Заңды тұлға құру


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы: Заңды тұлға құру

Қабылдаған: з. ғ. к., профессор Ерали А

Орындаған: Кустубаева Салтанат

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Заңды тұлғаның түсінігі . . . 4

2. Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер (теориялар) . . . 6

3. Заңды тұлғаларды құрылтай құжаттары . . . 7

4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу . . . 11

5. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі әрекет қабілеттілігі . . . 17

6. Заңды тулгаларды қайта құру және тарату . . . 23

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27

КІРІСПЕ

Азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз, ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқыктың дербес субъектісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, занды тұлғаларға да тән. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.

Заңды тұлғаларды құру - бұл нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде кәсіпкерлік қызмет дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi.

Азаматтық құқықтық айналымда заңды тұлғалар тең құқықты, тәуелсіз субъект екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді, өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады.

Өзінің мақсатына жету үшін заңды тұлғалар заңнамалармен тыйым салынбаған әр түрлі кызметтермен айналасады. Олар: халық тұтынатын тауарларды көтерме және бөлшек саудасы, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет:экcпорттық, импорттық операциялар, ғылыми-зерттеу, жобалау, іздестіру, еңгізу және басқа қызметтерді көрсету, түрлі көліктік қыметтерды көрсету; занды және жеке тұғаларға мәліметтер беру бірлескен қызметтерді көрсету; ақпараттық-жарнамалық қызмет; халық тұтынатын тауарларды, ауыл шаруашылық өнімдерін сату, сатып алудағы делдалық қызмет және тағы да басқа сауда-делдалық қызмет, Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да қызметтер жүзеге асыру құқылы.

1 Заңды тұлғаның түсінігі

Азаматтык кұқық іліміңде заңды тұлғаның кәзіргі нарықтық қатынастарында маңызы, яғни құкықтық жағдайы, материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік ету құқылы екендігін қарастырылған.

Әрбір заңды тұлғаның үйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі үйымдарды бөліп карайды. Үйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі қүрылымынан көрінеді, сол аркылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не кұрылтай шарты аркылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ак кұрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Занды тұлға органдарының түрлері, тағайыңдалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен қүрылтай құжаттарында белгіленеді.

Заңды тұлға құқық субьектілерінің бірі. АК-тің 33-ші бабында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып танылады деп көрсетілген

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады .

Заңды тұлғалар Азаматтық кодекстің 34-бабында көрcетілгендей үлкен екі топқа бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды тұлғалардың меншігі жеке меншік болып есептеленуі тиіс. Коммерциялық ұйымдарға келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қатарына шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік кооперативтер жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардың қатары да заңда нақты анықтала отырып, олардың да ұйымдастыру-құқықтық нысандары жеке меншікке негізделеді.

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік окшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды тұлғаның үйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі үйымдарды бөліп карайды. Үйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі қүрылымынан көрінеді, сол аркылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не кұрылтай шарты аркылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіңдегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек .

Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық-құқықтык белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құкығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құкығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару күқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета занды түлғаның оқшаулық мүлкін айқьндайтын қүжаттар. Оқшауланған (жеке) мүліктің болуы заңды тұлғаның негізгі белгілерінің бірі. Бұл оның тиісті мүлікке мүліктік құқығын анықтайды Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріе тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже.

Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.

Мүліктік жауапкершілік яғни тиісті заңды түлға өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүліктерімен жауап береді. Жеке мүліктік жауапкершілік жалпы ереже бойынша жеке қатысушыларға заңды түлғаның міндеттемелері бойынша туындамайды. Яғни жеке қатысушылар заңды тұлғаның, заңды тұлға жеке қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бірақ заң актілерімен заңды тұлғаның қатысушыларының заңды тұлға міндеттемелері бойынша жауаптылығы көзделуі мүмкін. Меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар АК-тің 44-бабының 1-тармағына сәйкес мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Азаматтық кодексте шарауашылық серіктестіктер құрылтайшыларының жауаптылықтары былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міңдеттемелері бойынша жауапкершілігі; 2) кооператив міндеттемелері бойьшша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі; 3) егер занды тұлғаның банкрот болуын кұрылтайшының әрекеті туғызған болса, занды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшы ның жауапкершілігі; 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойьшша негізгі ұйымнын, сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылык серіктестігі банкротка ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі; 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толыктай салым төлемеген жауанкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.

Заңды тұлғаньң азаматтык айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құкықтык белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер (теориялар)

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзіпен болу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының оз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".

Азаматтык кұқық іліміңде (теориясында) заңды тұлғаның, онын ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құкықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары занды тұлға институты қандай коғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері каралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағнасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.

Кеңес мемлекеті омір сүріп түрған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлгалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекетгік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік стуімен түсіндіруге болатын еді.

Азаматтык құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий "мемлекеттік ілімнің" авторы. Ол былай деп айтқан: "мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды". Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық катынаста болуы керек қой " деген уәж айтады .

Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін" алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік занды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлык халык; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы .

Ал, ғалым Д. М. Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда ол коғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалык зандылығын басшылықка ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құкыкпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады.

Профессор Ю. К. Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін біддіруші - директоры болып табылады .

Азаматтық құқықтануда О. А. Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар ілімі", А. А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі", Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдарыда айтарлықтай кең тараған. Е. А. Сухановтың пікірі бойынша, осы заманғы коммерциялық практикада азаматтын немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатгы мүлік" теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікгі" .

3. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары

Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес занды тұлғаны бір немесе бірнеше кұрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару кұкығымен иеленетін занды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа занды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.

Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Зан құжаттарына сәйкес занды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға кұру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін - кұрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін - жарғы болып табылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 21-бабы) .

Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.

Заңды тұлғаның құрудың бірінші қадамы ұйымды құру туралы шешім қабылдау болып табылады. Ол үшін, біріншіден, заң құжаттарында ұйымның белгілі бір нысанына қатысты көзделген азаматтар заңды тұлғалардың ең аз санын жинау керек Мысалы, қоғамдық бірлестік үшін - ҚР азаматтары болуы тиіс 10-нан кем емес бастамашы азаматтар, азаматтыққа байланысты осы талап тек қоғамдық бірлестікті құратындарға ғана қатысты. Қоғамдық бірлестікті тіркегеннен кейін ол өз қатарына жарғысында көзделген болған жағдайда шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдауы мүмкін. Осы ережеден тек саяси партиялар шығарылады, олардың мүшелері тек ҚР азаматтары ғана бола алады.

Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.

Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.

Азаматтық кодекстің талабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Заңды тұлғаның құрылтайшысы сол заңды тұлғаны құрудың бастамасышысы әрі оны құрушы. Жеке азаматтар мен заңды ұйымдар құрылтайшы бола алады. Бірақ кейбір заңды ұйымдардың құрылтайшылары тек азаматтар ғана бола алады да. Мысалы, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары жалпы ереже бойынша занды тұлға да, жеке тұлға да бола алады .

Шаруашылық серіктестігі азаматтық құқықтың дербес субъектілері болып құрылады. Бірінші жағдайда заң шығарушы оларды құрылтайшылар , екінші жағдайда - қатысушылар деп атайды. "Құрылтайшы" және "қатысушы" ұғымдары бір-біріне жақын, бірақ тең емес; олар айтарлықтай дәрежеде бір-біріне салынады. Барлық құрылтайшылар заңды тұлға тіркелген соң қатысушыларға айналады . Алайда қатысушылардың бәрі бірдей құрылтайшылар болмайды, себебі серіктестікте үлесті алу тіркеуден соң құрылтайшы болып есептелуге құқық береді. Заң шығарушы осы қатысушы шаруашылық серіктестігін құрды деп атап өткісі келгенде "құрылтайшы" терминін пайдаланады.

Үлеске құқығы бар тұлға қатысушы болып табылады. Жалпы ереже бойынша, заңнамамен кейбір шектеулердің белгіленгеніне қарамастан жеке тұлға, заңды тұлға және мемлекет шаруашылық серіктестігінің қатысушысы бола алады. Мәселен, азаматтар ғана толық серiктестiктiң қатысушылары және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктер бола алады (ҚР АК 58-бабының

3-тармағы) . Бұл шаруашылық серіктестіктердің осындай түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауаптылығының қажеттілігіне байланысты. Шаруашылық серіктестігі заңнамалық актілермен көзделген жағдайларды қоспағанда басқа шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшысы бола алады. Мәселен, мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық серіктестігінің құрылтайшысы бола алады. Бұдан басқа, ҚР “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалғыз қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігінің бар болуы мүмкін емес .

Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне оралымды басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн белгiлейдi, сонымен қатар тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi.

Мысалы, шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында ҚР АК 41-бабының 4 және 5-тармақтарында аталған мәлiметтерге қоса әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс (ҚР АК 58 б. 6 т. ) .

Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.

Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады.

Қатысушылардың құрамындағы өзгертулер құрылтай шартына қосылу шартымен ресімделеді, оған серіктестік органының уәкілетті басшысы және кірген қатысушы қол қояды. Сондай-ақ мұндай шартты нотариат куәландырады (ЖШС және ҚЖС туралы Заңның 22-бабының 1-тармағы) . ЖШС қатысушысының үлесін сатып алуға болады және сатып алған құрылтай шартына құқықтың үлеске ауысқан сәтінен бастап қосылған болып есептеледі.

Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру мен тоқтату ережелерi белгiленедi.

Занды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар 41- баптың 5-тармағында қамтылған. Жарғының міңдетті шартының тізбесіңде бірқатар шарттар қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және т. б. енгізу қажеттігін міндеттейді. Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға кұкылы.

Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн. Жарғы заңды тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын және атап айтқанда ол негізгі құрылтай шарты ретінде қарастырылатын заңды құжат болып табылады. ҚР “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” Заңның 17- бабының 2-тармағына сәйкес олардың атаулары, орналасқан жерлері, мекенжайлары, банк деректемелері (құрылтайшысы заңды тұлға болып табылса), сондай-ақ атауы, тұрғылықты жері мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіліп, құрылтайшысы жеке тұлға болып табылса, ол серіктестіктің қатысушыларының ( құрылтай шарты қол тигеннен кейін осындай болып табылады ) тізбесін міндетті түрде қамтуы тиіс.

Жарғыны жалпы жиналыс бірауыздан бекітеді, нотариат куәландырады және барлық құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды, тіркейтін органда сақталады және барлық мүдделес тұлғалар онымен таныса алады. Жарғыдағы өзгертулерді де жалпы жиналыс анықтайды, ол жайында әділет органдарына хабарланады. Құрылтай шартын куәландыру кезінде нотариус Нұскаулықта белгіленген мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелерін басшылыкка алады. Жарғыны куәландыру кезінде нотариус құрылтайшылардың колдарының дұрыстыгын куәландырады .

Коммерциялық емес ұйымның кұрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық болған жағдайда: 1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi 2008 жылғы 16 қыркүйектегі №852 каулысымен бекітілген мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жеке кәсіпкерлікті қолдау және әкімгершілік кедергілерді болдырмау жолында қолданылып жүрген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отыру - уақыт талабы.

Соның бірі - «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің №63 26. 02. 2007жылғы «Кіші, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың типтік жарғыларын бекіту туралы» қаулысымен жүзеге асырады.

Типтік жарғылар дегеніміз - заңды тұлғаны тіркеу немесе қайта тіркеу жүргізу - өтініш түрінде ұсынылып, ол кәсіпкерлерге жарғы негізінде саналып, тіркеуден өтуге мүмкіндік береді.

Бұрынырақ мұндай мүмкіндік тек кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана заңнамалық тәртіпте қарастырылған болатын.

Типтік жарғы негізінде құрылтай құжаттарын тіркеуге (қайта тіркеуге) типтік жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асырушы орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік тіркеу мерзімі де 3 жұмыс күніне дейін қысқартылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаның жарғысында
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы
Кәсіпкерлік ұйымды қайта ұйымдастыру
Заңды тұлғаның құқық субъектілігі
Заңды тұлға азаматтық құқық субъектісі ретінде
Заңды тұлғаны құру тәртіптері
Қазіргі кездегі заңды тұлғалардың мәні мен ерекшеліктерін анықтау
Коммерциялық заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Жалпы заңды тұлға жайлы
Заңды тұлға туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz