Жыныстык тәрбиенің өзінше ерекшелігі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ

Жыныстық тәрбие дегеніміз - адамның өзге жыныс өкіліне деген мінез-құлқы, ерекшелігі, қасиеті сондай-ақ қоғамдық қарым-қаты-насын анықтауға бағытталған өзіндік дербестігін тәрбиелеу процесі. Сондықтан жыныстык тәрбие тек еркек және әйел жынысы өкіл-дерінің арасындағы ерлізайыптың ерекше қарым-қатынасты ғана емес, сондай-ақ кез келген басқа саладағы қоғамдык өмірдегі, еңбектегі, демалыс кезіндегі қарым-қатынастарды да қамтиды. Жыныстық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері бүкіл қоғам мүддесімен айқындалатын болғандықтан, бұл мүдде жыныстық тәрбиенің барлық түрлерін, соның ішінде тікелей ерлі-зайыптық қарви-қатынасқа байланысты саласын да ескеруі тиіс, өйткені еңбекте және қоғамдық тұрмыста өз орнын таба алмаған адам өз басының «өмір сүру» мәселесін тиянақты шеше алмайды.

Жыныстык тәрбиенің өзінше ерекшелігі, мақсаты мен қоғамдық мәні, міндеттері, жолдары мен әдістері, ұйымдастыру принциптері сондай-ақ мазмұны бар.

Совет мектебіндегі жыныстық тәрбиенің мақсаты - окушыларға адамгершілік норма мен жыныс қарым-қатынасы және жыныстық қажеттілік саласындағы нұсқаулардың мәнін дұрыс түсіндіріп, оларды жан-жақты іс-әрекетте басшылыққа ала білуге баулу. Қыз, жасөспірім және бойжеткенді осы мақсатта тәрбиелеу арқылы бүкіл қоғамда маңызды әлеуметтік нәтижеге ие болуға мүмкіндік туады. Басқа жыныс өкіліне тән ерекшеліктерді білуден, соларка ұмтылып, ескере, қадірлей білу нәтижесінде бірлесе атқарған іс-әрекеттен кеқілдегідей еңбек етуге мүмкіндік туады. Жеке қарым-қатынастарда коммунистік адамгершілік нормаларын сақтау жалпы совет қоғамының жоғары адамгершілік сапасын айқындайды. Ерлі-зайыптылардың семьяда бала санын қоғам мүддесіне сай реттеуі мемлекеттің демократиялық саясатты тиімді түрде жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды. Жыныс қарым-қатынасы мәселелеріндегі адамгершілік норма мен нұсқауларды дұрыс түсініп оларды жыныс екілдері арасындағы қатыста басшылыққа алу еліміздегі азаматтардың рухани және денсаулық дәрежесінің жоғары екенін көрсетеді.

Жыныстық тәрбие процесінде қажетті әлеуметтік нәтижеге жету үшін бірқатар нақты педагогикалық мәселелерді шешіп алу керек. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • еркек және әйел жынысы адамдар арасындағы өзара қарым-катынастың жеке басына тән қай-қайсысын да, тіпті тікелей жеке басына тән мәселе болса да, әлеуметтік жауапкершілікпен сезіне білуге тәрбиелеу, өйткені адам етене қатынаста болған кезде де қоғамнан тыс қалуға тиісті емес, жыныстар арасындағы қарым-қатынасты «жеке» және «қоғамдық» деп бөлуге келмейді;
  • қоғамның қазіргі талабына сай келетін: әке-шешенің тенправолы болып, бірнеше бала өсіруіне, оларды қоғам алдындағы, ата-анасы мен балалары алдындары парызын етеу ретінде саналылықпен және жауапкершілікпен тәрбиелей алатын берік, дені сау және тату-тәтті семья тәрбиелеу;
  • өзге адамдарды түсіну қабілетін және оларды тек адам ретінде ғана емес, сонымен бірге еркек және әйел жыныстылар екілі ретінде құрметтеу сезімін, бірігіп атқарған қызмет барысында олардың жынысына тән ерекшеліктерін ескеріп, құрметтеу қабілетін тәрбиелеу;
  • жынысын ескере отырып, өзге адамға қатысты өз қылығын бағалай білуге, осы қарым-қатынаста жақсы және нашар қылықты түсіне білуге тәрбиелеу;
  • өзінің және басқа адамдардың денсаулығына жауәпкершілікпен қарауға; жыныстық жақындасуға ерте араласудың зиянды және қауіпті екеніне иландырып, басқа жынысты адамға жауапсыздықжәне женілтектік жасауға болмайтынын; бұған қандай жағдайда ерік беріліп, қандай жағдайда рұқсат етілмейтінін түсіне білуге тәрбиелеу;
  • есеюді - оның мәнін, шынайы белгілерінің, байқалуы және сапасы мен ерекшеліктерін дүрыс түсіне білуге баулу;
  • мещандық, буржуазиялық мораль қалдықтары мен ықпалына төзбей, сын көзбен қарай білуге, әйел мен ер адам, қарым-қатынасы мәселесіндегі буржуазиялык, идеологияның ықпалына берілмей, басқа жынысқа қатысты жаңсақ пікірге - теріс, тұтынушылық көзкарастарға және т. б. қарсы тұра білуге баулу;

Осы міндеттерге орай әрбір қыз, жасөспірім және бойжеткен өз жасына сәйкес ұл, жасөспірім, бозбала, еркектерге тән ерекшеліктерді білуі оларды табиғи да заңды деп есептеп, еркектер мен әйелдер тендігін дұрыс түсінулері керек. Бұл ерекшеліктерді білмеу -өрескел кемшілік; оларды ескеріп, құрметтемеу- тәрбиеде жіберген қателік. Оқушы қыздардың әрқайсысы өзге адаммен жыныстық ерекшелігін ескере отырып қарым-қатынас жасау қажеттігін түсіне білуі, тиіс.

Оқушы қыз өзінің және өзіне тәуелді өзге адамдардың рухани саулығы мен тән саулығын сақтау оның тек жеке басының ісі ғана емес, сонымен бірге қоғам алдындағы, туыстары мен жақын адамдары алдындағы парызы екенін түсінуі керек. Осыған орай жасөспірім мен бойжеткендер тым ерте жыныстық қатынасудың зиянын, оның одан әрі қарай адамның әлеуметтік дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, тікелей залалын тигізетінін түсіндірген дұрыс. Жыныстық жанасудың ерте бастағанда жіңішке ауру жұққызып алу қаупі туатынын жасөспірімдер мен бойжеткендер білуге тиіс, өйткені өмірлік тәжірибе тек жас ұлғайғанда ғана қалыптасады.

Жыныстық тәрбиені дұрыс жүргізу арқылы болашақта ерлі-зайыптылардың тату-тәтті өмір сүруіне негіз қалауға болады, бұл -әлеуметтік тұрғыдан аса еңбеккер және белсенді, көңіл күйі көтеріңкі, яғни жоғары рухани саулыққа қажетті сападағы жарасымды семья құрудың маңызды факторы. Мұнда болашақ ерлі-зайыптылардың біріне-бірі үйренісу қабілетін қалыптастыру қажет. Жыныстық тәрбие қыз, жасөспірім, бойжеткендердің келешекте теріс кылыққа - сексуалдық жолға түсіп кетуінен сақтандыруы тиіс. Бұл қылық көбінесе еркін жынысқа сенімсіздік жасап, теріс пікірде болудан пайда болады.

Оқушы қыз өз организмінің негізгі ерекшеліктері мен касиеттері жайлы түсініп, кейбір жыныстық жетілу кезеңінде туындайтын (келбеттің өзгеруі, жыныс бездері қызметінің - күшеюі белгілері және т. б. ) физиологиялық өзгерістерді дұрыс пайымдау арқылы өз жағдайын нақтылы бағалай білуі тиіс.

Әр оқушы қыздың санасына совет семьясының адамгершілік үлгісі, оның адам үшін құндылығы мен қажеттілігі калыптасуы қажет. Семья - сау-саламат өмір сүру негізі, ол денсаулықты сақтап, тұрмыстағы ауыртпалықтарды көтеруге мүмкіндік береді. Адам күнделікті тұрмыста басқа адамдармен семьялық қарым-қатынаста болады, бірақ мұны ешқандай таныстық кездесу, араласу алмастыра алмайды. Соны дұрыс түсінгенде ғана семьяда көбінесе ажырасуға негіз болатын теріс қылықтарға жол бермеуге болады.

Қыз, жасөспірім және бойжеткен болашақта міндетті түрде балалы боламын деген ойда болып, некелескеннен кейін дүниеге неше бала келтіргісі келетінін алдын ала межелеп, соған орай өмір сүруді сапалы түрде жоспарлап білуі қажет. Семьяда қанша бала болуы қажеттігін бастауыш мектеп жасындағы балалар санасына егу мемлекеттің демографиялық саясатының міндетті - әлементі болып табылады.

Жыныс тәрбиесі дұрыс жүргізілсе, қыздар ұлдардан қысылмай, ойнағанда, бірімен бірі араласқанда, оқығанда өзара достасып, табиғи жақсы ниетте болады.

Жасөспірімдер еркек жынысты құрбыларының ерекшеліктерін түсініп, саналылықпен қабылдауы ол ерекшеліктерді ескеріп, қадір тұтуы, өзара түсінісу. Сыйласу тұрғысынан бірлесе еңбектеніп, өзінің рухани жағдайы мен дене қалпын, онда болған өзгерістердің табиғи сипатын бағалап, олармен дұрыс қарым-қатынаста бола білуі қажет. Жасөспірімдер адамның рухани және дене сұлулығының мәнін дұрыс түсініп, осы екі әлементті өзінің және өзгенің мінез-құлық талабына сәйкестендіре білуі шарт.

Мұнымен қатар бойжеткен өзінің басқа біреуге көңілі кетсе, оған саналы түрде қарағаны жөн. Олар өздері ұнатқан адамның дербес ерекшеліктерін саналы түрде бағалап, алғашқы әсерге берілмей, өзінің сезім талабын түсіне білгені жөн. Бойжеткен махаббатты рухани қарым-қатынас негізінде дамыған этика-эстетикалық кұбылыс деп қабылдауы қажет.

Жыныс тәрбиесі ерекше, құпия мәселе түрінде қарастырылмай, дәстүрлі педагогикалық әдістердің барлығын қолдана отырып жүргізілуі тиіс. Жыныс тәрбиесіне қатысты нәрсенің бәрін бірдей қолдана беруге болмайды кейде оның пайдасынан көрі зияны тиюі мүмкін.

Тәрбие ісі бала қабылдайтын информациялық хабарларға негізделетінін ескеруі керек. Бүл информацияның ауызша немесе көрнекі түрде болуы мүмкін - ол жеке адамның үлгісі, бала өзі қатысқан немесе байқаған белгілі бір жағдай. Тәрбие барысында тек есте қалатын емес, жеке басқа қатысы бар информация тиімді болады. Бұл үшін информация сезімге әсер етіп, белгілі бір әсер қалдыруы керек.

Жыныстық тәрбие барысындағы тәрбиелік әсері бар шараларға мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі
Тілдесу - ақпарат алмасу кұралы
Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері
12 жылдық білім беру үдерісінде тұлғаның өзіндік танымына әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктері
Адамгершілік
Отбасындағы гендерлік тәрбие
Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері
Бірінші мәселе
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz