Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері
1.1.Инвестициялық портфельдің маңызы мен мәні
1.2.Инвестициялық портфельдің жіктелуі мен түрлері
1.3.Инвестициялық портфельді қалыптастыру және оның онтайлы тиімділігі

2. Кәсіпорының инвестициялық портфелін талдау
2.1.Портфельдік инвестициялау қаржыландырудың көзі ретінде құрылуы
2.2 Кәсіпорының инвестициялық портфелін басқару
2.3 Инвестициялық портфель табыстылығын бағалау

Қорытынды

Пайдаланған әдебинттер тізімі

Кіріспе

Қазiргi кезде инвестициялық стратегияны негiзiнде шет ел инвестициясын
тарту бағытында дамыту керек. Оны экономикалық кризистiң алдын-алу
мақсатында қолдану керек. Осыған байланысты халық шаруашылығының
қажеттiлiктерiн: толығымен, салалар және аймақтар бойынша қаржыландыру
көздерiн ескере отырып, инвестицияны тиiмдi пайдаланудың кiлтi болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жолдауына сай – экономикаға
экономикалық өсудi қамтамасыз ету бәрi осы инвестицияға байланысты.
Осы алда тұрған мәселенi қарастыру өте қажеттiлiктi тудырады, ең
алдымен оның iшiндегi инвестиция тартудағы мемлекеттiң рөлi. Елiмiздiң
Президентi қарастырғандай соңғы 3 жыл экономикадағы макроэкономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету, монетарлық және несиелiк саясатты жүргiзу және
бюджет дефицитiн қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан соңғы жылдар
нақты экономиканы сауықтыруына, әлеуметтiк саясатты қамтамасыз етуге
жiберiлу керек.
Сонымен қатар, ең керектi мәселе болып шетел инвесторларын қорғау
табылады. Қазiргi кезде келесiдей экономика секторлары бар: табиғи
ресурстарды қарастыру, инфраструктура, ақпарат және коммуникация, бұлардың
бәрi елiмiзде негiзгi рөлдi атқарады. Бұл салаларды дамыту экономикаға ғана
әсер етiп қоймай, әлеуметтiк жағдайды қалыптастырады. Бұл капитал сыйымды
салаларға шетел инвестициясын тартып қана қоймай және оған мемлекеттiк
қадағалау керек.
Мiне сондықтан бiздiң экономикамыздың өсуiне көмегiн тигiзетiн
қаржыландыру көзi – инвестиция болғандықтан, мен оны курстық жұмыс
барысында, сол инвестиция жайлы мәлiметтердiң бәрiн, оның экономикадағы
әсерi туралы жайды қарастыруға тырысамын.
Ол өз алдында әлемдік экономикаға аяқ басудың алғы шарты еді. ҚР-дың
Президенті Қазақстан Республикасының халқына жолдауында қоғамды дамытудың
негізгі бағыты экономикалық өсуді бөліп көрсеті.
Сонымен , менің курстық жұмысымның бастапқыда айтылып кеткен
инвестициялық жағдайларға байланысты, қазіргі кездегі компаниялардың және
шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық портфельдеріне үлкен мән
бердім. Яғни мұнда әр шаруашылық жүргізуші субъектілер тәуекелге бара
отырып, түрлі бағалы қағаздар портфелін инвестициялау арқылы максималды
ақша түсімін немесе табыс табу болып келеді. Бұл мақсаттқа жету үшін
олардың бірнеше кезеңдерден өтуді қамтамасыз етеді.
1. Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері
1.1 Инвестициялардың маңызы мен мәні
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі
кезінде пайда болған термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің
шеңберінде жалпы капиталдық салымдар деген түсінік қолданылатын, осы
түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар,
пайлар,акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар,
қондырғылар,лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде
инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен
тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі
болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымға
қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор
нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы
дамыған (АҚШ, Канада, Ұлыбритания,Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині латынның investire – жұмылдыру сөзінен
алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен
қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері
бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның
нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар,
қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза
инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін
жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін
сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни, біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда
жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі
бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың
үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық
инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне
едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-
бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға
жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық
іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі
алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі, қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай
да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен
айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын
мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе
ірі тәуекелге; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Инвестициялық портфель дегеніміз – бұл кәсіпорынның жетілдірілген
инвестициялық стратегияларына сәйкес және орта мерзімі кезеңдегі
инвестициялық қызметті жүзеге асыруға арналған нақты және қаржыландырылған
инвестициялық объектінің нысаналы жиынтығы болып табылады.
Инвестициялық портфельді қалыптстыру бұл инвестициялау объектісінің
нысаналы және мақсатты іріктеу процессі болып табылды.
Инвестициялық портфельдің негізгі меқсаты бұл инвестициялық портфельдің
сипаттамаларын қамтмасыз ету есебінен инвестицияның тиімді шарттарын құру
болып табылады.

1.2 Инвестициялық портфельдің жіктелуі мен түрлері
Инвестициялық портфель келесідей түрлерге жіктеледі:
1. Табыс көзіне байланысты келесідей түрлерге бөлінеді:
а) өсу портфелі – бұл курстық бағасы өсіп келе жатқан бағалы қағаз
құралады. Өсу портфелінінің мақсаты табыс алумен қатар портфельдің
капиталдық құнының өсуі болып табылады. Өсу портфелінің өзі бірнеше
түрлерге бөлінеді:
- жылдам өсу
- орташа өсу портфель болады.
Жылдам өсу портфельді тәуекел жоғары болады. Бірақ үлкен табысқа
жетуықтималдылығы бар.
Орташа өсу портфелінде бір бөлігі ірі компанияның ұзақ мерзімді бағалы
қағаздан тұрды.
б) Табыс портфелі бұл портфельдің мақсаты процент немесе дивиденд
түрінде жоғары табыс алуға негізделген.
Инвестициялау мақсаттарының жетістіктеріне сәйкес келесідей түрлерге
жіктеледі:
1. Балансталған портфельдің мақсаты табыс табумен қатар бағалы
қағаздармен жасалынатын барлық операцияларды жетістіктерге жетуді
қарастырады. Яғни бұл портфельдің құрылымы жоғары табыс әкелетін
бағалы қағаздан тұрады.
2. Ақша нарығы портфелі бұл портфельдің негізгі мақсаты капиталды
толық сақтап қалу болып табылады.
3. Құрылымдық жағдайына байланысты инвестициялық портфель келесідей
түрлерге бөлінеді:
- тіркелген портфель
- ауыспалы портфель
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізінен түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мыналар қолданылады:
1) Инвестициялардың түрлері;
2) Ақша құралдарын салу объектілері,
3) Инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) Инвестицияландыру кезеңі;
5) Меншік түрлері;
6) Инвесторлардың қатысу түрлері;
7) Тәуекел дәрежесі;
8) Ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлері бойынша топтайды:
• Ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
• Жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• Авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды
құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
• Жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік
құқықтар;
• Қандай да бір өндірісті (бірақ, патенттелген ноу-хау емес)
ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе
ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2.Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
• Нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды
активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар –
кәсіпорынның нагізгі және айналыс капиталын
қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге
салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға,
станоктарға,қосымша материалдық бұйымдарға,дайын өнімдерге
айналдырылған құралдар;
• Материалдық емес активтер – лицензиялардың, патенттердің,
тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға
кеткен шығындар;
• Қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға
ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар,
банктік салымдар;
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі
түрлерге бөінеді:
• Тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша
құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей
қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар, инвестор
инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады,
оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге,
инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға,
дайын өнім өндірісіне;
• Жанама инвестициялар – бұл ақша құралдарын өз қалауынша,
неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын
түрлі қаржылық делдалдар арқалы (инвестициялық қорлар
және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар
инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал
алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас
басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды
портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге
бөледі:
• Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа
мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
• Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
• Азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы
кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша
құралдары;
• Мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен
мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• Қайта құралып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу
немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір
бөлігін иелену ( шектеулі меншік қоғамына үлестік
қатынас);
• Инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе
шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне
алу;
• Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар
арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
• Табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану
құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• Тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде
қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу
қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс
қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым
инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды
бағалау ретінде қолданылады;
• Тәуекелді инвестициялар.Инвестициялармен байланысты
тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы,
уақыт,салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді.
Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс
істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне
және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді,
сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын
әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру,
өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту,
мемлекеттік тапсырыстарды орындаужәне т.б.). Дәрежені
бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
➢ Барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы
мүмкін;
➢ Жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік
табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
➢ Барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
• Жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша
іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың,
ғимараттардың салынуы;
• Шарушылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі -
өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық
жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі
кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді,
жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген
кәсіпорындарды кеңейту;
• Шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру –
моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған
қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының
профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық және жартылай
қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
• Техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың,
өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-
экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара
кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау
концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты
бағалау үшін қажет.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып
бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпк, ауыл шаруашылығына,
құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да
кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды
сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -
өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші – жағдайда
инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын
ұлғайтады.
Инвестицияның негізгі түрлері әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды
бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іксе
асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірбиеде мұндай инвестициялардың түрлері:
• табиғи активтерге инвестициялар;
• ақша активтеріне инвестициялар;
• материалдық емес активтерге инвестициялар.
Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету
уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналармен жабдықтар және өндіріс
процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша
қаражаттын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер,
облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдіктер және т.б.
Материалдық емес активтерге – фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке
оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау
тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу,
өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар
жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
• Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі
мақсаты – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс
қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру
арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
• Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты -
өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттігін кеңейту.
• Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа
өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
• Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған
инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік
ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнң қауіпсіздігі және басқа да
жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында
қолданылады.
• Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәкелшілдік деңгейімен байланысты.
Инвестициялардың түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде
көрсетілген:

• 1.3. Инвестициялық портфельді қалыптастыру
және оның оңтайлы тиімділігі.
Инвестициялық портфель – бұл капиталға салынатын қаржы құралдары,
яғни меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға,
облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы.
Құнды қағаздарды инвестициялаудың мақсаты – процент алу, капиталды
сақтау және капиталдың өсуін қамтамасыз ету. Егер де негізгісі процент алу
деп есептесек, онда артықшылықты қабілетті, жаңа компаниялардың өнімділігі
төмен және қауіп- қатері жоғары құнды қағаздардан тұратын портфельге беруге
болады, алайда, егер іс сәтті қалыптасса, жоғары проценттер әкелінетін
болса және керісінше, егер де инвесторлар үшін ең маңыздысы капиталды сақта
және үстелуін қамтамасыз ету болса, онда белгілі компаниялардың немесе
мемлекеттің азғантай тәуелдікпен және күні бұрын күтетін орташа немесе аз
проценттік төлемдер шығаратын, үлкен өтімділікке ие болатын құнды қағаздар
портфеліне қосылады.
Инвестициялық портфельді қалыптастырудың басты мақсаты – не ол, не
бұл капиталды салу формасына байланысты, сөйтіп, салымның сенімділігін және
ең үлкен кепілдік табысты қамтамасыз ететін, мүмкіншілігі барынша бірін-
бірі өтеу тәуекелділігі болып табылады.
Құнды қағаздар портфелін жасау үшін ақша қаражатын қандай болса да
қаржы активтерінің бір түрін инвестициялау жеткілікті. Алайда, практикада
портфельдің мұндай тұрпаты едәуір сирек кездеседі; анағұрлым көбірек
дамыған, әртараптандырылған портфель, яғни бірнеше құнды қағаздар түрінен
тұратын портфель.
Портфельдің мұндай тұрпаты көпшілігінде өзінің қасиеті арқасында
тұрақты болымды нәтижеден тұрады.
Инвестициялық қаржыдан алынған пайданың маңызды мезеті портфельді
ойдағыдай басқару. Портфельді басқару әр түрлі құнды қағаздар жиынтығына
иелік істеу өнерін түсіндіреді, тек олар өзінің құнын сақтау ғана емес,
сонымен бірге қандай болса да тәуелдікке байланысты емес түпкілікті табыс
табу.
Қағида бойынша, портфельдерді басқару екі тәсілге бөлінеді –
активтік және пассивтік.
Активтік басқару – инвестициялық портфельден алынған табыс
мөлшерінің болжайтындығын сипаттайды.
Пассивтік басқарудың мәні – күні бұрын тәуекелдік деңгейі анықталған
және портфельді өзгеріссіз жағдайда ұзаққа ұстап қалатын жақсы
әртараптандырылған портфельдерді жасаудан тұрады.
XX ғасырдың 60 жылдың ортасына дейін шет мемлекеттерінде
портфелді бақаруда активтік әдісті қолданған. Бұл әдісті қолданған
менеджерлер тәуекелге және күтілетін табыстылыққа болжамдарын қарастырған.
Егер, бұл болжамдар оңтайлы болса, онда портфель жоғарғы табыстылық әкеледі
деген ой қалыптасқан.
Ал Марковиц теориясы қалыптасқанда, яғни оптималды портфельді
басқару пассивтік әдіске иемденді. Пассивтік басқаруда нарықтық оптималды
портфельді қалыптастыру нарықтық қор атына ие болды. Пассивтік портфельді
қалыптастыруда менеджер негізгі нарықтық желі (Capital Market Line,CML)
және берілген инвестордың айырмасыздық қисығы қолданады.
Бір этапты бағалы қағаздарды таңдау , менеджер барлық
жинақтық бағалы қағаздардан табыстылығы, стандарты ауытқуы және
ковариациясына байланысты оптималды портфель қалыптастыру керек.

Екі этапты бағалы қағаздарды таңдау.
1. бірінші этапта – бірінші активті класстан оптималды портфель
қалыптастыруды таңдау және басқа класстан активтен құрылған оптималды
портфель таңдау.
2. екінші этапта – бірінші және екінші активтік класстан жалпы бағалы
қағаздар портфелін қалыптастыру.
Бұл бағалы қағаздарды таңдау әдісі близорукость деп атайды,
себебі, жалпы портфельді қалыптастырған кезде бірінші және екінші класс
бағалы қағаздар арасында ковариация жүргізілмейді немесе қолданбайды.
Екінші этапта, инвестордың қаражаттарын бірінші және екінші класстар
портфеліне бөлінуі активтер орналастыру болып табылады. Активтерді
орналастыру этапында екі портфель арасында оптимальды табыстылықты,
стандартты ауытқуларды және ковариацияны болжамдайды. Бұл жалпы портфель
құрамын және инвестордың таңдаған портфелінің табыстылығы стандартты
ауытқуларға байланысты болатынын анықтайды. Активтер тарапынан бірінші
класқа – акция ,ал екінші класқа – облигацияны жатқызуға болады.
Мысал. Оптималды портфелдерде орналасқан 4 акциялардың үлес салмағы
мен 3 облигацияның үлес салмағы берілген. Екінші этапта активтерді
орналастыру кезінде инвестор қаражаттарының 70% акция және 30% облигация
сатып алуға бағытталған.
Жалпы активтер портфелінің үлес салмағын анықтаңыз.
Шешу нәтижесі 4 және 5 бағаналарда қарастырылған.
Екі этапты бағалы қағаздарды таңдау көп этаптыға ауысу болады, егер ,
бірнеше топтар (секторлар) енгізсе. Активтік және пассивтік басқаруды кез
келген этапта қолдануға болады.
Отандық экономика дамуының ерекшелігі, инвестициялық портфельді
әртүрлі екі жағынан жақындатуға мүмкіндік береді:
• классикалық көзқарас негізінде инвестициялық портфельді қалыптастыру;
• экономикалық нақты жағдайын еске ала отырып, инвестициялық портфельді
қалыптастыру;
Бұл екі көзқарасты салыстыру, олардың қасиеттері мен
айырмашылықтарын көрсеті өте маңызды. Ең әуелі классикалық инвестициялық
портфельдің орнын түсіндіре кетелік:
1. Инвестор белгілі кезең ішінде әбден оңайлы инвестициялы болуы
керек және кезең аяғында пайдамен алынады,
2. Портфельдің құрамының өзгеруі осы кезең ішінде
қарастырылмайды.
3. Портфель әр уақытта дивиденд бола алады.
4. Құнды қағаздардың портфельге қосылуы екі параметрмен
сипатталады – болжамды табыс және стандарттық ауытқу.
Енді портфельдің нақты айырмашылық бет әлпетіне тоқталайық:
1. Бағым портфельнің, яғни оның табысы оған кіретін
қағаздардың бағым құнының өсуінен құралады.
2. егер де классикалық портфельде салынған портфель
қайтарымын сенімді уақиғалар деп есептелінсе, онда нақтыда олардың азаюы
мүмкін және тәуекелдіктің азаю әдісі ретінде портфель көзқарасының
мәнділігі артады.
3. қаржы құрылымының өзгеруі мүмкін. Сонымен ұзақ мерзімді
жоспарлау әдісіқолданылады, яғни осындай портфельді басқарудың мақсаты –
пайданы күнделікті ауытқудан емес, ол ұзақ мерзімді беталыс негізінде табу.

2. Кәсіпорының инвестициялық портфелің талдау.
2.1. Портфельдік инвестициялау қаржыландырудың көзі ретінде құрылуы

Портфелдік инвестициялау дегеніміз-инвесторлардың пайда табу мақсатында
бағалы қағаздарды сатып алуға, яғни бағалы қағаздар портфелін құруға
жұмсалған ақша қаражаттары. Бағалы қағаздар портфелі бұл бірнеше, әр-түрлі
инвестициялық қасиеті бар бағалы қағаздардың жиынтығы. Бағалы қағаздар
портфелін басқарудың басқа да анықтамалары бар:
• Бір немесе бірнеше мақсаттарға жету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ПОРТФЕЛІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кәсіпорының инвестициялық портфелін таладау
Автономды және индуцирлі инвестицияның теориялық негіздері. Кәсіпорынның инвестициялық портфелінің тиімділігін талдау
Бағалы қағаздар нарығы және оны қалыптастырудың теориялық-методологиялық негіздері
Инвестициялық стратегия - табыс стратегиясы
Бағалы қағаздарды басқару портфелі
Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері
Компанияның қаржылық активтер портфелін басқару
Табылған бағалы қағаздар
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Пәндер