Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Мырзалиева Лаззат
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050103- «Педагогика және психологи»
Түркістан 2010
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Жалпы психология»
кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. д., профессор Б. А. Оспанова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
050103- Педагогика және психология
Орындаған: Мырзалиева Л.
Ғылыми жетекшісі,
оқытушы Пазылова Қ.
Түркістан 2010
МАЗМҰНЫ
1. 3 Зейіннің негізгі қасиеттері және жас ерекшеліктеріне
байланысты дамуы . . .
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста зейін ғылыми психологияның маңызды мәселесі және тұлға іс-әрекетін нәтижелі етіп ұйымдастыруға жетелейтін негізгі феномен ретінде зерттелді. Жұмыс бүгінгі білім және ғылым саласында зейін психологиясының іргелі және қолданбалы психологиялық білімдер жүйесін дамытуға арналған.
Зерттеу жұмысында зейін психологиясының ғылыми теориялары толығымен қамтылып, тұлға зейінінің түрлері мен қасиеттері қазіргі білім жүйесінің талаптарына сәйкес тұтастық принципіне негізделе құрастырылды. Жұмыста құрастырылған эксперименталды әдістемелік жүйе зейіннің деңгейін қолданбалы тәжірибелер арқылы диагностикалау мен дамыту мәселелерін шешуге арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде зейін өзінің субъективті және объективті көріністерімен адамның психикалық іс-әрекетінің жүйелілігін талап етеді. Жүйелі психикалық іс-әрекеттің кез келген түрі: белсенді кабылдау, терең ойлау, естегі бейнеге шоғырлану немесе күрделі қозғалыстарды сапалы орындау - зейіннің қызметіне тәуелді. Зейін психологиядағы сана және ерік-жігер сынды іргелі ұғымдармен тығыз байланысты. Бүгінге дейін зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен карама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Сол себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу - психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі.
Зерттеудің өзектілігі. Педагогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. Мұнда негізгі міндет білім жүйесіндегі психологиялық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерін қамтитын білімдерді кешенді жүйемен қалыптастырып іс жүзінде нақты мәселелерді шешудің жолдарын көрсету маңызды. Қазіргі кезде білім саласындағы талаптардың бірі танымдық іс-әрекет үрдісін тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымдамасын басшылыққа ала, оқу жұмысын ғылыми зерттеулердің негізінде ұйымдастыру қажеттілігі жетекші орында. Зерттеу жұмысы осы бағытта орындалып зейін қасиеттерін қажетті деңгейге дамыту механизмін ашу мақсатында жүргізілуімен өзекті.
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы тұлға іс-әрекетінің нәтижелілігі зейін қасиеттеріне тікелей тәуелді деген қағиданы эксперименталды анықтаумен және зейіннің қолданбалы бағыттары түрлі мамандардың: психологтардың, педагогтардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, техникалық жүйе операторларының, актерлардың т. с. с. күнделікті қажеттілігінен туындайтынымен бекітіледі.
Зерттеудің әдіснамалық өзектілігі.
Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми еңбектердегі теориялар мен тұжырымдар тарихи тұрғыдан кешенді жүйені құрастыруды талап етеді. Кешенді жүйелік бағыт бүгінгі педагогикалық психологияда зейін мәселесін зерттеуде нақты қолданысқа ие болуы тиіс. Зейіннің қасиеттерін тұлғаға бағдарлай оқыту контексінде кешенді жүйемен және іс-әрекеттік қатынас әдіснама негізінде зерттеу мен дамыту оны теориялық-эксперименталды аумақта түсініп игеруге мүмкіндік тудырады.
Зейінді зерттеудің әдіснамалық негізін анықтауда В. Вундттың зерттеген көру және есту стимулдарына реакция білдірудің уақытқа сәйкестілігін тіркейтін тәжірибелік нәтижелері; У. Джемстің, Э. Титченердің, Т. Рибоның зейін психологиясының іргелі ұғымдары мен эксперименталды зерттеулерінің парадигмалары; Н. Лангенің эксперименттерге сүйенген зейін болмысы туралы негізгі көзқарастары жетекші орында. Ғылыми мәселені жалпы теориялық қатынас бағытында қарастырған Л. С. Выготскийдің (мәдени-тарихи тұжырымдары), П. Я. Гальпериннің (зейіннің бақылаушы функциясы), Н. Ф. Добрыниннің (зейіннің толқуы туралы теориясы), С. Л. Рубинштейн және А. Н. Леонтьевтің (іс-әрекеттік қатынас туралы тұжырымдары), Д. Н. Узнадзенің (зейіннің нұсқаға тәуелділігі туралы көзқарастары), А. А. Бодалевтың (тұлға психологиясының теориясы), А. Г. Спиркиннің (сана және өзіндік сана теориясы) Б. Г. Ананьевтің және Ж. Ы. Намазбаеваның (тұлғаны зерттеуде кешенді қатынасты ұстану туралы пікірлері мен идеялары) еңбектері басшылыққа алынды. Зейінді тұлғаның танымдық үрдісі және қасиеті ретінде интеграциялық жүйемен талдау, бүгінгі әлемдік психология тұрғысынан зерттеу тақырыбының әдіснамалық өзектілігін танытады.
Зерттеудің теориялық өзектілігін зейінді зерттеуге арналған үш ірі классикалық бағыттарын: сана психологиясын, іс-әрекет психологиясын, когнитивтік психологияны теориялық-әдіснамалық және эксперименталдық тұрғыдан талдау құрайды. Зейіннің феноменологиясы, түрлері мен қасиеттері С. В. Кравковтың, С. Л. Рубинштейннің, Р. Вудвортстың, Н. Лангенің зейінге арналған еңбектерінен, оларға қосымша С. Л. Франктің, А. Ф. Лазурскийдің және Л. С. Выготскийдің рухани өмірдің үрдістерін, адамның даралық ерекшеліктерін және педагогикалық міндеттерді зерттеген еңбектері негізінде танылады.
Біріншіден, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында сана психологиясының классиктері В. Вундт, Э. Титченер, У. Джемс, Т. Рибо, Н. Ланге зерттеулерін зейіннің теориялық және эксперименталды мәселелеріне зейінді зерттеудің жалпы стратегиясына дәнекер болғанын, Э. Титченер вундттық психологияны қолдап зейінді сана деңгейімен ұштастыра, сонымен қатар зейіннің түрлерінің генетикалық ара қатынасын көрсеткенін және санаға функционалдық көзқараспен, ырықты зейіннің шешетін арнайы міндеттерін ашқан. Джемстің теориялық-ақпараттық пікірі бүгінде жалғасын тапқан, зейіннің таңдамалығы (селективтілігі) туралы жетекші идеясы қазіргі зерттеушілердің сүйенетін инварианттық тірегіне айналған.
Екіншіден, зейіннің бейімделуі мен моторлық механизмін ескеруіне байланысты, алғаш рет зейіннің әлеуметтік болмысы мен зейіннің бұзылуының жоғары түрлерінің сарапталған жүйесін Т. Рибо ұсынды. Зейінді түсіндіруде Н. Лангенің "Психологиялық зерттеулер. Перцепциялар заңы. Ырықты зейін теориясы", "Зейін" еңбектерінде сол кезеңдегі көптеген психологтардың назарын аударды. Зейін мәселесіне гештальтпсихология өкілдерінің көзқарастары Э. Рубиннің, К. Коффканың зерттеулерінде орын алған. Сол гештальтпсихология аумағында В. Кёлер және П. Адамс еңбектерінде де зейін мәселелері терең талданған. Француз зерттеушісі М. Мерло-Понтиде зейін мәселесін қарастыруда осы гештальтпсихология бағытына жүгінген. Француз психологы Г. Рево д'Аллон зейінді тиімді ұйымдастырудың ерекше мәнін көрсетіп, осы үрдіс барысында белгінің (символдың) рөлін анықтауға әрекеттеніп Л. С. Выготскийдің «интеллект және аффект» идеясына жақындаған. Д. Узнадзенің еңбектерінде зейіннің тұжырымы нұсқа (бейім бағдар) теориясының аумағында берілген. Н. Добрынин, П. Гальперин, Ю. Гиппенрейтер, В. Романов және Ю. Дормашевтардың еңбектерінде зейін іс-әрекеттік бағытында, дәлірек айтқанда А. Н. Леонтьевтің іс-әрекеттің психологиялық теориясын басшылыққа ала қарастырылған.
Үшіншіден, когнитивтік психологияның өкілдері К. Черри, Д. Бродбент, Р. Солсо, У. Найссер зейін теориясының дамуына айтарлықтай үлестерін қосты. Адамның өмірі мен танымдық іс-әрекетіндегі зейіннің орнын, әйгілі адвокат А. Кони өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйене, куәлар зейіндерінің ерекшеліктерін талдаған. Актерлар зейінінің динамикасы К. Станиславский, А. Чеховтың шығармашылық бағдарларында орын алған. Спорттық іс-әрекетті ұйымдастыруда зейіннің мәні Р. Найдиффер, Н. Цзен және Ю. Пахомовалардың еңбектерінде жетекші орында. Қарым-қатынас үрдісіндегі зейінділікке И. Атватердің еңбектері арналған. А. Ф. Лазурский түрлі психологиялық теорияларды шолуда зейіннің өзектілігін келесі сөздермен айқындаған: "Егер, адам өміріндегі барлық қарама-қайшылықтар, зейін үрдісі деп аталатын күрделі құбылысты түсіндіруге тікелей қатысты десек, біз қателеспейміз. Зейінді сипаттауда, біз әрдайым оның жеке бір қасиетіне сүйенеміз. Түсінбеушіліктер, тек қана сол қасиеттердің қайсылары басты, қайсылары жанама деген сұрақгардан туындайды". Зейінді дүниетанымдық және этикалық аумақта жоғары бағалануын көптеген авторлар еңбектерінен байқауға болады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижесінде алынған кешенді жүйелік бағдар, тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымын оқу үрдісіне орнықтыруда психологтарға, педагогтарға және педагогикалық іс-әрекетке дайындап жатқан болашақ мамандардың зейін психологиясына қатысты іргелі және қолданбалы психологиялық білімдерін тереңдетуде қолданылады. Сонымен қатар зерттеу нәтижесін студенттер мен магистранттар педагогикалық практикада және психологиялық қызмет атқаратын мамандар ғылыми-әдістемелік нұсқа ретінде пайдаланады.
Зерттеу мақсаты: зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теориялар негізінде кешенді жүйемен зерттеу.
Зерттеу нысаны - тұлға іс-әрекетінде зейін қасиеттерін дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні - тұлға зейінінің тұрақтылығы, шоғырлануы, көлемі, ауысуы, бөлінуі, тұлғаға-бағдарлай оқыту тұжырымдамасы.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін В. Вундттың зерттеулеріндегі көру және есту стимулдарына реакция білдірудің уақытқа сәйкестілігін тіркейтін тәжірибелік нәтижелері; У. Джемс, Э. Титченер, Т. Рибо зейін психологиясының фундаменталды ұғымдары мен эксперименталды зерттеулерінің парадигмалары; Н. Лангенің эксперименттерге сүйенген зейін болмысы туралы негізгі көзқарастарын ретроспективті талдау құрайды.
Зерттеуде мәселені жалпы теориялық қатынас бағытында қарастырған Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдары, П. Я. Гальпериннің зейіннің бақылаушы функциясы, Н. Ф. Добрыниннің зейін теориясы, С. Л. Рубинштейн мен А. Н. Леонтьевтің іс-әрекеттік қатынас аумағындағы тұжырымдары, Д. Н. Узнадзенің зейіннің нұсқаға тәуелділігі туралы көзқарастары, А. А. Бодалевтың тұлға психологиясының теориясы, А. Г. Спиркиннің сана және өзіндік сана теориясы және Ж. Намазбаеваның тұлғаны зерттеуде кешенді қатынас бағыты т. б. кең ауқымды идеялар ғылыми еңбектерді талдау негізінде басшылыққа алынды.
Зерттеудің міндеттері:
- Отандас және шетел зерттеулеріндегі зейіннің психофизиологиялық, психологиялық теорияларын талдауда зейіннің анықтамасының, түрлерінің, қасиеттерінің психологиялық мазмұнын қазіргі психологиядағы ғылыми тұжырымдарын ескере жаңаша өңдеу.
- Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық мазмұнын ашып, қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу. Зейін қасиеттерін (тұрақтылығын, шоғырлануын, ауысуын, бөлінуін, көлемін) тұлғаға-бағдарлай оқыту және тұлғаның талаптану деңгейін анықтау контексінде эксперименталды зерттеу. Зейін қасиеттерін дамытуға негізделген іс-әрекет үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдарын сараптау.
- Студенттердің жоғары оқу орнындағы талаптарға бейімделу кезеңіндегі зейіндерінің психологиялық даму динамикасын ескере оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.
- Зейінді қалыптастыру және дамыту барысында туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу. Зейін қасиеттерін зерттеудегі әдістемелерді талдау негізінде зерттеудің кешенді жүйесін қалыптастыру.
5. Психологиялық қызмет атқару жүйесіне, зейін қасиеттерін жетілдіруге бағдарланған психологиялық көмекті ұйымдастырудың сынақтан өткізіліп мақұлданған ғылыми-әдістемелік жүйесін ұсыну.
Зерттеудің әдіснамалық жаңалығы. Алғаш рет зейін теориялары кешенді жүйе негізінде талданып, Қазақстандағы психологияға қатысты мамандарының зейін психологиясы аумағындағы іргелі және қолданбалы білімдерін интеграциялы әдіснамалық негізде дамыту мүмкіндіктері зерттеліп іске асты.
Біріншіден, бізге дейінгі ұсынылған зейін ұғымының анықтамалары салыстырмалы талданып, психологияның бүгінгі жетістігінің негізінде айқындалған пәнін ескере зейіннің толықтырылып өңделген анықтамасы ұсынылды.
Екіншіден, зейіннің түрлері мен қасиеттерін, зерттеу барысынан туындаған сараптау кестесі оқу-әдістемелік жүйесінің бағдарламасына бейімделіп құрастырылды.
Үшіншіден, психологиялық қызмет тәжірибесінде орын алған әдіснамасы жұмыста бейімделіп және модификацияланып құрастырылған эксперименталды әдістемелердің мазмұны негізінде келесі зерттеулерге жағдай тудырды:
- зейін қасиеттерінің даму үрдісінің деңгейін диагностикалау негізінде сыналушының даралық іс-әрекетінің мүмкіндіктеріне бағдарлануды ұйымдастыру іске асты;
- зейін қасиеттерін когнитивтік үрдіс және тұлғаның қасиеті ретіндеинтегративті әдіснама негізінде қарастыру психология ғылымында алғаш рет орын алды;
-зейіннің іс-әрекетте жетекші рөл атқаратын қасиеттерін жеке
эксперименталды әдіспен анықтау арқылы оның нәтижесін тұлғаның іске
қабілеттілігінің деңгейінің көрсеткіші ретінде бірінші рет қолданылды.
Төртіншіден, зейіннің атқаратын функциялары мен тұлға қасиеттерінің көрсеткіштері арасындағы тәуелділіктер эксперименталды әдістемелер негізінде кешенді жүйемен зерттелді.
Зерттеудің теориялық жаңалығы:
- Зейін психологиясы бүкіл әлемдік зерттеулердің нәтижелері негізінде кешенді қарастырылып, психологияның жетістіктеріне қажетсінетіндердің іргелі және қолданбалы білімдерін дамытуға мүмкіндік жасалды.
- Зерттеу мақсатын теориялық талдау арқылы алғаш рет зейін ұғымының анықтамасы психология ғылымының қазіргі пәніне сәйкес өңделді.
- Жұмыста алғаш рет зейіннің түрлері мен қасиеттерінің теориялық сипаттары толықгырылып өңделген мазмұн кең ауқымды бүтіндік жүйе ретінде ұсынылды.
- Алғаш рет зейін тұлғаның когнитивтік үрдісі және даралык қасиеті ретінде интегративті әдіснамалық тұрғысынан зерттеліп зейін психологиясының теориясына үлес қосылды.
- Педагогикалық іс-әрекетте зейін қасиеттерінің рөлі мен міндеттерінің мазмұны алғаш рет теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
- Психологиялық қызметтің даму тарихы мен қазіргі жайы алғаш рет зейін қасиеттерін зерттеуде психологтарға, педагогтарға тікелей көмек беру мүмкіндіктерін ескере, жұмыста құрылымдық мазмұны психологиялық қызметті іске асыру механизмімен ашылды.
Зерттеудің әдістемелік жаңалығы. Зейін қасиеттерінің деңгейін анықтайтын әдістемелер сарапталып бейімделген және модификацияланған түрде эксперименталды зерттеулер жүргізу негізінде статистикалық және сапалық көрсеткіштер талданды. Іс-әрекет барысында жетекші рөл атқаратын зейін қасиеттерін зерттеу арқылы тұлғаның жұмысқа қабілеттілігі зерттелді.
Студенттердің педагогикалық практикасы мен практикалық дәрісінде тұлға зейінін басқару мен ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы байқау және әңгімелесу әдістемелерінің көмегімен кешенді жүйелі қорытындылар жасалды.
Мектептегі педагогикалық іс-әрекеттің зейінге тәуелді ерекшеліктері қойылған мақсатқа сәйкес салыстырмалы түрде талданды.
Бейімделген және модификацияланған әдістемелер жүйесі психологиялық қызметгі ұйымдастыруда және болашақ психолог, педагог мамандарды дайындауда қолдану мүмкіндіктері ашылды.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі зерттеу нысаны мен пәнінің теориялық, әдіснамалық, әдістемелік тұтастығы тұрғысынан кешенді жүйені құрап, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдістемелер жиынтығы қолданумен, эксперименталды зерттеулердің нәтижелерінде алынған мәліметтердің беріктілігі мен сенімділігін тексеруде екінші реттегі математикалық статистикалық (тәжірибелік және теориялық бөлінуді салыстыру мен екі эмпирикалық бөлінуді салыстыруда χ 2 - Пирсон критерийі, λ - Колмогоров-Смирнов критерийі және өзгерістердің сәйкестілік дәрежесін анықтайтын r 5 - Спирменнің сатылық корреляция коэффициенті) өңдеу әдістерін қолданумен қамтамасыздандырылды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі зейін туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау модельдері, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері, француз психологы Б. Бурдонның «Корректуралық сынақ» әдістемесі, Б. У. Найссердің таңдамалы көру әдістемесі, зейіннің бөлінуін зерттеуге талап қоятын әдістеме, Шультенің «Іздеу әдістемесі», «Алдын ала бағытталу» әдістемесі, «Көз қозғалысын тіркейтін» әдістеме, «Шатасқан сызықтар» әдістемесі, «Қызыл-қара кесте» әдістемесі, «Сандарды орнықтыру» әдістемесі, «Мюнсгерберг-Дворяшинаның» бейімделген әдістемесі, байқау және әңгімелесу әдістері педагогикалық тәжірибені сараптауда іске асырылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- Зейіннің психологиялық және психофизиологиялық теорияларын тұтастық даму принципі негізінде зерттеу жұмыстың теориялық-әдіснамалық бағытын интегративті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
- Зейін ұғымының анықтамасын психология ғылымындағы зерттеулердегі және оқулықтардағы зейінге арналған материалдарды салыстырмалы талдау негізінде ғылымның бүгінгі талаптарына сәйкес жаңаша өңделген түсініктерін қалыптастырады.
- Зейіннің қасиеттерін психикалық үрдіс және тұлғалық қасиет ретінде зерттеу интегративті әдіснамалық кешенді жүйелік принципті ұстану негізінде іске асырылады.
- Зейін қасиеттерін модификацияланған әдістерді қолданып эксперименталды зерттеу тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымын тәжірибелік тұрғыдан іске асыруға мүмкіндік береді:
- оқу бағдарламасының мазмұнын жекелік ерекшеліктерді ескере дайындауға;
- жекелік ерекшеліктерді сатылы кезеңдермен дамытуға;
-дидактикалық-коммуникативтік жүйелерді тұлғалық ерекшеліктерді есепке ала ұйымдастыруға.
5. Оқушылар меи студенттер зейіндерінің даму деңгейін анықтау оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудың түрлерін қолдануда мұғалімдердің, оқытушылардың әдістемелік тәжірибелерін дамыту мотивациясын іске асырады.
6. Тұлғаның зейінділігі іс-әрекеттің кез келген түрінде жетекші орын алғанда психологиялық жағымды шырай және мәдениеттілік тұлғааралық қатынаста орнығып нәтижелі көрсеткіштерге ие болады.
7. Зейін қасиеттерін эксперименталды зерттеу болашақ психологтар мен педагогтардың теориялық, ғылыми-әдістемелік шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып тұлғалық қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді.
Зерттеудің болжамы.
Зейін қасиеттерінің даму деңгейлерін анықтау негізінде психологиялық шарттар белгіленсе, тұлға іс-әрекетін ұйымдастыруын, өзін бақылауын, басқаруын тиімді жетілдіруге мүмкіндік алады.
Жеке жорамалдар:
-зейіннің психологиялық теорияларын зерттеу зейін феноменін терең түсінуге мүмкіндік береді;
-зейін қасиеттерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық бағытын анықтау танымдық іс-әрекетке интегративті кешенді жүйені іске асыруға ықпал етеді;
-зейін қасиеттерінің деңгейін анықтау негізінде жетекші іс-әрекетті талапқа сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік туады;
-зейін қасиеттерін дамыту негізінде тұлғаның жағымды қасиеттерін қалыптастыру психологиялық көмекті тиімді ұйымдастыруды қажет етеді.
Диплом жұмысының құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, суреттерден (диаграммалар, гистограммалар, графиктер), кестелерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 БӨЛІМ. ЗЕЙІННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Таным процестеріндегі зейін болмысы туралы негізгі көзқарастар
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты темпераментке жан-жақты сипаттама берілді. Сеченов, Павлов жүргізген зерттеулер нәтижесінде олар екінші сигналдық жүйенің, нағыз адамдық, қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезді, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың, қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.
Жекелік психикалық, қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия т. б. елдерде ХІХ ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап обшетп зерттеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты ояататтандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т. б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің ic-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бip-бipiмeн корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.
Психологиялық зерттеулерде математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер қатыстырылды. Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау көмегімен жеке категориялардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған өлшемді факторлық талдау әдіci көмегімен бip-бipiмeн байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың статистикалық жолменен талдауға жол ашылды.
Келесі кезеңде Г. Айзенк және Р. Кеттел факторлық талдауды қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке психологиялық қасиеттерін толық өлшеп, психологиялық көрсеткіштерді бip-бipiмeн ұштастырып анықтауға жол ашылды. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т. Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине-Симонның интеллекті өлшеу шкаласы деп қолданыла бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz