Инвестицияның мәні, экономикадағы мазмұны



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 1.Инвестицияның мәні, экономикадағы мазмұны

1. Инвестициялық қызмет ұғымы, субъектісі мен объектісі
2. Инвестиция түрлері
3. Инвестицилық портфель

1.Рынок жағдайында инвестициялық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады.
Шаруашылық субъектілер оны пайда алу үшін инвестициялық рынокта жүзеге
асырады.
Инвестициялық қызметке қаржы салу, және арнайы инвестициялық
жобаларды жүзеге асыру жатады.
Инвестициялық қызмет объектілеріне болашақта пайда әкелетін әрекеттер
жатады. Дәлірек айтсақ: айналым қаражаттары, ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктері, интеллектуалды қүұқық меншігі жатуы мүліктік құқықтар, т.б.
жатады.
Инвестициялық қызмет субъектілеріне инвесторлар,жоба жасауға тапсырыс
бершілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектілерін
пайдаланушылар,жабдықтаушылар және басқа да инвестициялық қызметке қатысушы
заңды және жеке тұлғалар жатады.
Қазіргі экономикалық әдебиетте инвесторларды төмендегіідей топтайды.
1. Мемлекеттік және жергілікті мүлікті басқаруға құқы бар органдар.
2. Отандық жеке және заңды тұлғалар, кәсіпкерлік бірлестіктер.
3. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттер және халықарадық ұңымдар.
2 сұрақ.Инвестиция өзіне тән белгілеріне қарай төмендегідей топталады.
Инвестициялық қызмет белгілеріне байланысты:
а)Нақты инвестиция- нақты активтерге салымдар
б)қаржылық инвестициялар-қаржылық құралдарға салымдар
Объектілеріне байланысты
а)тікелей инвестиция
б) жанама инвестиция
болып табылады.
Нақты инвестицияларға төмендегі салымдар жатады:
1. өндірістің тиімділігін арттыру үшін салынатын салымдар. Олар құрал-
жабдықтарды ауыстыруға,негізгі қорларды жетілдіруге жұмсалуы мүмкін.
2. өндіріс масштабын ұлғайтуға салымдар
3. жаңа өндіріс құруға, жаңа технологияны іске қосуға, кәсіпрын құрылымын
өзгертуге инвестициялар
4. мемлекеттік тапсырысты және басқа кәсіпорын тапсырысын орындау үшін
салымдар.
Қаржылық инвестицияларға төмендегі салымдар жатады:
1. Бағалы қағаздарға салымдар
2. Банктік депозиттерге және сертификаттарға салымдар
3 сұрақ
Инвестициялық портфель дегеніміз- инвестициялық қызметті кәсіпорын
стратегиясына сай жүргізу үшін қалыптасқан нақты және қаржылық инвестиция
объектілерінің жиынтығы. Инвестициялық портфельдер агрессивті және
консервативті болуы мүмкін.
Агрессивті портфель құны тез өседі, яғни жоғары табыс әкеледі деген
болжамға сәйкес сұранысы жоғары бағалы қағаздардан тұрады. Бұның тәуекел
дәрежесі де жоғары.
Консервативті портфель табысы жоғары емес дегенмен тұрақты, әрі тәуекелі
жоғары емес бағалы қағаздардан тұрады.
2тақырып. Инвестициялық жобалар.

1. инвестциялық жобаның мәніі, инвестициялық цикл
2. жобалардың типтері
3. техникоөэкономикалық негіздеме
4. бизнес -жоспар
І Инвестциялық жоба– жаңа немесе бұрынғы өнеркәсіпті жетілдіруге пайда алу
мақсатында технология және қурал-жабдық сатып алу қурылысты жобалау,
мамандарды дайындау тәрізді жумыстарды қамтитын іс-шаралардың кешенді
жоспары. Бул тек қана ұйымдастыру- құқықтық есептік қаржылық құжатттар
жиынтығы ғана емес сондай ақ берілген мақсатқа жету үшін орындау шаралары.
Инвестициялық цикл – проектінің жүзеге асырудан бастап аяқтауға дейінгі
уақыт аралығы. Бул цикл 3 сатыдан турады:
1 инвестицияның алдындап саты
2 инвестициялық саты
3 өндірістік саты
Инвестицияның алдындағы сатыда жобалау объектісін кәсіпорынның болашақ
мүңкіндіктері зерттеледі. Инвестициялар туралы шешімдер алдын ала
қабылданады
1 Мемлекеттік кешендік экспертизаға республикалық бюджет қаражаттары
есебінен жүзеге асырылатын заңға сайкес мемдекеттің қолдауын талап ететін
үкімет кепілдігіне шетелдік несие арқылы жұзеге асырлатын инвестициялық
проектілер жатады. Құжаттарын тексеру нәтижесінде экспорттық қорытынды
шығарылады, яғни инвестициялық проектіғе экономикалық , техникалық қаржылық
жане әлеуметтік баға беріледі. Бұл саты жобаны жұзеге асыру мұңкіндіктері
талданады.
2 Инвестициялық саты. Бұл проекттік ұйымды таңдап алуды, объектінің
модельдері мен сызбалаарын дайындауды, құнды толық, дәл есептеұді қамтиды.
Бұл сатыда қаржылық заңдық ұйымдастыру негіз құралады. Құрылтай құжаттары
дайындалады. Басқарудың ұймдастыру құрылымы таңдалады, техника технология
таңдалады, маркетинг жұргізіледі.
3 Өңдірістік саты. Бұл сатыда құрал – жабдықтарды дайындау, ауыстыру,
іске қосу және инновациялық жұмыстар жұргізіледі. Сонымен бірге құрылыс
материалдары бұйымдармен конструкциялар сатып алу, жұмыскерлерді жалдау,
құрылыстық монтаждық реттеу жұмыстары сондай-ақ дайын объектілерді
пайдалануға беру жұзеге асырлады.
2. Инвестициялық проектілер масштабы бойынша кіші және мега проектілергі
бөлінеді. Кіші жоба көлемі бойынша шектелген және қарапайым болып келеді.
Мега проектілер өзара байланысты жобалардың көпшілігін қамтитын жалпы
мақсатпен біріктірілген мақсаттық бағдармалар. Мұндай жобалар мемлекеттік,
халықаралық, аймақтық деңгейде жұзеге асырлу мұңкін. Оның ерекшеліктері:
Капитал сиымдылығы, құны өте жоғары, еңбек сиымды, жұзеге асыру ұзаққа
созылады, басқа елдердің қатысуын қажет етеді, регионның әлеүметтік
экономикалық ортасына әсер етеді. Кемшіліксіз (деффетісіз) проект – оның
басты ерекшелігі, сапасы өте жоғары және құндылығы.
3. Техника экономикалық мінездеме– белгілі бір проектіге салынатын
инвестицияның тиімді мен ұтымдылығын дәлелдейтін негізгі құжат болады.
Техника-экономикалық мінездеме жобаға дейінгі сатыдан қабылдаған шешімдер,
технологиялық, табиғатты қорғау шешімдері бекітіледі. Эколгиялық
санитарлық, эпидемиологиялық және пайдалану қаужіздігі әлеум салдары
бағаланады Т.Э.М. тажырыс берушімен және проектік ұйым арасындағы келісім
бойнша жасалады және құрамы анықталады. Т.Э. М. құрамы:
1. Жалпы мәлеметтер:
- техникалық Э.Н. жасау мазмұны
- инвестициялау мақсаты
- инвестициялық объектісінің жалпы сипаттамасы
- алдын ала бағалаумен зерттеулердің нәтежелері
- тапсырушы туралы инвестор туралы мұмкін болатын жабдықтаушылар туралы
мәлеметтер
2. Кәсіп орын қуаттылығы өнімдер номенклатурасы
3. Негізгі құрылыстық шешімдер
4. Кәсіп орынды ресурстармен қамтамасыз ету
5. Ірі және ауыр құралжаттықтарда тасмалдауды ұйымдастыру
6. Кәсіп орның орналасқан орны
7. Қоршаған ортаға әсер етұді бағалау
8. Қосымшалар
4. Бизнес жоспар болашақ жобаның негізгі аспектілерін сипаттады және проект
кездесетін барлық проблемаларды талдайды және оның шешу жолдарын анықтайды.
Бизнес жоспардва жобаның әлді, әлсіз жақтары бағаланады, рынок талданады
және өнімдермен қызмет тутынушылары туралы ақпарат алады. Бизнес жоспардың
құрамы:
1) Кіріспе бөлімі

- Фирманың аты, мекенжайы

- Құрылтайшылары
- Проектінің мәнімен мақсаты
- Проектінің құны
- Қаржы қажеттілігі
- Құпиялық туралы мұсқама
2) Саладағы жағдайды талдау:
- Саланың қазіргі жағдайы және даму тенденциясы
- Проект қызметінің бағыттарымен міндеттері
3) Ұсынып отырғанын жобаның мәні:
- Өнім
- Технология
- Лицензиялар
- Потентік құқықтар
4) Рынок талдау:
- Өнімді потенциалды тұтынушылар
- Потенциалды бәсекелестер
- Рыноктың көлемі
5) Маркетинг жоспар:
- Бағалар
- Бағалық саясат
- Өткізұ каналдары
- Жарнама
6) Өндірістік жоспар
- Өндірістік процесс
- Өндірістік орын
- Құрал-жаттық
7) Ұйымдастыру жоспары:
- меншік формасы
- серіктестіктер
- кәсіпорын иесі, туы мәлеметтер
- басқарушылар құрамы
- ұйымдастыру құрылымы
8) Тәуекел дәрежесі – кәсіпорын әлсіз жақтары жаңа технологиялар пайда болу
ықтималдығы
9) Қажылық жоспар: табыстар мен шығындар жоспары, баланыстық жоспар, ақша
тұсімдері

Тақырып 3. Қаржылық салымдар

1. Қаржылық салым дегеніміз – ақша қаржаттарын акция, облигация т.б. бағалы
қағаздарға салу процессі. Бағалы қағаздарға салатын тулғалар, эминтенттер
болып саналады. Инвестор салым жасаған кезде бірнеше мақсат кояды: салымның
қауіпсіздігі, салымның табыстылығы, өсуі, өтемділігі.
Салымның қауіпсіздігі – инвестицияның инвестциялық капитал рыногында болып
тұратын сәтзіздіктерге беріктігі және табыс тұрақтылығы. Қауыпсыздық әдетте
табыстылық пен табыстылық өсу мақсаттарына қарсы жұреді.
Салымның табыстылығы – Егер инвестор табысты максималдығысы келсе ол
қауыпсіздікті құрбан етеді. Сондықтар табысты инвестициялар төмен
инвестициялық рейтингі бар корпаривті бағалы қағаздар болады.
Салымның өсуі – акция устаушылар ұшін мұмкін. Бұл өсіп кележатқан
компаниялардың әдеттегі акциялар.
Салымның өтемділігі – акция ұстаушының акциясын ақшаға тез арада ауысуы.
4. Бағалы қағаздар инвестірмен эмитент арасындағы қатынастарға байланысты
топтастырлады. Үлестік бағалы қағаздар – эмитентерменинвестір арасындағы
серіктестік және бірге иелік қатынастары туғызады. Инвестір имитентірінің
жарғылыық капиталында ұлгес алады. Ол имитентің басқару процессіне әсер
етеді. Қарыздық бағалы. қағаздар – имитентпен инвестор арасында қарым
қатынас тұғызады. Инвестор несие берұші, а имитент несие алушы.
Конверттелетін бағалы қағаздар. – ол қарыздық бағалы қағаздарды ұлестік
бағалы қағаздарға ауыстурыға мұмкіндік береді, яғни қаржылық қатынас
ұлестік қатынасқа ауысады.
Туынды бағалы қағаздар - қатынастарға қатысты емес сатушымен сатып алушының
арасында бағалы қағаздар сату, сатып алу кезінде алдында қатынастар
тудырады.
Акция дегеніміз – инвестордың акционерлік қоғамдары қатысын расстайтын б.қ.
Жай акция акционердің қоғамды басқаруға құқын қамтамасыз етеді, яғни дауыс
берұ арқылы сайланады.
Артықшылықты акция – Табысқа кепілдік береді, бырақ басқаруға, қатысуға
құқық береді.
Облигация – оның иесінің ақша қаржаттарын кәсіп орынға салғанын расстайтын
және осы б.қ. номиналдық құнын өтеп беруге уәде ететін бағалы қағаз.
Мемлекеттік бағалы қағаз – МЕОКАМ, МЕККАМ, қарыздық міндеттемелерді қаржы
министрлігі шығарады, ноталарды Ұ.Б. шығарады. ҚР – да бағалы қағаздар
рыногінің негізгі қатысушыла қор биржасы, коммерциялық банктер және
броккерлік компаниялар болып табылады. Коммерциялық банктер құрылымдық
бөлімшілер арқылы б.қ. мен операциялар жұргізіледі. Кей жағдайда олар
инвр, эмитент делдал ролдерін атқарады.
Кор биржасы – б к-дың қалыпты айналысын қамт ететін үйым. Ол мынадай
қызметтерді атқарады: уақытша бос ақша қорларын б.к. сату арқылы
шоғырландыру; Өндірісті қаржыландыру және ұкімет шығындарын қаржыландыру.
КР қор биржасы “кейси” деп аталады. Ол 28 акционерден тұратын Ж.А.Қ. олар:
1 Ұлттық Банк – 25 %
2 Каспийский Банк – 6,48 %
3 Науырыз Банк – 4,17 %
4 Банк ТуранАлем – 4,17 %
5 Народный Банк – 3,24 %
6 Банк ЦентрКредит – 6,02 %
Тақырып 4. Инвестициялық қаржыландыру көздері
І Меншік қатынастары бойынша қаржыландыру көздері меншік тартылған және
қарыздық болып бөлінеді:
1 Меншік түрі бойынша, мемлекеттік қаржы көздері, шаруашылық субьектілер
қаржы көздері, шетел инвесторларының қаржылары болып бөлінеді.
2 Меншік денгейі бойынша, мемлекеттік денгейінде қаржыландару көздері
меншік қаржаттарына және мемлекеттік несие банктік жүйенің тартылған
қаржаттарына бөлінеді.
ІІ Инвестициялық институттар – инвестициялық жобаларды қаржымен айналысатын
ұйымдар, холдинктік комплекстер. Олар өз капиталын басқа комплекстің
бақылау пакеттерін оларға бақылау, қаржылық несиелік қызмет жасау ұшін
пайдаланатын АҚ. Бұл жағдайда Басқа фирмалардың заңды және экономикалық
тәуелсіздігі сақталуы. Әлемдік Банктің Құрылымдық бөлімшелері:
1 Халық аралық қайта құрұ және даму банкі
2 Халықаралық. Даму ассоциациясы
3 Халықаралық. қаржы корпарациясы
4 Инвестициялық дауларды реттеу агенттігі
5 Халық аралық Инвестициялық кепілдік агентігі
Тақырып 5. Капиталдық құрылыс.
Капиталдық құрылыс- жаңа объектілер тұрғызу немесе қызмет етіп отырған
объектілерді кеңейту, қайта жабдықтау арқылы өндірістік және өндірістік
емес негізгі қорларды жасаудың өндірістік процесі. Негізгі қорларды
кеңейтілген ұдайы өндірісінің негізгі формасы-капиталдық құрылыс болып
табылады.
Капиталдық құрылыстың арқасында рухани және табиғи тозған негізгі
қорлардың жаңаруы жүзеге асады.
Капиталдық құрылыс негізгі қорлы жасаудың объектіні жоспарлаудан
бастап, оны іске қосуға дейінгі барлық сатыларды қамтиды.
Объектінің құрылыстық өндіріс циклініің ұзақтығы - құрылыс алаңын
жоспарлаудан бастап, іске қосқанға дейінгі кезең.
Объектінің капиталдық құрылысының жалпы циклы-оны жобалаудан бастап
пайдалануға беруге дейінгі аралық.
Негізгі қорларды құру мен жаңартуға және айналым қорларын өсіруге
байланысты барлық салымдар капиталдық салымдар деп аталады.
Капиталдық салымдар келесі элементтерден тұрады:
• құрылыс-монтаждық жұмыстарға байланысты шығындар
• әртүрлі машиналарды сатып алуға байланысты шығындар
• жобалау жұмыстарына және жоба басқарушыларына, және техникалық бақылау
қызметтеріне т.б. шығындар
Капиталдық салымдарды салалар бойынша бөлу салалық құрылымды білдіреді.
Капиталдық салымдардың ұдайы өндірістік құрылымы- оларды негізгі қорларды
ұдайы өндірудің негізгі формалары бойынша бөлу; жаңа құрылыс,
реконструкция, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, жетілдіру.
Реконструкция - қызмет етіп отырған өндірісті техникалық және ұйымдық
жетілдіру, негізгі өндірістік қорларды жетілдіру негізінде ғылыми
талаптарға сай қайта құру. Реконструкция және кеңейту жаңа құрылысқа
қарағанда тез және азырақ шығындармен өндірістік қуаттарды өсіруге
мүмкіндік туғызады.
Техникалық қайта жабдықтау- өндірістік кейбір бөліктерінде жаңа техника
және технолонгия енгізу, құрал-жабдықтарды жоғары тиімділеріне ауыстыру
және өндірістік процесстерді автоматтау арқылы техникалық деңгейді
жоғарлату.

Тақырып 6. Қ.Р. инвестициялық климат.

І Шет ел капиталын импорттайтын елдер инвестицианың белгілі бір себепппен
қажет етеді:
1 Елдік экономикалық дамуын қаржыландыру ұшін қаражат жетпеушілігі,
халыктың жұмысбастылық деңгейін көтеру қажеттілігі.
2 Елдер шет ел капиталын аймақтық шаруашылық құрылымдарын жетіндіру ұшін
жаңа техникамен технология алу ұшін бәсеке қаблеттілігін көтеру үшін
тартады.
КР инвестициялық климаты келесі факторлармен сипатталады:
Саяси фактор - ұшін мемлекет саясат, қалық аралық келісімдер заңдық және
атқару құрылымдарын тұрақтылығы және мемлекеттің экономикаға кірісу денгейі
роль атқарады
Қаржылық экономикалық фактор – Экон. Жалпы жағдайы фалюталық қаржылық және
несие жұйелерінің жағдайы кедемдік төлемдер және жұмыс кұшін пайдалану
жатады.
Әлеуметтік фактор - Әлеуметтік дауардың болуы елдегі қылмыстық жағдай
қалықтың өмір сұрұі денгейі жатады.
Инвқ климаттың факторлары жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
ЖАҒЫМДЫ ФАКТОРЛАР:
- Табиғи ресурстарға оңай қол жеткізу
- Елд-ң тиімді геостратегиялық орналасуы
- Қ эконқ трансформациялау бойынша ТМД елдері ұщін де жетекші роль
атқарады
- Рыноктың жоғары мұмкіндері
- Елдің сыртқы саясат
ЖАҒЫМСЫЗ ФАКТОРЛАР:
- Инвестиция тарту механизм
- Инвестициялау тәуекелдігі
Инвнстцияны тарту механизімінің жағдайында жер салғынан босату, мөлік
және табыс салығынан босату, шикі заттарды материалдарды импорт
баждарынан босату. Олар одан көрі салықтық және заңды тұрақтылықты қалар
еді.

Тақырып 7: ҚР инвестициялық саясат.

1. Инвестициялық саясаттың міндеттері мен бағыттары.
2. Инвестициялық саясатты жүзеге асыратын институттар.
3. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмдері.
Мемлекеттік инвестициялық саясат принциптері:
1. Инвестициялық приоритетті таңдау;
2. Экономикалық мақсатқа сәйкестік және қауіпсіздік;
3. Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің көптілігі, жеке капитал ролінің
өсуі;
4. Бюджеттік қаржының қайтарымдылығының жоғары болуы, яғни инвестицияларды
қайтарымсыз бюджеттік қаржыландырудан несиелеу мен қарыз беруге өту;
5. Әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен қайтарымдылық;
6. Меншіктің түрлі формаларының дамуы негізінде инвестициялық саланы
орталықсыздандыру;
7. Инвестициялық белсенділікке экономикалық және ұйымдастырушылық ықпал
етуді қолдану;
Инвестициялық саясат міндеттері:
1. Қаржы –несие саласын түрлендіру, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру
және төлемсіздік дағдарысын шешу;
2. Жекешелендіруді аяқтау және бәсекелестік экономикалық ортаны құру;
3. Құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру тиімді ұлттық экономиканы құру;
4. Жоғары технологияларды енгізу негізінде өндірісті жетілдіру;
5. Рынок инфрақұрылымының дамуы, институционалдық түрлену;
6. Инвестициялық климатты жақсарту және қор рыногын дамыту мақсатында заң
шығаруды жетілдіру;
7. Салық жүйесін, несиелерді, кеден баж салықтарын пайдалана отырып,
инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа, рыноктық
әдістерін енгізу;
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың стратегиялық мақсаты болып
экономикалық өсудің нақты, тұрақты және үдемелі темпін, прогрессивті
құрылымдық жылжуды, өндірістің модернизациясын қамтамасыз ете алатын,
әлеуметтік мәселелерді және елдің экономикалық қауіпсіздігі мәселесін
шеше алатын инвестициялық ресурстарды құру мен тиімді пайдалану үшін
ұйымдастыру-экономикалық және нормативті-құқықтық жағдай туғызу табылады.
Инвестициялық саясат мынадан тұрады:
1. Салықтар және салықтық льготалар;
2. Несие саясаты;
3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық қызметін реттеу формалары
мен құралдарын таңдаудағы банктың функцияларын кеңейту;
4. Амортизациялық саясат;
5. Монополияға қарсы шаралар;
6. Инвестициялармен танысу;
7. Орталықтандырылған инвестициялау;
8. Жер мен жер қойнауы ресурстарын пайдалану шарттары;
9. Құнды қағаздар шығару және оның айналымы.
Инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі салықтық, бюджеттік
және қаржылық-несиелік реттеу құралдарының жиынтығына ие болуы керек,
экономиканы инвестициялау үшін қажетті қаржыны көбейтуге ықпал етуі
керек, т.б.
Бюджеттік саясат –орталықтандырылған қаржы салымдарын бөлудің негізгі
критерийі – инвестициялық жобалар тиімділігінің құрылымдық саясат
приоритеттерімен бірге есепке алу болуы керек.
Салық саясаты – салық және кедендік баж салығы бойынша ынталандыру мен
льготалар беру.
Қаржы-несие саясаты – бүгінгі күні мемлекеттің экономикалық саясатын
жүзеге асыруда негізгі орынға ие болып отырған ҚР Ұлттық Банкінің
қаржылық маневрлер жасауы әдістерін өзіне қосады. Қарыз процентінің
мөлшері мен міндетті банк ... нормаларын реттеу инфляция деңгейіне, баға
динамикасына, ұлттық валюта курсына, капитал мен өнімнің импорты мен
экспортына әсер етеді. Қарыз процентін реттеу мен льготалы кредит беру
жолымен рыноктық жағдайда инвестициялардың приоритетті салаларға құйылуы
жүзеге асырылады, яғни экономиканың реструктуризациясы қамтамасыз
етіледі.
Тақырып 8. ҚР шетел инвестициялары.
1. Шетел инвестициялары көлемі мен құрылымы.
2. Тікелей шетел инвестицияларының елдік құрылымы.
3. ТШИ салалық және аймақтық құрылымы.
1. Әлемнің көптеген елдер тәжірибесі шетел инвестицияларын тартудың
ұытымды шешу екенін көрсетеді. Жағымды инвестициялық климат құру
мәселесі Қазақстанда ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Экономика салаларының көп бөлігі инвестициялық ресурстарды тек
экономикалық жандану және дағдарыстан шығу үшін, сондай-ақ рухани
және табиғи тозған негізгі құралдарды ауыстыру үшін қажет.
Қазақстанда шеетл инвестициялар көлемі әртүрлі жылдары 1 млд. АҚШ
долларын құрайды.
АҚШ инвестицияларының біздің елімізге келуінің тән белгісі- оның
онжылдық ортасында тез өсуі. Алғашқы үш жыл ішінде (1992-1995 ж.ж.)
тікелей инвестициялар көлемі 2,9 млд. долл. Болды. 1996 жылдан бастап
әржылғы инвестиция көлемі 1 млд. долл. Кем болған жоқ. 1997 жылы
республикаға 2 млд. долл. болды, алайда 785 млн. долл. қарызды өтеуге
кетті. 1998 жылы ТШИ көлемі кенеттен қысқарды, әрне бұл азия дағдарысы
нәтижесі еді. 1997-1998 жылдардағы дағдарысқа қарамастан тікелей шетел
инвестицияларының келу қарқыны 1 млд. долл. төмендемеді. 2000 жылы
инвестициялар көлемі 2752 млн. долл. жетті және 1,4 млд. долл. өтеуге
жұмсалды.
2. Қазақстан экономикасына 40- тан астам елдер инвестция салған. Олардың
ішінде жетекшілері- АҚШ, Ұлыбритания және оңтүстік Корея. Сонымен бірге
Қазақстан экономикасына инвестиция салушылар дамыған елдер ғанғ емес,
сонымен бірге Оңтүстік Корея, Таиланд, малайзия тәрізді жаңа индустриялы
елдер және Чехия, Венгрия және т.б.
90 жылдардың басынан АҚШ Қазақстан экономикасына инвестиция салудан
бірінші орында тұрды. 2000 жылы 1993 жылдан бергі Америан инвестицияларының
көлемі 4,2 млд. долл. жетті немесе біздің еліміздегі бүкіл инвестицияның
33,5 пайызы.
Келесі ірі инвестор -Ұлыбритания. 1994 жылдан 2000 жылға ағылшын
компаниялары 1,6 млд. долл. инвестция жасады, яғни барлық инвес тициялардың
13,4 пайызы.
Жаңа индустриалды елдер ішіндегі ірі инвесторлардың бірі Оңтүстік
Корея. Жеті жыл ішінде бұл ел кәсіпорындары 1,5 млд. долл. яғни 12,4 пайыз
салды. Қытай 548 млн. долл. және Жапония 303 млн. долл. салды.
Италия, Түркия, Канада, Германия, және Нидерланды елдерінің жеті
жылғы үлесі 2 мод.долл. жоғары.
3. Шетел инвестицияларының көп бөлігі өндірістік сфераға салынған ( шамамен
34 бөлігі). Шетел компаниялары инвестициялары табиғи қазбалар және халық
сұранысын қамтамасыз ететін өнім өндіру саласына шоғырланған.
Жалпы 1993-2000 жылдар аралығында тау-кен өнеркәсібіне 7,8 млд. долл.
немесе ТШИ 62,3 пайызы салынған. Бұл қаражаттарының баым бөлігі шикі мұнай
мен газ өңдеуге салынған. Тау-кен өнеркәсібінің басқа салаларына тек 1995
жылдардан басталды. 1995 жылы 286 млн. долл., 1996 жылы 472 млн долл.
жетті, 1997 жылы 1.3 млд. долл.
ТШИ көмір өнеркәсібіне, уран өнеркәсібіне де түсе бастады.Оның
көлемі салыстырмалы түрде көп емес, әр жылы 1,5-3 млн. долл.
Өңдеуші сферада басым салалар –металлургия, дәлірек айтсақ, түсті
металлургия және тамақ өнеркәсібі.
Тратылған инвестициялардың көп бөлігі сәулет және азаматтық құрылыс
саласы болып табылады.
Осылайша инвестицияның аймақтық бөлуінің бірқалыпсыздығын көруге болады.
Бұның себептерінің бірі инвестиция тартудың аймақтық саясатының әлсіздігі.

Тақырып 9. Инвестициялық тәуекелдер және төмендетету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайыз және кәсіпкерлік табыс
Инвестицияның экономикадағы рөлi және шетелдік инвестициялар
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
Экономикалық өсудің факторлары мен типтері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфелінің даму стратегиясы
Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Инвестицияның қайнар көздерінің жіктелуі
Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Пәндер