ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ әдебиетінің поэзиясы
Асанқайғы, Қазтуған, Жиенбай жыраулар жүріп өткен, сұлу табиғаты көз
арбаған, саф таза ауасы көңіл жайландырған, қазыналы байлыққа толы сайын
даласында Ығылман Шөрекұлы, Мұрат Мөңкеұлы, энциклопедист-ғалым Халел
Досмұхамедұлы, көрнекті жазушы Ғабдол Сланов, заңгер Салық Зиманов, күні
кеше өзіміз қимастықпен қоштасқан академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтай
асылдардың кіндік қаны тамған Қызылқоға ауданында Исатай-Махамбет бастаған
шаруалар көтерілісіне қатысып, оның жалынды жыршысы болған ақын Шернияз
Жарылғасұлының 200 жылдығына арналған тарихи-мәдени шара өтті.
Өткен ғасырдағы қазақ поэзиясында Махамбеттен кейінгі есімі аталатын ақын
Шернияздың баспа бетін көрмеген шығармалары мен өмірбаянына қатысты
деректерді жинақтауды мақсат еткен жазушы Берқайыр Аманшин 1976 жылы
еліміздің Батыс облыстарын аралап жүріп, ақынның бейітін Атырау облысының
Қызылқоға ауданынан табады. Осы өңірге келген жазушы жергілікті шопан Рақым
Нұрсұлтанов пен совхозда есепші болып қызмет еткен Мырзағали Дәулетбаев
деген қарттардың айтып, көрсетуімен тауып, белгі қойған. Міне, содан кейін
аттай отыз жыл өтіпті. Сол кездегі Қызылқоға ауданының басшыларына бейітті
қоршауды тапсырған Берқайыр Аманшиннің бастамасынан кейін ауданның Мұқыр
селосынан 25 шақырым жерде, Кемеркөл деген ертеде сулы, нулы болған,
бүгіндері оның ізі де қалмаған биік қырқаның үстінде, Шернияздың ағы деп
аталатын жерде ақынның мазары бой көтерді. Берқайыр Аманшиннен кейін өзіміз
куә болған құлпытастың ерекшелігі сол, ондағы жазу сол баяғы қалпында анық
сақталған. Арабша қашалған жазудың әріптері терең ойылып, өте әдемі
жазылған екен. Ақынның мазары басында сөз алған Атырау облыстық тарихи-
мәдени мұраны қорғау КМК басшысы, ақын Қойшығұл Жылқышиев: Халқының орақ
тілді ақыны Шернияз бабамыздың мазарын тұрғызған кезде, жазушы Б.Аманшиннен
қалған белгіні де сақтап қалуды жөн көріп, бейітті қоршаған темір шарбақты
сол күйінде қалдырдық – деді. Ақынның бейіті басында сөз алғандар оның би,
от сөзді, орақ тілді ақын болғанын болашақ ұрпаққа дәріптеу бүгінгінің
еншісі екенін айта келе, ақын аруағына бағыштап құран оқыды. Етегі ақ түсті
бор не топырақ секілді Шернияздың ағы деп аталып кеткен биік қырқаға
жерленген ақын мазарынан кейін Мұқыр селосына бет алған біздер осы селодағы
игі шараның куәсі болдық. Небір елге танымал жайсаңдарын дүниеге әкелген
Қызылқоға өңірі спортшыларға да кенде емес. Аудандағы ең алғашқы белгілі
спорт шеберлері дәріс алған спорт үйі күрделі жөндеуден өтіп, оған ақын
Шернияздың есімі берілді. Ақ киіктей суырылып, мен сөйлесем тіл кетер.
Менің айтқан сөзімді, кейінгі бала үлгі етер – деп жырлаған ақын Шернияз
атындағы мектепте кеудесі намысқа толы палуандар шығатыны сөзсіз. Шернияз
баба тойында жұртшылық оның жырларын тыңдап, айтыс өнерінен сусындап қалуы
үшін аудан орталығы Миялыдағы Арман мәдениет үйіне лықа жиылды. Облыстағы
айтыскер ақындар болып танылып жүрген қыз-жігіттер бес жұп құрап айтысты.
Олардың өнеріне баға беру жазушы-журналистер Мереке Құлкенов пен Әбілхан
Төлеуішов, жергілікті ақындар Жәниба Қарасаева, Жұмабай Төлегенов, Гүлзада
Ниетқалиева мен Бақытгүл Бабаштардың еншісіне бұйырды. Айтыскер ақындардың
Шернияз ақынды дәріптеген ой-толғамдары көңіл көншітпесе де, олардың ақын
рухына бағыштаған жырларына байрақ тігіліп, бас жүлдені атыраулық айтыскер
ақын Шынарбек Қабиев иеленді.
ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ әдебиетінің поэзиясы ерекше өркендеп, шарықтау
шегіне жетті. Оның негізгі тақырыбы- қазақ хандығының құрылуы, қазақ
халқының сол кездегі басынан өткен тарихи оқиғалары. Оның басты
орындаушылары жыраулар, ақын -- айтыскерлер, жыршылар болды. Өз
шығармаларына олар орта ғасырдағы көшпенді жауынгерді, оның өмірге
көзқарасын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арқау етті. Олар халықтар
мен тайпалардың шыққан тегін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін, жөн- жоралғысын
жақсы білетін болған. Жыраулар қырғын соғыстарға, көптеген жорықтарға
қатысып, өз араларынан да қолбасшы, батырлар шығарған. Олар көбінесе тек
әдебиетпен ғана шұғылданып қоймай, сондай- ақ хан, сүлтандардың ақылшы-
кеңесшілері болып, қоғамның саяси өміріне белсене араласқан. Олардың көбі
қазақ халқының саясатына өз мұраларын тастап кеткен.
Қожаберген жырау
Шал АҚын
Сегiз Серi
МаҒжан Жумабаев
Кулеке батыр
Баян батыр
АнҒал батыр
Қара би
Есеней
Жылғара Байтокин
Абылай Рамазанов
Проект туралы
Сiлтемелер
"ӨЛЕҢГЕ ТОҚТАМАЙДЫ ШАЛ ДЕГЕНIҢ"
Шал ақын аталып кеткен Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы жерiнде Азат
темiр жол станциясының маңында 1748 жылы дүниеге келген. Әкесi Құлеке қазақ-
қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi. Анасы - атақты Төле бидiң қызы.
Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайлы әңгiмелер ел iшiнде
күнi бүгiнге дейiн айтылады.
Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректер де сақталған. Ол 1742 жылы
Орта жүз атынан Россия қол астына қарау тұралы ант берушiлердiң бiрi
болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы
деректер сақталған. Ресей үкiметiнiң ресми деректерiне қарағанда Орта жүз
Атығай руының Бәйiмбет, Құдайбердi тайпалары Есiл бойына қоныс аударады.
Бұның iшiнде Құлеке батырдың да ауылы болады. Бұлар келгенде Есiл бойы
естектердiң қарауында екен. Естектермен жер үшiн болған соғыста Құлекенiң
ағасы Тiлеке батыр қаза табады. Ағасының кегiн алған Құлеке Есiлден
естектердi ығыстырады.
Ауызша жеткен әнгiме бойынша Шал ақын қоян жылы, 71 жасында дүниеден өткен,
бұл есеппен алғанда ақын өмiрiн зерттеушiлер 1819 жылы қайтыс болды дейдi.
Қариялардың айтуы бойынша Сергеев селосының қасындағы “Аютас” деген төбенiң
жанында, Есiлдiң оң жағындағы үлкен бейiт iшiне жерленген, бiрақ қабiрi
белгiсiз.
Құлеке батырдың төрт әйелiнен Бәбек, Мәңке, Шардақ, Тiлеуке (Шал),
Қазақбай, Жүсiп атты алты ұл туады. Осы алты ұлдан тараған ұрпақ қазiр жүз
шақты үй шамасында деседi.
Құлеке батырдың Айман деген қызы Сегiз серi Баһрамұлының ұлы әкесi
Шақшақтың бәйбiшесi екен. Шақшақтың осы Айман бәйбiшесiнен Қаншайым есiмдi
қыз, Бауыржан, Сексен (шын аты Бектемiр), Баһрам, Есенжан, Қайыржан,
Шағырай, Жанат атты жетi ұл туады.
Қаншайым - академик-жазушы Ғабит Махмұтұлының бабасы Мүсiрептiң туған
анасы. Қаншайым күйеуi Шақшақпен бiрге орыс отаршылдарына қарсы күресiп,
керейдiң батыр қызы атанған екен.
Шақшақтың Айман бәйбiшесiнен туған ұл балаларының iшiнде Бауыржан мен
Сексен екеуi де би болған. Ал, Баһрам (Сегiз серiнiң әкесi), Шағырай, Жанат
үшеуi де әншi, ақын әрi күйшi өнерпаз болған, Шағырай мен Жанат сал-серiлiк
құрған.
Батырлық, жыраулық, өнерпаздық қасиеттер ата-бабасы Толыбай сыншы,
Қожаберген жырау және Шақшақ Көшекұлының өзiнен де дарып жатса да,
ұрпағының нағашы жұртына ұқсауы табиғи заңды құбылыс деу керек.
Шал ақынның өзi жасының ұлғайған шағында Мәлiмбай және Мәлике атты екi
перзент көредi. Мәлiмбай атты баласынан ұрпақ жоқ. Мәликенi Қостанай жағына
Нұрым дегенге ұзатқан екен. Нұрымнан - Айтбай, Айтбайдан - Наушабай,
Наушабайдан - Нұржан Наушабаев ақын туған.
Құлеке баласы Тiлеукенiң Шал ақын деп аталуы туралы ел iшiнде бiрнеше түрлi
әнгiмелер бар. Солардың iшiнде зерттеушiлердiң ден қойғаны төмендегi
әнгiме. Шал өлең шығарумен балауса жас кезiнен бастап айналысқан. Жасынан
сөзге үйiр, шешен сөйлейтiн тiлге дiлмәр, ойлы жас болып көзге түседi.
асынан ел арасы ақындарымен айтысқа да түсiп жүредi. Оның кiшкентайынан
үлкендерше сөйлеуi, төрде отырып төрелiк айтқанына қарап жұрт Шал атап
кетедi.
Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi “Өлеңге тоқтамайды
Шал дегенiң”. Бұл өлеңдi ақын шығармашылығының басы деп жүр. Өлеңнiң шығу
тарихы былай екен.
Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып,
кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды
ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: “Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi
осыншама неге сұрай бересiң?” - деген сөз айтады. Шал таңертең ерте тұрған
ханның табынға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап бара жатқанын көрiп
қалады. Кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне
айтады.
Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,
Болмайды қойға пана тал дегенiң.
Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,
Хан ата, қалай екен мал дегенiң?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi,
Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi.
Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен,
Хан ата, қалай екен малдың күшi? -дейдi.
Өлеңдi естiген хан Құлекеге: “Мына балаң маған үлкен адамдарша сөйледi,
тумай жатып қартайған бiрдеңе ғой”, - дептi. Сөзден ұтылған хан Құлеке
батырдың бәйге атын қайтарған екен. Хан алдында айтылған бұл өлең ел iшiне
тез тарап, Тiлеукенiң Шал аты мен ақындық атын қатар шығарған екен.
Осыдан былай Шал ақындық жолға көшедi, дарынды суырып салма (импровизатор)
ақын болады. Ертерек дәуiрлерден қалыптасып, жалғасып келе жатқан ақындық
дәстүрдi ХУШ ғасырда өмiр сүрген Тәтiқара, Көтеш ақындардан кейiнгi қазақ
поэзиясын дамыта түседi. Оның бұл салада қосқан үлесi үлкен. Өлең
термелерi, толғау тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, көркем
және тақырыбы да кең. Шал ақын қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең жанрын,
өз замандастарымен салыстырғанда, жан-жақты толықтыра түсiп, көркемдiгiн
арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда оны толғауды көркемдiк шегiне жеткiзе бiлген
Бұқар жыраумен ғана салыстыруға болады. Сондықтан да кейiнгi кезеңдерде
өмiр сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты.
Шал ақынның өлең, жырлары кезiнде ел арасына кеңiнен таралған. Қазiрдiң
өзiнде де ел аузында сақталып қалғандарының өзi де бiрқыдыру. Ұқыптап
ескерiлмегендiктен, оның шығармалары осы күнге дейiн зер салып жиыстырылмай
келдi. Әйтсе де, ақындық қалпын анықтауға толық негiз боларлықтай
шығармалары бар. Шалдың атына телiнген өлең-термелердiң, тақпақ-
толғаулардың көлемi 1600 жолға жетедi.
Шалдың бiзге жеткен шығармалары негiзiнен әр жерде әр түрлi себептермен
суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады. Терме-тақпақтары, нақыл
сөздерi, сөз қағыстары да баршылық. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар
шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан
Уалихановтың еңбектерiнен белгiлi.
Шал ақын өлеңдерiн негiзiнен суырып салып шығарған десек те, өлеңдерiн
хатқа түсiрерлiк сауаты болған, оны айғақтайтын өлеңдерi де жеткiлiктi, сол
өлеңдерiнiң бiр шумағын мысалға алайық.
Мен өзiм талай сөздi хатпен жазғам,
Әзiлден мерт болады артық қазған.
Өткен iске өкiнсем өмiрiм зая,
Тұяғыма iлiнгендi қайта жазбан.
Шал ақынның өлеңдерi тақырыбы жағынан өте кең. Ескi қазақ ауылының алуан
түрлi тiршiлiк-тұрмысына қатысты жайлар, этика, мораль мәселелерi ақын
өлеңдерiнiң негiзгi объектiсi. Адамдық, арлылық, адалдық, намысшылдық ақын
шығармашылығының өзектi желiсi. Өтiрiк пен өсек, еңбексiздiк әйел үшiн де,
еркек үшiн де арзан, азғын қасиеттердiң басы ретiнде сыйпатталады.
Шалдың өз басы кедей болған, оны мына бiр шумақ өлеңiнен де байқауға
болады.
Кедейлiк, жабыстың ғой бала жаста,
Менi ұятты қылдың ғой қарындасқа.
Аш белiмнен құшақтап айырылмайсың.
Көз танысың жоқ па едi менен басқа? -
дейдi. Сондықтан да болар ақынның көп жырлаған тақырыбы кедейлiк. Кедей
тақырыбы қазақ поэзиясында тұңғыш рет Шал шығармашылығында жеке тақырып
дәрежесiне көтерiле сөз болады. Кедейлiктi болдырмаудың жолын насихаттайды.
Кедейлiктiң табиғатын жақсы таныған ақын бұдан құтылудың бiрден-бiр жолы
ретiнде ерiншек болмай, еңбек етудi ұсынады.
Кенже ұлы кедейлiктiң ұйқы мырза,
Ерте жатып, кеш тұрса жаны ырза.
Бiразырақ бас қосып кеңесейiн,
Сәлем айт, ерiншекке, келсiн мұнда - дейдi.
Адамның жасы, жастық шақ және кәрiлiк туралы өлең-жырлар қазақтың ауыз
әдебиетiнде ертеден бар. Бiрақ, дәл Шал ақындай бұл тақырыпты жерiне
жеткiзе жырлаған ақын болған жоқ. Сондықтан қазақ поэзиясында жас туралы
шығармалардың негiзiн салушы деуге болады.
Бiр жаста, екi жаста бесiктемiн,
Бес жаста тәңiрi берген несiптемiн,
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жетi жаста ойпаң жер бозындаймын,
Он жасымда сүт емген қозыдаймын┘
Сегiзде бала болып ойнап едiм,
Тоғызда тайлы суға бойлап едiм┘
Он бес деген жасым-ай,
Жарға ойнаған лақтай┘
- деп басталған адам ғұмыры туралы жазылған өлеңдерiнiң желiсi кәрiлiк
туралы өлеңдерiмен аяқталып:
Шалыңның екi көзi жайнап жатыр,
Кеудемде нәпсi шiркiн қайнап жатыр,
Байлаулы арқаным жоқ, қазығым жоқ,
Қайтейiн, кәрiлiк шiркiн байлап жатыр, - дейдi.
Шал ақынның: Елу жасқа келген соң,
Пiрдiң сөзiн сақтадым;
- дегенiне қарағанда, ислам дiнiне берiк болған. Бұрынғы ақын-жыраулар дiн
туралы сыйпай ғана айтып кетсе, Шал дiндi арнайы сөз етедi.
Жаратты Мекке менен Мәдинаны,
Жаратты иман, дұға, шын дүнияны.
Мұхаммед үшбу жүрген үмметiне,
Жаратты сынамақа бұл дүнияны.
Жаратып он сегiз мың ғалам еттi,
Бiрiсiн ғалым, бiрiсiн надан еттi.
Жаратып жын-перiнi от пен нудан,
Жаратып топырақтан адам еттi, - дейдi.
Бұл шумақтардан дiни сауатты болғанын да байқауға болады. “Мейманасы тасқан
жұрт тәңiрiнi ұмытқан, құдайды-бiр, пайғамбарды-хақ деп бiлмейдi. Ораза
ұстамайды, бес ұақыт намаз оқымайды” - деп қатты сынға алып:
“Жiгiттер ораза ұста, намаз оқы
Ғарасат майданы бар тергеледi” - дейдi.
Шал ақынның ислам парыздарын жетiк бiлiп, жастарды дiн жолына берiк болуға
шақыруы ақын мұрасының Кеңес үкiметi кезiнде жарыққа шықпауына да әсер
еткен болар.
Шал ендi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz