Зат есімдердің құрылымы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Зат есім

Заттың атын білдіретін, кім? не? деген сүрактарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: ата (кім?), Айбек (кім?), балалар (кімдер?), қаламдар (нелер?), бөлме (не?), Нүргүл (кім?) т. б.

Табиғатта, қоғамда зат атаулары өте көп. Оларды мал атаулары, қора-қопсы, үй мүліктері, өсімдік, жан-жаңуар, құрт-құмырсқа атаулары, қоғамдық, тұрмыстық, саяси-әлеуметтік салада қолданылатын атаулар деп жіктеуге болады. Зат есімдер сөздердің құрылымына қарай мағыналық жағынан даралау және жинақтау, топтау ұғымдарын да береді. Мысалы: капап, ата, төсек, тау, крра десек, әрқайсысы жеке-жеке заттардың аты. Ал кітап-дәптер, ата-ана, төсек-орын, тау-тау, қрра-қора қос сөздері жинақтау, топтау мәнінде жұмсалған.

Зат есімдердің құрылымы

Құрылымы жағынан зат есімдер дара және күрделі деп бөлінеді. Дара зат есімдерді тубір зат есімдер жөне туынды зат есімдер деп екіге бөлуге болады.

Түбірзат есімдер - түбір мен жұрнақка бөлінбейтін, тек кана түбірден (түбір сөзден) түратын зат атаулары. Мысалы: үй, қоло, өзен, бақ т. б.

Туынды зат есімдер - түбір мен жұрнақтан түратын, яғни зат атауы түбір сөзге косымша жалғану аркылы жасалған есімдер. Мысалы: окушы, кітапхана, етікші т. б.

Курделі зат есімдер - екі немесе одан да көп түбір сөздерден құралған зат атаулары. Мысалы: Ақтөбе, тос-бақа, биыл т. б.

Күрделі зат есімдердің түрлері

  1. Біріккен зат есімдер - ет сөздің бірігуінен жасалған зат есімдер. Мысалы:бағдаршам, Мұратбек, Сарыарқа, балмуздақ т. б.
  2. Кіріккен зат есімдер - кұрамындағы сөздер тұлғасын өзгерте күрделенген сөздер. Мысалы:білезік, белбеу, қоянт. б.
  3. Қосарланган зат есімдер - екі немесе оданда көл түбір сөздің косарлануынан жасалған зат атаулары. Мысалы:ел-журт, оғайын-туыс, ой-қыр, әл-қуат, құрбы-құрдаст. б.
  4. Тіркескен зат есімдер - екіне оданда көп түбір сөздің тіркесу жолымен жасалған зат атаулары. Мысалы:кун тәртібі, балалар бақшасы, қазақ тіліт. б.
  5. Қысқарган зат есімдер - бірнеше сөзден тұратьш зат атауларының кыскдртылуы. Мысалы:ұжымшар, ҚазТАГ, ЖШС, см, ммт. б.

Зат есімнің түрленуі

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар,

біріншіден, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді,

екіншіден, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. .

Зат есімге казақ тіліндегі төрт жалғау да жалғанады.

Көптік жалгау - заттың біреу емес, бірнешеу екенін білдіретін косымша. Мысалы: уй+лер, бала+лар, кітап+тар, қагаз+дар, гул+дер т. б.

Көптік мағынаның ерекшеліктері

  1. Қазақтіліндегі көптік жалғаулар зат есімге жалғанғанда дәл санды білдірмейді, заттың тобы, жинағы туралы ұғымды береді:Айман гулдеріне су қуйды.
  2. Көптік жалғау даралап, жекелеп санауға болмайтын заттарға жалғанып, оған қосымша реңк үстемелейді: іБаіар ішіндегі жемістер коздің жауын алады. заттың көп түрлілігін білдіріп тұр.

3. Көптік жалғау бір заттың бірнеше адамға ортақтығын көрсетеді: Шешелерін алыстан таныган ушеуі жарыса жугіре жөнелді.

Көптік мәнді зат есімдер

Кейбір зат есімдер көптік жалғауды жалғамай-ақ заттың біреуін емес, жиынын топтап атайды. Көптік мәнді есімдердің түрлері

  1. Сұйық зат атаулары:айран, шай, тұздық, сутт. б.
  2. Газ тектес заттар:озон, бу, түтін, тұман т. б.

3. Ұсақ, ұнтақ, ұйысқан заттар: ұн, шаң, тозаң, жүң, тубіт, шаш, кірпік т. б.

  1. Дерексіз ұғымды білдіретіндер:ақыл, айла, дау, қайгы, шындықт. б.
  1. Жаратылыс кұбылыстарының атаулары:боран, жаңбыр, қар, жел, құйынт. б.
  2. Бөлшектеп атауға келмейтін кесек заттар:қола, құрыш, шойынт. б.

7. Табиғи жұп күйіндегі заттар: аяқ, көз, құлақ, етік т. б.
Жоғарыдағы зат атауларына көптік жалғау жалғанғанда, көп екендігін білдіру мақсатында емес, түрлі стильдік мәнді көрсету үшін қолданылады.

Зат есімнің тәуелденуі

Белгілі бір затгың біреуге, I, II, Шжактың біріне, меншіктіекенін білдіретін грамматикалық көрсеткіш тәуелдеукатегориясы деп аталады.

жақ:

жақ

жекеше:

жекеше

көпше:

көпше

жақ:

I

жекеше: Менің үйім
көпше: Біздің үйіміз
жақ:

II

жекеше: Сенің үйің Сіздің үйіңіз
көпше: Сендердің үйлерің Сіздердің үйлеріңіз
жақ:

III

жекеше: Оның үйі
көпше: Олардың үйлері

Тәуелдік жалғау - тәуелдеу категориясының морфология-лықтәсіл арқылы берілуі. Қазак тілінде зат біреудіңиелігіңде екеңдігін көрсететін жалғау тәуелдік жалгау деп аталады.

Тәуелдік жалғау көбіне ашық қолданылады. Кейде біздің, сіздің деген жіктеу есімдіктерімен байланысты айтылатын сөздердің жалғаулары түсіп қалады. Мыса-лы: біздің уй, сіздің уй. Қазақтілінде тәуелдікті керсететін -нікі, -дікі, -тікі жұрнактары бар. Бұл жұрнақ жалғанған тіркестер тәуелдік заттың аты оның иесін білдіретін сөзден бұрын тұрады. Тәуелді затты атайтын сөзге ешбір қосымша қосылмайды. Мысалы: кішап Анаргулдікі, калам Асандікі т. б. Бұл жұрнақтың жуан түрі жоқ, жуан сөзге де, жщішке сөзге де осы жщішке түрде жалғанады. Ендігі бір ерекшелігі - жақтық мағынасы жоқ.

Зат есімнің жіктелуі

Қазақ тіліндегі жіктік жалгау - зат есім мен етістікке катысты жалғау.

Зат есімдерден жіктік жалғауды адамның мамандығына, кәсібіне, айналысатын ісіне байланысты сөздер қабылдайды да, бұл сөздер үш жақтың қайсысына қатыстылығын көрсету үшін жұмсалады. Мысалы: мен окушымын, сіз мугалімсіз, біз кәсіпкерміз т. б

жақ: жақ
жекеше:

жекеше

көпше:

көпше

жақ: I
жекеше: Мен кәсіпкермін
көпше: Біз кәсіпкерміз
жақ: II
жекеше: Сен кәсіпкерсің Сіз кәсіпкерсіз
көпше: Сендер кәсіпкерсіңдер Сіздер кәсіпкерсіздер
жақ: III
жекеше: Ол кәсіпкер
көпше: Олар кәсіпкерлер

Зат есімнің септелуі

Септік жалгау - зат есімдердің мағыналарын түрлен-діріп, олардыбаска сөздермен байланыстыратын жалғау. Мысалы: «Заманның» деген сөз Қунанбайдың дол өзіне қадалып тур. (М. Әуезов. ) Осы сөйлемдегі Қунанбайдың деген ілік септіктегі сез өзіне деген тәуелдік жалғаулы сөзбен байла-нысып тұр. Бұл байланыс сөйлемдегі ойдың жинақты-лығына әрі бір-бірімен ойдың жалғасуына қызмет етіп тұр.

Септік жалғаулар сөз мағынасын өзгертпейді. Сөз бен сөздің арасындағы қарым-қатынасты жасайды.

Қазақ тілінде жеті септік бар.

1.: 1.
Атау септік: Атау септік
кім? не?: кім? не?
:
1.: 2.
Атау септік: Ілік септік
кім? не?: кімнің? ненің?
: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
1.: 3.
Атау септік: Барыс септік
кім? не?: кімге? неге?
: -ға, -ге, - қа, -ке
1.: 4.
Атау септік: Табыс септік
кім? не?: кімді? нені?
: -ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні
1.: 5.
Атау септік: Жатыс септік
кім? не?: кімде? неде?
: -да, -де, -та, -те
1.: 6.
Атау септік: Шығыс септік
кім? не?: кімнен? неден?
: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
1.: 7.
Атау септік: Көмектес септік
кім? не?: кіммен? немен?
:

-мен, -бен, -пен

(жуан түрі болмайды)

1.:

1.

Атау септік: Атау септік
кім?: кім?
бала: бала
не?: не?
кітап: кітап
1.: 2.
Атау септік: Ілік септік
кім?: кімнің?
бала: баланың
не?: ненің?
кітап: кітаптың
1.: 3.
Атау септік: Барыс септік
кім?: кімге?
бала: балаға
не?: неге?
кітап: кітапқа
1.: 4.
Атау септік: Табыс септік
кім?: кімді?
бала: баланы
не?: нені?
кітап: кітапты
1.: 5.
Атау септік: Жатыс септік
кім?: кімде?
бала: балада
не?: неде?
кітап: кітапта
1.: 6.
Атау септік: Шығыс септік
кім?: кімнен?
бала: баладан
не?: неден?
кітап: кітаптан
1.: 7.
Атау септік: Көмектес септік
кім?: кіммен?
бала: баламен
не?: немен?
кітап: кітаппен

Тәуелденген зат есімнің септелуі тәуелді септеу деп аталады. Мысалы: барыс септік балама (кіміме?), табыс септік баласын (кімін?), жатыс септік баласында (кімін-де?) . Тәуелді септеуде барыс, табыс, жатыс септіктер жал-ғауларында едәуір өзгешеліктер болады.

Зат есімнің мағыналық түрлері

Бізге қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың танылуы, қабылданылуы түрлі-түрлі болады. Қазақ тілінде адамға және оның кәсібі мен мамандығына, айналысатын ісіне қатысты зат есім сөздерге ғана кім? деген сұрақ қойылады. Зат атауларын анықтайтын, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер тілде өте көп. Бұлар жалпылама заттың, құбылыстың, кәсіптің аттары болғанымен, әр заттың ұғымдық, түсініктік, танымдық т. б. жақтарынан ерекшеліктері болады. Қазақ тілінде оларды жалпы және жалқы, деректі және дерексіз деп бөлу қалыптасқан.

Жалпы есімдер мен жалқы есімдер

Бірнеше затка ортак. атаулар жалпы есімдер деп аталады. Мысалы: көл, бала, агаш, тау, арал, кітап т. б.

Белгілі бір затка ғана берілген атауларды жалқы есімдер деп атайды. Мысалы: Алакөл, Асан, Алатау, «Ұлан» т. б.

Жалқы есімдердің негізгі түрлері

  1. Адамның аты-жөні:Мұхтар Әуезов, Құрмангазы, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбетт. б.
  2. Географиялық, астрономиялық атаулар:Орта Азия, Астана, Қиыр Шыгыс, Жетіқарақшы, Үркерт. б.
  3. Газет, журнал, кітап, ән, күй аттары:«Қазақ әдебиеті», «Ақ желкен», «Балдырган», «Қамажай», «Елім-ай», «Сарыжайлау», «Көкейкесті», «Адасқандар»т. б.
  4. Мекеме, ұйым, қоғам, өндіріс аттары:Алматы кілем фабрикасы, «Жігер» ұйымы, «Қазақ тілі» қоғамыт. б.
  5. Мал мен хайуанаттарға қойылған аттар:Байшубар, Құттыаяқ, Тарлан, Тайбурыл, Құлагерт. б.

Деректі және дерексіз зат есімдер

Колмен ұстап, көзбен көріп, аның тануға болатын зат атаулары деректі зат есімдер деп аталады. Мысалы: қогаз, қалам, алма, парта, кітап, топырақ т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Қосарланған зат есімдер
Жұмыстың нысаны - қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдер
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Зат есімнің жалпы сипаттамасы
Киелі сан есімдерді қазақ тілін оқытуда пайдалану
Көптік мәнді есімдер
Зат есімнің грамматикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz