Қазақстандағы инвестиция



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
максаттары ... ... ... ... ... ... . ...4

2. Қазақстанға шетел инвестициясын тартудың тиімділігі ... ... ... ... ...5

3. Қазақстандағы инвестицияны басқару
ерекшеліхтері ... ... ... ... ... .. ...5

4.Тікелей инвестшщяларды мемлекеттік
қолдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...11

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..12

Кіріспе

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарыктық экономикаға көшу
сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі,
қатынастардың жаңа жүйесі барысынада инвестиция көздері түпкілікті
өзгереді.

Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи
тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа
мүмкіңдіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика
дамуының жалпы денгейі мен карқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді
және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес
келмеді.

Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді.
Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді, ал инвестициялық экономикалық
механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады. Республикада
құрылысты өз күшімен 50-ден артық әр түрлі министрліктер жүргізді.

Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық
белсенділікті қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экономикасына отандық пен
шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды қүруды жорамалдайды.
Ынталандыру құрамына келесілер кіру қажет: шетел мен отандық инвесторлар
үшін қолайлы климат жасау; жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал
салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын
пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвести-циялық
жобаны әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына
сәйкестігін алдынала міндетті сарапшылдаудан кейін, жарыс (конкурстық)
негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халыкаралык
ұйымдармен бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржылан-дыру мен қайта
қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.

Қазақстанға шетелдік капиталды келтіруге байланысты инвестициялық
ахуалдың негізі бағыт-бағдарында оларға неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер жасау
жатыр.Шетелдік инвестициялардың тасқынды келуі үшін барлық әкімшілік
рәсімдерді оңайлату керек.

1. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау максаттары

Қазақстан әлі жас мемлекет болғандықтан , ол өзінің әлеуметтік
–экономикалық хал–ахуалын жақсарту үшін өзіне көптеп инвестиция тартуы
керек. Бірақ та , судың да қайтарымы бар дегендей, кейінірек ол тартылған
инвестицияны қайтарудың жолын да іздеу керек. Сондықтан біз көбінесе
шетелдік инвестицияны тартуда дұрыс механизмді қолдануымыз керек.
Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті
қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік
капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды. Ынталандыру
құрамына келесілер кіру қажет: шетел мен отандық инвесторлар үшін қолайлы
климат жасау; жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының
үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан
алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестициялық жобаны әлеуметтік-
экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын-ала
міндетті сараптаудан кейін, жарыс (конкурстық) негізінде орталықтандырылған
капитал салымдарын үлестіру; халықаралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік-
коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір
кеңейту. Осы кезде ғана біз инвестицияны дұрыс тарты алатын және оларды
басқара алатын боламыз.

Қазақстанда Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заң (28
ақпан 1997 ж.) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі -инвестицияларды
жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.

Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган,
инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР-на тікелей
инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру; инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық
келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық
жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды
атқарады.

Инвестициялар бойынша ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген, ең маңызды
өндірістерге салынатын инвестициялар, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың
бүкіл кезеңінде мемлекет тарапынан ынталандырылатындығы мен
қолданатындығы Жарлықта бекітілген.

2. Қазақстанға шетел инвестициясын тартудың тиімділігі

Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту
жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі - шетел
инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.

Әрине кез келген стратегияның құндылығы түпкі ойында емес, сәтті жүзеге
асырылуында. Ал біздің жағдайымызда сәттілік көбінде шетел инвестицияларын
белсенді тарту мен инвесторларға саяси кепілдер беруді болжайды.

Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа
әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна
ретінде қажет. Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде
ұлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қаты-настарға бейімделу
дәрежесін арпыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік
туғызады.

Шетелдік инвестициялар рыногында ахуал оларға мұқтаж Шығыс Еуропа, Тәуелсіз
мемлекеттер достастығы елдерінің үлкен сұранысына байланысты елеулі
бәсекелік туғызып отыр. Капиталды импорттаушылар санының капиталды
экспортшылар санының едәуір көп екенін ескерсек Қазақстанның қабілетін
артыруға мүмкін болған жағдайдың бәрін жасау керек.

Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықгарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен,
тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын
республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді.

Қазақстанға шетелдік капиталды келтіруге байланысты инвестициялық ахуалдың
негізі бағыт-бағдарында оларға неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер жасау
жатыр.Шетелдік инвестициялардың тасқынды келуі үшін барлық әкімшілік
рәсімдерді оңайлату керек. Бұл жерде әңгіме визалар алу, шекара және кеден
бақылауынан өту, жұмыс істеу құқығына ел ішінде жүріп-тұруға рұқсаттар беру
жөнідегі ережелер туралы болып отыр.

3. Қазақстандағы инвесппщяны басқару ерекшеліктері

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарыктық экономикаға көшу сапалы
жаңа инвестициялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, қатынастардың
жаңа жүйесі барысынада инвестиция көздері түпкілікті өзгереді. Егер
реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірынғай. қатаң
орталыктандырылған қайнар көзге - КСЮ-ның мемлекетік бюджетіне тәуелді
болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі, ең алдымен меншік
көздерге бағдарланады.

Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи
тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа
мүмкіңдіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика
дамуының жалпы денгейі мен карқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді
және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес
келмеді. Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан
жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО
елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің
өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды.
Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал
материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-
3 және одан да көп есе артық болды.

Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі, олардың соңғыға емес,
аралық өнімге бағдарлануы болды. Инвестицияның негізгі бөлігі
өндірістік салаға бағытталынды.

Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар
құрады, яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды, бұл әрине қоғамдық
өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы сәйкессіздікке әкелді.
Бұл қоғамның әлеуметгік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді.
Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді, ал инвестициялық экономикалық
механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады. Республикада
құрылысты өз күшімен 50-ден артық әр түрлі министрліктер жүргізді.

Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа
жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады.
Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің
алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдык құрлымдарды құру,
сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел
инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру
мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен
органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені
қабылдануда. Соның ішінде, Шетел инвестициялары туралы Заң
(1991 ж.); Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже
(1993 ж.); Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық
агенттігін құру туралы ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992 ж.);
Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ҚР
Президентінің Жарлығы (қараша 1996 ж.); Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық қорлар туралы ҚР-ның Заңы (наурыз 1997 ж.) және жекеленген
жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.

Бұл құжатгар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс
орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық
потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік
инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді
шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен міндеттерін
анықтады.

Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдердің экономикалық мәні
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Инвестиция және қазіргі таңдағы оның жағдайы
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы инвестициялық климат
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты: тенденциясы мен нәтижелері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялар
Инвестицияның негізгі түрлері
Инвестиция және экономика
Пәндер