Иіс сенсорлық жүйесі



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Иіс сенсорлық жүйесі

Иіс сезу хеморецепцияға жатады. Негізі, химиялык сезгіштіктің үш түрін
ажыратады: жалпы химиялық сезгіштік, дәм сезу және иіс сезу. Осылардың
ішіндегі ең жоғарғы сезгіштігі және спецификалығы бары, заттың небәрі
бірнеше молекуласымен жанасудан қозу күйіне келе алатыны - дистанттық, яғни
иіс сезу хемороцепторлары. Әр түрлі иіс заттары үшін тітіркендіру табалды-
рықтары бірдей болмайды. Мәселен, үшнитробутилтолуолдың бір литр ауадағы мг-
ның млардтан бір бөлігіндей мөлшерін адам сезе алады. Бір иіс сезу
рецепторын иіс затының бір молекуласы қоздыра алады, ал рецепторлардың аз
ғана санының козуы түйсік туғызады. Сөйте тұра зат әсерінінің шамасының
өзгеруін бағалау (айыру табалдырығы) адамда жақсы жетілмеген. Иіс күшінің
минимальды өзгергенін сезу үшін оған бастапқы иістің 30-60 процентін косу
керек. Иттерде бұл көрсеткіштер 3-6 есе аз болады. Анализатор сезгіштігіне
түрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, ауа буларының болуы тітіркендіру
табалдырығын төмендетеді. Таза ауа да сондай әсер етеді. Иіс заттарының
иіс сезу облысына түсуінін қиындауы табалдырықты жоғарылатады (тұмау
кезінде). Әлсіз иісі бар затты қайталап иіскеуден тітіркендіру табалдырығын
төмен-детуге болады (сенсибилизация жүреді). Ми қыртысындағы баска
анализаторлар зоналарында (мысалы, керу зонасында) туған қозу
иррадиациаланса, иіс анализаторының да қозғыштығы жоғарылауы мүмкін. Теріс
индукция, керісінше, қозғыштыкты төмендетеді. Адам мен жануарларда бұлардың
көмегімен түраралық коммуникация, бағалау, сондай-ак, қоршаған ортадағы
биологиялық маңызды химиялық сигналдар туралы хабар алу іске асады.
Иіс сезу жүйесінің шеткі бөлімі жоғарғы мұрын жолдары облысында жатады (5-
8 см2). Омыртқалы жануарларда иіс сезу зпителиінің калындығы 30-дан 200 мкм-
ге дейін болады (70-сурет).
Онда клеткалардың үш типі бар; рецепторлық, тірек және базальдық.
Рецепторлық клеткалар диаметрі 5-10мкм-дей және тірек клеткалардың арасында
орналасады.
Адамда рецепторлық иіс сезу клеткаларының жалпы саны - Ю млн.-дай. Әр иіс
сезу клеткасынын, беткейінде түйреуіш тәрізді біраз жуандаған белім болады.
Бұдан ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,3 мкм-дей 6-12өте жіңішке тұкшелер
шығады. Түкшелер Боумең бездері жасайтын сұйық ортаға батырылады. Түкшелер
болуының арқасында рецептордың иіс затының молекулаларымен контактыға
түсетін ауданы ондаған есе артады деп есептеледі. Түкшелердің белсенді
қозғалу қызметінін, де бұл процесте (иіс заттарының молекулаларын ұстау
және олармен жанасуға түсуде) тиісті рөлі бар болу керек. Иіс сезу
клеткасындағы түйреуіш тәрізді бөлім маңызды цитохимиялық орталық деп
саналады, шамасы, сол жерде рецепторлық потенциал генерацияпанатын болу
керек. Бұл клеткалар алғашқы сезгіш рецепторларға жатады.
Хемероцепторлар бетқейі, әдетте, сілекеймен қапталып тұрады. Ол
структураланған матрикс ретінде рецептивтік беткейдің тітір.
Иісті қабылдаудын, көбірек тараған теориясы - стереохимиялық теория. Бұл
тұсінік бойынша, рецепторлык иіс сезу клеткаларының мембранасында белгілі
конфигурациялы учаскелер (белсенді рецепторлық орталықтары) бар. Оларға
белгілі пішінді адекватгы тітіркендіргіш молекулалары адсорбцияланады.
Бұлардын, белсенді топтары, атомдары немесе иондары мембрана спецификалык
белоктарымен байланыска тұсе алады. Аталған учаскелерге өздеріне сай
келетін молекулалар орналасқан соң мембрананың ол жерінде деполяризация
жүреді де, қозу туады. Иіс рецепциясының теориясы бойынша, бұл процестің
бастапқы ізвеносында өзара әрекеттесудің екі түрі болуы мүмкін: иіс
затының молекуласы мен рецептивтік учаске бір-біріне соғылғанда зарядтың
контактылы тасылуы және молекулалық комплекстің және заряд тасушы ком-
плекстің түзілуі . Түзілетін комплекстің тұрақты компоненті - белсенді
учаскелері электрондар доноры және акцепторы функциясын атқаратын
рецепторлардың белокты молекулалары.
Бұл теорияның елеулі бір моменті: иіс заттары молекулалары мен
рецептивтік учаскелер арасындағы көп нүктелі (бірнеше жерінде) өзара
әрекеттесу жүреді деп есептеу. Осы теорияға сүйеніп, алғашқы иістер дап
аталатын иістер үшін рецепторлық учаскелер модельдері жасалды. Бес түрлі
алғашкы иіс бар деп есептеледі: камфара, мускус (жұпар иіс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көру анализаторының физиологиясы
Заманауи дегустациялық анализ ұйымы
«Жануар текті өнімдерді сенсорлық талдау» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Жасуша денесі
Сенсорлы анализ ғылымына кіріспе
Элементарлы сенсорлы психика сатысы
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Лиганд-рецепторлық қатынастардың механизмі. Сенсорлық мембраналық-ядролық рецепция
Шартсыз рефлекстердің классификациясы
Иіс сезу мүшелері
Пәндер