Ибн Сина философиясының батыс әлеміне ықпалы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ибн Сина философиясының батыс әлеміне ықпалы

Ибн Синаның еңбектерінен үлкен әсер алған христиан философтары Александр де Халес пен Уильям. Даверн болды. Сонымен қатар атақты христиан ойшылы Альберт Магнус өз еңбектерінің әpбip парағында Ибн Сина көзқарастарына сілтеме жасап отырған. Жаңа заман Батыс философиясының ішінде Ибн Синадан әсер алған атақты ойшыл Декартты айтуға болады. Ол Ибн Синаның рух мәселесін тікелей қабылдап, өз еңбектерінде көрсеткен.

Э) Яхуди философиясына әcepi:

Яхуди философиясының арасында ең алғашқы Ибн Синадан әсер алған Ибн Даут пен Муса иби Меймуй болды. Ибн Синаның міндеті және мүмкін болмыс идеясын яхуди ойшылдары кө6ipeк қолдады. Әбу Әли Ибн Синаның философиялық және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер қатарында келеді.

Әбу Әли Ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап шұғылданды. Жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң ол кітаптардан ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай мед. негіздерін өңдеп жетіктірді. Әcipece ескі юнан (грек) жұртының атақты дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысты, олар айтқан қағидаларды толықтырды, қатесін түзетті, ескірген ұғымдарын алып тастады. Әбу Әли Ибн Синаның арқасында Гиппократ иен Галеннің даңқы қайта жайылды, әйтпегенде Еуропада одардың еңбегі түгіл eciмi де ұмытыла бастаған еді. Оның күрделі туындысы - "Дәрігерлік ғылыымның каноны" ("Китабалканун фи-т тибб ") . бұл-көп. 200 баспа табақ, 5 кітаптан тұратын мед. энциклопедия. Араб тілінде сан peт көшірілді.

Латынша аудармасы 12 г-да жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүниежүзіне таралды. Күллі Шығыс пен Батыста Әбу Әли Ибн Сина осы кітап арқылы 5 - 6 ғ бойы мед. ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы болды. "Медициналық ханзада". " Шейх ур-райс" деген ұлы есімге ие болды. Баспа әдісі пайда болғаннан кейін "Каноннын" басылуы Інжілмен бәсекелес өтті. Араб тіліндегісін санамағанда лат. аудармасы 30 шақты peт басылды. "Канон" орыс, өзбек тілінде ғалымның 1000 жылдық салтаанатына байланысты Ташкентте (1954 - 60) басылып шықты. "'Медицина - саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру ушін адам тәнін зерттейтін ғылым", - дейді автор. “ Медицинаның 6ip бөлігі - білім, eкiншісі амал, мұның екеуі де ғылым, 6ipeуi медицинаның түп негiзi болса. Eкiншici-амал жасау ережелері'" Әбу Әли Ибн Синаның ең негізгі насихаты - саулықты күні бұрын сақтау. Бұл жөнінде оның қоятын шарттары: тағамды талғай бiлу, денені шынықтыру және таза ұстау. Бұл ережелер осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Ал ғасырлар бойы бұған еліктеп жазылған кітаптар да өте көп. Саулық сақтау жолдарын. Әбу Әли Ибн Сина былай деп көрсетеді: "Дене құрылысының гармониясын 6ip қалыпты ұстау тағам мен ішімдікті талғау, дәрет тәртібін мұхияттауға киім мен мен ауа тазалығын ұстау, дене мен рух бірлестігін көздеу, ол ушін ұйқы тәpтi6iн бұздырмау. Дене шынықтыру үшін жаттығулар әр адамның жасына, күшіне сәйкес әр қилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру, ал қуаты азайған егде кісілepre жаяу жүру пайдалы. Сол сияқты бозбалаға шарт тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал. Жасы келіп қартайған шақта ұйқыны көбейту, жьлы суды булау, қабылдау. Қышқыл, тұзды тағамды азайтып, сүт қopeктepiн, өсімдіктерді әcipece, сарымсақ, қызылша мен капустаны көбірек пайдалану керек", - дейді. "Канондағы" саулық сақтау үшiн дәрігерлер қолданатын ережелердің ең маңыздысы - қанағат. Тамақтануда шаршап ішуде, дәрі пайдалануда, нәпсіге де, қомағайлыққа да жол бермей, қанағат eту.

Әбу Әли Ибн Сина қалдырған мұраның ішінде ізгісінің бірі ауру кеселді қоздырмас үшін күні бұрын шаралар қолдану. Бұл жөнінде ережелер тек дәрігерлерге арналған уағыз ғана болған жоқ, ғасырлар бойы қоғамға пайдалы ережеге айналды. Мыс. сол дәуірде Үpгeнiш, Самарқан, Отырар, Тараз сияқты қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз су тазарту тәртіптері өкімет тарапынан қадағаланып отырды. Бұл тәртіптер Әбу Әли Ибн Синаның және оның шәкірттерінің ықпалымен жүзеге асырылды.

Таң қаларлық жағдай: Әбу Әли Ибн Сина кесел аурулардың жұғуы көзге көpiнбeйтiiн өтe ұсақ нәрселермен байланысты деген пікip айтты. "Бұзылған иicтенген су iштi бұзады, ал бұзылған ауа шешек, оба кеселдерін қоздырады. Аурудан сақтану үшін ауыз суды сүзіп, қайнатып iшy шарт", - дейді ұлы ғалым. Әбу Әли Ибн Сина ауру кеселдің түрін анықтауға жалпы емшілікке, хирургияға аca көп көңіл бөлді. Әр түрлі мүшенің зақымдануы. жара, қызба ауруларын толық сипаттап жазды. Науқастың pеңi, бет-әлпеті тамыр соғуы. Зәрдің тyci мен түpi арқылы ауру кезеңін байқауды замандастарына үйрете білді. Кеудені түрткілеу арқылы өкпе нұқсанын анғару әдісін кең пайдалана білген. Бұл диагностикалық әдіс Еуропада 18 ғ-да қайта табылып, кең өpic алды. Әбу Әли Ибн Сина келтірген көптеген ауру-кеселдер сипаты осы уакытқа дейін маңызын сақтауда. Мысалы, өткен 1000 жылдың ішінде құтыру ауруының жұғу жолдары, бастамасы, қозуы тiптi өзгеpicciз деуге болады. Ал Еуропада бұл кеселдің толық белгісі тек 18 ғ-да ғана сипатталып жазылды. Көздің құрылысы мен қалай көретіндігіне оның берген ұғымы осы күнге дейін қалпында. Әбу Әли Ибн Сина келте кесу (ампутация) . шекебұрғылау (трепанация), қуықтан тас алу, онымен қатар жара тану, білтелеу, сынық салу амалдарын да үйретіп кетті. Әбу Әли Ибн Сина ауруды емдеуде дәpiнi кең қолданды. Гиппократ дәрінің 200 түрін үнді тәрбибтері 800 түpiн пайдаланған болса, Әбу Әли Ибн Сина Дәуірінде 2600 түрлі дәрі қолданылып, оның жартысынан көбі өсімдіктерден алынған. Әбу Әли Ибн Сина көптеген дәрілерді жасау, дайындау, сақтау әдістерін ұсынды.

XII ғ. екінші жартысына қарай, Ибн Синаның ғылыми беделінің мұсылмандық Испанияда орныққаны coншалық, діни билікті мазаландыра бастады. Бұл мазасыздықтың көpiнici валенсиялық Ибн Иубайраньң (1145-1217) екі қатар өлеңдерінен байқалады, онда рухани көсемдері әл-Фараби мен Ибн Сина болған секталардың пайда болғандығы туралы айтылады. Ол аталмыш сектаның бос нәрсемен айналысатынын, өйткені діннің шынайы даналығын философияның жалған даналығымен айырбастағылары келеді деп жырлады. Латындық батыста Ибн Синаның аудармалары тарала бастаған кезде Аристотельдің азғана eңбектері белгілі еді. Бұл аудармалардың құндылығы үш жақты боллы: олар сол уакытта христиандық Батыста бар нәрселерден гөpi Аристотельді анағұрлым терең түсіндірмелер берді олар Аристотельдің негізгі еңбектеріне түсініктемелер берді; және ақырында, солардьң арқасында осы уакытқа дейін философия мен дінің синтезі болып келген аристотельдік проблематиканың философиялық жүйесі тәртіпке келтірілді.

Әбу Әли Ибн Синаның ортағасырлық батысеуропалық философиялық ойдың дамуына тікелей ықпалы, жалпы алғанда ойдьң канондалу дәстүрі содан басталғанына қарамастан, қарама-қайшылықта болды. Бұл қарама-қайшылық пен бірізділіктің болмауы батысеуропалық теологтардың әл-Фараби еңбектерінің мәтіні мен Ибн Сина шығармашылығы тұсындағы әлеуметтік мәдени ахуалды дұрыс түсінбеуінен туындады. Сондықтан бұл ойшылдардың философиялық көзқарастары интеллектуалдық қозғалысқа борышты: аристотелизмнің діни ойдың тірегіне айналуы мен грек және парсы неоплатонизмімен байланыстың арқасында Әулие Августин ілімінің қайта жаңғыруы. Мұның бастауында Ибн Сина тұрды. Ортағасырлық батысеуропалық ойға, сондай-ақ Ибн Синаның жаратылыстанымдық ғылыми еңбектері де үлкен әсер етті.

Философия болса, өзінің неоплатондық қырларымен қызықтырды және соның ықпалының таралуы барысында латын авиценнизмі деп аталатын ағым пайда болды. Оның ықпалы философияда, ғылымда, әдебиетте, әcipece медицинада айқын сезіледі. Бұл ықпал толедолық архиепископ Иоанның (XIIғ ) "Жан туралы" трактатынан басталды. "XII Ибн Синаның ықпалы Вильгельм Овернскийден, Париж университетінде францискандық оқытушылардан, Александр Гельскийден, Жан де ля-Рошельден, Бонавентурадан, ағылшын францискандары-Роберт Гроссетестен және Джон Пеккамнан анғарылады. Бұл ықпаддың шырқау шегі Роджер Бэконнан көрінеді.

Ибн Сина орта ғасырдағы, араб-мұсылман философиясының өзге де өкілдері сияқты, схоластикаға тікелей ықпал етті және бұл ықпал грек аристотелизмнің үлгici ретінде емес, оның алдьнда жаңа көкжиектер ашты. Ықпалдың күшті болғаны соншалық, Роджер Бэкон Ибн Синаның ұлы пайгамбарлардың қатарында атады. Синаға бірдей сілтеме жасай отырып, қарама-қарсы көзқарастарды ұстанды. "Латын авиценнизм ” Аврелий Августин ілімінің дәстүрлерінде жарқын көрініс тауып, "авиценналанған августиандық” деген атқа ие болды. Ибн Синаның мұрасы оның еврей ізбасарлары арқылы да Европаға танымал болды, олардың ішіндегі ең белгілісі-Монсей Маймонид.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Ислам өркениеті және мұсылман философиясы
Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі
Ибн - Сина философиясы
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Ибн Синаның Аллаһ түсінігі
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері
Сөнбес жұлдыздар
Ислам философиясы және Әл-Ғазали
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz