Инвестициялық портфельді басқару



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Инвестициялық портфельді басқару

Клиенттердің инвестициялық портфелін басқару қызметі бағалы қағаздар
рыногының қатысушысы болып табылатын кәсіби басқарушыға өз қаражатын
басқаруды сеніп тапсыруға әзірлік танытып отырған инвесторлардың кең
ауқымына арналады.

Инвестициялық портфельді басқару клиенттердің ақша қаражатын оның өз
қажеттігіне қарай және заңнама талаптарына сәйкес құрастырылған
Инвестициялық декларация негізінде қор рыногындағы әр түрлі қаржы
құралдарына инвестициялау арқылы іске асырылады.

Компанияның инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметін заңды
тұлғалар да, жеке тұлғалар да пайдалана алады.

Инвестициялық портфельді басқарудың клиенттер үшін негізгі басымдықтары:
Инвестициялық бағыттар мен құралдардың кең ауқымы;
• Қаржыны инвестициялау мерзімінің икемділігі;
• Клиенттер үшін кәсіби басқарушылар тәжірибесін пайдалану мүмкіндігі;
• Инвестициялық табыс инфляция деңгейінен және банк депозиттері бойынша
табыстан жоғары болады;
• Табысқа салық салу барынша оңтайландырылған.

Инвестициялық портфельді басқару қызметін ұсына отырып, компания клиентке
мынадай қолдау көрсетеді:

Клиент үшін табыстылық пен тәуекелдік қаупінің оңтайлы үйлесімдігін
қамтамасыз ететін жеке дара инвестициялық стратегия жасауда;
• Бағалы қағаздардың түрлері мен тобына қаржылық талдау жасауда;
• Инвестициялық портфель құрастыруда және оның құрылымдарын жасауда.

Инвесторлардың құқығы былайша қорғалады:
Басқарушы компания қызметіне ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды
реттеу және қадағалау агенттігі арқылы мемлекеттік лицензия беріледі және
реттеледі.
• Қор қызметіне міндетті аудиторлық тексеру жүргізу талап етіледі.
• Қор активтерін басқару, сақтау және тіркеу функциялары Басқарушы
компания, кастодиан және тіркеуші арасында бөлінген.
• инвестициялық тәуекелдерді азайту мақсатындағы Басқарушы компания
қызметінің шектеулері.
• Кастодиан-банк тарапынан Басқарушы компания қызметіне жүргізілетін
бақылау, қор активтерінің құрамы мен құрылымына қойылатын бақылау.
Ұлттық компаниялар акциялары халыққа сатылса, жалақыны өсірмеуге де болады

Бірінші есеп
ІPO-ға акциясын шығарған қазақстандық тұңғыш компания Қазақмыс
корпорациясы екені белгілі. Сондай-ақ компания акциясы Лондон қор
биржасында сатылғаны да ақиқат. Яғни компания өз акциясын шетелдіктерге
сатты. Біз бұл үшін компания басшылығын кінәлай алмаймыз. Өйткені ол кезде
қазақстандық қор биржасының жұмысы ешкімді де қанағаттандырмайтын. Біздің
бұл мақалада айтайық дегеніміз акцияның қайда, кімге сатылғаны емес, оның
пайдалылығы ғана. Сондықтан да қосалқы сұрақтарды санадан шығарып, нақты
мәселеге төтесінен кірісейік. Сонымен, өткен жылда акциясын ІPO-ға
орналастырған отандық корпорация құны бастапқы деңгейінен 13 есеге
жоғарылап шықты. Ал осының 10 есесі акция орналастырған күннің ертеңіне-ақ
өмірге келді. Яғни корпорацияның әрбір акциясы сатылған күннің ертеңіне-ақ
бастапқы құнынан 10 есе қымбаттап шыға келді. Енді есептеп көріңіз, акция
сатып алушы бастапқыда 1000 долларын жұмсады деп алсақ, келесі күні-ақ оны
10 мың долларға сату мүмкіндігіне ие болды. Ал 2006 жылдың аяғында бастапқы
1000 доллар 13 мың доллар әкелетін деңгейге жетті. Мінекей, қазақстандық
нақты корпорация өмірінде нақты болған ақиқат есеп осы. Біз бұл арада
бөлшек санды ұсақтамау үшін де есепке алмадық. Бұдан шығатын қорытынды –
корпорация акциясының Лондонда сатылған көлемінің ең болмаса тең жартысы
қазақстандықтарға сатылса, оны сатып алушы жерлестеріміздің қалтасы 13 есе
қалыңдап шығатындығы. Бірақ олай болмады, қалыңдаған қалта шет ел
азаматтарынікі. Қазақстандықтар мұндай майшелпекке кенеле алмай тұр.

Екінші ақиқат
Өткен жылдың аяғында Қазақтелеком компаниясы акцияларының бір бөлігі
Қазпошта арқылы қазақстандықтарға сатылды. Кімнің қанша акция сатып
алғаны белгісіз, бірақ компания басшылығының соңғы мәлімдеулеріне
қарағанда, сатуда іркіліс болмаған. Акцияның шығарылған мөлшері сатылды.
Біз біліп отырған ақиқат сол – мұндай компанияның акционері бір жыл ішінде
кемі 10 пайыздық дивиденд алатындығы. Ол ол ма, Қазақстанның даму қарқынына
сәйкес оған қызмет етуші локомативтердің бірі – біз әңгіме өзегіне алып
отырған бұл компанияның да акциялары таяу болашақта 10 пайыз емес, еселеп
өсуі әбден мүмкін. Өйткені таяудағы бес жыл ішінде Қазақстанның ішкі жалпы
өнімі кемі екі есеге артады. Ал сол өнімді өндіруші инвестиционерге қызмет
етуші компаниялардың акция құны әрқашан да және іркіліссіз өсе беретіні
экономика ғылымы заңдарымен дәлелденген. Тіпті елдегі мұнай қоры
таусылғанның өзінде халықаралық байланысқа қызмет етуші коммуникациялық
компаниялар акциялары төмендеген кез әлемнің экономикалық тарихында
тіркелмепті. Машина, электронды-тұрмыстық техника, тіпті азық-түлік
өндіруші компаниялар банкротқа ұшырап жатқан күннің өзінде көлік және
коммуникация саласындағы компаниялар пайдалы жұмыс істей береді екен.
Демек, Қазақтелекомның акцияларын сатып алған жеке тұлғаларды алда нағыз
байлықпен кездеседі деп есептей беруге болады.

Үшінші ақиқат
Мемлекеттік активтерді басқару үшін құрылған Самұрық холдингінің
жетекшісі Сауат Мыңбаев таяуда ұлттық компаниялар акцияларының белгілі бір
бөлігі ІPO-ға шығарылатыны жайлы мәлімдеме жасады. Құптарлық қадам. Өйткені
жеңіл несиенің өзі ешқандай компанияны өрге бастырмайтыны бесенеден
белгілі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздарды басқару портфелі
Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу
Қаржылық инвестициялық портфельді қалыптастыру және бағалау
Кәсіпорының инвестициялық портфелін таладау
Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері
Инвестициялық портфель ұғымы
Инвестициялық қызметтің бағалы қағаздар нарығындағы мәні мен мазмұны
Бағалы қағаздар портфелін басқару
Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері
Портфельдік инвестициялардың теориялық негіздері
Пәндер