Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
1 ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық
мәселелері . . . 6-15
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың
ерекшеліктері . . . 15-28
2 ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың
жолдары . . . 29-37
2. 2 Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 37-56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . … . . . … 57-58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59-60
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі : Заманауи білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр.
Еліміз Егемендігін алып, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын, халқымыздың еңсесін тік ұстап болашаққа сенуін елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі халыққа жолдауында айтып, халықты бірлікке, ынтымаққа, білімділік пен төзімділікке шақырып отыр. 12-жылдық мектеп реформасын жасауды, балабақшаларды көбірек іске қосуды, оларға маман дайындауды, білім мен ғылымға тереңірек көңіл бөлуді халыққа аманаттап отыр.
Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек, - деген болатын елбасымыз өз сөзінде. «Ел болам десең - бесігіңді түзе» дейді біздің дана халқымыз. Бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан негізгі қасиеттерінің бірі. Бала - ұрпағының жалғасы, ертеңгі күнге аманатым деп бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Кісі, қонақ келгенде қолына су құйғызып батасын алған, қонақты аттан түсіріп, үйге бастап әдеп танымын көрсеткен.
Бүгінгі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді.
Ал бұл жұмыстарға қол жеткізу үшін мектепішілік әдістемелік қызметті және мұғалімдердің педагогикалық қызметіне бақылау жасау жолдарын жаңартудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру қажет.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы - еліміздің бәсекеге қабілетті азаматтарын даярлау мақсатында елдің интеллектуалдық мәдениетін көтеру, жастарға ұлтық ерекшеліктерді ескере отырып сапалы білім, білік, тәрбие беру, жан-жақты дамыған іскер азамат қалыптастыру.
Осының негізінде Республикамызда ресми құжаттар жарияланған. Білім министірлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады
Ал, Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың Білім мемлекеттік бағдарламасының білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарында «Жалпы орта білім беру саласында оның мазмұнын білім беруді демократияландыру және ізгілікті ету бағытында айтарлықтай жаңарту қажет. Оқушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуының жоғары негіздеріне қол жеткізген жөн» деп, отбасы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді, дағдылар мен қарым-қатынастарды баланың меңгеруін, сондай-ақ күш-жігірі мен психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамассыз етуге міндетті»деп баланың дамуындағы отбасының міндеттерінде белгіленген [1] .
Сондай-ақ Елбасымыз қазақстан халқының жолдаудағы (Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан он жетінші бағытында-халықаралық стандарттарға орай бастауыш және орта білім беру, кадрларды қайта даярлау жүйесіне жақындай беру және бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқытудың тиімділігін, әр оқушының білім мен білігін бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау керек.
Шығармашылықтың саласы көп мысалы: музыкалық, көркем, техникалық, т. с. с. бірақ осы шығармашылықты дамыту керектігін еліміздің психологтары ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында дәлелді көрсеткен. Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады.
Шығармашылық - тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық ізденісті тәрбиешінің дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор. Зерттеу барысында зерделенген маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары.
Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Энциклопедияда шығармашылық "… ешқашан бұрындары болмаған, жаңа сапалы нәрсені тудырушы іс-әрекет …" ретінде қарастырылады. Идеалистік және метафизикалық тұжырымдамаларға қарсы тұрған шығармашылықтың ғылыми-философиялық ұғымы, шығармашылықты адамның және адамзаттың мақсаттары мен қажеттеріне сәйкес, нақтылы өмірдің объективті заңдылықтары негізінде табиғат пен әлеуметтік дүниені өзгертетін адамның іс-әрекеті деген тұрғыда қаралады .
Кез-келген адамның, оның ішінде оқушының әрекетінде білімнің ғана емес, сонымен бірге дидактикалық ойындарды пайдаланудың зор маңызы бар.
Іскерлік ұғымы педагогика тарихында көптеген қазақстандық және ресейлік еңбек сіңірген педагогтардың құнды еңбектерінде әр қырынан тұжырымдалған. Біздің зерттеу жұмысымызға байланысты оқушылардың білім сапасын арттыру, үлгермеушілікті болдырмау мақсатында оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатымен айналысқан Қазақстандық И. Д. Буртовой мен Т. Әбдіғалиева, Ж. Балтабаев, Р. М. Қоянбаев, Ж. Б. Қоянбаев, Б. Т. Ортаев Т. Хазіретәлі, Н. Жаманқұлова, Н. Г. Даумов, А. Қ. Аренова, А. Әмірбеков зерттеулері мен еңбектерінің орны ерекше және Ресейлік педагогтар И. В. Савин Т. А. Ильина, Е. А. Климов, А. В. Усова мен А. А. Бобров, А. А. Бред, Д. Хамблин, С. А. Шапоринскийдің еңбектерінің маңызы зор. [2]
Заманауи білім беру негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану бүгінгі күннің алға қойған міндеті болып табылады.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану.
Зерттеудің мақсаты : Заманауи білім беру негізінд е оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы дидактикалық ойындарды пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- Заманауи білім беру негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық мәселелерін қарастыру;
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолданудың ерекшеліктерін анықтау;
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолданудың жолдарын қарастыру;
- Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдеріді пайдалану.
Дипломдық жұмыстың құрылымы-кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Бастауыш сыныпта білім беру, тәрбиелеу және оқушылардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты болып табылады.
Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз әл-Фараби, Қ. А. Ясауи, М. Х. Дулати, Ж. Баласағұн тамаша өсиеттер қалдырған.
Ұлы ойшылдар ағартушы-педагог Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин, К. Д. Ушинский оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдарын М. А. Данилов, Б. Н. Есипов, Н. Скаткин, Ю. К. Бабанский, М. Жұмабаев, Т. Сабыров, т. б. өз еңбектерінде оқушылардың өз бетінше жұмыс орындауда дидактикалық ойындардың пайдалы жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер берген. [3, 4]
Ұлы жазушы М. Әуезовтің ”Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген кемеңгерлік тұжырымы тәрбиенің негізі отбасында қалыптасатынын тағы бір дәлелі. Иманды ұл мен инабатты қыз қайдан шығады? Әрине, ұшқан ұясынан, ата-ана және ұлағатты ұстаз тәрбиесінен қанаттанып ұшады. Қазақта ”Баланы жастан…? ”, ”Құс ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі” деген үлгі аларлық сөздер аз емес. Осы мәйегі мол сөздерден де халық педагогикасының нышаны аңғарылмай ма?.
Заманауи білім беруде мұндай мақсаттың баянды болуы білім беру жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі мектепке дейінгі мекемеден, бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Психологтердің зерттеуінше, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады. Сондықтан жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынның шығармашылық мүмкіндігі зор, өйткені, олар шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді келеді.
Шығармашылық қызығуы қалыптасқан бастауыш сынып оқушылардың мынандай ерекшеліктері болады:
- оқушылардың өзіндік ойлау ерекшеліктері басым, түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар;
- шығармашылықпен айналысуға ұмтылып тұрады, шығармашылық күшін сынауға тырысады;
- қиялдары жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді, болмыстары поэзиядан құралады;
- бұл жастағылар ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске бағыттайды, ал қызықтырмаған істе қалыпты білік-дағдыларымен шектеледі;
Заманауи білім беруде бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни, педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде студенттің шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін студентке оқытушының берер психологиялық әсері мынандай болмақ:
- "сенің қолыңнан бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "оқы", "үйрен" деп, студенттің еркін билеп, сенім білдіру;
-оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
- ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
- оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
- оқушының қойған сұрақтарына пейілімен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету.
Бастауыш сынып оқушыларының білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындар арқылы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.
Бүгінгі таңда дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындар оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Заманауи білім беруде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындар әр түрлі болып келеді. Сөз сөйлеудің дамуы, тәрбиеленушінің білім қоры педагогтарға оларда әртүрлі ойындарға деген іскерлікті қалыптастыруға: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, қозғалмалы мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушылары мінездегі өзгешеліктерді ажырата бастайды және өзінің іс-әрекеттерінде ойындардағы әдістерді, құралдарды пайдаланады.
Оқушының ойыннан толық мәнді дамуы тек мұғалімнің мақсатты бағдарлы іс-әрекеті қалыптастырылғанда көрініс алады. Осылайша, сюжетік-рөлді ойында ол балаларға толық сюжеттің мазмұны мен рөлдердегі өзара әдістер негізінде көрінеді; дидактикалық ойындарда оларға тәртіпті көрсетіп, әрекеттің соңғы нәтижесін жылжымалы ойын жүргізуді ұйымдастыруда ойынның мәнін, символын, атрибуттардың қызметін ашуға, қарсыластарының жетістіктерін бағалауға көмектеседі.
Заманауи білім беруде мұғалім сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ойындарын басқарып, оларды дұрыс бағытқа ойынның арнайы дайындалған кезеңдері арқылы нәтижеге қол жеткізеді.
Ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар .
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне А. Диваев, ойын сипатына М. Гуннер, Т. С. Сабыров Ш. Әміралиев; дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға М. Таникеев, ; ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне А. К. Айтпаев сәйкес жасалады. [5, 6]
Бүгінгі таңдабастауыш сыныптарда дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынандай түрлері бар:
- Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмен; қажеттілер - қызық жолмен беріледі;
- Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
- Ойын болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді…?", "Мен не істер едім, егер …" деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.
- Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
- Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Мектепте оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ойын түрлерін мазмұнына қарай бөледі:
- Сюжетті рольді ойындар.
- Құрылыс материалдарымен ойнау.
- Қимылды ойындар.
- Дидактикалық ойындар.
- Драмалық ойындар.
6. Музыкалық-дидактикалық ойындар.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
- Оқушылардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар.
- Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
- Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
- Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.
- Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
- Сюжеттік - рөлдік ойындар.
- Жаттығу ойындар.
- Драмалық ойындар.
- Шығармашылық ойындар.
- Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
- Білімдендіретін ойындар.
- Тәрбиелейтін ойындар.
- Дамытатын ойындар.
- Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
- Диагностикалық ойындар.
Жоғарыда көрсетілген мысалдардың барлығының да мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады. Сюжеттік-рөлдік ойындар. Оқу жылының алғашқы жарты жылында тәрбиеші балаларда ойындық іскерлік пен негізгі рөлдік қимылдарды қалыптастырады. Ол бірігіп ойынға балаларды қосады немесе сюжетті кішігірім әңгіме негізінде көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларында негізгі ойындық іскерліктер қалыптасады, бұл оларға ойын барысында өзара байланысқан шарттық құралдарды пайдалануға көмектеседі.
Бастауыш сынып мұғалімнің алдында мынандай міндеттер тұрады. Ол оқушылардың шығармашылық белсенділігін теңдестіру. Бұған ойынның құрамына әртүрлі рөлдерді қосу; әлеуметтік сферадағы әртүрлі өмірді, әртүрлі әдеби шығармаларды, ертегілерді, сонымен қатар, ертегідегі және шын өмірдегі персонаждарды қосады.
Педагог оқушылармен бірігіп, ойында сюжетті байланыспайтындай рөлдермен байланыстырып көрсетуі керек. Ол ойын жоспарына жаңа жағдайлар және, оқиға мен тұлғалар енгізетін балаларды марапаттауы керек, өйткені бұл баланың шығармашылық белсенділігін және ойынның еркін меңгерілуінің көрсеткіші болып табылады.
Сюжетті - рөлді ойындарға жағдай жасау немесе жетпей жатқан құралдарды сюжет барысында көрсетуге көмектеседі, ойынның мәні мен оның қатысушыларын байланыстырады. Әдетте бұл мақсатқа дайын ойыншықтарды құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Бұл жағдайда айнала ойынға қолайлы ғана емес, сонымен қатар, шындыққа ұқсауы қажет.
Өйткені, оны балалар таза символды түрде қабылдауы мүмкін. Әсіресе бұл ойындық топтарға, онда барлық қатысушыларға ойынның жағдайын, мәнін түсінуге байланысты.
Мұғалім бастауыш сыныпта театрлық ойындарда жиі ойнатылады . Театрлық ойындар сюжетті-рөлді ойындарға қарағанда нақты көрермендер ұсынады (кішкентай балалар, ата-аналар, баланың қатарлары) . Бұл процесте балаларда авторлық мәтін мен көркемдік шығармашылық идеяларды қайта тудыру құралдарын (интонация, мимика) ойлап шығару қалыптасады. Бұл қиын әрекет міндетті түрде үлкендердің қатысуын талап етеді, әсіресе бұл дайындық кезеңінде. Театрлық ойындар шынымен қызықты, оқушыларды тек қана көріністі орындау ғана емес, сонымен қатар оларда көрініске орын дайындауды қалыптастыру қажет. Мұның барлығы мектеп жасына дейінгі балаларға оңай міндет емес.
Бастауыш сыныпта ойнатылатын дидактикалық ойындар. Мұғалім сабақ үстінде дидактикалық ойындар өткізгендей, сабақтан тыс жерде балалар жаттығуларын, олардың түрлерін, көлемін, түсін, кеңістігін, дыбысын білуі тиіс. Дидактикалық ойындар көмегімен балалар құралдарды сыртқы пішіні секілді, олардың белгілері бойынша салыстыруға және топтауға, есептерді шешуге оларда дайындық қалыптасады.
Бастауыш сыныпта ойнатылатын музыкалық-дидактикалық ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар оқушылармен бірте-бірте игеріледі. Жаңа ойынмен танысу негізінен музыканың сабақтар кезінде жүзеге асады.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларды ойын ержесімен таныстырады және олардың алдына анық дидактикалық міндеттер қояды. Бастапқыда педагог (тәрбиеші, сынып мұғалімі) топтағы ойынды өткізуде бастаушы болады.
Соңында оқушылар өздері педагогтың көмегінсіз ойынды ойнай алады, яғни араларынан бастаушыны таңдау арқылы. Музыкалық-дидактикалық ойындарды үйрену процесінде балалардың алған білімдері оларға әртүрлі музыкалық іс-әрекеттерге байланысты міндеттерді орындауға көмектеседі. Дидактикалық ойындардың маңызы бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойыны мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің сюжеттік ойындарынан өзгешелеу болады. Шәкірттер енді әр алуан қимыл-қозғалыстар, тез ойындарды ғана емес, күш-қуат пен тепе-теңдік сезімін жетілдіретін қызықты ойындармен де шұғылданады.
Ондай ойын түрлері оқушылардың сан қилы жағдайларға тез икемделуін дамытып, олардың тапқырлығы мен икемділігін талап ететін жарыс түрінде ұйымдастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz