ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

Қ.МУСАБЕКОВ
экономика ғылымдарының докторы
А.Ясауи атындағы ХҚТУ

М.ЖАНАТАЕВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

В этой статье рассматриваются проблемы необходимости и принципы
государственного регулирования инвестиционного процесса.

This article deals with some problems of the need for principles of
state regulation in the investment process.

Бүгінде экономиканы дамыту барысында, әсіресе инвестициялық нарықта
мемлекеттің рөлі мен оның қызметтерін қайта қарастыру қажеттілігі туды.
Экономикалық ілімдер тарихында инвестициялық нарықты реттеуге қатысты екі
негізгі бағытты ажыратуда. Неоклассикалық деп аталған бірінші көзқарас
бойынша, инвестицияларды реттеуде нарықтың өзін-өзі реттеу үстемділік
ету керек, неоклассик-экономистер инвестициялық нарықты максималды түрде
либерализациялау қажет, ал оған елдің әлеуметтік-экономикалық үрдістеріне
мемлекеттің максималды түрде араласуы; инвестициялық әрекетке салық
жеңілдіктерін белгілеу; инвестициялық әрекеттің табысына салық салу
ставкаларын төмендету шаралары жатады.
Кейнсиандық мектебінің өкілдері мемлекетті әлеуметтік-экономикалық
үрдістерді реттеудің орталығы деп есептейді. Олардың пікірі бойынша,
инвестициялық нарықты дамытуда мемлекет маңызды орын алады.
Кейнсианшылдардың көзқарасы бойынша, мемлекеттің инвестициялық процестерге
араласуы инвестициялық нарыққа қатысушылар әрекетін регламенттеу мен қатаң
бақылау жүргізу, капитал қозғалысына әр түрлі шектеулер белгілеу арқылы
жүргізіледі.
Сонымен бірге экономикалық реттеуінің жаңа формаларына өтудің екі
негізгі түрін атайды: либералды және дирижисттік. Либералистер ...таяу
уақытта экономикаға мемлекеттік араласуының ескі формаларын қысқартып, заң
шығару мен оны орындалуын қадағалау, минимальды әлеуметтік міндеттер
жағдайында табиғи монополияларға бақылау секілді маңызды қызметтері бар
жаңа мемлекеттік апарат құруды... ұсынады.
Либералдар ерекше көңілді антиинфляциялық саясатқа бөледі. Дирижисттік
көзқарасқа сәйкес, транзиттік экономика жағдайында өнеркәсіп саясатына
ерекше көңіл бөлінетін, экономиканың ең маңызды салаларына өз меншігінде
сақтайтын мемлекет базалық рөлді атқарады [1].
Біздің ойымыз бойынша, екі бағыттың да артықшылықтары мен кемшіліктері
бар. Мәселен, либералдардың тұрақты ақша-несие жүйесі –елдегі
инвестициялық процестердің жандануына нақты негіз болатыны туралы
пікірі дұрыс екені анық. Бірақ инвестициялық дағдарыстан шығу үшін тек қана
қаржылық тұрақтылығы жеткіліксіз, мұнда құрылымдық тұрақтылықты орнату
қажет. Біздің ойымызша, дамыған елдердегі нарықтық процестердің
ерекшеліктерін және мемлекеттің рөлін максималдауды есепке алатын
инвестицияларды реттеудің жаңа үлгісін жасау қажет.
Мемлекеттің экономикаға араласу формалары мен дәрежесі туралы пікір-
таластар сан алуан түрлі, себебі ешбір ел мемлекеттік реттеусіз өмір сүре
алмайды, сондықтан экономиканың елдегі инвестициялық процестердің
мемлекеттік реттеуінің мақсаттарын, әдістерін және нәтижелерін анықтау
қажет. Бұл концепцияны көптеген отандық және шетел ғалымдары қолдайды.
Мәселен, Ресей экономисі А.Эльяновтың пікірі бойынша ...мәселе
...мемлекет... араласа ма, жоқ па дегенде тұрған жоқ, себебі мемлекет
экономикаға араласпауы мүмкін емес, мәселе оның мақсаттары, құралдары және
нәтижелерінде. Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, ... кез келген
мемлекеттік бақылаусыз қызмет ететін еркін нарық тек қана теориялық
абстракция... Сонымен, мемлекеттің әлсіз реттеуші қызметтері мен еркін
нарық принциптеріне негізделген экономикалық стратегия экономикалық
қылмыстары басымдылық ететін қарапайым нарықтың пайда болуына себеп болды.
Инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу дегеніміз макроэкономикалық
тұрақтылықтың мақсатына сәйкес инвестициялық нарықтың қатысушыларына
мемлекеттік мақсатқа бағытталған және біркелкі тікелей және қосалқы әсер
ететін формалары мен әдістерді қолдану. Қазақстан-2030 даму
стратегиясында белгіленгендей мемлекет экономикада мемлекеттік сектор
жетекші скрипканың рөлін атқаратын нарықта заңды шектеулер жасайтын
маңызды, бірақ шектеулі рөл атқару тиіс... Сонымен, елдегі инвестициялық
процестерді мемлекеттік реттеуінің тиімді механизмі трансформациялаудың
балансталған үлгісі ретінде ұсынылу керек, себебі бір жағынан құрылымдық
бағдарламалар жеке аймақтардың, экономикалық зоналардың ерекше жағдайларына
сәйкес жасалған, және екінші жағынан, мемлекет ұзақ мерзімді
инвестицияларды ынталандыру арқылы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру
басымдылықтарын анықтаған. Қазақстан – 2030 Стратегиясын жасау – бұл
мемлекеттің экономикасын реттеудегі бірінші қадамы, оның ішінде ағымдық
мәселелерді шешу арқылы ұзақ мерзімді міндеттерді орындауға өту негізінде
инвестициялық процестер де есепке алынған. Әр түрлі инвестицияларды тарту
мен тиімді пайдалану мақсатындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттің рөлі
өте елеулі. Экономикалық тұрғыдан дербес субъектілерге билік ететін
мемлекет туралы ескі көзқарастардан бас тарту керек. Қазіргі заманның
мемлекеттік реттеу құралы ретінде ғылыми-техникалық бағыттағы ұлттық
экономиканың өсуіне қолайлы жағдай жасауға негізделген экономиканы
модернизациялаудың ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалар
мен индикативті жоспарлау жүйесі қарастырылады. Әлемдік тәжірибе,
индикативті жоспарлар мемлекеттік макро реттеудің тиімді әдістерінің бірі
екенін дәлелдейді.
Индикативті жоспарлау дегеніміз болжам, бірақ ол әкімшіл-әміршіл сипатқа
ие емес. Ең алдымен, инвестициялық процесті мемлекеттік реттеуінің бұл
механизмі жеке және мемлекеттік секторларының мүдделерін өзара
сәйкестілігін сипаттайтын экономиканың ішкі және сыртқы себептермен
анықталатын міндетті тапсырмалар мен бағдарламалар саны.
Индикативті жоспарлау ақша-несие реттеу механизмімен тығыз байланысты,
ол ынталандырушы немесе шектеу шаралары арқылы мемлекеттің экономикаға
араласуымен сипатталады, сондай-ақ инвестициялардың жағдайы мен
бағыттарын, қаржы құралдарын тиімді пайдалануды анықтауда экономикалық
және әкімшіл әдістерді экономикалық пайдалануымен сипатталады [2].
Мемлекет инновациялық-кәсіпкерлік әрекетті ынталандырушы жаңа
технологияларға инвестицияларды қолдайтын даму институттарын ұйымдастырады.
Мемлекеттің экономикаға араласуы кәсіпкерлік белсенділікке кедергі
жасамайды, ол нарықтық бәсеке негізінде ғылыми технологияларды кеңінен
игерумен байланысты экономикалық өсу мен жеке инвестициялық белсенділікке
жағдайлар жасайды. Мемлекет өндірісті жаңартудың перспективті бағыттарына
ресурстарды орталықтандыруға, қатаң бәсеке жағдайында әлемдік және ішкі
нарықтарда жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті шаруашылық ұйымдарды
құруға көмектеседі.
Инвестициялық саясатты жүзеге асырудағы осы және тағы басқа әдістердің
көмегімен мемлекет инвестицияның тиімділігі мен механизмін қамтамасыз
ететін ойшылдық орталық болып табылады. Сонымен, мемлекеттің инвестициялық
ортадағы экономикалық рөлі оның басқарушы әрекеті арқылы жүзеге асырылады:
қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаға капитал салымдарының құрылымы
мен көлемін болжамдау; индикативті жоспарлау; бюджетті қаржыландыру жүйесі
арқылы ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу; елдің халықаралық экономикалық
қатынастарға қатысуын қамтамасыз ету.
Экономиканы мемлекеттік реттеу әр түрлі бағыттар, салалар және
инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеу.
Мемлекет белгілі экономикалық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру
жолымен, нормативті-құқықтық актілер және оған сәйкес заңдылықтарды шығару
мен реттеу арқылы экономиканы реттеу процестерін орындау үшін ел
экономикасы мен инвестициялық әрекетке экономикалық (қосалқы) та, әкімшілік
(тікелей) те әдістерді пайдаланады.
Нарық экономикасы дамыған мемлекеттердің әлемдік тәжірибесі
көрсеткендей, экономиканы реформалау және дағдарыс жағдайында мемлекеттің
рөлі арта түседі, ал экономиканың жандану және тұрақтандыру жағдайында –
төмендейді, бірақ ешқашан тоқтамайды. Қандай жағдайда болсын бір қағиданы
есепке алып отыру керек: мемлекет кәсіпкерлік, инвестициялық және жалпы ел
экономикасын дағдарыс құбылыстарын болдырмай, нарық негіздерін бұзбай әсер
ету керек.
Инвестицияларды мемлекеттік реттеу белгілі бірлестікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның ЭКОНОМИКАСЫН САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері
АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс
Құқықтық мемлекеттің экономикасы
Заңды тұлғалардан ұсталатын салық
Транзиттік экономика
Экономикалық өсудің құралы - Инвестиция
Пәндер