ИММУНИТЕТТІК ТӨЗІМДІЛІК



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ИММУНИТЕТТІК ТӨЗІМДІЛІК

Иммунитеттік төзімділікті 1953 жылы Медавар ашты. Эмбрионалдық даму
сатысында донорлық линияның қан жасушаларын тышқан организміне енгізгенде
трансплантант ұзақ уақыт сақталады екен. Ертеректе (1942, 1944 ж) Бернет
пен Феннер иммунитеттік паралич құбылысын ашқан. Ересек тышқанға пневмококк
полисахаридін көп мөлшерде еккенде, антидене синтезделуі тежелген. Осы
ғалымдардың, сонымен қатар совет ғалымдары Г.В.Лопашов, О.Г. Строева (1950)
ұйғарымы бойынша организмнің өз антигендерін өзге антигендерден айырып білу
процесі эмбрион сатысында қалыптасады, яғни жүре пайда болатын құбылыс. Осы
теориядан табиғи төзімділік құбылысының болатыны шығады.
Медавар мен Гашек жұмыстарының арқасында төзімділікті сан түрлі
антигенге қалыптастыруға болатыны анықталды, мысалы, ақуыздарға, микроб
антигендеріне ж.т.б.
Бәрінен бұрын төзімділік құбылысының мәнін Бернет түсініп қорытынды
шығарды. Ол жасап шығарған иммунитеттің клон-сұрыптау теориясында осы
құбылысты түсіндіру негізгі қағида болып саналады. Эмбриондық даму
сатысында организмдегі антигендермен әсерлесе алатын клондар сақталып
қалады. Яғни өз антигендеріне төзімділік пайда болып әсерлеспейтін қасиет
пайда болады.
Осы тұрғыдан қарағанда иммунитеттік төзімділік – ареактивтілік. Осы
антигенмен контактіде болғандықтан пайда болған, онымен арнайы әсерлесуге
лимфоидтық жасушалардың мүмкіндігі жойылған құбылыс.
Осы жұмыс үшін Медавар мен Бернетке 1960 жылы Нобель сыйлығы
тапсырылды.
Қазіргі кезде жаңа эксперименттік фактілердің пайда болуы арқасында
иммунитеттік төзімділік мәселесінің күрделі теориялық мәні болып отыр. Кей
кездері антиген антидене синтезіне қатысты төзімділік тудырғанымен осы
антигенге қарсы жасушалық реакциялар сақталып қалады. Кейде керісінше,
антидене синтезі сақталып, жасушалық иммунитет реакциялары бұзылады. Яғни,
жартылай төзімділік пайда болады: гаптенге немесе таратушыларға арналған
түрі, оны басқа түрде "жартыланған" төзімділік деп атайды. Толық төзімділік
те болуы мүмкін, яғни, гаптенге де, таратушыға да толеранттік, бұл жағдайда
тегі бөтен антиген организмде иммунитеттік реакциялар қоздырмайды.
Т-супрессорлардың табылуы мен қызметінің анықталуы иммунитеттік
төзімділік антигенге қарсы жасушалардың жойылуынан емес, Т-супрессорлар
белсенділігімен қамтамасыз етіледі деген түсінікке жеткізді. Яғни,
организмде антигенмен әсерлесе алатын лимфоциттер болады, бірақ олардың
қызметін Т-супрессорлар тежейді. Бұл түсінік "жартыланған" төзімділік
құбылысында түсіндіре алады. Антигенмен әсерлесу процесінде организмде
негізінен Т-Т немесе Т-В белсеніп, соның салдарынан не Т-жасушалық, не В-
жасушалық төзімділік туады.
Осы тұрғыдан қарағанда аутоиммундық процестерде организмнің өз
антигендеріне төзімділіктің жоғалуы Т-супрессордың қызметі төмендеуінен
шығады, соның арқасында өз антигендеріне қарсы реакция жүреді.
Төзімділіктің осы екі теориясы бірін-бірі толықтырады деп қарау
керек, яғни, клон-жетіспеушілік және супрессорлық төзімділік. Біріншісі
антигенге сәйкес лимфоцит клоны жетіспеуінен туады, не олардың блокадада
болуынан шығады. Жетілмеген В-лимфоцит антигенмен кездескенде көбею
қабілетінен айрылатыны анықталып отыр, соның салдарынан осы антигенмен
әсерлесе алатын В-лимфоциттердің біртұтас клоны естен шығады. Сондықтан
жас организмде, әсіресе эмбрионда төзімділікті оңай қалыптастыруға болады.
Осылай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІСІККЕ ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ
Фагоцитоз құбылысы
Иммунитет туралы
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Иммунопатология
ИММУНОЖЕТІСПЕУШІЛІК ЖАҒДАЙЛАРЫ
Иммунитет
Германия, Англия және Сотүстік Европа елдеріндегі феодалдизмнің дамуын, ішкі –сыртқы саясаттың барысын зерттеу
Жануарларды клондау
Ағзаларды клондау
Пәндер