Индивидуалды айырмашылық психологиясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Лекция тақырыптары

І бөлім. Индивидуалды айырмашылық психологиясы

Глоссарий:
Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология
– бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын,
қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін
бөлігі.
Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып
жүрушісі.
Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін
автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.
Тұлға – мәдени-тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік,
құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп, оны қалыптастырған жүйелі
қасиеттері.

1 тақырып. Дифференциалды психологияның пәні мен міндеттері

Дәріс мақсаты: Студенттерде дифференциалды психология пәні мен
міндеттері туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Психология ғылымында дифференциалды психологиясының орыны.
2. У.Штерннің Индивидуалды айырмашылықтар еңбегі.
3. дифференциалды психологияның теориялық және практикалық міндеттері.

Дәріс тезисі.
1. Психология ғылымында дифференциалды психологияның орыны. Психология
ғылымында дифференциалды психология терминінінің енгізілуі. Индивидуалды
айырмашылықтардың табиғи ерекшеліктерін қарастыру, олардың арасындағы
айырмашылықтарды сандық көрсеткіштер арқылы зерттеу. Психикалық дамудың
әрбір сатысындағы адамдардың арасындағы дара ерекшеліктерді зерттеу. Ғылым
ретіндегі дифференциялды психологияның негізгі мәселелері.
2. У.Штерннің Индивидуалды айырмашылықтар еңбегі. Дифференциалды
психология - индивидуалды айырмашылықтарды зеттеуші психологияның саласы.
1900 жылы неміс психологы В.Штерн енгізді. Сол кезде оның Индивидуалды
айырмашылықтар психологиясы атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің
ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атаумен атауды ұсынды.
3. Дифференциалды психологияның теориялық және практикалық міндеттері.
Дифференциялды психологияның жалпы психология, жасерекшелік,
педагогикалық, әлеуметтік, психодиагностика, психоконсультация, жанұя
психологиясы, психофизиология, психотерапия, т.б. психология салаларымен
байланысын талдау. Дифференциалды психологиясының басқа ғылымдармен
байланысы.
Индивидуалды айырмашылықтардың табиғи ерекшеліктерін қарастыру,
олардың арасындағы айырмашылықтарды сандық көрсеткіштер арқылы зерттеу.
Адамдар топтарын, данышпандық қасиеттерін және табиғатын нәсілдік,
жыныстық, ұлттық және мәдени ерекшеліктер арқылы талдау.

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Ересектер психологиясының зерттеу аймағы не болып табылады?
2. Ересектер психологиясының негізгі міндеттері қандай?

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Анастази А. Дифференциальная психология- М.: Апрель-Пресс, 2001-745с.
2. Рыбалко Е. Ф. Возрастная и дифференциальная психология: Учеб. пособ.-
Л.: ЛГУ, 1990.
3. Дергачева Е.В. Дифференциальная психология. Учебное пособие.-Изд.: АСТ,
Усть-каменогорск, 2007. - 128с.
4. Турарова Г.У. Дифференциалды психология. Электронды юнита. 2008ж.
Қосымша әдебиеттер
5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведение. В2 – х т.
М.:Педагогика, 1980.
6. Ахвердова О.А., Волоскова Н.Н., Белых Т.В. Дифференциальная психология-
СП., 2004-168с.
7. Нартова-Бочавер С.К. Дифференциальная психология- М., 2003-280с.

Тақырып 2. Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері

Дәріс мақсаты: Студенттерде дифференциалды психологияның зерттеу
әдістері туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Дифференциалды психологияның әдістерін топтастыру.
2.Жалпы ғылыми әдістер:
3.Зерттеудің генетикалық әдістері.
4.Тарихи әдістер.
5.Өзіндік психологиялық әдістер.

Дәріс тезисі.
1. Дифференциалды психологияның әдістерін топтастыру. Әдіс грек
тілінен аударғанда жол немесе білім жолы дегенді білдіреді. Психиканың
индивидуалды айырмашылығы жайлы білім алу үшін әр түрлі тәсілдер
қолданылады. Жануарлар әлемінде мұндай мәліметтерді алу қарапайым – негізгі
әдіс ретінде іріктеу (селекция) әдісі қолданылады Психологиялық
зерттеушілердің әдіснамалық негіздері. Ересектер психологиясының
әдістерін топтастыру.
Дифференциалды психологияның әдістерін сипаттау.
2. Жалпы ғылыми әдістер: Бақылау және эксперимент. Бақылау түрлері.
Бақылау әдісінің ерекшеліктері. Оларға қойылатын талаптар. Бақылаудың пәні,
мақсаты. Бақылау материалдарын талдау және түсіндіру.
Дифференциалды психологиясындағы сараптау, (эксперимент) оның
түрлері.
Психологиялық эксперименттің құрылымы. Эксперименттік зерттеудің
негізгі сатылары. Экспериментті жоспарлау және эксперименттік зерттеуге
сәйкес әдіснаманы таңдау.
3. Зерттеудің генетикалық әдістері.
Егіздер әдісі, бұл әдістің өркендеуіндегі Ф.Гальтон еңбектері.
Монозиготты және дизиготты типтер.Олардың мәні. Асыранды балалар
әдістемесі.
4.Тарихи әдістер.
Құжаттарды талдау әдістері: биографиялық әдіс, күнделік әдісі,
автобиографиялық әдіс. Олардың мәні.
5.Өзіндік психологиялық әдістер.
Интроспективті әдістер. Психофизиологиялық әдістер. Әңгімелесу әдісі.
Сауалнама (анкета). Тест. Іс-әрекет өнімдерін талдау. Социометрия және оны
дифференциялды психологияда қолдану ерекшелігі. Оның мәні. Қазіргі
дифференциялды психологиядағы диагностика мәселесі.

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Дифференциалды психологияда қандай зерттеу әдістерін бөліп
көрсетеді?
2. Дифференциалды психологиядағы генетикалық әдістердің ерекшеліктері
қандай?

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Анастази А. Дифференциальная психология- М.: Апрель-Пресс, 2001-745с.
2. Рыбалко Е. Ф. Возрастная и дифференциальная психология: Учеб. пособ.-
Л.: ЛГУ, 1990.
3. Дергачева Е.В. Дифференциальная психология. Учебное пособие.-Изд.:
АСТ, Усть-каменогорск, 2007. - 128с.
4. Турарова Г.У. Дифференциалды психология. Электронды юнита. 2008ж.
Қосымша әдебиеттер
5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведение. В2 – х т.
М.:Педагогика, 1980.
6. Ахвердова О.А., Волоскова Н.Н., Белых Т.В. Дифференциальная психология-
СП., 2004-168с.
7. Нартова-Бочавер С.К. Дифференциальная психология- М., 2003-280с.

Тақырып 3. Дифференциалды психологияның қысқаша тарихы

Дәріс мақсаты: Студенттерде дифференциалды психологияның тарихы
туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.ХІХғ. аяғында дифференциалды психологияның пайда болуы.
2.ХХ ғ. индивидуалды айырмашылықтарды психологиясының дамуы.
3. Дифференциалды психологиядағы қазіргі методологиялық тенденциялар.

Дәріс тезисі.
1. ХІХғ. аяғында дифференциалды психологияның пайда болуы.
дифференциалды психологияның негізгі теориялық мәселелері.
ХІХғ. аяғында дифференциалды психологияның пайда болуы. ХХ ғ.
индивидуалды айырмашылықтарды психологиясының дамуы.
2. ХХ ғ. индивидуалды айырмашылықтарды психологиясының дамуы.
Дифференциалды психологияның дамуындағы индивидуалды айырмашылықтарды
айқындаудағы “темперамент” түсінігінігінің ғылыми статусындағы И.П.
Павловтың жүйке жүйесінің қасиеттері теориясының рөлі. Теорияның
Б.М.Тепловтың еңбектеріндегі жалғасын табуы және В.Д.Небылициннің
жұмыстарымен толықтырылуы.
Дифференциалды психологиядағы мінез проблемасы. Мінезге ғылыми анализ
жасаған К. Юнг, Э. Фромм, Э. Кречмер, А.Ф. Лазурскийдің еңбектері, П.Б.
Ганнушкин, К. Леонгард, А.Е. Личконың еңбектеріндегі мінез акцентуациясы
және оның классификациясы.
Дифференциалды психологиядағы индивидуалды айырмашылық ерекшелік
қабілеттер проблеммасы. Б.М.Теплов, Н.С.Лейтестің қабілет теориялары.
3. Дифференциалды психологиядағы қазіргі методологиялық тенденциялар.
Л. Сэв дәстүрлі дифференциалды психология пәнін сипаттай отырып,
дифференциалды психологияның мазмұны таза прагматикалық және капиталистік
қоғамда адам тұрғысын консерватизмнің эпистемологиялық формасы болатындығын
көрсетті.
Б.М. Тепловтің пікірінше, психологияның кез-келген ортақ заңы
тұлғалық және индивидуалдылық факторын біріктіреді, яғни қабілеттер
мәселесін дифференциалды аспектіден бөліп қарастыруға болмайды.
Э.А. Голубева көрсеткендей, әлемдік ғылымда дифференциалды психология
ерекше орын алады. Себебі ол қабілеттер мен дарындылықтың индивидуалды
айырмашылығын зерттейді .
Дифференциалды психология аймағында өлшеу құралдары құрылған тесттер -
өлшеу қорытындысын талдау әдісі. Бұл диагностика мәселесіндегі жекелеген
аймақтарды: дағды, нышан, шеберлікті мінез-құлық деңгейінде шешеді, ал
оның күрделі салаларын шешуде дифференциалды психофизиология алға шығады.
Кеңес Одағында индивидуалды айырмашылықтар лабораториясы 1952 жылы
Орталық және педагогикалық психология институтында Б.М.Тепловтың
басшылығымен ашылған. Бұл лабораторияның негізгі міндеті - индивидуалды
психологиялық айырмашылықтарды зерттеудің әдіс-тәсілдерін өңдеп, қолдануға
жарамды ету және ең негізгісі индивидуалды психологиялық айырмашылығының
физиологиялық механизмдерін ашу, зерттеу. Ал оның негізін И.П.Павловтың
типологиялық концепциясы құрайды.
1972 жылдан бастап лабароторияны В.Д. Небылицин басқарып,
математикалық әдістер мен есептеу техникасы дифференциалды психология
аймағында кең өріс тапты.
1993 жылдан бастап Дифференциалды психофизиология және психология
лабароториясын Э.А.Голубева өз басшылығына алды. Зерттеудің басты мәселесі
қабілеттер мен оның нышандарын анықтау. Ағымды болжам Б.М.Тепловтың болжамы
болды.
Психологиялық функцияларды анықтау үшін психодиагностикалық
әдістемелер, тестер, ал кейбір қабілеттерді диагностикалау үшін лабаротория
қызметкерлері түпнұсқалы авторлық әдістемелерді өңдеп шығарды. Бұл жерде
ортақ (мнемикалық, интеллекттік) және арнайы (музыкалық, математикалық,
тілдік) қабілеттер мен олардың нышандарын қарастырады.
Дифференциация мен индивидуализация мәселесі білім беру жүйесіндегі
стратегияны өңдеуде қолданылады. Оның белсенділігі, өзектілігі қоғамдық
өзгерістерге, экономиканың қарқынды дамуына байланысты өсе түседі:
• Оқу мен тәрбиеге альтернативті бағыт таңдау мақсатында;
• Арнайыланған мектептердің пайда болып, қоғамда дифференциациялануы.
Әр түрлі инновациялық және авторлық технологиялар, білім беру жүйелері
және т.б. себептер әлеуметтік – экономикалық құрылымдардың салдарынан жаңа
мағынаға ие болуда.
Индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды анықтап, зерттеу
жұмыстарын жүргізусіз адамдардың іс-әрекет аймағында ешқандай прогреске қол
жеткізу мүмкін емес (10).
Дифференциалды айырмашылықтарды зерттеп, оның психологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерін ашу әлемдік ғылым жүйесіне қосқан үлкен үлес
болып табылады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Дифференциалды психологияның даму себептері қандай?
2. Дифференциалды психологияның негізгі даму кезеңдерін ата.

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Анастази А. Дифференциальная психология- М.: Апрель-Пресс, 2001-745с.
2. Рыбалко Е. Ф. Возрастная и дифференциальная психология: Учеб. пособ.-
Л.: ЛГУ, 1990.
3. Дергачева Е.В. Дифференциальная психология. Учебное пособие.-Изд.:
АСТ, Усть-Каменогорск, 2007. - 128с.
4. Турарова Г.У. Дифференциалды психология. Электронды юнита. 2008ж.
Қосымша әдебиеттер
5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведение. В2 – х т.
М.:Педагогика, 1980.
6. Ахвердова О.А., Волоскова Н.Н., Белых Т.В. Дифференциальная психология-
СП., 2004-168с.
7. Нартова-Бочавер С.К. Дифференциальная психология- М., 2003-280с.

Тақырып 4. Индивидуалдылық айырмашылықтар деңгейлері және адам
қасиетінің жеке бастық сипаттары туралы түсінік

Дәріс мақсаты: Студенттерде индивидуалдылық айырмашылықтар деңгейлері
және адам қасиетінің жеке бастық сипаттары туралы түсінік қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Индивидуалды айырмашылықтың индивидтің тұқым қуалаушылық
қасиеттері.
2. Ортаның күрделі өзара байланыстары арқылы тұлғаның қалыптасауы.

Дәріс тезисі.
1. Индивидуалды айырмашылықтың индивидтің тұқым қуалаушылық
қасиеттері. Индивидуалды айырмашылықтың индивидтің тұқым қуалаушылық
қасиеттері мен ортасының көптеген және күрделі өзара байланыстары арқылы
қалыптасауы. Туқым қуалаушылықтың адам мінез құлқының дамуында кең
шекараға иелігі. Бұл шекара ішіндегі даму процессі қоршаған ортаға
тәуелдігі.
2. Ортаның күрделі өзара байланыстары арқылы тұлғаның қалыптасауы.
Жүйелік талдау принциптері. В.С. Мерлиннің индивидуалды құрылым деңгейлері:
биохимиялық, соматикалық, нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеттері),
психодинамикалық (темперамент), тұлға қасиеттері, әлеуметтік рөл. Бұл
деңгейлердің құрылымы және өзара қарым-қатынасы. С.Л. Рубинштейннің
индивидуалдылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен
процестердің өзара әрекеттесуі арқылы қарастыруы. Б.Г. Ананьевтің
индивидуалдылықты күрделі көп деңгейлі құрылым ретінде қарастыруы.

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Индивидуалды айырмашылықтардың тұқым қуалаушылық қасиеттеріне не лер
жатады?
2. Жүйке жүйесі қасиеттерін В.С. Мерлин теориясы бойынша сипатта.

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Анастази А. Дифференциальная психология- М.: Апрель-Пресс, 2001-745с.
2. Рыбалко Е. Ф. Возрастная и дифференциальная психология: Учеб. пособ.-
Л.: ЛГУ, 1990.
3. Дергачева Е.В. Дифференциальная психология. Учебное пособие.-Изд.:
АСТ, Усть-Каменогорск, 2007. - 128с.
4. Турарова Г.У. Дифференциалды психология. Электронды юнита. 2008ж.
Қосымша әдебиеттер
5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведение. В2 – х т.
М.:Педагогика, 1980.
6. Ахвердова О.А., Волоскова Н.Н., Белых Т.В. Дифференциальная психология-
СП., 2004-168с.
7. Нартова-Бочавер С.К. Дифференциальная психология- М., 2003-280с.

Тақырып 5. Жыныс, жас және нәсіл

Дәріс мақсаты: Студенттерде жыныс, жас және нәсіл туралы білімдерін
қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Жыныстық дифференцация процесі.
2.Э.Маккоби мен К.Джеклиннің жыныстық ерекшеліктерді зерттеудегі
анализдері.
3.Дифференциялды психологиядағы жас мәселесі.
4.Жас, жыныстық, даралық типтік ерешеліктердің өзара байланысы.
5. Дифференциалды психологиядағы нәсілдік мәселесі.

Дәріс тезисі.
1. Жыныстық дифференцация процесі. Шетелде жыныс мәселесін зерттеуде
екі ұғымды қолданады: sex, егер мәселе мінез – құлықтың биологиялық негізі
жөнінде болса және gender бұл мінез – құлықтың әлеуметтік мәдени мазмұны
жайлы мәселе туындаса.
Жыныс бұл биологиялық құбылыс ретінде индивидуалдық сипатқа жатады,
яғни адамның ұрықтанған кезінде анықталады және оны өзгерту мүмкін емес.
Әр түрлі жынысы бар адамдардың психологиялық қасиеттерінің
ерекшеліктері туралы айтсақ олар тек жуықта ғана зерттеу пәні болып
бөлінді, әсіресе тұрғаны қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде түсінетін
отандық психологияда. Ал бұл жалпы адамзаттық мәдениет сонын ішінде
психоанализм негізінен еркектер мен қаланды, ер адам сөзі әр түрлі түрлерде
адам сөзімен жиі сай келіп әйел деген сөзден ерекшеленеді. Бірақ
репродуктивті мінез – құлықпен (некелік мінез – құлық, көбею ұрпақты
тәрбиелеп өсіруі) және жай танымдық қасиетіне қатысты ерекшеліктер ер адам
және әйел топтарында ерекшелінеді. Психологиялық вариациялардың жыныстық
рольдері жайлы көзқарастар өзіне ер адамдар мен әйелдер не істеу керек
туралы жайлы мәдени стереотиптермен тұрмыстық алғы шарттарды қосады. Нақты
фактілермен тұрмыстық көзқарастарды бөлу мүмкін емес, бірақта бұл бағыттағы
әрекеттер бұрынанда қолданылған.
1942 жылы К. Макнемар статистикалық түрде қыздарда эстетикалық
тағылымдар тіл сөйлеу мәнері, кординациясы жақсы дамығандығы туралы ол
ұлдарда математикалық немесе механикалық қабілеттер жақсы дамығандығы жайлы
қорытынды жасады. Қыздарда сөйлеу жылдамдығы жақсы дамыған; әйелдер
неғұрлым бейімделгіш, тәрбиеленгіш, олардың әлеуметтік қалаулары жоғары
болады, ал ер адамдар ақыл–ойлары жоғары тапқыш болып келеді. Мамандықтың
көптеген түрлері ең бірінші ер адамдар мен содан кейін әйелдермен
игеріледі. Одан басқа әйелдер кәсіби іс - әрекетін стереотип типтерін, ал
ерлер жиі қандай да бір іс - әрекетті жүйке – психикалық ауруларға
шалдығады.
2. Э. Маккоби мен К. Джеклиннің жыныстық ерекшеліктерді зерттеудегі
анализдері. Жыныстық рөлдер дифференцациясының дәстүрлік жүйесі және
олармен байланысты психологиясының даму биологиясы, медицина және
сексологиямен байланысы.
3. Диффренциалды психологиядағы жас мәселесі. Жас психикалық дамудың
өзіндік сапа-кезеңдерінің көрсеткіші. Жас туралы ұғым. Түрлі белгі
ретіндегі адам өмірінің ұзақтығы. Өмір ұзақтығына әсер ететін сырқы және
ішкі факторлар және қартаю мәселесі. Жеке дара дамудағы биологиялық пен
әлеуметтіліктің ара қатынасы және социогенез мәселесі.
4. Жас, жыныстық, даралық типтік ерешеліктердің өзара байланысы.
Психикалық дамудың қозғаушы күштері, оның шарттары, қайнар көздері жайлы
түсінік. Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму теориясы. Л.С.
Выготскийдің жұмысындағы кезеңдерге бөлу мәселесі. Жас дамудың әлеуметік
жағдайы ұғымдары. Дамудың әлеуметтік жағдайын дәстүрлі түсіну. Баланың
психикалық дамуындағы дағдарыстардың мәнін түсіну.
Л.С. Выготскийдің психикалық дамудың екі деңгейі жайлы мәселесі
(актуалды даму және дамудың жақын деңгейлері).
5. Дифференциалды психологиядағы нәсілдік мәселесі. Нәсілдер
жекеленген гендердің жиілік популяциясымен ерекшелінеді. Қазіргі уақытта
барлық зерттеулер жыныс факторынын ескереді, сондықтан еркектер мен
әйелдердегі психологиялық сипаттамалардыңайырмашылығы туралы мәліметтер
бар. Қыз балалармен салыстырғанда күрделі моторика жақсы дамыған, ал қыз
балаларда жеңіл, ұсақ интеллект пен қабілеттерді салыстыру , әйелдер мен
еркектерді салыстырғанда, сөздік қоры көп, сөйлемдерін нақты ашып көрсете
алатыны көрінді. Бірақ интеллект уалдылықтың жалпы көрсеткіші еркектерге
біржама жоғарғы екені көрсетті.
Детальдарды өзгертуге деген зейін және қабылдау әдетте әйел
популяциясында жақсы дамыған, бірақ олар кеңістік қатнастарды бағалауда
үнемі қателеседі, жалған кеңістік стимулына үнемі жауап қйтарады.
Техникалық қабілеттер әйелдер популыциясында жақсы дамыған, қыз балалар
оқуды тез игереді.
Өнерге деген қабілетке келетін болсақ, мұнда да қыз балалар ер
балаларға қарағанда сурет салуды ерте бастайды, және оны үлкен
қызығушылықпен салады, өнер туралы терең әңгімелерді тыңдай біледі.
Дегенмен бұл айырмашылықтар қолданған тәрбиемен байланысты. Музыкалық
қабілеттер шеңберінде айырмашылықтар көрінген жоқ.
Темперамент құрлымында да айырмашылықтар бар. В.М.Русаловтың 8
шкаладан тұратын сұрақтамасының көмегімен алынған нәтижелер
айырмашылықтарды 6 шкала бойынша көрсетті. Әйелдерде эластичность,
эмоциональділік және индивидуалды ал еркектерде – эргиттілік, пластидтілік
және индивидуалды қарқын көрсеткіштері жоғары. Әйелдердің әргиттілік және
әйелдердің индивидуалды қарқын жыныспен мүлде байланысты емес.
Еркектер кең ауқымды іс-әрекеттерімен, ойлауының тереңдігімен, еңбекке
деген ұмтылысымен, заттың іс - әрекеттерді орындауда жоғарғы жылдамдықпен
сипатталады. Ал әйелдер жыныстық қатынастарға жеңіл түсуімен, қоғамда және
жұмыс орнындағы сәтсіздікке жоғарғы сезімталдықпен, алаңдаушылықпен,
сенімсіздікпен сипатты. Осылайша, Геоданянның теориясына сәйкес эволюциялы
процестің бағытын базалауға болды.
Эмоционалды шеңберді қарастыра келіп, көптеген зерттеушілер ер
балалармен салыстырғанда, қыз балалардағы жоғарғы сензитивтілікті белгілеп
көрсетеді, бұл бір жағынан ер балалар мен қыз балалардың невроздық
айырмашылығын шарттайды, екінші жағынан көбіне ұл балаларда қарсыластық
мінез – құлық әкеледі, әсіресе жеткіншектік жаста.
Қыз балаларда невротикалық ауытқулар қорқыныш, қобанжу, жазымсыз
әдеттер мен аутоагрессивті этнологиялар көрінген кезде пайдалануға болады.
Ер балаларда көбіне мінез – құлық мәселелері жарияланған. Қыз балалар жеке
басының тартымдылығына, жанұясының қолайлылығына, ал кәсіби шеңберде –
жаңа ауқымды және қызықты тәжиребемен алуға және шеңберін кеңейту
құндылықтарына бағытталған болса, ер балалар билікке бұмтылысын,
тәуелсіздікке, пайда табуға ұмтылып көрсете отырып, негізінен үлкен
салудың әсерінен көмек сурайды.

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Жыныстық диморфизм нені білдіреді?
2. Қандай сыртқы факторлар жыныстық жетілуге әсер етеді?
3. Маскулинді-феминді стереотиптердің ерекшеліктері неде?
4. Әйел және ер адамдар арасында қандай индивидуалды ерекшеліктер
байқалады?

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Анастази А. Дифференциальная психология- М.: Апрель-Пресс, 2001-745с.
2. Рыбалко Е. Ф. Возрастная и дифференциальная психология: Учеб. пособ.-
Л.: ЛГУ, 1990.
3. Дергачева Е.В. Дифференциальная психология. Учебное пособие.-Изд.:
АСТ, Усть-каменогорск, 2007. - 128с.
4. Турарова Г.У. Дифференциалды психология. Электронды юнита. 2008ж.
Қосымша әдебиеттер
5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведение. В2 – х т.
М.:Педагогика, 1980.
6. Ахвердова О.А., Волоскова Н.Н., Белых Т.В. Дифференциальная психология-
СП., 2004-168с.
7. Нартова-Бочавер С.К. Дифференциальная психология- М., 2003-280с.
ІІ-бөлім. Психикалық қасиеттер сипаттамасы

Глоссарий: Темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және
реактивтілігін біріктіреді.
Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар,
ұзын және арық аяқ-қолды.
Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған
денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.
Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта
бойлы, кең иықты, жамбасы тар.
Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес.
Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды
қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-
құлқымен шартталған.
Қабілет – бұл тұлғаның қандайда бір іс-әрекет түрін табысты орындау
шарты болып табылатын индивидуалды – психологиялық ерекшелігі.
Мазасыздық – бұл шынайы және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу.

Тақырып 6. Темперамент типтері және темпераменттің негізгі қасиеттері

Дәріс мақсаты: Студенттерде темперамент типтері және темпераменттің
негізгі қасиеттері туралы білімдерін тереңдету.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Темперамент туралы түсінік.
2.Темперамент теориялары.

Дәріс тезисі.
1. Темперамент туралы түсінік. Темперамент адамның биологиялық сипаты.
Адамдар арасындағы психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі,
қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы-темперамент табиғаты.
Темперамент ұғымының шығу тарихы. Темпераменттің гуморальді теориялары.
2.Темперамент теориялары. Гиппократтың денедегі сұйықтықтарына
байланысты берген темперамент атаулары: холерик, сангвиник,
флегматик, меланхолик. Галеннің, Э. Канттың, П.Ф. Лесгафттың
еңбектерінің мазмұны.
Темпераменттің конституциональді теориялары. Э.Кречмер, У.Шелдонның
адамның дене бітімі туралы конституционалды теориялары.
И.П.Павловтың жоғары жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктері ілімі
темпераментке ғылыми негізгі теория. Темпераменттің күшті және әлсіз
типтері. В.М. Теплов, В.Д. Небылициннің, В.С. Мерлиннің еңбектеріндегі
темперамент типологиясының жаңа элементтері.

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Темпераменттің гуморальді теориялар типтерінің негізгі
кезеңдерін атаңыз.
2. Шетелдік және кеңестік психологияда қандай темперамент типтері
қарастырылды?
3. Конституционалды теориялардың ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Анастази А. Дифференциальная психология- М.: Апрель-Пресс, 2001-745с.
2. Рыбалко Е. Ф. Возрастная и дифференциальная психология: Учеб. пособ.-
Л.: ЛГУ, 1990.
3. Дергачева Е.В. Дифференциальная психология. Учебное пособие.-Изд.:
АСТ, Усть-каменогорск, 2007. - 128с.
4. Турарова Г.У. Дифференциалды психология. Электронды юнита. 2008ж.
Қосымша әдебиеттер
5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведение. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дифференциалды психология түсінігі
Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы
Дифференциалды психология
Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Дамуы төмен балаларға берілген психологиялық көмекті экспериментті зерттеу
Психология. Жануарлардың интеллект мәселесі
Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі
Тұлғаның индивидуалды қасиеттерін зерттеудің стратегиясы
Адамның этномәдени даму мәселелері
Пәндер