Заңды тұлғаны құру тәртіптері


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ІС ЖҮРГІЗУ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы:Заңды тұлғаны құру тәртіптері
Қабылдаған: з. ғ. к., профессор А. Ерали
Орындаған: СЗҚ-115до Кустубаева С.
Кентау-2013
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Заңды тұлға туралы ұғым . . . 4
2. Заңды тұлғаларды құру тәртіптері . . .
2. 1Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу . . .
2. 2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі әрекет қабілеттілігі . . .
2. 3 Заңды тулгаларды қайта құру . . .
КІРІСПЕ
Азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз, ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқыктың дербес субъектісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, занды тұлғаларға да тән. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.
Заңды тұлғаларды құру - бұл нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде кәсіпкерлік қызмет дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi.
Азаматтық құқықтық айналымда заңды тұлғалар тең құқықты, тәуелсіз субъект екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді, өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады.
Өзінің мақсатына жету үшін заңды тұлғалар заңнамалармен тыйым салынбаған әр түрлі кызметтермен айналасады. Олар: халық тұтынатын тауарларды көтерме және бөлшек саудасы, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет:экcпорттық, импорттық операциялар, ғылыми-зерттеу, жобалау, іздестіру, еңгізу және басқа қызметтерді көрсету, түрлі көліктік қыметтерды көрсету; занды және жеке тұғаларға мәліметтер беру бірлескен қызметтерді көрсету; ақпараттық-жарнамалық қызмет; халық тұтынатын тауарларды, ауыл шаруашылық өнімдерін сату, сатып алудағы делдалық қызмет және тағы да басқа сауда-делдалық қызмет, Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да қызметтер жүзеге асыру құқылы.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасқа қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.
1 Заңды тұлға туралы ұғым
Азаматтык кұқық іліміңде заңды тұлғаның кәзіргі нарықтық қатынастарында маңызы, яғни құкықтық жағдайы, материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік ету құқылы екендігін қарастырылған.
Әрбір заңды тұлғаның үйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі үйымдарды бөліп карайды. Үйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі қүрылымынан көрінеді, сол аркылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не кұрылтай шарты аркылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ак кұрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Занды тұлға органдарының түрлері, тағайыңдалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен қүрылтай құжаттарында белгіленеді.
Заңды тұлға құқық субьектілерінің бірі. АК-тің 33-ші бабында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып танылады деп көрсетілген «Бұл жерде «оперативное управление» деген термин «жедел басқару», ал Кодекстің 10-тарауында «оралымды басқару» деп аталған. Осындай әр түрлі аудармалар біздің Азаматтық кодексте жиі кездеседі тұратының ескертеміз .
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады .
Заңды тұлғалар Азаматтық кодекстің 34-бабында көрcетілгендей үлкен екі топқа бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды тұлғалардың меншігі жеке меншік болып есептеленуі тиіс. Коммерциялық ұйымдарға келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қатарына шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік кооперативтер жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардың қатары да заңда нақты анықтала отырып, олардың да ұйымдастыру-құқықтық нысандары жеке меншікке негізделеді.
ҚР Статистика агенттігінің Қазақстан Республикасының 2010 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 2010 жылғы 1 ақпанда 299008 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5, 0% артты, оның ішінде 50 адамнан кем емес қызметкерлері бар - 283505 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 188924 құрды, оның ішінде 174401 бірлік - шағын кәсіпорындар. Республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны 216170 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6, 0% артты.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік окшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы
(1-қосымша) .
Әрбір заңды тұлғаның үйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі үйымдарды бөліп карайды. Үйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі қүрылымынан көрінеді, сол аркылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не кұрылтай шарты аркылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіңдегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек .
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріе тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Мүліктік жауапкершілік яғни тиісті заңды түлға өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүліктерімен жауап береді. Жеке мүліктік жауапкершілік жалпы ереже бойынша жеке қатысушыларға заңды түлғаның міндеттемелері бойынша туындамайды. Яғни жеке қатысушылар заңды тұлғаның, заңды тұлға жеке қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бірақ заң актілерімен заңды тұлғаның қатысушыларының заңды тұлға міндеттемелері бойынша жауаптылығы көзделуі мүмкін. Меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар АК-тің 44-бабының 1-тармағына сәйкес мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi, ал олар ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жауапты болады.
Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi, ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiк субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.
Азаматтық кодексте шарауашылық серіктестіктер құрылтайшыларының жауаптылықтары былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міңдеттемелері бойынша жауапкершілігі; 2) кооператив міндеттемелері бойьшша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі; 3) егер занды тұлғаның банкрот болуын кұрылтайшының әрекеті туғызған болса, занды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшы ның жауапкершілігі; 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойьшша негізгі ұйымнын, сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылык серіктестігі банкротка ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі; 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толыктай салым төлемеген жауанкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаньң азаматтык айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құкықтык белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
2 Заңды тұлғаларды құру
2. 1 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес занды тұлғаны бір немесе бірнеше кұрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару кұкығымен иеленетін занды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа занды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Зан құжаттарына сәйкес занды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға кұру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін - кұрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін - жарғы болып табылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 21-бабы) .
Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.
Заңды тұлғаның құрудың бірінші қадамы ұйымды құру туралы шешім қабылдау болып табылады. Ол үшін, біріншіден, заң құжаттарында ұйымның белгілі бір нысанына қатысты көзделген азаматтар заңды тұлғалардың ең аз санын жинау керек Мысалы, қоғамдық бірлестік үшін - ҚР азаматтары болуы тиіс 10-нан кем емес бастамашы азаматтар, азаматтыққа байланысты осы талап тек қоғамдық бірлестікті құратындарға ғана қатысты. Қоғамдық бірлестікті тіркегеннен кейін ол өз қатарына жарғысында көзделген болған жағдайда шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдауы мүмкін. Осы ережеден тек саяси партиялар шығарылады, олардың мүшелері тек ҚР азаматтары ғана бола алады.
Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.
Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу - мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, заңды тұлғаларды бірыңғай Мемлекеттік Реестрге және Реестр заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу, бекітілген үлгідегі тіркеу нөмірін және мемлекеттік тіркеу куәлігін беру, және әділет органдарына өткізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама жіберуді қамтиды.
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы - тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап занды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сактауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Сонымен, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуі мынаны атқарады:
- құрылтайшылық және басқа да құжаттарды тексеру;
- тіркеу нөмірімен қоса мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
- заңды тұлғалар туралы мемлекеттік тіркеуге мәлімет жинау.
- филиалдар мен өкілеттерді есептік тіркеу мынаны атқарады:
- құжаттар сәйкестігін тексеру;
- есептік тіркеуге алғаны туралы куәлік, нөмірімен беру;
- филиалдар мен өкілеттік туралы мәліметті филила мен өкілеттік реестріне еңгізу.
ҚР Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы Заңының 1-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды [22] .
Филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып есептiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi филиалдар мен өкiлдiктер тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
Мемлекеттік тіркеу жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті (Астана қаласы) республикалық және аймақтық мәртебесi заңды тұлғаларды (мысалы, қоғамдық бiрлестiктердi (сонымен бiрге, саяси партияларды) ; шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн) ;
- ҚР Әдiлет министрлiгінiң аумақтық органдары тиiстi облыстың аумағында құрылған, қайта құрылған және таратылған заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердi тiркеудi (қайта тiркеудi және таратылуын тiркеудi) ;
- Облыстық және Астана, Алматы қалаларының Әділет департаменттері жергілікті мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді және жергілікті діни бірлестіктерді тіркейді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркейді) .
2. 2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі әрекет қабілеттілігі
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның кабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар катыса алмайды. Оған отбасылык катынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге занды тұлғалар катыса алмайтындығы дәлел болады.
Занды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын өрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Занды тұлға зан құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның кұкық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялык ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады жөне азаматтық міндетті де атқарады.
Латынның « licentia » сөзін аударғанда, «еркіндік, бостандық» деген мағыналарды білдіреді. Әлемдік тәжірбиеде «лицензия» ұғымының бірнеше мағынасы бар:
1) бұл күшіндегі заңдылыққа сәйкес лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыруға өкілетті мемлекет органдарының беретін рұқсаты;
2) жекелеген тауарларды импортау мен экспорттау үшін жекелеген ұйымдар мен адамдарға берілетін рұқсат;
3) ойлап табуларды, техникалы білімдерді, сауда белгілерін пайдалануға берілетін рұқсат;
ҚР «Лицензиялау туралы» Заңының 2-бабына сәйкес «лицензия - дегеніміз, қызметтік белгілі бір түрімен немесе белгілі бір әрекетті жасау үшін азаматқа немесе заңды тұлғаға өкліетті органның беретін рұқсаты» .
Занды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті занды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай кұжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тін 44-бабының 4-тармағы) . Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай кұқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.
Занды тұлға органдарының тұрі, оларды тағайындау тәртібі немесе тандау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы айқындалады.
“Заңды тұлға органы” түсінігі бойынша оқу және ғылыми әдебиеттерде әр алуан көзқарастар бар болғанымен, заңнамада көрініс табатын нәтижеге әлі де жеткен жоқпыз. Мысалы, В. В. Долинскаяның пiкiрiнше, “заңды тұлға органы өзіне тиесілі құзыретіне сәйкес заңды тұлға ерігін қалыптастырып, білдіретін және ұйым қызметін басқаратын заңды тұлғаның құрамдық бөлігі”.
К. В. Мұқашева болса, заңды тұлға органдарын - заң актілерімен немесе құрылтай құжаттарымен көрсетілген заңды тұлғаның құрылымдық бөліктері деп анықтайды
И. В. Матанцев “заңды тұлға органы деп оның ерігін даярлайтын, қалыптастыратын және білдіретін тұлғаны (тұлғалар тобын) айту қажет” деп мәлімдейді .
Азаматтық кодекстің 37-бабына сәйкес заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. Жалпы ережесі заңды тұлғалардың нақты түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі.
Мәселен, шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктен және сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына тиесiлi болады.
Заңды тулганың атауы Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа занды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды түлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Занды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды түлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық үйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдык меншікке қатысты қүқыктың (қүқықтың ерекше объектісі ретіңде), ерекше объектісі болып табылады (АК-тің 125-бабы) .
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және кәсiпорын тұтасымен иелiктен алынған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның фирмалық атауын құқық иелiгiнен алуға және ауыстыруға жол берiлмейдi.
Фирмалық атауға құқықтың иесi басқа тұлғаға шартта келісілген әдістермен өз атауын пайдалануға рұқсат етуі (лицензия беруі) мүмкiн. Бұл орайда лицензиялық шартта тұтынушыны жаңылыстыруға жол бермейтiн шаралар көзделуге тиiс (ҚР Азаматтық кодекстің 1023-бабы) .
Заңды тұлганың тұрған жері іс жүзінде (міндеттемені орыңдауда азаматтық істерді сотқа беру және т. б. анықтауда да) өтемаңызды. Азаматтық кодекстің 39-бабында занды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және занды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталык толық мекен-жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz