ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


К I Р I С П Е
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Әдебиетіміздің тарихында шын мәнісінде ұлттық поэзиялық байлығымызды жасасқан ақын-жыраулардың ұшан-теңіз дүниесі, қасиетті үлгі-өнегесі, ұлағат сөздері жанымызға шипа. Ақын-жыраулар халық поэзиясының эстетикалық жүйесі мен көркемдік тәжірибесін, әлеуметтік және жалпы халықтық ұстанымдарын, сондай-ақ фольклорлық дәстурлерді сол қалпында
қайталамай, оның сөздік, образдық, бейнелеу құралдарына, өлшем өрнектеріне сүйене отырып, өзіндік сөз ұйқасын жасады. У. Далгаттың пікірінше, суырып салма ақын-жыраулар поэзиясы, сөзсіз көркемдік қасиетіне сәйкес фольклор мен жазба әдебиетін байланыстырушы буын.
Яғни көптеген халықтардың поэзиялық мәдениетінің дамуында осындай өтпелі дәуірлер болады. Олардың поэзиясының түзілісі фольклордың эстетикалык принциптерімен сәйкес келеді, оның шегінен аспайды. Ақындар мен жыраулар сияқты суырып салма дарынды ақын-жыраулардың өнернамасында даралық сипат, ұжымдық дәстүр диалектикалық бірлікте болады 1 .
Ақын-жыраулар поэзиясындағы бейнелі сөздер жүйесінің, суреттеу, мәнерлеу құралдарының, сөз қолдану шеберлігінің, сөз саптау ерекшелігінің, сұлулық әлемінің жұмбақ сырлары ала-бөтен, жаратылысы қызық. Поэзияның ішкі астар-қабаттарындағы қайнар көздерін ашу, қисапсыз көркемдік құбылыстарды айқындай, кестелеу тәсілдерінің табиғатын айқындау, сөздің көркемдік, эстетикалық қасиеттерін тану, оның бейнелі қолданысын контекспен тұтастықта алып саралау поэзия тілінің тарихы мен теориясын зерттеу объектісі.
Ақын-жыраулар мұрасын зерттеу ісіне Есмағамбет Ысмайылов сүбелі үлес қосты. Бұл орайда 1956 жылы басылған, , Ақындар,, атты күрделі еңбегінде қазақ халқының рухани-мәдени тарихында көрнекті орын алатын ақын-жыраулар болмысы, өнерпаздык табиғаты, синтетикалық өнер иесі екендігі, сегіз кырлы, бір сырлы жаратылысы, бір басында бірнеше өнердің тұтасып түйіскендігі, яғни әншілік, орындаушылық, композиторлық, айтқыштық, жыршылық, ойыншылдық сияқты қасиеттердің үндестік тапқандығы шебер баяндалады. Халықтың поэзиялық-музыкалык мәдениетін байырғы сақтаушылар мен таратушыларын бірнеше түрге жіктеп, олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ортақ сипаттарын біліктілікпен әңгімелейді. Мәселен, ақын импровизатор, жырау, жыршы, әнші ақындар, сал-серілер және өлеңшілер деген ұғым-түсініктердің табиғат тынығу төркінін, мән-мағынасын терең ашып талдайды.
Көрнекті әдебиет зерттеуші М. Мағауин, , Қобыз сарыны,, деген еңбегінде ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған Қазтуған, Асан Кайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Актамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал сынды жыраулар мен ақындар жайында қыруар өмірбаяндық деректер, мәліметтер келтіріп, жыраулық поэзия мен ақындар поэзиясының әрқайсысына тән ерекшеліктерін, көркемдік әдістерін біліктілікпен көрсетіп береді.
Ұлттық образ мәнісін, эстетикалық ойлау дәрежесін, көркемдік таным тереңдігін, тілдік бояу-нақыштарды, айшық-өрнектерді халықтың тұрмыс-тіршілігімен, мінез-құлқымен, шаруа кәсібімен, табиғи ортасымен, салт дәстүрімен, ырым-нанымдарымен, жөн-жосықтарымен, дүниетаным ерекшеліктерімен сабақтастыра зерттеу М. Д Үйсенов, М. Базарбаев зерттеулерінде көрініс тапты 2 .
Сондай-ақ халық поэзиясының көркем тілі, өлең сөздің бейнелегіш, мәнерлегіш, суреттегіш құралдары, ақын-жыраулардың ақындық шеберлігі, сөз қолданудағы ұсталығы, образды сөздер жүйесі мен ұлттық поэзия тілінің жан-жақты жетілуі туралы мәселелер З. Ахметов еңбегінде қарастырылады.
Жыраулар поэзиясындағы сөздердің қолданысы, шығу тарихы, мәні мен мағынасы, жалпы алғанда, поэзиялық тіл мен түрлерге қатысты кұнды ой-өрнектері С. Қирабаев, Р. Бердібаев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, Б. Хасанов, Т. Қоңыров және басқа ғалымдар зерттеулерінде кездеседі.
"Өнер алды-қызыл тіл" дегендей казақ халқы шешендер мен жыраулар өнеріне ерекше көңіл бөлген. Шешендік өнер мен жыраулар бірге дамып, ара жіктерін өте жақын ұстады. Олар қазақ халқының
2 Базарбаев М. Өлең сөздін патшасы, сөз сарасы. Алматы, 1973ж.
тарихында мәнерлі сөз, терең ойлы толымды толғаныс туындыларын шеберлікпен дүниеге алып келді. Канатты да тұспал, келелі де кемеңгерлік куәгерлеріне тән асқақ та асыл сөз зергерлері, қатарынан озып шыққан зерделі де зерек, түбірлі сөздің түбін түсірер ақын-жыраулар жалындаған от болды. Оларды халық қаһарлы хандардың қатал да өрескел әмірлеріне қарсы тұрарлық кемел ақыл иелері, адамгершіл адал жандар, әділет пен ар-намыстың ажырамас жақтаушысы, зорлықшылдардан қорлық көргендердің сүйеніші, қара қылды қақ жаратын туғансыз тура биліктің, тұрлаулы төреліктің, шытырман шындықтың қасқа жолында күресуші күрескер деп таныды.
Казақ халқы тарихы ақын-жыраулар есіміне бай. Әрбір тарихи дәуір дүниеге әкелген ел басқарған хандар мен қол бастаған батырлармен қатар қазақтың ақылгөй ақсақал абыз жыраулары бірге аталады. Жыраулардың шеберлі шешім түйіндері, ақылға негізделген ойлы орамдары, өткір тілді терең тебіреністен туындалған туындаған толғаныстары халық есінде жазылған хаттай сақталған. Өздерінен кейін мәңгілік өлмейтін іс, өрнегі өшпес көркем сөз калдырған асыл жандар. Асыл жыраулардың өшпес жырлары ғұлама тарих секілді. Олардын еңбектері зерттелуде.
Акын-жыраулардың асыл қазынасын зерттегендердің ішінде Ә. Мәметова, Б. Адамбаев, Н. Төреқұлов, С. Дәуітов сынды ғалымдардың тынымсыз ізденістерінің аркасында көптеген тың дүниелер халық жүрегінде жатталды.
Профессор Е. Ысмайылов жырау мен ақындар ерекшеліктерін жете зерттеп берді. Ол жыраулар да ақын, көркем сөз шығарушы өнерпаз, қазақ әдебиетінің көне өкілдері деп танытты. Жыраудың ақыннан өзгешілігі-шығармаларының сарыны мен такырыбы бірыңғай болып келуінде. Адам баласы басындағы қайғыны, зарды, ел ішіндегі ауыртпалықты толғай, әлеуметтік, елдік мәселелерді көтеру, тағы басқа әр түрлі өткен-кеткен күйлерді шерту, болашақты болжап, ақыл айтып, батагөйлік ету, шешендік дәстүрлер жасап, терең ой қозғау-жыраулардың дәстүрлі ерекшеліктері. Бірыңғай тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы
батырлар мен ел басы хандар ісін, халықтың жәй-күйлерін, қонысын, өткені мен болашағын толғап, осы мәселелер төңірегінде өкініштер мен өксіктерге бой ұра, тіпті зарыға жыр толғап отыру жырауларға тән қасиет. Олар өздерінің болжамдарын, ақыл-өсиеттерін қобыздың зарлы үніне қосып ұзақ толғаған 3 .
СҰРҒАЛТАЙҰЛЫ СЫПЫРА ЖЫРАУ
Ш. Уалиханов деректеріне сүйене отырып, академик Ә. Марғұлан оны кыпшақ руынан шыққан, ұзак ұзақ өмір сүрген, тарихта ноғайлы жырларын туғызған атақты эпик жыршы деп мәлімдейді. Зертеуші жыраудың аса шешен болғанын және оның көшпелі кыпшақ еліне беделді адам саналғанын атап көрсеткен.
Сыпыра жырау Токтамыс хан тұсында XIV - ғасырда жасаған. Маңғыстау мен Жайық бойын, Сарыайшық қаласын мекендеген. Ол - Еділден Донға дейінгі Кубанның кең даласын, Арал теңізімен Каспийдің жағасын, Қырым мен Кавказ арасын ен жайлаған Қыпшақтармен Ноғай қазақ ұлыстарының аты аңызға айналған перзенті. Тірі кезінде-ақ даңқы шартарапқа жайылып, өз ұстаған ауызы дуалы, ақ сақалы, хан-қара демей, бетке айтқан сөзімен жұртын ұйыта білген, көпті көрген көне көз жырауы, жыраулық өнердің кемеңгері. Амал не сөйлесе көмейінен өлең төгілген, ағыл-тегіл ақтарылған ғаламат жырлардың авторы болған ұлы жырау шығармаларын тарихтың қалың құрдымын жұтып жіберген. Ел есінде оның жады мен есімі, кейбір естеліктер, ақыл-кеңестерінің үзік-жұлық үлгілері ғана сақталған.
Мысалы, Сыпыра жыраудың кейбір өлеңдерінің Шоқан жеке үзінділер келтірген. Жырау сөздерінің кейбір үлгілерін В. Радлов пен Ильминскийлер жинақтарынанда жиі ұшыратамыз. Басқа да қол жазба мұралардан жырау нақылдары кездесіп қалады. В. В. Радлов өзінің белгілі жинағында жырау толғауларынан үзінділер жариялап, қырым ноғайлары арасында сақталған аңызды келтіреді. Сыпыра жырауды қазақтың кейінгі
ғасырларда өмір сүрген барлық жырауы өзіне ұстаз санайды. Оған сиына сөз қозғап, аруақты өнерпаз деп таниды.
Сыпыраның аты халык аңызына айналып кеткен. Оның бізге жеткен шығармалары көп емес. Олардың кейбір эпостық жырлардың ішінде, белгілі бір адамға ақылы ретінде, толғауы ретінде беріліп, ел жұртының мұңы қозғалады.
Мысалы, бір аңызда өзі туралы айта келіп:
Мен қартыңмын, қартыңмын,
Не көрмеген қартыңмын,
Бастыққа бастық, Бастық хан,
Оны көрген кәріңмін.
Одан соңғы Кедей хан,
Оны көрген кәріңмін.
Онан соңғы Ала хан,
Оны кәрген кәріңмін.
Онан соңғы Қара хан,
Оны көрген кәріңмін.
Кұлағы шунақ Хазар хан,
Оны көрген кәріңмін.
Он екі тұтам оқ атқан,
Онан соңғы ер Шыңғыс,
Оны да көрген кәріңмін.
Мұнарасы қырық құлаш
Өзден сұлтан Жәнібек
Оны көрген кәріңмін.
Ұлы балам Домбауыл,
Соны көрген кәріңмін.
Жүз сексенге келгенде,
Сонша хандар өткенде,
Жаста болса Тоқым хан
Сені көрген кәріңмін, -
дейді ол Тоқтамыс ханға.
Ноғай-қазақ дәуіріне жататын көркем туындының бірі - "Тоқтамыс жыры". Бұл жырды атап отырғанымыз - шығарма қаһармандары негізінен тарихта болған адамдар. Негізгі бейне Тоқтамыс 1376-1395 жылдар арасында хандық құрып, Темірланның Едіге бастаған қолының тегеуіріне төтеп бере алмай күйреген. Сарай әмірінің бірі Тоқтамыстың ауыр ноғай жұртымен, Сарайымен қоштасуы, қайғылы халі көрсетілген. Жырдағы ханның тоғыз батыры да тарихта болған адамдар. Әр қайсысы қазақтың белді руларының басшы батырлары. Міне, аталмыш жырда да Сыпыра жырау катысады. Тоқтамыс көпті көрген дана жырауды алдырып, оның ақылын тыңдайды. Осы жырды алғаш бастырған П. Мелиоранский өзінің алғы сөзінде Сыпыра жыраудың қыпшақ даласының көп хандарын көрген көне акыл иесі, Токтамыс ордасында ол 1393 жылы ең соңғы толғауын айтқан деп сендіреді. Бұл мәліметті негізге алсақ Сыпыра - 1213-1393 жылдар арасында өмір сүрген ноғай-қазақтардың атақты жырауы.
Жоғарыда біз сөз еткен Мелиоранский бастырған "Тоқтамыс жырын" баспаға ұсынушы Ш. Уалиханов жырды Аманқарағайдағы қыпшак ақыны Жұмағұл дегеннен жазып алған екен. Кейін академик К. Сәтбаев Баян ауылдың каржас елінің ақыны Қопабайдың айтуымен жазып алып, 1927 жылы Орынборда бастырды, өзі жырға кіріспе сөз жатады. Осы кіріспесінде ол Сыпыраның болған адам екеніне күмән келтірмейді. Қ. Сатбаевтің айтуынша:
Сыпыра - топ бастаған дана, үздік дара шешен, қажымас еңбек, қайтпас жігер, мұқалмас қайрат иесі, халық киялының төрешісі болған кария жырау.
Сәбит Мұқанов: "Сыпыра жырау, Асанқайғы, Бұқар жыраулар XIX ғасырға дейінгі қазақ ақындарының символы, олар хан қасында отырып, батырды жырлаумен қатар, сол кездегі мемлекеттің мәселесін шешуге қатысады, - деп ескертеді. Сыпыра жырауды еске салатын қазақ ақындарының
сөздерін, атап айтқанда, Мұрын жырау, Жамбыл, Нүрпейіс, Ғылман, тағы басқа ақындар пікірлерін естен шығармау керек. Олар Сыпыра жырауды тарихта болған кісі және көп жырлардын шығарушысы екеніне күмән келтірген емес.
Кейінгі жылдары жырау туралы соңғы деректер табылуда. Есім Байболов Сыпыра жыраудың өмір жолын анықтарлық бағалы материал жариялап, оның көпшілікке белгісіз өлеңдерінен хабар береді. Ол Сыпыраның жүрген жері мен тарихта аттары мәлім адамдарға қарым-қатынасы туралы деректер жариялады. Е. Байболовтың байқауынша", Сыпыра жырау солтүстік Кавказ маңындағы Ақшахан, Еділдің бойындағы Ноғайхан, Алтынорданы билеген Тоқтамыс ханның жерлерінде еркін жүрген адам. Е. Байболов жариялаған жырау сөзінің бір үзіндісінде ол өзінің алпыстан астам хан көрген қария жырау болғанын тағы хабарлайды.
Өрлеуге қандай алабың,
Шыңға шықсын талабың.
Алпыс екі хан көрдім,
Несіне оны сұрайды ?!
Әрине, көп жасаған жыраудың шығармалары сан-салалы мол болғаны күмәнсіз. Бірақ ол шығармаларынан әзірге жеткені теңіздің тамшысы ғана. Осыған байланысты Сыпыра жыраудың қоғамдағы әлеуметтік орны, ақындық өнері, әдебиетке қосқан үлесі туралы тиянақты ой түю, пікір қорыту қиынға соғатын сияқты.
Сыпыраның аты қазақтан басқа да түркі елдердің кейбіріне жете таныс. Бұрын Ноғайлыға қараған, кейін жеке ұлт болып кеткен кейбір халықтар арасында да ол құрметті жырау болып саналады 4 .
.
ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ
Қазтуғанның туып өскен қонысы - Еділден бөліне шығып, онымен жарыса ағатын Ахтуба, Бұдан /Бозан/ өзендерінің бойы, қазіргі Красный Яр қаласы тұрған маңай. Жырау көшпенділердің шынжыр балақ, шұбар төс әскери ортасынан шыққан сияқты. Халық аңыздарында ол қолбасы батыр.
Өзіне арнаған мадақ жырында Казтуған жырау былай толғайды:
"Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Кары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шәй жібек оққа кірісті,
Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені,
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы . . .
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан,
Сүйінші ұлы Қазтуған!. "
Осы жолдардан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы көрінеді. Сонымен бірге жыраудың эпосшы болғаны да аңғарылады. Ноғайлы цикліндегі жырлардың біразынан Қазтуған поэзия сынын әсері байқалады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазтуған-қазақ эпосын жасаушылардың бірі.
"Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан"
деп шалқыған Қазтуғанның білегінің күші қаншалық болғанын біз білмейміз, ал ақындығына келсек, оның мұндай сөздерді айтуға толық қақысы болғандығы көрінеді. Алдымызда кеудесі тола жыр, көмейі күмбірлеген орта ғасырлық жыраудың таза үлгісі тұр. Шығармалары сақталмай, біздің заманымызға аттары ғана жеткен, өздері аңыз кейіпкерлеріне айналған ұлы жырау Кет-Бұға, Жұма-Құл, Сыпыралардың
поэзиясы жайында ешнәрсе айта алмаймыз. Бізге шығармаларымен жеткен бірінші жырау- осы Қазтуған. Қазтуғанға дейінгі жыраулық поэзия қандай дәрежеде еді, оның туу, қалыптасу, даму кезеңдері қандай болды бұл жөнінде, өкінішке қарай, белгілі бір пікір айту мүмкін емес. Алайда, такырға шөп шыкпайтын сияқты суреткерде өз бетімен, өзінен-өзі туа салмайды. Қазтуған нәр алған әдебиет - әрине, көшпенділердің көне поэзиясы, Кет-Бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары.
Қазтуғанның нақыл тақпақ жыраулық ой тұрғысынан келетін:
"Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қамға қанар деп.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп.
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп.
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірсем,
Жамандар мазақ қылар деп ", -
іспеттес жолдары жыраулық поэзияның бізге жеткен ең ескі үлгісі. Бұл жерде үлкен ақыл иесі, кең тынысты жырау бой көрсетеді.
Алайда Қазтуғаның ақындық қуатын танытатын шығарма - оның туған жерімен коштасу жыры. Бұл толғаудан кейін бүкіл казақ поэзиясына азық болған образдарды ұшыратамыз.
"Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бу Сүйініш
Күйеуі болып барған жұрт,
Анамыз біздің боз туған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған жұрт,
Кіндігімді кескен журт,
Кір-қоңымды жуган журт,
Карагайдай садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа
т ол т ыр ы п,
Жаңға сақтау болған жұрт!"
Бұл жолдарда оқушысын баурап алатын ерекше бір күш бар сияқты. Аңдап қарасақ өзгеше ештеңе де жоқ, қарапайым сөз тіркестері. Алайда, осы қарапайым сөздердің өзінде адамды елітер, қаншама сезім жатыр десеңізші!
«Атамыз біздің бу Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт . . . »
Адамға ең ыстық-Отаны, ата-бабасының ғұмыр кешкен, өзінің туып, өскен елі, жері. Сондықтан да Еділ қымбатты, сондықтан да Еділді қиып тастап кету мүмкін емес. Жыраудың туған жерге деген махаббатында шек жоқ, бұл сезімде тіпті фәнилік емес бірдеңе бар.
"Салп-салпыншақ нау үш өзен
Салуалы менің ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болган жер,
Жатып қалган бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балыгы таудай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған . . . "
Қазтуған поэзиясы-табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпендінің поэзиясы. Бұл поэзия номадтың санасының қаншалық дәрежеде болғандығын көрсетеді, оның өзін қоршаған, әлі адам қолы бүлдірмеген табиғат туралы түсінігінен елес береді, өмірге көзқарасын білдіреді. Табиғат аясындағы ақкөңіл номадтың қиялы өзінің ұшқырлығымен, кеңдігімен, сонымен қатар балаңдығымен бізді таң қалдырады. Жырау туғызған кейбір суреттер мен образдарға біз кішкене баланың құмнан сокқан құрылыстарына қараған үлкен кісінің сезімімен қызықтай қараймыз, бірақ күлмейміз, - сүйсінеміз. Бұл сезім кейде бас ұруға дейін жетеді. Өйткені Еділ жөнінде айтылған:
"Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас"', -
деген жолдар қас суреткердің қолынан ғана шығуы мүмкін еді. Сүйкімсіз шөп шырмауықтың қалыңдығы, адамға тыныш ұйқы ұйықтатпайтын бақа-шаянының көптігі де жырауға сонша ыстык. Туған жердің қасиеттілігінің бір белгісі іспеттес. Бірақ біз жатырқамаймыз, тыжырынбаймыз суреткердің киялына танырқап, демімізді ішке тартамыз. Өйткені біздің алдымызда орта ғасырдың поэзиясы, орта ғасырлық көшпенділер тұрды.
Осы тамаша толғау:
"Сөйткен менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Хайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт", -
деп, Еділ бойында қалған түрік тектес руларға бақыт, береке, тыныштық тілеумен аяқталады.
Біздің қолымыздағы Қазтуған атына қатысты деректер әзірге осымен шектеледі. Бізге жеткен, әрине, Қазтуған мұрасының жүзден бірі ғана 2 .
А С А Н Қ А Й Ғ Ы Ж Ы Р А У
Қазақ деген халық ұйысып, ел болғаннан бері қуаныш-шаттықпен қатар қайғы-қасіретті кешудей-ақ кешкен. Ең көнеден жеткен сөздердің астарына зер салсаңыз, қазақтың басындағы зар естіледі. Бүгінгі ақын-жырауларымыз бен шешендеріміздің сөздеріне де құлақ салсақ, бәлеңдей жетісіп тұрғанымыз аңғарыла бермейді. Мұның өзі сонау тарих тереңінен тартылған өмірі діні секілді. Алайда жалпы ауыз әдебиетімізде мұндай құбылыстың өзіндік кезең ретінде қарастырылуы зар заман деген тұсқа барып тіреледі. Алайда бүгінде жан-жақты зерттеліп, талай белгісіз беттер ашылып жаткан билер мен шешендер сөздеріне зейін қойсақ, бұл құбылыстың жаңағы өзіміз айтқан зар заман кезеңінен әріге кететінін де түсінгендейміз. Сонда қазақ ақын-жырауларын уақыт сезімі неге қатты толғандырған екен?
Қай-кайсымыз үшін де Асанқайғы аңыз ертегінің заманынан жеткендей болып тұрады. Ал, енді сол Асан атамыздың даналық сөздері мен жырларына құлақ түрсек, қазақтың -ұлы даласын жайлаған зардың сарынын естиміз. Тіпті сол кездегі тірлікте ешқандай да бір шуақты шак болғандай әсер қалады. Әлде қазақтың өзара қырқысушылығы, дала тірлігінің қатігездігі, сырттананталап тұрған жау осының бәрі Асан атамыздың есіміне "қайғы" деген сөзді қосып айтуға мәжбүр еткен болар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz