Олигофренияның топтастырылуы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І – бөлім
Олигофренопедагогиканың жалпы негіздері
1.1 Олигофрения, жалпы
мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.2 Олигофренияның
топтастырылуы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...6
1.3 Кемтар балаларды тану және олардың түрін
ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... .7
II - бөлім
Зият ауытқулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жолдары
2.1 Балалардың жазуы мен оқуының
бұзылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді анықтау, оқуын
тексеру ... ... ... ... ...13
2.3Жазу мен оқуындағы кемістіктерді түзету жұмыстарының
басты
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.4Зият ауытқулары бар балаларды тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..24
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Зият ауытқулары бар балалардың психикалық дамуының заңдылығы
сонымен бірге, үлкендердің кемістікке душар болуын олигофренопедагогика
зерттеуде.
Ғылым саласында көптеген ақыл- ойы қабілетінің адам өмірінде маңызды
орын алатын жаңа психологиялық мәселелер туындап отыр және сол
мәселелерді шешу барысында ғалымдар біраз еңбек атқаруда.
Олигофренопедагогиканың міндеті – балалардың ақыл – ой кемістігімен
психикалық дамуына теріс ықпал ететін факторларды анықтау болып табылады.
Соның ішінде адам өмірінде кездесетін психикалық ерекшеліктердің бір түрі
– ақыл-ой кемістігіне мән берілуде. Ал бірақ, ақыл-ой кемістігі бар
балалар туралы мәліметтер аз кездесуде, менің курстық жұмысты осындай
тақырыпта таңдау себебім де осыған байланысты туындап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: балалардың зият ауытқулары бар кемістігін
диагностикалау, оқыту, тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу және оның ерекшеліктерін
анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
1) Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерден
терең теориялық мәлімет жинау.
2) Ақыл-ой кемістігі бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін
анықтайтын әдістемелерді іріктеп талдау, оларды қазақ тобына бейімдеп
аудару.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Ақыл-ой кемістігінің түрлерін, топтарын
анықтап, сол даму ауытқуларына байланысты коррекциялаумен профилактикалық
жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығаратын
мектепке дейін және мектеп жасындағы балаларда коррекциялық оқыту мен
тәрбиелеуді зерттеу.
Курстық жұмыстың практикасының құндылығы: Ақыл-ой кемістігі бар балалардың
объективті және субъективті әдістері арасындағы тәрбие қағидалары мен
заңдылықтарының ерекшеліктерін бақылауға араналған әдістемелік құрал
ретінде қолдана алады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі – 24 бет.
1 – бөлім
Олигофренопедагогиканың жалпы негіздері
1.1 Олигофрения, жалпы мінездеме
Олигофренопедагогика (грек тілінен olygos-кем, аз және phren-
ақыл, ми) - бұл ақыл есі кем балаларды оқыту және тәрбилеу туралы
педагогикалық ілім ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың бірінші
жартысында шет ел және отандық әдебиеттерде кем ақылдық термині
қабылданып кеңінен таралған. Бұл анықтама мамандардың интеллектісі
бұзылған баланы өзінің дамуында қозғалмайтын және қатып қалған бір нәрсе
деген көзқарастырын жеткілікті айқын бейнеледі. Басқаша айтқанда, бұл
термин аномальды баланың интеллектісінің сандық күйін қалыпты жетілген
құрбы – құрдасымен салыстырғанда анықтады. Л.С. Выготскийдің ой-пікірін
және оның психологиялық мектебінің әсерінен осы ұғымға кезекпен ақыл –
есі кем бала немесе кемақыл деген термин келеді. Осы термин отандық
дефектологтардың аномальды баланың интеллектуалды дамуының табиғаты мен
мәніне деген көзқарасына мейлінше толық жауап береді. Ақыл-ой көлемділігі
– бұл аномальды баланың интеллектісіне мінездеме, тек ол ғана емес,
мұндай баланың интеллектісінің даму қарқынының қаншалықты сапалық,
соншалықты сандық төмендеуін көрсетеді.
Демек, осы заманғы позицияда олигофренопедагогика – бұл баланың
түрліше интеллектуалды дамуының бұзылуын, оның тәртібін, білім алуын және
оқуын, сонымен қатар кезекті реабилитациясы мен әлеуметтік бейімделуіне
сынай қарайтын дефектологияның бір саласы.
Олигофрения немесе ақыл-ой кемістігі – бұл туа біткен және
туылғаннан кейінгі бірінші жылдарда пайда болған кем ақылдық, жалпы
алғанда писхикалық дамымаған әлеуметтік бейімделудің қиындауынан
интеллектуалды кемшіліктің басым болып көрінуі.
Американдық ақыл-ой кемістігі Ассоциясының ережесіне сәйкес, ақыл
– ойдың кемтарлығы былай сипатталаады;
1.Жалпы интеллектуалды даму деңгейінің айқын төмендеуі.
2.Ерекше тапшылық немесе бейімдеуге қабілетінің жоқтығы.
3.Белгіленген өзгерістердің 18 жасқа дейін көрініс беруі.
Олигофренияның ең айқын көрінісі – интеллектінің дамуымауы.
Кемақылдықтың себептері болып келетін тұқымқуалаудың ескерілген аурулары
мен бұзылуларының 300 – ден астам түрі бар.
Көптеген кемақылдылығы бар тұқымқуалағыш аурулар хромосомдық потологиямен
байланысты, олар даун дерді, микроцефалия, галактоземия, Шернишевский –
Тернер синдромы және т.б. байқалады. Сондай ақ, кемақылдықтың эндогенді
себептері бола алатындар: плацентарлы қан айналудың бұзылуы; жүктіліктің
екінші жартысындағы қатты уланулар; нефропатия, жүкті кезде артериялық қан
қысымның көтерілуі, жүкті әйелдердің аурулары, жүрек – қан тамырының
жетіспеушілігі, бауыр және бүйрек аурулары, дәрі – дәрмектерді
тыныштататын дәрілерді бақылаусыз, ойсыз қабылдау, жүкті әйелдің жұқпалы
аурулары, сондай – ақ өкпенің қабынуы; мерез, СПИД; ана мен құсақ ішіндегі
бала қаны құрамының резус – фактор бойынша үйлесімсіздігі, түрліше туу
жарақаттары (асфиксия).
Олигофрения – бұл аурушаң процесс емес, патологиялық қалып жайы
ақыл-ой дамуныңы және жалпы психиканың тежелуін тудырған, бұрынғы аурушаң
процестің біркездері әсер ету себептерінің қорытындысы. Арнайы клиникалық
зерттеудің шешімі бойынша, Олигофрения кезінде бас миындағы үлкен жарты
шар диффузды немесе тұтас зақымдануы басталуы белгі болып келеді. Осыған
байланысты, тек барлық үлкен жарты шар қабығының сандық зақымдануы ғана
емес, сондай – ақ бас миы қабығындағы нейродинамикалық процестердің
сапалық бұзылуы да орын алады.
1.2 Олигофренияның топтастырылуы
Кемақылдықтың тереңдігіне және ауырлығына байланысты оның үш
дәрежесін ажыратады: дебильдік, имбецильдік жән идиотия.
Дебильдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) – (латын тілінен debilis
- әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Ересек дебилдардың
психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Мешеулік
ерте балалаық шақтан біліне бастайды. Мұндай балалар бастарын ұстауды,
отыру, жүру және сөйлеуді кеш бастайды. Балалық шақта сөз жетілмеген,
қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, олар дебильдіктің жеңіл және біркелкі
кезінде көп нәрсеге үйренеді және психикалық жетіспеушіліктері аз байқала
бастайды. Дебилдардың сөздік қоры жеткілікті, олар мектепте оқи алады,
бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын жұмыс болып келеді, әсіресе
математика, дебилдар қиын емес еңбек әрекеттеріне ие бола алады.
Танымдық әрекеттің бұзылуы қиын түсініктерді қортуға қабілетсіз
екендігін көрсетеді. Оларда абстракты ойлау нашар дамыған және мүлдем жоқ.
бірақ кейбір дебилдар интеллектінің жетіспеушілігін аңдамай жаттап
алумен, еліктеушіліктен толтырады.
Дебилдардың бір ерекшеліктері – олардың жоғары иланғыштығы.
Талдау және қорытынды жасай білмесе де, дебилдер қарапайым өмір сүру
жағдайларында икемді қалыптаса алады. Оларда жанұя, бала болады.
Имбецильдік дәреже (милау) – бұл психикалық дамушылықтың орташа
қиындығы. Имбецилдің психикалық дамуы 3-7 жастағы баланың деңгейіне
сәйкес. Аурулар жұмысқа жарамсыз,тек өздеріне қарапайым қызмет етеді.
Аурулар білім алуға бейімсіз, бірақ жәй сөздерді түсінеді. Олардың өз
сөздері нашар дамыған. Имбецильдардың сөздік қоры небары 200 – 300 қиын
емес сөздерден құралған. Имбецильдардың салыстырмалы беімделуі үйреншікті,
жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері –
жинау, кір жуу, ыдыс жууға ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу
әдістеріне нашықтанудың арқасында үйренуге қабілетті. Имбецильдердің
өздерінің қызықтары өте-мөте дөрекі және тек физиологиялық қажеттіліктерін
өтеумен байланысты. Олар тамаққа қомағай және салақ болады. Нәжіқұмарлық
көбіне төмендеген, кейде бетімен кеткен нәжіқұмарлыққа көбіне төмендеген,
кейде бетімен кеткен нәжіқұмарлыққа бейім болуы мүмкін.
Имбецильдер үздіксіз қамқор мен мамандырылған бақылауды қажет етеді. Олар
үздіксіз өмір сүруге бейімделген.
Идиотия (миғұла, нақұрыстық, мәңгүрт) – (латын тілінен
idiotea) тұрпайлық – олигофренияның ең ауыр дәрежесі. Идиотиямен
ауыратындардың психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың деңгейінде
қалады. Идиотиямен ауыратындар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен
ажырата алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына
түскен затты сора бастайды. Білім алу іскерлігі толығымен мүлдем жоқ
болады. Ауруларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да жеткіліксіз. Есте
сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз туғандарымен, шешесін
танымайды.
Көптеген идиотиямен ауыратындарда әуестік жоғары және бұрмаланған – олар
өте қомағай, қолдарына не түссе де, жуынды – шайынды болса да жей береді,
кейбіреулерінің төсек қатынасына әуестігі басым, кейде басқа адамдардың
көзінше де берік онанизмді байқауға болады. Олар кесіп алуды, үшкір заттың
кіріп кетуін, күйіп қалуды түсінеді және өздеріне жарақат түсірмейді.
Идиотиямен ауыратындарды үйде бағып – қағу өте қиын және оларды
негізінен психохрониктерге арналған арнайы емдеу мекмелеріне
орналастырады.
1.3 Кемтар балаларды тану және олардың түрін ажырату
Кемтар баланың тағдыры үшін дамуындағы ауытқуларды ерте танудың
үлкен мәні бар. Баладағы кемістік ерте анықталған сайын оны жою және
жөндеу жұмысын соғұрлым ерте бастап, бұл жақсы нәтиже береді. Кемістіктің
бар екенін анықтап қана қоюға болмайды, сонымен бірге оның сипатын,
құрылымын, саналық, сандық көрсеткіштерін де анықтау керек, бұлардың бәрі
баланы арнайы мекемелерге орналастыруға негіз болады.
Қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балаларды ерте анықтау жоғары
қауіп – қатер бар отбастарында жүргізіледі. Бұған мынадай:
- балада кемістігі бар;
- отбасы мүшелерінің бірінің ақыл-ойы кеміс, шиэофрениямен, қояншықпен
т.б. ауыратын естуі немесе көруі бұзылған;
- анасы екіқабат кезде жұқпалы аурулармен қатты ауырған, қатты
уланған;
- құрсақта гипоксияға ұшыраған, босану кезінде асфикцияға ұшыраған,
соққыға немесе нейроинфекцияға, алғашқы айларда бас сүйегі мен миы
соққыға ұшыраған бала бар отбасы жатады.
Дегенмен, барлық уақытта баладағы ауытқуды болжай беруге
болмайды. Баланың кемістігін бірінші анықтайтын да отбасы. Үнемі баласымен
қарым – қатынаста болатын анасы сәбидің мінез – құлқынан өзгешіліктер
байқауы мүмкін. Ана дер кезінде маман дәрігерге: бала дәрігеріне,
психоневрологқа, невропатологқа, офтальмологқа т.б. жолығып, дұрыс көмек
алуы қажет. Баланың ауруын дұрыс қою үшін оны дәрігер – педагогқа (ДПК)
апару керек. Бұл комиссияға мектепке дейінгі мекемелерден, мектептерден
балалар әкеледі. Дәрігерлік-педагогикалық комиссиаларды халыққа білім беру
органдары құрайды.
Бұл комиссияға дейін бала маман дәрігерлердің: песихоневролог,
офтальмолог, фтизиатр, педиатор, ортопед мамандардың әбден тексеруінен
өтеді. Олар дәрігерлік және педагогикалық құжаттар толтырады. Дәрігерлік
қағазда міндетті түрде психоневрологтың есту және көру органдарының жайы
туралы қорытындысы болуы керек. Реті келсе, толық анамнез жинаған дұрыс.
Баланың педагогикалық жеке іс қағазында (егер ол бақшаға, мектепке барған
болса) мінездік қиындығы, артта қалу себептері көрсетілген мінездеме,
сондай – ақ оның дәптері, салған суреттері, қолмен жасаған дүниелері болуы
тиіс. Егер мүмкіндік болса, комиссияға дейін баланы психологке көрсетіп
алған жөн.
Дәрігерлік – педагогикалық комиссияға баланың ата – анасы да
қатысады. ДПК – ның құрамында әдетте дәрігер – психоневролог, психиатр,
отоларинголог, офтальмолог, хирург – ортопед, педагог –
дефектолог, психолог болады. Комиссияның негізгі міндеттеріне: алғашқы
кемістікті анықтау және оны екінші кемістіктен шектеу, яғни даму
кемістігін анықтау: бала дамуы нақты педагогикалық нұсқаулар мен
дәрігерлік коррекциялар жасау: бала қажетт көмек алатын мекемелер типін
анықтау, яғни ДПК арнайы мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерді
құрумен де айналысады.
Баланы жан – жақты анықтау үшін комиссия мүшелері ойын материалдарын
(матрешка, мозайка, пирамида т.б.) арнайы экспериментті-психологиялық
әдістемелерді (мысалы, ретсіз жағдай кескінделген суреттер, сөйлеуді
тексеруге арналған материалдар т.б.) пайдаланады.
ДПК жұмысының мазмұны – балға берілген оның ауруы туралы толық
мәліметтер мен құжаттарды егжей – тегжей зерттеу, дәптеріне, салған
суретіне, жасағандарына талдау жасап, дәрігерлік психология –
педагогикалық және логопедиялық тексерулер жүргізу. Комиссияның әрбір
мүшесі өзі тексеретін участокты, сонымен бірге тексерудің жалпы барысын
бақылып отырады. Барлық мамандардан алынған мәліметтердің негізінде соңғы
қорытынды жасалады. Комиссия кемістікті анықтап қана қоймай, қорытындыны
негіздейді, аталған күйдің белгілерін бөліп көрсетеді.
Комиссия бір ғана тексерудің нәтижесіне шешім қабылдамайды. Баланы
писхология – педагогикалық зерттеу комплексті түрде, әдіс – тәсілдердің
жиынтығын пайдалана отырып жүргізілуі тиіс. Баланы зерттеуде мына
көрсеткіштер:
- тексеру кезіндегі баланың эмоциялық реакциясы;
- оның нұсқаулар мен тапсырма мақсаттарын түсінуі;
- тапсырманы орындау барысындағы оның әрекетінің сипаты;
- жұмыс нәтижесіне реакциясыескеріледі.
Кемістікті ажырату процесінде кез келген әдісті таңдап алу және
оны бірізділікпен қолдану баланың жасына, жеке ерекшеліктеріне сәйкес
жүргізіледі. Әңгімелесу барысында баланың мінез – құлқы, жеке бас
сапалары, ақыл – ой қабілетінің деңгейі туралы мәліметтер алуға болады. Ол
әңгімелесу еркін, мақсатты, балаға түсінікті болуы қажет. Байқау баланы
зерттеудегі жетекші әдіс болып табылады, ол бала комиссияға келген кезден
басталып, тексеру аяқталғанға дейін жүреді, бала кемістігін анықтаудағы
бағалы қосымша материал – бала салған суреттерді, жасған дүниелерін, оның
сәрет салу процесін зерттеу.
Құжаттармен танысу, баланың жасаған бұйымдарын зерттеу, әңгіме,
байқау жүргізу бәрінен бұрын бала дамуындағы ерекшеліктерді көрсетеді.
Анықталған фактілерді түсіндіруде қажетті психикалық қызметтің үлгісін
жасайтын арнайы тестер пайдаланылады.
ДПК мүшелерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі алғашқы
кемістікті соған ұқсас күйлерден оқшаулау. Кемістікті дал анықтауда қандай
күйлер көбірек қиындық келтіреді? Бәрінен бұрын бұл – ақыл ой кемістігінің
психикалық дамудың кешеуілдеуінен оқшау қалуы. Қазіргі кезде кемтар
балалардың осы екі категориясы әбден зерттелген, ол бірін – бірінен
негізгі белгілерді анықтауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, ақыл – ойы кеміс
балаларға қарғанда психикалық дамуы кешеуілдеген балалар оқытып үйретуге
жақсы көмектеседі, ол үлкендердің көмегін жақсы пайдаланады, көрсетілген
әдісті басқа іске ауыстыруға қабілетті келеді.
Оқу мен жазуды игеруде олар да ақыл – ойы кеміс балалар тапқан
қателерді байқайды, бірақ психикалық дамуы тежелген балалр оқығанын
түсінуге, түсінбесе өздігінше қайта оқуға тырысады, ал ақыл – ойы кеміс
балалар оқығандарын түсінбейді, осыдан олардың әңгімесі жүйесіз, ойсыз
болып шығады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалрға жазудың бұзылуы
фонетикалық талдау қиыншылығын болады, ал ақыл – ойы кеміс балаларда осы
жетіспеушілік бар, бірақ өте ауыр.
Ақыл–ойы кемістікпен ұқсастық баланың әлеуметтік және педагогикалық
қараусыз қалуынан да болуы мүмкін. Отбасында жиі болатын жайсыз атмосфера,
әсіресе алғашқы жылдарда, педагогикалық қараусыз қалуға ықпал етуі мүмкін,
бұл балада жеткілікті сөздік қордың болмауына, оларда жалпы мәліметтер мен
ұғымдардың өте жұпыны болуына әкеп соғады. Олар білім деңгейіне қарай
ақыл – ойы кеміс балаларды еске түсіреді. Мұндай жағдайда педагоикалық
қараусыз қалған бала да органикалық нерв жүйесінің болмайтынын білу керек,
ал ақыл – ой кемістігі бас ми қыртысының диффузды органикалық
зақымдануынан болады.
Көп жағдайда анализаторларының (есту, көру) қызметі балалар да ақыл
– ойы кемістерге ұқсап кетеді. Осы функциялардың сәл ғана бұзылуы сыртқы
дүниенің бұрмаланып түсінілуіне, ұғымдар шеңберінің тарылуына әкеп соғады.
Көру және есту кемістігі бар балалар қарапайым жағдайлардың өзінде
дәрменсіз келеді, егер балалармен арнайы жұмыстар жүргізілмесе, ақыл-ой
кемістер сияқты әсер қалдырады. Ал нашар еститін балаға нағыз естуді қажет
етпейтін логикалық сипаттағы тапсырма берсең, нашар көретінге осы сияқты
ауызша тапсырма берсең, оларды сәтті орындайды. Ақыл – ойы кемістер мұндай
тапсырмаларды орындауда қатты қиналады, әдеттегідей, тапсырманы өз бетінше
орындай алмайды. Анализатордың бұзылуынан пайда болған күйлерді ақыл-ой
кемістігінен оқшаулауда себеп болған негізгі факторларды анықтау керек.
Анализаторлар зақымданған кезеңді ескерген маңызды.
Ақыл – ойы кемістерден кейбір сөйлеу кемістігі бар балаларды
оқшаулау бала дамуындағы ауытқуларды ажыратудағы ең қиын жағдайлар болып
табылады. Сөйлеуі өте ауыр бала олигофрен сияқты сөз түрінде емес,
көрнекілік түрінде берілген тапсырманы жеңіл орындайды; ол кеңісті – уақыт
қатынастырын анықтауда қиналады, абстракт ойлау деңгейі өте төмен. Сонымен
бірге ақыл – ойы кемістерге қарағанда сөйлеу патологиясына ұшымаған
балалар мәліметтер, ұғымдар қорына бай, сөйлеуден тыс жағдайларды жақсы
түсінеді. Олар өздерінің сөйлеген сын көзбен қарайды, дұрыс сөйлей
алмағанына қайғырады, үлкендердің көмегін жақсы пайдаланады.
Кемістікті анықтауда ерте жаста аутизмге ұшыраған балалар өте
қиындық келтіреді. Мұндай балалар тобына уақытты бағдарлаудың бұзылуы,
шынайы өмірдегі құбылыстарды қиял түрінде қабылдау тән. Мұндай балаларды
ақыл – ойы кемістермен оңай шатыстыруға болады, өйткені айналадағылармен
қатынастың болмауы, төмен ойын белсенділігі, хабарларды онша қажет етпеу
баланың психикалық артта қалуының күрт төмендеуіне әкеп соғады. Толық
сөйлеу қатынасының болмауы мутизмнің (үнсіздіктің) және мінезде теріс
белгілердің (тұйықтық, ызақорлық) тууына әкеледі. Дегенмен аутизмге
ұшыраған балалар ақыл – ойы кемістерден өзгеше. Кейбір ғалымдар бала
аутизмін шиэофрения сияқты күй, екінші бір тобына мұны ананың балаға
мейірімсіз қарым – қатынасынан туады деп түсіндіреді. Бұл ауру көбінесе ұл
балаларда 1,5 – 2 жаста байқалады.
Көп жағдайда сенсорлы алалияға ұшыраған балалар нашар еститіндерге
ұқсап көрінеді. Солай бола тұра, сенсорлық алалияда түсіндірудің бұзылуы
естудің төмендеуінен болған аутқуларда белгілі дәрежеде өзгешеленеді.
Әдетте нашар еститіндерге қабылдау табалдырығының тұрақтылығы байқалады.
Дауысты көтеріңкіреп айтсаң, нашар еститін балалар сөзді жақсы түсінеді,
ал бұл сенсорлық алалияға ұшыраған балаларға кері әсер етеді. Есту
аппаратын қолдану нашар еститін баланың айналадағы адамдардың сөзін дұрыс
қабылдап, түсінуіне көмектеседі.
II - бөлім
2.1 Балалардың жазуы мен оқуының бұзылуы
Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа жазуы тілдің бұзылуы
болады. Қандай бала болмасын ешуақытта бірден дұрыс жазып және оқып кете
алмайды. Балалардың барлығы да оқу мен жазуды үйренудің алғашқы сатысында
азды-копті кателерді жіберетіні кімге болса да белгілі жәйт. Бірақ, бұл
жерде табиғи және заңды қателер туралы болғалы тұрған жоқ, керісінше,
патологиялық қателер туралы сөз болғалы тұр.
Сөйлеу тілі дұрыс жетілген балалар мектепке дейінгі жастарында-ақ
қажетті сөздік қорларын игеретіндігін, сөйлеу тілінің грамматикалық
түрлеріп меңгеретіпдігі, сездердің, дыбыстардың әріптерін талдауды меңгере
алатындарына дайын екендігі кімге болса да белгілі жәйт. Алайда сөйлеу
тілдерінің түрлі патологиялары бар балаларда бұлардың даму барысы
кешеуілдеп артта қалып кояды.
Р.Е. Левинаның, Н.А. Никашинаның, Л.Ф.Спированың зерттеулеріндегі
көрсеткендері бойынша мектеп жасына дейінгі тіл мүкістіктері бар
балалардың дыбыстарды талдауға дайындағы дұрыс сөйлейтін балаларға
қарағанда әлдеқайда нашар екен.
Сондықтан сөйлеу тілінің түрлі мүкістіктері бар балалар жалпы
мектептерлегі окытудың жагдайында жазуды және оқуды толық меңгеріп кетуте
шамалары келмейді.
Жазуының кемістігі бар балалардың айтылған сөздердің мағаналарын
дұрыс түсінбеулерінің салдарынан жазған жазуларын түсіну өте қиын.
Оқу мен жазу бірімен-бірі тығыз байланысты болғандықтан жазуыидағы
кемістіктер окуында да қатар жүреді. Өзінің жазғандарының дұрыстығын
тексеру үшін бала қайталап оқып шығу керек немесе жазғанын басқа білетін
біреуге оқытады.
Жазудың патологиялары аграфия, дисграфия деген термин сөздер мен
аталады, аграфия гректің а - болымсыз демеулік шылауы қарсылықты ұғымды
білдіріп. Qrаrһо - жазамын сөзіне қосылады да жазуды толық меңгеруде
қабілеті жетпейді, ал дисграфия гректің dis — қосымша бұзылу ұғымын
білдіріп, Qrаrһо - жазамын сөзіне қосылады да, жазудың ерекше кемістіктері
деген ұғымдарды білдіреді.
Сол сияқты оқудың кемістіктері де алексия, дислексия деген термин
сөздерімен аталады.
Алексия гректің а-болымсыз демеулік шылауы қарсылықты ұғымды
білдіріп, legо - оқимын сөзіне қосылады да, оқуды толық меңгеруге қабілеті
жетпейді, ал дисликсия - оқудың ерекше кемістіктері деғен ұгымдарды
білдіреді.
Қазіргі уақытта балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктер сөйлеу
тілінің фонетико-фонематнкалық және лексико-грамматикасының барлық
сыңарларының жалпы толық дамуының салдарынан жиі болатындығы анықталады.
Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінің Ш-деңгейіндегі балаларда
пайда болады. ал жалпы сөйлеу кемістігінің ауыр түрлеріне І-ІІ
деңгейдегі оқуы мен жазуды менгеруге мүлде мүмкін емес. Бұндай балаларды
жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі сөйлеу тілін
қалыптастырумен айналысу керек.
Бұндай балалар нышандары сөйлеу тілі мүшелеріне немесе әуезіне
жақын дыбыстарлы есту арқылы жеткілікті түрде ажырата алмайды. Сонымен
қатар сөздік қоры өте кедей бала тіпті қарапайым жәй сөздің мағынасын
түсінбейді, сондықтан да оларды жиі шатастырады, алмастырады, түсіріп
қалдырады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуының
жеткіліксіздігінен жазуына дыбыстарды түсіріп қалдырады, алмастырады
немесе жалғаулықтарды шатастырады, сөйлем тіркесін басқаруында және
қиыстыруында қателер жібереді.
Бірақ,сөйлеу тілінің жазуындағы кемістіктердің себептері туралы
бұндай көзқарас біршама жақында ғана анықталады. Алғашқыда яғни XIX
ғасындың аяғында оқуы мен жазуының патологиясын ақыл-ойының
кемістіктерінің есбептерінен деп қарастырып келген болатын Т.Хеллер.
И.Вольф.
Неміс ғалымы А.Куссмауль 1877 жылдың ақырында бұл түсінуді жоқка шығарды
да жазуындағы бұндай кемістіктерді ақыл-ойының төмендігіне ешкандай қатысы
жоқ екенін дәлелдеп, сөйлеу тілінің дербес ақуалығына байланысты
шығатындығын анықтады.
ХІХ бен XX ғасырлардың аралында жазуындағы кемістіктер көру
түйсігінін жеткіліксіздігінен деп түсіндіретін жаңа теория пайда болды.
Бұл теорияны жақтаушылар В.Морган, П.Раншбург, Х.Баштиан және т.б.
бұндай кемістіктерді туабіткен сөйлеу соқырлығы деген терминмен атады.
Бұл теория ғалым саласында да және іс жүзіндегі тәжірибелерге де кеңінен
тарады. Осы бапқа сәйкес жазуындағы кемістіктерді жоюдың ең басты әдістері
әріптердің кескіндерін көшіріп алып жаттау, қайшымен қиып алу, бояу,
өрнектеп сызып көрсету, астын сызып көрсету, пластилиннен мыжғылап жасау
және тағы басқалар сияқты жаттығулар арқылы жүргізеді.
Көру түйсігін жаттықтыруға бағытталған іс жүзіндегі бұл
тәжірибедегі бұл тәсілдер нәтижесіз болып шықты да оқуы мен жазуындағы
кемістіктер көп уақытқа дейін түзелмейтін ақуалық қалып койды.
Сосын XX ғасырдың басында жазуындағы ақаулықты басқа
анализаторлардың бұзылуларымен түсіндіруге әрекет жасап көрді. Осыған
лайық дисграфияны оптикалық әуездік акустикалық, козғалтушылық
моторлық. қиял-қозғалтушылық идеомоторный К.М.Монахоз деп
бөлшектеді.
Бірақ сол уақытта-ақ дисграфияны бұлай түсіндіруге қарсы шыққан
ағылшынның ғалым С.Ортон сияқты және тағы басқа зерттеушілер пайда болады.
С. Ортон. жазуға қабілетсіздігі кейде тек жекелеген әріптерге байланысты
қиындық екенін байқауға болатындығын көрсетті, бірақ бұл дұрыс жазуға
дағдылануға ең басты кедергі боларын, әріптерді белгілі жүйемен қиыстырып
сөз құрай алмайтындығында деп есептеді.
Ақырынды ХХ-ғасырдың 30-жылдарында жазуының кемістіктерін сөйлеу
тілінің айтылуындағы-олардың ақаулықтарымен байланыстыратын жанашыл
көзқарастар пайда болды, бұл теория бұрындағы кеңес одағының Ф.А.Рау.
М.Е.Хвацев: Н.Ы. Траугатт. А.Я.Яупберзинь және тағы басқалар сияқты
ғалымдарының еңбектерінде айқындалды.
Бұл теория бойынша дисграфияны жазуды меңгерген кезде пайда
болатын ерекше қиындықтардың нәтижесінде жазуындағы мүкістіктер деп
анықталды. Дыбыстарды айтылуындағы ақаулықтарды түзеткен кезде жазуындағы
кемістіктерде жойылады деп ойлады. Бірақ айтылуындағы ақаулықтарды түзету
оқуы мен жазуындағы кемістіктерді жоюды көп жағдайларға қамтамасыз ете
алмайтындығын іс жузіндегі тәжірибеде анықталды.
Сонымен қатар жазуындағы кемістіктер барлық дыбыстарды дұрыс айтатын
балалар да кездесетіндігі байқалады.
Р.М.Боскис пен Р.Е.Левинаның зерттеулерінде жазуындағы
кемістіктердің көшілігі фонематикалық түйсіктін толық дамымауына жататын
естуі дұрыс баланың ана тіліндегі дыбыстардың жүйесін құрайтын дыбыстарды
көңіл бөліп ұстауға қабілеті төмен болады деген жорамалдар ұсынылады.
Дисграфия мен дислексияның пайда болуы фонематикасының толық дамымауының
себебінен екендігі ғылым жүзінде дәлелденді.
Оқуы мен жазуының кемістіктері туралы бұл көзқарас бұдан кейін де тек
қолдау тауып кана қоймай, сонымен бірге Р.Е.Левинаның. А.К.Никашинаның.
Л.Ф.Спированың, А.К.Маркованың, Г.И.Жаренкованың және басқалардың кейінгі
еңбектерінде де әрі қарай дамытылды.
Жоғарыдағы аттары аталған мамандардың зерттеулерінде оқуы мен жазуының
кемістіктері тілдің патологиялық жүйесінің ынғайына сәйкес шығатын сөйлеу
тілінің толық дамымауысен дәлелденді:
Жазуындағы кемістіктерді ауызекі сөйлеу тілінің дамуымен
байланысты емес, өз алдына бөлек ақаулық деген бұрыңғы көзқарастары қате
деп танылды.
Сонымен бірге дисграфия мен дислексияға шалдыққан балалардың тексті
катесіз дұрыс көшіріп жазатындықтарынан сөзді кұрап тұрған әріптердің
орналасу тәртібін көзбен шамалап, кеңістікті бағдарлай алатындықтарына
қиналмайтындықтары тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Сонымен балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz