Зейнетақы қорының нарығы


Зейнетақы қорының нарығы
Қазақстанның зейнетақы нарығы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамып отырғандардың бірі. . Олардың ішінде: еңбектен кейінгі кезеңде қалыпты өмір жағдайын қамтамасыз ету үшін зейнеткерлердің жинақ қаражаттарының жеткіліксіздігі, индерлік проблемалардың (өмір ұзақтығының әр түрлілігі, еңбек ақысындағы соның салдарынан еркектер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі теңсіздік) ; өндірістік мүгедектік және т. б. проблемалардың шешімін таппауы сонымен қатар мемлекет пен зейнетақымен қамсыздандыру проблемаларын жетілдіру шаралары қарастырылуда.
1997 жылдың наурызында ҚР-сы Үкіметімен “ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасы” ұйғарылды және 20 маусым 1997 жылы “ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР Заңы қабылданды.
Зейнетақы жүйесін реформалауды жүзеге асыру мемлекеттің макроэкономикалық жай-күйіне оң әсерін тигізеді және мемлекеттік қорланған зейнетақы және жеке зейнетақы қорларын сызбасын енгізу Қазақстандағы капитал нарығының дамуына септігін тигізетін көлемді ұзақ мерзімді қаржы капиталының құрылуын қамтамасыз етеді деп күтілген. Сонымен қатар жұмыс берушілер үшін әлеуметтік сақтандыру ставкаларын төмендету және оны әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізуге деген жеке тұлғалардың артқан қызығушылығы еліміздің экономика салаларындағы көлеңке экономиканың үлес салмағын азайтады.
Бұл ретте зейнетақы реформасын жүзеге асырудың аса маңызды ерекшелігі Қазақстан азаматтарының негізгі санасын қайта қалыптастыру болуы тиіс.
Зейнетақы нарығы - бұл зейнетақы активтерін жинақтау, сақтау және оларды орналастыру және басқарумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы білдіреді.
Қазақстанның зейнетақы нарығының құрылымына мыналар жатады
- Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (ЗТМО) ;
- Жинақтаушы зейнетақы қорлары
- Банктер - кастодиандар
- ЗАИБ ЖАҰ
- Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры
- Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
ЗТМО мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған. Бұл органның негізгі қызметтері республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар адамдарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады; азаматтарға әлеуметтік жеке кодтарын беру; міндетті зейнетақы жарналарын жеке дара есепке алу; міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден ЖЗҚ-на аудару немесе т. б. болып табылады.
ЗТМО-дан басқа ҚР-да мемелекеттік емес ЖЗҚ-ры бар. ЖЗҚ-ры халықтың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын тартады және осы ресурстарды бұл арада нақты ұстаушы болып тұрған кастадион-банктің есебіне қабылдайды. ЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не тиісті лицензиясы болған кезде ЖЗҚ-ры дербес жүзеге асыра алады. ЗАИБЖҰ кастодиан банктің шотына зейнетақы жарналары түскен күннен бастап 3 күн ішінде бұл қаражатты тиісті бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті.
Өз қызметінде зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және кастодиан-банк бір-біріне қатысты әрбір тараптың құқықтары мен міндеттері және барлық пайда болатын қатынастар тыянақты түрде келісілетін үш жақты кастодиандық шарттың ережелерін басшылыққа алады.
Зейнетақылық қызмет көрсетудің осы үш заңды қатысушыларының арасындағы өзара әрекеттесетік келесідей сызба бойынша болады, зейнетақы қоры мен салымшы арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес алушы салымшының жарналары қормен кастодиандық шарт жасалған кастодиан -банкке бұл үшін арнайы ашылған қордың инвестициялық зейнетақы шотына түсіп отырады.
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражаттарын тарту есебінен қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. 20 маусым 1997 жылғы “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы” Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесі оның тиянақты жұмысына және ең бастысы - зейнетақы қорларының сақталуын кепілдендіреді.
1999 жылдың басында Үкімет қаулысымен міндеттің зейнетақы жарналарын төлеудің тәртібі өзгертілді. Ал аудару механизмі сақталды. Алайда, 10%-дық міндетті зейнетақы жарналары бұрынғыдай жұмыс беруші есебінен төленбей, жұмысшының табысынан ұсталып қалады. Жұмысшы табысынан ұстап қалудың дәл осы тәртібі басында-ақ “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңда ойластырылып, бекітілген, өйткені оның зейнетақылық жинақ ақшаларына меншік құқығын дәл осылай бекітуге болады. Сонымен қатар әрбір шарт бойынша салымшының Есеп кітапшасы толтырылады. Тағы бір кепілдіктердің бірі жұмыс беруші жұмысшының келісімінсіз зейнетақы шартын бұза алмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерін тарту бойынша қызметті, сондай-ақ ҚР заңдарымен белгіленген тәртіпте зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарналарын жинауды жүзеге асырады және оларды әртүрлі бағалы қағаздарға айналдырады, осылайша қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары (МЖЗҚ-ГНПФ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы (МеЖЗҚ-ННПФ) қорлары болып бөлінеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардан міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізетін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын, құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлға болып табылады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары - бұл салымшылардың міндетті және ерікті жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру мен оларды инвестициялау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Міндетті жарналардан басқа жинақтаушы зейнетақының заңдармен және зейнетақы шарттарымен анықталатын тәртіп пен мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына өз бастамашылығы бойынша салымшылар салатын ерікті зейнетақы жарналарын да тартуы мүмкін.
Зейнетақы активтері жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету және төлеуге арналады. Зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде ЖЗҚ инвестициялық табыс алады.
Жоғарыда көрсетілген түрлерінен басқа ашық және корпоративтік ЖЗҚ-н айтуға болады. Ашық ЖЗҚ алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Резидент те, резидент емес те заңды және жеке тұлғалар жинақтаушы тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Дауыс беретін акцияларының 25% астамы жиынтық түрде;
- ҚР-ның резиденті емес тұлғаның;
- Акцияларының 50 %-нан астамы ҚР-ның резиденті емес тұлғаларының меншігінде немесе басқаруында болған ҚР-ның резиденті заңды тұлғаның;
- ҚР-сы резиденті емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын ҚР-сы резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған зейнетақы қорлары ҚР-ның резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.
Қазақстан аумағында жинақтаушы зейнетақы қоры тиісті лицензия негізінде өз қызметін жүзеге асырады. Қазақстан зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыруға лицензияны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі береді және зейнетақы қорлары тек мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыруға мамандануын кепілдендіреді және мәселен, сауда-саттыққа немесе өндіріске алаңдамайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz