Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:
Ф. 7. 15-06
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Байтешова Б. К.
Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050301 мамандығы - «Құқықтану»
Шымкент, 2011ж.
Ф. 7. 15-07
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Елікбай М. Ә.
«__»20ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
050301 мамандығы - «Құқықтану»
Орындаған Байтешова Б. К.
ғылыми жетекшісі
аға оқытушы Салыбек Н. М.
Шымкент, 2011ж.
Ф. 7. 15-08
Қ А З А Қ С Т А Н Р Е С П У Б Л И К А С Ы Н Ы Ң
Б І Л І М Ж Ә Н Е Ғ Ы Л Ы М М И Н И С Т Р Л І Г І
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Заңтану және халықаралық қатынастар факультет
(факультет атауы)
«Азаматтық және еңбек құқығы» кафедрасы
Мамандығы 050301_Құқықтану
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
Азаматтық және еңбек құқығы
Елікбай М. Ә
«» 2011 ж
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА №
Студент Байтешова Бағдагүл Көбегенқызы ЮМ-07-1к5
Жұмыстың (жобаның) тақырыбы Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
Университет бойынша ж № ___бұйрығымен бекітілген
Жұмысты (жобаны) аяқтау мерзімі
Жұмысты (жобаны) орындауға берілген мәліметтер
Мазмұны
Кіріспе . . . 8
1 Зияткерлік меншік құқығының обьектілері, олардың белгілері мен
негізігі түрлерінің ерекшеліктері
1. 1 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зияткерлік
меншік құқығын ұғымы, обьектілері және оларға құқықтардың
пайда болу негіздерінің ерекшеліктері . . . 11
1. 2 Зияткерлік меншік обьектілеріне айрықша құқықтар және оның
қамтамасыз етілуінің жалпы сипаттамасы . . . 22
2 Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың жүйесін дамыту ерекшеліктері
мен теориялық мәселелерінің құқықтық реттелуі
2. 1 Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесінің
дамуы мәселелері . . . 25
2. 2 Зияткерлік меншік құқығын қорғаудағы халықаралық
шарттардың маңыздылығы және оны қорғаудағы бірегей нормалар
мен стандарттары . . . 28
2. 3 Зияткерлік меншік құқығын қорғаудығы халықаралық ұйымдардың ролі . . . 35
3 Қазақстан Республикасыныңда зияткерлік меншік құқығын бұзылудың
алдын алу және қорғауды жетілдіру және оларды шешу жолдары . . . 41
Қорытынды . . . 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 77
Аннотация
Диплом жұмысы «Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері» тақырыбына арналған. Диплом жұмысы кіріспеден үш бөлімнен, қортындыдан. қосымшадан тұрады. Бірінші бөлім Зияткерлік меншік құқығының түсінігі және обьектілері ол екі бөлімшеден тұрады. Екінші бөлім Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың жүйесін дамыту ерекшеліктері мен теориялық мәселелері ол үш бөлімшеден тұрады. Үшінші бөлім Қазақстан Республикасыныңда зияткерлік меншік құқығын бұзылудың алдын алу және қорғауды жетілдіру жолдарының мәселелері деп аталады.
Дипломдық жұмыс көлемі 79 бет.
Қортынды 2 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 53
Нормативтік сілтемелер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы1995ж., 2007жылғы21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулер
- «Интеллектуалдық меншiк саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы қаулысы.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 наурыз 2001 жылғы № 411 «Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері» қаулысы.
- «Қазақстан Республикасының Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп-көбейтуден қорғау жөніндегі конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы заңы.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі, ерекше бөлімі) . - Алматы, 2010
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім), Алматы, Юрист, 20012004. 12. 20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
- Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы.
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 2001 жылдың 30-қаңтарында № 155-ІІ
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 3 ақпан 2001 жылғы № 179
- «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі комитеті туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 масумыдағы № 846 қаулысы.
- «Туынды авторларының және сабақтас құқық иелерінің мүліктік мүдделерін қамтамасыз ету шаралары» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 168 бұйрығызаң күші бар жарлығы. 17. 04. 1995 ж.
Анықтамалар
- Зияткерлік меншік - адамның ой-санасымен жасалғаның барлығына қатысы бар: өнертабыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай-ақ коммерциялық мақсатта пайдаланылатын таңбалар, атаулар және үлгілер. Өнеркәсіптік меншікке- патент берілетін, өнертабыстар, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары және тауар шығуының атауы кіреді.
- Авторлық гонорар- ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын пайдалану үшін авторға (немесе оның мұрагеріне) төленетін сыйақы.
- Айырбас - бір өнімнің басқа екінші өнімге алмастырылу процесі.
- Мұрагерлік құқық-азаматтық құқықтың бір бөлігі; мұралау құқы бойынша қайтыс болған адам мүлкінің басқа адамға (мұрагерге) өту тәртібін айқындаушы құқықтық нормалардың жиынтығы.
- Тұтыну - адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалған игіліктерді пайдалану болып табылады.
- Мүліктік құқылар-мүліктерді иеленуге, пайдалануға және билік жүргізуге, сондай-ақ осы мүліктер мен айырбас заттарын (тауарларды, қызмет түрлерін, ақшаларды, бағалы заттарды, т. б. ) бөлу жөнінде экономикалық айналымға қатысушылар арасында туындайтын материалдық (мүліктік) талаптарға байланысты құқықтық қарым-қатынас жасаушылардың субъективті құқылары.
- Сыйақы-әлдебір қызмет саласындағы жетістігі, сіңірген еңбегі үшін ақшалай немесе заттай ынталандыру шарасы.
- Реверсия-бастапқы иегерген мүлікті қайтарып беру.
- Субституция-мұрагерлік құқықта: өсиетте хат ашылғанға шейін негізгі мұрагер қайтыс болған немесе мирастан бас тартқан реттерде, қосымша мұрагердің (субституттың) бар екенін мұра қалдырушының өсиетіне жазып қалдыруы.
- Авторлық құқық-азаматтық құқықтың ғылым, әдебиет және өнер т. б. туындайтын қарым - қатынастарды реттейтін саласы.
- Мәміле-азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Мәмілелер бір жақты немесе көп жақты шартпен жасалады.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз мемлекетіміз егемендігін алғалы еліміздің, әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға байланысты жүріп жатқан, көптеген реформалар қоғамдық қатынастардың өзгеруіне алып келді. Ол ең алдымен құқықтық қатынастардың, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласының дамуына және өркендеуіне жол ашты. Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік құқығы немесе оның жеке меншігі.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет ретінде даму барысында және оның дамыған елдер қатарына ену жолындағы халықаралық деңгейдегі барлық нормалар мен стандарттарды ұстану және сақтау негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Дәл осы тұрғыдан, зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері маңызды тақырыптардың бірі болып отыр. Әлемдік зкономика шарттарын игеріп, Кедендік одақты ықпалдастықты күшейту кезеңінде зияткерлік меншікті қорғаудың маңызы жоғары. Бірінғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруда және еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуіне байланысты келіссөздер өткізуде зияткерлік меншікті сақтаудың құқықтық мәртебесі зор.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50елдердің қатарына кіру стратегиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы бірінші басымдықтың өзекті, негізгі мәселелерінің бірі ретінде: «Қазақстанның авторлық құқық пен сауда белгісін қорғаудың қатаң кепілі ретінде беделін нығайту бізге экономиканың жаңа секторларын белсенді түрде дамытып, әр тараптандыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда алдамыш өнімдерге төзбестік көзқарас туғызуға бағытталған жариялы науқан жүзеге асырылуға тиіс, сонымен қатар зияткерлік меншік құқығын бұзу мен сауда белгілерін қолдан жасаушылар үшін әкімшілік және қылмыстық қудалау шараларын қабылдау керек»-деп көрсетеді [1]
Себебі, зияткерлік меншік құқығын қорғау бүгінгі күнде дүние жүзіндегі қатар өмір сүріп отырған елдер үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әрине авторлық құқықты қорғау тек бүгінгі күні болған мәселесі емес, оның өзіне тән тарихы бар. Ең біріншісі 1710 жылы Англияда қабылданған авторлық құқық заңы ретінде «Статут королевы Анны» деп аталады [2] . Оның негізгі қағидасы жарияланған туындыны автордың келісімінсіз басылымдарға шығаруға рұқсат етілмеген. Кейін 1886 жылы қабылданған «Берн конвенциясында» қорғалатын интеллектуалды меншік құқығының түрін айқындай түскендігін көреміз [2] .
Ал, 1952 жылғы 6 қыркүйекте Женевада қабылданған «Авторлық құқық туралы» Халықаралық конвенцияда авторлық құқықтың қорғалуы халықаралық мәртебеге ие болғандығын көрсетеді. Міне осылайша әр мемлекетте, әр түрлі уақытта, әр деңгейде, әр түрлі бағытта қабылданып, жүзеге асырылған заңдарының өзіндік мәні зор болып, мемлекет тарапынан авторлық құқыққа ерекше көңіл бөлінгендігін көреміз. Қазіргі таңда авторлардың мүліктік құқықтары өте көп бұзылып жүр, ал бұл, автордың өзінің материалдық жағдайына кері әсер етеді, сонымен қатар халықаралық аренада мемлекеттің авторитетін төмен түсіреді. Сондықтан, бұл тақырыптың актуальдығы мынада: авторлық құқық жөніндегі заңнаманы егжей-тегжейімен зерттеп, және автордың мүліктік құқығы жүзеге асыру механизімін жасап шығару. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауда егер өзіміздің елдің тәжірбиесі жетпеген жағыдайда басқа мемлекттер осы жағыдайларды шешу жолдарындағы атқарған еңбектеріне назар аударуымыз керек.
Ғылыми жаңалығы және ғылыми жаңалықтар Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғауды халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері анықталды.
Атап айтқанда, зияткерлік меншік құқығының түсінігі, объектілерін анықтап, осы объектілерге айрықша құқықтар мен олардың қаматамасыз етілуін көрсету, зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың, оны қорғаудағы бірігей нормалар мен стандарттарды қарастыру, осы салада қорғауды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың рөлін, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын бұзылудың алдын алу және қорғауды жетілдіру жолдарының мәселелерін көрсету болып табылады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеті: Зияткерлік меншік құқықығының ұғымын, объектілерін, оны қорғау тәсілдерін анықтай отырып халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелерін көрсету болып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік құқығының түсінігін, объектілерін, осы құқықтардың пайда болу негіздерін көрсету, осы объектілерге айрықша құқықтардың және оның қаматамасыз етілуін көрсету;
- Зияткерлік меншік құқықғын қорғаудың халықаралық жүйесінің даму мәселелерін нақтылау;
- Зияткерлік меншік құқығын қорғаудағы халықаралық шарттардың маңыздылығын және оны қорғаудағы бірігей нормалар стандарттарды айқындау;
- Зияткерлік меншік құқығын қорғаудағы халықаралық ұйымдардың ролі мен олардың осы саладағы құзыреттілігін көрсету;
Қазақстан Республикаында зияткерлік меншік құқығыны бұзылудың алдын алу және қорғаудағы жетілдіру жолдарындағы мәселелерді анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Зияткерлік меншік обьектілеріне айрықша құқықтар және оның қамтамасыз етілуі мәселелері болып отыр. Зияткерлік меншік құқығының түсінігін анықтау, зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың, оны қорғаудағы бірігей нормалар мен стандарттарды қарастыру, осы салада қорғауды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың ролін, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын бұзылудың алдын алу және қорғауды жетілдіру жолдары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік құқығының ұғымын, оның объектілерін, оларға құқықтардың пайда болу негіздері, осы саланы халықаралық қорғаудағы жүйені тиісті қалыпқа келтіру мәселелерінің теориялық тұрғыдан қарастырылған, сонымен қатар осы саланы зерттеудегі басшылыққа алынатын халықаралық нормалар мен стандарттарға талдау және қорғауды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдарға сипаттама берілген.
Зерттеудің нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңы, ҚРҮкіметінің Қаулысымен бекітілген азаматтық заң актілері, Президент Жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің қаулылары, ҚР қаржы лизингі туралы заңы, Шаруашылық серіктестіктер туралы ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативтік-құқықтық актілері және бірқатар шетелдік заң актілері құрайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмысты зерттеу барысында Азаматтық және жер құқығы саласында шетелдік мамандармен қоса, отандық ғалымдар да өте көп зерттеулер жүргізген, еңбектер жасаған. Бұл зерттеулер қазіргі таңдағы құқықтық қатынастардың өзгеруіне негіз болатын нормаларды қолдану ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстандық заңгер ғалымдардың ғылыми еңбектерін қолдандым. Оларға:, Бутнов В. К., Гаврилов Э. П., Басин Н. Г., Иоффе О. С., Сергеев А. Ф., Никитин М. И., Каудыров Т. Е., Конторович А. Я., Сүлейменов М. К., Никитин М. И., Сергеев А. П., Серебровский В. И., Савельева И. В., Маметова, Т. Мейер, С. П. Мороз, Г. Л. Нуртаева, Е. Б. Осипов, Б. Т. Раимбай, С. Н. Садырова, С. В. Скрябин, А. К. Темирбекова, А. К. Хамзина, Т. Т. Шиқтыбаев және т. б. және т. б. авторлардың еңбектері пайдаланылады. Сонымен қатар, осы саладағы Қазақстан Республикасының заңдарына анализ берілген.
1 Зияткерлік меншік құқығының обьектілері, олардың белгілері мен
негізігі түрлерінің ерекшеліктері
1. 1 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік құқығын ұғымы, обьектілері және оларға құқықтардың пайда болу негіздері
Зияткерлік меншік адамның ой-санасымен жасалғанның барлығына қатысты: өнер табыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай-ақ, коммерциялық мақсатта пайдаланылатын таңбалар, атаулар және үлгілер. Зияткерлік меншік екі санатқа бөлінеді: Өнеркәсіптік меншік, Авторлық құқық объектілері.
Зияткерлік меншік құқығы, басқа да меншік құқықтары сияқты авторға немесе патент, тауар таңбасы иесіне өз туындысынан не шығармашылық жұмысынан табыс алуға мүмкіндік береді. Бұл құқық Дүниежүзілік адам құқықтары декларациясының 27-бабында мазмұндалған, онда:
- Әр адам қоғамның мәдени өміріне еркін қатысуға, өнерден рахат, ләззат алуға, ғылыми прогреске ат салысуға, әрі оның игілігін пайдалануға құқылы.
- Әр адам өзі автор болып табылатын ғылыми еңбегінің, әдеби немесе көркем шығармаларының нәтижесінде туындайтын рухани және материалды мүдделерінің қорғалуына құқылы.
Зияткерлік меншіктің және оны қорғаудың маңыздылығы алғаш рет 1883 жылы Париждік өнеркәсіптік меншікті қорғау конвенциясымен және 1886 жылы Әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн конвенциясымен мойындалды. Екі конвенцияда Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) басқарылады.
Интеллектуалдық меншік -бұл материалды көрсетілген ой (интеллектуалды) әрекетінің нәтижесі, оны жасаған авторға шексіз құқық беріліп, сонымен қатар арнайы берілген патент, немесе куәлік құжаттарымен, немесе заңды бекітілген авторлық құқық нормаларымен қорғалады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе, екінші бағыт құқықтарды заттық құқықтарға емес, керісінше «ерекше сипатты құқықтарға» жатқызуға негізделеді. Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety - француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған.
Проприетарлық тұжырымдаманы жақтаушылар кез келген қызмет барысында, соның ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызмет барысында жасалатын игіліктерге меншік құқығы орнатылуы тиіс деген идея негізінде, интеллектуалдық өнімді жааушы субъектінің осы өнімге мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқықтарының қосындысын «интеллектуалдық меншік» деп атауды ұсынады. Нәтижесінде, ХІХ ғасырдың аяғында «интеллектуалдық меншік» ұғымы мен оның құрамдас бөліктері болып табылатын «әдеби меншік» және «өнеркәсіптік меншік» ұғымдары әлемнің көптеген елдердің заңдары мен маңызды халықаралық конвенцияларда кеңінен қолданыла бастайды.
Мәселенің бұлай шешілуіне және «зияткерлік меншік» ұғымын құқықтық ұғымдар аппаратына енгізуге қарсы шыққан «ерекше құқықтар» теориясының өкілдері, біріншіден, мерзімсіз болып табылатын және қандай да бір аумақтық шектеулер қойылмаған меншік құқығынан өзгешелігі сол, авторлардың, патент иелерінің және олардың құқық мирасқорларның құқықтары әуел бастан уақыт бойынша және кеңістікте шектеулі, екіншіден, бұл құқықтар меншік құқығын қоғауға арналған виндикалық және басқа да талаптардан өзге құқықтық құралдармен қорғалатын ерекше құқықтар, демек материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық қызмет жетістіктері мен материалдық заттардың құқықтық режимдерін теңестіруге болмайды, сондықтан «интеллектуалдық меншік» терминін қолдану ғылыми тұрғыдан негізсіз деп көрсетті.
ХІХ ғасырдың аяғында туындаған екі тұжырымдаманы ұстаушылардың арасындағы бұл ғылыми дау бүгінде біршама бәсендеген. Өйткені, қазіргі уақытта зияткерлік нәтижелерге құқық табиғатының екі қырлы екендігіне ешкім шүбә келтірмейді және көзқарастар алшақтығы тек терминологиялық мәселелер төңірегінде ғана қалған деуге болады.
Шынында да шығармашылық нәтижені жасаушының (автордың), бір жағынан, оны пайдалануға ерекше сипатты құқығы болады және бұл құқық басқа тұлғаларға азаматтық құқықтық мәмілелер арқылы немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен емін еркін беріле алады. Мазмұны бойынша бұл құқық мүліктік құқықтар қатарына жатады және абсолюттілігі мен жоғарыда айтылған, басқа тұлғаларға емін-еркін беріле алатындығы тұрғысынан, шынында да, меншік құқығына ұқсас. Екінші жағынан, авторға авторлық есімге құқық сияқты бірқатар өзіндік мүліктік емес (моральдық) құқықтар да тиесілі болады және өздерінің табиғатына сәйкес бұл құқықтар басқа тұлғаларға еркін беріле алмайтын, яғни иеліктен шығаруға жатпайтын құқықтар болып табылады.
Әлбетте, аталған құқықтардың жиынтығын «зияткерлік меншік» терминімен атау қазіргі уақытта шыртты түрде алынғаны түсінікті. Әйтсе де, бұл терминнен мүлдем бас тартып, тілге тиек болып отырған нәтижелерге қатысты тек «ерекше құқықтар» терминін пайдалануды немесе бұл терминдерді заң актілерінде, ең болмағанда, синоимдер ретінде қатар қолдануды ұсынушылар қатары әлі де аз емес. Кеңес өкіметінің соңғы жылдарына дейін буржуазиялық институт ретінде пайдаланудан бас тартылып келген интеллектуалдық меншік ұғымы «қайта оралған атаулардың» бірі болып табылады. Ол КСРО-ның құқықтық кеңістігінде алғаш рет 1990 жылы 6 наурыздағы «КСРО-дағы меншік туралы» заңда қолданыла бастады. Осы саланы зертеушілердің еңбектерінде интеллектуалдық меншікке материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген азаматтық айналымның субъектілері мен объектілерін дараландыру құралдарына азаматтық құқық субъектісінің өзіндік мүліктік емес және мүліктік құқықтарының кешені (жиынтығы) . Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 125-бабында «интеллектуалдық меншік» пен «ерекше құқықтар» категорияларын теңестіру орын алған. Бұлайша теңестіруді себептерге байланысты қателік деп қарастыруға болады. Жоғарыда айтылғандай, интеллектуалдық меншіктің мүліктік құқықтармен қатар өзіндік мүліктік емес құқықтардың да жиынтығы болып табылатындығы белгілі.
Ал, Азаматтық Кодекстің 964-бабына сәйкес, ерекше құқық - интеллектуалдық меншік объектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы болып танылады және зерттеушілердің барлығы дерлік бұл құқықты интеллектуалдық меншік объектісіне құқықтардың ішіндегі ең бастысы деп таниды. Әйтсе де, ерекше құқық «интеллектуалдық меншік» ұғымы қамтитын құқықтар кешенінің бір бөлігін ғана құрайтындықтан, бұл құқықтық конструкциядан өзіндік мүліктік емес құқықтар тыс қалады. Осы айтылғандардың негізінде АК-тің 125-бабы 2-тармағының редакциясынан «Ерекше құқықтардың . . . » деген сөз тіркесін алып тастап: «Интеллектуалдық меншік объектісі болуы мүмкін интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мен дараландыру пайдалану . . . » деп беруді ұсынамыз. Бұл орайда, «интеллектуалдық меншік» және «ерекше меншік» ұғымдарын тең дәрежеде қарастырудың орынсыздығы Қазақстан Республикасы заңдарына ғана қатысты екенін айта кеткен жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz