Болашақ заңгерлерді экологиялық тәрбиелеу - кәсіби дайындықтың аспектілерінің бірі ретінде



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Болашақ заңгерлерді экологиялық тәрбиелеу - кәсіби дайындықтың
аспектілерінің бірі ретінде

Экологиялық білім беру методологиясының міндетті принципінің
экологиялық проблематикасының өмірлік маңызына оның үздіксіздігі
принципі жатуы тиіс. Бүгінгі таңда экологиялық білім беруді бірегей
жүйе ретінде қарастыру керек, оның басты компоненттеріне формалды
және формалды емес білім беру жатады. Оқытудың бүкіл кезеңі
болжау жасау сипатында болуы , оқыту мен тәрбиелеу процесін
біріктіруі тиіс .
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу – оқушылардың ғылыми білім
жүйесін , қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы туралы шеберлік
пен дағдыларды, оны қорғауды , тұлғалық жан-жақты дамытуды
қалыптастыру мен жақсартуды игеру процесі, оның қоршаған табиғи
ортаға ғылыми негізделген және рационалды қарым-қатынасы болады.
Білім беру мен тәрбиелеу арқылы ғана қоғамның табиғатқа деген
өзгерісі мүмкін болады. Ғылымның , техниканың , экономиканың ,
құрылыстың дамуы қоршаған табиғаттың талаптарын есепке алу мен
бүкіл адамзаттың мүдделерін қозғаумен дамуы тиіс.
Адамды экологиялық тәрбиелеу - бұл табиғаттағы өзінің өмір
сүруінің табиғи ортасына қатысты белгілі бір мінез-құлық
нормаларының қалыптасуы , онымен үйлесуге , өзінің табиғатпен өзара
байланысын түсінуге ұмтылуы , оның күйіне жауаптылығы болып
табылады. Экологиялық білім берудің басты мақсатына - экологиялық
мәдениеттің қалыптасуы , табиғатқа , табиғаттың бір бөлігі ретіндегі
өзіне және басқаларға дұрыс қарым-қатынасы жатады.
Экологиялық білім берудің мақсаты – экологиялық сана базасында
құрылатын қоршаған ортаға жауаптылық қарым-қатынасының қалыптасуы. Бұл
табиғатты пайдаланудың адамгершілік және құқықтық принциптерінің
қадағалауын және оның тиімділік идеясын насихаттау , өзінің тұрған
жерінің табиғатын қорғау мен зерттеу бойынша белсенді қызмет
етуді білдіреді. Табиғатқа деген жауаптылық қарым-қатынасы -
тұлғаның күрделі сипаттамасы . Ол адамның өмірін айқындайтын
табиғат заңдарын түсінуді , табиғатты пайдаланудың адамгершілік және
құқықтық принциптерін қадағалауда , қоршаған ортаны және зерттеу
бойынша белсенді жасампаздық қызметте , табиғатты дұрыс пайдалану
идеясын насихаттау , қоршаған табиғатқа зиян келтірушілердің
барлығымен күрес жүргізуді білдіреді. Мұндай оқыту мен тәрбиелеу
шартына табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынасты зерттеу мен
жақсартуға бағытталған оқушылардың өзара байланысты ғылыми,
адамгершілік , эстетикалық және практикалық қызметтерін ұйымдастыру
жатады.
1997 ж. 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының ,, Қоршаған
ортаны қорғау туралы ,, Заңының 73 бабында былай делінген ,
қоғамның экологиялық мәдениетін көтеру мен мамандарды кәсіби
дайындау мақсатында мектепке дейінгі , жалпы орта , кәсіби-техникалық
, арнайы орта және жоғары білім беру , мамандарды дайындау мен
біліктілігін көтерудің бүкіл процесін қамтитын экологиялық білім
беру мен тәрбиелеудің жалпы және үздіксіз жүйесі белгіленеді .
Бүгінгі таңда экологиялық мұқтаждықтарды жүзеге асыру , бәрінен
бұрын экологиялық жағынан білімді , гуманистік көзқарастағы
адамдарға байланысты болғандықтан , сана мен тәрбиені
экологияландырудың маңызы арта түседі.
Білім беруді экологияландыру - бұл экололгиялық идеялар ,
түсініктер , принциптердің басқа пәндерге енуінің сипаттамасы , және
түрлі профилдегі экологиялық жағынан сауатты мамандарды дайындау
болып табылады. Дәл бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиенің бүкіл
жүйесінің экологияландыруы талап етіледі.
Бірақ та бұл бағдарламада атқарушылық және биліктің сот
тармақтарының және биліктің сайланатын органдары үшін мемлекеттік
қызметкерлерге экологиялық білім беру жобаларын дайындау қажеттігі
көрсетілген , бірақ ол жоғары заңгерлік білімі бар тұлғаларда ,
яғни жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге жататын экологиялық
сананы қалыптастыруға бағытталған . Бұл білім алатын қызметкерлердің
экологиялық , саяси қызметін жүзеге асыруын басқару және
қалыптастыру тиімділігіне қатысты болып келеді. Заң шығарушылық және
норма белгілеушілік қызметтің экологиялық аспектілерінің мақсатына
елдің экологиялық қауіпсіздігі мен қазіргі және болашақ ұрпақтың
тұрақты дамуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жатады.
Студент-заңгерлерге оқу процесі барысында мүмкіндігінше мол
экологиялық білім алу қажет , өйткені дәл осылар келешекте
экология саласында елдің экономикалық және әлеуметтік деңгейін ,
халықтың экологиялық санасы көтеру мен экологиялық мәселелердің
көрсеткіштерін азайта отырып , нормативтік актілер мен басқа да
актілерді дайындайды және қабылдайды . Олар білім беру мен экология
саласындағы басқа да кешенді нормативтік-құқықтық актілермен өзара
байланысты және экологиялық білім беруді қамтамасыз етуді реттейтін
нормативтік базаны дайындайды. Заң факультетінің бітіруші
студенттерінің басым көпшлілігінде экологиялық ойлау қалыптаспаған ,
олар ,,экология ,, дегеннің не екеніні, бұл ғылым сласының нені
үйрететінін , қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша қандай
конвенциялар қабылданғанын , табиғатты пайдалану мен оны қорғауға
байланысты қатынастарды қандай нормативтік актілер реттейтінін
білмейді.
Сондықтан да 1 курстан бастап студент-заңгерлер оқитын
пәндерді экологияландыруды жүргізу қажет . Мысалы , ,,
Конституциялық құқық ,, пәні 1 курста оқытылады , бұл жерде ҚР
Конституциясының 31 бабына сілтеме жасау қажет , мұнда былай
делінген : 1) Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы
қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді; 2 ) Лауазымды тұлғалардың
адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілер мен
жағдайларды жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа тартылады . Ал ҚР
Конституциясының 38-бабында , ҚР азаматтары табиғатты қорғауға
міндетті және табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарауға тиіс екендігі
атап көрсетілген . 2 курста әкімшілік құқықты өту кезінде
мемлекетті басқару табиғаттың экологиялық заңдары мен принциптерінен
келіп жүзеге асырылатындығын , сонымен бірге экологиялық тәртіпсіздік
жасағандар әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығын айту қажет .
Жағдайлары азаматтық , шаруашылық және кәсіпкерлік құқық
нормаларымен реттелетін шаруашылық жүргізуші субъектілер заң жүзінде
белгіленген экологиялық талаптарды орындауы және қадағалауы тиіс.
Сақтандыруға қатысты мәселелерді оқу кезінде міндетті түрде
экологиялық сақтандыру түсінігін беру қажет , экологияға немесе
адамға келтірілген зиянның салдарынан қоршаған ортаның күйінің
бұзылуынан , зиянның орнын толтыру мәселелері қарастырылуы тиіс.
Қылмыстың құрамы мен оның жіктелуін зерттеп және қарастыра отырып,
экологиялық қылмысты адам өлтіру , ауыр дене жарақатын салу ,
шпионаж сияқты қылмыстармен қатар қарастыру қажет, өйткені
экологиялық жағдайдың нашарлауы адамды өлтіру , экономикалық саясатқа
зиян келтірумен бірдей.
Бірақта студенттерде экологиялық сананы оқу қызметі процесінде
қалыптастыру мүмкін емес , сондықтан да сабақтан тыс жұмыстар
жүргізген дұрыс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ заңгерлердің экологиялық-құқықтық мәдениетін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты туралы
Кеңес берудің психологиялық мәні
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті - тәрбие әдісінің бір түрі
Этика ұғымы және оның заты
Зерттеудің пәні - ұжымдық шығармашылық әрекет
Пәндер