Заңның мақсаттары және маңызы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Заңның мақсаттары және маңызы

Ветеринария органдарының іс-әрекеті арнайы нормативтік құқықтық құжаттар жинағы бойынша реттеледі. Бұл жинақтағы негізгі құжат - ҚР «Ветеринария туралы» заңы болып табылады. Ол республика Президентінің заңдық күші бар жарлығы ретінде 1995 ж. шілденің 25 күні жарияланады. Заңның негізгі мақсаттары:

- ветеринарлық қызметке қойылатын талаптарды анықтау; мемлекеттік, ведомстволық және жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызмет мамандарының құқықтарын, міндеттерін анықтау; мал түліктерін аурулардан аман сақтауда министрліктер, ведомстволар, шаруашылық және кәсіпорын басшылары, лауазымды қызметкерлер мен мал иеленуші заңды немесе жеке тұлғалардың міндеттерін анықтау.

Заң еліміздегі ветеринария ісін ұйымдастыру негіздерін көрсетеді. Ол, сонымен қатар, мал шаруашылығының ветеринарлық сәттілігін қамтамасыз ету, санитарлық сапасы жоғарыөнім өндіру, халықты мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау бағытындағы басты ветеринарлық-санитарлық ережелерді баяндайды. Осыдан бұл заңның, мал түліктерін аман сақтап, өнім өндіруді неғұрлым молайтуға бағытталған құжат екені көрінеді.

Заң қағидаларын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. Оның талаптарын бұзушы тұлға Республика заңын орындамаушы ретінде қаралып, осыған сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Заң, ветеринария мамандарының қолындағы мал шаруашылығын аурулардан сақтау және елімізде қатаң ветеринарлық-санитарлық тәртіп орнату жолында қуатты қару болып табылады. Ветеринария мамандары қызмет лауазымына қарамастан, осы заңды басшылыққа алып жұмыс атқарады, соның негізінде әкімшілікке талаптар қояды. Министрліктер, ведомстволар, әкімшіліктер ветеринаия ісіне қатысты шешімдер мен нұсқаулар шығару үшін де осы заңға сүйенеді.

Заңның мақсаты мен маңызы оның мемлекеттік ветеринарлық органдар мен мекемелердің, ведомстволық және жекеменшік кәсіпқойлық ветеринарлық қызметтің іс-әрекетін құқықтық-нормативтік негізбен қамтамасыз етуде, сөйтіп ветеринарлық ғылым мен практиканың тиімділігін арттыруда деп саналады. Заң құрамындағы 33 бап 9 тарауға бөлінген.

Заң тарауларының мазмұны

Жалпы мәселелер

Бірінші бапта заңның ветеринария органдары, мекемелері мамандарының мал ауруларын емдеу, алдын алу ветеринарлық бақылау орнату жөніндегі іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйлестіріп, олардың құқықтық негіздерін айқындайтыны көрсетіледі.

Екінші бап ветеринарлық іс-әрекетті заң жүзінде шектеудің негізі ҚР контитуциясынан, «Ветеринария туралы» заңнан және Республика өкіметі, жергілікті әкімшілік пен ветеринарлық органдар жариялаған басқа да нормативтік құжаттардан тұратынын айқандайды.

Үшінші бапта ветеринарияның негізгі мақсаттары анықталған. Оларға жататындар:

- малдарды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қорғау;

- халықты адам мен малға ортақ аурулардан қорғау;

- мал текті өнімдер мен шікізаттарға ветеринарлық санитарлық бақылау жүргізу;

- республика террияториясын басқа мемлекеттердегі малдың жұқпалы аурулары енуінен қорғау;

- ветеринарияда қолданылатын диагностикалық, емдік және алдын алу препараттары сапасын тексеру;

- мал ауруларымен күресуге жарамды препараттар мен тәсілдерді зерттеп табу және оларды қолдану;

- ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан қоршаған ортаны ластанудан сақтану;

Мемлекет ветеринарияны басқаруды өзінің республикалық, облыстық және жергілікті арнайы өкілетті органдары арқылы жүргізетіні 4-бапта көрсетілген немесе оларды ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары деп атайды.

Ветеринарлық іс-әрекетпен щұғылдану құқы, соның ішінде, жекеменшік кәсіпкерлік негізінде де арнаулы жоғары немесе орта білімі бар ветеринария мамандарына берілетіні 5-бапта анықталған.

Ветеринариялық қызметтің ұйымдастыру құрылымы және

атқаратын функциялары

Алтыншы бапта ветеринарлық қызметтің үш саласы болатыны көрсетіледі. Олар: мемлекеттік, ведомстволық (өндірістік) және жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтер.

Заңның 7-8- баптарында мемлекеттік ветеринарлық қызметтің құрамы және атқаратын функциялары баяндалады. Мемлекеттік қызмет құрамына кіретіндер: ветеринарияны басқарушы республикалық және жергілікті мемлекеттік ветеринарлық органдар; ғылыми-зерттеу мекемелері; республикалық, оьлыстық аудандық ветеринарлық лабораториялар; мал аурулармен күресуші республикалық экспедиция; облыстық, аудандық, қалалық емдеу мекемелері; туберкулез, бруцеллез және басқа жұқпалы аурулармен күресуші экспедициялар мен жасақтар; мемлекеттік шекара мен көліктегі ветеринарлық-санитарлық мекемелері және т. б. ұйымдар мен мекемелер.

Мемлекеттік ветеринарияның болмысын, республикалық органдары мен мекемелерінің (статусын) атқаратын қызметін және оның басшысын Министрлер Кабинеті бекітеді. Ветеринарияны басқарушы жергілікті органдардың, шекара мен транспорттағы веторгандардың болмысын, басшыларын дәрежесі жоғары мемлекеттік ветеринария органы тағайындайды немесе босатады және сол үшін жергілікті әкімшіліктің шешімін алады.

Мұнда мемлекеттік ветеринарлық органдар мен мекеме басшылары және олардың белгілі қызметкерлерінің мемлекеттік ветеринарлық инспекторлық қызметін қоса атқаратыны көрсетіледі.

Мемлекеттік ветеринарияға жүктелетін міндеттер:

- ауырған малды емдеу, аурулардың алдын алу, жою, сауықтыру шараларын ұйымдастыру, бақылау, міндетті орындалатын нұсқаулар беру;

- ветеринарлық сапасы талапқа сай, мал текті өнімдер мен шикізат өндірудің үстінен қадағалау;

- ет-сүт өңдеу кәсіпорындарының, қасапқаналардың, мал фермаларының, жәрменкелер мен базарлардың, қоймалардың, көліктік жарақтарының және т. б. ветеринарлық объектілерінің ветеринарлық-санитарлық жағдайын тексеру;

- мал сою, ет өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында ветеринарлық-санитарлық сараптау жасау, ветеринарлық ережелерді орындамаған болса, жұмысын тоқтата тұру немесе оларды жабу;

- денсаулық сақтау органдары мен зооантропоноздар туралы ақпарат алмасу және бірлесе отырып, халықты сол аурулардан қорғау;

- республика жеріне шет елдерден мал ауруларын қоздырушылардың әкелінуінен қорғау және соған бақылау жасау;

- меншік тегіне қарамастан ветеринарлық қызметпен шұғылданушы мамандардың жұмысын бақылау, үйлестіру;

- өлген немесе лажсыздан сойылған малдарға қауіпсіздендіру мекемесіне көрсету үшін тұжырым беру;

- мал шаруашылығына, ветеринарлық қызметке қатысы бар объектілер құрылыстарын салуға сарап жасау, бақылау жүргізу;

- ветеринарлық ғылыми-зерттеу жұмыстарына мамандар дайындау сұраныстарын қалыптастыру;

- ветеринарлық препараттарға, аспап-құралдарға, азық-жемдік қосымшаларға сапасы және әсері жөнінде қорытынды беру, оларды пайдалану туралы нұсқауларды бекіту;

- ветеринарияда қолданылатын жаңа әдістер мен препараттар табу жөніндегі зерттеулерге және оларды қолдану туралы нұсқауларды бекітуге қатынасу;

- шет мемлекеттердің ветерианрия органдарымен және халықаралық ветеринарлық ұйымдармен қарым-қатынас жасау және т. б.

Осы баптарда мемлекеттік ветеринария жүйесіндегі мекемелердің, мамандардың болмысы, құқықтары мен міндеттері ресми ережелер арқылы анықталатыны көрсетіледі. Оларды ветеринарияны басқарушы республикалық орган бекітеді. Бұл органның құзыры бойынша ветеринарияға қатысты шығарған нормативтік құжаттарын барлық заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті.

Ведомстволық ветеринарлық қызметтің орны 9-бапта айқындалған. Мұндай қызмет министрліктер мен ведомстволардың еркімен құрылады, солардың билігінде болады. Осы қызметтің атқаратын міндеттеріне жатады:өз қызмет орнында малдарды емдеу, аурулардың алдын алу, жою шараларын жүргізу, санитарлық сапссы жоғары мал өнімдері мен шикізаттарын өндіруді қамтамасыз ету, халықты зооантропоноздардан қорғау. Ведомстволық ветқызмет жұмысына мемлекеттік ветеринария бақылау жүргізіп отырады.

Заңның 10-бабында жекеменшік кәсіпкерлік ветқызмет мемлекеттік ветеринария органдарының бақылауында болатыны көрсетілген. Бұл қызметті атқарушы заңды және жеке тұлғалар өз жұмысын осы заңға, мемлекеттік веторган бекіткен нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізуге міндетті.

Жекеменшік малдарға дәрігерлік көмек көрсетуге мамандардың барлық категориялары қатыса алады. Бұл мәселе 11-бапта қаралған. Істелген жұмыс үшін мал иесі мен маман арасында жасалған шарт бойынша ақы төленеді. Бірақ, ҚР Үкіметі бекіткен тізімде бар аса қауіпті мал ауруларын емдеу, алдын алу, жою шаралары республикалық қордан бөлінген қаржыға жүргізілетіні атап өтілген.

Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау және ведомстволық

ветеринарлық-санитарлық бақылау

Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау деп ветеринарияны басқарушы органдар мен мекемелердің «Ветеринария туралы» заңы және соған тіркес құжаттарда қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның билігіне сәйкес орындайтын міндеттері: эпизоотияларға қарсы күрес шараларын, мал денсаулығын қорғау, зооантропонозды жұқпалы ауруларға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру және бақылау; заңды және жеке тұлғалардың ветеринарлық талаптарды орындауын бақылау, оны бұзған айыптыларды жауапқа тарту, биологиялық, химиялық және т. б. препараттардың қолданылуын бақылау.

Мемлекеттік ветеринарлық бақылау жүргізуші мемандарға, мемлекеттік ветеринарлық инспекторларға заңның 13-бабы бойынша мынадай құқықтар берілген:

- ветеринарлық заңдар талаптарының орындалуын тексеру үшін объектілерге ешбір кедергісіз кіру;

- эпизоотияларға қарсы шараларды жүргізуді, ветеринарлық-санитарлық ережелерін бұзу салдарын жоюды жауапты тұлғалардан талап ету, орындалуын бақылау;

- ауру ошақтарында алдын ала егу, дезинфекциялау және т. б. шаралар жүргізу туралы шешім қабылдау;

- мемлекеттік шекара арқылы мал ауруларының таралмауына шаралар қолдану, бақылау жасау;

- жұқпалы ауруға күдікті немесе ауыруға ұшыраған малдарды оқшаулау туралы жарлық беру;

- эпизоотиялық комиссиялар құру, карантин қою, шаруашылық-өндірістік әрекет етуші субъектілердің ветеринарлық талаптарды бұзу салдарын жойғанша жұмысын тоқтата тұру;

- ветеринарлық ережелерді бұзғаны үшін лауазымды қызметкерлерді және азаматтарды жауапқа тарту;

Инспектордың іс-әрекетіне заңның 14-бабында тиісті кепілдіктер берілген. Мемлекеттік ветинспектор өз қызметін атқару барысында осы заңның және нормативтік құжаттардың қағидаларын басшылыққа алып, соларға сәйкес ешкімге тәуелді болмай жұмыс атқарады. Оның қызмет бабында міндеттерін атқаруына жергілікті әкімшілік, лауазымды басшылар, азаматтар, заңды және жеке тұлғалар қолқабыс етуге, қолайлы жағдай туғызуға міндетті. Инспектордың қызметіне кедергі жасаушылар еліміздің өз күшіндегі заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

Заңның 15-бабында ведомстволық ветеринарлық қызметтің өз құзыры жүретін көлемде (өндірістік) ведомстволық ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізуге міндетті екені көрсетілген. Бұл бақылауды жүргізушілердің құқықтары мен міндеттері ҚР мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының және ведомстволық қызметі бар министрліктер мен ведомстволардың бірлесе отырып бекіткен ережелері арқылы белгіленеді.

Малдың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою

Бұл тарауға 16-22 баптар енген. Осы баптарда меншік иелерінің малдың жұқпалы ауруларымен күресудегі міндеттері, лажсыз карантин қою және алдын алу тәртібі, республика территориясын шет елдердегі малдың жұқпалы ауруларынан қорғау, мал шаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар, базарлардағы ветеринарлық бақылау және т. б. мәселелер қаралған.

Шаруашылық басшыларының, мал иеленуші заңды және жеке тұлғалардың жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері 16-бапта көрсетіледі. Оларға жататындар:

- малды қолайлы қора, жем-шөп, су, бағып күтуші және т. б. қамтамасыз ету, санитарлық қоршау, ветеринарлық-санитарлық өткізгіш салу;

- мал ауруларының алдын алатын ветеринарлық шараларды жүргізуді қамтамасыз ету;

- мал қоражайларын, территориясын, азығын сақтайтын, өңдейтін орындарды тазалықта ұстап, сыртқы ортаны ластануға жол бермеу;

- мал шаруашылығы объектілерінің құрылысын тиісті гигиеналық және санитарлық ережелерге сәйкес салу;

- малдарын егуге, ауруларын анықтау үшін байқауға, диагностикалық зерттеулер жүргізуге әкелу;

- кенеттен малдар өле бастаса, бірнешеуі қатар ауырса, мінез-құлқы өзгерсе, ешбір кідіріссіз мал дәрігеріне хабарлау және ауырған, күдікті малдарды оқшаулау үшін шара қолдану;

- малды айдау, тасымалдаудың ветеринарлық ережелерін сақтау;

- ветеринария маманының мал союға жол бермеуі;

- бірінші рет келіп түскен малдарды 40 күндік профилактикалық карантинге қою;

  • ветеринария мамандарының аурулардың алдын алу, олармен күрес жөніндегі нұсқауларын орындау және т. б. міндеттер.

Заңның 17-бабында жұқпалы аурулар пайда болғанда лажсыздан карантин қою және оның алдын алу тәртібі қаралады. Мұндай аурулардың тізімін ҚР министрлер Кабинеті бекітеді. Аурудың диагнозы анықталысымен, жергілікті мемлекеттік ветеринария органының ұсынысымен әкімшіліктің жарлығы бойынша карантин ашылады. Аурудың кең тарауына жол бермей жойып жіберу шараларын үйлестіру, басқару, сапасын бақылау үшін эпизоотияға қарсы төтенше комиссия құрылады.

Карантин шаралары толық орындалып, аурудың жойылғаны туралы мемлекеттік ветеринария органдарының мәліметі және ұсынысы бойынша жергілікті әкімшілік органы каркнтинді тоқтатады.

Республика жерін шетелдердегі малдың жұқпалы ауруларынан қорғау шаралары 18-бапта қаралған. Онда еліміздің шекарасы арқылы тек қана аурулармен ауырмаған аймақтан шыққан дені сау малдар және сондай малдардан алынған өнімдерді әкелуге жол берілетіні көрсетіледі. Шекарадан өткізілетін объектілерге жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық бақылау тәртібі ҚР үкіметінің билігімен бекітіледі. Бұл бақылау шекаралық ветеринарлық бақылау өткізу нүктелеріне жүктеледі.

Мал шаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын ветеринарлық талаптар 19-бапта көрсетіледі. Мәселен, осындай іспен шұғылданушы тұлғалар мал өнімдерін өңдеу, залалсыздандыруға арналған технологиялық жабдықтар мен ғимараттарды санитарлық талаптарға сай ұстауға, технологиялық, гигиеналық және ветеринарлық ережелерді сақтауға, ветеринарлық мамандар қойған талаптарды орындауға міндетті.

Мемлекеттік ветеринарлық инспекторға ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай емес мал өнімдері мен шикізаттарын, заңды және жеке тұлғалардың сатуына тиым салу құқы беріледі. Ол өндіріс технологиясын және ветеринарлық ережелерді сақтамаған кәсіпорындардың жұмысын тоқтату туралы әкімшілікке ұсыныс береді.

20-бапта малдарды, өнімдері мен шикізаттарын сататын базарларда мемлекеттік ветеринарлық бақылау міндетті түрде жүргізіледі деп көрсетіледі. Сол үшін ветсансарап лабораториялары ұйымдастырылған. Жергілікті және базар басқармасы лабораторияға қолайлы жағдай туғызып тиісті ғимарат, жабдықтар бөледі, оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындарды өтейді. Лаборатория және оларды залалсыздандыру шараларын жүргізуге құқықты.

21-бапта малдар мен мал өнімдерін тәркілеу тәртібі көрсетілген. Малдардың жұқпалы аурумен ауырғандығы анықталған жағдайда, оларды немесе сондай малдан алынған өнімдерді тиісті мемлекеттік ветеринарлық инспектордың шешімімен міндетті түрде тәркілейді. Малдар және олардан алынған өнімдер тәркіленуге тиіс жұқпалы аурулар тізімін ҚР үкіметі республиканың мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының ұсынысымен бекітеді. Тәркілеу нәтижесінде шығын шеккен меншік иелері ҚР заңдарына сәйкес тәртіп бойынша шеккен шығындарының құнын қайтарып алуға құқықты.

Заңның 22-бабында жануарлар дүниесін пайдаланушылар қабылданған ветеринарлық ережелерді сақтауға міндетті екендігі көрсетілген. Аңшылық, балықшылықпен шұғылданушы меншік иелері өндірген өнімдерді өңдейтін ветеринарлық талаптарға сай арнайы орындар дайындауға және жабайы жануарлар мен балықты ветеринарлық-санитарлық сараптан өткізуге міндетті.

«Мал шаруашылығында қажетті емдік, профилактикалық,

диагностикалық, ынталандырушы препараттарды өндіру және

оларды пайдалануды бақылау»

Аталған препараттар ветеринарияны басқарушы республикалы

орган бекіткен нормативтік-техникалық құжаттар негізінде ғана өндірілуге тиіс. Дәрі-дәрмектер, азықтық-жемдік қосымшалар, микроэлементтер, вакциналар, биопрепараттар және т. б. препараттар мемлекеттік ветеринария органында тіркеліп қолдануға рұқсат берілген соң ғана пайдаланылады. Қазақстанда өндірілетін препараттардың сапасын тексеру және қолдануды бақылау арнаулы ғылыми-зерттеу орындарына жүктеледі. Шетелдерден әкелінген препараттардың шығарушы ел берген сапасы туралы куәлігі және экспортқа шығару үшін тексерістен өткендігі туралы белгісі болуы керек.

«Азаматтар денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан

қорғау»

Сол үшін мемлекеттік ветеринарлық қызмет санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп шаралар кешенін жүзеге асырады. Мәселен, малшылар, мал өнімдері мен шикізаттарын тасымалдаушы, өңдеуші, сатушы кәсіпорындардың жұмыскерлері мерзімді медициналық бақылаудан өтіп, тиісті санитарлық минимум тапсыруға міндетті.

Сондай-ақ, халық денсаулығын сақтауда мал шаруашылығы өнімдеріне тұтынудан бұрын ветсансарап жасауға зор мән беріледі. Бұл жөнінде 26-бапта «шыққан тегі ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан сәттілігі және тағамдық мақсатқа жарамдылығын анықтау үшін ет және басқа да сойыс өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, бал және басқа мал текті өнімдерветсансараптан өткізілуге тиісті» - делінген. Ветсансараптан өтпеген өнімдерді сатуға тиым салынады.

«Ветеринарияны қаржыландыру»

Қаржыландыру көзіне жататындар: республикалық және жергілікті қаржы қорлары: келісім шарттар бойынша меншік иелерінен көрсетілген ветеринарлық қызмет үшін алынатын төлем ақыдан тұратын қаржы; ҚР заңдарына қайшы келмейтін басқа да қорлар.

Мемлекеттік қордан мемлекеттік ветеринария органдары мен мекемелері және ҚР Үкіметі бекіткен тізімде бар ерекше қауіпті жұқпалы мал ауруларымен күрес шаралары қаржыландырылады.

Жеке меншіктегі малдарға ветеринариялық көмек көрсету, диагностикалық, лабораториялық зерттеулер жүргізу, мал өнімдері мен шикізаттарына ветсансарап жасау үшін төлемақы меншік иелерінің есебінен шартты бағалар бойынша алынады.

«Ветеринария туралы» заң талаптарын бұзғаны үшін

жауапкершілік және ветеринарлық құқықтық қарым-

қатынастар саласында даулы мәселелерді шешу тәртібі

Заңның 29-бабы бойынша лауазымды қызметкерлер, азаматтар келесі ветеринарлық-санитарлық ережелерді бұзғаны үшін жауапқа тартылады:

- міндетті ветеринарлық шараларды жүргізуден бас тартса немесе мерзімінде жүргізбесе, толық көлемде орындалмаса, мал ауруларының таралуына себепкер болса;

- мал басын көбейтудің ветеринарлық ережелерін сақтамағаны үшін;

- малды және өнімдері мен шикізаттарын тасымалдаудың ветеринарлық-санитарлық ережелерін бұзғаны үшін;

- базарлардағы мал және мал өнімдері мен шикізаттарын сату орындарында, сондай-ақ, мал өнімдерін сақтайтын қоймаларда, карантиндеу орындарында, тиеу-түсіру алаңдарында, тасымал жарақтарында, арнайы ғимараттарда ветеринарлық-санитарлық талаптар сақталмаса.

Ветеринарлық тлаптардың басқа түрлерін бұзғаны үшін де ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тарту белгіленген. Заңдарды іс жүзінде орындамау барысында туған даулы мәселелер сот арқылы шешіледі.

«Ветеринария саласындағы халықаралық қарым-қатынастар

және келісім шарттар»

Мұндағы 31-бапта, ветеринарияны басқарушы республикалық органның төрағасы Халықаралық эпизоотиялық бюрода, дүниежүзілік ветеринариялық ассоциацияда және басқа да халықаралық ұйымдарда ҚР үкіметі атынан өкілдік ететіні көрсетілген.

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1. Ветеринария ісін заң жүзінде реттеу себептері

1. 2. Ветеринария мәселелері жөніндегі заңдар, нормативтік-

құқықтық құжаттар жинағы туралы түсінік

1. 3. ҚР-сы «Ветеринария туралы» заңының орындалуын

ұйымдастыру

1. 4. «Ветеринария туралы» заңды, оған тіркес нормативтік

құжаттарда қойылған талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік

1. 5. Заңның мақсаттары және маңызы

1. 6. Заң тарауларының мазмұны

  1. Өзіндік зерттеу

Техника қауіпсіздігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Тіркелген мәліметтерҚР малдәрігерлігінің құрамыҚР ветеринарлық қызметтің құрылымыАудандағы ветеринариялық қызметтің ұйымдастыру схемасы

Анықтамалар

ҚР “Ветеринария туралы” заңы - Республика Президентінің заңдық күші бар жарлығы, 25. 07. 1995ж.

Заң - шағын құжат.

Ережелер - ветеринария мекемелері, органдары, мамандары міндеттерін, құқықтарын, заңдылық мәртебесін анықтайтын арнайы құжаттар.

Ветеринарлық заңдылық - ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар.

Белгілер және қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

т. б. - тағы басқа

% -- пайыз

Кіріспе

Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы ветеринарлық істі ұйымдастыру - арнайы ғылыми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет-сүт, мал өнімдері текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында малдәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.

Сонымен қатар мемлекетік, ведомстволық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.

Ветеринарлық заңдылық деп, ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар, басқарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер және т. б. құжаттар жинағы болып табылады. Бұл жинақта ветеринарлық мамандар, жергілікті әкімшілік және барлық азаматтардың мал шаруашылығында, ет-сүт, мал текті шикізат өңдеуші өнеркәсіпте, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында ветеринарлық-санитарлық қолайлылықты қамтамасыз ететін қызмет тәртібін шектеп, міндеттерін айқындайды. Осыған орай, ветеринарлық істі ұйымдастыру ветеринарлық заңдылыққағидаларына сәйкес мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді; ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын, ветеринария мамандары мен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы өзара қарым-қатынасын; сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақылау, қой өсіру шаруашылықтарының арнайы кешендер мен құс фабрикаларында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін, мемлекеттік және ведомстволық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды және еңбекақы төлеуді зерттейді.

Ветеринарлық ісі экономикасы мал аурулары алдын алу, емдеу, оларды жойып жіберу шараларының, ветеринарлық шараларды жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінің, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің ветеринарлық мекемелер жұмысының экономикалық тиімділігін зерттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаның түсінігі және мақсаттары
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Қылмыстық құқықтың теориялық аспектілері
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы мен оның құқық жүйесіндегі орны
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
Құқық шығармашылығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz