Зияткерлік меншік дегеніміз не



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Зияткерлік меншік дегеніміз не?
Зияткерлік меншік адамның ой-санасымен жасалғанның барлығына қатысы
бар: өнертабыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай-ақ коммерциялық
мақсатта пайдаланылатын таңбалар, атаулар және үлгілер. Зияткерлік меншік
екі санатқа бөлінеді:
Өнеркәсіптік меншікке патент берілетін, өнертабыстар, селекциялық
жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары және тауар шығуының
атауы кіреді.
Авторлық құқық объектілеріне роман, поэма және пьеса сияқты әдеби
туындылар, драмалық және музыкалық туындылар, бейнелеу, мүсіндеу, графика,
сәулет туындылары, фотосурет туындылары жатады. Сабақтас құқық
объектілеріне қойылымдар, орындаулар, фонограммалар, эфирлік және кәбілді
хабар тарату ұйымдарының бағдарламалары кіреді.
Зияткерлік меншік құқығы, басқа да меншік құқықтары сияқты, авторға
немесе патент, тауар таңбасы иесіне өз туындысынан не шығармашылық
жұмысынан табыс алуға мүмкіндік береді. Бұл құқық Дүниежүзілік адам
құқықтары декларациясының 27-бабында мазмұндалған, онда ғылыми туындының
авторлығынан шығатын моральдық және экономикалық мүделлерін қорғау
басымдылығын пайдалануға құқық көзделген.
Зияткерлік меншіктің және оны қорғаудың маңыздылығы алғаш рет 1883 жылы
Париждік өнеркәсіптік меншікті қорғау конвенциясымен және 1886 жылы Әдеби
және көркем туындыларын қорғау туралы Берн конвенциясымен мойындалды. Екі
конвенцияда Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) басқарылады.

Зияткерлік меншікті неліктен қорғау және қолдау қажет?
Бұған бірнеше бұлтартпас негіз бар. Бірінші, адамзаттың әл-ауқаты мен
үдерісі үшін технологиялар мен өнер саласындағы жаңа туындыларға мүмкіндік
беру. Екінші, жаңа туындыларды заңды қорғау, инновацияны қолдауды
бастамалыққа ала отырып, қосымша ресурстарды тұтынуды қолдайды. үшінші,
зияткерлік меншікті қорғау және қолдау экономиканың өсуін ынталандырады,
жаңа жұмыс орындары мен өңдірістердің ашылуына жол береді, өмір сапасы мен
өмірден ләззат алуды арттырады.
Зияткерлік меншіктің тиімді және әділді жүйесі экономикалық, әлеуметті,
мәдениетті әл-ауқаттың дамуы үшін мықты құрал ретінде зияткерлік меншік
әлеуетін жүзеге асыруға барлық мемлекеттерге көмектесе алады. Зияткерлік
меншік жүйесі новатарлар мүдделері мен қоғам мүдделері арасында баланс
ұстап тұруға, туындылар мен өнертабыстардың барлығына бірдей табыспен
өркендеуіне қолдау көрсетеді.
Зияткерлік меншік құқығы адам талпыныстары мен шығармашылығына сыйақы
береді, бұл адамзаттың үдерісін қамтамасыз етеді. Бірнеше мысал:
Көпо-миллиардты фильмдер, дыбыстау-бейнелеу жазулары, публикациялар,
компьютерлік бағдарламалар индустриясы, дүниенің төрт бұрышындағы
миллиондаған адамдарды қанағаттандырады, олар авторлық және сабақтас
құқықтарды қорғаусыз бола алмас еді.

Тұтынушылар тауарды не қызметті сатып ала отырып, халықаралық тауар
таңбасын заңды пайдалану, яғни конрафактті және қарақшылық өнімдердін
болмауынан қорғалғаны туралы ақпаратты білмеуі мүмкін.
Патенттік жүйені сыйақымен қамтамасыз етпей зерттеушілер мен
өнертабысшылар әлем жүзіндегі тұтынушылар үшін тиімді өнімдер шығаруға тым
кішкене ынталы болады.
Зияткерлік меншік құқығы қорғалуы қажет
Бұрнағы күн еліміздің Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен “ҚР зияткерлік
меншік құқығын соттық қорғау үрдістері мен оның болашағы” атты халықаралық
конференция болып өтті.
Оған Жоғарғы Сот Төрағасы М.Әлімбеков, Ресей Федерациясы Жоғарғы
арбитражды сотының судьясы Т.Нешетаева, Қырғызстан Республикасы Жоғарғы
сотының судьясы Д. Бекбоева, ҚР кедендік реформа және сауданы ырықтандыру
жөніндегі USAІD жобасының жетекшісі М.Қоянбаева және еліміздің Жоғарғы
Сотының, облыстық, аудандық соттарының судьялары, халықаралық сарапшылар,
ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Конференция жұмысын ашқан Жоғарғы Сот Төрағасы Мұсабек Әлімбеков
қазіргі уақытта зияткерлік меншікті қорғау әлем төріндегі мемлекетіміздің
алар орнын айшықтап беретін бірден-бір фактор болып табылатындығын айтты.
Оны қорғаудың жоғары дәрежесі ғылым мен техниканың жетістіктерін
практикалық пайдалану барысында, әдебиет және өнер, мәдениетті дамыту мен
ғылыми зерттеулерді ынтыландыруда орасан күш береді. Соңғы екі онжылдықта
халықаралық айналымға түскен тауарлар мен қызмет көрсетудің аясындағы
меншіктің еңбек үлесі ұлғайып келеді.
Біздің елімізде сонау 90-шы жылдардан бастап зияткерлік меншікті
қорғайтын құқықтық нормаларды түбегейлі қайта қарау шаралары қолға алына
бастады. Бұл саладағы заңдар халықаралық стандарттарға неғұрлым
жақындатылды. Оған қоса қабылданған заңдарға Қазақстан қатысатын
халықаралық келісімдердің басымдылығы бекітілді. Бұл ереже халықаралық
стандарттарға сәйкес қазақстандық құқықты одан әрі жетілдіре беруге жол
ашады.
Әрине, қазіргі таңда зияткерлік меншік құқын ойдағыдай жүзеге асырудың
жолы оны нақты және тиімді қорғау болып табылады. Бұл бағытта сот маңызды
рөл атқара алатыны белгілі. Ал зияткерлік меншік құқығын соттық қорғауға
қолданыстағы заңмен кепілдік берілген. Авторлық және сабақтас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі
Интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiнің түсінігі мен ерекшеліктері
Авторлық құқықтың ұғымы және құқықтық қатынастардың реттелуі
Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Мәмілелер туралы
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Авторлық құқық объектілері
Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі
Тауар белгілерге қатысты құқықтарды қорғау
Пәндер