М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші кітабындағы фразеологизмдер



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Болашақ академиясы
Педагогикалық факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Лингвистикалық практика тақырыбы

(М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші
кітабындағы фразеологизмдер)

Орындаған: Арғынбеков С.А.
К-15-1 тобы студенті
Тексерген:

Қарағанды 2017ж.
Фразеологизмдер

Жоспар:
1. Фразеологизмдер туралы жалпы түсінік
0.1 Фразеологизмдердің табиғаты, өзіне тән белгілері
1. Фразеологизмердің сөз таптарына қатыстылығы
1.1 Фразеологизмдердің мағыналық жағына қарай топтастырылуы
1.2 Фразеологизмдердің варианттылығы
2. Фразеологизмнің құрамы мен құрылысы

3. Абай жолы роман-эпопеясындағы фразеологизмдер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Зеріттеудің өзектілігі. Қазақ халқының даналығын, дүниетаным - көзқарасын тілінде түйінге сыйғыза білген, сөзді үнеммен дәл де нақты қолдануды дағды еткен. Осы орайда өзінің образдылығымен, эксперементті - эмоционалды бояуы мен көзге түсетін фразеологизмдерді қолданып ұрпақтан - ұрпаққа мұра еткен. Тіл - ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс халық тілінің басқа эксперменттерімен байланысты біте қайнасып келе жатқан фразеологизмдерді оқып, танымайынша тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.
Қазақ тілінде есім мағыналы фразеологизмдер, оның ішінде сын есім компонентті фрозеологизмдер тілімізде түрлі мақсатта қолданылады, бірақ олар өз алдына зерттеу нысаны болған емес. Сын есім компонентті фразеологизмдердің синтаксистік қызметін, семантикалық категориясын анықтап, мағыналық жағынан топтастыру, яғни олардың табиғатын ашу бүгінгі күн талабы болып отыр. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Сын есім компонентті фразеологизмдердің грамматикалық, лексикасемантикалық сипатын ашу мақсатында зерттеу жұмысы алдына төмендегідей міндеттер қояды:
l. Фразеологизмдерді мағына белгісі жағынан талдау;
2. Есімді фразеологизмдерді құрамын, құрылысын варианттылық мәселесін саралау;
3. Абай жолы бірінші кітап роман-эпопеясындағы сын есім компонентті фрозеологизмдерді тауып мағыналарын ашу.

Өмірде тіршілік атаулының барлығын қамтитын әр ұлттың өзіне тән сөз орамдары, тұрақты сөз тіркестері болады. Тіл үнемі дамып отыратын құбылыс. Қазақ тілінің лексикасы фразеологизмдерге өте бай. Фразеология - тілдің фразеологиялық құрлымын, құрамын, қазіргі немесе тарихын даму тұрғысынан зерттейді. Сонымен қатар, фразеологизмдердің категориялық белгілерін, табиғатын, олардың тіршіліктегі қолданысын, заңдылықтарын зерттейді. Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес.
І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды, - деп жазады . Фразеологизмдердің табиғаты, өзіне тән белгілері. Қазіргі қазақ фразеологиясы - зерттелген қырына қарағанда зерттелмеген тұсы әлі де көп тіл білімінің бір саласы. Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып, болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы болмасын өз зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа алады. Қазіргі қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде танылып отырған фразеология - құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай-күйін және тарихи қалыптасуын зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40 жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей академигі В. В. Виноградовты атауға болады. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиев Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы атты еңбекте: Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар:
1) даяр қалпында жұмсалу белгісі
2) мағына тұтастығы
3) тіркес тиянақтылығы, - деп жазады. Фразеологизмдерге тән бұл белгілер әркез бір-бірінен айқын ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің біразы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз келсе жүрегі ұшты, зәресі ұшты,

үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болды, жүрегі тас төбесіне шықты, зәресі зәр түбіне кетті, жаны мұрнының ұшына келді, деген фразеологизмдерді, ал біреудің қатты таң қалғандығын аузын ашып, көзін жұмды, рахаттанғанын айызы қанды, қуанғанын екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай болды, құмартқанын аузының суы құрыды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды, ұялғанын кірерге тесік таппады, бет моншағы үзілді, бетінен оты шықты, құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі шыдамады, жер шұқыды, үрейленгенін төбе шашы тік тұрды, өкінгенін санын соғып қалды фразеологизмдері арқылы білдіреміз. Бұлардың барлығы ана тілінің шексіз байлығын, фразеологизмдердің эмоциялық реңк жасаудағы орамдылығын көрсетеді.

Фразеологизмдердің сөз таптарына қатыстылығы.

Тұрақты сөз тіркестерінің белгілі бір сөз табына қатыстылығын әрбір тіркестердегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады. Фразеологизмдер мағына жағынан бір бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына жүретіндіктен, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрады. Мысалы, араға от жақты деген идиомның мағынасы араздастыру, жауластыру деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым ондағы жеке сөздерден туып тұрған жоқ, сондағы үш сөздің жалпы жиынтығынан шығып тұр. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты, телінді болады деген сөз. Алайда, тіркестегі негізгі сөздердің лексико-грамматикалық мағынасы мен фразеологизмдердің тудыратын мағыналары үшін үнемі сәйкес келе бермейді. Мәселен, М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының 1-кітабында: Қамысбай шаш ал десе бас алатын Майбасардың өзінен асқан бүлік, бұзақы Құнанбайдың өзі деген сөйлемдегі, шаш ал десе бас алатын деген идиомның сыртқы грамматикалық сипатына қарасақ, етістікке жататын сияқты. Ал мұның беретін ұғымы сын есімге қатысты болып тұр. Олай болса, фразеологизмдердің қай сөз табына жататынын анықтау үшін негізгі сөз бен жалпы тіркестен тұратын фразеологиялық мағынаны салыстырып отыру қажет. Жалпы қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан ең көбі етістік фразеологизмдер. Онан кейінгілері сындық және заттық мағынадағы фразеологизмдер. Бұл үшеуінен азырағы үстеу мағынасындағы фразеологизмдер. Жалпы өзім курстық жұмыс барысында байқағаным сындық мәндегі фразеологизмдердің етістік және үстеу мәнді фразеологизмдерден аз екеін байқадым. Негізінде фразеологизмдерді нақты бір сөз табына жатады деу - қате түсінік. Олар контекске, яғни сөйлемдегі беретін мағынасына, атқаратын қызметіне байланысты болып келеді. Етістікке жатады деп есептеген фразеологизмдеріміз контекс ішінде зат есім немесе сын есімге қатысты болып шығуы әбден мүмкін. Фразеологизмдер мағына жагына бір ұрымды білдіріп, бір сөздің орнына жүргендіктен, сөйлем ішшде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрады. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты деген сөз. Тұрақты тіркестердің белгілі сөз табына қатыстылығы әрбір тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай тіркестегі негізгі сөздердің лексика-грамматикалық мағынасы мен фразеологизмдердін, тудыратын мағыналары үнемі сәйкес келе бермейді. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:
1. Егістік мағыналы фразеологизмдер.
2. Сындық мағыналы фразеологизмдер.
3. Заттық мағыналы фразеологизмдер.
4. Үстеу магынасындагы фразеологизмдер.

Етістік мағыналы фразеологизмдер: Көзінің еті өсті -- көкірек керді, менменсіді; қолды болды -- ұрланды, жоғалды; басына іс түсті -- істі болды; екі аяғын бір етікке тықты тықсырды, қуырды; көз жаздырды -- адастырды, айырылып қалды; пысқырып та қарамады -- менсінбеді, көзін ілмеді; опық жеді -- өкінді, санын соқты; аяғына отырғызбады -- теңдік бермеді, жуытпады; қолды-аяққа тұрмады -- сабырсызданды, шыдамы кетті; көз байланды -- қас қарайды, кешкірді; шыр бітті -- семірді, қой бітті; өкпесі өшті -- шаршады, титықтады; Қаламы ұшталды - жазуға қалыптасты, төселді; шаң берді -- бой көрсетті, көрінді; насырға шапты -- асқынды, қырсық тілді; монтаң қақты -- телмең қақты, жаутанды; жік-жаппар болды -- жалынды, жалбарынды, өтініп сұранды; оқпаны толмады -- азырқанды, місе тұтпады; аузының суы құрыды -- таңданды, таңырқады; екі көзі төрт болды -- зарықты, сарыла күтті; ат құйрығын кесті -- арыздасты, қастасты; ат ізін салмады -- қатыспады, көріспеді; көзін жоғалтты -- кұртты, жойды; қолқа салды -- сұрады, қалады; жіпке тізді -- есепке алды, жинады т. б.
Сындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен - биік, ұзын; қара қылды қақ, жарған -- әділ, турашыл; қағанағы қарқ, сағананы сарқ, -- мәре-сәре, мәз-мейрам; қаламы жүйрік -- жазғыш, қаламы төселген; ит тұмсығы өтпейтін -- қалың, бітік, ау; көк жан -- арық, жүдеу; үріп ауызға салғандай -- сүйкімді, әдемі; қой аузынан шөп алмас -- момын, жуас; тонныц ішкі бауындай -- ең жақын, әкей-үкей; он саусағынан өнер тамган -- шебер, ісмер; тілінен бал тамған -- шешен, тілмар; көзі қырағы -- көреген, жіті; көзден бір-бір ұшады -- зәру кат; қара бет -- арсыз, бетсіз; екі жүзді -- опасыз, тұрақсыз; жүрек жұтқан -- батыл, өжет, ер; аяқ, алып жүргісіз -- көп, қалың; аты шулы -- атақты, әйгілі; аузын буған өгіздей -- үндемейтін, мылқау; қолы ашык, -- мырза, жомарт; еті тірі -- пысық, ширақ; іске татыр -- жарамды, іліп алар; кеспеге қарасы жок, -- - семіз, майлы; тас бауыр -- мейірімсіз, т. б.
Заттық мағыналы фразеологизмдер: Кіндік кесіп, кір жуған -- туған ел, отан; бір ауыздылық -- ынтымақ, бірлік; аяқ алысы -- беталысы, бағыты; суык, қол -- - ұры-қары, жау-жала; бас араздық -- өшпенділік, қастық; ауыз бастырық -- пара, ақы; ел атсы -- басшы, бас-қарушы; ұзын етек -- әйел, қатын; қ,ан ішер -- бас кесер, жендет; қара көлеңке -- апақ-сапақ, бейуақыт; қара халық, -- - бұқара, көпшілік; қара мал -- сиыр, ірі қара;құлақ естілмес, көз көрмес жер -- алыс жер, қиыр шет; қара шаңырақ -- үлкен үй, шыққан ұя; қара орман -- жиған-терген, дүние-мүлік, бар дәулет; о дүние -- ақырет, махшар; от басы -- үй іші, ошақ басы, семья; ұзын құлақ -- өсек, сыбыс; шикі өкпе -- перзент, бала; шынжыр балақ, шұбар төс -- бай, манап, шонжар, т. б.
Үстеу мағынасындағы фразеологизмдер: Сақадай сай -- дайын, әзір; атқан оқтай -- түп түзу; тура; салған жерден -- бірден, ә дсгеннен; ат үсті -- үстіртін, жеңіл-желпі; шу дегенде -- о баста, әуелді; ит өлгсн жер -- алыс, қашық; жүлып алғанша - тез, жылдам, ак, қар, көк мұзда -- қыс ішінде, қыстыгүні;демнің арасыпда -- айтқанша, лезде; көз ұшында -- алыста, қашыкта; құлқын сәріде -- ертемен, азанда; о баста -- басында, алғашқыда; айдың күні аманында -- тыныштықта, жайшылықта; қараптан қарап жүріп -- бостан-босқа, тектен-текке; аттың жалы, түйенің қомында -- асығыс, қарбаласта; табан аузында -- жалма-жан, қапелімде; тиіп қсииты -- үіліргін, соқпа-соқпада; біртөбе -- ерекше, апырықша; қаннен қаперсіз -- жайбарақат, бем-кам; көз алдында -- бетпе-бет, жүібе-жүк, аяқ, астынан - кенеттен, жоқ жерде, т. б.
Жеке сөз бен тұрақты тіркес мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бірінің орнына бірі жүргенімен, бұлардың білдіретін мән-мағыналары бірдей, тепе-тең деген сөз емес. Тұрақты тіркестен туатын ұғым жеке сөзбен салыстырғанда анағұрлым күшті, өсіңкі айтылады. Сонымен қатар жағымды-жағымсыз көркемдік мәні болады. Жеке сөз нақтылы дәл ұғымды көрсетсе фразеологизмдер дара үғымды күрделендіріп, оның, үстіне-бейнелеп, суреттеп көз алдыңа келтіреді. Мәселен, жарыстан озып келген атты жүйрік, бәйге ат десек, бұл сөздер нақтылы болған, шын нәрсені сол қалпында дәл білдіріп тұрады. Ал, сол жүйрік атты асырып мақтағымыз келсе, бәйге, жүйрік деген сөздер мүлдем жетімсіз болады да оның орнына аузымен құс тістеген, алдына қара салмайды деген фразеологизмдерді қолдануға тура келеді. Бұлар жүйріктің жүйрігі, асқан жүйрік деген күшейтпелі ұғымды білдіреді. Олай болса, фразеологизмдер жеке өздің орнына жұмсалса, оны дәл балама демей, жанама түрдегі қолданыс деп қарау керек. Сонымен қатар, фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу тіл-тілді зерттеушілер тәжірибесінде бар. Бұл мәселен, І. Кеңесбаев 1977, А. Қайдаров, Р. Жайқасова 1979, Ә. Болғанбаев 1988, Х. Қожахметов 1972, Г. Смағұлова 1933 сынды зерттеушілер фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді. І. Кеңесбаев "Фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болғандығын" айтады. Ә. Болғанбаев "Фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу керектігін, фразеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі болатындығын, ал сөйлем мүшесі белгілі табына қатысты екенін Х. Қожахметова атап көрсетеді. Фразеологизмдердің мағыналық және қолданылуына қарай топтастырылуы. Фразеологизмдер мағына жақындығына қарай синоним қарама-қарсы мәнде қолданылуына қарай өзара антонимдік қатыстылықта да болып келеді. Қазақ тілінде фразеологиялық антионимдердің екі түрі орын алады:
1) Фразеологизм құрамындағы компоненттердің басқа сөзбен алмастырылуына негізделген фразеологиялық антонимдер. Мысалы: бетінен оты шықты - беті бүлк етпеді; ер жүрек - қоян жүрек; сыр алдырды - сыр бермеді; бақ қонды - бағы тайды т.б.
2) Компоненттік құрамында еш жақындық жоқ, тек фразеологиялық жалпы мағына тұрғысынан антонимдік жұп түзетін фразеологизмдер. Мысалы: отымен кіріп, күлімен шықты - бұта басын сындырмады; ауыз жаласты - ат құйрығын кесісті; айы оңынан шықты - жолы болмады; күрең қабақ болысты - араларынан қыл өтпеді деген сияқты т.б. Ж. Қоңыратбаеваның зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдердің жалпы сипаты, тақырыптық-семантикалық, кезеңдік-құрылымдық, стилистикалық қолданыс ерекшеліктері қарастырылады. Автор ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай және ұйытқы болатын сөздерге қарай тақырыптық топтарға жіктейді. Фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай: 1) Адамды сипаттайтын фразеологизмдер; 2) Алғыс және қарғыс мәнді фразеологизмдер; 3) Қоғамдық-әлеуметтік факторға байланысты туындаған фразеологизмдер; 4) Діни наным-сенімге, салт-дәстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер; 5) Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер; 6) Табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер деп бөле отырып, кейбір фразелогизмдер мағынасы жағынан бірнеше топқа қатысты болатындықтан, оларды мұндай тақырыптық топтарға бөлудің шартты екендігін ескертеді. Дегенмен де белгілі бір топтағы сөздердің мағыналық жағынан іргелес екенін де жоққа шығаруға болмайды.
Фразеологизмдердің жоғарында көрсетілген белгілерін құрылымы немесе мағынасы жағынан оларға ұқсас басқа тіл бірліктерімен салыстарғанда айқын көруге болады.
Фразеологизмдердің варианттылығы. Фразеологиялық мағынада еш әсер етпейтін құрам- құрылыстағы азды - көпті дыбыстық, морыологиялық өзгерістер немесе кейбір сыңарлардың семантикалық өрістес сөздермен алмастырылуы фразеологиялық варианттылықты тудырады. Қазақ тілінде варианттылықтың мынандай үш түрі бар:
1. Лексикалық варианттылық
2. Фонетикалық варианттылық
3. Морфологиялық варианттылық
Лексикалық варианттылық үшін бірдей мағынаны білдіретін бірнеше фразеологизмдердің лексикалық құрамының өте ұқсас болуы, мұнда компоненттер арасында мағына жақындығы сақталуы қажет. Мысалы: жүзін жылыту, түсін жылыту, өңін жылыту деген сияқты.
Морфологиялық варианттылық фразеологизмдердің морфологиялық құрылымына яғни, мән - мағынасы лексикалық құрылымы бірдей болып келетін фразеологизмердің сыңарларына морфологиялық тұлға тұрғысынан алғанда азды - көпті ерекшкліктерінің кездесуінеи байланысты болады. Мысалы: Өлмес күнін көру - өлместің күнін көру; көзге ілмеу - көзіне ілмеу;
Фонетикалық варианттылық фразеологизм құрамындағы сөздердің дыбыстық өзгешеліктермен қолданылуына қатысты болады. Мысалы: ай дейтін ажа қой дейтін қожа жоқ - әй дейтін әже қой дейтін қожа жоқ деген сияқты т.б.
Фразеологиялық варианттылық тілдің синхронды және диахронды дамуы арасын үзбей алшақтатпай байланыстыруға қызмет ететін, тілдің қалыптасуына ықпалын тигізетін тарихи тілдің құбылыс болып табылады.

Фразеологизмнің құрамы мен құрылысы

Кемінде екі сөздің тіркесімен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралым тілде басқа единицалармен, атап айтқанда, бір жағынан, сөзбен, екінші жағынан , еркін сөз тіркесімен, шектесіп жатады. Академик В.В. Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің бір тұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлардың мағыналарының ара қатынасы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық, (фразеологическое сращение), және фразеологиялық тізбек (фразеологическое сочетание) фразеологиялық бірлік (фразалогическое единство) деп үш түрге бөлінеді. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский аталған классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше (фразеологическое выражение) деп есептелді. Енді фразеологиялық оралымдырдың аталған түрлерінің әрқайсысына тоқталайық.
1.Фразеологиялық тұтастық. Семантикалық жақтан бөлініп ажыратылмайтын, бір тұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жұптаспайтын ( байланыспайтын) фразеологиялық оралым фразеологиялық тұтастық деп аталады. Фразеологиялық тұтастықтың құрамындағы сыңарлар (сөздер) бір-бірімен біте қайнасып, өз ара тұтасып, бітісіп кетеді де, бүтіндей тіркесіп семантикалық жақтан бөлінбейтін, бір тұтас единица ретінде танылды. Мысалы, орыс тілінде во есю ивановскую (бар дауысымен, өте қатты), собоку съел ( бірдеме жайында үлкен тәжірибе алған, өте шебер болып алған), очертя голову (ойланбастан, қалай болса солай), бить баклуши (бостан-бос сенделу) , қазақ тілінде жүрек жалғау (аздап тамақтану), жүрек жұтқан немесе жүрегінің түгі бар (өте батыл, ештемеден қорықпайтын) , ит өлген жерде (өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиетті ізгілендіру жолдары
Ғасырлық туынды – «абай жолы»
Текстология ғылымы
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясы туралы
Абай поэтикасының Абай жолы эпопеясында әлеуметтік, теңсіздік мәселелері
Мұхтар Әуезов тағылымы
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Әуезов және Абай
Қазақ прозасының зерттелуі
Абай жолындағы Құнанбай бейнесі
Пәндер