген материалдың мәніне жете түснеді, өз ойын мазмұндап
дәлелдейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір
элементтерімен танылстырады.
Практикумдар - курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен
орындайтын лабораториялык, жұмысының кешендісі. Лабораториялық жұмыстарды
оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.
Мүғалім оқу бағдарламасының материалдарын және мектептің нақтылы
жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын анықтайды. Оқу жоспарындағы
сағаттардың есебінен практикумдар өткізілуге 6-8 лабораториялық сабақтар
бөлінеді.Лабораториялық жұмыстар негізінен химия, физика, биология пәндері
бойынша өткізіледі
Факультативтік сабақтар — оқытудың формасы оқушылардың қалауы бойынша
жургізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми теориялық білімін, танымдық
ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда жол тәсіл сөздерін
пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттеге әртүрлі
көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір 6іріне жақын, бірақ әрқайсысының
-өзне тән не мағыналық, не қолдану ерекшелігі бар сөздер.
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады- зерттеу немесе таным.жолы),
тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттер де тәсіл деп
түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп
түсінеді. I
Педагогикалық энциклопедия Оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылар
жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді іскерлікті және дағдыны
игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, - деп
жазылған.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының
міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс әрекетінің
тәсілдері. Оқьту әдісін осылаай дидктика тұрғысынан тусіндіру жалпы
философиялык анықтамаға сай кедеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатка
жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілетерінің. дамуына
мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп
жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне
байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті.
Ғылыми - танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекеті
қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту
әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері
практика мен теорияны жақындастырады: оқыту әдістері шындықтьі тануға
әрекет жасайды; идея, нақты өмір мәліметтерінен қортылады; Осы ережелердің
бәрі ауытқулар көзқарасының калыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының
негізі болады.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын түрлі, ал
мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту тәсілін. тиімді
ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық ережесінде, мұғалім мен
оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Оқыту әдісі және әдістемелік тәсіл ұғымдары бір-бірімен тікелей
байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі компаненті, құрамды
бөлімдер. Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру,реттерді демонстрациялау т.б.
Әдіс пен тәсілдің шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы сондықтан
олардьң шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, кейде тәсілге, ал әдістемелік
тәсіл оқыту әдісіне айналады.
Әдіс және тәсіл. педагогикалық ұғым. Олар жеке пәнді окытқанда
қолданылады. Мысалы тарих сабақтарында хронологиялық әдіс, арифметикада
бүтін (тұтас) анпдар әдісі. Тіл сабақтарында оқытудың аналитикалық-
синтетикалық әдісі химия және физикада лабораториядық, практикалық жұмыстар
қолданылады.
Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметті, мұғалімдер
арасында әлі де бірыңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және тәсіл
туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің 40
проценті әдіс, әдістеме тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп
түіндіреді. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы кейбір
мұғалімдердің педагогикалығ ғылымның соңғы жетістіктерімен таныс емес екені
қалады, Сондыктан мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде проблемаларға
ерекше көңіл аударылуы қажет.
Оқыту әдістерінің өзіне тәп тарихы бар.
ХХ-ші ғасырдыың 20-жылдарында белгілі педагог-ғылымдар Б.Е. Райков,
К.И. Ягодовский, М. М Нистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек,
эвриесикалык, зерттеу, лабараториялық оәдістерін жасады.
30-жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шимбирев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа
әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу көрсету, демонстрация, лекция,
кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасын айрықша көңіл
бөлінді. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға
әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алады.
Д.О.Лордкинаниндзе оқыту әдістерін үшке бөледі: сөздік әдістер; кітаппеп
жұмыс істеу әдістері; оқыту-пратикалық сабақтар әдістері.
50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымда Е.Я.Голант, СГ
Шановаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып оқыту әдістерінің жаңа
жіктеуін үш топқа бөлді:
Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсінісу, лекция, кітаппен
жұмыс.
Әңгімелеу.. Мұғалім оқу материалдарын бір ізділікпен баяндайды.Ол үшін
материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәдіметтер
әңгімелеу түріндс сөз етіледі. Әңгімелеуде таллдау, жинақтау тәсілдері
пайдаланылады.
Әңгіме әдісі сабақта сұрақ жауап формуласы түрінде қолданылады,
сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият
ойластырады, Бұл оқушылардың бідлмін тақырып бойынша логикалық бір
ізділікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылай өткізу оқушылардың
ойлау белсенділігін арттырады.
Түсіндіру. Мұғалім оқу материялын баяндауда оқуышылардың
белсенділігіне ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын
дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады.
Материалды түсіндіруге түрлі кұралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең
түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап
береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады.
Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі,
логикалықк құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар
алдында оқушыларға нақты сұрактардан тұратын оның жоспары ұсынылады.
Кітаппен жұмыс. Оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі
-оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың
көмегімен оқушылар сабақта немесе үйде түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды,
алған білімдерін толықтырады.
Демонстрация әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи
объектілерді, кинофильмдерді т.б. демонстрациялауға байлалысты. Мысалы,
сабақта кинофильмді пайдалану үшін оны алдын ала қарап, қандай мәселелерді
фрагменттерге бөліп, оқушыларға түсіндіруді анықтау қажет. Сабақ соңында
фильм бойынша қорытынды әңгіме жасалады. Демонстрация әдісі әсіресе физика,
химия, биология сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектілерді
демонстрациялау үшін қолданылады.
Иллюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды
(плакаттар, карталар, суреттер, портреттер, картограммалар) көрсетуге
болады.
Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз
бетімен бақылау жұмысын жүргізеді.
Лабораториялық жұмыстар. Бұл әдісті мектеп жағдайында пайдаланатын
арнайы кұралдармен (микроскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық
кұралдар т.б.) жабдықталған кабинетте мұғалімнің басшылығымен оқушылар
табиғи құбылыстардызаттарды зерттейді.
Практикалық жұмыстар. Бұл әдіс оқушыллардың әр түрлі іс-әрекеттерінде
қолданылады. Практикалық сабақтар мектепі шеберханаларында, оқу-тәжірибе
учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында, оқу-өндірістік
комбинаттарында өткізіледі.

Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары
пайдаларнылды. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен
оқушылардың іс әрекетінің, өнеркәсіптің ауыл шаруашылығының және үдемелі
ғылыми техниканың өзгеруіне байланысты болады.
Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі
ғасырға дейін - дворяндар үйелмендерінде сақталады.
Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың
жеке-топтық формалары шығып дамыды.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармнен өткізілді. Мектептерде

мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылдалды.
Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойылды.
Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырудың формасы туралы сұрақтар туды.
Оқтрмасы глім бс ок.РЛІ ФОРМЛыnудың мұндай формасы XVI ғасырда Ресейдің
оңтүстік батысындағы мектептердің (Львов, Луцкая және басқа облыстар)
тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы
оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір
оқу сабақ деп аталды.
XVII ғ. Я.А.Коменский сол облыстардағы мектептердің тәжірибесін
жинақтап өзінің Великая дидактика кітабында сынып-сабақ жүйесін
дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді: оқу материалдарын баяндау; жеке және
барлық оқушылардың жұмысын бақылау; оқушылардан оқу материялдарын сұрау.
Оқу сабақта әртүрлі дидактикаяық принциптер (оқытудың көрнекілік,
жүйелілік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында
сыныпта оқушылардың белгілі құрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе
оқытудың сынып-сабақ формасы деп аталды.
Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың
мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөледі,
оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.
Сол сияқты жүйе XVII ғ. аяғында XIX ғ. басында Англияда пайда болды,
оны оқытудың белль -ланкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған дін
қызметкері А.Белль және мұғалім Д.Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғлім оқуды
600 ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды
топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар топ
басқарушылары жүргізеді.

оқытудың дамыту тәсілдерін қорғайды.
XX ғасырдың бірінші жартысында орыс педагогтары АҚШ-тағы, Германиядағы
оқытудың әр түрлі формаларымен (дальтон-план, лабораториялық бригадалық
форма винетка-план, трами-плпн, иена-план т.б.) танысты, олардың
бірсыпырасы бұрынғы совет мектептерінде пайдаланылды. Мысалы, дальтон-план
(АҚШ, Дальтон қаласы) сабаұқты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын
талап етеді. Сонымен бірге дальтон-план нәсіліне қарай қабілеті, дарынды
балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон-планның мәні; оқушы өз бетімен жұмыс
істейді, тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады, келесі тапсырманы
дайындайды. Демек, консультанттар балалармен дербес оқытуды жүргізеді.
Дальтон-планның неізгі мақсаты ұжымнан жекеленетін адамдардың психилогиясын
тәрбиелеу.
Сонымен, сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әр түрлі
формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылуы, біріншіден,
мұғалім рөлінің төмендеуіне, екіншіден, оқушылардың ғылыми негіздерінен
терең білім алуына зиянды әсер етті. Шетел мектептерінен ауысып келген
оқытуы ұйымдастырудың көптеген формалары қтты сынға алынды. 1930 жылдан
бастап мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болды.
3 Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық,
ұжымдық оқыту формалары.
Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларына ұжымдық, топтық, жүп және
дербес формалары жатады.
Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілеті барлығын жұмысқа тарта
және қызықтыра білетін педагогикалық құралы, балалар ұжымы. Ол балаларды
зорламайды, мәжбүр етпейді,оларды атап айтқанда, оқу іс-әрекетіне
қатыстырады. Сондықтан мүғалім мен балалардың ұжымдық еңбегі. Оқытудың
ұжымдық мәні әрбір баланы оқытады, тәрбиелейді, ал әрбір бала жолдастарымен
белсене қатысады.
Оқудың ұжымдық формасы динамикалық (қозғалғыш) жұп немесе ауыспалы жұт
түрінде өтеді.. Бүл жерде оқушылар бір-бірінен жұптасып қана қоймайды,
әрбір бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы
жұптасып жұжыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.
Оқытудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің франталь оқу формасынан
өзгешелігі сынып оқушылары өздеріне тән ара қатынас өзара ықпал жасау
ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас мақсат мүддесі ортақ біртекті жұмыс
бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады.
Әрбір минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан-жаққа қарап бір
оқушыны табады, серігімен жұмысты аяқтаған немесе бастаған оқушы.қолын
көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп,жұмысты
жалғастырады. Бұл жөнінде жаңашыл мұғалім В.Ф.Шаталовтың тізбек және десант
әдісін тиімді қолдануға болады. Топтық формасында оқушылар әр қилы мүдде
мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тәрбиеленеді.
Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақта қолданылады, бірнеше
топқа бөлінеді. Әрбір топта төрт- бес оқушы болады.Оқушылар Белгілі оқу
тапсырмаларын орындайды. Мысалы: Талдауды және материалды салыстыруды қажет
ететін тапсырмалар; ә) жаттығуды қажет ететі тапсырмалар; б) теориялық
материал негізіндс есептер шығару:
Барлық тапсырмалардың сұрақтарына барынша жауап үшін оқушылардың
бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан кейін әрбір оқушы топтық тапсырманың
бөлігін өз бетімен орындайды. Әрбір жұмыс кқртындысы ұжымдық түрде
талқыланады. Жұмысьың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы
баяндайды. Мұғалім жеке жетістіктерді бағалайды және топтың әрбір
мүшесінің бағасып жинақтайды.
Оқытуды ұйымдастырудың дербес формасы бойынша әрбір оқушы тапсырма алады,
оны өз бетімен орындайды. Дербес оқыту формасы мұғалімнің бір оқушы мен
педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.
Тапсырманың түрлері: тіл сабағында жаттығулар, математика, физика,
химия сабақтарында есептер шығару оқу кабинеттерінде тәжірибе жасау, оқу-
тәрбие учаскесінде жеке оқу тапсырмаларын орындайды. Үйірмелер сабакқарында
дербес жұмыстарды, саяхат жеке тапсырмаларды, үйге берген оку тапсырмаларын
орындау т.б. Оқытудың дербес формасын ұйымдастырудың өте құнды түрі
бағдарламалап және компьютерлі оқыту.
Топаралық пен жұмыс формасында оқуда мұғалім бір мезетте барша
оқушылармен бір келкі тапсырма белгілеп сынып қатысушыларының бәріне ортақ
іс- әрекеттер төңірегінде бір қалыпты оқу жұмыстарын алып барады. Сонымен
оқыту формаларын таңдап алу біріншіден, оқу тәрбие жұмысының міндеттеріне,
екіншіден оқу материалының көлемімен күрделілігіне, үшіншіден ұжымдағы
оқушылардың мүмкіншілігіне байланысты.
Оқыту процесінде ең басты тұлға – бала. Егер мұғалім әрбір
балаға сабақта дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, онда әрбір
оқушы өзін мұғаліммен теңмін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын
ниетпен қабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық
балалар жұмыс істей білуді, ойлауды сүйеді, қуаныш етеді.
4. Жоғары оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары

Аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті. Десекте, кейбір
студенттер ол сабақтарға қатыспау себептерін іздестіретіні белгілі.
Өйткені, жеберілген материалды кітаптардан-ақ оқып, білім алуға болады
деген пікірде болады. Мұндай студент, ешқандай кітап, басқа да ақпарат
көздері, оқытушымен қарым-қатынастағыдай пікір алмасуды алмастыра
алмайтынын ұғынбайды.
Аудиториялық сабақтар тек қана студенттерге білім беруді ғана
міндет етіп қоймайды, олардың өзбетінше білім алуына дағдыландырады.
Олар тек білімді меңтертуді ғана мақсат етпей ойлау қабілетін дамытуды
да мақсат тұтады. Аудиториялық сабақтарда студенттер оқытушылармен
қарым-қатынас арқылы болашақ маман ретінде қалыптасады.
ЖОО орындарында аудиториялық сабақтардың үш түрі: лекция,
практикалық сабақ, қоғамдық пәндер бойынша семинар және лабораториялық
сабақтар қолданылады.
Лекция барысында, курстың (пәннің) оқу бағдарламасы бойынша
негізгі мәселелері қаралады. Лекцияда студент актуальді,
фундаментальді, жүйелі білім негіздерінен бағыт-бағдар алады.
Мұндай білімдерді студент оқу құралдарынан жинақтай алуы қиынға
соғады. Бұл студентке оқу пендері бойынша кітаптың жоқтығынан немесе
олардың аздығынан емес, уақытының, алғашқыда оларды пайдалану
тәжірибесіздігінен деп білген жөн. Өйткені, оқытушы лекция барысында
оқылатын пәнге, қосымша әдебиет көздерінен алған ақпараттарға,
тәжірибеге және ең жаңа зерттеу нетижелеріне сүйенетіндігінде.
Лекция барысында лектор білімнің пайда болуы мен оның процесін
айқындайды. Лекция - ойлау қабілетінің бірден-бір кұралы болып саналады
және ол студенттерді педагог мамандығының қыр-сырып үйрететін тәрбие
құралы.

соғады. Бұл студентке оқу пәндері бойынша кітаптың жоқтығынан немесе

тәжірибеге және ең жаңа зерттеу нәтижелеріне сүйенетіндігінде.

айқындайды. Лекция – ойлау қабілетінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz