Зоопсихология ғылымы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

1-дәрісбаян

Зоопсихология ғылымының даму тарихы

Жануарлардың психикасы адамдардың коршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады. Антикалық ойшылдарды әсіресе, жануарлар психикасының адам психикасына қатынасы мәселесі қатты қызықтырған. Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басына тән. Ол сол кезеңдегі ірі биологтар - Ж. Л. Леклерк-Бюффонның және Ж. Б. Ламарктың зерттеулерімен байланысты.

Зоопсихологияның дамуына одан кейін Ч. Дарвиннің жұмыстары үлкен әсер етті. Ч. Дарвин жануарлар мен адамдардың психикалық үрдістерінің пайда болу жалпылығын дәлелдеді, бірақ салыстырмалы психология дамуының бастапқы кезеңінде адам мен жануардың психикасының сапалық айырмашылығы көзден таса болды. «Антропоморфизм» бағыты пайда болды, ол - адаммен аналогиялық түрде алғандағы жануарлардың психикалық үрдістері туралы пайымдаулар.

Психиканың пайда болу және даму мәселесін әйгілі ресейлік психолог А. Н. Леонтьев қарастырды. Бейненің психикалық формасы өсімдіктерге тән тітіркенгіштіктен эволюция үрдісі барысында пайда болды. Леонтьевтің айтуы бойынша, тітіркенгіштіктің дамуы тек сандық күрделенуге ғана келтірілмейді, тітіркенгіштіктің сапалық жаңа формасы - сезімталдық, яғни -түйсінуге қабілеттілік пайда болады.

Отандық зоопсихологияның негізін салушы В. А. Вагнер болып табылады. Ол адам мен жануарлардың психикасында жалпы элементтердің болатындығын жоққа шығарған жоқ, бірақ олардың арасындағы сапалық айырмашылықтарды жуып-шаятын антропоморфизмге, сонымен қатар психиканың эволюциясын қарапайымнан адамға дейін тек сандық өзгерулердің шынжыры ретінде қарастыратын жазық эволюционизмге де қарсы шықты. Басқа бағыттар ("психофизикалық параллелизм") психикалық үрдістердің олардың материалды негізінен толық алшақтығына сүйеніп жасалды.

2-дәрісбаян

Зоопсихологияның пәні мен әдістері

Зоопсихология - жануарлық деңгейдегі психикалық бейнеленудің көрінулері, заңдылықтары мен эволюциясы туралы, жануарлардағы психикалық үрдістердің онто- және филогенездегі пайда болуы мен дамуы жайлы және адам санасының алғышарттары мен алғашқы тарихы туралы ғылым. Психика эволюция үрдісінде екі деңгейден өтті: төменгі және жоғарғы. Төменгі деңгей психикалық бейнеленудің басталуымен байланысты, ал жоғарғысы адам психикасының көрінуімен байланысты. Жануарлардың психикасын олардың жүріс-тұрысынан бөліп қарастыруға болмайды, бірақ жануарлардың жүріс-тұрысын этология ғылымы зерттейді. Бұл ғылымдардың арасында айырмашылықтар бар.

Этологтар жүріс-тұрысты жалпы биологиялық көзқарас тұрғысынан зерттейді. Жүріс-тұрыс оларды индивидуалды даму барысындағы және эволюция үрдісіндегі ортаның жағдайларына бейімделу факторы ретінде қызықтырады. Олар көбінесе тіршілік етудің табиғи жағдайларындағы жануарлардың инстинктивті жүріс-тұрысын, зерттейді және олар "жүріс-тұрыс биологиясы" теориясын қалыптастырған. Зоопсихология жүріс-тұрыстың психикалық аспектілерін көбінесе лабораториялық жағдайларда зерттейді. Сонда да, бұндай бөліну шартты болып табылады және бұл екі бағыт өзара тығыз байланыстардың арқасында дамиды.

Зоопсихологиялық зерттеулер үшін қазіргі кездегі техникалар кеңінен пайдаланылатын түрлі әдістер қолданылады. Бұл бірінші кезекте, табиғи жағдайлардағы жануарлардың жүріс-тұрысын бақылау үшін аудио- және видео жазба құрылғыларды, электронды чиптер мен компьютерлік техникаларды пайдалану.

Сонымен қатар, мынадай зоопсихологияның дәстүрлік әдістері пайдаланылады: I) жануардың ақыл-ойлық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған "лабиринт" әдісі; 2) "айналма жол" әдісі; 3) дифференциацияланған жаттықтыру әдісі жануардың объектілердің белгілерін ажыратуға қабілеттілігін анықтауға бағытталған; 4) жануардың интеллектуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған "мәселелік тор" әдісі; 5) жануардың ашық кеңістіктегі бейімделуін және белсенділігін зерттеуге арналған "ашық алаң" әдісі.

Жалпы психологияның түбегейлі мәселелерін шешу үшін, адамның психикалық іс-әрекетінің, оның санасының пайда болу және даму заңдылықтарының биологиялык тамырларын анықтау үшін зоопсихологияның мәнін қайта бағалау қиын болып табылады. Зоопсихологияның мәліметтері, сонымен қатар балалар психикасы дамуының биологиялық негіздерін анықтауға көмектеседі. Жануарлар онтогенезін зерттеу барысында табылған "сыни кезеңдердің", ортаның түрлі факторларына жоғары сезімталдық кезеңдерінің болуы баланы тәрбиелеуде ескеріледі.

Балалардың жануарлармен қарым-қатынас жасауында үлкен тәрбиелік және танымдық мән бар. Соңғы ғылыми мәліметтер бойынша балалардың жануарлармен (дельфиндермен, иттермен және т. б. ) қарым-қатынасы бірнеше психикалық ауытқулар мен ауруларда терапиялық та мәнге ие болады.

Жануарлар, сонымен қатар адамдардың психикалық іс-әрекеттерінің бүзылуларын зерттеу үшін модельдер ретінде де қызмет атқара алады.

3-дәрісбаян

ПСИХИКА ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1. Элементарлы сенсорлық психика

2. Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейі

Элементарлы сенсорлық психика дамуының төменгі деңгейіне бірклеткалы жануарлар - қарапайымдылар жатады. Инфузория сияқты қарапайымдылардың кейбір түрлері дамудың біршама жоғарғы деңгейінде болғанымен, керісінше, бірклеткалы жануарлар сияқты дамудың сол деңгейінде тұрған төменгі көпклеткалы жануарлардың түрлері де болады.

Қарапайымдылардың қозғалыстары үлкен саналуандылығымен ерекшеленеді. Дененің кеңістіктегі орын ауыстыруы локомоция деп аталады. Қарапайымдыларда локомоция кинездер түрінде іске асырылады. Кинездердің екі түрі бар: ортокинез - ауыспалы жылдамдықпен келу қозғалысы және клинокинез - қозғалыстың бағытын өзгертумен кеңістіктегі орын ауыстыру. Қарапайымдыларға жануарлардың басқа түрлерінде жок локомоцияның тәсілдері тән. Оларға "амебалық", "реактивті " қозғалыстар жатады, кейбір түрлер қыл тәрізді аяқтардың немесе талшықтардың - плазматикалық өсінділердің көмегімен орын ауыстырады.

Қысқартқыш бірлік миофибриллалардан - көпклеткалы жануарлардың Бұлшықеттерінің аналогиясы - мионемалар құралатын болып табылады. Сонымен, кинездер ортаның биологиялық мәнді факторларының интенсивтілігі градиенттерінің тікелей әсер етуінен болатын біршама примитивті инстинктивті қозғалыстар болып табылады. Бұл ортаның жағымсыз жағдайларынан қашуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл қабілеттіліктер ортаға негізгі бейімделу үшін жеткіліксіз.

Тітіркендіргіштің бастауы бойынша біршама адекватты бейімделу үшін клинокинетикалық және ортокинетикалық қозғалыстар қосымша түзетулерді қажет етеді. Және осындай бейімделу элементтерімен қарапайымдыларда қарапайым таксистер бар болып табылады.

Ортокинездерде кеңістікте ориентация жасау компоненті - сыртқы тітіркендірудің градиентіндегі орын ауыстыру жылдамдығының өзгеруінде көрінетін ортотаксис болып табылады. Клинокинездерде кеңістікте ориентация жасау компоненті - клинотаксистер болып табылады, олар қозғалыстың бағыты өзгергенде, сондай-ақ тітіркендіргіштің әсер етуінде көрінеді. Осылайша, таксистер деп қолайлы (жағымды таксистер) жаққа немесе ортаның қолайсыз жағдайларының жағына (жағымсыз таксистер) кеңістікте ориентация жасаудың тектік фиксацияланған механизмдерін айтамыз. Мысалы, жағымсыз ортотермотаксистер ортаның қолайсыз термикалық жағдайларынан түзу сызықты бөлінуде көрінеді. Қарапайымдыларда термо-, хемо-, гальвано-, фото-, тигмо-, гео- және басқа да таксистер кездеседі.

Ортаның өзіне тән жағымсыз компоненттері дистантты түрде таныладьі; биологиялық "нейтралды" белгілер, әдетте, сигналдық белгілер сияқты алшақтықта қабылданбайды. Тұтасымен алғанда оларға жағымды тітіркендіргіштерді іздегеннен гөрі, қолайсыз әсерлерден қашу тән болып келеді.

Қарапайымдыларда тіпті фобиялық реакцияларды да бақылауға болады. Мысалы, инфузория көбінше қолайсыз жағдайларға кез болғанда бірден тоқтайды және шабуылға дайындалып, "қорғаныс жағдайын" қабылдайды.

Қарапайымдылардың ең элементарлы формадағы үйренуге қабілеттілігі - әдеттенуге қабілеттілігі дәлелденді. Неміс ғалымы Ф. Брамштедтің эксперименттерінде бірнеше уақыт бойы үшбұрышты ыдыста ұстаған парамециялар оларды шеңбер ыдысқа ауыстырғанда да үшбұрышты траекторияны сақтап қалған. Әдеттенуді бейімделуден ажырата білу қажет. Әдеттену реакциялар жойылған кезде көрінеді. Мысалы, Н. А. Тушмалованың эксперименттерінде инфузориялар вибрацияға түскен. Бірнеше уақыт өткеннен кейін осындай үнемі әсер етуде олар оған әсерленуін тоқтатты (әдеттену) .

Бейімделу, керісінше, жаңа реакциялардың пайда болуымен сипатталады. Бұны өте жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге келгенде байқауға болады. Басында көздер қараңғы бөлмедегі заттарды ажырата алмайды, бірақ қысқа уақыт аралығы өткенде көре бастайды. Шартты рефлекстің пайда болуы үйренудің біршама жоғарғы деңгейіне -биологиялық мәнді және "нейтралды" тітіркендіргіштердің арасындағы уакыттық байланыстың қалыптасуымен сипатталатын ассоциативті үйренуге жатады. 140-160 сәйкестіктен кейін кейбір инфузорияларда (стенторлар мен сувойктар) жарықтық тітіркендіргішке қысқартылған жауап реакцияларын қалыптастыруға мүмкіндік туды, бірақ қарапайымдыларда ассоциативті үйренудің болатындығы туралы сұрақ ашық күйінде қала береді. Ең жоқ дегенде ол оларда бастапқы түрінде болады.

Бірақ сонда да, примитивті болса да қарапайымдылардың жүріс-тұрыстары микроәлемнің өзінше ерекше жағдайларында өмір сүруге жеткілікті иілгіш болып келеді. Микро әлем ортасы макро әлем ортасына қарағанда азырақ тұрақты, бірақ біршама кедейленген болып табылады. Сонымен қатар, микроорганизмдердің өмір сүруінің қысқалығы (үнемі болып отыратын клеткалардың бөлінуі) индивидуалды тәжірибені жинақтаудың біршама күрделі формаларының даму мүмкіндігін жоққа шығарады.

Қарапайымдылар типіне жататындардың жоғарғы өкілдері көптеген қатынастарда төменгі көпклеткалы омыртқасыз жануарлармен қатар дамиды. Және оларда элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіндегі көпклеткалы омыртқасыздардың (ішекқуыстылар, төменгі құрттар) кейбір формаларына қарағанда тіпті біршама күрделі жүріс-тұрыстар бақыланады. Осы жерде көрнекі тұрғыда мынадай жалпы зандылық көрінеді: психологиялық классификация зоологиялық классификациямен толығымен сәйкес келе бермейді. Бұл жерде басқа заңдылық көрінеді: психикалық дамудың біршама жоғарғы деңгейінің элементтері үнемі алдыңғы, біршама төменгі деңгейдің қойнауында туындайды.

4-дәрісбаян

Элементарлы сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі

Бұл деңгейге төменгі көпклеткалы омыртқасыздар - тікен-терілілер (иглокожие) мен жоғарғы құрттар (сақиналылар) жатады. Сақиналы құрттарға теңіздің көптікенді құрттары, жауын құрты мен сүліктер жатады. Көпклеткалы жануарларда алғаш рет әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге біріктірілген, түрлі қызметтер атқаратын арнайы клеткалар пайда болады. Алғаш рет примитивті нервтік жүйе - жеке мүшелердің, жүйелер мен организмдердің іс-әрекеттерінің тұтастай координаторы пайда болады. Төменгі көпклеткалы организмдерде нервтік жүйенің түрлі формалары бар, олар: торшалық (гидралар) ; шеңберлік (медузалар) ; радиальды (теңіз жүлдызшалары) ; билатеральды (жалпақ құрттар) және "нервтік баспалдақ" (сақиналы құрттар) түрінде кезедеседі. Бұл деңгейде сонымен қатар бас (цефализация үрдісі) және бас миы пайда болады - яғни нервтік элементтердің жинақталуы өтеді.

Қозғалыстар. Сақиналы құрттар негізінен теңіздерде және тұщы су суаттарында өмір сүреді, бірақ олардың кейбіреулері, жауын құрты сияқтылар топырақта өмір сүреді. Көптеген түрлерге конструктивті іс-әрекетке қабілеттілік тән және олар өздері жасаған түтікшелерде - өздігінше "үйшіктерде" өмір сүреді, үнемі сол жерден жем табу үшін "шабуылға" шығады. Құрылыс материалы ретінде ерекше бездерден бөлінген сөлдермен бекітілетін құмдар мен басқа да ұсақ бөлшектер болуы мүмкін.

Жабайы түрлер (көптікенділер) басқа құрттарға, моллюскаларға, шаянтәрізділерге және тіпті салыстырмалы түрде ірі жануарларға да шабуыл жасай алады. Кейбір түрлердің рационын балдырлар немесе түптің үстіңгі жағындағы органикалық қалдықтары құрайды. Сүліктер жақсы жүзеді, жорғалайды, жұмсақ жерлерде жол қазады, кейбіреулері құрлықта жүре алады және өз жемдерін - сүтқоректілерді және адамдарды құрлықтан табады. Сүліктердің қозғалыстарында олардың сорғыштары үлкен рөл атқарады. Алғаш рет өсінділер түріндегі жұп аяқ-қолдар - параподиялар пайда болады, олардан тактильдік және химиялық сезімталдықтың қармалауыштық мүшелері шығады. Ауыз қуысында жақтар пайда болады.

Сезім мүшелері және сенсорлық кабілеттіліктер. Осы деңгейдегі омыртқасыздарда сезім мүшелері олі әлсіз дифференциацияланған, сондықтан сипап сезудің, химиялык, сезімталдықтың және т. б. арнайы мүшелерін бөлу қиын болып табылады. Бұл жерде алғашқы сезім мүшелерінің плюромодалдылығы туралы, яғни жалпы, барлық тірі материяға тән сезімталдық жайлы айтылуда. Бірақ специализациясы энергияның жеке түрлері бойынша эволюция үрдісінде энергияның бір арнайы түріне специализацияланған унимодальды рецепторлық құрылғылардың пайда болуына алып келе алатын жоғарғы деңгейде болады. Сонымен термо-, хемо-, механо-, фото-, және басқа да рецепторлар пайда болады.

Бұл болжамға сәйкес көпклеткалы жануарлардың барлық, сезім мүшелері сипап сезу мүшелерінен - біршама аз дифференциацияланған рецепторлардан дамиды. Ішекқуыстылардың өзінде бұл мүшелер иіс сезу қызметін де атқарады. Бұнда алғашқы плюромодальдықтың қалдықтарын байқау қиын емес. Көз сияқты күрделі сезім мүшелерінің өзі эволюция үрдісінде төменгі қатардағы сезім мүшелерінен - сипап сезу мүшелерінен - "сенсиллдерден" пайда бола алады. Әйгілі отандық зоолог, омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы бойынша маман В. А. Догель айтқандай, басқа жағдайларда кері құбылыс та жиі орын алады, онда - омыртқасыздардың қандай да бір рецепторлары жоғалып кетеді және кейін бірнеше уақыт өткеннен кейін бірнеше өзгерген формада қайтадан пайда болады. Гидра мен жауын құрты жарықты денесінің бүкіл үстіңгі қабатымен қабылдайды. Көру мүшесінің эволюциясын медузалардың әртүрлі формаларының мысалында жақсы зерттеуге болады. Кейбір формаларда көздік дақ түріндегі жарықтық сезімталдық мүшесі болады, ол - жылтыр эпителилік қыртыстың астындағы көру және пигменттік клеткалардың жинақталуы. Басқаларда көздік дақ көздік шұңқыр қалыптастыра отырып, көру клеткаларын зақымданудан жақсырақ қорғау үшін тереңдікке кетеді. Және жоғары дифференциацияланған көру мүшесі аналогы - хрустальды көздік көпіршік пайда болады. Бірақ көру әлі де болса фотоскопиялық болып қала береді, заттық қабылдауға қабілеттілік жоқ болып табылады.

Сезім мүшелерінің симметриялық орналасуының арқасында примитивті таксистермен қатар жоғарғы таксистердің де бірнеше формалары бар. Неміс ғалымы А. Кюн мынадай түрлерден тұратын жоғарғы таксистердің классификациясын өткізді: 1 - тропотаксистер - симметриялық орналасқан ре-цепторлардағы қозудың интенсивтілігін теңдестірудің нәтижесінде қалыптасқан, бірдей әрекет ететін қозғалыс; 2 -телотаксистер - тітіркендіргіштің бір бастауын таңдау жөне соған қарайғы бағытта қозғалу; 3 - менотаксистер - симметриялық емес тітіркендіруде симметриялық орналасқан рецепторларда бұрышта тітіркендіргіштің бастауына қарай қозғалыс жасалады. 4 - мнемотаксистер - бейімделулерді индивидуалды есте сақтау, ол тек есі дамыған жоғарғы жануарларда ғана кездеседі.

Жүріс-тұрыстың иілімділігі. Көптікенді сақиналы құрттарда отбасылық жүріс-тұрыстың, агрессивтіліктің және қарым-қатынас элементтерінің бастамалары кездеседі. Бірақ негізгі агрессивтілік пен отбасылық жүріс-тұрыс қозғалыстар сигналдық мәнге ие болған кездегі ритуализациясымен сипатталады. Үйрену әдеттену деңгейінде. Ассоциативті үйренудің нәтижелері ұзақ сақталмайды.

Тұтасымен алғанда сақиналық құрттардың жүріс-тұрысы элементарлы сенсорлық психика стадиясына сәйкес келеді, себебі ол тек, Леонтьев бойынша, сигналдардың тіршілік етуге өмірлік маңызды негізгі биологиялық қызметтерінің пайда болғандығы туралы хабарлап отыратын қоршаған ортаның жеке қасиеттеріне ғана бейімделген. Бұл бейімделу тек бір ғана түйсіктердің негізінде іске асады. Заттық қабылдау әлі де бар, бірақ кейбір жерде жүретін ұлуларда (жүзімдік ұлу), сонымен қатар еркін жүзетін жабайы моллюскаларда және полихеттерде осы қабілеттіліктің бастамалары байқалады.

Бұл деңгейдегі жануарларда әлі де болса қолайсыз сыртқы жағдайлардан қашу басым болады, бірақ сонда да жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу жүріс-тұрыста мәнді орын алады. Олардың өмірінде сондай-ақ кинездер мен элементарлы таксистер үлкен рөл атқарады, бірақ сонымен қатар инстинктивті жүріс-тұрыстың күрделі формаларының бастамалары да кездеседі. Алғаш рет кеңістіктегі мәнді біршама дәл және үнемді бейімделуді қамтамасыз ететін жоғарғы таксистер пайда болады.

5-дәрісбаян

Перцептивті психика

Перцептивті психика дамуының төменгі деңгейі

1. Қозғалыстар

2. Нервтік жүйе және сезім мүшелері

3. Топтық жүріс-тұрыс пен қарым-қатынас және үйрену

Бұл деңгейде негізгі дағдылар мен қабылдау пайда болады. Элементарлы сенсорлық психикада тек жеке қасиеттердің бейнесі ғана орын алса, бұнда біртұтас бірліктер ретіндегі ортаның заттық компоненттері бейнеленеді. Заттық қабылдау жалпылаудың белгілі-бір деңгейін болжайтын болғандықтан, сезімдік елестер пайда болады.

Бұл деңгейге жоғарғы омыртқасыздар - бас-аяқты моллюскалар мен буынаяқтылар жатады. Мысал ретінде жануарлардың ең көп классы ретіндегі жәндіктерді қарастырамыз. Олар барлық жерлерде - құрлықта, барлық тұщы су суаттарында, сонымен қатар ауада да тіршілік етеді.

Жәндіктердің қозғалысы саналуандығымен ерекшеленеді. Олар барлық жерлерде тіршілік етеді және осыған тәуелді жәндіктердің локомоциялары үлкен саналуандылығымен ерекшеленеді. Еркек бөгелектің ұшу жылдамдығы сағатына 122 км. жетеді, ал кейбір жарғақ қанаттылардың қанат қағуының жиілігі - секундына 1000-ға дейін жетеді. Жәндіктердің бұлшық еттері ерекше жақсы дамыған, специализациялану мен дифференциацияның жоғарғы деңгейінің арқасында, олар өздерінің салмағынан көп ауыр салмақты көтеруге қабілетті болып келеді.

Нервтік жүйе және сезім мүшелері. Жәндіктердің бас миы - күрделі құрылған жұтқыншақ үстіндегі торап - ол үш бөліктен тұрады: 1 - біршама дамыған алдыңғы бөлік (протоцеребрум) . Алдыңғы бөлікпен күрделі көзді иннервациялайтын өте ірі көру бөліктерінің жұбы байланысты; 2 - мұртшаларды иннервациялайтын ортаңғы бөлік (дейтоцеребрум) ; 3 - ауыздық аппаратты иннервациялайтын артқы бөлік (тритоцеребрум) . Қол-аяқты моллюскалардың (сегізаяқтар) нервтік жүйесі дамудың жоғарғы деңгейіне жеткен. Олар жануарлардың барлық түрлерінің ішінде ең ірі көру мүшесі бар организмдер болып табылады, олардың көру мүшесінің диаметрі - 40 сантиметрге дейін жетеді. Жәндіктердің өмір сүретін арнайы жағдайлары (ортаның сапалық әртүрлі агенттерінің көптігі мен саналуандығы) оларды көптеген, өздігінше құрылған сезім мүшелерінің пайда болуына алып келді. Мысалы, көру мүшесінің құрылысы күрделі болып келеді (күрделі көз) және ол қабылдау ерекшелігі әлі күнге дейін ғылымға беймәлім болып келген көптеген қарапайым көздерден (омматидий) тұрады. Кейбір түрлерде саны жағынан әртүрлі қарапайым жалғыз көздер де болады. Омматидиялар басқа омматидиялардан дақтық салымшалармен шеттетілген және оларға тәуелсіз қызмет етеді. Әрбір омматидияда аксондары мидың оптикалық ганглилерінде аяқталатын 7-8 көру клеткасынан тұрады. Жеке омматидиялардан келетін көру тітіркендіргіштері біртұтас бейнеге жинақталады, яғни оларда заттық көру бар деген сөз. Олар форма мен түсті оптикалық қабылдауға қабілетті болып келеді.

Жәндіктер ерекше әлемде (микроландшафтлы жөне микроклиматты жерлерде) өмір сүретін болғандықтан, мысалы, қалақай көбелегінде, айқын көру тек жуықтап алғанда 2-3 сантиметр арақашықтықта ғана мүмкін болып табылады. Жәндіктер қозғалмалы заттарды немесе өздері козғалып бара жатқан сәтте тыныштықта тұрған заттарды жақсы көре алады.

Топтық жүріс-тұрыс пен қарым-қатынас. Бұл деңгейдің өкілдерінде негізгі топтық жүріс-тұрыстың өте күрделі формалары байқалады. Оларда сезімталдықтың барлық түрлері жақсы дамығандықтан, олар барлық сенсорлық каналдар бойынша ақпаратты берумен коммуникацияға қабілетті болып келеді. Өз уақытында аралардың тамақтың тұрған орны туралы ақпаратты беруіне көмектесетін олардағы рәсімденген "бидің" тілін шешу үлкен жаңалық болды. Бұл жаңалықты австралиялық ғалым К. Фриш 20 жыл бойы бал арасының жүріс-тұрысын зерттегеннен кейін жасаған болатын. Фриш бойынша жүгіріп өту сызығы мен көлденеңнің арасындағы бұрыш (соттың көлденең үстіңгі қабатында) ұшу сызығы мен аспандағы күннің орналасқан жерінің арасындағы бұрышына сәйкес келеді. Бұл жерде біз аралардың фотоменотаксистермен геоменотаксистерге транспозиция жасауға қабілеттіліктерімен кездесеміз: күннің орналасқан орнына бекітілген бұрыш жердің тартылыс күшіне ауыстырылады. Транспозиция жануарлардың арасындағы қарым-қатынастың негізінде жатқан трансформациялардың жеке жағдайы болып табылады: қоршаған орта заттарының қасиеттері оптикалық, акустикалық және басқа да сигналдардың түрлеріндегі арнайы кодтың көмегімен жануарлар тіліне трансформацияланады. Қарым-қатынастың инстинктивті формаларының ең жоғарғы деңгейі жүріс-тұрыстың рәсімденуі болып табылады. Рәсімдеу барысында кейбір тектік бекітілген позалар мен дененің қозғалыстары сигналдық, яғни ақпаратты беруші бола бастайды. Осы деңгейдегі жануарларға территорияны маркировкалау мен қорғауда көрінетін территориялык, жүріс-тұрыс тән.

Үйрену. Онтогенездегі кез келген инстинктивті жүріс-тұрыстың қалыптасуы индивидуалды тәжірибені жинақтаумен бірге жүреді, яғни инстинктивті жүріс-тұрыс үйренумен жетілдіріледі. Бірақ бұл деңгейде соңғы орынды инстинктіге қатысты бағынышты жағдай алады. Сонымен, жәндіктердің өмір сүру ортасының ерекшеліктері олардың психикалық дамуының ерекшеліктерінде бейнеленеді.

6-дәрісбаян

Перцептивті психика дамуының жоғарғы деңгейі

1. Қозғалыстар, сенсорлық қабілеттіліктер мен қарым-қатынас

2. Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы

3. Психика дамуының интеллектуалды кезеңі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоопсихология ғылымының даму тарихы
Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Психология. Жануарлардың интеллект мәселесі
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Психология ғылымының зерттеу әдістері жайлы
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері
Зоопсихологияның этологиямен байланысы
Зоопсихология - жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің эволюциясы мен заңдылықтар көріністері жайлы ғылым
Зоопсихология пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz