Ибраһим Алтынсарин жайлы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ибраһим Алтынсарин

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі Ыбырай
Алтынсарин. Ол заманның ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ
балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін
ашушы. Болыстық бастауыш мектептер мен училищелерді ұйымдастырушы. Қазақ
елін қараңғылық бұғауына н алып шығып, көзін ашып, көкәрегән оятуды
көздеген қамқоршысы. Жастарға өмірлік оқытудың есігін айқара ашып,
болашағын меңзеген өнер білімінің жалынды жаршысы. Бұқарашыл көзқарастағы
оқу жүйесін негіздеуші. Өз өмірін халқы үшін еңбек етуге түгел жұмсаған
адал жанды, зор жүректі, шын мәніндегі адам.
Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының тым мешеу кезінде, қазақ ауылының
үстіне төнген қара түнектің жиегі көтерілмей тұрған кезде өмір сүреді
Ревалюцияғ дейін ақ белгілі ғылымдар Ыбырайға назар аударып,
оның ағартушылық қызметіне
Тілектестік білдірді. Әсіресе, Казань Университетінің прафессорлары мен
Орынбор оқымыстылары, қала интелегенциясының көрнекі өкілдері оған ақылшы
болып, сарқылмас таланты мен қажырлы жігеріне назар салды.
Ыбырай тұстастарының бірі Ф Д Соколов 1889 жылы ақын өліміне қайғырып
жазған хатында былай деген болатын: Қазақ халқы оны өте құрметтейді. Орыс
поселендері де оны қайырымды және әділ адам деп танитын.Қостанай
интелегенциясын ол жоқ жерде көңілсіздік басатын, сол қоғамға жан беретін
адамдай және көңілді сүйкімді кеңесші ретінде барлық жерлерде де оны өзгеше
бір қуанышпен қарсы алатын
Ыбырай оқытушылық, ағартушылық жұмысты өзіндік жеке мақсат деп есептеген
емес. Оның қоғамдық мәніне тереңіне түсініп, сол игілік үшін өзін құрбан
етуге даяр болған адам. Қазақ елінлегі қараңғылықтың торын бұзып, ел көзін
ашыу, тағылық зардабын тартқан халықтың аянышты тағдырына аз да болса
көмек ету азаматтық борышым деп білді. Ағарту ісін өзінің адамгершілік
мұратын санаған Ыбырай сол жолға басын тігіп, қандай қиындыққа да көнді.
Сөйтіп ол оқу ағарту ісінің үгітшісі ғана болып қойған жоқ, соның қажырлы
күрескері саналады.
Ыбырай өз елін халқын шын сүйген адам. Өз халқының ауыр халқын көріп
қайғырған шын мәніндегі патриот.
Өткен ғасырдағы қазақ мәдениетінде бір-біріне мүлдем қарсы екі бағыт
болды.
Бірінші бағыт – төрелердің,байлардың мүддесін көксеп, қазақ елін
кертартпа патриархальдық-феодалдық қоғамның салтында қалдыруды
көздеді.Бұлар қазақ хандығы тұсындағы артта қалған өмірді аңсап,тарихты
кері шегіндіруге тырысты.Өздерінің шығармаларында бұлар хандарды, олардың
жұрағаттарын, ірі байларды дәріптеді.Осындай реакцияшыл бағытта Мұрат,
Шортанбай сияқты байшыл ақындар болды. Бұл ақындар ұлы орыс халқының
жоғарғы сатыда дамып, өрлеп келе жатқан мәдениетіне қарсы шықты,
араб,парсы елдерінің әлдеқайда артта қалған мәдениетін мақтады, қазақ
мәдениетін осы елдердің мәдениеті бұғауында қалдыруды көздеді.Бұл байшыл
ақындар ислам дінің дәріптеп, халықтың басын шыр айналдырды.
Екінші бағытта болғандар – араб, парсы елдері мәдениетінің артта
қалғандығын, сол тарихи кезеңде кертартпа екендігін халыққа түсіндіруді
көздеді. Патша әкімдерінің, төрелердің, байлардың еңбекші халыққа істеген
зорлық-зомбылықтарын әшкерелеп, бұлар халық бұқарасының мүддесін көкседі,
ұлы орыс халқының прогрессивтік мәдениетін дәріптеп, онымен қазақтың халық
мәдениетін ұштастыруды көздеп, демократиялық бағытта дамытуға
бастады.Бұлар:Шоқан Уәлиханов, Ибраһим Алтынсарин, Абай Құнанбаев сияқты
белгілі ағартушылар.
Осы мақалада біз әрі терең ой-пікірдің иесі, әрі ұлы педагог, көркем
сөздің ұстазы,белгілі ғалым Ибраһим Алтынсаринның өмірі мен творчествосына
біраз тоқталмақпыз.

Ибраһим Алтынсарин 1841 жылы 20 қараша күні қазіргі Қостанай облысы,
Затобол ауданында туып, 1889 17 шілде күні ертеңгі сағат 11 шамасында,
Қостанай қаласының 3 шақырымдай жерде, Тобыл өзенінің иіні, Инспектор
көлі жағасында салдырған өз үйінде дүниеден қайтыс болды.
Ибраһим Алтынсариннан екі ұл бала, екі қыз бала – небәрі 4 бала қалған.
Ибраһимнің үлкен баласы әкесінің тірі кезінде Қостанай қаласындағы орыс-
қазақ мектебіне түсіп, сауатын ашқаннан кейін Тройцк қаласындағы гимназияда
оқыды.
Ибраһим Алтынсарин 4жасында әкесі өлгеннен кейін төрт жылдай атасы
Балғожа бидің қолында өседі.
Балғожа Жанбырчин белгілі би ірі бай болған кісі. Ол ұзақ уақыт
Орынбордағы погран комиссиясы қол астында, қыпшақ руына старшина болып
қызмет істеген, патша үкіметінен шен-шекпен алған ірі феодалдың бірі.
Жас кезінде Ибраһим Алтынсарин үйінен кетіп мектепке түсіп, орысша оқып
тәрбие алған.
1850 жылы Орынбор қаласында, қазақ балаларына арналып, 7 жылдық мектеп
ашылды. Бұл мектепке Ибраһим Алтынсарин 9 жасында түсіп, оны 1857жылы өте
жақсы деген бағамен бітірді.
Патша үкіметінің реакцияшыл саясатын бүркеу мақсатымен жұршылықтың
боямақшы болып, жергілікті патша әкімдері бұл мектепті ашуда түрлі
әрекеттердә жасады.Мысалы айтылған мектеп 22 тамыз күні 1850 жылы
ашылды.Сол күні жергілікті комиссиялық үкімет Орынбор қаласына сұлтандарды,
белгілі ақсақалдарды, ірі байларды шақырып, олардың құрметіне той жасады.
Жаңа ашылған мектепке 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ибраһим, оқуға
түсті.Жергілікті өкімет орны оқушы қазақ балаларына өзгеше түрлі киім
тіктіріп кигізді және оларға қазақша тамақ астырып бергізетін
болды.Жергілікті патша әкімдерінің той істегендегі, оқушы балаларға өзгеше
түрлі киім кигізіп, қазақша тамақ астырып жүргендегі мақсаты патша
өкіметінің өрескел реакцияшыл саясатын бүркеу еді.
Балалар мектепте орыс тілі, кеңсе қатынас хаттарын жазу үлгілері, есеп,
татар тілі сияқты пәндерді және мұсылман діні сабағын оқыды.
Балалар жұма күні намаз оқуға міндетті болды. Жас болғандықтан олар
ораза ұстаудан босатылды.
Бұл мектепті ашқандағы патша өкіметінің мақсаты – ауылдық жердегі
өкімет орындарына орыс және татар тілдерінде іс жүргізіп отыратын сауатты
писарьлер дайындапшақыру болды.
Патша өкіметінің мақсаты оқушы қазақ балаларына өзінің колониялық
саясатына сәйкес тәрбие беру болды, бұл мақсатта ислам дінін пайдаланып,
балалардың көздерін бояп, бастарын шырмауға тырысты.
Күн сайын оқушы балалар арасында келіп, оларға молда:Құдайға
сыйыныңдар, Мұхамбеттің үмбетісіндер, патшаға құл болыңдар деп үгіттеді.
Патша өкіметі прогрессивтік дамуға көлденең тұра алмады.Оқушы
балалардың ішінен прогрессивтік бағытқа еліктегендері де болды, бұл
жөнінде, әсіресе, Ибраһим өзінің құрбыларынан озат шықты.
Қолда бар деректерге қарағанда, мектепте оқып жүрген кезінде, Ибраһим
Алтынсаринге Орынбор қаласында тұратын орыс демократтарының әсері болды.
Самодержавиеге қарсы күресте орыстың ұлы демократтары, олардың ішінде
Герцен,Орынбор қаласына, Қазақстанға үлкен мән берген болатынды,-мұңы біз
Огаревтың Нечаевке жазған хаттарынан анық көреміз.Ибраһим ұлы орыс
мәдениетіндегі жетістіктерімен, әсіресе орыс әдебиетіндегі озат
жетістіктерімен танысуға ынтызар болды. Ол сабақтан қолы босаса-ақ орыстың
ұлы ақындары Пушкиннің, Лермонтовтың, көркем сөздің ұстазы Гогольдың -
тағы басқалардың мейлінше құмарланып оқиды.
Олардың шығармаларын оқумен қабат, Ибраһим Орта-Азия халықтарынан шыққан
Фердауси, Низами, Навои сияқты белгілі ақындардың да шығармаларымен
танысты.
Ибраһим Алтынсарин көркем шығармаларды, тарих, философия пәндері
кітаптарын сол кезде Орынбор погран комиссиясында қызмет істейтін белгілі
ғалым В.Григорьевтің жеке кітапханасынан алып оқып, бірте-бірте білімін
арттырды.
Ибраһим көп оқи алмай қалдым деп арман етеді.
Ибраһимның осы жинаққа енген хаттарына көңіл аударып , бірсыпыра шолып
оқып таныссақ, оның өзбетімен оқуы арқасында ғана білімін көтергендігі
сезіледі.
Ибраһим орыс тілін жете білген кісі.Ол шығыс халықтарының тілдерінен де,
әсіресе, татар, араб тілдерінен де толық хабары болған адам.
1857 жылы, мектепті бітіргеннен кейін, Ибраһим Алтынсарин халық ағарту
майданында қызмет істеуді мақсат етті.Бірақ, бұл мақсатына Ибраһим бірден
жете алмады, себебі, бұл кезде Қазақстанда ғылым сатында ашылған халық
мектептері шынында жоқ болатынды.
Сондықтан, 1860 жылы ол Орынбор облыстық басқару мекемесіне тілмаш
болып кіріп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Ыбырай Алтынсарин көз жұмды
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин
Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
«Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин»
Таңдамалы шығармалар
Педагогика. қазақ педагогтарының еңбектері мен ой-пікірлері көзқарастары
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық - саяси көзқарастары
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы туралы
Әлемнің белгілі ойшыл, педагогтары
Пәндер