Бизнес этикасының ғылым ретінде орнығуы


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
  1. лекция

Заттың және ерекшелік іскерліктің этикалық проблемалары .

  1. Бизес этикасының ғылым ретінде орнығуы
  2. Бизнес этикасының табысқа жетуге тигізетін үлесі
  3. Бизнес этикасына ерекше көңіл бөлудің себептері
  4. Бизнес этикасын зерттеудегі және ақпаратты жинаудағы компьютордың тигізетін әсері

6. 1. Бизнес этикасының ғылым ретінде орнығуы

Американдық әйел Лора НЭШ 1990 ж атына сай «ізгілікті ниеттер жойылсын» деген кітап шығарған. Кітапта ол мынадай қортындыға келеді: бизнес басшылары мен оған қатысушылардың ізгілікті ниеттері жұмыс орнында пайда болатын күрделі этикалық проблемаларды шешущі факторы бола алмайды. Әйтсе де, кейбір аса үздік іскер адамдар өздерінің өмірлерінде қатал моральдық құндылықтарды ұстанады. Нэш олардың іскерлік динамикасы және моральдық кодексінен басқа, қосымша қуатты моральдық принциптері болу керектігін көрсеткен.

Егер адам ешқандай өнім өндірмейтін компанияның иегері болса да, адамдарды жалдамайды және ешқандай құлдықтар қалдырмайды, тіпті осындай жағдайда да мұндай адам негізгі моральдық стандарттарды ұмытуға тиісті емес. Кез келген басшы өзінің алдына күрделі этикалық проблемалар қоятын шешімдер қабылдау қажеттігіне тап болады. Осындай жағдайларда басшы бірдеңелерді өзгертуге қауқарсыз. Ол шешімдер қабылдауға мәжбүр болады, оларды орындау барысында адамдар жапа шекпей қоймайды, оған келісім жасауға тура келеді. Сөйтіп материалдық құндылықтар мен орныққан моральдық принциптің жалғастығы ортасынан тең жағдайды таңдап алуға тура келеді, Ол аз ұйымның мүдделері мен жұмыс мақсаттары қызметшілердің немесе тұтынушылардың мұқтаждығымен қайшылықта болатын жағдайда қалады - деп жазады Лора НЭШ.

Сондықтан да бизнес этикасын білу кез келген ұйым басшысы үшін ерекше маңызды. АҚШ-тағы әртүрлі ұйымдар басшыларынан алған сұхбатттарынан Л. НЭШ негізгі этикалық проблемаларды атап көрсеткен. Америка іскерлік әлемінің басшылары мыналарға көбірек тап болады:

  • сараңдыққа

* есеп берген және тексеріс жүргізілген кездерде фактілерді жасырып жалған ақпарат беруге;

* сапасыз өнім шығару немесе өнімге ұдайы техникалық қызмет көрсету қажеттілігіне;

* бағаны мөлшерсіз өсіруге немесе іскерлік келіссөз жүргізгенде тура алдауға;

*бугінде орын алған жұмыстағы жағдай адамдарды жұмысты орындағаны жөнінде өтірік айтуға мәжбур етуге;

* пікір алысқанда өзіне ғана сенушілік компания қиын жағдай кешкенде оған зиянын тигізу мүмкін;

* Жұмыстың және тауарлар сапасының нашарлығына;

* Этикаға жатпаса да және әдлетсіздікке жол берседе басшылыққа сөзсіз бағынуға;

* Жеке мүдделермен корорация мүдделері арасындағы қиыншылыққа;

* Сүйкімділерге;

* Сірескен бағаларға;

* Түрлі жұмыстарды орындауға ешбір жазығы жоқ және дәрменсіз адамдарды құрбан етуге;

* әрдайым этикаға жатпайтын қылықтарға ашынғанын және келіспейтінін айтуға мүмкіндіктің жоқтығына;

* жұмыстың қағабаттығынан отбасына немесе өз ісіне аз көңіл бөлетінідгіне;

* қаупсіздігі жөнінде сипаттамасы күмәнді өнімдер шығаруға;

* Жұмыс орнында бірге істейтіндерден немесе корпорация қорынан қандай да бір заттар мен құндылықтардың қайтарылмауына;

* Қолдау табу үшін жұмыс жоспарының басымдылығын саналы түрде ұлғайтуға;

* Іске зиянды иерархия баспалдағы бойынша ауыстырушылыққа көбірек назар аударуға;

* Қызметтестерді төбесінен басып қызмет баспалдағы бойынша ауыстырушылыққа;

* Компанияға пайда келтіру мақсатында қызметкерлерді алдауға;

* Кездейсоқ бақытқа үміттеніп, күмәнді серіктестермен құрылған одаққа;

* Алған міндеттерін орындауды баяулатып, корпорацияның қаражатымен уақытын шығындауға

* Параға байланысты заңнамаға өзгерістер еңгізу арқылы қоғамдық саяси үрдістерге қолайсыз ықпал жасауға.

Л. НЭШ осындай проблемаларға тап болып олардың шешімін табуға келгенде басшылармен қызметкерлер тек қана « өз отбасыларының моралі хақында ұстаздардан, шіркеулермен синагоктардан есеп білгенін» сақтай алмайтынына назар аударады. «Ізгілік ниетімен дозақ жолыда төселген» сондай-ақ адамдарға аса жат шешімдер қабылданады. Ал бизнесте мүлде жағымсыз қылықтарға, ізгі ниеттері бола тұрса да, мейлінше адал адамдар жасайтынын Л НЭШ атап көрсеткен.

Көптеген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда осы заманғы іскерлік этикасы аса маңызды үш қағидаға негізделуге тиіс:

- Материалдық құндылықтарды олардың көптеген алуан түрлі формаларын сақтап тұру- әуел бастан маңызды үрдісі ретінде қарастырылған;

- Кіріс және өзге табыстар қоғамдық түрлі мақсаттарға қажетсіздіктің нәтижесі ретінде қарастырылады

- Іскерлік әлемінде көрінген проблемаларды шешкен кезде басымдық өнім өндіруге емес, адамдар арасындағы қатынастарға беруге тиіс.

Бизнес этикасының ғылым ретінде орнығуы. Бизнес этикасы кәсіпшілер этикасының бір түріне жатады. Кейбір зерттеушілер мен тәжірибелілер этика ұғымы бизнес белгілерінің тәртібімен тәжірибелік қызметін білдіреді деп есептейді. Бұл басқалар үшін көптеген адамдар айтатын, моральдық стандарттар жиынтығы. Бір-ақ мұны ұстаушылар көп емес. Сондай-ақ, бизнес этикасы дегенге қосылмайтындар да бар.

Мәселені оқып білу кезінде біз іскерлік ситуацияларға этикалық принциптерді қолданатын бизнес этикасын білетін боламыз. Осы тұрғыдан келгенде бизнес этикасы курсы этика теориясы мен іс жүргізуді үйрету синтездік байланыста екендігін білдіреді. Бұған үйымдастыру тәртібі, экономика, стратегиялық жоспарлау, қаржы, есеп, маркетинг кіреді. Л. НЭШ өз кітабында ұсынған анықтама, мүмкін, «бизнес этикасы» деген ұғымды дәл көрсететін шығар.

Бизнес этикасы адамның моральдық нормалары іскерлік ұйым жұмысымен мақсаттарына сай келу - келмеуін зерттейді. Ал этика белгілі моральдық стандарттардың қарапайым жиынтығы емес, ол бизнеспен айналысатын құлықты адамның алдында тұрған проблемаларды талдап, шешетін тетік.

Білімнің бір саласы ретінде бизнес этикасы ХХ ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та қалыптасты (алайда бизнестің этикасына 60-нші жылдардың басында, әлеуметтік қилы сілкіністер кезінде айрықша көңіл аударыла бастады) . Осы кезде маман бизнесімендер іскерлік операциялар жасағанда ғылыми қоғамдастықтар мен ғалымдық іскерлік арасында «этикалық сананы» көтеру мәселесі жөнінде көбірек келісім бола бастады. Кейбір мамандар

« қоғам алдында корпорация жауапкершілігін» көтеру қажеттілігін көрсетті. Басқалары үкіметтік бюрократтар, сондай-ақ корпорацияның жауапты адамдары арасында корпорация өршігеніне ерекше назар аудартты. Мысалға, уотергейт жанжалын алуға болады. Оған президент Никсонның өзі, әкімшілігінің көрнекті өкілдері қатысқан. Бұл көптеген американдықтардың үкіметтік институтарына сенімін едәуір азайтты.

Осы үрдістерді көптеген адамдар құрама штаттардағы діни құндылықтармен және дәстүрлі моральдық құлдыраумен байланыстырады. Америка зерттеушілері жұмыс жасайтындарда нәтижеліктің, қуат пен еңбегіне мақтаныштың төмендеуі тұрақты болып отырғанын көрсетеді. Осал құбылысты кейде «еңбектің протестанттық этикасының» құлдырап жоғалып кетуімен тұындырылады. Дәстүрлі еңбек құндылықтары беделінің түсуіне өнеркәсіпте еңбек өнілулігінің төмендеп кетуі байланыстырылып жүр. Бұл үрдістерге қарсы тұратын және бағалы проблемаларды шешу шарасы көптеген зерттеушілер пікірлері бойынша, моральдық құндылықтар айқындамасын және бизнесте қоғам алдында жауапкершілікті ауыстырып отыру болмақ. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының басында бизнес этикасы сияқты білім саласы мамандары үшін зерттейтін маңызды мәселеге айналады. Бизнес этикасы туралы көптеген кітаптар шығарылды. Оны АҚШ- тағы бизнес мектептерінің көпшілігі оқу бағдарламасына еңгізді. Осыларға қарамастан қазіргі білімнің осы саласының шегін айқындау өте қиын болып тұр. Бұл осы салада жалпы әдістеменің жоқтығынан, сондай-ақ, скептицизімнің кең тарап, көптеген іскер адамдардың бизнесте кіріс алуына сәл қайшы болатын кез келген этикалық нормаларды елемеуінен болып отыр. Этиканың бизнесте болу мүмкіндігі жөнінде скептицизім ұзақ уақыттан бері тарап ( біздің елде күні бүгінге дейін кең тараған) келген.

6. 2. Бизнес этикасының табысқа жетуге тигізетін үлесі .

Бизнестің мамандары мен қалың жұртшылық бизнесте жоғары этиканың әрдайым болуы жаппай табыс алуға қол жеткізеді деген сенім жағында болған. Әр кездерде АҚШ-тың үкіметтік немесе іскерлік топтарында үлкенді-кішілі жанжалдар (даулар) болғанда кәсіптік міндеттерді атқарғанда, этикалық тәртіптің жоғары стандарттары болуына шақырған сөздер, бас мақалалар қалың көпшілікке мәлім болған. Заңға бағынумен бірге этикалық міндеттердің болуы да көзделген. Бірақ міндеттердің мәнін анықтағанда пікірлердің алуандығы көрінген.

6. 3. Бизнес этикасына ерекше көңіл бөлудің себептері

Осы заманғы бизнесті ұйымдастырудың тарихи өзгерістері жағдайында этикалық сананың сапасын көтеру қажеттігі мынадан айқын көрінеді:

1. Қазіргі кезде корпоративтік деңгейдің көтерілуінен;

2. Ақпарат революциясынан;

Бүгінгі өндірістік технологияларды енгізуге сұраныстың болуы - корпорациялар жұмысына айтарлықтай экономикалық жаңалықтар еңгізіп отыру қажеттілігімен бірдей. Корпорация аумағының экономикасы оның екі жағынаң да (горизонтальдық және вертикальдық) өсуіне қуатты экономикалық қолдау жасайды. Шын мәнісінде корпорацияның осылайша өсуі ХХ- ғасырдың екінші жартысында ерекше маңызды белгіге айналды. Қазіргі уақытта ірі корпорациялардың жылсайынғы табыстарынан әлемдегі мемлекеттердің көпшілігінің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) анағұрлым төмен. Мәселен, ХХ- ғасырдың 80- жылдарының аяғында EXXON Corporatіoh-ның жылдағы табысы Корея республикасының немесе Индонезияның ЖІӨ-нен артық болған, Бельгияның, Чехияның немесе Аргентинаның ЖІӨ-не қарағанда Raeol Dufch Shell -дің жылдық жалпы табысы анағұрлым жоғары деңгейде, Нигерияның, оңтүстік Африканың немесе Австрияның ЖІӨ-нен General Mogorі-тің жыл сайынғы табыстарының деңгейі жоғары, Даниия мен Финляндияның ЖІӨ-нен Mobіl-дің жыл сайынғы жалпы табысы анағұрлым көп, Тайландтың ЖІӨ-не қарағанда Ford Mogjr Company-дың жылдағы табыстары мол, Колумбия мен Грецияның ЖІӨ-не қарағанда IBM и D и Pont-тың жылдағы жалпы табыстары жоғары деңгейде, Жаңа зеландия мен Кувейттің т. б ЖІӨ-деріне қарағанда General Electrіk-тің жыл сайынғы жалпы табыстары артық.

Осы заманғы корпорациялардың ақылға сыймайтындай дәрежеге көтерілуіндегі кемшілктердің бірі - олардағы бюракраттық құрылымдардың көбеймей қоймайтындығы. Осымен бірге шешімдердің қабылдануына жауапты бюракрат құрылымдарға тән иерархиялық жоғарыда тұрған адамға сөзсіз бағынуға тура келетіндей айқын бағыт пайда болады. Бұл бағыт жеке бастаманы қатал түрде бұқтырып тастайды. Мұның өзі ұйымдық құрылымдар ішінде шешімдер қабылдауға жауапты адамдар алдында бірқыдыру этикалық проблемалар қояды. Ақыры корпорация үшін дұрыс, әрі адал адамдардың теріс қылықтар жасап, ситуация туындауына әкеліп соғады.

Бизнесті ұйымдастырудағы тарихи екінш і өзгеріс- ақпараттық революция жасалуы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін компъютердің шығуымен байланысты жер шарында тіршілік түбегейлі өзгереді. Компъютерлермен мәліметтер жинау, өңдеу және талдау арқылы ақпараттық нағыз революция жасалады. Ол XV111-ғасырдағы өнеркәсіп революциясына қарағанда адамзат қоғамдастығына елеулі ықпал жасап келеді. Бүкіл дүниежүзілік компъютерлік интернет жүйесінің дамуына орай ХХ-ғасырдың 90-жылдары компъютер технологиясына жаңа серпін берілді. Жаңа жүйе барлық континенттердегі (Антрактикадан басқалары) миллиондаған компъютерді бірыңғай ақпарат кеңістігімен байланыстырады.

6. 4. Бизнес этикасын зерттеудегі және ақпаратты жинаудағы компьютердің тигізетін әсері .

Компъютер арқылы ақпаратты шоғырландырып, оған оңай қол жеткізуіне болады. Бір жағынан адамзат тарихының қай кездегісімен салыстырып қарасақ та, қазіргі уақытта бүкіл әлемде ақпарат көздеріне қол жеткізетін адамдар көбейген. Екінші жағынан- компъютерді пайдалануда адамдар және олардың дағдылары туралы өте жеке ақпараттың жинақталуына жол берілуде. Жинақталған және орталықтандырылған ақпарат қоғамдағы демократиялық үрдістерді ұлғайтуға және адамдардың тұтынуы мен сұраныстарын жақсырақ түсініп алуға пайдаланылуы мүмкін.

Қалай дегенмен, компъютермен ақпарат жинау дәуірі басталды. Бизнестің бүгінгі мамандары ақпарат дәуірінің басты идеологы. Олар демократиялық қоғам негізделетін этика заңдарын ( кейде компъютер этикасы, желілік этикасы деп аталатын) тұжырымдап өмірге енгізуге жауап береді. Бұл бизнес профессионалдарынан этиканы күн ілгері зерттеп, білу қажеттілігін көрсетеді.

Экономикалық жүйелерін өзгертіп жатқан Ресей мен ТМД-ның өзге республикалары сияқты елдер үшін бизнес этикасын зерттеп білу өте қажет. Америка Ғалымы В. Вейгельдің жазғанындай, бұл істе мына екі жағдай өте маңызды:

* құрылымдар шешімдер қабылдауға жауап беретін этикалық қатнастардың қажеттілігі ;

* Өтпелі кезеңдегі экономиканы және оның институтын оларға тән емес тарихи және мәдениеттелу қажеттігі.

Қазақстан экономикасын нарыққа көшіргенде оған шешімдер қабылдауға жауап беретін орталықсыздандырылған құрылымдар эвалюциясын талап етеді. Осындай құрылымдарда жұмыс істеу үшін әрбір адамнан, мейлі ол кәсіпорын қолбасшысы, орта буын бастығы, банк басқарушысы немесе өнімді тұтынушы болсын, өздеріне сенімді болу, болып жатқан жағдайларға қатысты лайық пікірлерін айта білу талап етіледі.

Нарықтық экономика жағдайында адалдық пен сенімшілік этиканың маңызды сапасы болып табылады. Мәселен, заңмен шектелген контрактылар кез келген кәсіпорын жұмысының негізі болып табылады. Кәсіпорындардың экономикалық қызметінің едәуір бөлігі олардың контрактыда көрсетілген міндеттерінің ауқымынан шығып кететін В. Вейгель атап көрсетеді. Мұндай қызметтің анықталу ерекшелігі, заңмен реттелген сенім деңгейіне қарағанда, іскер адамның немесе компанияның атағына байланысты болады. Орталықтандырылған экономика жағдайында бюракраттық ойын ережесінің өз мәні болады. Бұл арамдық жауапсыздық көріністеріне және адамдар туралы өзара сенімнің жоқтығына әкеліп соғады. Орталықтан-дырылған жүйе жағдайында шешімдер қабылдағанда көрінген арамдық пен сенбеушілік адамдардың бейімделгіштік қылықтарының нәтижесіне айналады. Осы ерекшелікті көптеген адамдар орталықтандырылған жүйенің тиімді сапасы деп есептейді. Алайда нарықтық қатынастарға негізделген экономика жағдайында арамдық пен сенбеушілік тиімсіз деп есептелуі керек. Демек ауыстырылған кез келген экономика жаңа экономикалық институттар үшін инфрақұрылымдар жасауға тиіс.

Өтпелі кезеңнің экономикасы үшін этикалық инфрақұрылым жасаудың қажеттігі маңызды, екінші себеп болып табылады. Сол арқылы бизнес этикасын білу экономиканы транформациялауда маңызды орын алады. Сол сияқты, себептің өзі этикалық құндылықтар мен экономикалық институттар жұмыс арасындағы өзара байланыспен қатысты. Этика қағидаларын экономикаға айқын қарсы қою мүмкін емес. Этика мен экономикада олардың өзара ерекшеліктерін байланыстыратындар өте көп. Егер де бизнес саласының жетекшілері мен ірі саяси қайраткерлер надан болып, этикалық құндылықтар мен экономикалық институттар жұмыстары арасындағы өзара байланысты елемесе, онда өтпелі кезеңнің экономикасын, оның нарықтық тұрпаттағы экономикалық инстуттарын тарихи және мәдени жағдайларға және нақты елдер мен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес этикасындағы негізгі тұжрымдамалар
Бизнес этикасының ерекшеліктері
Жапониядағы самурайлардың салт – дәстүрінің өзектілігі
Бизнес этикасының ерекшелігі
Қазақ этикасының зерттелуі
Бизнестегі этикалық нормалар
Бизнес этикасы мен бизнес психологиясы
Бизнес этикасы пәні
ІСКЕРЛІК ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Кәсіпкерлік тәуекел және оның негізгі белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz