Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері:

КІРІСПЕ . . .

1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері

:
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері: 1
: Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудағы педагогика ғылымындағы зерттелу теориясы . . .
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері: 1. 2
: Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық жолдары . . .
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері: 1. 3
: Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың барысы . . .
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері:
:
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері: 2 Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесі
:
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері: 2. 1
: Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруда білім беру технологияларының мазмұны . . .
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері: 2. 2
: Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін білім беру технологиялары негізінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу . . .
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері: 2. 3
: Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудағы эксперименті нәтижелерінің өңделуі . . .
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері:
:
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ . . .1 Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері:
: ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымы деңгейіне байланысты болғандықтан, Республика халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі мақсат ретінде көрініс табады.

Білім алушылардың ақыл-ойын барынша дамыту, дүниежүзілік ғылым мен техниканы, өндірістік технологияны меңгеру үшін білім беру жүйесін неғұрлым тиімді, ғылыми негізде құру білім беру ісіндегі негізгі міндет. Елімізде ғылым, мәдениет, өнер, технология, сондай-ақ қоғамның құқықтық, рухани-адамгершілік, діни негіздерінің қалыптасуы да білім беруге байланысты. 1999 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңында, “Білім” мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім беруді дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағыт алу, мақсаттарын көздейді. Ол білім саласында әр тұлғаға білім беруге көшуді негіздейді. Ол жөнінде аталған заңның білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі ретінде: “… жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту” - деп нақтылаған [1] .

Шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында да білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Осы “Шығармашылық” ұғымына “… адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген [2] .

Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер біздің елімізде орын алып қалыптасып келеді. Жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, білім берудің озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте шығармашылық тұлғаға тән білім беру қажеттігі.

Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады. Бүгінгі жастар әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада мол табыстарға қол жеткізеді. Шығармашылықтың саласы көп, мысалы: музыкалық, көркем, техникалық, т. с. с., әрі сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде болатынын, бірақ осы шығармашылықты дамыту керектігін еліміздің психологтары ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында дәлелді көрсеткен.

Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады.

Шығармашылық қабілет, іс-әрекет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған. Адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды ұлы дала ойшылары Жүсіп Баласағұн [6], Әл-Фараби [7], Абай [7; 8] тұжырымдарын, көзқарастарын тиісті еңбектерінде білдірген. Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский [9], Ы. Алтынсарин [10], Н. К. Крупская [11], А. С. Макаренко [12] өз шығармаларында қабілеттерді дамыту жолдарын қарастырған.

Ресей ғалымдары Г. С. Альтшуллер [13; 14], А. Г. Ананьев [15; 16], Ю. К. Бабанский [17], Л. С. Выготский [18; 19], В. В. Давыдов [20], В. С. Ильин [21], В. А. Крутецкий [22; 23; 24], Т. В. Кудрявцев [25], А. Н. Леонтьев [26; 27; 28; 29], Н. С. Лейтес [30; 31], Л. В. Занков [32], Б. М. Теплов [33; 34], т. б., сондай-ақ республикамыздың көрнекті ғалымдары Т. Т. Тәжібаев [35], Қ. Б. Жарықбаев [36], М. М. Мұқанов [37] т. б. өз еңбектерінде жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасының негізін қалаған, шығармашылық қабілеттің дамуының психологиялық негіздерін, шығармашылық процестің құрылымын зерттеген.

Шығармашылық қабілеттердің, шығармашыл тұлғаның болуы адам қанындағы құрамның өзгешелігімен сипатталады деген пікір ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін үстем болды. Кеңестік кезеңіндегі психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулер шығармашылық қабілеттердің нышаны кез келген адамда болатыны дәйекті түрде дәлелденді. Ал, 60-жылдардан бастап жалпы білім беретін мектеп пәндерін оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндегі зерттеулер жүргізілді.

Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, музыкалық қабілеттер (Б. М. Теплов [33] ), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В. И. Киреенко [38] ), математикалық қабілеттер (В. А. Крутецкий [23] ), педагогикалық қабілеттер (Н. В. Кузьмина [39] ) . Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту (В. Г. Разумовский [40] ), оқушылардың техникалық шығармашылықтарын ұйымдастыру (В. Е. Алексеев [41; 40] ) және т. б. мәселелер бойынша зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді.

Білім беру технологиялары арқылы баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін педагог-ғалымдар Ш. А. Амонашвили [43], Л. И. Божович [44], Я. А. Пономарев [45] Н. Ф. Талызина [46], Д. Б. Эльконин [47], И. С. Якиманская [48] және т. б. қарастырған.

Республикамызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде жоғарғы сыныптарға шығарма жазғызу, факультативтер және үйірме жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру, оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау (А. Б. Мырзабаев [53] ), студенттердің шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қазақ ою-өрнектері арқылы қалыптастыру, шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау (Ж. Балкенов [55] ), бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту (М. Мұхамедин [56] ), шығармашылық қабілеттерін дамыту (Б. А. Тұрғынбаева [57] ), оқушыларды еңбекке баулудағы техникалық шығармашылықты дамыту (О. С. Сыздықов [58; 59; 60] ) мәселелері тереңінен зерттелген.

Оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, баланың қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсатты - бағыт-бағдар беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету - педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі. Ғылым мен техниканың, өндірістің, табиғат жөніндегі білімдер жүйесінің дамуы білім беру мазмұнының барлық құраушы элементтерінің мазмұндық өзгерісіне алып келеді.

Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда пәндік білімдер мен іскерліктердің оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы ерекше болары айқын.

Қарастырылған жұмыстар мыналар: шығармашылық қабілеттер, шығармашылық қабілеттерді дамыту, шығармашылыққа баулуды ұйымдастыру, оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды жүзеге асыру мәселесінің зерттелгендігін, сол сияқты бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін білім беру технологиялар негізінде қалыптастыратынын әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығы.

Көсетілген проблеманың маңыздылығы білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі оның мектеп тәжірибесінде жүзеге асырылуы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асырудың педагогикалық жолдары анықтау.

Зерттеу нысаны: Білім беру технологиялары.

Зерттеу пәні: Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың

шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер мектептегі оқыту үрдісі білім беру

технологиялары негізінде ұйымдастырылса, оқушылар тиянақты, жүйелі, шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылған әрекеттер үдерісті жағдайларда болса, онда олардың шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасу нәтижелілігі арта түседі.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық тарихи еңбектерді зерттеу және талдау.
  2. «Білім беру», «технология», «шығармашылық», «шығармашылық іс-әрекет», ұғымдарының педагогикалық мәнін айқындау.
  3. Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-

әрекетін қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау, мазмұнына сипаттама беру.

  1. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін білім беру технологиялары

негізінде қалыптастырудың жолдарын анықтау.

  1. Білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-

әрекетін қалыптастыруды эксперимент жүзінде тексеру және оларды практикаға ендіру.

Жетекші идеясы: Білім беру технологиялары негізінде сабақты

ұйымдастыру оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды нәтижелі етеді.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздеріне қоғам, табиғат дамуының заңдылықтары, білім беру технологиялары жөніндегі теория және оны дамытудағы оқушылардың шығармашылық іс-әрекет жөніндегі олардың мәнін айқындайтын педагогикалық тұжырымдар, іс-әрекет теориялары алынды.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерделеу, оқушылармен сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бастауыш сынып оқушыларының оқудағы және сабақтан тыс шұғылданыстарындағы іс-әрекет нәтижелерін бақылау, зерделеу.

Зерттеу көздеріне педагогика, психология ғалымдарының

мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу, шығармашылығын дамыту жөніндегі еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің құжаттары, оқу жоспарлары мен оқулықтары және әдістемелік құралдары, педагогикалық технологиялар мектептегі тәжірибелік-педагогикалық жұмыстары негізге алынды.

Зерттеудің негізгі кезеңдеріне (2010-2012ж. ж) үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде (2010-2011 жылдар) тақырып анықталып, зерттеу мәселесіне сәйкес педагогикалық еңбектерге талдау жасалды, зерттеудің ғылыми аппараты, білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің жай-күйі анықталды.

Екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім беру технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін айқындайтын шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы әдістеме мазмұны анықталды және оның негізінде тәжірибелік - педагогикалық эксперимент жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2011-2012 жылдар) жүргізілген тәжірибе жұмысының қорытындылары шығарылып, нәтижелері анықталып бір жүйеге келтірілді. Мектеп мұғалімдеріне білім беру технологиялары негізінде оқыту барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды қамтамасыз ететуге көмекші әдістемелік құрал әзірленді.

Зерттеудің тәжірибелік базасы Түркістан қаласындағы Майшай Әбенова атындағы орта мектеп.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • шығармашылық іс-әрекеттерді қалыптастыру психология, педагогика

ғылымдары тұрғысынан зерделенеді және оны іс-жүзіне асырудағы әдіс-тәсілдер айқындалады;

  • «шығармашылық», «шығармашылық іс-әрекет», «білім беру»,

«технология» ұғымдарының мазмұны нақтыланады.

  • оқушылардың зерттеліп отырған іс-әрекетін қалыптастырудың

әдістемесі теориялық тұрғыдан негізделіп, сынақтан өткізілді және алынған нәтижелерді практикаға ендірудің мүмкіндіктері ғылыми-әдістемелік нұсқау ретінде белгіленді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • білім беру технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық іс-

әрекетін қалыптастыру айқындалды.

  • «білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-

әрекетін қалыптастыру» тақырыбында арнаулы курс бағдарламасы дайындалды;

  • білім беру технологиялары негізінде шығармашылық тапсырмаларды

пайдалануға арналған әдістемелік нұсқау жасалды.

Зерттеу нәтижелерін мектеп мұғалімдері, білім жетілдіру институттары іс-тәжірибесінде пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің нанымдылығы мен негізділігі:

- Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарына жасалған жан-жақты талдаумен және оларды зерттеу барысында негізге алынуымен, мәселені талдауға сәйкес келетін кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен;

- эксперименттік бағдарламаның педагогикалық мақсатқа сәйкес-тілігімен;

- педагогикалық экспериментке қатыстырылған сыныптар мен оқушылар санының жеткіліктілігімен;

- бақылау жұмыстарының бірнеше рет қайталанып алынуымен;

-тәжірибе-эксперименттік жұмыстардың жоспарлылығы және кезеңділігімен, алынған нәтижелердің математикалық статистикалық өңделуімен;

- ұсынылған әдістеменің мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен қамтамасыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатындар:

- "Шығармашылық", "шығармашылық іс-әрекет" ұғымдарының нақтыланған мәні; "білім беру технологиялар негізіндегі шығармашылық іс-әрекеттері" ұғымының педагогикалық мәні;

- Оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін білім беру технологиялар негізінде қалыптастырудың моделі (өлшемі, көрсеткіштері мен деңгейлері) ;

- Білім беру технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастырудың педагогикалық жолдары;

- зерттеліп отырған іс-әрекетті қалыптастырудың әдістемесі мен эксперимент нәтижелері.

Магистрлік диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты, нысаны, пәні, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, болжамы, практикалық құндылығы, ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен дәйектілігі және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалады.

“Білім беру технологиялары негізінде оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру тақырыбындағы бірінші тарауда шығармашылық тұлғаға тән сапалық қасиеттері мен ортақ іс-әрекеттер негізі, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық алғы шарттары айқындалады, оқушы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесінің психология, педагогика ғылымдарындағы зерттеу жайы мен бастауыш сыныпта шығармашылық іс-әрекеті қалыптастырудың практикалық жайы талданады, оқушыларының шығармашылық іс-әрекетні білім беру технологиялары негізінде қалыптастыру моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері белгіленеді.

Диссертацияның қорытындысында Білім беру технологиялары негізінде сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жайлы нақты тұжырымдар мен дәлелді пікірлер, зерттеуді жүргізу нәтижесінде туындаған тенденциялар мен заңдылықтар сипатталады.

11 Заманауи технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Технологиялық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта құру, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің педагогикалық тұлғалық бағдарлауына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлеледеп отыр.

Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктер мен ақпаратты қабылдау қабілетінің

дамуы мен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:

*Есте сақтауға негізделген оқып білім алуын, бұрынғы меңгергендерді

пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

*Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық

құрылым жүйесіне көшу.

Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны

реформалаудың мәселелері де сан қырлы. . Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кещенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдісті мән -мағынасы, сипаты ме бағыт бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

*Қазақстан Республикасының тәуелсіз егемен мемлекет болып

қалыптасуы;

*Экономиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің түрлі пішіндерін

дамыту;

*Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесінде кіру болып отыр.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі білім

беру процесінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында

қазіргі мектептер:

  1. Практикалық қызметке жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
  2. Қоғамның интелектуалдық қуатын жетілдіруі.
  3. Еліміздің материалдық-қаржылық әл-қуатын арықарай дамыту;
  4. Орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т. с. с. міндеттері көбейді.

Білім міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті

ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып, табылған

оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Инновация - (латын сөзі іп - в, новис-жаңа) жаңа жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. И. С. Ожегов сөздігі бойынша инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес, енгізілген жаңалық.

1957-1964 жылдары он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.

1) Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарды, педагогтар білімді көтеруді ұйымдастырушыларда тағы сол сияқты.

2) Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: (Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім ардайым жаңалықты бастауыш ретінде іс-әрекет жасауы тиіс) -дейді.

3) Инновациялық технологияларды қолданып, дамыту, мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырылады.

90-жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова, Загвиязинский, Лазареваның еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болады. Олар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарту іс-әрекеті деп сипаттайды. М. М. Поташник, А. С. Лоренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ал, «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бесжылдыққа жатады. Ең алғаш инновация ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі»-деген анықтаманы ұсынады.

Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықт енгізу, яғни жаңа әдіс тәсілдерді, амалдары, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.

Инноация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді:

  1. Жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.
  2. Өзгеріс.
  3. Құрал, әдіс.

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың еңбегінде «инновация дегеніміз-

жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу дегеніміз-тек қана жаңалық енгізуді ұйымдастыру, яғни инновация үрдісін мазмұнын дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілімен, технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.

Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері баршылық:

  • Білім сапасының төмендігі;
  • Білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;
  • Директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
  • Оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Дамыта оқыту жүйесінің әдістері мен формалары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Зерттеу нысаны - бастауыш мектеп оқушылары
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Дизайн технологиялары арқылы болашақ мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні
ЭКОДИЗАЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ДИЗАЙН МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz